1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (15661) 13 желтоқсан, сейсенбі 2011
“Нұр Отан” партиясы меморандум қабылдады. Назарбаевсыз қалам мен қағаз ұстамайтындар мұндай меморандумды алғаш рет қабылдап отырған жоқ. Меморандум қабылдау әр сайлаудың алдында жасалатын ырымға айналды. Естерiңiзде болса, осыған дейiнгi сайлау науқандарында осы тектес құжаттар қабылданды. Бiрақ олардан өзгерген ештеңе жоқ. Билiк партиясы қабылдаған бұл жолғы меморандумның қысқаша мазмұны төмендегiдей. “ Парламент мәжiлiсi мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялар әдiл, адал сайлау өткiзу үшiн шынайы бәсекелестiктi қалып­тас­тыратынымызды мәлiмдей­мiз. ҚР Конституциясы мен заңдарының талаптарын тұтас сақтап, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытуға ықпал етемiз”.
БҮГIНГI БИЛIК БҰДАН САБАҚ АЛСА ИГI
Алда сайлау. Ол қалай өтедi? Әдiлеттi, таза сайлау боларына сене қалатын адамдар тым аз-ау. Елiмiзге сырттан жаңадан келген қандастарымыз болмаса. Әлi де назарбаевтық жалған насихаттың алдауымен адасқандар осы санаттан табылар. Жалпы, халық сенбесе сайлау өткiзудiң қажетi қанша? Ауылдағы, саясатпен шатағы жоқ шаруагер ағайынның бiр айтқаны бар: “Бәрiн шешетiн президент, ол өзi депутаттардың тiзiмiн жасатып   мен осыларды сайладым деп бекiте салмай ма. Сайладың не, сайламадың не – бәрiбiр. Ол өз дегенiн iстейдi”. Рас сөз. Бiзде сайлау демократиялық жолмен, заңға сәйкес, әдiлеттi өтедi дейтiн билiктiң мың өтiрiгiн мың рет әшкерелейтiн бiр-ақ ауыз сөз. Мiрдiң оғы.
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевты айналасының қалай “Леонид Ильич” жасағысы келiп, жанталасып жүргенiн газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде (“Леонид Ильич ...Назарбаев”, №96, 1 желтоқсан) егжей-тегжейлi жаздық. Әдiлет вице-министрi Д.Құсдәулетов “президент “қол қоймаймын” деп әуре болмай-ақ қойсын, бәрiбiр атақ беремiз” деп желпiнiп едi, президент Назарбаев оның аптығын басты. Ол “Халық қаһарманы” атағын иеленуден бас тартты. “Болашақ мемлекет басшысына жаман үлгi көрсетпейiн” дедi. Президент Н.Назарбаевтың бұл әрекетiн әркiм әртүрлi түсiндi. Бiреулер “баяғысынша ұпай жинамақ” дестi. Ендi бiр топ “елбасы атақ-даңқты елемейдi” деп сүйсiндi. Ал бiздiң түсiнуiмiзше, президент қоғамдық пiкiрмен санасты.
Бұған дейiн Оңтүстiк Қазақстан облысындағы дау-дамай жөнiнде егжей-тегжей жаздық. Мән-жайдың анық-қанығын жiлiктеп, таратып та бердiк (“Жас Алаш”, №96, №97). Десек те жылдан-жылға асқынып бара жатқан өкпе-құрт ауруының алдын алудың, науқастардың жанайқайын лезде ескерiп, мәселенi шешудiң, жауапты мемлекеттiк қызметкерлердiң сыбағасын берудiң, немқұрайдылығы, салғырттығы үшiн қамшылаудың есесiне қазақ үкiметi, Денсаулық сақтау министрлiгi, тiптi облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң жауапсыздық танытып, жайбасарлыққа салып отырғаны өкiнiштi-ақ.  Ашынарлығы, жоғарыда аты аталған мемлекеттiк мекемелер оңтүстiк өңiрдегi дәл осы мәселенiң бүге-шiгесiне дейiн бес саусақтай бiлiп отыр.
Қазақстанның Экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровтың жұбайы Салтанат Аханованың шағымына қатысты сот iсi аяқталды. Алматы қаласы, Медеу аудандық сотында қаралған бұл iсте С.Аханова жалған ақпарат таратты деген айып­пен тәуелсiз журналист “guljan.org” медиасайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиевадан 2 миллиард теңге шығын өндiрудi талап еткен едi. Медиасайтта Салтанат ханымның шетелдiк банктерде миллиондаған қаржысы бар деген мақала жарық көрген-дi. Iле-шала Аханованың Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнде жылжымайтын мүлкi бары жайлы осы сайтта материал шықты.
