1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №92 (15654) 17 қараша, бейсенбі 2011
Сейсенбi күнi кешқұрым президент Н.Назарбаев Парламент Мәжiлiсiн тарату жөнiнде жарлыққа қол қойды. Сөйтiп, төртiншi шақырылымдағы Парламент Мәжiлiсiнiң “тынысы тоқтады”. Жарлықтың мәтiнi кеше үкiметтiк басылымдарда жарияланды. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының 63-бабына және “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” заңының 85, 87-баптарына сәйкес, төртiншi шақырылымдағы Парламент Мәжiлiсi таратылатыны, мерзiмiнен бұрын өтетiн Мәжiлiс сайлауы 15 қаңтар­ға белгiленгенi айтылған. Жарлық шыққаннан кейiнгi екi күн iшiнде депутаттар “табандарын жалтыратуы” қажет. Яғни, бүгiннен бастап олардан мән кеттi. Билiк сайлауларды мер­зiмiнен бұрын өткiзудi әдетке айналдырып алды. Пре­зиденттiк сайлауды да, басқа сайлауларды да аяқ астынан өткiзе салатын болдық. Бұл тәсiлдi саяси кеңесшi Ермұхамет Ертiс­баев “саяси қарсыластарға ес жиғызбау” деп түсiндi­редi.
ҚР Бас прокуратурасының назарына
Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуiл кентiнiң жасы алпыстан асқан тұрғыны Елеу Шараптың “Жас Алаштан” басқа үмiт күтер жерi қалмапты. 2008 жылдың 3 сәуiрiнде Ақтөбе­дегi темiржол колледжiнде оқып жат­қан 1991 жылы туған ұлы Нұрдәулет жұмбақ жағ­дайда қаза тапқан. Дұрысы, Нұрдәулеттiң колледжде бiрге оқитын Күнтуған Талдықбаев дегеннiң Кереев көшесiндегi пәте­рiнде өлi денесi шықты. Содан берi әкеде маза жоқ, жап-жас ұлының өлiмi сұраусыз қалып барады.  “Жас Алашқа” жаны күйзелiп, жiгерi құм болып келген әке оқиғаны былайша баяндады:

1960 жылдан бастап Арал теңiзiне Әмудария мен Сырдариядан құятын су әртүрлi шаруашылық салаларына пайдаланылды. Сөйтiп, небәрi он жылдың iшiнде бүкiл әлем таныған Арал теңiзiнiң көзi жойылды. Солтүстiк Аралдың өзiнен сол кездерi жылына 28 мың тонна аса құнды балықтар ауланатын. Ақуыз мөлшерi бойынша 100 тонна балық 1000 бас iрi қара малға тең. Бұл жылына 280 мың бас iрi қара мал сойысқа түсетiн едi деген сөз. 1970 жылы АҚШ табиғатқа қиянат жасау адамзат баласына орны толмас аса зор қауiп әкелетiнiн сезiнiп, “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заң қабылдады. Ал бiзде ше? Жылына Балқашқа 70 пайыздан астам тұщы су құятын Iле өзенiн Қапшағайдың тұсынан темiрбе­тонмен ауыздықтадық. Көлдiң су деңгейi төмен түсiп, балық қорының күрт азаюына алып келдi.

Маңғыстау мұнайшыларының ереуiлде тұрғанына бүгiн жарты жыл болды. Мұндай ұзаққа созылған ереуiл Қазақстан тарихы түгiлi, әлем тарихында сирек кездесетiн құбылыс. Ереуiлшiлердiң басты талабы: маңдай терi мен табан ақысын талап ету. Ол қай қоғамда да орынды талап. Осы 6 ай уақыттың iшiнде ереуiлдеген мұнайшылар талай оқиғаларды бастан кешiрдi. Бұл жөнiнде “Жас Алаш” газетi үзбей жариялап келедi. Ереуiлдiң осыншама уақытқа созылуы, ортақ келiсiмге келе алмауы бүгiнгi билiктiң осындай оқиғалардың алдында дәрменсiздiгiн көрсеттi. Жұмыстан ерiксiз шығарылған 2 мыңнан астам мұнайшы 6 ай бойы күнi-түнi Тәуелсiздiк алаңында тапжылмай тұруы ереуiлшiлердiң қайтпас қайсарлығын көрсетедi.

