1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (15658) 1 желтоқсан, бейсенбі 2011
Сейсенбi күнi үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмов Қазақстан президентi Нұр­сұлтан Назарбаевты “Халық қаһарманы” атағына ұсынды. Мәсiмовтiң ұсынысын үкiмет отырысында мәлiмдеу “мәртебесi” Әдiлет министрi Рашид Түсiпбековке бұйырды. “Бiздiң елiмiздiң премьер-министрi “Қазақстан Республикасының тұңғыш прези­дентi туралы”, “Ұлт көшбасшысы туралы” конституциялық заңға толықтыру енгiзiп, заң аясында мемлекетiмiздiң тұңғыш прези­дентiне “Халық қаһарманы” атағын берудi, Алтын жұлдызбен бiрге “Отан” орденiн өңiрi­не тағуды ұсынды. Және ол ұлт батыры – “Халық қаһарманы” мәртебесiн иеленедi (!). Бұл тәуелсiз Қазақстанды аяғы­нан тұрғызудағы мемлекет басшысының рөлiмен байланысты. Оның таусылмас күш-қуатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада тәуелсiз, экономикасы күштi ел ретiнде танылды”, – дедi Рашид Түсiпбеков.
Қазақстанның демографиялық ахуалы қыл үстiнде тұр. Бұған мемлекеттiк саяси жүйеге деген сенiмсiздiк, экономикалық дағдарыс және әлеуметтiк жағдайдың төмендеуi, тiптi рухани құлдырау сеп болуда. Сарапшылардың айтуынша, халықтың санын арттыру үшiн, әуелi, елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн түзеу қажет. Елдiң әл-ауқатын өсiруге мемлекет мүдделi. Сондықтан бiрiншi кезекте дәл қазiр әлеуметтiк саясатты жүйелеген абзал. Сондай-ақ көшi-қон саясатын қайта қолға алу, әсiресе, iшкi миграция мәселесiне жете мән берген жөн. Ғаламторда мынадай қа­ғытпа жүр. АҚШ-тың прези­дентi Обама таңғалып тұр дейдi: – Бiздiң мемлекетте орташа айлық жалақы мөл­ше­рi – 1500, ал мемле­кет­тiк салық – 500 доллар. Түсiн­сем бұйырмасын, тұрғындар 1000 доллармен қалай күнелтуде?
ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ДАБЫЛ ҚАҒУДЫ ӨТIНIП, ШАҒЫМДАНЫП КЕЛГЕН БАТЫР АНА ОСЫЛАЙ ДЕП ШЫР-ШЫР ЕТТI
“5 ұл, 6 қыздың анасымын. Солардың iшiндегi кенжетайым Айнұрымның тағдыры қыл үстiнде тұр. Ол бастапқыда Шымкент қаласында ем-дом қабылдап, денсаулығы ептеп дұрыстала бастаған едi. Дәрiгерлер кеңесе келе оны Сайрам ауданында орналас­қан облыстық өкпе-құрт ауруына қарсы ауруханада емiн жалғастыруға жiбердi. Құлыншағым ол ауруханада дертiне дауа табудың орнына ауруын асқындырып алды. Ауру құрғыр ас­қынбағанда қайтсiн? “Апа, қызыңыздың ауруы­на қарсы беретiн дәрiмiз қазiр болмай тұр. Қашан әкелiнетiнiнен де хабарсызбыз. Мәсе­ленiң бәрiн тек жоғары жақтағылар бiледi. Күтесiздер”. Олар осылай дегелi екi ай өттi. Әлi ешқандай нәтиже жоқ.

