1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (15666) 29 желтоқсан, бейсенбі 2011
Мәжiлiс пен мәслихат сайлауына қатысушы барлық саяси партиялар мен жеке тұлғаларға
ҮНДЕУ
16 желтоқсандағы Жаңаөзендегi, Шетпедегi қанды қырғын – ұлттық қасiретiмiз. Мұны мойындамау – бейбiт халыққа қарсы оқ атып, қажет болса қыра беру керек дейтiн жымысқы саясатты қолдау! Бiздер, жаңаөзендiктер, шетпелiктер күштiк құрылымдардың ату құралдарын қолданып қаламызды, кентiмiздi қанға бөктiрiп, жасөспiрiм балаларымызды, ба­уырларымыз бен жақындарымызды, жұмыс­тағы әрiптес­терiмiздi атып өлтiрген, жарақаттап мүгедек еткен сойқанды әрекетте­рiне лағынет айтамыз! 
Серiкжан Мәмбеталин – “алаяқ”, ал Алтыншаш Жағанова партияны саудалап пайда таппақ болса, не үмiт, не қайыр? Осы аптадағы жұртты дүрлiктiрген оқиға “рухани тазалық, адалдық үшiн күресiп жүрген” жазушы Алтыншаш Жағанованың атышулы мәлiмдемесi болды. Ал “Руханият” партиясының негiзiн қалаушы апайды ашындырған Серiкжан Мәмбеталиннiң iс-әрекетi екен. Төзiмi таусылған ол “Руханияттың” Орталық сайлау комиссиясына өткiзген құжаттары заңсыз екенiн жарияға жар сала хабарлады. Жағанованың жағдайына “Хабар” мен “Қазақстан” ұлттық арнасының қабырғасы қайысып отыр­ғандай. Себебi президенттен басқаны телеарнадан бақандай он бес минут сөйлетпеушi едi. Бұл мәселеге қос телеарнаның айрықша назар аударуы, әрине, тегiн емес.
Маңғыстау облысындағы 2011 жылғы 16 желтоқсан күнгi қанды оқиғаны тексеру үшiн құрылған тәуелсiз қоғамдық комиссия осындай ұйғарым жасады. Жаңаөзен мен Шетпеде күштiк құрылымдардың бейбiт халыққа қарсы қару қолдануы салдарынан ресми дерек бойынша 16 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанды. Осы қасiреттi оқиғаға байланысты қаралы күн жа­рия­лау жөнiндегi жұртшылық талабын Қазақстан мемлекетi­нiң басшылығы ескерусiз қалдырды. Бұл – өз халқын сыйламаушылық, халықтың қайғысына немкеттi қараушылық. Бiз барлық отандастарымызды жаңаөзендiктердiң қайғысына ортақтасып, оларды осындай күйге душар ет­кендердi анықтап, заң бойынша қатаң жазаға тартуды талап етуге шақырамыз!
Қазақ өлiмдi түр-түрге бөлiп қойған. Соғыста өлгендi – шәйiт, ажалы жетiп, жақындарымен бақұлдасып өлгендi – Алланың ақ өлiмi, қорлық пен зорлықтан өлгендi – ит өлiм дейдi. Айтпағымыз – ит өлiм туралы... Бұрнағыда әке-шешесiн өлтiрген, Отанын сатқан, мемлекет мүлкiне қол салған, парақор, жемқор пенделердi “Күлтөбелердегi” жиындарда өлiм жазасына кесiп, осы төбенiң басына керме ағашқа керiп, малша бауыздап, қанын жерге сiңiрмей мал терiсiне ағызып ұйытып, денесiмен қоса өртеп, күлiн адам баласы баспайтын қарғыс атқан жерлерге апарып желге ұшырып жiберген. Мұны ит өлiм деп атаған. Бұл – ең ауыр өлiм саналған. Ит өлiммен өлгендердiң жаназасы шығарылмаған. Ол замандарда “Күлтөбедегi жиындар” көбейсе, адамдар қатты үрейленiп, бiрiн-бiрi имандылыққа шақырып, тәубаларына келген. “Осындай кебiн мен жаназа, топырақ бұйырмайтын абыройсыз өлiмнен сақта”, – деп тiлеген.
