1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №91 (15653) 15 қараша, сейсенбі 2011
ЛАҢКЕС БIРЕУ ЕМЕС, БIРНЕШЕУ БОЛСА ҚАЙТЕР ЕДIК?
12 қараша – Тараз тарихында ғана емес, елiмiздiң тарихында бейғам жатқан жұртты дүр сiлкiндiрiп, үрейiн ұшырған, тек теледидар арқылы ғана көрiп-бiлiп жүрген терроризм, экстремизмнiң не екенiн, қандай болатынын жақынырақ таныстырған қорқынышты күн болып қалды. Дәл осы күнi Жамбыл облысының орталығында болған оқиғалардан бүкiл елдiң зәре-құты қашты, тараздықтардың көбiсi көшеге шығуға қорқып қалды. Әрине, болған оқиғаны соңғы екi-үш күнде электронды ақпарат құралдары егжей-тегжейлi жұртқа жеткiзiп жатты. Әйтсе де, осынау лаңкестiк әрекеттiң қалай басталып, қалай өрбiгенi туралы тағы да тәптiштеп айта кеткеннiң еш артықтығы жоқ.
ТҮК БIТIРМЕСТЕР СЫЛТАУ ТАБУҒА КЕЛГЕНДЕ АЛДЫНА ЖАН САЛМАЙДЫ
Сонымен, Парламент Мәжiлiсi жақында таратылатын болды. Өткен аптада мәжiлiстiң 53 депутаты төменгi палатаны мерзiмiнен бұрын тарату жөнiнде бастама көтерiп, президентке хат жолдады. Депутаттар бұл жолы мәжiлiстi ғана емес, жергiлiктi мәслихаттарды да таратып, мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзудi сұрады. Бiр қызығы, парламент мәжi­лiсiнiң кезектi рет тарайтынына ешкiм де таңғалған жоқ. 4-шақырылым депутаттарының өзiн-өзi таратуға сылтау ойлап табатынына ешкiм шүбә келтiр­мейтiн. Е.Ертiсбаев айтпақшы, “бұл жақта бастысы себеп емес, сылтау қашанда да табылмақ”.Бұған дейiнгi шақырылым Нұрбах Рүстемовтiң бастауымен “тормоз болмайық” деп тараса, бұл жолғы мәжiлiс құрамы бақандай алты себептi алға тартты. Олардың iшiндегi ең бастысы – экономикалық дағдарыс
САЙЛАТЫП ДЕПУТАТ ҚЫЛСА ДА, МЕРЗIМIНЕН БҰРЫН ТАРАТЫП ЖIБЕРСЕ ДЕ
Депутат Елекеевтiң жаздағы “абыроймен тарайық” деген ұсынысы әрiптестерi тарапынан жаппай қарсылыққа ұшыраса да, ақыры төртiншi шақырылымдағы депутаттардың “қойы­лымы” тура солай аяқталатын болды. 53 депутат президенттiң атына парла­менттiң төменгi палатасын мезгiлiнен бұрын тарату жөнiнде 6 тармақтан тұратын өз “өтiнiштерiн” жолдапты.
Шынымды айтсам, осы өтiнiштi оқып отырып, көзiме жас келдi. Не деген бақытты халықпыз! Елдiң болашағы үшiн бiздiң депутаттарымыз ай сайын алып отырған 600 мың теңге (!) жалақысынан (сыйақысын есептемегенде), мемлекет тарапынан жасалатын қаншама жеңiлдiктерден, анау жұп-жұмсақ креслоларынан өз ерiктерiмен бас тартып, тарамақшы!

Биыл астық бiтiк шығып, қырман толды. Президент Н.Назарбаев шығымы мол алқаптардан 30 миллион тонна астық қамбаға құйылғанын мәлiмдедi. Әйткенмен, сол мол астықтың өзi елге мұң болуда. Егiн әкелген әбiгер ала жаздай тер төккен диқандардың еңбегiн ақтамайтын түрi бар. Неге дейсiз бе? Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, одан қалса үкiметтiң алдын ала қамданбай, құр босқа кеуде соққандығынан. Бидай тұқымын дер кезiнде сеппей, жайбасарлық танытқандықтан. Айтыла-айтыла жауыр болған қойма мәселесiн шешуге немқұрайлылық танытқандықтан. Бiтiк шыққан астықты тез арада игерiп, дер кезiнде экспорттау мәселесiн шешуде дәрменсiздiк көрсеткендiктен.

