1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (15657) 29 қараша, сейсенбі 2011
ХАЛЫҚТЫҢ БОС ДАҚПЫРТҚА ШАШЫЛҒАН МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫСЫНА ОНЫҢ ДА ЖАНЫ АШЫМАЙ МА? 
Осыдан нақ 5 жыл бұрын Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданында қазығы қағылған, президент Н.Назарбаев “ғасыр ғажайыбы” деп бағалап лентасын кескен “Биохим” өндiрiстiк кешенi құрдымға кеттi. ХХI ғасырдың биотехно­логия­лық кластерiне теңелген дәл осы кешеннiң қабырғасы қаланып, iске қосылуы үшiн мемлекет қазынасынан сол кезде 117 миллион доллар шығын шыққан-ды. Алайда өтемi болмады, халықтың кәдесiне жарамады. Жақында ресми түрде “Био­химнiң” есiгiне қара құлып салынып, есiгi тарс жабылғаны жөнiнде ақпарат тарады. Осылайша жасалған жобаның негiзсiздiгiнен, тиiмсiз­дiгiнен, қажетсiздiгiнен халықтың салығынан жиналған миллиондаған доллар көзден бұл-бұл ұшты.
Желтоқсан – 25
Белгiлi заңгер, саясаттанушы, құқық қорғаушы, қоғам қайраткерi Сабыр Қасымов Қазақстанның тәуелсiздiгi үшiн күрескен Алаш арыстарының есiмiн ұлықтауға, саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтауға барын салып жүр. 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiне саяси һәм тарихи баға берiлуi үшiн де аянып жатқан жоқ. Ресейде туып-өскен Сабыр Қасымовтың бұл тұрғыда ұстанымы берiк. Қазақстанның енбек сiңiрген қайраткерi Сабыр Ахметжанұлын әңгiмеге тартып, Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығы алдында бұрын айтылмаған деректер мен бүгiнгi күннiң аса маңызды саяси мәселелерiн тағы бiр қаузап қой­ғанды жөн көрдiк.
Кезектен тыс парламент сайлауына оппозиция атынан қатысатын жалғыз партия – “Азат” ЖСДП өткен сенбiде IХ құрылта­йын өткiздi. Құрылтайға қатысқан партияның 475 делегаты бiрауыздан ЖСДП ке­лесi сайлауға қатысуы тиiс деген шешiм қабылдады. Делегаттар 57 адамнан тұратын партиялық тiзiмдi бекiтiп, парламенттен көпшiлiк орын аламыз деп тарқасты. “Азат” ЖСДП бұл жолғы сайлауға ЖСДП деген атау­мен қатыспақ. “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай мұның себебiн былайша түсiндiрдi: “Екi жылдан астам уақыт бойы “Азат” ЖСДП тiркелу процесiнде болды. Әдiлет министрлiгi мұны әбден созбалақтап, ақыр аяғында биылғы жылдың тамызында бiрiккен партияны тiркеуден бас тартты”.

ДАРИҒА НАЗАРБАЕВА ДА ДЕПУТАТТЫҚТАН ДӘМЕЛI
“Мерзiмiнен бұрын өтетiн сайлау” деген синдроммен тағы да саяси науқан басталды. Елдегi саяси партиялар абыр- сабыр. Билiктiң партия¬сы құрылтайын өткiздi. Қазақстандық бүкiл телеарналарды “жаулаған” “Нұр Отанның” съезi дәстүрiнен жаңылмады. Жиында қазақстандықтарға үйiп-төгiп уәде берiлдi. Қош, сонымен мiнберге көтерiлген партияның төрағасы Н.Назарбаев бұл жолы ел жұртына не айтты? Жаңалығы қайсы? Бiрақ бұл сұрақтар алдағы он жылдыққа жасалған жоспарлармен бүркелiп, көрiнбей қалды. Ә дегеннен, соңғы жиырма жылда жүз жылдық жұмыс атқарылғанын айтуды президент ұмытқан жоқ. Сылдыр сөздерден жастар да жалығыпты. Өйткенi залдағы кейбiр қыз-жiгiттер “Нұр Отанның” мойын орағышын жамылып ұйықтап отырды.
