1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (15663) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2011
Бiрқатар саяси партиялар және шетелдiк ұйымдар қазақ билiгiнен Жаңаөзендегi оқиғаның анық-қанығын егжей-тегжейлi әрi әдiл тергеудi талап еттi. Олардың арасында Human Rights watch, ЕҚЫҰ мен БҰҰ бар. АҚШ бұл оқиғаға қатысты өз алаңдаушылығын бiлдiрiп, қаладағы байланысты қалпына келтiрудi талап еттi. Жетi айдан берi мұнайшылар мәселесiне мән бермеген үкiметтiң етек-жеңiн ендi жинап, үкiметтiк комиссия құрды. Оған вице-пермьер Ө.Шүкеев жетекшiлiк етедi. Премьер-министр­ге есеп берген Ө.Шүкеев жұмыстан шығарылған мұнайшыларды жұмысқа орналастыру жоспарын жасағанын жеткiздi. Шүкеевтiң айтуынша, жұмыстан шығып қалғандар тау-кен және мұнай-газ саласындағы жұмыстарға орналастырылмақ. Олардың жалақысы бұрын алып жүрген айлығының 80-90 пайызына жететiн көрiнедi. 
Кеше Алматы қаласындағы Ұлттық баспасөз орталығында қоғам қайраткерлерi мен саясаткерлер Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы, Шетпе ауылындағы қанды оқиғаға қатысты өз пiкiрлерiн ашық айтып, дәл осы қырғынды зерттеу жөнiнде Тәуелсiз қоғамдық комиссия құрылғанын мәлiмдедi. “Болған жағдайды мемлекеттiк БАҚ-та тек қана ресми болжамның төңiрегiнде баяндап, көрсетуi жаныңды ауыртады, алаңдаушылықты күшейтедi. Билiктiң қасiрет кезiнде, дәл бүгiнгi күндерi ақпараттардың бiржақты және даурықпа сипат алуы, ақылға қонымсыз мерекелiк ахуалды орнықтыруы нағыз iрiткi саларлық қатер екендiгiн қаперiне алатын мезгiлi жеттi! Болған жағдайды тек қана адалдық, тек қана ақиқат, тек қана бұра тартпас және жария зерттеу әлгiндей жағымсыз оқиғаның болашақта қайталануына жол бермейтiнiне сенiмдiмiз!” делiнген мәлiмдемеде.
Мен өз өмiрiмдi Жаңаөзеннен тыс қоя алмаймын. Өйткенi менiң Маңғыстаудағы еңбек жолым Өзен геологиялық экспедициясында қарапайым жұмысшыдан бастал­ған. Сондықтан оның тағдыры – менiң де тағдырым... Жаңаөзендегi қанды оқи­ға менiң жан-жүрегiмдi астаң-кестең еттi. Ең сұм­дығы, өтiрiк, жалған, сұм­­­па­йы сөздер айтыла бас­тады. Билiк басындағылар, қан­ша ауыр болса да, шындықты айту орнына, Кеңес одағы кезiнен қалған әуенге басты. Олай дейтiнiм, 1986 жылғы Желтоқсан көте­рiлiсiн де, 1989 жылғы Жаңа­өзен оқиғасында билiк басындағылар бұзақылардың iсi деп бағалаған болатын. Сол сөздi бүгiнгi билiк басындағылар беттерi шылп етпестен қайталап отыр
Бұл мақаланы жазу мен үшiн оңайға соғып отырған жоқ. Маңғыстау мұнайшыларының ұзаққа созылған текетiресi оңды шешiлмесе, арты қанды қақтығысқа әкелуi мүмкiн деп талай рет ескерттiк. Халқым аман болса екен деп Аллаға сиындық. Ақордаға әлденеше рет хаттар жолдадық. Екi жақты татуластырып, бiтiмге келуге шақырдық, мұнай басшыларынан тағы да өтiнiп сұрадық. Әттең, меңiреу билiк халықтың тiлегiне құлақ аспады. Арты мiне, қантөгiске ұласты. Мен өткен мақалаларымның бiрiнде Жаңаөзендегi жағдайларды сараптай келе, әдiлетсiз­дiк жаппай орын алған жерде адамдардың наразылығы туады. Наразылық шешiлмесе, текетiреске апарады. Текетiрестiң соңы халықтың толқуына ұласады. Толқудың түйiнiн дер кезiнде тарқатпаса, арты төбелеске апарып тiреледi. Төбелес болған жерде қан төгiледi, төбелестi қарумен тарқата алмайсың. Бұл менiң ойымнан шығарып отырған сөз емес, өткен ата-бабаларымыздан қалған өсиетi.
Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығы Жа­ңаөзендегi қантөгiспен тұспа-тұс келдi. Алматыда желтоқсанның 17-сi күнi желтоқсаншылардың рухына тағзым етуге жиналған саясаткерлер Жаңаөзен оқиғасын сөз етiп, президент Н.Назарбаевты айыптады. Желтоқсан көтерiлiсiн ұлықтау шарасы 17-сi күнi таң­ертең басталды. Осыдан 25 жыл бұрын жастарды алаңға бастап шыққан Театр және көркемсурет институтының бiр топ түлегi өздерi тұрған жатақхананың алдына жиналып, Желтоқсан қалай басталғанын еске алды. 1986 жылы Театр және көркемсурет институтының студент­терiн алаңға бастап шыққан Құрманғазы Айтмырза,
18 желтоқсан күнi Алматы қаласында оқитын Маңғыстау облысының студенттерi Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшiлер үйiне жиналды. Нелiктен? Мұның сырын ақын Есенғали Раушанов түсiндiрiп өттi: – Жазушы Смағұл Елубай екеумiздiң Астанадан Алматыға оралған бетiмiз де сол болатын, үй телефонымыз да, қалта телефонымыз да тыным таппай безектеумен болды. Телефон соғып жатқандар – Алматыда оқитын Маңғыстау облысының студенттерi. Бәрiнiң айтатыны – Жаңаөзен. Жаңаөзен мәселесi. Содан студенттер бiр бәлеге ұрынып қала ма деп қауiптенiп, оларды Жазушылар одағына шақырдық. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалиндi, өзге де жазушыларды, Алматы қаласы әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат депар­таментiнiң жетекшiсi Кенжехан Матыжановты, тағы да әкiм­шiлiктiң бiрсыпыра қызметкер­лерiн осында шақырдық.
Мен – павлодарлықпын. Әдетте бiздiң жақтың кiсiле­рiн орыстанған деп кiнәлап жатады. Мен оған келiспей­мiн. Мен нағыз қазақпын! Әкем Зәйкенге тартқан қызбын. Ол кiсi қазағым десе, қаны қызатындардың санатынан болатын. Сол себептi де, ел ұл-қыздарын жаппай орыс мектебiне берiп жатқан кезде, бiздiң бәрiмiздi қазақ класына жетелеп апарды. Әлi есiмде, ауылымыздағы мек­теп­тi орысшаға айналдырамыз деген кезде, әкем Алматыға, Республика басшысы Қонаевтың қабылдауына дейiн барып, алып қалған едi. 1975 жылы Семейдегi Геологиялық барлау техникумына оқуға түстiм. Бұл менiң бесiншi сыныптан бергi асыл арманым болатын. Оны бiтiргеннен кейiн Павлодар гидрогеологиялық экспедициясында, ВостокГИИЗ жобалау-зерттеу институында, Иртышполиметалл комбинатының Ертiс шахтасында жұмыс iстедiм
