1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15659) 6 желтоқсан, сейсенбі 2011
БОРАЛДАЙДА БЕС ЛАҢКЕСТIҢ КӨЗI ЖОЙЫЛЫП, ҰҚК-НIҢ ЕКI ҚЫЗМЕТКЕРI ОҚҚА ҰШТЫ
Өткен сенбiде Алматы облысы Боралдай ауылының Шпак көшесiндегi үйге бекiнiп алған лаңкес­тер ҰҚК-нiң қызметкерлерiмен қиян-кескi атысыпты. Қылмыскерлермен атыс кезiнде ҰҚК-нiң арнайы бөлiмшесi “Арыстанның” екi сарбазы оққа ұшқан. Өз еркiмен берiлуден бас тартқан бес лаңкестiң көзi жойылды. Бас прокуратураның ресми өкiлi Нұрдәулет Сүйiндiков былай дедi: “Лаңкестiк топтың жетекшiсi Ағжан Хасен лаңкестiк топ құрып, оған жетекшiлiк жасағаны үшiн биылғы жылдың 28 қазанынан берi iздеуде жүрген. Қылмыскерлер өз еркiмен берiлуден бас тартты. Олардың кө­зiн жою барысында Ұлттық қауiп­сiздiк қызметi “Арыстан” арнайы жасағының екi жауынгерi қаза болды.
ЖОЛАУШЫЛАРДЫҢ ҚАУIПСIЗДIГIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ ӘМӘНДА ӘЗIРМIЗ БЕ?
Өткен бейсенбi күнi қазақ жерiнде, атап айтсақ, Алматы қаласында алғаш рет метрополитен ашылды. Ресми мәлiметтерге қарағанда, метро көлiк кептелiсiн қысқартуға, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға, сондай-ақ көлiк мәдениетiн қалыптастыруға зор ықпал етпек. Қазақстандықтар, әсiресе Алматы жұртшылығы бұл күндi бақандай 23 жыл сарғайып күттi. Өткенге көз салсақ, Қазақ ССР астанасында метро салу идеясы 70-жылдардың ортасында пайда болды. 1988 жылдың 7 қыркүйе­гiнде дәл осы метрополи­теннiң құрылысы басталған болатын.
Соңғы бiрер айда көзi тiрi президент Н.Назар­баевты қолаға “айналдыру” процесi тым жедел жүргiзiле бастады. Алматыда президент Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бiр ескерткiш қойылуы, үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовтiң оны “Халық қаһарманы” атағына ұсынуы, Қазақстан ғалымдарының президентке “Ғасыр ғұламасы” деген атақ беруi, жаңадан ашылған минералға “Нұрназен” деген ат беруi осының айғағы. Кәрiм Мәсiмов президенттi тым ыңғайсыз жағдайға қалдырды. Олай дейтiнiмiз, қаһарманға “Халық қаһарманы” атағын президенттiң өзi табыстауы керек. Ал ендi президент бұл атақты өзiне-өзi қалай бередi? Нұрсұлтан Назарбаевтың кеу­десiне алтын жұлдызды қайткен күнде де тағу үшiн айналасы тағы бiр көзсiз әрекетке барды.

Қазақстандағы саяси науқан партиялардың шынайы бет-бейнесiн айқындап қана қоймай, кейбiрiнiң бетпердесiн де сыпыруға көштi. 15 қаңтарда өтетiн парламенттiк сайлау алдында тiзiмдерiн бекiткен партиялардың iшiнде адасқан азаматтар да баршылық. Мәселен, “Руханият” партиясының тiзiмiне әншi, халық әртiсi Нұрғали Нүсiпжановтың 3 желтоқсанда өткен “Ауыл” партия­сының қатарынан да көрiнуi түсiнiксiз. Әлде танымал ағамыз “Руханияттың” ұсақ ұсынысынан гөрi ауыл халқының жайын күйттейтiн партияда болғысы келдi ме екен. Осы мәселеге қатысты “Руханият” партясының жетекшiсi Серiкжан Мәмбеталин: “Ол бiздiң партияның атынан түсуге өзi келiсiм бердi”, – дептi Интерфакс агенттiгiне.