Құрбан Айтының алдында “сақалдылар балаларды құрбандыққа шалады екен” деген қауесет бiздiң сол­түстiк өңiрге де жетiп, әжептәуiр дүрбелең туғызды. Мектептерде шұғыл түрде ата-аналар жиналысы өткiзiлiп, Айт мерекесiнде (оның үстiне мектептерде каникул басталған) балаларды бейсауат далаға шығармау жөнiнде ескерту жасалды. Жергiлiктi шенеунiк­тердiң “уахабизм”, “салафизм” дегеннен хабарлары шамалы болса да, халыққа олар да өздерiнше “уағыз” айтып жатыр. Сөйтiп, жуырда Астанада өткен дiни конфессиялардың басқосуында белгiлi ресейлiк әншi Иосиф Кобзон “бейбiтшiлiк аралы” деп атаған Қазақстанға да дүмпу кiрдi.

Биыл Қазақтың тұңғыш заң магистрi, Алашорда өкiметiнiң мүшесi (Министрi деп түсiнсеңiзде болады - С.Ж.) Жақып Ақбаевтың 135 жылдығы. Ал дүйсенбi, яғни 7 қараша күнi Алаш ардақтысының мерейтойын исi қазақ болып атап өтуге тиiс едiк. Өкiнiшке қарай, Мәдениет министрлiгi Жақып Ақбаевтың 135 жылдығын жетiм қыздың тойындай да атап өтпедi. Белгiлi алаштанушы Тұрсын Жұртбай жуырда шыққан “Ұраным – Алаш!..” атты кiтабында: “...Жақып Ақбаев азаттық үшiн, тә­уелсiз мемлекет үшiн арпалысты. Сол үшiн тергеуге тартылды. Ондағы жауаптарынан-ақ өжет те ал­ғыр күрескердiң азатшыл рухы танылады” деп Жақаңа жақсылап бағасын берген екен.

“Deutsche Welle” ақпарат агенттiгi бұрынғы Кеңес одағындағы мемлекеттердiң тарихи мұрағатына “қара құлып” салынатынын хабарлады. Мұны Санкт Петербургте өткен алқалы жиында бiрнеше елдiң өкiлдерi жан-жақты талқылаған. КСРО мемлекеттерiнiң сан мыңдаған тарихи құжаттары Ресейдiң мұрағатында сақталып келдi. Осыған дейiн де бұл құжаттарға қол жеткiзу оңай емес едi. Ал ендi “ТМД-ға кiретiн әрбiр елдiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн” деген желеумен КСРО тұсында құпия саналған дүниенiң бетi жылы жабыла салмақ. Ендi мұрағаттан құжат алу қажет болса, тек қана ТМД аясындағы өзге елдерден рұқсат болуға тиiс.

Банк секторының дамуы ең алдымен ел экономикасының өсiмiне байланысты. Бұл бiр жағы елдегi қаржы жүйесiнiң жалпы ахуалына, макроэкономикалық көрсеткiштерге де тәуелдi. Кез келген экономикалық өсiм қаржы жүйесiнiң өсiмiне әкеледi. Бұл ретте ең алдымен несиелеу өседi. Екiншi деңгейлi банктер – экономика мен қаржы нарығының арасындағы делдал. Қазақстан экономикасы мен қаржы саласы тұрақты дамып келедi. Осы ретте қаржыгер-әрiптес­терiмдi және елiмiздiң барлық тұрғындарын Ұлттық валюта күнiмен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында бұл мейрамның маңызы жоғары.
АКАДЕМИК МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ ТАҒЛЫМЫ
Бiздiң буын кәсiби тарихшылардың аға буынының бiразын көрдi, тәлiмiн алды. Алдымыздағы сол үлкен шоқ жұлдыздардан бүгiнде бiрен-сараны ғана қалды. Манаш Қозыбаев осы жұлдыздардың iшiндегi ең заңғарларының бiрi едi. Академик Манаш Қозыбаев 2001 жыл­ғы қарашада 70 жасқа толды. Осы тұста өзiнiң ғұмырнамалық “Жұлдызым менiң” деген кiтабын шығарды. Өзiнiң түп-тегiн, тiршiлiктегi дүбiрiн, жан сырын, достарына деген жырын, халқына деген адал жүрегiн, ұрпағына деген жақсы тiлегiн жайып салған бұл кiтаптың тағлымдық тұстары өте мол. Қазақта әрбiр пен­денiң аспанда өз жұлдызы болады деген көне астрологиялық түсiнiк бар.
Өткен аптада ғана көптеген газеттер Парижде алтын жүлде алған Зүлфия Чиншанлоның құрметiне елiмiздiң ескi әнұраны орындалғанын ашына жазды. “Аспандаған көңiлiмiз су сепкендей басылды, әлем жұртшылығы алдында масқара болып жерге қарадық” дедi. Бiздiң қазiргi әңгiмемiз тағы да соған ұқсас болып тұр. Қысқасы, Қазақ елiнiң әнұраны неге бұзылады дегенге саяды. Сонда оны қырық құбылтып жүрген кiм? Бiз бұл жағын дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен, сөзiмiзге iлiк болатын әнұранды таңертең, тұп-тура алтыда Қазақ радиосы орындайды. Орындайтын бас дауыс – бiреу. Бiздiң­ше, Бақытжан Ысқақов. Қайырмасында қостайтын көп дауыстың иелерi, әсте Абай атындағы опера және балет театрының әншiлерi болу керек.