Маңғыстау мұнайшыларының жер­гiлiктi билiк өкiлдерi және жұмыс беру­шiмен екi күн бойы өткен кездесуi нәти­жесiз аяқталды. Алайда ереуiлшi­лердiң сөзiне қарағанда, жергiлiктi атқарушы билiк келiссөз­дер жалғасады деп сендiрген. Қарашаның 23-i мен 24-i күндерi “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ директорының орынбасары Виктор Мирошников, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң орынбасары Бiржан Нұрымбетов, Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары Амангелдi Айтқұлов, “Өзенмұнайгаз” өндiрiстiк филиалының экономика iстерi жөнiндегi меңгеру­шiсi Марат Орынбаев пен бас прокуратура және жергiлiктi прокуратура өкiлдерi бiр топ мұнайшылармен кездескен болатын.

Кеше Алматыда “Руханият” партиясының кезектен тыс құрылтайы өттi. Парламент мәжiлiсiнiң сайлауына партияның атынан 36 үмiткер түсетiнi хабарланып, бекiтiлдi. “Руханияттың” төрағасы Серiкжан Мәмбеталин, тiркелмеген “Халық рухы” партиясының жетекшiсi Мұхтар Шахановпен бiрге бұл тiзiмдi “Асар” республикалық қоғамдық қорының төрағасы Қайрат Бодаухан, композитор Қалдыбек Құрманәлi, спортшы, Қазақстан дзюдо федерациясының вице- президентi Қайрат Мұқанов, халық әртiсi Нұрғали Нүсiпжанов, кинорежиссер Еркiн Рақышев сияқты тағы да басқа азаматтар толықтырды.  “Қазақстан – мұнайлы мемлекет. Сөйте тұрып, өзiмiз жанармайға жарымаймыз. Өзге мұнайлы елдерге қарасаңыз, медицина, бiлiм саласы тегiн. Халқының әлеуметтiк жағдайы жақсартыл­ған.
Дүйсенбiден сейсенбiге қараған түнi Алматы қаласы, Думан ықшамауданында қайғылы оқи­ға болды. Түн ортасында бас­талған өрттiң салдарынан 17 жасар қыз қайтыс болып, төрт адам көмiр­қышқыл газымен уланған. Осы үйдiң 22 жасар қызы жарақаттанып, денесiн күйiк шалып, ауруханада жатыр. 90 шаршы метр жердi шалған өрттiң шығу себептерi екi тәулiк бойы анықталмаған. Оқиға болған жерге барғанымызда үй иелерiнiң өз бетiмен күл-қоқысты тазартып жатқанын көрдiк. “Бiз бұл елдiң азаматы емес сияқтымыз. Қайғылы жағдайға душар болдық, бiрақ жергiлiктi билiктiң тарапынан ешбiр жәрдем жасалар емес. Қарашаның 29-ына ауған түнде үйiмiзде өрт шықты. Оқиға орнында бiр адам қаза тауып, бас­қа да адамдар түрлi дәрiгерлiк көмекке жүгiндiк. 
Жақында ғана ортаазиялық, ресейлiк башқұрт, ноғай, татар тарихшылары мен археологтары, мәдениеттанушылары Ақтөбеде Арал – Каспий аймағының тарихи жәдiгерлерiн жинақтау үшiн бас қосты. Мәдени құндылықтарды түгендеу мәселелерi сөз болды. Оғыз, түркi, қыпшақтың бүгiнгi ұрпақтарының бас қосуы қазiргi заманның қандай мәселелерiн лайықты деңгейде қозғай алды? Осы жөнiнде бiз конференцияны ұйымдастырушы мекеме – облыстық тарихи ескерткiштердi қорғау инспекциясының директоры Бекарыстан Мырзабайұлын әңгiмеге тарттық. – Маңғыстау, Қызылорда, Ақ­төбе облыстарында Арал мен Каспий аймағы өркениеттерiнiң iзiн тарихи-танымдық, мәдени тұрғыдан зерттеуге арналған бiрнеше конференция өткiзiлдi. Жалпы, мұндай басқосулардан қандай нәтиже бар? Пайдасы қанша? Сiздер Арал-Каспий аймағының өркениетiне қатысты не таптыңыздар?