«Азаттық» радиосы хабарласқан куәгер желтоқсанның 16-сы Жаңаөзендегi iшкi iстер басқармасының ғимаратында қыздардың зәбiр көрiп, азапталғанын баяндады. Оның айтуынша, әкесi де ұрып-соғудан өлiп кеткен. Сол күнi қамауға алынғандардың бiрсыпырасы әлi күнге дейiн ұшты-күйлi жоқ. 21 жастағы Әсем Кенжебаева өзiн желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласындағы қалалық iшкi iстер басқармасы ғимаратының ең төменгi қабатында болған азаптауларды көзiмен көрген тiрi куәгермiн деп санайды. Оның айтуынша, әкесi Базарбай Кенжебаев сол күнгi ұрып-соғудан соң екi күннен кейiн қаза болған. Балалары марқұмды тек желтоқсанның 24-i күнi жерлептi.
 
– Болат Мұқышұлы, осы күнге дейiн Қазақстан үшiн ең басты саяси оқиға Жаңа­өзен қаласындағы қанды оқиға болып қалуда. Жеке Сiз үшiн оның нәтижесi қандай болды?
– Тарихтың ащы тәлкегi кейбiр кездерi ерiксiз таңғалдырады. Жоғарғы жақта 25 жыл бойына 1986 жылғы желтоқсан көтерiлiсi туралы шындықты бүркемелеп, ондаған жылдар бойы еркiн ойды тұншықтырды, газеттер жабылды, өзгеше ойлайтындар қудаланып, кейбiреу­лерi өлтiрiлдi. Қайсыбiр кезеңде болмасын, билiк ол iстерден ешқандай сабақ алмады. Барлық осы тiзбектiң заңды жалғасы ретiнде – Жаңаөзенде кезектi қайғылы оқиға болды. Қазақстанда жаңа “желтоқсан кө­терiлi­сi” пайда болды, 16 желтоқсан мерекелiк күнге емес, қаралы датаға айналды...
Таяуда ҚР президентi Н.Назарбаев Маңғыстау облысына барып қайтты. Ақтау мен Жаңаөзенде болды. Бiрақ қаражанбастық мұнайшылар онымен кездесе алмады. Облыс әкiмiн, басқаларын ауыстырды. Өндiрiстен, экономика, шаруашылықтан хабары шамалы бұрынғы Iшкi iстер министрi, сенатор Б.Мұхамеджановты нелiктен әкiм етiп тағайындағанына халық таңданыс бiлдiрдi. “Бейбiт халыққа оқ атқан қылмысты жасырып-жабу үшiн қойды” дейтiндер де бар. Олар “З.Нұрқадiловтi өзiн-өзi үш рет атты деген мырзаң, жаңаөзендiктер қашып әуре болмас үшiн өз аяқтарын өздерi атып тастады” деуден тайынбайтын шығар” дейдi. Мұны ендi, неге әкiм еткенiн уақыт көрсетер. Ал бұрынғы әкiмдi – Қ.Көшербаевты не үшiн босатты деген сауалға әркiм әртүрлi пiкiр айтады.
Қазақстан Республикасы прези­дентiнiң “Болашақ” халықаралық шәкiртақысын iске асырудағы азаматтардың оқуы үшiн кепiл салу сынды өзектi мәселесi бойын­ша оң шешiм шық­ты. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссияның 21 желтоқсан күнгi отырысында осындай маңызды қадам жасалды. Жыл бойы Бiлiм және ғылым министрлiгiне “Болашақ” шәкiртақысына үмiткерлер мен иегерлерiнен кепiлдiкке қояр жылжымайтын мүлiктiң бағалары оқу құнын жаппайтынын баяндаған хаттар толассыз келiп жатты. Атап айтсақ, әсiресе, ауылдық жерлердегi тұрғындардан өтiнiштер көп түстi. 

Жаңа жыл қарсаңында жынды боламын, жынды болғанда супер жынды боламын деген ой санамда, миымның арасында, көңiлiмнiң төрiнде жоқ едi... Адам жынданамын десе “айн момент” екен. Әйелiм екеумiз Жаңа жылды қарсы алмайтын болып шештiк те, шешiнiп, ерте жатып қалдық. Құдай қас қылғандай, Жаңа жылға он минут қалғанда, сiбеттi де бiреу мас қылғандай, есiк алдындағы ләмпешкемiз қызары-ып барып, өшiп қалды. Терiс қарап, тұлыптай теңкиiп жатқан әйелiме қарасам, ұйқының ұйығына батып қалыпты. Жер үй болған соң, дәретханамыз автобуспен баратындай бiр аялдамалық жерде, орнымнан тұрып, үстiме әйелiмнiң қалыңдау халатын жамыла салып, далаға шықтым. Үй сыртын айнала салайын деп... Қаңғалақтап, қайтып келсем, есi­гiм ашылмайды.

Сөйлей берсең, шешен боларсың,
Жалбақтай берсең, көсем боларсың.
 
Малы болмаса, ерден түңiл,
Шөбi болмаса, жерден түңiл.