Елдi шарпыған терроризмнiң алдын алуға бола ма? Одан қорғанудың жолдары қандай? Билiк қоғамды лаңкестiктен неге қорғай алмай отыр? Қоғамның өзi лаңкестiкпен күресе ала ма? Кеше Алматыда “Қазақстанның терроризмге қарсы жүйесi. Мәселелер диагностикасы және қоғам рөлi” атты дөңгелек үстелде бас қосқан саясаттанушылар, саясаткерлер мен БАҚ өкiлдерi осы мәселелердi талқылады. Жиынды Халықаралық қатынастар жөнiндегi ұлттық демократиялық институт (АҚШ) пен Тәуекелдердi бағалау тобы ұйымдастырған едi. Жиындағы үзiлiс кезiнде белгiлi саясаттанушы, Тәуекелдердi бағалау тобының жетекшiсi, дөңгелек үстелдiң модераторы Досым Сәтбаевпен әңгiмелесудiң сәтi түстi.

НЕ ҮШIН? ОНЫ ӨТЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМГЕ ОТЫРҒЫЗУ КIМГЕ ПАЙДАЛЫ?
Күнi кеше Астана қаласындағы №2 Сарыарқа аудандық сотында Мұхтар Жәкiшевтiң қылмыстық iсi бойынша сот процесi өттi. Әуел баста айыпталушы аталған процестiң ашық жүргiзiлуiн сұрап, хат жазған едi. Әйтсе де оның талабы орындалмады. Соның салдарынан сотқа БАҚ түгiлi, Мұхтар Жәкiшевтiң әйелi Жәмила да кiре алмай қалды. Жабық есiк жағдайында өткен сот отырысына айыпталушы мен оның адвокаты Паллада Тепсаева қатыстырылды. Бұған дейiн Мұхтар Жәкiшевтi “өзiне сенiп тапсырылған мемлекет мүлкiн талан-таражға салған және пара алған” деген желеумен 14 жылға бас бостандығынан айырған-ды.
Желтоқсан – 25
Әкем Сейiтғаппар – ұстаз, анам Айман бiр мекемеде қызметкер болатын. Отбасында алты бала едiк. Кәдуiлгi қалада тұрып, тiрлiк кештiк. Сәкен Сейфуллин атындағы №4 аралас мектептiң орыс класын бiтiрген соң, еңбек жолымды пионер вожатыйлықтан бастадым. Кейiн Пионерлер сарайына үйiрме және клуб жетекшiсi болып ауыстым. ҚазМУ-дың тарих факультетiне сырттай орыс бөлiмiне түстiм. 1983 жылы күндiзгi бөлiмге ауысып, бiр курс жоғалттым. Жақсы оқы­дым, студенттiк құрылыс отрядының командирi болдым. 1986 жылдың 17 желтоқсанында университеттiң шипажа­йында демалып жатқан болатынмын. Бөлмелес жiгiт дегбiрсiзденiп кiрiп келдi де: “Студенттер Колбинге қарсы алаңға шықты, айқай-шу асқынып барады”, – дедi.