Қобда ауданы Бұлақ елдi­меке­нiне таяу Көкмешiт деген қорымда    Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың анасы Маржан жерленген орын табылды. Бұл жағдайды ақ­төбелiк әлиятанушы Ғалымжан Байдербес ақсақал анықтап, сол кез оқиғасының куәгер­лерiн тауып, осындай шешiмге келдi. Әлия батырдың анасы 1932 жылдың күзiнде Ақтөбе қаласына таяу Қурайлы елдi­ме­кенiнiң жанындағы   картоп егiстiгiнiң қалдықтарын теруге келгенiнде, бақша күзетшiсiнiң атқан оғынан оққа ұшқан. Бұл кезде Әлия – 7-де, туған iнiсi Бағдат – 2-3 жаста. Әкесi Нұрмұханбет Сарқұлов 1928 жылдан бастап,   НКВД байдың тұқымы деп қуғындаған соң отбасыма кесiрiм тиедi деп елiнен қашып жүрген. Әлия анасының iнiсi Әубәкiр Молдағұловтың тәрбиесiне бар­ғанға, одан әрi Ленинградтағы жетiмдер үйiнде тәрбиеленгенге дейiн басынан осындай жағдайды өткiзген. Өкiнiшке қарай, Қобда бойының Бұлағында бұлаңдап өсу тағдыры жазылмаған бала Әлияның кеңестiк қалыппен сүзгiлен­ген өмiр­баянында оның Ленинградқа келгенге дейiнгi қиыншылыққа толы тағдыры жазылмады.
Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай Астанада өткен аламан айтысты көпшiлiк көпке дейiн айта-айта жүретiн болар. Ұлттық айтыс өнерiнiң шежiресi үшiн де, кө­мейiнен жыр саулаған төкпе ақындар үшiн осынау шабытты күн­дер­дiң орны бөлек болды. Елордадағы Конгрес-холда өткен республикалық айтысқа өзiмiздiң арқалы ақындармен бiрге ар жағы Қытайдан, бер жағы Моңғолия, көршi Қырғыз елi мен Өзбекстанды қосқанда 41 ақын қатысты. Бұл айтыста Қытай Халық Республикасынан келген қандасымыз, белгiлi айтыс ақыны Жәмиға Дәулетқызы бас жүлденi қанжығасына байлап, 3 миллион теңге көлемiн­дегi арнайы сый­ақыға ие болды. Үш күн бойы Елорданы думанға бөлеген айтысқа “Самұрық-Қазына” Ұлттық әл-ауқат қоры демеушiлiк жасап, қомақты жүлде қорын тағайындады. Осы уақытқа дейiн “Самұрық-Қазына” қоры ел экономикасына қарайласып келсе, ендiгi жерде қордың әлеу­меттiк-жауапкершi­лiктi ұйым ретiнде
Көкемнiң кебiсiн киiп жүрiп, қыздармен танысатынымды қайтерсiз?! Бұтымдағы джинси iнiмдiкi. Ол досынан сұрап алған екен. Досы көршiсiнен алыпты. Статистика агенттiгi Қазақстандағы жұмысшылардың орташа айлығы тоқсан мыңның төңiрегiнде деп далбасалай бередi екен. Менiң айлығым он сегiз мың, ал жасым жиырма беске де жетпейдi...
“Жетпейдi” деп желкемдi қасып жүре беремiн бе, бiр қызбен танысып, аш кенедей жабысып, екеумiз “Iшiңдер, жеңдер, кетiңдер!” деп аталатын кафенiң алдында кезде­сетiн болдық. Қыздың таңдауы сол жер болды, әйтеуiр. Маған салса, моланың қасында кездессек те ризамын, өйткенi қалтамда тентек тиын да жоқ... 
“ӘКЕҢ ӨЛСЕ ДЕ ӘКЕҢНIҢ КӨЗIН КӨРГЕН ӨЛМЕСIН”  ДЕГЕН СӨЗ ДӘЛ АЙТЫЛҒАН ЕКЕН.
Өмiртай!
Аманбысың. Бет, көзiңнен айналайын сол. Ел-жұрт, ағайын-туған, дос-жаран, қары мен бөрi тегiс тү­гел деп сенуге де, нануға да мiн­деттiмiн.