ҚОЛШАТЫР
 
Жаңбыр тоқтады.
Бақтағы бiр құрғады гүл.
Құдай сақтады,
Құлап жатыр ылғалды нұр.
Осы күн мен кешегi түндi,
Қызыл шытпен жалғады кiм? 
Кешегi шаттық, күлкi мен жырды,
Қайдан келiп жалмады мұң?
ҚОЯН ЖЫЛЫ: САЙЛАУДАН САЙЛАУҒА ДЕЙIН...
Биылғы есте қалған елеулi оқиғаларды жiпке тiзер болсақ, ең алдымен президенттiк сайлауды мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы Н.Назарбаевтың жарлығы тiл ұшына оралады. Халықпен ақылдасып шешетiн келелi мәселенi президент Н.Назарбаев қаламының ұшымен сүйкей салды. Сәуiрдiң 3-iндегi президенттiк сайлаудың қалай өткенiн бәрiмiз көрдiк. Н.Назарбаевтың президент болып сайланғаннан кейiнгi ұлықтау рәсiмiне өркениеттi елдердiң басшылары келмедi. Тiптi iргедегi өзбек елiнiң басшысы Ислам Каримов та төбе көрсеткен жоқ. Бұл көп жайтты аңғарт­са керек.
Желтоқсан айының 24-i күнi Ливияның соңғы 42 жылдық тарихында алғаш рет Тәуелсiздiк мейрамы атап өтiлдi. Осыдан 60 жыл бұрын тәуелсiздiк алған мемлекетке “42 жылдың iшiнде алғаш рет азаттық тойы тойланды” дегеннiң өзi ерсi естiледi әрине. “Алғаш­қы тәуелсiздiк күнiне” Ливияның түкпiр-түкпiрiнен мыңдаған адам ел астанасы Триполидегi Тәуелсiздiк күнiн тойлауға арнал­ған салтанатқа жиналды, жиналғанда да жаңа үкiметпен бiрге мемлекет азаттығының алғаш­қы туын көтерiп шықты. Тiптi Каддафи билiкке келгеннен кейiн 1977 жылы күшiне енген Ливия джамахириясының бiрыңғай жасыл түстi туының қарасын да көрсетпедi. Яғни 1951 жылғы алғаш БҰҰ қатысуы бойынша жарияланған егемендiктен кейiнгi қабылданған қызыл, қара және жасыл түстерден тұратын бiрiккен Ливия корольдiгiнiң туы, 42 жылдағы алғашқы тәуелсiздiк мейрамында да өзiнiң тұғырына қайта қонды.
Қоян жылында қазақстандықтардың қос бүйiрiнен қымбатшылық қысты. Баға мәселесiн тежей алмаған қазақ үкiметi де қайта-қайта бюджеттi өзгертумен, қазынадағы қаражатты есепшотқа қайта-қайта салып, басын қасумен уақыт өткiздi. Базардағы бағаны бағамдай алмай дал болған үкiметтегiлер Қазақстан қара мұнайдың үстiнде тұрса да, тiптi жанар-жағармайдың құнына құрық салуға да жарамады. Жылдың жартысынан бастап, азық-түлiктiң бағасы айлап емес, апталап өсуге көштi. Билiктегiлердiң шама-шарқы, қауқары жетпейтiнiне көзi жеткен жұртшылық қаражатын үнемдеп, қалтасын қағып тиынын санаумен болды. Не керек, ел тағы әбiгерге түстi. Онсыз да тұрмыстың ауырлығынан, әлеуметтiк жағдайдың қиындығынан еңсесi түскен жұрттың тiршiлiгiнен береке қашқандай.
Бұл қызықты оқиғаны “Хабар” агенттiгiнiң бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысындағы меншiктi тiлшiсi қызметiн абыроймен атқарып келе жатқан, сол жылдары осы телеарнаның Өзбекстандағы өкiлi болған талантты журналист Әбдез Рахманұлының өз аузынан естi­генiме көп уақыт өтсе де, есiме түссе, әлi күнге дейiн езуiме күлкi үйiрiлiп, көңiлiм бiр көтерiлiп қалады. Сондықтан қызықты хикаяны ел де бiле жүрсiн деп жаңа жылдық әзiл ретiнде сүйiктi басылымым “Жас Алаш” газетiне жазып жiбергенiме, өзiм қатты құрмет тұтатын журналист ағам тiлшiлiктiң тiршiлiгiне ендi iлесе бастаған қарындасының бұл қадамына ренжи қоймас деп шештiм.