Дәл қазiр Желтоқсан көтерiлiсiн атаулы күн ретiнде қалай еске алып жүрмiз? Мәселен, француздар өз тәуелсiздiгiн Бастилия құлаған күн – шiлде мерекесiн мемлекеттiк дәрежеде тойлап, салтанатты түрде атап өтедi. Түрiктер тәуелсiздiк мерекесiнде туларын балкондарына iлiп, үлкен той жасап, түрiк екендерiне шын қуанады. АҚШ, Бразилия, Еуропа және ТМД елдерi де тәуелсiздiк мерекесiне бей-жай қарамайды. Ал бiз әлi күнге Желтоқсан көтерiлiсiн елеулi саяси оқиға деп бағасын берген жоқпыз. Желтоқсан көтерiлiсi төңiрегiнде дау көп, әрине. Өйткенi бұл көтерiлiс бүгiнге дейiн мемлекеттiк деңгейде зерттелiп, қазақтың рухын көтеретiн мейрамға айналған жоқ. Желтоқсан көтерiлiсiне анам Шолпан Антаева да (суретте) қатысты. Ызғары төнген саясат­қа қарсы жастармен бiрге шықты. 16 желтоқсан күнi таңертең Қазақстан Жазушылар одағындағы қызметiне
Желтоқсанның ызғары
Сол бiр 1986 жылдың ызғарлы да ызбарлы 17 желтоқсаны дәл күнi кешегiдей ойыма оралады да тұрады. Ол кезде жалындаған жастық қуатымыз кеудемiздi керiп, пiсуi жеткен жанартаудай сыртқа атылып шыққалы тұрған шақ едi ғой... Жастық шақ – бiлiм алу, жарқын болашаққа қол созу, өмiрлiк жар iздеу кезеңi болатын. Сол тұста бiздiң жiгiттердiң көбiсi болашақ жарларын ҚызПИ-ден iздейтiн. Өзiм де сол институттың жастарымен, белсендiлерiмен жиi кездесiп, сауық кештерiмiзге шақырысьп, пiкiрлесiп тұратынбыз. “Болашақ жарымды осы жерден табамын- ау” деген арманнан да алыс емеспiн. Бұл жоспарымды Желтоқсан қозғалысы күрт өзгертiп жiберген едi. Мен онда Алматы мал дәрiгер­лiк институтының 2-курс студентi едiм. Әскерден оралған соң бiр жыл дайындық курсында оқып барып оқуға түскендiктен, студенттер арасында жасым басқалардан ересек және өмiрден
Қазiргi қоғамда адамдар бiрiмен-бiрi сөйлеспесе де теледидармен сырлас-мұңдас. Қалаларда кабельдiк телеарнаға қосылмаған үй жоқ. Сырт көзге жай ұсақ-түйек нәрсе болып көрiнгенiмен, теледидардағы “авто­нас­тройка” деген кнопка көп мәселенi шешедi. Кабельдiк арналардың барлығы орыстiлдiлер немесе орыссүй­гiштер. Олардың тарату жүйесi – мемлекеттiк қауiпсiздiкке қатысы бар сала. Қазақстанға тарайтын спутниктiк және кабелдiк телеарналарға теледидардан “автонастройка” жасағанда отандық телеарналар алдыңғы арналар тiзбегiнде жоқ. Мәселе мынада. Кабелдiк телеарна таратушы ком­пания­лар пакеттерiндегi арналардың орналасу тiзiмiн көрерменге солай бекiтiп бередi
1 .Мұсылманшылық дiнде жоқ па?
8-сыныпқа арналған “Қазақ әдебиетi” оқулығының (Авторлары: С.Мақпырұлы, Г.Құрманбай, А.Қырау­байқызы) 2004 және 2008 жылдардағы басылымдарынан Махамбет Өтемiсұлының “Жалғыздық” атты өлеңiнiң:
Мұсылманшылық кiмде жоқ,
Тiлде бар да, дiнде жоқ, —
деген жолдарын оқыған сайын ойға шомамын. Осы жолдардың дұрысы: “Мұсылманшылық кiмде жоқ, Тiлде бар да, дiлде жоқ” емес пе? Өйткенi дiл — жүрек. Менiңше, ақын: “Мұсылманшылық тiлдiң ұшында емес, жүректе болуы керек” деген ой айтқан. Шынында да, солай ғой.
