1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (15664) 23 желтоқсан, жұма 2011
Қазақстан Республикасының президентi Н.Ә.Назарбаев мырзаға
АШЫҚ ХАТ
Президент мырза!
Жаңаөзендегi және Шет­пе­дегi қанды қырғын бiздiң жүрегiмiздi ауыртты. Ресми деректе көрсетiл­ген 15 адамның қаза табуы және 87 адамның жарақат алуы болған оқиғаның үлкен қасiрет екенiн көр­сетедi. Бұл – халық тартқан қасiрет. Үкiметтiң, оның атқарушы құрылымдарының тартқызған тотанағы. Бар кiнәнi “бұзақыларға” аударып тастап, билiктiң өзiн пе­рiште санаған кердеңдiгi – кешiрiлмес күнә. Шынтуайтына келгенде, қайғылы оқиғаның туындауына Сiз басқарған мемлекеттiк жүйенiң ұстанған саясаты мен әрекетi себепкер болды. Тәуелсiздiктiң дәл 2О жыл­дығы күнi, Сiз Астанада сән-салтанаты мол думан шерулердi асқақтатып жатқан сәтте, Жаңаөзенде “бұза­қы” саналған халқыңызға қар­сы қарулардан оқ жаудырылды
YouTube сайтында Жаңаөзендегi қанды оқиғаға байланысты тағы бiр бейнежазба жарияланды. Әлгiнi көрген адамның төбеқұйқасы шымырлайды. Бейнежазбаны ғаламторға кiмнiң салғаны белгiсiз, бiрақ бетiне мынадай сөз жазып қойыпты: “Өз елiңе сатқындық жасаудың, арандату мен бассыздық ұйымдастырудың ақыры осындай болмақ. Бәлкiм, полиция асыра сiлтеп жiберген де шығар, бiрақ Қазақстанға қарсы әрекеттi ұйымдастырғандар жазасыз қалмайтынын бiлуге тиiс”. Бұл сөздердi кiмнiң жазғанын, қандай мақсатпен жазғанын iшiңiз сезiп отырған болар, құрметтi оқырман. Бас көтерместей етiп басып-жаншу үшiн, қорқытып-үркiту үшiн жазылған сөз. Ақталған түрi. Ендi бейнежазбаға келейiк. Жазбаны көп қабатты үйдiң үшiн­шi-төртiншi қабатынан түсiрген.
Аса қадiрлi «Жас Алаш» газетiнiң алқасы, Сiздер де, атаның белiнен шығып, ананың құрсағына түсiп, дүниеге қазақ болып келiп, ақ сүт емiп, Алладан иман тiлеп жүрген жандарсыздар ғой! Мен сiздердiң оқырмандарыңыз ретiнде өздерiңiздi көрмесем де, сөздерiңiзге қарап, Арларыңызға, Алашқа деген адал ниеттерiңiзге сенемiн! Сондықтан жүрегiмдi қанжылатқан осы Жаңаөзендегi қанды оқиға жайлы адал сырымды ақтарып отырмын. Қате пiкiрлерiм де болар. Дегенмен, мақала тез арада жарық көрсе, қайғылы жандардың да жүрегiне аз да болса тыныштық орнап, өлгендердiң де өз ағаттықтарына туған елiнiң кешiрiммен қарауға талпынып жатқанына рухы ризашылық табар. «Өлi жебемей – тiрi байымайды» дейдi ғой! Ең болмаса, ендiгi жерде, ұлтының тағдыр-талайына тiлекшi болып жатар. (Бұл мақаламды тиiстi жерлерге тапсырдым. Алайда, «Жас Алаш» оқырманмен орайлас едi ғой деп өздерiңiзге көбiрек үмiт артатыным рас).

Жаңаөзен мен Шетпедегi алабөтен оқиғаны зерттеу жөнiндегi тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi – Болат Әбiлев, Әмiржан Қосанов, Владимир Козлов, Гүлжан Ерғалиева, Рысбек Сәрсенбайұлы, Мұхтар Тайжан және бiр топ журналист 21 желтоқсан күнi Маңғыстау облысына барды. Ақтаудағы Ынтымақ алаңы маңына жиналған көпшiлiкпен кездестi. Оларға қоғамдық комиссияның мақсаты туралы айтып, қанды жұма мен қанды сенбiге айнал­ған Жаңаөзен – Шетпе оқиғаларына қатысты өз ой-пiкiрлерiн бiлдiрдi. Күштiк құрылымдардың қарулы жасағы жаңа жылдық шырша орнатылған алаңға халықты жолатпай, қатаң күзетке алыпты. Сондықтан қанқұйлы оқиғаға ренiштi, наразы адамдар алаңға жақын көшелерге топтасып, жиналған. “Бейбiт адамдарға қарсы оқ атуға

