1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №98 (15660) 8 желтоқсан, бейсенбі 2011

Қазақтың қос қызы бейбiт заманда елдiң атын айдай әлемге танытты. Рас, бiздiң елдi әлем бұған дейiн де таниды ғой. Бұл жолғы шаттығымызды кемерiнен тасытқан қос қызымыздың еңбегi қандай марапатқа болсын ла­йықты-ақ, көрер көз, ұғынар түйсiк болса егер. Астананың 7 жастағы тұрғыны Бибiсара Асаубаева екi дүркiн әлем чемпионы деген атақты ал­ғырлығымен иелендi. Ал алматылық Жансая Әбдiмәлiк әлемнiң төрт дүркiн чемпионы болып елге оралды. Елдiң атын ерлер емес, қаршадай қос қыз шығарғанына бiздiң билiк қандай тарту жасады? Астанаға оралған Бибiсара­мен тек журналистер, Асаубаеваның туыс-туғаны сынды ат төбелiндей аз ғана қауым кездестi. Жансаяны да Алматының әуежайынан өзiнiң етжақындары қошеметтеп қарсы алды.

Әлдебiр саяси науқанның алдында сайрайтын сарай бұлбұлы президентке қатысты тағы бiр сөздiң шетiн шығарды. Осыған дейiн саяси сандырақтың түр-түрiн айтқан Ермұхамет Ертiсбаев ендi келесi президенттiң құзыретi жайлы бүй дептi: “Қазақстанның келесi прези­дентi Назарбаев сияқты билiкке ие болмайды. Қазақстанның тәуел­сiздiгiн нығайту үшiн Н.Назар­баевқа билiктiң бар ауқымын қолдануға тура келдi. Әлеуметтiк-экономикалық нарықтық модернизацияны жүзеге асыру үшiн прези­дент­ке осындай құзырет қажет болды. 20 жылдың iшiнде бұл мақсаттары жүзеге асты да”.