2001 жылдың қара күзiнде жұмыс барысымен адасып жүрiп, ескiлеу бiр ғимаратқа кiрдiм. Екiншi қабат­қа көтерiлгенiм сол екен, құлағыма бiр таныс әуен естiле кеттi де, сол жаққа бет алдым. Жақын келiп тыңдасам, жабық есiктiң арғы жағынан “Аңса жаным” деген ән анық естiлдi. М.Мақатаевтың “Аңса жаным” деген өлеңiне жазылған бұл әндi бiлмейтiн қазақ кемде-кем шығар. “Әннiң авторы Д.Сыздықов” дегендi естiгенiм болмаса, өзiнiң жүзiн бұрын көрген емес едiм. Есiктi қағып iшке кiрдiм. Кiрсем, студияның төр жағында бұйра шашты, бидай өңдi, жүзi жылы жiгiт ағасы отыр екен. Сөзiмiздiң әлқисасы осы ән төңiрегiнде өрбiген соң Дүйсенхан Сыздықовпен

ӘЗIЛ ДЕГЕНГЕ...
Жуырда “Ел арнадан” “Сүйiншi” бағдарламасын көрдiм. Көңiлiм онша соға қоймайтын “Сүйiншi” бұл жолы да талғамнан өтпедi. Өзiңiз ойлап қараңызшы, сауалнама айдарында бiр топ орындаушыларға (жастарға) “Сiздiң сүйiктi әзiлiңiз” деген сауал тастады. Дұрысы, “сiзге ұнамды әзiл”, болмаса “сiздiң қызықты әзiлiңiз” болуы керек шығар. “Сүйiктi” деген сөздi дұрыс, орнымен қолданбаған. Ендi сауалнама туралы. “Сiздiң сүйiктi әзiлiңiз” деген сұраққа жауап берген “Арай” тобы, “Азия” тобындағы Ринат, Еркiн Мәулен, Нұржан Керменбаев тағысын тағылар бiрiнiң аузына бiрi түкiрiп қойғандай “Сүйiктi әзiл дегенде... көп қой” дейдi. Бәрiнiң жауабы осы. Ау, мұның несi сауалнама?
Париж төрiнде ауыр атлетикадан әлемдiк сын аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жолы жалпыкомандалық есепте Қытай мен Ресейден кейiнгi үшiншi орынға табан тiредi. Қоржынымызда – 2 алтын, 2 күмiс. Бұған қоса, Лондон Олимпиадасына 8  жолдама жеңiп алдық. Қазақстандық Светлана Подобедоваға үш дүркiн әлем чемпионы атану бақыты бұйырмады. Гоянг пен Анталияда қарсылас шыдатпаған Подобедова ре­сейлiк Надежда Евстюхинаға жол бердi. Жарыстан кейiн көзiне жас алған Светлана: “Жеңiл­генiмдi мойындаймын. Биылғы жыл Евстюхинаның жылы екенiн сезгем. Еуропа чемпионатында рекорд жаңартқанда-ақ бiр қауiптiң боларын ойлап едiм.
Сауалнама
Осыдан тура 20 жыл бұрын бiздiң елде әншiлердiң жағдайы қандай едi? Әне-мiне жетемiз деп жүрiп, коммунизмнен озып кеткенiн бiлмей қалған қоғамда өмiр сүрiп келгендер тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары абдырап қалғаны рас. Дүниенiң ең қымбат шағы, жоқшылық, жетiспеушiлiк шығармашылыққа кедергi келтiрмедi деу бекер. Ол уақытта ел арасында той-томалақ та жиi өтпейдi. Өтсе