1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (15665) 27 желтоқсан, сейсенбі 2011
“ТИМУРДЫ ТАҚТАН ТАЙДЫРҒАН – МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ТЕПКIНI...”
“Мен баяғыда келетiн едiм, жазда. Ойбай, барлығы дұрыс болып жатыр. Бармай-ақ қойыңыз, қазiр шешiледi. Өздерi қазiр тынышталады. Сөйтемiз, бүй­темiз дедi. Сентябрьде келем дедiм. Барлығы, облыстың бастығы да, “ҚазМұнайГаз” барлығы келiсiп жатырмыз, барлығы үйттi-бүйттi дедi де, алдады. Сол үшiн мен “ҚазМұнайГаздың” бастығын орнынан алып, мынау Ләззат Қиыновты қойдым. РД-ның бастығын орнынан алып, анау Айдарбаев Аликтi қойдым. Жаңа әкiм та­­­­ға­йындалды”, – дедi президент Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына барған сапарында. Президенттiң бұл сөзi­нен ненi аңғарамыз? Айналасы

Менiң балаларым мен неме­релерiм  – кеудесiнде намысы бар ұлдарым мен қыздарым қызыл қанға боялып жатыр. Оққа ұшып өлген құр­бандар он бес деп айтады, ал жараланған жұрттың ұзын саны жүз­ден асқан. Бұл – екшеуден өткен ресми мағлұмат. Әлде шындық, әлде лақап, жергiлiктi, көлденең хабарларға қарағанда, қаза тапқандардың тiзiмi – бұдан әлдеқайда көп, жараланғаны екi-үш есе артық. Ал он беске тоқтадық. Тiптi бес адам, екi, үш адам болсын. Өз ажалынан өлген ешқайсысы жоқ. Бәрi де атыл­ған. Айдың-күннiң аманы, бейбiт заманда. Өз елi, өз жерiнде. Маңғыстау – Жаңаөзен мен Шетпеде. Кiм атты? Неге атты? Атуға жарлық берген кiм?

Суық тиiп тәуелсiздiк мерекесiнде үйден шыға алмай бiр аптадай ауырып қалдым. Жаңаөзен қаласындағы болған оқиғаны да тұмауым әбден асқынып кетiп, басымды көтере алмай жатқан жағдайда естiп-бiлдiм. Желтоқсанның қара суығында естiп-бiлген жаңалығым жантүршi­герлiк едi. Сұмдық оқиға тезiрек сауығып кеткiсi келiп жылу iздеп жаураған тәнiмдi одан бетер тоңдырып жiбердi. Жаурағанды айтамын-ау, жаным тәнiмнен бетер қалтырап, жүрегiм қан жылады. Көзiмнiң жасын тоқтата алмай, мұңымды кiмге шағарымды бiлмей егiлдiм. Намысын таптатқысы келмеген рухы өлмеген бауырларым мен қарындастарымның қызыл қанға боялып, сосын зиялы аталып жүрген ақын-жазушы, әншi, композитор, философ, тарихшыларымыздың олардың аруағын күңiрентiп, қалай қаралап жатқанын көргенiмде көңiлiм құлазып, жаным қиналып, сүйегiм сырқырады. 

Өткен аптада Жаңаөзенге жете алмай, Ақтаудан Алматыға керi қайтқан Тәуелсiз қоғамдық комиссия билiкке алты талап қойды. Комиссия өкiлдерi президент Н.Назарбаевтан қаралы күндер жариялауды және сайлау мерзiмiн кейiнге қалдыруды сұрады. Жұма күнi баспасөз мәжiлiсiн өткiзген комиссия мүшелерi билiк өздерiне түрлi тосқауылдар қойып, Жетiбай мен Жаңаөзенге кiргiз­бегенiн жеткiздi. Бiрақ комиссия мүшелерi Ақтау қаласының өзiнен аймақтағы ауыр моральдық-психологиялық ахуалды сезгенiн айтады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Болат Әбiлев Ақтаудағы Ынтымақ алаңында жиналған мұнайшыларды бұрынғы жұмыстарына қайтып барудан гөрi “халыққа оқ атуға бұйрық берген кiм?” деген мәселе көбiрек алаңдататынын айтты.

Қазақстан Республикасы президентiнiң саяси мәселелер бойынша кеңесшiсi Ермұхамет Ертiсбаев Жаңаөзендегi қанды оқиғаны ұйымдастырғандар Түрiкменстаннан, Өзбекстаннан келген, жақында Қазақстан азаматтығын алған адамдар деп мәлiмдедi. Қазақстанда “араб революциясының” болуы мүмкiн емес екенiне бек сенiмiн бiлдiрген сарай бұлбұлы бұл оқиға алдағы уақытта қазақ жерiнде қайталанбайтынын айтты. Сондай-ақ, ол мұнайшылардың мұңын дер кезiнде тыңдамаған, құлағына iлмеген, шағын қалалардағы жағдайды уақытылы бақылап, таразыламаған үкiметтi де даттады. “Үкiмет Жаңаөзендегi қанды қырғынның алдын алуда жарты жылға кешiктi”, – дейдi президент кеңесшiсi “Интерфакс-Қазақстан” агенттiгiне берген сұхбатында.

Өтiп бара жатқан жылдың қара жамылдырған 16 желтоқсанында Жаңаөзенде болған оқиғаның тiкелей куәгерлерi – бытырлата атқан оқтан тiрi қалған, бiрақ жарақат алған жәбiрленушiлер тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерiне өз көргендерiн баяндап бердi.
Махамбет:
– Оқ атады деп күткен емеспiз. Қалалық әкiмшiлiк ғимаратының сол қапталындағы шағын ауданда тұрған кезiмiзде оқ тидi. Бiз атыстың қалай шыққанын да байқамай қалдық. Автоматтың оғы болса керек, оң аяғымның тiзе буындарын талқандап кетiп­тi. Оқ тигенде ұшып түстiм. Не болғанын түсiнбей қалдық.