Президент 16 қараша күнi парламенттiң төменгi палатасын тарату туралы жарлыққа қол қойысымен-ақ Қазақстанның саяси кеңiстiгiнде үйреншiктi дүбiр басталып кеттi. Бiраздан берi бар-жоғы халық санасынан ұмытыла бастаған саяси партиялар шырт ұйқысынан оянып, үйреншiктi әдет бойынша “тек ұлт болашағы үшiн ғана жұмыс iстейтiндерiн” жарнамалап жатыр. Қолдаушысы мықты, қоржындары тоқ кейбiр партиялар қалталары жұқа қоғамдық қозғалыстарды “бауырларына тартып”, саяси мақсаттарына да пайдаланғысы келетiн сияқты. Бұл жолғы тартыста ерте белсенген “Ақжол” демократиялық партиясының жетекшiсi Азат Перуашевтың өткендегi: “Бiз оппозициялық партиямыз, бiрақ президент саясатын қолдаймыз”
Желтоқсан – 25
Павлодар облыстық мем­лекеттiк мұрағатында Желтоқсан көтерiлiсiне байланыс­ты құжаттар тым аз. 1986 жылдың желтоқсан айында облыс­тағы хал-ахуалды ай­қын сипаттай алмайды. 24 желтоқсанда өткiзiлген облыстық партия комитетi бюросында “Қазақстан компар­тия­сы ОК-нiң 1986 жылдың 19 желтоқсанында “Алматы қаласындағы жағдайға байланысты шаралар жөнiндегi” қаулысын жүзеге асыру шаралары” бекiтiлген. Он бес тармақтан тұратын шарада әлеуеттi құрылымдардан бастап, бiлiм беру жүйесiне дейiнгi меке­мелердiң мiндеттерi мен жұмыс жоспарлары белгiлен­ген.  Павлодар облыстық пар­тия комитетi және мемле­кеттiк органдар Желтоқсан көтерiлiсi басталысымен-ақ республикадан түрлi арналар арқылы түскен
(Жалғасы. Басы өткен санда)
Билiкпен келiсiм бойынша жаңадан құрылған төртiншi комиссияға мен өз тарапымнан 9 емес, 11 адам ендiрдiм:
Бурабаев Т. – Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. Фокина Н.К. – Алматы сәулет-құрылысы институтының аға оқытушысы, адам праволары жөнiндегi қазақстандық қоғамдық комитеттiң тең төрағасы. Тасмағамбетов И.Н – Қазақстан Компартиясы орталық комитетi саяси Бюросының мүшелiгiне кандидат, Қазақстан ЛКЖО орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы. Киринцианов Ю.И.    – “Рабочая трибуна” газетiнiң меншiктi тiлшiсi. Әбдiрахманов С.А. – Қазақ КСР халық депутаты, халық депутаттары Алматы қалалық кеңесi атқару комитетi төрағасының орынбасары.
Майра ҒҰМАРОВА, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы
Қоян жылының соңғы айларында Маңғыстаудағы мәдени өмiр бұрқ-сарқ қайнап жатты. Қазақстанның, Ресейдiң, Әзiрбайжанның, Иранның және басқа да елдердiң әртiстерi қатысқан iрi-iрi мәдени iс-шаралар бiрiнен соң бiрi өттi. Мәселен, режиссерлiк өнердiң жiлiгiн шағып, майын iшкен шеберлер тұңғыш рет қарт Каспийдiң жағалауында өткен республикалық конкурста бас қосты. Бұл iс-шара маңғыстаулық тұңғыш кәсiби режиссер Боздақ Рзахановты еске алу құрметiне ұйымдастырылды. Бұл жиынның iзiнше қасиеттi өңiрге әншiлер аяқ басты. “Жетi қайқы” деп аталатын республикалық ән орындаушылар конкурсiне қатысу үшiн. Одан кейiн Каспий жағалауы елдерiнiң әншiлерi мен әртiстерi “Каспий – достық теңiзi” бесiншi халықаралық фестивалiне келдi.
