1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (15667) 5 қаңтар, бейсенбі 2012
МАҢҒЫСТАУ МҰҢЫ
 
Көтерiлiс пе? Қозғалыс па? Қылмыс па?
Мен бiлмедiм, бiлетiнiм тым қысқа.
Шындығының шаңырағы шайқалып
Жаңаөзенiм жаурап жатыр бұл қыста.
Қажытты ма, қуыршақты “ғажаптар”,
Мезi еттi ме, маймыл мiнез – мазақтар.
Ояныңдар, ойланыңдар дегендей
Отпантаудан от тұтатты Қазақтар.
Жаңаөзендегi қанды оқиға туралы күнде бiр жан түршiктi­ретiн жаңалық жетiп жатыр. Ғаламторда полицейлердiң қарусыз халыққа қалай оқ атқанын көрсететiн бейнежазба жарияланғаны сол-ақ екен, мұндайлар бiрiнен соң бiрi жария бола бастады. YouTube порталында Жаңаөзендегi қырғын жайлы жаңа видео жарық көрдi. Тарс-тұрс атыс. Бiр топ адам жараланған екi жiгiттi көтерiп әкелiп тепкiшектiң үстiне жатқызады. Бiрiнiң үстiндегi сыртқы киiмi түрiлiп қалған, аппақ жейдесi қып-қызыл қанға боялыпты. Еш қимылсыз сұлқ жатыр. Жаралыларды көтерiп әкелгендердiң өзара әңгiмелерi естiледi.
Маңғыстау облысындағы 2011 жылғы 16 желтоқсан күнгi қанды оқиғаны тексеру үшiн құрылған тәуелсiз қоғамдық комиссия осындай ұйғарым жасады. Жаңаөзен мен Шетпеде күштiк құрылымдардың бейбiт халыққа қарсы қару қолдануы салдарынан ресми дерек бойынша 16 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақаттанды. Осы қасiреттi оқиғаға байланысты қаралы күн жа­рия­лау жөнiндегi жұртшылық талабын Қазақстан мемлекетi­нiң басшылығы ес­керусiз қалдырды. Бұл – өз халқын сыйламаушылық, халықтың қайғысына немкеттi қараушылық.
16 желтоқсан күнi Жаңаөзенде қасiреттi оқиға болды. Соның салдарынан көптеген отбасы асыраушысынан айырылып, қара жамылды. Ресми деректер бойынша, 16 адам қаза тауып, көптеген адам iз-түзсiз жоғалған. 7 ай ереуiлде тұрған мұнайшылар жанұялары да көмекке зәру, бiз үшiн әрбiр отандасымыздың өмiрi қымбат! Сондықтан бiз, белгiлi қоғам қайрат­керлерi мен ұлт жанашырлары, Жаңаөзен мен Шетпеде болған қанды оқиғадан жапа шеккен азаматтарға арналған көмек қорын құрдық. Саясат­керлердi, кәсiпкерлердi, қоғам қайрат­керлерi мен өнер жұлдыздарын ғана емес, барша халықты

Жаңаөзендегi, Шетпедегi қанды оқиғаға байланысты зиялы саналатындар негiзiнен екi түрлi көзқарасты бiлдiрдi, айтқан пiкiрлерi де бiр-бiрiне қайшы келдi. Билiктiң ресми ақпаратының шеңберiнен шықпай, асыраушы-жарылқаушысының қалаған әуе­нiне басқандардың сөздерi телеканалдар арқылы таратылды. Мемлекеттен қаржыландырылатын көптеген газеттерде жарияланды. Олардың бәрiнiң сөзiнiң мағынасы мынаған сайды: оқи­ғаға қатысқандар – тәуелсiз­дiгi­мiздiң 20 жылдығы мерекесiнiң шырқын бұзғандар. Қиратқандар мен өрт қой­ғандар – елдiң тыныштығын көре алмайтындар, маскүнемдер мен бұзақылар. Жетi ай бойы ереуiлдеген мұнайшылардың талап-тiлегi, жазықсыз халықтың оққа ұшып қаза табуы, жарақат алуы туралы жұмған ауыздарын ашпады.

