1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15656) 24 қараша, бейсенбі 2011
АЛ ХАЛЫҚ ӨЗ СӨЗIН ЕНДI АЙТАДЫ
Өткен аптада Беларусь, Қазақстан мен Ресей президенттерi Мәскеуде Еуразиялық экономикалық интеграция жөнiндегi декларация мен Еуразиялық экономикалық комиссия құру жөнiндегi келiсiмге қол қойды. Осылайша кедендiк одаққа мүше үш ел интеграцияның келесi сатысына өтпек. Ал Еуразиялық экономикалық комиссия кедендiк одаққа мүше елдердiң жоғарғы ұлттық органы әзiрге мәлiмдеме жасаумен шектелдi. Осы құжаттарға қол қойылған күннiң ертесiнде Беларусь оппозициясы өз елiнiң Еуразиялық экономикалық одаққа кiруiне қарсы шықты. Беларусьтiң оппозициялық БНФ партиясы оған қарсы науқанды бас­тағанын мәлiмдедi. Партия таратқан мәлiмдемеде “елдiң ұлттық, саяси және экономикалық тәуел­сiздiгi Ресей толық бақылауға
Сайлауға санаулы күн қалды. “Нұр Отаннан” басқа саяси партиялар қалтасын қағып, талайдан берi жиюлы тұрған теңiн ақтара бастады. Бәйгеге кiмдi қосамыз, кiм бiзге ұпай әпередi деп сабылып әуре. “Билiк парламентке “Нұр Отанмен” бiрге Перуашевтың “Ақ жол” партиясын өткiзедi екен” деген сыбыс расқа айналып келедi. Өйткенi коммунистер де “алғалықтар” да бұл сайлауға қатыса алмайды. Ендеше, “Нұр Отанға” бiрден-бiр шынайы бәсекелес – “Азат” ЖСДП болмақ. “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлевтен алдағы сайлаудың жай-күйi мен елдегi саяси жағдайдың мән-жайын сұраған едiк. 
Кеше Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында Сауда-өнеркәсiп палатасының вице-президентi Салтанат Аханованың шағымына қатыс­ты кезектi сот отырысы өттi. Естерiңiзде болса, “Guljan.org” медиасайты Қаржы полициясының басшысы Қайрат Қо­жам­жаровтың жұбайы Салтанат Аханованың шетелдегi мыңғырған миллиардтары мен Бiрiккен Араб Әмiрлiгiн­дегi жылжымайтын мүлкiн түгендеп, бұл жөнiнде үш бiрдей мақала жариялаған-ды. Жарыққа шыққан дәл осы ақпаратты терiске шығаруды талап еткен С.Аха­нова сотқа арызданып, шетел банктерiнде бiр тиын қаржысы, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiнде сарай тұрмақ кепесi де жоқ екенiн, сондықтан
СIЗ КIМГЕ ДАУЫС БЕРЕСIЗ?
Қазiр екiнiң бiрiнiң әңгiмесi – келер жылдағы кезектен тыс мәжiлiс сайлауы. Әсiресе, кейiнгi кездердегi елiмiздегi “кездейсоқ” жағдайлар есi бар жұрттың назарын өзiне аударып әкеттi. Аты да, заты да, көзқарасы да халыққа осы уақытқа дейiн беймәлiм жүрген Азат Перуашев ойламаған жерден бiр кездегi “Нұр Отанның” ең мықты оппонентi саналған “Ақ жолдың” “көшбасшысы” болып шыға келдi. Бұрынғы, Ә.Бәйменов сатқындық жасап, бөлгенге дейiнгi “Ақ жол” қандай едi!? Бәрi де шетiнен танымал, бiлiмдi, көзқарасы берiк азаматтар топтас­тырыл­ған партия едi. Ал кейiн быт-шыт болды. Қазiр партия құрамында Перуашевтан басқа кiм бар ел танитын?
“Асарда” салынатын 890 миллион теңгелiк саябаққа Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары осындай баға бердi.
Таяуда өткен Шымкент қалалық мәслихатының кезектi сессиясында “Асар” ықшамауданына шектен тыс айрықша артықшылықтардың қарастырылғанына байланысты депутаттар дау көтерiп, өз келiспеушiлiктерiн ашық аңғартты. Шалғай аудандарды, ауылдарды айтпағанда, облыс орталығының өзiнде не жүрер жолға, не iшер ауызсу мен жағар жарыққа жарымай қаншама жылдан берi өгейдiң күйiн кешiп келе жатқан елдiмекендер жетерлiк. Ал Шымкенттiң шетiнде жеке дара отау тiккен “Асарда” халықтың табан ақы, маңдай терiнен құралатын бюджеттiң