Жаңаөзен, Шетпе оқиғасының анық-қанығын анықтау үшiн құрылған Тәуелсiз қоғамдық комиссия Маңғыстауға барып қайтты. Бiз кеше Алматыға оралған комиссия мүшелерiн әңгiмеге тартып, комиссияның алдағы әрекетi мен жоспары жайлы сұрадық.
– Бiрiншiден, билiк неге жай қарапайым адамға оқ атты? Сондай бұй­рық, тапсырма берген кiм? Ақтау­дағы Ынтымақ алаңына жиналған халық осы мәселенi көтерiп жатыр. Мұнайшылар: “Жетi ай бойы далада жұмыссыз қаңғып жүрмiз, бiрақ ендi бiз үшiн басты мәселе жұмыс емес, қазақ қазаққа неге оқ атты? Шындықты бiлгi­мiз келедi” деп ашынып тұр. Мұнайшылар жетi ай бойы ешкiм­мен араздаспай, алаңда тұрды. Жалақы мәселесiн ғана көтердi. Олай болса, оқиға нелiктен болды? Оны iстеген, халыққа оқ атқан кiм? Бұл белгiсiз. Осы мәселенiң түбiне жету үшiн комиссия құрдық. Комиссия бәрiбiр шындыққа жетедi. Бүгiн болмаса, ертең жетедi. Билiк кедергi келтiрсе де, комиссия өз жұмысын тоқтатпайды.
Он алтыншы желтоқсан -
Он алтыншы жыл емес!
Бiр ғасырға басса да,
Бiтпей қойды-ау бұл егес!
 
Он алтыншы желтоқсан!
Күн бе осы күйелеш!?
Күңiренген санамда
Бiр он алты бұл емес....
ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАРИЯЛАҒАН ҚАЗА БОЛҒАНДАРДЫҢ ТIЗIМI:
1. Құбайдуллаев Байбек, 21.07.1989
2. Аязов Шадияр Елжанұлы, 21.01.1978
3. Оңғаров Серiк Алпысбайұлы, 12.11.1959
4. Юсупов Радик Расулұлы, 1987
5. Тұрғанбаев Аманбек Төреханұлы, 07.05.1984
6. Көшеров Жаңаберген Жаймуханұлы, 16.11.1979
ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдени өмiрiне   өз жолымен келiп қосылған кезде жазықсыз жаланың құрбаны болған, Ақтөбе топырағында қалыптас­қан күйшiлiк мектептiң iрi өкiлi – Қамбар Медетов. Биыл оның туғанына 110 жыл толды. Ақтөбе облысы қазiргi Мәртөк ауданының жерiнде Ерғожа төренiң шаңырағында дүниеге келген. Елiмiздiң батыс өңiрiндегi әншiлiк мектептiң бiр бұтағын Мұхит Мералыұлы қалыптастырса, заман өзгерiсiмен жинақтала түскен кәсiби күйшiлiк мектептiң бастауында Қамбар Медетов (1901 – 1937) тұр.Ол қазақтың тұңғыш ұлт-аспаптар оркестрi құрыл­ғанда Ахмет Жұбановпен бiрге жер-жерден талантты күйшiлер мен домбырашыларды топтастыра бiлген. Қазақ даласының батысында кең таралған күйлердi Затаевич жинақтағанда бар көмегiн аямаған.
Елордамыз Астанада ақын, қоғам және мемлекет қайраткерi Олжас Сүлейменовтiң афоризмдерi мен қанатты сөздерiне арналған кiтаптың тұсау­кесерi өттi. “Но людям я не лгал...” деп аталатын кiтапты шығаруға Альянс Банкiнiң мұрындық болғанын айрықша атап өткен жөн. Банктiң Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев атап өткендей, жинақ Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналды. “Бәйтерек” баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатына арнайы келген ақынның көңiл күйi көтерiңкi болды. Журналистердiң кейбiр сұрақтарына әзiлмен жауап берген кiтап авторы оқырман қа­уым­мен ой бөлiсiп, алдағы жоспарлары жөнiнде әңгiмеледi. Бастап­қыда небәрi 200 данамен оқырман­ға жол тартқан кiтап алдағы жылдары бiрнеше мың данамен шығатынын Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев тiлге тиек еттi.
IРIЛIК
Iрiлiк, iрi мiнездiлiк деге­нiмiз не? Iрiлiк дегенiмiз – шынтуайтқа келгенде қорлыққа көнбеу, зорлыққа төзбеу ғой.Әрине, iрiлiктi, iрi мiнез­дiлiктi дүкеннен сатып ала алмайсың. Қарызға сұрап, не болмаса тапсырыс берiп шетелден алдыра алмайсың. Iрiлiк – бiздiңше, асыл генофонд пен тектi отбасының, тектi ортаның, тектi тәрбиенiң жемiс-нәтижесi. Ұлтты да осындай iрiлер сақтайды, iрiлер қорғайды. Iрiлер жоқ жерде ұлт күйкiленiп, майдаланып, шаяланып кетедi. Рас, бұрынғыдай, бұ­рын­ғы замандардағыдай емес, қазiр iрiлер тым аз, өте сирек. Сол аздың, сиректiң бiрi – Темiрхан Медетбек. Iрi ақын, iрi қайраткер, iрi азамат. Қазақтың бұрынғы-соңғы сыншыл ойының iрi өкiлi.
ЖОҚ ӘЛДЕ ОҢДЫ-СОЛДЫ АҚША ШАШУ ҮШIН КЕЛДI МЕ?
ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровтың назарына!
Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың назарына!
Кезiнде М.Әуезов “Мен Мәдениет министрiнен қорықпаймын, Мәдениет министрiнiң мәдениетi­нен қорқамын” деген екен. Сол айтпақшы, әулиеаталықтар соңғы кездерi Жамбыл облыстық мәдениет бас­қармасының бастығы Айнұр Сәденованың қызме­тiнен емес, адам түсiнбейтiн қылықтарынан, күлкiңдi келтiретiн “қызықтарынан”, қисынсыз тiрлiктерiнен қорқа бастағандай... Жасыратыны жоқ, “жас келсе iске” деген, мәдениет басқармасына Айнұр Сәденова секiлдi жас та жiгерлi, өнерлi маманның басшы болып келуiн бұл саланың қызметкерлерi де, жалпы жамбылдықтар да жақсылыққа жорыған болатын.
Қазақстанда орман көлемi 5 пайыздан да төмен. Орман – таза ауаның қайнар көзi. Мұны бәрiмiз бiлемiз. Егер де таза ауа жұтқымыз келсе, орман көлемiн көбейтуiмiз қажет. Бұл оңай шаруа емес. Дегенмен де қолдан келетiн iс.  Орманды ұлғайту тәсiлдерiнiң бiрi – шыршаны қолдан отырғызу. Ормандардың орналасуы аймақтарға бөлiну заңдылығына бағынатыны баршаға мәлiм, яғни климаттық және эдафикалық жағдайға тәуелдiлiк пайда болады. Қазақстанның климаты негiзiнен шұғыл континентальды саналады. Яғни қысы – аязды, жазы – ыстық әрi қысқа. Қуаң­шы­лығы тағы бар. Мұндай климатта шыршаның өсу қарқыны да баяу болмақ. Екпе орман iсiн дамыту бо­йынша болашақта жүзеге асырылатын бағыттарды шешу үшiн 1992 жылы 1 маусымда ҚР Экология және биоресурстар ми­нистрлiгi Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң

К.Мәсiмов бастаған үкi­мет­тiң түрлi жиналыс-жиындары мен отырыстары тек орыс тiлiн­де өтедi. Конституциямыздың жетiншi бабында: “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi” деп анық жазылған. Конституциялық Ке­ңестiң төрағасы С.Рогов: “Ресми тiл мемле­кеттiк тiлдiң орнын алмастыра алмайды” деп, мемлекеттiк тiлмен ресми тiл­дiң аражiгiн ашып бердi. Соған қарамастан елiмiзде барлық iсқа­ғаздары орыс тiлiнде жүргi­зiледi. Оған басты себеп, Қазақстан үкiметiнiң басшысы К.Мәсiмовтен бастап жа­уапты, лауазымды шенеунiкте­рi­мiздiң көбiсi мемлекеттiк тiлде сауатты жаза алмақ түгiлi, ер­кiн сөйлей де алмайды. Сондықтан да олар орыс тiлiнiң жалынан айырылғысы жоқ.

Өткен ғасырдың 30-40-жылдары “Аманкелдi” фильмiнен бастау алған “Қазақфильм” киностудиясы қаншама тамаша көркемфильмдердi дүниеге әкелдi. Осы фильмдердi халық көруден еш жалыққан емес. Қазақ киносының серкелерi Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықов, Мәжит Бегалин, Шәрiп Бейсенбаев, Абдолла Қарсақбаев, Әзiрбайжан Мәмбетовтермен қатар қырғыз киносының қос мақтанышы Төлемiш Өкеев пен Болат Шамшиев те бiзге мәңгi өлмес кинотуындыларын сыйлап кеттi. Бұл фильмдердiң өмiршеңдiгi неде? Кеңестiк идеологияның шырмауында жүрсе де бұл режиссерлер өз халқын шексiз сүйе бiлдi. Қазақ халқының даналығын, артықшылығын кiш­кене эпизодта болса да көрсетуге тырысты.