“БИЫЛ БИЛIК АУЫСАДЫ, БIРАҚ ТӨҢКЕРIС ЖОЛЫМЕН ЕМЕС...”
Қоянды қыр асырмай жатып-ақ қан-жоса еттiк. Қазақ бағзыдан Қояннан секем алатын. Олай болатыны адамды да, малды да қынадай қырған атақты жұттардың бар­лығы қоян жылы болған. “Қоян жылының кiруi мен шығуы қиын болады”, – деп отыратын атам мар­құм. Бұл Қоян да сансыратып кiрiп, қансыратып шығып барады. Қаржы дағдарысынан шаршап-шалдығып кiр­ген­бiз Қоян жылына. Ал шығуымыз... Қоян жылы Қазақ ұлты үшiн де, қазақ билiгi үшiн де оңай жыл болған жоқ. Қазақ үшiн оңай болмады деуiмiздiң себебi – Жаңаөзенде билiктiң халыққа атқан әрбiр оғы барша қазақтың кеудесiне “зың-зың” етiп қадалып жатқандай әсер еттi. Билiкке оңай болмағаны – халыққа қарсы оқ атпай, қолын қандамай кете алмады...
САЙЛАУДАҒЫ КЕЗЕКТI САЙҚЫМАЗАҚ
“Нұр Отанды” мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдары көшбасшы партия деп қанша ұрандатып, жалаулат­қанымен, тым болмаса кешегi Ком­партия­ның көлеңкесiнiң ролiн атқаруға да жарамай тұрғаны өкiнiштi-ақ, әрине. Кеңес одағының кезiнде Компартияның мүшелерi “қызметiмнен босасам да партбилетiмдi сақтап қалайын” деп табандылық танытушы едi. Мiне, партия­ның беделi, партия алдындағы аманатқа адалдық. Ал бүгiнде “нұр­отандықтар” партбилетке пысқырып та қарамайтын болды. Олар мүшелiктен шығарып тастау қаупi төнсе де, алдағы мәслихат сайлауында бағын сынаудан бас тартпай, алған беттерiнен қайтпай, құқықтарының шектелгенiне келiспей өз мүмкiндiктерiн, қарым-қабiлеттерiн сынап көруге бел шешiп, белсендi түрде кiрiсiп те кеттi.
МӘЛІМДЕМЕ
Елiмiз күрделi ахуалды басынан өткеруде. Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мен Шетпеде бейбiт халыққа оқ атылып, ресми деректер бойынша полицияның қолынан 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды. Бiрақ осы оқиғаның iшiнде болған Ресейдiң, өзге де тәуелсiз журналистердiң, дәрiгерлердiң деректерi бойынша Жаңаөзенде 16 желтоқсан күнi 70-ке жуық, ендi бiр мәлiметтерге жүгiнсек, жүзден астам адам қазаланып, 500-ге тарта адам жараланған көрiнедi. 7 ай бойына билiкке талап қойған, халыққа кейбiреулердiң тапсырмасымен оқ атуға дейiн барған қарулы топты Еуропарламент, АҚШ Конгресi т.б. халықаралық ұйымдар айыптауда. Бұл қанды қырғын қоғамда ерекше наразылық туғызуда.

Желтоқсанның 29-ы күнi Қызылорда қаласында iздеуде жүрген лаңкестiң көзi жойылды. Бас прокуратура ақпарынша, Амангелдi көшесiндегi 3-үйдiң 80-пәтерiне бекiнген 40 жастағы Ерiк Аязбаев ұстау операциясы кезiнде өз еркiмен берiлуден бас тартқан. Тiптi, “Макаров” тапаншасымен оқ атып, қарулы қарсылық көрсеткен. Осыдан соң ҰҚК-нiң арнайы бөлiмшесi “Арыстанның” мергендерi лаңкестi нысанаға алып, о дүниеге аттандырып жiберiптi. Әйтеуiр, атыс кезiнде құқық қорғау органдары қызмет­керлерi мен бейбiт тұрғындар жапа шекпептi.

Қату қабақ, қобалжулы қырда ауыл.
Жалтақ болса, жүрекке жат, жыр – жауыр!
Маңғыстауда көрдiм кеше сұм дауыл –
Қарақия құшағында құмдауыл!
 