АЛ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ ЖҰРТТЫ ДҮРЛIКТIРГЕН ЖАНАЙҚАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҰМҒАН АУЗЫН АШПАЙ ОТЫР
“Ауруханада дәрiнiң жоқтығынан екi айдан берi адам өлiм жатыр”. Шұғыл түрде дабыл қағуды өтiнiп, шағымданып келген Батыр ана осылай деп шыр-шыр еткенiне байланысты жазылған мақала “Жас Алаш” газетiнде өткен аптада жарық көрген болатын. Жанайқай жарияланғаннан кейiн баспасөзден басқа барар жерi, басар тауы қалмай “Жас Алаш” газетiнен жәрдем сұрап келген оқырманымыз, Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының тұрғыны, 5 ұл, 6 қыз өсiрген Күнсұлу Иманбаеваның ағайын-туысқандары бiрiнен кейiн бiрi қоңырау шалды.
Елiмiз азаттық алған алғашқы жылдары көппен бiрге атажұртқа келген қазақтың бiрi – Дүкен Мәсiмханұлы. Бүгiнде ол филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ аймақтану кафедрасының профессоры. Сондай-ақ оның қытайтанушы әрi ақын екенiн айтпай кетуге тағы болмайды. Себебi Қытай елiнде бiздiң әр басқан қадамымызды аңдып отыратын бiрнеше Қазақтану орталығы жұмыс iстейтiнi белгiлi. Ал Алаш жұртының қытайтануы қай деңгейде? Осы және өзге де сауалдарымызға Дүкен Мәсiмханұлы ашық әрi нақты жауап бердi.
Оқиға ізімен
Бас прокуратура Боралдайда лаңкестiк топтың көзi жойылды деп мәлiмдегенiмен, бұл неғылған топ, оның артында кiмдер тұр, көздегенi не деген сұрақтарға жауап берiлмедi. Ресми органдардың таратқан жұтаң мәлiметi елдiң арасында абың-күбiң әңгiме туғызып жатыр. Құқық қорғау органдары Боралдайда жойылған лаңкестiк топты 1977 жыл­ғы Ағжан Хасен басқарғанын, ол қазан айынан берi iздеуде екенiн ғана жария еттi. Қылмыстық топтың қалған мүше­лерi жайлы ақпарат айтылмады. Арнайы операция ке­зiн­де қаза тапқан қос “арыстандықтың” қалай оққа ұшқаны да белгiсiз.
Қырғыз елiнде қазанның соңында президенттiк сайлау өттi. 95 пайыз бюллетеньдi есептегенде 62,95 пайыз дауыс жинаған бұрынғы премьер-министр Алмазбек Атамбаев президент болып сайланды. Күнi бүгiнге дейiн төрт президент ауыстырған қырғыздар неден ұтты? Неден ұтылды? Роза Отынбаева ақылды әйел екен. Егер ол өзiне дейiнгiлер сияқты таққа жармасып алса, қырғыз халқына да, өзiне де қиын боларын ұқты. Ол президенттiк сайлауға түспейтiнiн алдын ала мәлiмдеп қойды. Отынбаева одан ұтпаса, ұтылған жоқ. Орталық Азиядағы өз еркiмен билiктен кеткен тұңғыш президент атанды. Сонысымен де сүйкiмiн сақтап қалды.
Биыл Ел тәуелсiздiгiнiң 20, Желтоқсан ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң 25 жылдығымен қоса Алашорда Ұлттық үкiметiнiң 94 жылдығы қатар келдi. Нақтырақ айтсақ, 1917 жылдың 5-i мен 13-iншi желтоқсан күндерi Орынбор қаласында екiншi жалпы қазақ-қырғыз құрылтайы өттi. Аталған құрылтайда Алаш автономиясы құрылып, ол өзiнiң тәуелсiздiгiн жариялағанын бiрiмiз бiлсек, бiрiмiз бiле бермеймiз. Қазақ тарихын 1991 жылдан бастауымыздан болар, аталған күндi атап өту мәселесi тиiстi деңгейде емес. Осы олқылықтың орнын толтыруды көздеген бiр топ Қазақ жастары желтоқсаның 6-сы мен 13-iншi жұлдызы аралығында Елордамыз Астанада “АЛАШ” апталығы аясында бiрқатар iс-шаралар өткiзбекшi
Алматы облысы, Еңбек­шiқазақ ауданы, Қаракемер ауылындағы Қ.Орымбетов атындағы орта мектептiң бiр топ мұғалiмдерi “Жас Алаштың” есiгiн қайта қағып, алғыс хатын ұсынды. Артынша бүгiнгi құқық қорғау орындарына ренiштерiн бiлдiрiп, өз уәждерiн айтты. Мектеп директоры мен мұға­лiмдерiнiң арасында дау-дамайдың туғанына аз болған жоқ. Мектеп қабырғасындағы заңсыздықтардың бетiп ашқан әрiптес­терiне өшiккен директор, экс-депутат Зағипа Бәлиеваның жекжаты, анықтап айтсақ, бел құдашасы Бибiжамал Табанованың мiнез-құлқы, iс-әрекетi жөнiнде бұдан бұрын бiрнеше рет жазғанбыз

7 желтоқсан күнi сауда өнеркәсiп палатасының төраға орынбасары С.Аханованың “ guljan.org” медиасайтының бас редакторы Г.Ерғалиеваға қатысты шағымына байланысты сот отырысы өттi. Бұл сот процесi жаңа және ескi талап-арыздарды қарастырып, шағымданушының банктiк есепшоттарын Бас прократураның тексерудегi рөлi туралы мәселелердi қарады. Сонымен қатар екi тараптың жарыссөзi тыңдалды. Осыған дейiнгi отырысқа Гүлжан Ерғалиева қатыспаған болатын.