М.Шаханов “Желтоқсан эпопеясы” атты бұрыннан жазып жүрген деректi романының екiншi және үшiншi кiтабын аяқтады. Бұл туындыларда елiмiздiң егемендiгi жолында үлкен рөл атқаратын 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсi төңiрегiндегi шындықты қалыптастыру жолында жұрт бiле бермейтiн оқиғалар баяндалады. Ендi осы кiтаптан үзiндi жариялай бастаймыз. Бiздiң жасаған жұмыстарымызды жоққа шығару мақсатында 1989 жылы 14 қарашада, билiктiң зорлығымен құрыл­ған үшiншi комиссия үш сағат та жұмыс жасай алмады. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi қарсылығыма қарамай, еркiмнен тыс, тең төрағалыққа күштеп сайлап жiберсе де, сол тұста билiкке ереше қадiрлi ағамыз Қадыр Мырзалиев арқылы бiз атқарған iстi жоққа шығару мүддесiн жан-жақты қарастырғанымен
...Қазақ жастарының көше-көшенi бойлап, ереуiлге шыққаны, сөйтiп орталық алаңға жиналып жатқаны белгiлi бола бастады. Сол күнi кештi зорға батырдық. Жұмыс аяқтала салысымен бiз де алаңға бет алдық. Мен ол кезде “Казгипроград” ғылыми-жобалау мекемесiнде жұмыс iстейтiнмiн. Ол Абай мен Әуезов көшелерiнiң қиылысындағы ғимаратта орналасқан едi. Жатақханада бiрге тұратын шалқарлық Сегiзбай деген жiгiт екеумiз алаңға жеткенде халық лық толған екен.    Әр-әр жерде митингi өтiп жатыр. Алаңды “Атамекен”, “Менiң Қазақстаным” әндерiн шырқаған жастар әуенi басып алған. Сол арада алаңды кешкi қараңғылық қаптай бастады. Бұл кезде Алматыға десант­шы-шабуылшылар бригадасы да келiп жеткен екен. Оны бiз кеш бiлдiк. Орталық алаңдағы үкiмет үйi жағынан мұздай болып сапер күректерi
Үлкендердiң аузынан “бүгiнде жүрегiнде иманы, аузында дуасы бар ақсақалдар қалмаған” деген сөздi жиi естiсем де мән бермеушi едiм, сол сөздiң мағынасын ендi ғана түсiнгендей болдым. Кешкi 17.00 шамасында Атакенттен аяңдап ҚазҰУ-ге келе жатқанымда бейтаныс қарт кездесiп: “Қалың қалай, қызым?” – дедi. Сәлемдесiп қасынан өте бергенiмде әлгi адам қолымнан ұстап: “Бiр нәрсе сұрайыншы”, – дедi. Атаммен шамалас кiсi болған соң күлiмдей құлақ түрдiм. “Студентсiң ғой, ақша керек бiлем, жұмыс iстегiң келе ме?” – деп сұрады. “Өзiңдей студенттерге таптырмайтын өте оңай жұмыс, құрбыларыңды да әкелсең болады, бастысы, оқуларыңа да еш зияны жоқ”, – дедi. Ойымда еш нәрсе жоқ, не деген бұл жақсы жұмыс деп тәптiштей сұрай бастадым. “Күнiне 2-3 сағат. Кешке келсең болғаны, өзiмiз киiм беремiз, суретке түсесiң, бiрер адамдармен кездесуiң мүмкiн...” – деп айналдырып әкеп

Ақмола облысы Бұланты ауданына қарасты Журавлевка ауы­лында орыстар мен украиндар шоғырланған болатын. Бұлар 1861 жылғы реформадан кейiн Ресейден жер ауып келгендер едi. Жергiлiктi тұрғындар олармен бiте қайнасып, достасып кеттi. Әкем тамырлары келгенде қуанып, қойын сойып, мәре-сәре болып, бiр жасап қалатын. Әкем соғысқа кеткенде кәрi әжем, екi жасар қарындасым, 4-5-тер шамасына келген мен қалдым. Анам Орынжан ертеден кешке дейiн колхоз жұмысында болатын. Журавлевкадан әкемнiң тамырлары келе­тiн. Қыс болса шанасына, жаз болса машинасына мiнгiзiп ауылды бiр айналдыратын. Менi ерке­летiп, арқамнан қағып қоштасатын. Олар көрiнбей кеткенше артынан ұзақ қарап, мұңайып тұратынмын.