Бiздiң балалық кезiмiздегi (1960-70 жылдар) тақта, бор мен көрсеткiш таяқ, жер еден, қи-тезек жағатын пеш пен ағаш партаның мен үшiн орны бөлек. Сол заманда кiтап-дәптер, қаламнан басқа оқу құралдары жоқ едi, ал мектеп мұғалiм­дерiнiң берген бiлiмдерi қазiргi жоғары оқу орындарының берген бiлiмдерiнен әлдеқайда артық деп айта аламын. Не нәрсенiң де көп болса, қадiрi кетедi. Ол кезде бiз алаңдайтын, қызығатын, оқудан бас­қа техникалық құрал, телефон мен радио, теледидар мен ұялы телефон, бейнефильм мен кино, интернет (ғаламтор) пен ком­пью­тер, тiптi газет-журналдың өзi жоқ болатын. Қазiргi заманда балаларымыз бен жастарымыз осының бәрiн бiлiп, меңгерiп өсуi керек деп, үйге, мектепке, қо­ғамдық орындар мен тiптi көшеге де толтырып қойдық

Мен орыстiлдi балабақшада қазақ тiлi мұғалiмi болып жұмыс iстеймiн. Бiздiң балабақшада әр түрлi ұлт өкiлдерiнiң балалары бар. Соның iшiнде бiр ауыз ана тiлiн бiлмейтiн өзiмiздiң қарадомалақтарды көргенде iшiм удай ашиды. Отбасында ата-анасы орыс тiлiнде шүлдiрлесе, байғұс бала ана тiлiнiң уызына қайдан қансын?! Одан қала берсе, тәрбие берiп отырған мекеме де орыс тiлiнде болса. Осындай қарадомалақтардың обалы кiмге болмақ? Бұл балалардың жүрегi ертең “қазағым” деп соға қояр ма екен? Балалардан бөлек, сол балаларды тәрбиелейтiн орыс­тiлдi тәрбиешiлерге де сабақ беремiн. Шынымды айтсам, бас­қа ұлт өкiлдерiнiң қазақ тiлiн үйренуге құлқы жоқ. Неге? Өйт­кенi қоғамда қазақ тiлiне деген қажеттiлiктi көрмедiм.

...Адам өмiрiнiң 35-40 жылын еңбек етумен өткiзедi. Әрине, әр салада адамның еңбек ақысы әр деңгейде. Дегенмен, зейнеткерлiкке шыққан адамға еңбек етiп жүрген кезiндегi жалақысының үштен бiрi ғана төленедi. Бұл жағдайды айтып отырған себебiм, адам жасы ұлғайған сайын денсаулығы да сыр бере бастайды. Ал алған зейнетақысы не тамаққа, не дәрi-дәрмекке жете бермейдi. Жасы үлкен адам­ға калориясы жоғары тамақ қажет. Сондықтан зейнеткерлiкке шыққан адамдарға зейнетақысын еңбек етiп жүргендегiдей мөлшерде тағайындау керек.

Жасыратын түгi де жоқ, оралмандарды бiздiң бiразымыздың құр босқа ас iшiп, аяқ босатып жүргендей көретiнiмiз де рас. Жоқ, мүлде олай емес екен! Моңғолиядан, Қытайдан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Ауғанстаннан, Қарақалпақстаннан, Түркиядан, Өзбекстаннан және өзге де сырт елдерден Қазақстанға көшiп келiп жатқан қазақтар халқымыздың өнерiне – өнеге, дiлiне – дiл, тiлiне –тiл, тиынына – тебен қосып, ұлтымыздың рухын биiктетiп жатыпты. Тарихи отанына оралған 1 миллионға жуық қазақтардың iшiнде әншi де, күйшi де, кәсiпкер де, ғалым да, ақын да, жазушы да, спортшы да, он саусағынан өнерi тамған шебер де, iскер азаматтар да, қайраткерлер де, сирек әрi зәру мамандықтардың иелерi де аз емес екен. Мұның бәрi “Тәуелсiздiк жемiсi” атты кiтапта (Алматы, 2011 жыл) толық қамтылыпты. Мұнда бүгiнгi Қазақстанның рухани келбетiне, әлеуметтiк-экономикалық дамуына айрықша зор үлес қосып жүрген әрбiр оралманның өмiрбаяны, тындырған iсi, алған алғыстары мен марапаттары, құжаттық маңызы бар суреттерi берiлген.