(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
Қазақ КСР IIМ-нiң 1786 қызметкерi құрмет қағаздарымен, “Өнегелi қызметi үшiн”, “Милиция үздiгi” сияқты белгiлер­мен, ақшалай сыйақылармен, құрмет белгiлерiмен марапатталды. 250 адам Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi төралқасының медальдарымен және 250 адам мақтау және құрмет қағаздарымен марапатталды. Көтерiлiсшiлердi басып-жаншығаны үшiн марапаттау – ең масқара әрекет. Сондықтан марапаттау, мақтау бұйрықтары еш басылымда жарияланбай, үнсiз жүргiзiлгенi таңданыс тудырмайды.
Желтоқсан жаңғырығы
Желтоқсан оқиғасы кезiнде мен АДК-да жұмыс iстеушi едiм. Абай даңғылы мен Бауман көшесiнiң қиылысқан жерiнде “Юность” деген жатақханада тұратынбыз. Бiр топ жiгiт қазiргi Республика алаңына барып бас жарылып, көз көгерiп, одан қалды қаланың шетiне апарып әскер мен милициялар ұрып-соғып, тепкiлеп тастап кеттi. Жаяулап-жалпылап түнгi 2-3-терде жатақханаға жеттiк. Бәрiмiз жиналып, көргенiмiздi әңгiме қылдық. Сонда бiр жiгiт: “Мен бүгiн Әзiрбайжан Мәмбетовпен бiрге ментурада болдым”, – дедi. «Қой, – дестiк бiз, – мүмкiн емес”. “Шын айтамын, – дедi әлгi жiгiт. – Милиция ұстап алып бiр автобусқа кiргiздi. Соның iшiнде басы жарылған, бет-аузы қан-қан Әз-ағамыз отыр.

Билiктiң қазiргi тiрлiгiне қарап отырып... сонау колхоз, совхоз бар кездегi кейбiр жайттар еске түседi. Ауылда ауданнан өкiл келiп жиналыс өткiзетiн болса, алдын ала шаруашылық директорының кеңсесiне ауылдың ақсақалдары мен сыйлы адамдары шақырылады. Қай бағытта, қалай, кiмдi, ненi қолдап сөйлеу керектiгi айтылып, тапсырма берiледi, уәделер алынады. Құр аяққа бата жүрмейдi ғой, содан соң сол кiсiлердiң үйiне малдарына деп 2-3 қаптай жем жеткiзiледi. Содан жиналыс басталады.

“Бұрынғы сайлаулар әдiл өткен жоқ” деген пiкiрлер болды. “Сайлау өтедi, дауыс берсең де, бермесең де оған қарамайды”, – деп сайлауға қатыспағандарды да көрдiк. Оған себеп, сайлау алдында жеке куәлiктердi тексерiп, нөмiрлерiн жазып алуға мұғалiмдердi жұмсайды. Ол сайлауға бармасаң да куәлi­гiң (нөмiрлерi мұғалiмдерде бар) бойынша сайлау мүше­лерi жәшiкке салады. Халық осыны бiледi де сайлауға қатыспайды. Олардан: “Неге келмедiң?” – деп сұрап жатқан ешкiм жоқ. Менiңше, әр аймақтағы бұрын құрылған сайлау учаскелерiнiң мүшелерiн өзгерту қажет, учаскенiң төрағасы мектептiң директоры, мекеме басшылары болмауға тиiс.
Жамбыл облыстық бiлiм департаментiнiң назарына
Мен ұзақ жыл атамекенiмнен жырақта жүрдiм. Өзбекстанның Науаи облысында туып-өстiм. Осы облысқа қарасты Кенимех ауданында қырықтан астам қазақ мектебi бар. 1969-79 жылдары сол бiлiм ордаларының бiрi – Ф.Жалғасов атындағы орта мектепте оқыдым. 1983 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтының филология факультетiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрдiм. 1983-2005 жылдар аралығында Өзбекстанның Науаи облысындағы мектептерде оқытушы, қазақ тiлiнде шығатын аудандық “Кенимех таңы” газетiнде тiлшi қызметтерiн атқардым.

2002 жылы Өзбекстаннан Темiртау қаласына көшiп келге­­нiмде, кенже ұлым – Өтеу­баев Ақиқат Әбдiсәлиұлы, “Туу туралы куәлiгiнiң” түпнұсқасы бо­йынша тiркеуге алынғанымен, кәмiлеттiк жасқа толмауына ба­йланысты “Жеке куәлiк” алуының сәтi түспеген-дi. Бейнет деген аяқ астында ғой, ұлым тап он алтыға жақындағанда балалық қылып, “Туу туралы куәлiгiн” жоғалтып алыпты. Бiрақ көшiр­мелерi тiркеу орындарында да, қолымда да сақталған едi. Дегенмен Темiр­тау қалалық әдiлет департа­ментте­гiлер: “Көшiр­ме­ге негiз­делiп, “жеке куәлiк” беру – заңға қайшы” деп тауып, “Туу куәлiгi­нiң” түпнұсқасын қайтадан жазып жiберудi талап еткен күйде Өзбекстанға сұрау салды.

