1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (15668) 10 қаңтар, сейсенбі 2012
Өткен жұма күнi Алматының орталық алаңындағы Тәуелсiздiк монументiнiң жанында Маңғыстау облысындағы 2011 жылғы 16 желтоқсан күнгi қанды оқиғаны тексеру үшiн құрылған тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi мен қарапа­йым халық Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғында қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағыштап, бейбiт халыққа қару кезеп, оқ жаудырғандарды жауапқа тарту туралы тағы талап қойды. Жиналған жұртшылық құран оқылғаннан кейiн Тәуелсiздiк монументiнiң маңына гүл шоқтарын қойып, бiр минөт үнсiздiк жариялады. Қанды қырғында қаза тап­қандарды еске алуға жалпыұлттық социал-демократиялық пар­тиясының тең төрағасы Болат Әбiлев, партияның бас хатшысы
Кеше “Жас Алаш” газетi “Зия­лы қауым, бармысың?!” деген тақырыпта зиялылармен кездесу өткiздi. Кездесудi “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәрсенбай ашты. Бұрын да зиялы қауымның сөзiн тыңдап жүрмiз ғой. Бiрақ бұл жолы зиялылардың сөзi тым ащы, тым қатқыл шықты. Бұрындары бiреуi ашу шақырып сөйлесе, екiншiсi басу айтып жатушы едi. Бұл жолы... Иә, бұл жолы зиялыларымыздың баршасының да сөзi ашулы, ызалы әрi ызғарлы шықты. Әлденеге ашынып алғандай. Әлдекiмге азу тiсiн басып алғандай...
Бiздiң билiк өзiне керектi кейбiр адамдардың құқығын айрықша қорғап, оның “ақ дегенiн алғыс, қара дегенiн қарғыс” етедi. Бұл қатарға бүгiнде Ақор­даның ерекше шарапатына ие болған Алтыншаш Жағанованы жатқызуға әбден болады. Ал, керiсiнше, тiлiмiздiң жанашыры Мұхтар Шаханов сынды азаматтар билiктен теперiш көрiп, жолы кесiлiп жатса, таңғалмайтын болдық. Себебi бiздiң елде заңсыздық әлдеқашан әдетке айналып кеткен. Қасиеттi жұма күнi Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты «Руха­ният» партиясының Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) үстiнен жазған шағымын қарады. Руханияттықтар өз шағымдарында ОСК-ның партияны қаңтардың 15-iнде өтетiн парламент сайлауына қа­тыстырмау туралы ше­шi­мiн қайта қарауды талап еткен болатын.
АДАМНЫҢ ҚАНЫ ЖIБЕРМЕЙДI ДЕГЕН ОСЫ
Бiр жыл бұрын Египеттегi халық көтерiлiсiнде қан төгiлген-дi. Өз халқына оқ атушылар бөтендер емес, өз билiгiнiң өкiлдерi едi. Осыған қатысты Каирде өтiп жатқан сотта едiң бас айыптаушысы бұрынғы президент Хосни Мүбарак пен оның ұлдары Гамаль және Аляға, бұрынғы IIМ-дi басқарған Хабиб әл-Адлидi өлiм жазасына кесудi ресми сұрады. Наразылық танытушыларға оқ атқандарды дарға асу жазасын ұсынған бас прокурор Мұстафа Сүлеймен “Мүбарак халыққа оқ атуды бұйырмаған болса да, осы оқиғаға байланысты барлық кiнә соның мойнында” екенiн айтты. Мүбарак басқарған билiктiң тұсында жазықсыз адамдардың қаны төгiлiп, наразылық танытушыларға оқ жаудырылды. Адам қанының ұзаққа жiбер­мейтiнiн Араб елдерiндегi жағдай дәлелдедi.

