1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (15662) 15 желтоқсан, бейсенбі 2011
Желтоқсан көтерiлiсiне 25 жыл. Осы 25 жылда Желтоқсан жайлы жазылған мақалалар мен еңбектер, түсiрiлген фильмдер көп-ақ. Алайда көтерiлiстiң айтылмаған, ашылмаған ақиқаты әлi де аз емес. Желтоқсан қалай басталды, көтерiлiстi кiмдер ұйымдастырды, оның артында кiмдер тұр? Кезi жеткенде тарихи шындықтың бетi ашылатыны анық. Бiз Желтоқсан көтерiлiсi бастау алған Театр және көркемсурет институтының сол кездегi студенттерiн, көтерiлiстiң ұйымдастырушыларын әңгiмеге тартып, оқиға хронологиясын қайта жаңғыртып көрдiк. Сол кезде ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген Үсiпхан Сейтiмбет бүгiнде М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерi, Құрманғазы Айтмырза мен Бақтыбек Иманғожа - жеке кәсiпкерлер.
Ақын Зайда Елғондина желтоқсан көтерiлiсiнiң батыры Ләззат Асанованы анасының жоқтауы ретiнде жазылған “Боздақтар” атты жырында осылай жырлаған. Бейбiт күнде бұғанасы бекiмесе де, тәуелсiздiк үшiн құрбан болған қыздарымыз қаншама? Бүгiнгi Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы қарсаңында оларды еске алмау бүгiнгi ұрпаққа сын. Жап-жас өндiрдей жастардың ел ертеңi, елiмiздiң егемендiгi үшiн еткен ерлiктерi     талай жүректi қозғары хақ. Қазақ қыздарының сонау көне дәуiрден бергi келе жатқан қанына сiңген ержүректiк қасиетi 1986 жылдың желтоқсан көтерiлiсiндегi жастарға да қайрат берiп, рухын жанығаны есiмiзде. Қазыбек бабамыз айтқандай, “...қазақ ұлты – өздiгiнен ешкiмге соқтықпайтын, бiрақ басынан сөз асырмайтын, ешкiмдi басындырмайтын ержүрек батыр халық” екендiгiн осы Желтоқсан көтерiлiсi арқылы тағы да айдай әлемге әйгiледi.
Әмiржан ҚОСАНОВ, «Азат» ЖСДП-ның хатшысы
Бүгiнгi билiктi онша ұнатпаймын. Бiрақ Отанымды бiр адамдай сүйемiн. Және бiр қазақтай той-томалақты да жақсы көремiн. Десек те, келе жатқан Тәуелсiздiктiң 20 жылдық мерейтойына менiң көзқарасым, шынын айтайын, екiұшты­лау.
Бiр жағынан, қып-қызыл ком­му­нистiк идеологиядан құтылып, Мәскеудiң теперiшiнен арылғанымыз – қуанарлық жайт. Соның құрметiне бiр той жасап жiберсе де артық болмас. Алайда екiншi жағы тағы бар. Неге сонша келте қайырамыз? Сонда 1991 жылға дейiнгi атам қазақ не бiтiрген?! Тым тереңге бармай-ақ қояйын, Қазақ хандығы, Алаш Орда, Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасын тарих тақтасынан тықсырып тастаймыз ба?
Досым Сәтбаев, саясаттанушы, “Тәуекелдердi бағалау тобының” жетекшiсi
Тарихи өлшеммен қарағанда, Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы онша үлкен мерзiм емес. Бiрақ осының өзiнен белгiлi бiр қорытынды жасап қана қоймай, болашағымызды анықтайтын трендтердi белгiлеуге болады. Алдымен жағымды нәрседен бастасақ. Бiрiншiден, бiзде формальдi түрде егемендiктiң барлық атрибуттары бар. Ол – Конс­титуция, саяси және құқық­тық жүйе, жеке әскер, нақты шекарасы айқындалған территория, ұлттық валюта, сыртқы саяси доктрина, БҰҰ-ға мүшелiк т.б. Екiншiден, кейбiр пост­кеңес­тiк республикалармен салыстырғанда, азаматтық және өзге де соғыстарды бастан өткергенiмiз жоқ. Соғыс оты қашанда елдiң дамуына тұсау салып, қоғамды алатайдай бүлдiрiп, жiк-жiкке бөлетiнi түсiнiктi. Үшiн­шiден, осы жылдар iшiнде Қазақстан өзiне белгiлi бiр қор жинай алды
Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы, “Эксклюзив” журналының бас редакторы
Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын атап өткенде ең алдымен осы кезең қандай жетiс­тiктермен ерекшеленгенiн ұғыну әбден қисынды. Қол жеткiзген игi дүниелер аз бол­ған жоқ. Ең алдымен егемен елiмiз халықаралық қоғамдастықтың дербес мүшесiне айналды, тұрақтылығын қамтамасыз еттi, ұлтаралық татулықты сақтап қалды. Бұған билiктiң саясаты ғана емес, қазақ халқының бойына бiткен даналық, ұстамдылық пен қонақжайлық зор алғышарт болды. Әлеу­меттiк iстер, экономика салаларындағы ахуал да әжептәуiр, әсiресе, көршiлес республикалармен салыстыр­ғанда. Десе де, осал тұстарымызға, iске аспай қалған арман-мұраттарымызға көңiл бөлгенiмiз де жөн.