Әр адамның үлкендi-кiшiлi өзiндiк мақсат-мұраттары болады. Бiрi көбiнесе материалдық негiздерге, бәлкiм, осы дүние қызықтарына құрылуы мүмкiн. Келесi жанның арманы рухани мақсаттармен астасып жатады. Ал бiз бүгiн сөз еткелi отырған кiсiнiң арман-тiлегi – мына өмiрде жаны рухани жұтаңдықтан азап шегiп, тәнi түрлi сырқаттардан қиналысқа түскен замандастарына шамасының жеткенiнше қол ұшын берiп, Жаратушының нығметiне бөлену. Бiр танысымыз созылмалы ау­рулары асқынып кеткендiктен, шипа iздеп, ойға да, қырға да шап­қылап жүргенiнде кездейсоқ бiр мейiрiмдi кiсiге тап болып, құлан-таза айығып кеткенiн баяндаған едi. Бiз де сондай бауырмал жанды көрмек үшiн мiнеки, биiк темiр қақпа алдына келiп тұрмыз. Онда
Қазақтың көрнектi ақыны, Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi Хамит Ерғалидың туғанына 95 жыл толуына орай “Өзегiм толы ақ жалын” атты кiтап жарыққа шықты. (“Ой-сана” баспасы, Алматы, 2011 жыл). Бұл кiтап екi бөлiмнен тұрады. Кiтаптың бiрiншi бөлiмiне Хамит Ерғалидың “Ғұмырнама” атты естелiк-эссесi берiлген. Екiншi бөлiм – Х.Ерғали туралы естелiктер (Әбу Сәрсенбаевтың, Әбдiлда Тәжiбаевтың, Рабиға Сыздықованың, Әбiш Кекiлбайұлының және т.б.). Осы кiтаптың тұсаукесерi 3 желтоқсан күнi Алматыдағы “Отырар” мейрамханасында өттi. Осы бас қосудың үстiнде көзiнiң тiрiсiнде-ақ “Халықтың Хамитi” атанған Хамит Ерғалидың азаматтық тұлғасы мен

Келесi жылы 75 жылдығын атап өтетiн Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институтында бiлiм сапасын арт­тыруға, студенттердiң дүниетанымын кеңейтуге бағытталған оң бастамалар көп. Қайсыбiр жылдары солақай реформаның салдарынан жабылып қалған, биыл қайта ашылған қарашаңырақта “Жаңа Қазақстан, жаңа ұстаз, жаңа ұрпақ” дейтiн тағы бiр тағлымы мол iс-шара өттi. Институттың ректоры Оңалбай Аяшев ұтымды ұйымдастыра бiлген ғылыми-теориялық халықаралық конференцияда Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан шақырылған бел­гiлi ғалымдармен қоса елiмiздегi жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарының басшылары да өзiндiк ой-пiкiрлерiн ортаға салды.

Ақпаратта “Сенатор не үшiн жылады?” делiнiптi. Мен әкемдi, шешемдi, туған бауырларымды мезгiлiнен бұрын жерлегенде жылағанмын.  Қызметтен абыроймен кеткенге есi дұрыс адам жылай ма екен?! Республикаға Колбин келгенде бұдан жоғары лауазымды қызметтен кетiп, қуғын-сүргiн көргенде жылай алмағам, керiсiнше, ширығып, қайсарлана қайраттанғам. Одан берi қаншама қызметтерден өттiм. Бәрiнiң де бастауы, аяқталуы бар емес пе? Бұдан трагедия жасауға тырысу қаншалықты сенсация болмақ? Жас достар, сұрақтарыңа жауабым: ешнәрсе ұшiн де жылаған жоқпын! Алла жылағаннан сақтасын! 
Қызылорда қаласында дарынды ақын Темiрше Сарыбайұлының мерейтойы атап өтiлдi. Ақынның тойы қалай өтушi едi, жырдан шашу шашылып, сөз патшасы сарайының есiгi айқара ашылды. А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйiнде шымылдығы түрiлген “Сөйле, жүрек, сөз сенде, толға бүгiн” атты шығармашылық кешке республиканың түкпiр-түкпiрiнен құрметтi қонақтар келдi. Темiрше ақын 30 жылдан берi Алматы қаласында тұрады. Сыр бойында туып-өскен ол қырықты толтырып барып, оңтүстiк астанаға көштi. Осында өлеңiнiң өрiсi кеңейдi, даңғыл жол ашылды. Яғни, Алатау баурайында жүрiп ақындығын дүйiм елге мойындатты.
Нұржан Кәрiмжанов – спорттағы сапарын ерте аяқтаған саңлақтардың қатарынан. Ол боксты 25 жасында-ақ тастап кеттi.