Көкiрек басқа шығар – көз бен көңiл бiр.
“Адасқан күшiк секiлдi,
Ұлып жұртқа қайтқан ой” — деген расқа, растың анығына жүрер болса, Қисыққұйрықтарды, Қаражандарды, Сарытөбел, Сарықас­қаларды баба-аталарың қаласа әлi мiнесiң.
Былтыр, қаңтар алды қара күзде барғанда жолыға алмадым, демалыста жүр дедi. Шымкентте дедi. О тұстан да iздестiрдiк... таппадым.

16 желтоқсан күнi Үндiс­танның Мумбай қаласында бүкiләлемдiк бокс сериясындағы кезектi жекпе-жегiн өткiз­ген “Астана арландарының” боксшылары уәдеде тұрды. Сапар алдында клубтың бас директоры Болат Манкенов “Тәуел­­сiздiктiң 20 жылдығына тарту ретiнде жеңiске жетемiз” деген едi. Бұл клубтан ұтылса, “арландардың” азу тiсi әлi де қатаймағаны бiлiнiп қалар ма едi? Өйткенi “Мумбай Файтерс” – бүкiләлемдiк бокс сериясына биыл ғана қосылған ұжым. Ал­ғашқы қадамды апыл-тапыл басып келе жатқан үндiстан­дықтар апта бұрын Мумбай қаласында АҚШ-тың “Лос-Анжелес Матадорс” клубын 5:0 есебiмен ойсырата ұтқан едi. Артынша бұл жеңiстiң ыстығы итальяндық клубтан 3:2 нәти­жесiмен (бұл кездесу де Мумбайда өттi) жеңiлгенде басылып қалған.

Елiмiздiң бокс федерациясының кубогы биылғы жылы арқа боксшыларына бұйырды. Қарағандылықтар финалдық сайыста мұнайлы өлкенiң ұлдарын ұтып, федерацияның кубогiн иелендi. Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiндегi финалдық кездесу алдында қос өңiрдiң боксын басқарып отырған басшылар баспасөз мәслихатын өткiзiп, әркiм өз аймақтарында осы спорт түрiнiң қаншалықты қарқын алып келе жатқанын баяндады. Маңғыстау облысының боксын сөз еткенде, қазақ топырағына боксты әкелген Шоқыр Бөлтекұлының есiмi алдымен аталады. Шоқыр ақсақалдың шоғыры бүгiнде батыс өңiрде қалың. Соңғы жылдары да Маңғыстау облысының боксшылары жартылай ауыр салмақта тәуiр нәтижеге қол жеткiздi. 2005 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында Ердос Жаңабергенов 81 келiде топ жарды.
ҮШ ОЙЫННАН БIР ҰПАЙ
Венгрияның Дьендьеш қаласында футзалдан өтiп жатқан әлем чемпионатының iрiктеу кезеңiнде елiмiздiң ұлттық құрамасы үш кездесу өткiзiп, екеуiнде жеңiлiп, соңғысында тең ойынға қанағат бiлдiрдi. Әлем чемпионатының iрiктеу кезеңiндегi алғашқы ойында бiздiң футболшылар венгр құрамасына қарсы ойнап, 1:5 есебiмен ойсырай ұтылған болатын. Екiншi турда ресейлiктерге 4:0 нәтижесiмен жол бердi. Соңғы ойында Латвия ойыншыларымен тең тарқасты. Бұл ойында алғаш болып есептi Сень ашқан едi. 23-минутта Таку таразы басын теңестiрiп кеттi. 35-минутта Довгань екiншi голды енгiзiп, латыштар алға шыққан. 37-минутта Сень тағы да көзге түсiп, әрiптестерiн кезектi жеңiлiстен алып қалды. Елiмiздiң футзал ойыншылары әлем чемпионатының iрiктеу кезеңiндегi үш ойыннан 1 ұпай еншiлеп қайтты.