де, әншi бiткен өңешiн жыртып орындаған әнiне байғазы сұрамайтын. Концерт ұйымдастыру мәселесi, жеке кеш өткiзу үшiн композитор, әншiлердiң түн ұйқысы сан мәрте бұзылатын. Сол қиындықты бұзып-жарып шыққан қазақ эстрадасы бүгiнде қандай биiктi бағындыра алды? Осы жайды өздерiнен бiлмекке бiраз әншiлерге қоңырау шалдық. Жиырма жылға шегiнiс жасаған өнерпаздар тоқсаныншы жылдардың басын былай әңгiмеледi.
Әлем чемпионатына барған екi қазақтың бiрi Жазира Жаппарқұлдың болашағына үмiтпен қарайтындар көп. Биыл оның жолы болмады. «Бәлкiм, Астанада топ жарармын» деп жымиды Жазира жарыстан соң.
– Әлемдiк сынның алдындағы жаттығулардың бiрiнде қолымды жарақаттап алған едiм. Сол жарақаттың кесiрiнен жаттығуда оңай еңсеретiн салмақтарды көтере алмай қиналдым. Дегенмен, менен әлi нәтиже күтiңiздер. Менiң әр қадамым жоспармен келе жатыр. Ендi өз елiмiзде өтер әлемдiк сында алтын сыйлауға тырысамын.
– Ирина Некрасова екеуiң әлемдiк сын­ға бiрге дайындалдыңдар ма? Жалпы, бiр елден бiр салмақта екi спортшының қатысуына көзқарасың қандай?
ДЖОКОНДА ӘЙЕЛ АДАМ ЕМЕС, ЕР АДАМ ЕКЕН
Ғұмыр бойы “Мона Лизаны” зерттеп келген белгiлi итальяндық өнер зерттеушi Сильвано Винчетидiң айтуынша, Леонардо да Винчидiң әйгiлi Джокондасы әйел адам емес, ер адам екен. Яғни, өнер зерттеушi Джоконданың жанарынан L және S деген әрiптердi байқағанын айтады. L әрпi “Леонардо” , ал S әрпi Салаи деген аттардың алғашқы әрiптерi. Салаи (шын аты – Джан Джакомо Капротти) жиырма жылдай Леонардо да Винчидiң көмекшiсi болған. “Леонардоның “Ионн Креститель” картинасы да Салаиға қарап салынған. Себебi, “Моно Лиза” мен “Ионн Креститель” картиналарының арасында ұқсас­тық басым”, – дейдi. Винчетидiң пiкiрiнше, әйгiлi суретшi Салаидың бет әлпеттерiнiң кейбiр жерлерiн өз картинасына пайдаланған.
Ғаббас Қабышұлы, жазушы:
– Менiң “Жас Алашты” үзбей оқып келе жатқаныма 55 жыл болды. “Лениншiл жас” кезiнен оқып келемiн. 55 жыл деген, айналайын, аз уақыт емес. Осы 55 жылда бiр аңғарғаным, қазақ баспасөзiне ежелден жетiңкi­ремей жүрген екi нәрсе бар. Оның бiрi – шындық, екiн­шiсi – батылдық. Мен қазiр осы шындық пен батылдықты “Жас Алаштың” бетiнен күнде көрiп жүрмiн. Бұған дән ризамын. Бiз ненiң қадiрiн болса да кеш түсiнетiн халықпыз ғой. Осы ретте кейбiр зиялысымақтардың “Жас Алашты” кемсiтуге, кекетуге тырысатыны, жөнсiз тиiсiп iлiп-шалып қалатыны менiң зығырданымды қайнатады