Жаңа жыл қарсаңында өзiн Гүлғайша деп таныстырған көпбалалы ана хабарласып, былай дедi: “Мына қу тiршiлiктiң ауыртпалығынан жүйкем тозып, қанқұса болып отырмын. Ауылда күн көре алмай, отбасымызбен қалаға көшiп келгенiмiзге, мiне, 5 жыл толды. Жесiрмiн. Басымызда баспана жоқ. Әлi күнге бес баламмен бiр бөлмелi жатақхананы жалдап тұрамыз. Балаларым қара жұмыс iстеп жүр. Тапқан табысымыз iшкен асымыз бен киетiн киiмiмiзге де жетпейдi. Ары тартсам – арба сынады, берi тартсам – өгiз өледi. Әйтеуiр, өлместiң күнiн кешiп жүрген жайымыз бар. Күндiз-түнi жұмыс iстеп, арқа етiмiз арша, борбай етiмiз борша болғанша тiрлiктi түзеуге күш салып жүрмiз. Бiрақ оңалатын түрiмiз жоқ. Мұндай қу тiршiлiкке қашанғы төземiз?”

ҚАРАҚШЫНЫҢ ҚОЖАСЫ КIМ?
Алматы облысы Райымбек ауданындағы тұрғылықты жұрттың негiзгi кәсiбi де, нәсiбi де – мал. Сатып пұл­дап, сойып талғажау етiп күнелтетiн елдiң бүгiнде басты үрейi ұрылар болып алыпты. “Даланың тағысы жырт­қыш та бұлай жасамас” дейдi ашын­ған ел. Жазда жайлаудан, қыста өрiстен үйiрiмен айдап алып кететiн баукеспелер iзiн суытып, қылмыс бер­тiн­ге дейiн ашылмай келгенiн айтады зәрезап болған ел.  Сiз мынадай жайды естi­дiңiз бе? Бiр ауданның бiр­неше ауылының малын үйiрi­мен айдап әкетiп, сойып, жiлiктеп сатып келген ұрыларды ұстаған полиция инспекторларының үстiнен 17 мәрте мал ұрлығын ашқандары үшiн өздерiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғалып, сұраққа алынғанын. Иә, дәл сондай жай Алматы облысының екi мемлекетпен (Қытай, Қырғыз) шекаралас ауданында болып отыр.
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ БАСТАМАСЫНЫҢ СОҢҒЫ АЯЛДАМАСЫ
 
Былтырғы жыл түгесiлер тұста Кедендiк одаққа мүше елдердiң басшылары Мәскеуде бас қосып, Бiртұтас экономикалық кеңiстiктi реттейтiн құжаттарға қол қойып, Еуразиялық экономикалық интеграция жөнiндегi декларацияны ратификациялаған едi. Ендi биылғы жылдан бастап Бiртұтас экономикалық кеңiстiк аумағындағы тауар, капитал мен жұмыс күшi емiн-еркiн қозғалатын болды. Демек, бұдан былай Ресей мен Беларусьтен ағылатын мигранттар Қазақстанда еңбек квотасынсыз жұмыс iстей алмақ. Ми­г­рант­тардың санына қойылатын шектеу мен жұмыс iстеуге берiлетiн рұқсат та өз күшiн жойды. Қазақ­стан­ға жұмысқа келетiн беларусьтықтар мен ресейлiктер және олардың отбасы мүшелерi отыз күнге дейiн миграциялық тiркеуден де босатылды.

Кеше Алматыда баспасөз жиынын өткiзген Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi Б.Әбiлев, Г.Ерғалиева және Р.Сәрсенбайұлы 6 қаңтар күнi Ақтау және Жаңаөзен қалаларына, Шетпе стансасына барып қайтқан. Олар облыс әкiмi Бауыржан Мұхамеджановпен, Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабыловпен, Iшкi iстер министрлiгi мен Бас прокуратураның тергеу тобының өкiлдерiмен де кездескен. Комиссия мүшелерi өздерiне ресми орындар берген ақпарат пен шетпелiк тұрғындардың жеткiзген мәлiметтерi үйлеспейтiнiн айтады. 16-17 желтоқсанда қарусыз алаңға шыққан бейбiт тұрғындарға оқ атқандар кiм? Халыққа қарсы оқ атуға бұйрық берген кiм? Осы қанды оқиғада қайтыс болғандар мен жараланғандардың нақты саны қанша?