Талғат Мамырайымов, Қазақстанның гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының вице-президентi
Тарихи өлшемге салсақ, жас мемлекет үшiн жиырма жыл деген көп уақыт емес. Дегенмен де, Қазақстанның жиырма жылдағы даму жолына қарап отырып, мемлекеттiң болашағына болжам жасауға болады. Ендеше, Тәуелсiз мемлекетiмiздiң даму жолын ой елегiнен өткiзiп көрейiк. 16 желтоқсанның iргесiне жақындағанда бiздiң билiк жиырма жылда орасан жетiстiктерге жетке­нiмiзге қоғамды сендiруге тырысып бағады. Белгiлi бiр жетiс­тiк­терге жеткенiмiз рас. Бiрiн­шiден, экономикамыз тұрақты дамып келедi, мұны әлемдiк қауымдастық мойындаған. Екiн­шi­ден, бiздiң елiмiзде мемле­кеттi басқарудың тиiмдi институттары қалыптасты. Үшiншiден, ұлтаралық саясатта бiршама нәрседен ұттық.
кәнiгi саясаткердiң пiкiрi осындай
Сейсенбi күнi ұлттық баспасөз клубында журналистермен кездесу өткiзген мемлекет және қоғам қайраткерi Серiкболсын Әбдiлдин өзiнiң қазақ және орыс тiлдерiнде жарыққа шыққан “Қазақ елiнiң ең биiк күнi” атты жаңа кiтабын таныстырумен қатар соңғы кездерi елi­мiзде орын алып жатқан жағдайларға байланысты өз ойымен бөлiстi. Ол алғаш­қы сөзiн “Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы – ұрлық пен өтiрiктiң, жалғандықтың, көзбояушылықтың заманы болды”, - деп бастай келе, елiмiз тәуелсiздiк алғалы бiрде-бiр қадам алға жылжымағанын, керiсiнше, саяси және экономикалық құлдырағанын, Кеңес заманындағы Қазақстанның бүгiнгi Қазақстаннан әлдеқайда жақсы болғанын нақты, дәйектi дәлелдерiмен түсiндiрiп өттi.
АҚ ЖАЙЫҚ
Айдыны бейне алтын нұр,
Аққуы қонған ғажайып.
Ақкөңiл менiң халқымның
Арманы болған Ақ Жайық!
Ағарды көздер жылаумен,
Аққан қан қанша, төккен тер!
Ақырып теңдiк сұраумен
Аһ ұрып ақын өткен жер!
Қанипа Бұғыбаеваның жеке мұрағатынан “Желтоқсан” атты поэма табылды. Бұл поэма бұрын еш жерде жарияланбаған. Бiз бүгiн осы поэмадан үзiндi бергендi жөн көрдiк.
Түн... түн. Қоршап алған түн бiздi,
Елер емес “елес” қуған ұл-қызды.
Ажал-қасқыр көздерiнен басқа бiз-
Көк-аспаннан көре алмадық жұлдызды...
Тоқтау айтып тоқыраған заманға,
Төсiн тiреп төстен берiк қамалға
Аузы күйiп,
Асын үрiп iшпеген –
Аңқау, аппақ жастар шықты алаңға.
Баспана жоқ есiк ашар ентелеп,
Жетiм бұрыш шықты оларды желкелеп.
Мао-Цзе-Дун, Сталин, Хо-Ши-Мин,Тiптi Бен Ладен де өлең жазған.Газеттен
Өлең жазса патшалар,
Бәлкiм, мұны бақ санар,.