Нұржанның рингтегi өзгеге ұқсай бермейтiн соны қимыл-әрекеттерi, жұдырықтасу тәсiлi ғасыр ауысар тұста көпшiлiктi тәнтi еттi. Ол 64 келiде бiрнеше жыл елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi боксшысы болды. 1999 жылы Азия чемпионатында алтын медальға қол жеткiзгеннен кейiн-ақ сары құрлықта өзiнен асатын боксшы жоғын талай мәрте дәлелдедi.   2002 жылы Оңтүстiк Кореяның Пусан қаласында өткен Азия ойындарында топ жарды. Одан кейiн 2003 жылы Астанада өткен әлем кубогында чемпион атанды. 2003 жылы Үндiстанның Хайдарабад қаласында өткен Афро-Азия елдерiнiң ойындарында Кәрiмжанов орта жолдан тоқтады.
“Астана арландары” тағы да сыпыра ұтылды. Бұл жолғы жеңiлiсi тiптi ұят. Италияның “Милано Тундер” клубынан бiздiң жiгiттер 5:0 есебiмен жеңiлдi. Жат жерде рингке шыққан бес жiгiттiң де еңсесi төмен. 54 келiде Данияр Тоқбаев Винченцо Пикардимен кездесiп, ұпай санымен ұтылды. 61 келiде Ержан Мүсәпiровтiң мысын Доменико Валентино басты. 73 келiде Хұсайын Байматов Сергей Деревянченкодан техникалық нокаутпен ұтылды. 91 келiге дейiнгi салмақта сырттан алдырған (легионер) Абдельхамид Беншабла Людовик Грогудың алдында жеңiлуге мәжбүр болды. Аса ауыр салмақта Азия чемпионы Досжан Оспанов Клементе Руссодан таяқ жеп қайтты.
БIРIНШI ОРЫН БҰЙЫРМАДЫ
Алматыда қол күресiнен өткен әлем чемпионатында елiмiздiң құрамасы жалпыкомандалық есепте екiншi сатыға орнықты. Төрт күн бойы әлемнiң жуан бiлек мықтыларын жинаған Алматы 33-әлем чемпионатын да тарих қойнауына жiбердi. Жастар, мүгедектер, ардагерлер, және ерлер мен әйелдер арасында өткен әлем чемпионатында қазақ елiнiң спортшылары 19 алтын медаль олжалады. ҚР Армрестлинг федерациясының бас хатшысы Сергей Михаиловтың айтуынша, бұған дейiнгi өтiп келген әлем чемпионатына қатысушы спортшылардың саны мұндай болмапты.
ОРЫСТЫҢ БОЙЖЕТКЕНI ОЙЫНА КЕЛГЕНIН IСТЕДI
Санкт-Петербордың тұрғыны, 22 жасар бойжеткен “Қоян Роджер” мультфильмiндегi Джессика Рэббитқа ұқсау үшiн бет-әлпетiнiң “быт-шытын” шығарды. Оның айтуынша, жiп-жiңiшке ернi оны ұсқынсыз қылып көрсетедi екен. Сондықтан да Кристина косметикалық хирургке жүгiнедi. Бұл операцияға ол 200 мың Ресей рублiн жұмсады. Сөйтiп, Кристина әлемнiң ең үлкен ерiндi қызы болып шыға келдi. Мектепте оқып жүргенде оқушылар Кристинаның түрiне қарап қылжақтап, мазақ етiп мұқататын. Сыныптастарының түрткiсi мұның жүйкесiн тоздырып, “мен қалайда әдемi болуға тиiспiн” дегендi миына шегелеп тастаған секiлдi
Зейнеткерлер “Жас Алашқа” жазылғысы-ақ келедi. Бiрақ мүмкiндiгi қалмайды. Өйткенi “күн шықпай қалса да шығатын” (Алтынбек Сәрсенбайұлы) үкiметтiк газеттерге сыртынан мәжбүр­леп жазғызады. Жергiлiктi билiк өкiлдерi таяқ жеп қалмас үшiн жоспарды орындауға мiндеттелген. “Жас Алаш” жылдағы дәстүрден таймай, биыл да зейнеткерлердiң бiр тобын газеттiң өз есебiнен жаздырды. Билiктiң астауынан алыстау жүретiн “Жас Алашыңыздың” мүмкiндiгi шектеулi. Сондықтан қалталы азамат­тар­ға, ел аузында жүрген меценаттарға бұйымтайымыз бар: шама-шарқыңызша зейнет­керлердiң “Жас Алаш­қа” жазылуына көмектесiп, сауап iс жасаңыздар. Ұлт үшiн, ұлттың болашағы үшiн!