1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (15655) 22 қараша, сейсенбі 2011
Алматының бұрынғы әкiмi Виктор Храпунов қояр емес тiптi. Жиi-жиi сұхбат берiп, бiлгенiнiң бiразын айтып, билiктi састырып барады. Храпуновтың “арғы жағаға” шыққанына ең алдымен құдасы Мұхтар Әблязов мәз. Храпунов “арғы жағаға” жетiскенiнен шыққан жоқ. Құдасы Әблязовтiң екпiнi мен президент Назарбаевтың тепкiнiнен шықты... Бұрынғы әкiмнiң мiнберi дайын. Ол – Әблязовтiң иелiгiндегi “Республика” басылымы мен “К+” телеарнасы. Мазақтағаны ма, кiм бiлсiн, бұл ақпарат құралдары Храпуновты “оппозициялық саясаткер” деп атапты. Жақында Храпунов “REGNUM” ақпарат агенттiгiне тағы сұхбат берiптi. Мұны “Республика” ақпараттық-сараптамалық порталы көшiрiп басыпты. Сұхбат “Назарбаев кеткен күнi құпия ашылады” деп аталады.
Ашық хат
Бiздiң, 2011 жылдың 26 мамырынан бастап, “ӨзенМұнайГаз” ӨФ АҚ жұмысшыларының жалақыға үстеме төленетiн 1,8 аудандық коэффицент дұрыс есеп­тел­мегендiктен туындаған еңбек дауы­на байланысты ереуiлде тұрғанымызға аттай жарты жыл болғаны өзiңiзге мәлiм. Қойылған талаптардың заңды негiзi болғанын айтып Елiмiздегi танымал тұлғалар, заңгерлер, кәсiподақ, саяси ұйымдар қолдау бiлдiрсе, белгiлi экономист-ғалым Қанат Берентаев терең сараптаудан өткiзiп, жұмыс берушiнi еңбекшiлердiң сол әдiл талаптарын дереу шешуге ұсыныс iстедi. Сондай қолдауды шетелдiк қоғамдық, саяси, халықаралық ұйымдар көрсетiп, Қазақстан басшылығын жұмысшылардың мүддесiне бас бұруға шақырып жатыр.

Күштiк құрылымдардың қоғамды лаңкестiктен қорғай алмайтынына көз жеттi. Мемлекет елдi лаңкестiктен қорғай алмаса, одан қоғамның өзi қорғануы тиiс. Өткен аптада Алматыдағы Rixos қонақ үйiнде “Қазақстанның терроризмге қарсы жүйесi. Мәселелер диагностикасы және қоғам орны” атты дөңгелек үстелге жиналған саясаттанушылар осындай пiкiр бiлдiрдi. Бiрақ жиынға қатысқан кейбiр сарапшылар азаматтық қоғам әлi пiсiп-жетiлмегендiктен, өзiмiздi өзiмiз терроризмнен қорғай алмаймыз дестi. Дөңгелек үстелдi Халықаралық қатынастар жөнiндегi ұлттық демократиялық институт (АҚШ) және Тәуекелдердi бағалау тобы (Қазақстан) ұйымдастырды.

ҚДТ-ның құрылғанына – он жыл
Осыдан он жыл бұрын Қазақстанның демократиялық таңдау жасауға мүмкiндiгi туды. Саяси өзгерiс жасау, мықты парламент құру, жергiлiктi атқарушы органдарды сайлау, тәуелсiз сот пен БАҚ жүйесiн қалыптастыру... Билiкте жүрген бiр топ жас саясат­кер­лердiң президенттен табандап талап еткенi де осы. Осылайша 2001 жылдың 18 қарашасында Қазақстанның Демократиялық таңдау қозғалысы құрылған болатын. Сол кездегi премьер-министр Қасым-Жомарт Тоқаев “киндер-сюрприздер” деп атаған жас түркiлер билiктен демократиялық реформаларды iске асыруды талап еттi. Алайда демократиялық таңдау мен саяси реформалар жасау мүмкiндiгi iске аспастан құрдымға кеттi. Қозғалыстың өзi жiк-жiкке бөлiнiп, ғайып болды.
Әдiл, әрi нақтылы және демократиялық сипатта
Қазақтың ұлттық мүдделерiнiң, оның iшiнде тұзы жеңiл қазақ тiлiнiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын өткiр басылым – “Жас Алаш” газетiнiң осы жылдың 8-қарашадағы санынан ұлт жанашыры, саясаттанушы Дос Көшiм жетекшiлiк еткен Жұмысшы тобының жаңа “Тiл туралы” заңының жобасымен таныстым. Ал дегеннен-ақ айтарым: жоба әдiлдiгiмен, нақтылығымен және еш жалтақсыз, ұлттық мүдде тұрғысында әзiрленгендiгiмен ерекшеленiп, жанымды жадыратып, “бәрекелдi!” дегiздi.