Соңғы кездерi ғана бiлдiм, әйгiлi Қажымұқан атамыздың кiндiк қаны тамған туған жерi бүгiнгi бас қаламыз болып отырған Астанадан таяқ тастам жерде орналасқан екен. Қазақты орыс билеген заманда Жәдiк аталған бұл ауыл қазiргi кезде Қажы атамыздың атымен аталады. Өкiнiшке қарай, қазағын әлемге танытқан Қажымұқандай қайсарына аядай ғана ауылынан ескерткiш тасы бұйырмапты. Билiк тiзгiнi большевиктерге тигенде қуғынға ұшыраған Алашордашылармен бiрге Қажы­мұқан да қуғынға ұшырап, оңтүстiк өңiрге қоныс аударған. Яғни, кейiнгi өмiрiн оңтүстiк өңiрiнде өткiзген. Балуан бабамыздың құрметiне Шымкент қаласында бiр спорт кешенiнiң есiмi берiлген. Сондай-ақ Астана қаласында Қажымұқан атындағы спорт мектеп-интернаты бар. Бұл да көңiлге медеу.

...Теледидардан 4-5 орыс қызын қазақша сөйлетiп қояды да “мiне, орыстар сайрап тұр” деп мақтайды. Ресейде, Түрiкменстанда, Өзбекстанда қазақтар тұрады. Ресейдегi қазақтар таза орысша сөйлейдi.
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ережесiз жекпе-жектiң “ММА” түрiнен дәреже көтеру кез­десулерi өттi. “Алаш Прайд” клубының спортшылары 10 салмақ дәрежесi бо­йынша өз күштерiн сынап көрдi. Темiр қоршауға алдымен 65 келiге дейiнгi салмақта “Алаш Прайд” клубының мүшесi Осман Қасымов шықты. Қарсыласы – поляк Давид Зивга. Екi тайм (әр тайм 5 минуттан) алысқан екеуiнiң де шамалары деңгейлес екен. Уақыт аяқтал­ғанда қапталдағы төрешiлер Османның сәл басымдық танытқанын айтты. Қасымовтың жеңiсi қалған жiгiттердiң де жiгерiн жаныды. Осы салмақтағы екiншi жұп болып шыққан жерлесiмiз Ержан Естанов латвиялық Сурматис Гедиминастың адымын аштырған жоқ. Алғашқы минут сырғып өтiп жатқанда, қылғындыру тәсiлiн оңтайлы қолданып, ай­қын басымдықпен жеңiске жеттi.
АУЫСҚАННЫҢ ДА АЙЫБЫ ЖОҚ
Елордалық “Астана” клубының жартылай қорғаушысы Нұрбол Жұмас­қалиев “Тобылға” қайта оралды. Былтыр ол “Тобылдың” капитаны болып жүрiп, ел чемпионы атан­ған болатын. 10 жыл қатарынан “Тобылдың” келешегiне бола доп қуған Жұмасқалиев “ауысқанның айыбы жоқ” деп байырғы клубының жейдесiн қайта кидi. “Тобылдың” ойыншылары Ермек Қуантаев пен Ярослав Багинский келiсiм-шарттарын ұзартты.
СЫРАҒА АЛТЫН ҚОСА БАСТАДЫ
Дүниеде сыраның түрi көп. Ал ендi алтындалған сыраның сатыла бастағанын естiдiңiз бе? Чехияда ыдысқа құйылған сыраға алтын қоса бастады. “Жақында, – дейдi ИТАР-ТАСС, – Острава қаласында дәл осындай сыраның бiрнеше партиясын сатуға шығарды және ол бiрнеше сағаттың iшiнде сатылып кеттi”. Бұл жобаның авторы – сыра шығарудың шеберi Марек Пьетонь. Ол “Алтын” сыраға “24 К Голд Фауст” деген ат қойды. “Голд” сөзiнiң аудармасы алтын екенi белгiлi, ал “Фаусты” Марек Пьетонь ортағасырлық алхимиямен байланыстырады. Көбiктi сусынның технология­сы оп-оңай. Алдымен бөтелкенiң iшiне алтын фольганың жiп-жiңiшке пластинкасын (0,018 грамм және 8 x 8 сантиметр) салады, содан кейiн барып сыра құяды. Сыра құйылған сайын әлгi алтынды “жапырақ” мыңдаған бөлiктерге бөлiнедi. Ал бөтелке шайқалған кезде сыра жалт-жұлт етiп, жарқырап шыға келедi.