Қазақ медицинасының дәрежесi төмендеп, бiлiктiлiгi сын көтермей тұрғаны жасырын емес. Бұл проблеманың бастауы мен тамыры тереңде екенi де анық. Сыбайлас жемқорлық бұл саланы да айналып өтпедi. Тәнi мен жаны қосылып ауырған жандарға жәрдем берудiң орнына мiндетiнен адасып, қалтасының қамын ойлайтын дәрiгерлер көп болмаса, аз емес. Алайда ақ халатты абзал жандардың барлығына топырақ шашуға болмайды. Қазақстан бойынша оңтүстiк өңiрi жемқорлыққа белшесiнен батқан аймақ саналады. Дәрiгерлерiнiң барлығы пара алып, тек таныс арқылы ғана ем жасайды. Болашақ дәрiгер студенттерi тек ақшаның күшiмен бiлiм алады. Осындай сөздердiң санамызға сiңгенi сондай, Шымкент жақта бiлiмдi дәрiгер жоқтай көрiнетiн. Сәтi түсiп, Оңтүстiк Қазақстан облысындағы “Манкент” шипажайына демалуға бардым.
Қыдырәлi ақын 1861 жылы қазiргi Алматы облысы Көксу ауданындағы Жарлыөзек ауылында дүниеге келген. Әкесi Меңлiбай қара шаруа адамы болған. Қыдырәлi жасында ауыл молдасынан оқып сауатын ашады, он жетi жасында өлең шығара бастайды. Сол аймақта ауыл арасындағы той-жиындарда, айтыстарда алдына жан салмаған жарау жүйрiк боп танылады. Өлеңдерiн өзi қағазға түсiрiп, ел арасына таратқан. Оны көзiмен көргендер өлең-жырдың дүлдүлi төкпе ақын, әншi-жыршы деп бағалаған. Ол кiсi туралы 1978 жылы қариялардан жазып алғанымды сiздерге ұсынып отырмын.
Жасым 42-де. Күйеуге шыққан емеспiн. Қазiр анаммен бiрге тұрамын. Шындығын айту керек, маған кейде туған анамның сөзi де жақпайды. Керiсiнше, кейде менi анам да жақтырмайды. Сөзге де келiп қаламыз. Сондай сәтте “үйiмдi бекер сатыппын” деген өкiнiш пайда болады... Иә, мен бұдан бiрнеше ай бұрын өзiмнiң 1 бөлмелi пәтерiм­дi саттым. Былтыр жаңа жылдың алдында сатпақшы болғанмын. Таңғаларлығы сол, бағасы онша қымбат болмаса да, алушылар табылмады. Пәтерiмдi көрген­дер­дiң барлығы “аламыз” дейдi де... хабарласпайды.
Қоян жылы елiмiздiң спорты үшiн үлкен сынақпен басталғаны есiмiзде. Жыл он екi ай iшiнде қазақ елiнiң атын қорғауда, мәртебесiн асыруда спортшыларымыз аянып қалған жоқ. Ал ел болып жұмылып, бес жылға жуық мерзiм әзiрлiкке кеткен 7-шi қысқы Азия ойындарының жылнамасы да биылғы қоян жылының бауырында кеттi.  Биыл елiмiзде қандай маңызды сайыстар өттi? Ел спортшылары дүбiрлi сында ұлт намысын қалай қорғады деген сауалға тағы да айналып соғуды жөн көрдiк. Қаңтардың соңын ала ашылуы елордадағы “Астана-Арена” стадионында өткен Азиада ойындарында бiздiң спортшылар барын салды. Қысқы спорттың 11 түрiнен өткен сайыста қазақ елiнiң құрамасы 32 алтын, 21 күмiс, 17 қола медальға қол жет­кiзiп, рекордтық нәтиже тiркедi. Осы сайыс алдында бiздiң қыз-жiгiттерге
ЭЛИЗАБЕТ ЕРЕК ШЫҚТЫ
Элизабет Тұрсынбаева тағы бiр халықаралық турнирде жүлдегер атанды. Германияның Дортмунд қаласында өткен турнирде литвалық Александра Головкина жеңiмпаз атанды. Күмiс жүлде финляндиялық бүлдiршiн Нельма Хедеге бұйырса, қола жүлде Элизабеттiң еншiсiне жазылды. 11 жастағы мәнерлеп сырғанаушы екiншi рет халықаралық турнирде жүлдеге iлiндi.
Сондай-ақ жақында Астанадағы “Алау” мұз айдынында өткен ел чемпионатында да Тұрсынбаеваның алдына түсетiн ешкiм болмады. Өз қатарластары арасынан оза шақпан қыз жалпы есепте 133,6 ұпай жинап, ел чемпионы атанды.