БIЗ БҰЛ ТАЛАБЫМЫЗДЫ ЕНДI ЖЕЛТОҚСАН АЛАҢЫНА ШЫҒЫП АЙТАМЫЗ
Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаевқа бiр топ желтоқсандықтар ашық хат жаздық. Ол ақпарат құралдарында жарияланды. Бiз мемлекет басшысы маңызы зор оқиғаға – Желтоқсан көте­рi­лi­сiне саяси және құқық­тық тұрғыдан тарихи бағасын бере алады деп сенген едiк. Өкiнiшке қарай, ол сенiмiмiз ақталмады. Бiз президенттен Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығына байланысты мемлекеттiк комиссия құруды сұрадық. Бұл комиссияға жоғары мәртебе беру үшiн мемлекеттiк хатшыны немесе Парламент палаталары спикерлерiнiң бiрiн оның төрағасы етiп тағайындау, комиссия құрамына әртүрлi қоғамдық ұйымдар өкiлдерiн, депутаттарды, қоғам қайраткерлерiн
(Соңы. Басы өткен сандарда)
Менiң баяндамамнан кейiн Комиссия мүшелерi Жоғарғы Кеңес мүшелерiнiң сұрақтарына жауап бердi. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес мүшелерi С.Такежанов, С.Нұрмағамбетов, С.Әбдiлдин, Ю.Клочков, Ю.Ильяшенко, Б.Әйтiмова, А.Жағанова комиссия жұмысы туралы өз ойларын ортаға салды. Комиссия тұжырымдамасында аттары аталған кiнәлiлер Қазақ КСР прокуроры Ғ.Елемесов, Қазақ КСР Жоғары сотының төрағасы Т.Айтмұханбетов, бұрынғы Әдiлет министрi болған Т.Досполов тағы басқалар шығып сөйлеп, өздерiн ақтап алуға күш салды. Жоғарғы Кеңес төралқасының төрағасы Ерiк Асанбаев:
Қобда ауданы Бұлақ елдiмекенiнiң тұрғыны, газетiмiздiң белсендi оқырманы Кенжеғали Есетұлы хабарласты. “Жас Алаштың” 24 қарашадағы санынан кейiнгi нөмiрлерi қолыма тимедi. Хабарласқанымда, поштадағылар “Жас Алаштың” орнына “Заң” газетiн салып жiберiптi. Маған басқаның керегi жоқ, өзiмiз сүйiп оқитын, елдiң мұңын, iшiндегi шерiн шығаратын   “Жас Алаш” қана керек. Газет шықпай қалды дегендi айтып жүр. Бұл рас па?”  Осымен бiрнеше рет болған жағдай. Газеттi ел iшiне таратпаудың кезектi   айласы. Жергiлiктi билiктiң бейшаралық тiрлiгi. Тасадан оқ атуды ғана бiлетiн, билiкқұмар,   жағымпаз, құлдан туған сорлының   тiрлiгi

Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы қарсаңында Павлодарда шығатын “Наша жизнь” атты жергiлiктi газет тағы да бiр шуға себепкер болды. Бұл жолы басылым басқаны қойып, Қазақстан Республикасының мемле­кеттiк әнұранына ауыз салыпты. Бұрын оны кiм байқаған, осы газетте жарияланған “Детишкам про любовь” атты мақаланың авторы Давид Ганелиннiң айтуынша, әнұран мен оны орындап тұрған адамның (әйелдiң) тұрысы жыныстық сезiмдi қоздырады екен. Әсiресе, әскер жа­сына тақап қалған бозбалалардың. Мақала бастан-аяқ мысқыл мен әжуаға толы, оны төменде оқи жатарсыздар.

Қазiргi таңда Қызылорда қаласында тұрғын үй кезегiнде тұрған 900-дiң үстiнде I-II топ мүгедектерi бар. Солардың бiрi – 61 жастағы Естай Жұмашев. Екi жылдан берi облыс орталығындағы қарттар үйiн паналап келе жатқан ол осыдан төрт жыл бұрын тұрғын үй кезегiне тұрған. Бүгiнгi күнi 555-шi кезекте. Бiрақ Естай Жұмаш­ұлы әдiлет­сiз­дiк кесiрiнен кезегi кейiнге кеткенiн айтады. – Мен 2008 жылдың сәуi­рiнен II топ мүгедегiмiн. Миымда кетпейтiн iсiк бар. Осы мүге­дектiгiме байланысты тұрғын үй кезегiне тұрған едiм, бiрақ үйi құрғыр оңайлықпен қол жеткi­зетiн емес. Кезегiм керi кеттi. Тарқатып айтсам... 2007 жылдың 20 маусымында III топ мүгедегi уақытымда “Тұрғын үй қызметi” МКК-ға кезекке тұрып, 641-болып тiркел­генмiн. Келер жылы 2 сәуiрде II топ мүгедектiгiне өттiм.