Тас екешiң тас та бүгiн тозған-ды,
Таста - таңба, өшпестейiн сөз қалды.
Көрдi бәрiн - аруақта көз бар-ды, -
Әулиелер сол күнi бiр қозғалды!
Д.А.Қонаев – 100
12 қаңтар – Д.А.Қонаевтың туған күнi. Демек, 2012 жылдың 12 қаңтары – аса көрнектi мемлекет қайраткерiнiң 100 жылдық мерейтойы. Екi Кенен тумайды, Алатауға ексең де, – деп Кенен Әзiрбаев айтқандай, Қонаев та қайта тумайды. Ал ендi қазақтың осы бiртуар ұлының 100 жылдық мерейтойын қалай атап өтiп жатырмыз? Жалпы, Д.А.Қонаевтың 100 жылдығы аса көрнектi мемлекет қайраткерiнiң iсi мен еңбегiне сай лайықты аталынып өтiп жатыр ма? Рас, Д.А.Қонаев елеусiз қалатын ер емес. Оның 100 жылдығының аталып өтетiнiне еш күмән жоқ. Бiрақ қай деңгейде, қандай дәрежеде аталып өтпек? Д.А.Қонаевтың қазаққа сiңiрген еңбегi аз емес. Ал сiңiрген еңбектiң өтеуi болу керек. Қонаевтың қазаққа сiңiрген еңбегiнiң өтеуi қалай қайтады? Кейiнгiлер оның ұлтқа, елге еткен еңбегiн кеңiнен насихаттап, Қонаевтың кiсiлiк қасиеттерiн (тазалығын! адалдығын! ұлттың қазынасы мен халықтың несiбесiне қол сұқпайтындығын!) ойға да, бойға да терең сiңiре бiлгенде ғана қайтады. Демек, Қонаевты насихаттау – оның өзi үшiн емес, кейiнгiлерге керек екен, кейiнгi ұрпаққа қажет екен. Ал бiрақ бұл ретте ресми билiктiң үн-түнсiз, тым-тырыс жатқаны несi?
Сенiм артып қараған саналы ерге,
Елдiң бәрiн өзiңдей дана көрме.
Рухын жерге жерлеген жұрт болса егер,
Сенi неге көмбесiн қара жерге.
Небiр қилы өткелден өткен талай,
Туған елге көңiлiң көктем-арай.
Күн ашықта басыңа бұлт үйiрсе,
Заманыңа артпайсың өкпе қалай.
2012 ЖЫЛҒЫ ӘДЕБИЕТ ПЕН ӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК СЫЙЛЫҚ ЖӨНIНДЕ
Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемле­кет­тiк сыйлығын беру жөнiндегi комиссия 2012 жылғы Мемлекеттiк сыйлыққа конкурс жариялады. Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығы отандық мәдениеттi дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған әдебиет пен өнер саласындағы аса үздiк шығармаларға берiледi. Кон­курс­тық шығармаларды қабылдау 2012 жылдың 1 ақпанына дейiн жүргiзiледi. Мемлекеттiк сыйлыққа үмiткер авторлар, олардың конкурсқа ұсынған еңбектерiнiң тiзiмдерi және үмiт­керлерi ұсынып отырған ұйымдардың
Кәрiмжан Әбдiрахманов, Еуропа чемпионатының қола жүлдегерi
Кәрiмжан Әбдiрахманов өткен ғасырдың сексенiншi жылдары жарқ етiп көрiндi. Ол бокс залына алғаш келгенде салмағы 24 келi болыпты. Ал бойы жайында өзi: “Мен 6-сыныпта, яғни 11 жасымда боксқа келгенде 1-сынып оқушыларынан аласа болатынмын”, – дейдi. КСРО чемпионатының бiр­неше мәрте жеңiмпазы, жас­өспiрiмдер арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегерi, бүгiнде бапкерлiк қызметте. Кәрiмжан аға боксқа тиесiлi саланың барлық сүзгiсiнен өттi. АИБА-ның төрешiсi болды. Елiмiздiң ұлттық құрамасында аға бапкер қызметiн де атқарды. Әуесқойлар арасында 17 жасында КСРО-ның құрамасына қабылданып, боксты доғарғанға дейiн 300-ге жуық жекпе-жек өткiзiп, 20-сында жеңiлiс тауыпты. 1985 жылы КСРО-ның үздiк боксшысы атанған Әбдi­рахманов қазақтың атын талай сайыста аспандатты
ЖЫЛ ҮЗДIКТЕРI – НОВАК, МАРИТ
82 елдiң 379 спорт журналисi қоян жылының үздiк 10 спортшысын анықтады. Спорттық басылымдардың халықаралық ассоциациясы (AIPS) жүргiзген сауалнама қорытындысында жылдың үздiк спортшысы болып серб теннисшiсi Новак Джокович танылды. Новактың бұл жетiстiкке жетуiне былтыр үш бiрдей “Үлкен дулыға” турнирiнде топ жаруы сеп болды. Ол 812 дауыс жинады. Екiншi сатыда Лионель Месси тұр. Каталондық “Барселона” мен Аргентина ұлттық құрамасының басты “көзiрiнен” кейiнгi үшiншi орынды ямайкалық желаяқ Усэйн Болт еншiледi. Болт былтыр әлем чемпионатында 100 метрге жүйткуде чемпион атанып қана қоймай, әлем рекордын да жаңартқан болатын.    
ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ТАҢҒАЖАЙЫП ОҚИҒА
Жақында Индонезияда таңғажайып оқиға болды. Бұдан жетi жыл бұрын, яғни 2004 жылғы желтоқсан айында цунами апатында өлдi деп саналған қыз арада 7 жыл салып өз ата-анасымен, бауырларымен қауышты. Сегiз жасар Вати ата-анасымен Суматра аралының маңында орналасқан Уджонг Баро ауылында тұратын. Өлiм мен өмiр арпалысқан сол күнгi 9 балдық жер сiлкiнiсi салдарынан болған күштi толқын бұлардың ауылын жермен-жексен еткен едi. Ватидың анасы Юсинар жанталаса балаларымен бiрге қауiп­сiз жерге жүгiрдi. Алайда алапат су толқыны Ватиды iлiп әкеттi. Мұндай сұм­дықты өз көзi­мен көрген Юсинар бұл жалғанда қызымен қайта қауы­шамын деп ойламаған едi.