Дарынды ақынымыз Темiрше Сарыбайұлы өзiнiң бiр өлеңiнде   “Қонаев - адалдық өлшемi” дей келiп, осы өлеңдi “Қонаев – қазақтың қанағат мектебi” деп қорытындылайды. Ақын өлеңiнiң осы бiр ғана тармағына Д.А.Қонаев туралы күллi шындық сыйып кетiп тұрғандай.  “Қазақтың қанағат мектебi”. Тойымсыз адам қанағат ете ала ма? Ешуақытта! Ары бар, иманы бар, ұяты бар адам ғана қанағат етедi. Айтпақшы, қанағатшылдық – рухы бар, намысы бар адамның тiрлiгi. Ұлттық намысы жоқ, намыссыз адам ешуақытта қанағат етпейдi. Жалпы, қанағатсыздық – тексiз, нәсiлсiз адамға тән қылық. Мұсылманшылық, жалпы мұсылман философиясы қанағатшылдықты ең қажеттi, аса маңызды құндылық деп есептейдi. 12 қаңтар – қазақтың қанағат мектебi бола бiлген аса көрнектi қайраткерiмiз Д.А.Қонаевтың туған күнi әрi 100 жылдық мерейтойы. Бiз газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Д.А.Қонаев туралы бiр топ зиялы қауымның пiкiрiн берген едiк.
Қазiргi күнi қазақы әдет-ғұрыптан аттап, ерiнiң алдындағы биязылықты, инабаттылықты, әдептiлiктi, қарапайымдылықты жоғалтқан әйелдер көбейдi. Күйеуiнен асып түсудi ойлап, кердеңдейтiн келiншектер пайда болды. Отбасылық қаражатты күйеуiнен артық тапқанын, бала тәрбиесiмен өзi көбiрек айналысатынын мiндет етiп, отбасылық билiктi қолына алған әйелдер де аз емес. Қызметте әкiм бол, министр бол, бiрақ балаларыңның әкесiмен санассаң, оны құрметтесең, сыйласаң, қас-қабағына қарап, айт­қанын тыңдасаң, еркектiң мерейi көтерiледi. Ертеректе сауын сиыр фермасында ерлi-зайыпты бiр отбасы еңбек еткен едi. Күйеуi қағiлез шағын денелi де, әйелi етжеңдi, толық денелi болатын.

Қазақ лингвистерi қа­зақстандықтардың есiм­дерi мен ататегiнiң дұ­рыс жазылуы туралы нұс­қаулық жасауды қолға алды. Тегiмiздегi «-ов»,    «-ев», «-ин»- нiң орнын алдағы уақытта бiрыңғай қазақы жұрнақтар алмастырады. Әр ұлттың өзiне тән ата тегi мен есiмдерi­нiң жазылу үлгiсi бар. Бұл туралы көптен берi айтылып, жазылып келедi. Әйткенмен, басқа басқа осы күнге дейiн ататегi­мiз­ге жараспайтын жұр­нақ­тармен келдiк. Мәдениет министрлiгiнiң тiл­дер комитетiнiң төрағасы Шерубай Құрманбайұлы әзiрге фамилия жазу үлгiсiнiң он жетi-он сегiз нұсқасын қарастырып жат­қандарын айтады.