“Ақорманды алқапта” (“Беловежская пуща”) ельциндер жасаған жасырын жиыннан берi де 20 жыл өттi. Шынтуайтында ол соншама жаңалық болған жоқ сияқты, өзi де шыққалы тұрған көздi шұқып қалғандай әрекетке ұқсады. 14 республиканы бiр шоғыр еткен КСРО-ны Михаил Горбачев пен Рональд Рейган 1986 жылдың қазан айында жар басына апарып қойған да, итере салуы ғана қалған едi. Рейган сол жолғы екеуара құпия келiсiмдi өзiнiң жеңiсi десе, ер-тоқымы сыпырылған Горбачев 1993 жылы француздың “Фигаро” газетiнiң тiлшiсiмен сұхбатында КСРО тағдыры Рейкьявикте шешiл­генiн мойындап: “Я считаю, без такой сильной личности, как Рональд Рейган, процесс не пошел бы” деп өзiнiң сатқындығын әшкере етiп алды.

АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДI
2-4 желтоқсан аралығында Алматыдағы “Конгресс-Холл” сарайында ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтедi. Ақындар айтысын өткiзудегi басты мақсат – мәдениетiмiздiң баға жетпес асыл мұрасы ретiнде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттiк деңгейде қолдау көрсету, айтыс өнерiн одан әрi дамытып, сапалық деңгейiн жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегi поэзия арқылы мемлекеттiк тiлдiң арнасын кеңейтiп дамыту әрi насихаттау. Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңiмпаздары, үлкен сахнаға ендi шығып жүрген жас дарындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерiнiң таңдаулы айтыскерлерi қатысады.
Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданындағы Қазақстан ауылдық округiнде 1965 жылдан берi тұрамын. Жасым 67-де. Әкелерi ертеректе қайтыс болып, 9 бала өсiрген жесiр анамын. Биыл сусамыр ауруы салдарынан кеселiм асқынып, бiр аяғымды тiзеден жоғары қарасаннан кесiп тастады. Өз бетiмше жүрiп-тұра алмаймын, арбаға таңылған бар өмiрiм осы арбада өтетiнiн iштей мойындаған және оған көнген мүгедек жанмын. Бiрақ уайым-қайғым бұл емес! Тегiнде Алланың пендесi жазмыштан озбайды және құтыла алмайды екен. Жесiр әйел, жетiм бала күйiн кешкен бiздерге аумалы-төкпелi заманнан өттiк пе

Қиын сәттердi бастан өткерiп, ел қорғауға айтарлықтай үлес қосқан бiр буын – бiздiң тұстастарымыз, яғни 1926-1927 жылдары дүниеге келгендер. 1944 жылы Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың нағыз сұрапыл тұсында 17-18 жасқа толмай әскер қатарына шақырылдық. Бiр емес, екi соғыстың, яғни Жеңiс күнi орнағанша әскери командирлiк қызмет атқардық. Қысқаша айтқанда, бiздiң Отан қорғау жолындағы азаматтық борышымызды орындауда жүрегiмiз таза, арымыз – ақ. Абыроймен 1950 жылдың аяғында ғана елге оралдық. Бiрден қызу еңбекке араласып кеттiк. Әр салада отыз-отыз бес жылдай еңбек етiп, ардагерлер қатарына қосылдық. Әттеген-айы сол, Тәуелсiз мемлекетiмiздiң еңбектi бағалайтын заңынан бiздер тысқары қалдық. Жеңiстiң 50-55 жылдық мерекесi құрметiне “Соғыс арда­герi” белгiсiн бергенiмен, тылдағы ардагерлер қатарына қосылып, өзiмiзден 10 жас кiшiлермен теңестiрiп қойды. Бiзге берiлген “Соғыс ардагерi” куәлiгi ешқандай моральдық, материалдық жәрдем әкелмедi, баяғы соғысқа қатысқандардың, оларға теңестiрiлгендердiң көлеңкесiнде қалып қойдық