Тәуелсiздiктiң мерейтойы қарсаңында режиссер Талғат Теменовтiң “Менiң күнәлi перiштем” атты жаңа фильмi жарық көрiп, дүйiм жұрт қуанып жатыр. Ендi осы фильмнiң атына назар аударыңыздаршы. Мәселе күнәға тiрелсе, оны күнә­һар деп айтпаушы ма едi?! Күнә мен кiнә екеуi  екi бөлек сөздер ғой. Жарайды, оны қояйық. Ал «перiш­те деген кiм? деген сұраққа жауап iздеңiздер­шi. Адам баласының түсiнiгiнде пе­рiш­те ешқашан да күнәһар бола алмайды. Егер күнә­һар болса, онда оның қай жерi перiште?!  Мен бұл хатты жазардың алдында “Қазақфильм” киностудиясына хабарласқан едiм. Кино жарық көрердiң алдында редакция тарапынан фильмнiң атауының қате екенi қызу талқыға тү­сiптi.
Құзырлы органдар неге мұншалықты құлықсыз?
11 қараша күнi мектеп директоры Үмiт Бейсенованың тапсырмасымен тауға отын әкелуге бардық. Бiрақ, ауа райының қолайсыздығынан әрi қураған отынды кесуге рұқсат беретiн орманшының да жоқтығынан ойымыздағы орындалмай құралақан қайттық. Ертеңiне бiрiншi тоқсанның қорытындысын талқылайтын педагогикалық кеңеске қатысуға мектепке келгенбiз. Директор: “кеше отын әкелмепсiңдер, бүгiн қайта барасыңдар”, – дедi. Жердiң лай, көлiктiң тауға баруы қауiптi екенiн айттық. Ескертпе­мiзге, қарсылығымызға құлақ аспай, 12 адамды қайтадан отынға жұмсады. Қыр-қырдан, қия-қиядан амалдап отын жинадық. Ауылға қайтып келе жатқанда көлiктiң доңғалағы тайып кетiп, жол апатына ұшырадық. Орманшы мен бiр адам көлiктiң кабинасында болатын.
Таэквондошыларымыз үмiттi ақтап, Лондон олимпиадасына берiлетiн төрт жолдаманың үшеуiн иелендi
Қазақстан спорттың таэквондо түрiнен Лондон олимпиадасына үш жолдама иеленуге үмiт артып отырғанын ұлттық құрама басшылары бұған дейiн жұртқа жариялап та қойған болатын. Үмiт ақталып, елiмiздiң таэквондошылары үдеден шықты. Жеңiске жеткендердiң iшiнде лицензия алатындардың тiзiмiне тiркелмеген жерлесiмiз де бар. Ол – айды аспанға шығарып, айы оңынан туған оңтүстiкқазақ­стандық 18 жастағы спортшы Нұрсұлтан Мамаев. Шындығына келсек, бапкерлерiмiз Лондондағы байрақты бәсекеге баратын жолдаманы олжалауда Бейжiң олимпиадасының қола жүлдегерi, әлемдегi үздiк бес таэквондошының бiреуi саналатын Арман Шылмановтың бағы жанатынына күмән келтiрмеген едi. Сыннан сүрiнген Шыл­мановтiң сәтсiздiгi үлкен дүбiрлi додаларға былтырдан берi ғана қатыса бастаған шымкенттiк жас өрен Нұрсұлтан Мамаевтың тамаша табысымен жалғасқаны талайларды таңдандырды.