 

Д.А.Қонаев өмiрiнiң соңғы кезеңiнде сегiз күндiк сапарға шықты. Димекеңнiң сегiз күндiк Ташкент – Самарқан – Жызақ – Мырзашөл сапарын, президент Каримов айтқан сөздердi, Рашидовтың әйелiнiң сөздерiн, өзбектердiң Қонаевқа айтқан алғыстарын бiрде-бiр қазақ газеттерi жазбады. Ал өзбек газеттерi қысқаша ғана, көбiне хабарлама күйiнде бердi. Ақсақалдың бұл кездесулерiн “Мырзашөлге сапар. Қонаев және Рашидов” деген атпен деректi кiтап етiп аяқтап қалдым. Үзiндiлерi әр кезеңде әр түрлi газеттерде жарияланды. Ендi кiтапқа енбеген, менi таңғалдырған Димекеңнiң кей ерекшелiктерi туралы аз-кем айтсам, ұлы тұлғаның нұрлы бейнесiн сағынған оқушыларға қызықты болар деп ойлаймын.
Болған оқиғаның iзiмен
Бұл тойханада екi зал бар екен. Бiз жетпiске толған ақсақалдың мерейтойын тойлап жаттық, ал екiншi залда елуге толған бiр қазақтың мерейтойы өтiп жатты. Екi залға да ортақ фойеде бiр топ жас балалар ойнап жүрдi. Алды он-он екi жаста, арты тәй-тәй басып жүрген қазақ бүлдiршiндерi...  Даяшы жiгiттердiң бiреуi екiншi залдағы қазақтарды “бұлар – христиандар” деп қалды. Менiң сенгiм келмедi: “Қазақ-христиан. Қалай?” Ойнап жүрген қазақ бүлдiршiндерiнiң бiрiн тоқтаттым:
Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Ежелгi мысырлықтар мысық жануарын қатты қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниенi жалғастырушы деп қадiр тұтқан. Расында да, мысықтың көзiне бiр рет үңiлген адам ондағы терең тұңғиық­ты байқай алады. Бағзы заманның сиқыршылары мысықтың көзiн басқа әлемнiң көрiнiсi, өзге дүниеге апарар жол деп сенген. Мысыққа қатысты ескiлiктен қалған наным‑сенiмдер әлi де бар. Мәселен, орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын сол үйге әуелi мысықты кiргiзедi. Мұнысы мысық үйдi тылсым күштерден тазарта алады деген ырымы болса керек. Мұндай наным‑сенiмдер тектен‑текке шықпаған. Мысық адам көзiне көрiнбес тылсым дүниенi көре
34 САУСАҚТЫ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН
Үндiстандық бүлдiршiн Акшат Саксеннiң отыз төрт саусағы бар. Оның әр қолында жетi саусақтан болса, әр аяғында он саусақ бар. Саусақтардың басым бөлiгi жұмыс iстемейдi. Қазiр баланың жасы бiрде, осы уақыттың iшiнде Акшат­қа бiрнеше операция жасалып, артық саусақтары алынып тасталған. Дәрiгерлер бала сирек кездесетiн генетикалық ауру – полидактилияға шалдыққан дейдi. Бұл тұқым қуалайтын немесе мутация нәтижесiнде пайда болатын ауру. Әдетте мұндай балалар алты саусақты болып туылады. Әлемдегi 5000 баланың бiрi алтысаусақты болып дүниеге келедi екен.Бұған дейiн Қытайда қолында он бес, аяғында он алты саусағы бар бала туылған болатын.
ҚАР АДАМЫ ЖАЙЛЫ АҢЫЗДАР
Қар адамы туралы аңызға бергiсiз әңгiмелер әлемнiң түк­пiр‑түкпiрiнде таралған. “Қар адамын көрдiк” деушiлердiң сөзiне қарағанда, кiсiкиiк 2-4 метрлiк бойы бар, денесi еңгезердей әрi түк басқан, қолы ұзын, мойны қысқа, бет‑әлпетi қара түстi. Гималай, Қытай, Солтүстiк Америка, Авс­тралия, Африка, Индонезия, Бирма, Малайзия, Пәкiстан, Моңғолия, Кавказ бен Оңтүстiк Америка жерлерiнде “қар адамын кез­дестiрдiк” деген тұрғындар көп‑ақ. Алайда ғылым осы күнге дейiн “қар адамы бар, не жоқ ” деп кесiп айта алмайды. Себебi, оның бар екенiне дәлел бола алатын бас қаңқасы немесе сүйек қалдықтары жоқ. Ал бiрақ кiсiкиiктiң түгi мен iздерi бар. Дегенмен ғалымдар қар адамы
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРШАДАЙ ҚЫЗЫ ЖАНСАЯ ӘБДIМӘЛIК ТӨРТ ДҮРКIН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ! 