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң философия және саясаттану факультетiнiң аясындағы жалпы және этникалық педагогика кафедрасының тамыры тереңде жатыр. Өткен жылы кафедра өзiнiң 70 жылдық мерейтойын тойлады. Ең басты мақсатымыз – заманауи талаптарға жауап беретiн мамандар даярлау. Кафедра тек бiлiм берiп қана қоймай, педагогика мәселелерi бойынша ғылыми зерттеу орталығының да мiндетiн атқарып отыр. Жалпы және этникалық педагогика кафедрасын педагогикалық идеялардың орталығы, қозғаушы күшi десек те, артық айтқандық емес. Бiлiм беру аса маңызды әлеуметтiк-мәдени құндылық десек, үлкен шығармашылық iзденiстi қажет ететiн осы шараны кафедра қызметкерлерi үлкен жауапкершiлiкпен атқарып отыр.

Бұрын танымаған, бiлмеген адам қысастық жасаса, мейлi ғой, ал ендi жақын тартып жүрген туысың алдыңды ораса, тым ауыр тиедi екен. Оқырман­ға түсiнiктi болуы үшiн басынан бастайын. Шешем Алматы облысының Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласында, Байсейiтова көше­сi, 42-үйде тұратын. Мен қызмет бабымен басқа қалада тұр­дым. 1986 жылы шешемнiң денсаулығы сыр бере бастады. Содан Үштөбе қаласына көшiп келуiме тура келдi. Қара шаңырағымыз тозып қалыпты. Ше­шем­нiң көзi тiрiсiнде жаңа үй салып берiп, анамның алдындағы парызымды аз да болса өтегiм келдi.
Елiмiз КСРО құрамында болған 20-30 жылды еске алсақ, жиын-терiн науқаны кезiнде мектептер уақытша жабылып, оқушылар әр облыстың, ауданның егетiн дақылдарына қарай (оңтүстiкте – мақта, солтүстiк пен шығыста – картоп пен пияз) жиын-терiнге қатысатын. Бұған әскерилер, студенттер, барлық мекеме қызметкерлерi де қатыс­тырылатын. Ал қазiргi кезде жиын-терiн кезiндегi негiзгi қара жұмыстар қазақтар үшiн қалдырылған сияқ­ты. Қапшағай қаласының батыс жағында “Қосалқы шаруашылық” бар. Ондағы пияз, картоп алқаптарына барған кезде өзiм куә болдым. Пиязды шөп­теу, сабағын қию, қаптау, тиеу жұмыстарының барлығында қазақтар жүр.

Алдымен түнеукүнгi толқынысқа тоқтала кетейiкшi. Франция. Париж төрi. 94 келiге дейiнгi салмақтағы әлемнiң беткеұстар зiлтемiршi жiгiттерiнiң “не бел, не белбеу кетсiн” деген шағы. Әлемдiк бәсекенiң биiгiнен көрiнуге күшiн сарқыған спортшылар бiрiнен-бiрi асып түсуге тырысып-ақ жатыр. Қазақ елiнiң Толағайы Илья Ильин жұлқа көтеруде 184 келiнi көтерудей-ақ көтергенiн көрдiк. Өкiнiш­тiсi, қазылар есептемей қойды. Бiрақ Илья сасқан жоқ. Жеңiске жететiнiне сендi, серпе көтеруде бәрiн жолда қалдырды. Бейжiң Олимпиадасында алтын әперген 226 келi Парижден де алтын бұйырт­ты. Сонымен, Илья – үш дүркiн әлем чемпионы атанды