Белгiлi зергер, ұлттық өнердiң жоқтаушысы, Қазақстан Суретшiлер одағының мүшесi Құдайберген Тағжанұлы Құлмамбетовтiң құрқылтайдың ұясындай баспананы паналап келе жатқанына бақандай 16 жыл болды. Сыр өңiрiнiң ғана емес, күллi қазақ елiнiң мақтанышына айналуы тиiс өнер тарланының тұрмыс-тiршiлiгi адам аярлықтай. Ал билiк басындағылар болса, Құдайбергенге қол ұшын созуға құлықсыздық танытып отыр. Құдайберген Тағжанұлы Қызылорда облысындағы Арал қаласында тұрады. Шешеден 3 жасында, әкеден 15 жасында айырылған ол тағдыр тауқыметiн қара нардай көтердi. Әкем 1967 жылы өмiрден озды. Ғұмырының ақырына дейiн зергерлiкпен айналысты. Онысы үшiн екi рет қуғын көрген әкем заманның ағымын
(Қорқынышты әңгiме)
Ескерту: бұл жазғанымды жүрек­терi жамау-жамау дiмкәс адамдар, бүгiн не ертең о дүниеге кеткелi жатқандар оқымай-ақ қойсын. Он сегiз жасқа толмағандардың да оқуларына рұқсат жоқ. Мәселе былай ғой... Осыдан жиыр­ма жыл бұрын елiмiз тәуелсiздiк алған жылы ұйықтап қалыппын. Жиырма жасымда. Дәрiгерлер мұны “летаргиялық ұйқы” (ұзақ жылдар ұйықтау) дейдi екен. Ұзақ жылдар ұйықтайтын шетелдiк маубастар туралы көп оқитын едiм. Дәрiгерлердiң бақылауында ұйықтап жатып, күнi кеше, тәуелсiздiктiң жиырма жылдығы қарсаңында оянып кеттiм. Қырық жасымда. Жан-жағыма
Немересi атасына сұрақ қойып отыр:
– Ата, сiз соғыста болдыңыз ба?
– Болдым, қарағым.
– Мына оң қолыңыздан да сол соғыста айырылдыңыз ғой? Солай ма?
– Военкоматқа бармаймын деп қашқан болатынмын, сол кезде милициясы бар, парторгы бар, ауыл белсендiлерi бар, менi военкоматқа сүйреген кезде оң қолымды түбiмен жұлып алыпты...
– Ура! Ур-а-а! Ресей думасы заң қабылдады! Ақыры қабылдады-ау! Көптен күткен заңды! Бұл заңды жұртшылық та асыға күтiп жүрген-дi...
– Айғайлама! Неге айғайлайсың?
– Ағатай-ау, қалай айғайламайын?! Бiздiң дума ұзақ талқылаудан кейiн “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңды” қабылдады ғой! Бұл шын қуаныш емес пе?!
– Қуанбай-ақ қой!
– Неге?
– Мен сол заңды талқылап, ақыр соңында қабылдап, дауыс бергендердiң арасынан қазiр ғана келдiм.
Жоғары оқу орны. Философия пәнi өтiп жатыр. Профессор студенттерге былай дейдi:
– Мiне, атақты философ үйiне келдi. Өзiнiң кiлтiмен есiгiн ашса... мұның әйелi төсекте бөтен бiр жiгiтпен құшақтасып жатыр. Көзiне шөп салған әйелiне философ не iстеуi керек? Жалпы, дәл осы жерде философ қандай әрекетке баруы керек? Қане, қайсың айтасың?
– Бесенеден белгiлi емес пе, көзiне шөп салған әйелiн өлтiруi керек! – дедi бiр студент қызынып.
– Дұрыс емес. Философ мұндай жеңiлтектiкке бармауы керек, – дедi профессор.
             Әйелдi құшақтап жатқан жiгiттiң әкесiн танытуы керек!
Мен ауылдың баласы
Қалада оқу бiтiрген,
Таба алмай жұмыс зар илеп,
Дипломына түкiрген.
Ауылға бiрақ бармаймын,
Қаладан қызды таңдаймын,
Ауылдың қызын алмаймын.