Биыл қазақ спорты үшiн мерейтой көп. Қара күшiн халқының игiлiгiне сарп еткен балуан Қажымұқанның туғанына – 140 жыл, қазақ баласының арасынан алғаш болып бокстың қыр-сырына қаныққан Шоқыр Бөлтекұлының туғанына – 95 жыл, қазақ спортшылары арасынан тұңғыш ғылым кандидаты атанған, қазақтың мақтанышы Әбдiсалан Нұрмахановтың туғанына – 75 жыл, Мәскеу олимпиадасында қарсы келгендерiн қурайдай жапырған, бiрақ өмiрiнiң соңғы жылдарын көшеде кәуап сатумен өткiзген балуан Шәмiл Серiковтiң туғанына 55 – жыл... Бiз осындай арыстарымызды көзiнiң тiрiсiнде құрметтей алмасақ та, қара жерге тапсырған соң қандай қарекет ете алдық? Олардың аруағы бiзге назаланып жатқан жоқ па? Қазақ спортының қабырғасын қалас­қан осындай тұлғаларға қандай құрмет көрсетiп жүрмiз? “Өлi разы болмай, тiрi байымайды” дегендi де өзге емес, өзiмiз айтқан едiк
СЕРГЕЙ ШОЙГУ СҮБIТАЙ БАҺАДҰРДЫҢ ҰРПАҒЫ ЕКЕН
Ресейдiң Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрi Сергей Шойгудың ұлты – тува. Тува– түркi халқының бiр бұтағы. Кезiнде зерттеушiлер туваларды “тобалар”, “тубалар”, “Кузнецк татарлары” деп жазғаны да мәлiм. Осыларды айта келiп, Сергей Шойгу өзiнiң баспасөзге берген сұхбатында Шыңғыс ханның әйгiлi қолбасшысы Сүбiтай баһадұрдың түп-тегi тува екенiн және өзiнiң сол Сүбiтай баһа­дұрды мақтаныш ететiнiн айтады. Әрине, мұны Сергей Шойгу ойдан шығарып отырған жоқ. Мықты тарихшылардың дерегi мен дәлелiне сүйенiп айтып отыр. Сүбiтайды былай қойғанда, iрi тарихшылар, көне жылнамашылар, Шыңғыс ханның өмiрбаянын арнайы зерттеген мамандар Шыңғыс ханның ешқандай моңғол емес, түркi екенiн ашық айтады емес пе?!
Бүкiләлемдiк бокс сериясының екiншi маусымын бас­таған елiмiздiң “Астана арландары” жеңiлiп қалды. Алғаш­қы кездесуiн АҚШ-тың “ЛосАнжелес Матадорс” клубымен өткiзiп 3:2 есебiмен жол бердi.
Мұхит асып барған жерлестермiзден 54 келiде рингке шыққан Хабибулла Исмайлов-Ахунов өкiнiшке қарай, Раши Уорренге ұпай санымен жол бердi. 61 келiде Әдiлет Егiзеков Эрик Фаулердi сабап, таразы басын теңестiрген. 73 келiде Қанат Сiләм Рассел Ламурды нокаутқа түсiрiп, алға шыққан. Бiрақ   Рамзжон Ахмедов 85 келiде Вячеслав Шабранскийден, аса ауыр салмақта Досжан Оспанов Хавьер Торрестен ұтылып қалды.
КАРАТАНЧЕВА ҚАРА ҮЗДI
Елiмiздiң атынан сынға түсiп жүрген Сесиль Каратанчева АҚШ-та өткен халықаралық турнирдiң жеңiмпазы атанды. 70 мың АҚШ доллары тiгiлген сайыс­та Сесиль алдымен ресейлiк Елена Бовинаны екi сетте 6:0, 6:2 есебiмен ойсырата жеңдi. Екiншi айналымда осы турнирдiң сегiзiншi ракеткасы саналатын хорват қызы Айла Томляновичтi де 6:2, 6:3 есебiмен ұтты. Жартылай сында американдық Мэдисон Кейспен кордқа шығып, үш сет бойы алысты. Қорытынды есепте 1:6, 7:6, 6:3 нәтижесiмен жеңiске жеттi. Финалда Каратанчева португалдық Мишель Ларшер де Бритоны 6:1, 7:5 есебiмен жеңдi.
Сүйегi Қытайда қалған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлынан көзi тiрiсiнде (2009 жылы) ұрланып барып сұхбат алғанымызда “Жас Алашқа” қатысты былай деп едi: “Апыр-ай, ә! Шпионмен сұхбаттасуға тiлшiсiн “шпион” етiп жiберген “Жас Алаш” батыл газет екен. Бұған дейiн маған “тiлшi едiм” деп елден бiрде-бiр адам келген емес. Осы келiсiңнен-ақ бай­қап тұрмын, “Жас Алаштың” батыл ғана емес, шыншыл һәм ұлтшыл газет екенiн”. Талай құқайды көрген қазақтың Қажығұмары “батыл, шыншыл һәм ұлтшыл газет” деп баға берген “Жас Алашыңызға” жазылуды ұмытпаңыз, құрметтi оқырман!