Желтоқсанның 23-i күнi бiр топ журналистер Шетпе стансасына қарай жол тарттық. Ол – облыс орталығынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан темiржол бойындағы елдiмекен. Жергiлiктi халықтың мұнай компанияларына қолы жетпегендерi темiржол бойын жағалап, үйлерiнен дайындаған дәмдерiн сатып күн көредi. Алайда аяқ астынан бағытымыз өзгерiп, бiздi Ақтаудағы облыстық аурухананың мәйiтханасына алып келдi. Жергiлiктi билiктiң ресми өкiлiмен кездескенде жұрт айтып жүргендей, қаза болғандардың санының көптiгiн не растауды, не терiстеудi талап еткен едiк. Шамасы, соған көлденең тартқан дәйектерi болса керек.

НЕМЕСЕ МАҚСҰТ НӘРIКБАЕВТЫҢ ӨСIРЕТIН САҚАЛЫ МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТIРЕ МЕ?
Қазiргi кезде жер-жерде партия жетекшiлерi сайлауалды үгiт насихатын халыққа түсiндiрумен шапқылап жүр. Жайшылықта қараша халыққа төбе көрсетпейтiн партиялардың табан астында халықшыл бола қалуы қайран қалдырады. Әйтсе де бұл “қайран қалудың” басы да, соңы да емес көрiнедi. Күнi кеше Тараз қаласына жасаған сапары кезiнде “Әдiлет” партиясының төрағасы Мақсұт Нәрiкбаев сақал өсiретiнiн мәлiмдедi.
Жаңаөзен көтерiлiсi билiктiң халық алдында ақталуына мәжбүр етiп, кәдiмгiдей тiзесiн дiрiлдетiп тастады. Мұны мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Маңғыстау облысына жасаған шұғыл сапарынан анық аңғардық. Бастапқыда президент мұнайшыларды “бұзақылар” деп айыптағанымен, кейiн келе бұл пiкiрiн едәуiр жұмсартты. Бұған оның “Мен мұның барлығын жасаған мұнайшылардың өздерi деп айта алмаймын, айтпаймын. Бiрiншi мәселе – бiз осының барлығын табуымыз керек. Халыққа ақиқатты айтуымыз керек” дедi.
Халқымыздың шынайы тәуелсiздiгi мен еркiндiгi үшiн бел шеше күрескен көрнектi қоғам қайраткерi, белгiлi журналист Батырхан Дәрiмбет Қызылорда облысы Арал ауданы Ақбай ауылында 1951 жылы желтоқсан айының 6-сы күнi дүниеге келдi. Кинофикациядан бастап, Қазақтың Ұлттық ғылыми академиясында М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, филология ғылымдарының кандидаты, елге танымал азамат болды. Сол жылдары Алматыда республикалық ауылшаруашылық жиналыстарына келгенiмде Батырханмен пiкiрлесiп жүрдiм. – Батырхан, Құдайға шүкiр сенiң жоғары бiлiмiң бар, қызметке кiрiстiң, ендi коммунис­тiк партияға өтiп, Абай атаң айтқандай, ел iргесiне кiрпiш болып қалануың керек, – деген едiм.
(Қасiрет-Нама)
“Шынында, Жәннатта бiр “Есiк” бар,Ол – “Раййан” деп аталады. Ол – “Есiктен” – тек ораза ұстаушылар ғана енедi...” – Шейх Әбсаттар қажы
(“Жас Алаш”, №67, 20 тамыз, 2009 жыл).
I.
Биссимилла-Рахмани-
Рахим...
 
“Ұжымақта” –
Бiр “Есiк” бар,
Оның аты –
“Раййан”!
“Бiздiң Жақта” –
ШУ АЯҒЫ ҚҰРДЫМ...
Созақтағы Дала кен басқармасынан Мойынқұм ауданының түлегi, жерлесiмiз, абзал азамат Бейiмбетов Болаттың есiмi бiрнеше жерге берiлетiнi туралы қуанышты хабар келiсiмен бiраз ағайын, дос-жарандар жолға шықтық. Тасы өрлеп, атағы бүкiл Қазақстанға жайыл­ған, уран өндiретiн Созақтағы Дала кен басқармасының тыныс-тiршiлiгiн көзбен көрудiң сәтi келген сияқты. Жол азабын жүрген бiледi деген, ауыр да болса төтелеу iшкi жолды таңдадық. Келiсiм бойынша Мойынқұм – Ұланбел – Жуантөбе – Қыземшек трассасымен жүрiп кеттiк.
Алмас Өтешов... Парижде өткен әлем чемпионаты қазақтың осы бiр қара домалақ баласын әрi-сәрi күйден әлi арылтқан жоқ. Одан берi де талай бәсеке өттi. Алмастың алар асуы алда екенiне сенiм мол. Өйткенi, бұған дейiн талай мәрте сенiмдi ақтап, Азия мықтылары бас қосатын додаларда олжа салды: 2008 жылы жастар арасында Азия чемпионы атанды, ересектерге қосылғанда да жүлдеден қағылған емес. Екi мәрте Азия чемпионатының қола медалiн иелендi. Қазақстан кубогында топ жарды, күнi кеше Ресей президентi атындағы I халықаралық турнирде үздiк төрттiкке iлiндi. Әлем чемпионатында кеткен есенi әлi-ақ қайтаратынына ел болып сенiм бiлдiрсек, тау көтерер ұлдың үмiтiн ұштай түскенiмiз.