Бiз, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң бiрқатар ғалымдары, оқытушы-профессорлар құрамы 2011 жылғы 3 қараша күнi “Жас Алаш” газетiнде жарық көрген бiздiң университеттiң маңдайалды ғалымы, профессор С.Ибраевтың 12 жылға сотталғаны туралы мақаланы (“Уахабизмнiң жоғын жоқтап, мұңын мұңдағандар Саят Ибраевты соттатып тынды”) оқи отырып, болашақтан үмiтiмiз үзiлгендей күй кешiп отырмыз. Бiр сөзбен айт­қанда, төбемiзден жай түскендей болды. Бiр жылдан аса уақыттан берi елiмiздiң ғылыми кеңiстiгiнде қоғамдық дауға айналған мәселеге дәл бұлай нүкте қойылуы ел ғалымдарымен қатар, бiздiң оқу орынның ұжымын да айрықша алаңдатып отыр. Алдын ала тергеу амалдары мен сот барысының барынша жасырын жүргiзiлгенiмен, сауаты бар қалың қазаққа, қала бердi
Қазақ радиосында әнұранның дұрыс нұсқасы орындалып жүр
Республикалық “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Р.Сәрсенбай мырзаға
Осы хат арқылы Сiзге және сiз басқарып отырған ұжымға шығармашылық табыстар тiлеймiз. Бiздiң осы хатты жолдауымызға 2011 жылдың 15 қарашасында “Жас Алаш” газетiнде жарық көрген “Бұл әнұран қай әнұран?” атты мақала себеп болып отыр. Оның авторы Төкен Сарыбайтегi деп берiлiптi. Мақалада автор Қазақ радиосынан күнделiктi таңертең сағат 6.00-де берiлетiн әнұран сөзiнде “тәуелсiз” деген сөздiң орнына “советтiк” деп шыр­қалады” деп жазады. Мақалада көрсетiлген дерекке орай Қазақ радиосының эфирлiк жұмысына тексеру жүргiзiлдi. Атап

Жақында қазақтiлдi басылымдардың басшылары мен тiлшiлерi Шымкент қаласында бас қосты. Жиынға “Алаш айнасы” газетiнiң бас редакторы С.Жанболат, “Қаламгер-Медиа” орталығының директоры Ж.Әшiмжан, “Нұр-Астана” газетiнiң бас редакторы Ғабит Мүсiреп, “Заң-медиа” корпорациясының президентi Д.Өтеғалиев, “Жас қазақ” газетi бас редакторының орынбасары Ш.Өстемiрұлы, “Алматы” телеарнасы Астана бөлiмiнiң жетекшiсi Р.Ербота, Жамбыл облыстық “Ар-Ай” газетiнiң бас редакторы О.Дәуiт және бас­қа да басылымдардың тiлшiлерi қатысты. Бұл кездесудiң екi себебi бар. Бiрiншiден, қазiр басылымдарға жазылу науқаны жүрiп жатыр. Қазақ тiлдi басылымдардың негiзгi оқырмандары осы оңтүстiкте.

Тұлға
Мұстафа Кемал Ататүрiктiң есiмi айтыла қалғанда, ең алдымен ойға оның Түркия Республикасының тұңғыш президентi екенi оралады. Одан берi де бұл елдi кiм басқармады? Кiм президент болмады? Бiрақ Ататүрiктiң есiмi түрiктер туралы айтылған жерде жиi аталады. Оның бiлiктi қолбасшы болғанымен, Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыста ерекше қарым-қабiлетiмен дұшпанын таптаған тұлға, әскери паша атағын алған деп қалың түрiк әлi күнге мақтанады. Ел басқаруға келгенде тек iшiп-жеу, тонау, қиратуды емес, ертеңгi ұрпаққа деп қаншама реформалар жасады. Түркия саясаты, мәдениетi, экономикасы үшiн туған өзгерiстер оның даңқын аспандата түстi.
АЙҚЫН НҰРҚАТОВТЫҢ ТӨРТ ТОМДЫҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДI
Белгiлi сыншы, әдебиеттанушы Айқын Нұрқатовтың төрт томдық жинағы жарық көрдi. Арамыздан ерте кеткен сыншының әдеби мұрасы өте бай екенiн әңгiме еткенiмiз болмаса, оның кiтаптарының жариялануына тиянақты түрде көңiл бөлмей келе жатқанымыз да рас-ты.Мiне, ендi Айқын Нұрқатовтың көзi тiрiсiнде жарияланғаны бар, жарияланбай стол тартпасында жатып қалғаны бар, бүкiл мұрасы осы төрт томдыққа ендi.