Соңғы жылдары мамандардың талқысына түсiп, бұқаралық ақпарат құралдарында жиi көрiнiп жүрген басты мәселенiң бiрi – адамдардың дұрыс тамақтанбауы. Жүрiп бара жатып жүрек жалғау үшiн жылдам дайындалатын тамақ түрлерi бүгiнде жетiп-артылады. Алайда сырт көзге аты да заты да жағымды фаст фуд деп айдарлатып айтып жүрген гамбургер, хот-дог, бұқтырылған шұжық, тез әзiрленетiн лапша, сэндвич, пицца және газдалған сусындармен қоректену адам ағзасына өте қауiптi. Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы бүгiнде адамзатты өлiмге әкелiп соқтыратын факторлардың 60 пайызы – сапасы нашар азық-түлiктен дайындалған тағамдар деп тұжырым­дау­да

...Көшi-қон басқармасын оралмандардың квота алғаннан кейiнгi өмiрi қызықтырмайды. Сондай-ақ көшi-қон полициясы құжаттандыру мәселесiн тез арада шеше қоймайды. Мәселен, оралман өзiне тиесiлi ықтиярхатты алу үшiн 3-4 айлап күтуге мәжбүр. Осы мерзiм iшiнде оралман нендей қызмет атқарып жүр? Бала-шағасы аш па, тоқ па? Бұл көшi-қон басқармасын да, көшi-қон полициясын да қызықтырмайды...

Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы iрiктеу кезеңiнiң 6-тур ойындары өттi. Осы ойындардың нәтижесiнде ширек фниалдық ойындарға жолдама алған клубтардың саны арта түстi. “Е” тобы. Лондондық “Челси” өз алаңында испандық “Валенсия” клубын қабылдап, iрi есеппен ұтып, ширек финал ойынына қатысу құқығына қол жеткiзiп қойды Бас бапкер Андре Виллаш-Боашқа артылған үмiт ақталды. Кейбiр жұрт “шау тарта” бас­тады деген Дрогба бұл ойында сұңғылалығын тағы бiр паш еттi. Аяғына доп iлiнсе, қорғаушылардың құтын қашыратын котд-ивуарлық ойыншы “Валенсия” қорғаушыларын әбден састырып, екi гол (3, 76-минуттарда) соқты. 22-минутта Рамирес үшiншi голды тоғытып, Ұнай Эмеридiң жiгiттерiн шаң қаптырды.
ҚАНАТ АЛЕКСАНДРҒА ҚАРСЫ
Бүкiләлемдiк бокс сериясының екiншi маусымын сәтсiз бастап, екi бiрдей кездесуде жеңiлiске ұшыраған “Астана арландары” клубының боксшылары 9 желтоқсанда Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде ресейлiк “Динамо Москов” клубымен жұдырықтасады. Кеше қос клуб боксшыларының салмақ өлшеу рәсiмi өттi. 54 келiде Рахымжон Сұлтановқа Анвар Юнусов қарсы шығады. 61 келiде Мерей Ақшалов Эдуард Хусайновпен жұдырықтасады. 73 келiде Бейжiң олимпиадасының қола жүлдегерi Қанат Сiләм әлем кубогының жүлдегерi Александр Ивановтың арынын байқап көрмек. 85 келiде Данияр Үстембаев Александр Гвоздикпен, аса ауыр (+91 келi) салмақта Руслан Мырсатаев Сергей Кальчугинмен қолғап түйiстiредi.

“Өмiрде небiр қаны тамшылаған шындықтар қайдағы бiр жалған намыстың сойылын соққан рухани көлгiрлiктiң тасасында қалып қояды”, – дептi бiр сөзiнде Халық жазушысы Әбiш Кекiлбаев.