Жанарыс Қызылордадағы колледждердiң бiрiнде оқиды. Жатақханадан орын табудың сәтi түспеген соң, жолдастарымен бiрiгiп жалдамалы пәтерге орналасты. Бүгiнде 2 бөлмелi үйде 2 ұл, 4 қыз тұрып жатыр. Барлығы – студент. Адам басы айына 10 мың теңгеден төлейдi. Әрине, ақылы бөлiмде оқитын Жанарысқа бұл сома ауырлау тиедi. Оның үстiне киiм-кешегi, жолпұлы, iшiп-жемi бар. Қызылордада Жанарыс секiл­дiлер көп. Жатақханаға қолы жеткендер жеттi, жетпегендер ағайын-туысты жағалайды. Ағайын­нан қайыр болмағандар жалдамалы пәтер iздеуге мәжбүр. Сыр бойындағы iргелi оқу орны Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың күндiзгi бөлiмiнде алты мыңға жуық студент бiлiм алуда. Университет осы алты мыңның тоғыз жүзден астамын ғана жатақхана орнымен қамтамасыз етуде.
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл сөздер жасөспiрiм­дердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Бiрақ дәл осы ұйымдар нақты немен айналысады, қандай бағытты ұстанады? Бұл сұрақтарға жауап табу үшiн субмәдениет сөзiне назар аударған жөн. Алғашқы кезде субмә­дениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмә­дениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жа­сауын­да.
“БАРЫСТЫ” КIМ БАСЫНБАДЫ
Құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынын сырт алаңда өткiзген елордалық “Барыс” Хабаровскiде жергiлiктi “Амурдан” 7:1 есебiмен күйрей жеңiлдi. Дмитрий Тарасов 4-минутта-ақ шайба енгiзiп, “Амур” алға шыққан, артынша Дмитрий Шитиков, Петр Вран бiр-бiрден шайба соғып, күштерi басым екенiн анық байқатты. “Барыс” сапынан Брэндон Боченски 43-минутта қарсыластар қақпасына шайба енгiздi. Оның ынтасы бiздiң хоккейшiлердiң жiгерiн жани қойған жоқ. Таразы басын теңестiру былай тұрсын, қорғаныстағы ойыншылар қарсыластарынан жиi көз жазып қала бердi. Ойын аяқталғанша “Амур” хоккейшiлерi тағы төрт шайба енгiзiп тынды.
Өткен аптаның жұмасында елордалық “Астана арландары” кәсiпқой бокс клубы бүкiләлемдiк бокс сериясындағы (WSB) үшiншi кездесулерiн өткiздi. Астана қаласында ресейлiк “Динамо Мәскеу” бокс клубымен күш сынасқан астаналықтар 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Бұрнағы күнi “Астана арландарының” бас бапкерi Бейбiт Есжанов клубтың құрамындағы легионерлердiң бәрiн сынап көру керек екенiн айтқан едi. Сол үрдiстi ұстанып, 54 келiде ринг­ке өзбек Рафикжон Султоновты шығарған. Султонов “арландардың” арасына кездейсоқ қосылған “сырттан” емес екенiн осы жекпе-жегiнде дәлелдедi. Қара орман орыс үмiт артқан тәжiк (тәжiкстандық Ануар Юнусов “Динамо Мәскеу” клубының намысын қорғады) боксшысын қуып жүрiп сабады.
СТУДЕНТ “АНЫҚТАМАЛЫҒЫ”
Университет – “Өмiр мектебi”
Декан – “Менiң Әуезовiм”
Замдекан – “Оң қол”
Ұстаз – “Ағалардың алақаны”
Дәрiс – “Өлiара”
Сабақтан қайтқанда – “Тойдан қайтқан қазақтар”
Студенттiк шақ – “Дүние-думан”
“Қызға қырық үйден тыйым” деген хал­қымыздың қыз бала тәрбиесiндегi ұстанымы көп жайтты аңғартады. Бұл – бетiн бүркемеген қазақ қызының елiктей еркiндiгiмен қатар ар-абыройына дақ түсiрмей пәк болуын қадағалайтын қатал да адал тәрбие. “Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пiшер”. Ұл – әкесiне, қыз – анасына қарап өседi. Сондықтан ата-ана әдептiлiкте, имандылықта, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгi болуы қажет. Ата-ана перзент бойынан жақсы қасиеттердiң табылуына жауапты. “Ана мен перзент қалып пен қыш сияқты
Жазыл, қазақ! Жазыл, қазақ!
Жазыл, қазақ! Газетiңе!
Бiз өзiмiз жазылмасақ,
Басқаларға қажетi не?!
 
Шанхайда 15-қабаттан   6 жасар бала құлап... жылаған күйi орнынан атып тұрып кете барған. Бұл туралы Қытайдың “Хуаньцю Шибао” газетi хабарлады.  Алты жасар Хэнiң ата-анасы базарға кетедi. Үйде жалғыз қалған Хэ балконға шығады. Әке-шешесiнiң қай жаққа кеткенiн көру үшiн орындықтың үстiне шығып, балконның ернеуiне асылады. Мiне, сол сәтте тепе-теңдiктi сақтай алмаған бала сыртқа құлайды. Баланың құлап келе жатқанын көрген адамдар қорыққандарынан дем ала алмай қалған. ...Хэ жылаған қалпы орнынан қайта тұрғанда, жұрт жағаларын ұстады. Дереу оны ауруханаға апарады, бiрақ баланың өмiрiне қауiп төнетiндей ешқандай жарақат болмай шықты.