ЖIГIТТЕР ЖЕРГЕ ҚАРАТПАДЫ
Кикбоксингтан елiмiздiң ұлттық құрамасы Ирландияда өткен әлем чемпионатынан олжалы қайтты. Құрамадағы жiгiттер 1 алтын, 3 күмiс, 4 қола медаль ен­шi­ледi. Ирландия астанасына әлемнiң үздiк кикбоксшылары жиналып, бiр апта әлем чемпионатының жүлдесiн сарапқа салды. Әлем чемпионы атағына 67 келiде рингке шыққан Самат Қадырбеков қол жеткiздi. Ол iрiктеу турында Франция, Болгария, Финляндия спортшыларын жеңiп, финалда украиналық Давид Ахахановты ұтты. Күмiс жүлдеге 57 келiде сынға түскен Әлiмжан Құдайбергенов пен 71 келiде ел намысын қорғаған Аврамиди Стельян, 85 келiде Ерсейiт Қалменов      қол жеткiздi. Әлем чемпионы атану үшiн Әлiм­жанның түрiк Дундар Хусейнге әлi жетпедi. Ал Аврамиди ирландиялық Брайан Броснаннан ұтылып қалды.
ПИАНИНОСЫН ТАУҒА ШЫҒАРЫП, ПIЛДЕРГЕ КОНЦЕРТ БЕРДI
Елу жасар британдық Пол Бартон соқыр пiл­дерге арнап концерт бердi. Ол концерттi хайуанаттар бағында емес, Банкгогтан батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан Канчанабуридiң тауларына пианиносын шығарып Бетховеннiң шығармаларын орындады. Пол Бартон бұл жердi бекер таңдамаса керек. Канчанабури – табиғаты ғажап жер. Өзiнiң өзен-тау­ларымен, сарқырамаларымен әлемге танымал. Туристердi айтпағанда, демалыс күндерi мұнда мыңдаған қалалықтар тынығуға келедi. “Мен осылайша көзi көрмейтiн жан-жануарларға деген құр­метiмдi бiлдiрдiм және жұртшылыққа музыка ар­қылы соқыр пiлдерге көңiл аударып, оларды бағып-қағу үшiн қаржы жинау керектiгiн естерiне салдым”, – дейдi П.Бартон.
“Жас Алаш” ЖШС Қазақстан Республикасы Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың, саяси партиялардың сайлауалды үгiт-насихат материалдарын келiсiмшарт бойынша жариялауға “Жас Алаш” газетi бетiнен орын беретiнiн хабарлайды. Газет бетiндегi сайлауалды үгiт-насихат жұмыстары партиялық тiзiм мен кандидаттарды тiркеу аяқталған уақыттан басталып, 2012 жылдың 13 қаңтарында аяқталады. Газетте үгiт-насихат және ақпараттық материалдар газет құрылтайшысы мен ҚР Мәжiлiсi депутаттығына және мәслихат депутаттығына кандидат арасында жасалған келiсiмшарт негiзiнде жарияланады.
Зейнеткерлер “Жас Алашқа” жазылғысы-ақ келедi. Бiрақ мүмкiндiгi қалмайды. Өйткенi, “күн шықпай қалса да шығатын” (Алтынбек Сәрсенбайұлы) үкiметтiк газеттерге сыртынан мәжбүрлеп жазғызады. Жергiлiктi билiк өкiлдерi таяқ жеп қалмас үшiн жоспарды орындауға мiндеттелген. “Жас Алаш” жылдағы дәстүрден таймай, биыл да зейнеткерлердiң бiр тобын газеттiң өз есебiнен жаздырды. Билiктiң астауынан алыстау жүретiн “Жас Алашыңыздың” мүмкiндiгi шектеулi. Сондықтан қалталы азаматтарға, ел аузында жүрген меценаттарға бұйымтайымыз бар: шама-шарқыңызша зейнеткерлердiң “Жас Алашқа” жазылуына көмектесiп, сауап iс жасаңыздар. Ұлт үшiн, ұлттың болашағы үшiн!