22 қараша күнгi УЕФА Чем­пион­дар лигасы топтық кезеңiнiң 5-тур ойындары қызыққа толы болды. 8 қалада өткен кездесулерде гол саны арта түсер ме едi, егер қақпа бағаны мен дiңгегi болмағанда. “А” тобы. Мюнхендiк “Бавария” испандық “Вильяреал” клубын қабылдап, 3:1 есебiмен ұтты. “Баварияның” бас бапкерi Юпп Хайн­кес Франк Рибериге разы шығар. Француз Франк кездесуде барын салып ойнап, өзiнiң мүмкiндiгiн де паш еттi. Рибери 3-минутта есеп ашқан соң, алаң иелерiнiң ойындағы басымдығы сырт көзге бiрден байқалды. Әлсiн-әлсiн доптан айырылып, пұшайман күйге түскен қонақтар таразы басын теңестiрудi емес, тағы да гол жiбермеудiң
17:0
Андрей Ваганов баптайтын елiмiздiң футболдан қыздар құрамасы келесi жылы өтетiн Еуропа чемпионатының iрiктеу турының кезектi ойынында немiстерден жер болып жеңiлдi. Жеңiлгенде де бiздiң қыздар тарихта қалатын болды. Германияның Висбаден қаласында өткен ойында жер­лестерiмiздi алаң иелерi 17:0 (!) есебiмен жеңдi. Немiс арулары тарихқа алтын әрiппен ең көп гол тоғытқан ойынымен ендi. “Брита – Арена” стадионында өткен ойында есеп ә дегеннен-ақ ашылды. Содан соң Германия құрамасының қыздары айыздары қан­ғанша голды тоғыта бердi. Да Мбаби, Поптар 4 голдан соқса, Петер 3 гол, Лаудер, Мюллер – 2, Берингер, Байрамай 1 голдан енгiздi.
ӨЗI 13 ЖАСТА, ӨҢI 100 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНIКIНДЕЙ
13 жасар Хейли Окинес дүкендердi аралағанды, музыка тыңдағанды, кейде анасымен пiкiр таластырғанды жақсы көредi. Ал бөлмесiн жинастырып, едендi жуып шығу – ол үшiн қиямет-қайым. Хейли өзi қатарлас қыздар секiлдi армандайды, қиялдайды. Тек... Әттеген-айы сол, ол өте кәрi көрiнедi. Оған 100 жас беруге болады. Хейли Окинес прогерией (Атырау облысындағы Мұқыр ауылында тұратын Нұржан Өркешбаевтiкi де дәл осы диагноз) ауруымен ауырады. Яғни оның ағзасы әдеттегiден тез қартаюда. 13 жасар қыздың бетiн әжiм торлаған, сонымен қатар денсаулығы да қарт адамның денсаулығындай сыр бере бастады. 
 Сүйегi Қытайда қалған қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлынан көзi тiрiсiнде (2009 жылы) ұрланып барып сұхбат алғанымызда “Жас Алашқа” қатысты былай деп едi

Өткен жылы ғана берiлген сенiмдiлiк рейтингi қайта дәлелдендi. Рейтингтен өтудiң мұндай тәжiрибесi келешекте қор нарығына оң әсер етуi мүмкiн және салымшыларға ЖЗҚ таңдауға көмектеседi. “Эксперт РА Казахстан” рейтинг агенттiгi “А++ сенiмдiлiктiң айрықша жоғары деңгейiн” зейнетақы қорының ағымдағы жылдың бiрiншi жарты жылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша растады. Осыған орай өткен баспасөз конференциясында рейтинг агенттiгi бас директорының орынбасары Арман Жахин айтып өткендей, мұндай нәтиженi қамтамасыз еткен негiзгi факторлар, ең алдымен, қордың меншiктi капиталы жеткi­лiктiлiгiнiң жоғары көр­сеткiштерi, тәуекел-менедж­менттiң сапасы және инвестициялық қоржын тәуекел­дiгiнiң төмен деңгейi.