11 жасқа дейiнгi топта тоғыз қарсыласының сегiзiн ұтқан Жансая тағы да әлем чемпионы атанды. Ол мектеп табалдырығын аттаған тұста-ақ талантымен талайды таң қалдырған болатын. Сол кезде оның таланты қаржының қолбайлаулығынан тұсалып қала жаздаған. Бiрақ жанашыр жандар бар екен. Ол – тек қазақтың арасында ғана емес, Орталық Азия елдерiнiң iшiнде де төрт дүркiн әлем чемпионы атанған жалғыз қыз. Ендеше, жеңiсiң құтты болсын, Жансая! Қазақтың атын Бразилияда әйгiлеп, әлемдi мойындата алатынын паш еткен талантты бағалай бiлген жөн. Жансаяға сайыс­тарға шақыртулар, халықаралық турнирлерге құрметтi қонақ ретiнде қатысуын өтiнген хаттар
Тағдыр
Кеңес одағы кезiнде көптеген кинолар цензураға ұшырайтын. Өкiметтiң де, киносыншылардың да, көрермендердiң де сынына ұшырап, баспасөз беттерiнде талқыланып жататын. Әйтсе де, көпшiлiккке бiрден жылы қабылданған фильмдер де болды. Жұртшылықтың көзайымына айналған сондай кинолардың бiрi – “Заречный көшесiндегi көктем” (“Весна на Заречной улице”) кинофильмi. Түсiрiлгенiне 55 жыл болса да, бұл фильм телеканалдардан әлi күнге дейiн көрсетiледi. Жүрекке жылы киноны жалықпай көре бересiң. Бұл фильм кешкi мектепке сабақ беретiн мұғалiмге ғашық болған оқушы (актер Константин Рыбников ойнайды) туралы. Осы кино экранға шығысымен басты рөлдi сомдаған тәрбиелi, мәдениеттi, ұстамды, сүйкiмдi мұғалiм қызға елiктемеген адам кемде-кем шығар.
Түркiстан қаласында Хаис Аққалиевтi еске түсiру мақсатында 1995-96 жылы туған жасөс­пiрiмдер арасында грек-рим күресiнен республикалық турнир өттi. Хаис Аққалиевтiң есiмi тек түркiстандықтарға ғана емес, күллi қазақ үшiн де ыстық. Ол – мектеп қабырғасында оқып жүрiп-ақ мақта теру науқанына қатысып, еңбек­ақысына күрес кiлемiн сатып алып, үйiрме ашқан жан. Хаис ашқан үйiрмеден түлеген талай бал­уан КРСО құрамасына енiп, әлем, Еуропа чемпионаттарында олжаға ке­нелдi. Өзi Түркiстан қаласындағы Ле­нин атындағы орта мектептi бiтiрiп, жоғарғы оқу орнына түс­кенде күреспен түбегейлi шұғылданады. Алдымен Саратов қаласының, кейiн Алматы қаласының чем­пионатында чемпион атанады. 
ТОП БАСЫНДА – ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР
Өскеменде өтiп жатқан әйелдер арасындағы ел бiрiншiлiгiнде талдықорғандық “Жетiсу” клубы топ бастап келедi. 1-турдағы бес ойында да жеңiске жеткен жетiсулықтар 15 ұпаймен турнир кестесiнде топ бастады. Олар Қарағанды облысы мен Астана қаласының аруларын 3:0, Павлодар облысының клубын 3:1 есебiмен ұтты. Алматы қаласының клубын 3:1 есебiмен тiзе бүктiрдi.Ерлер арасындағы жоғар­ғы лиганың “А” тобындағы ойындар тартысты өттi. “Ұшқын-ҚазҰАУ” мен “Шы­ғыс-Қорғасын Құрылыс-2” арасындағы ойын төрт сетке созылып, 1:3 есебiмен шығысқазақстандықтардың пайдасына шешiлдi.
...Не керек, бiз қазiр күпiнiп, iсiнiп, желiгiп кеттiк. Ненiң буына iсiп-кеуiп, ненiң желiгiне ерiп жүргенiмiздi де бiлмеймiз. Әйтеуiр, асырып көрсетуге, асқақтап сөйлеуге, билiк басындағыларды дәрiптеуге, алпауыттарды жөн-жосықсыз мадақтауға құмар боп алдық. Ең жаманы, мұны дағдыға, әдетке айналдырдық... “Жас Алаш” – айна, өзге газеттер – әйнек...” деп жазды кезiнде қазақтiлдi басылымдар туралы сатирашы, суретшi Қабдырахман Отарбай. Шынында да, бiз қандаймыз? Қоғамымыздың ахуалы қалай? Ұлтымыздың көңiл-күйi нешiк? Айнаға қарайтын мезгiл жеттi. Айнаға қарағыңыз келе ме?