Олар ақын болғаннан
Тұрмыс бар ма жақсарар?!
Тырнақшаны жақша қып,
Ақындарды патша қып.
Қазақ елiнiң азаттығы жолында шейiт кеткен есiл ер Қайрат Рысқұлбековтiң рухына
Желтоқсан айы қаралы,
Қанды жас көзден ағады,
Қазақтың арын арлауға,
Қазақтың жерiн қорғауға,
Жарқылдап отты жанары,
Жалынды ұрпақ саналы
18 желтоқсан күнi Өмiрбек Жолдасбеков атындағы сту­дент­тер сарайында сағат (18.00-де бас­талады) әншi, сазгер Роза Әл­қо­жаның шығармашылық кешi өтедi. Қалың оқырманға “Мен сыйға тартқан орамал” әнiмен сый жасаған сазгер тыңдармандарының ыстық ықыласын жиi алады. “Жуырда елiмiздiң бiрнеше аймағын аралап, шалғай аудандарда концерт бердiм. Соның қорытындысы iспеттес бұл кеште 30-ға тарта ән шырқалады. Бұдан бұрын оңтүстiк астанадағы алғашқы кешiм Жазушылар одағының әдебиетшiлер үйiнде өтiп едi. Шағын залға сыймағандар сыртта жүрдi. Сондықтан әнге сусаған елдiң көңiлiн Студенттер сарайында көтермекпiн”, – дейдi әншi.
Элеонора Әбутәлiпова, жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионы:
Көпшiлiкке есiмi етене таныла қоймаған алматылық балуан қыз Элеонора Әбутәлiпованы жұрт 2008 жылдың жазында бiлдi. Ол 48 келi салмақта жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионы атанды. Қазақ спортының жылнамасында әйелдер күресiнде бұрын-соңды әлем чемпионы болған балуан жоқ. Ендеше, Әбутәлiпова – қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Жақында балуанмен сұхбаттасудың сәтi түстi. Қалада туып, тас жолда өскен қыздың туған тiлiнде тұнық сөйлегенiн көрiп iшiмiз жылып қалды. “Үйдегi тәрбиеден ғой бәрi” дейдi балуан қыз жұмсақ жымиып.
ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ – 500 МЫҢ ДОЛЛАР
Қызылорда облысының әкiмi Болатбек Қуандықов облыс спортшыларына қолдау көрсетуде өзге өңiр басшыларына үлгi боларлық шараны жиi өткiзiп келедi. Күнi кеше облыс    мәслихаты депутаттарының алдында Бейжiң олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатында үш рет жеңiске жеткен ауыр атлет Илья Ильинге ай сайын 15 мың, қазақ күресiнен “Қазақстан барысы” атанған түйе баулан Ұлан Рысқұлға 2 мың АҚШ доллары көлемiнде стипендия тағайындағаны да жұрт есiнде.  Қызылорда облыстық спорт басқармасы баспасөз қызметi тағы бiр жағымды жаңалық таратты. Алты айдан кейiн басталатын Лондон олимпиадасында чемпион атанған қызыл­ордалық спортшыларға 500 мың (!) АҚШ доллары көлемiнде сыйақы берiлетiнiн айтты. Шәкiртi чемпион болған бапкердiң де ұртынан ақ май ақпақ. Оған да жарты миллион доллар табысталатын болды.
САЛМАҒЫ 6 КЕЛIЛIК СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДI
40 жастағы келiншек операциясыз (кесаревосечение) өзi босанды. “Онда тұрған не бар? 45-46 жастағылар да өздерi босанады...” дерсiз. Солайы солай-ау... Бiрақ ол келiн­шек­тiң салмағы 240 келi екен. Және онда екiқабат әйелдерде кездесетiн диабет ауруы өршiп кеткен. Сондықтан да дәрiгерлер жүктi келiншектi операция жасатуға көндiр­мекшi болған. Өжет әйел бұған қарсы шықты. Онысымен қоймай, толғақ басталған кезде де өзiнiң күнделiктi әдетiн (келiншек күнiне бiр келiдей тәттi жейдi) тастамаған. Яғни, шоколадты бiрiнен соң бiрiн жей берген. Сөйтiп, Германияда бiрiншi рет iрi салмақтағы - 6 келiлiк сәби операциясыз дүниеге келдi. Бұл дәрiгерлер үшiн үлкен сынақ едi.