Алдағы есiк қағып тұрған 2012 жылдың 1 қаңтарында “Спорт” газетiнiң дүниеге келгенiне тура 53 жыл толады. Бұл жарты ғасырдан асқан уақыт аясында қазақ спорттық баспасөзi үлкен өзгерiстерге ұшырады. Елiмiзде спорттық баспасөз­дер қатары өстi, олар алуан түрде өз оқырман, тыңдарман, көрермендерiне жетiп те жатыр. Бiрақ сол бүкiл iстiң алтын бастауы болған тұңғыш спорттық баспасөзiмiз – “Спорт” газетiнiң жөнi басқа. Рас, арадағы 53 жылда “Спорт” газеттерi де көптеген сапалық, маз­мұндық өзгерiстерге ұшырады: газеттiң көлемi өстi, аты, құрылтайшылары өзгердi... бiрақ газеттiң жан-жүрегi, өмiр-өзегi болар Оқырманы, Сiздер өзгерген жоқсыздар! Газеттер небiр қиын кезеңдi басынан өткiздi.
Мен Әбдiсалан Нұрмахановты көзiнiң тiрiсiнде көрген емеспiн. Бiз мектеп қабырғасында оқып жүргенде қапия­да қаза болды. Айтпағым, оның ешқандай атағының жоқтығы. Жақында “Жас Алаштан” Нұрмахановтың 75 жылдығына қатысты халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференция өткенiн оқыдым. Әбдiсаланның даңқты боксшы болғанын, оқытушы, ғалым, тiптi ұлттық құраманың бас бапкерi болғанын да бiлемiн. Ал осындай қыруар шаруаны атқарған тұлғаның еңбегi көзi кеткен соң да еленбегенi расында менi ойға қалдырды. Басқасын айтып қайтемiн, ол кiсiнiң өзi бокспен шұғылданып жүргенде жеткен жетiстiгiнiң өзi бiр төбе.
Самат Смақов ұлттық құрамадан өз ырқымен кеткенде: “Мен доп қууды биылғы Премьер-лигадан кейiн доғарамын”, – деген болатын. Смақов ендi бапкерлiктi көздеп отыр. Желтоқсанның 8-iнде 32-ге толатын Саматтың ел футболына қосқан үлесi ұшан-теңiз. Сонысына қарай атақ-марапатқа да жиi iлiндi. Ол 6 рет Қазақстан чемпионы атанды; екi мәрте Қазақстан Кубогын жеңiп алды; екi рет Қазақстан суперкубогын иелендi; 2003-2009 жылдар аралығында Қазақстанның “үздiк футболшысы” атағын иемдендi. Ұлттық құрама сапына 2000 жылы шақырылып, 31 наурызда Иордания ұлттық құрамасына қарсы алаңға шықты. Құрама сапындағы алғашқы голын 2007 жылы 12 қыркүйекте Қазақстан – Бельгия кездесуiнде соқты
Күрестiң осы түрiнен бiздiң жыртығымызды жауып жүрген әзiрге Раков қана. 100 келiге дейiнгi салмақта 2009 жылы әлем чемпионы атанған Максим жақында Парижде өткен әлем чемпионатында күмiс жүлдегер болған едi. Ендi мiне Голландияда аяқталған гран-при жарысында да күмiс жүлдеге қол жеткiздi. Амстердам қаласындағы сайыс­қа бас бапкер Асхат Жiткеев 12 бал­уанын апарған. Бiрақ жүлдеге тек Раков қана iлiндi. Алғашқы айналымда Максим ресейлiк Вячеслав Михайлиндi, немiс Бенжамин Берлдi ұтты. Үшiншi айналымда оған Бейжiң олимпидасының чемпионы, Моңғолдың ұлттық батыры (2008 жылы олимпиаданың алтыны үшiн бұл балуаннан Асхат Жiткеев жеңiлiп қалған едi) Тувшинбаяр
АЛДЫҢҒЫ ЛЕКТЕ КЕЛДI
Ақпан айында өткен Азиадада ел намысын қорғап, алтын медальдi көсiп алған Алексей Полторанин әлем кубогының алғашқы кезеңiнде үздiк ондыққа ендi. Норвегияда өткен сайыста 15 шақырымға 92 спортшы аттанған. Мәреге бiрiншi болып швед Юхан Олссон жетсе, норвегиялық Петер Нортуг екiншi келдi. Итальяндық Роланд Кларадан ешкiм қола жүлде алады деп күтпеген едi. Бiрақ ол бәрiнiң де болжамының быт-шытын шығарып жүлдегер атанды. Полтораниннiң жүлдеге жет­пегенi­мен, үздiк ондыққа енуiнiң өзi бiз үшiн орасан жетiстiк. Алексеймен бiрге сайысқа аттанған Николай Чеботько – 53, Марк Старос­тин – 57, Евгений Величко – 66-ыншы болып жеттi.