КАРАОКЕДЕ ӘН САЛУ ПАЙДАЛЫ
Таяуда сарапшылар караокеде ән салудың пайдалы екенiн мәлiм еттi. Олардың сөзiне қарағанда, жалғыз ән айтқаннан гөрi достарың мен жақындарыңның ортасында караокеде өлең айту жүрек-қан тамырларының ауруын болдырмайтын көрiнедi. Көңiл көтерудiң бұл әдiсiн жапондық ғалымдар жүйке жүйесiнiң шаршауын басады дейдi. Қырық пен алпыс жас арасындағы он тоғыз мың еркек, әйелге жүргiзiлген тәжiрибе осындай түйiнге тоқтапты.
 
Австралиялық зерттеушiлер көптеген компьютер пернетақталарының (клавиатура) қоздырғыш вирустар­ға толы екенiн анықтаған. Университеттiң компьютер бөлмесiндегi әркiм пайдаланатын пернетақтаның жеке адамның пернетақтасынан әлдеқайда зиян вирустарға толы екенi дәлелденген. 
ЕРКЕККЕ ҰНАУДЫҢ ТОҒЫЗ ТӘСIЛI
1.            Үй iшiнде киетiн киiмiңiз тап-тұйнақтай, жинақы болсын. Түймесi түгел емес, етегi сөгiлген киiм күйеуiңiздiң көзiне бiрден түседi. Сондықтан басыңыздан аяғыңызға дейiн мұқият болуды ұмытпаңыз.
2.            Адамның ажарын шашы ашады. Бiрақ солай екен деп, шашты жарасымсыз түске бояп, бұйралаудың керегi жоқ. Бар болғаны тарап, жинап қою ғана жетедi.
3.            Өз сыртқы келбетiңiзге ажар берiп тұруы үшiн, аздап боянып, әтiр себiну артық болмайды.
4.            Сонымен қатар үйдегi ыдыс-аяқтан бастап, басқа да жиһаз, заттардың таза болуы сiздiң ұқыптылығыңызды бiлдiредi. Тазалық пен тәртiп бар жердiң кез келген жанға ұнайтынын есте сақтаңыз.
Mojazarplata.kz есебiнше, шағын той жасайтын қазақтар кемiнде бiр миллион теңге жұмсайтын көрiнедi. Жалпы, қазақты думан-тойсыз елестету мүмкiн емес. Бұрындары жайлаудың таза ауасында көкпар тартып, бәйге ша­уып, дүрiлдетiп той өткiзсе, жаңа қазақтар “банкет” деген атау­мен қазiр мейрамханаларда қуанышын атап өтедi. Жүз    жиырма, жүз елу кiсiнi қонақ етуге әлгiндей миллион теңге жұмсалады екен. Ал бұл көрсеткiш елiмiздiң әр өңiрiнде өзгерiске түсерi сөзсiз. Мәселен, Оңтүстiктiң тойын Орталық Қазақстандағы тоймен салытыруға келмейдi. Сондықтан әр өңiрдiң өзiне сай қалыптасқан дәстүр-тәртiбi барын да ескерген жөн.  Американың Флорида штатында өтетiн тойдың шығыны қазақтардың тойынан кем емес екен. Бiр ғана тойға арналған тортқа 29 000 теңгеден бастап 145 000-ға дейiн ақша
“АРЛАНДАРДЫҢ” САНЫ АРТТЫ
“Астана арландарының” қатары тағы да үш боксшымен толықты. Самат Бәшенов пен Рүстем Сыбаев “арландарға” қосылды. Сонымен бiрге украиналық Андрей Томчук те елордалық клубтың намысын қор­ғайтын болады. Рүстем Сыбаев екi жыл қатарынан ел чемпионы, былтыр Кореяда өткен Азия чемпионатында күмiс жүлдегер атанды. Бәшенов те оңайдан емес. 2005 жылы жасөспiрiмдер арасында ел чемпионатында топ жарған соң-ақ мамандардың назарында болды. 2006 жылы жасөспiрiмдер арасында Азия чемпионатында чемпион атанып, ересектер арасындағы сын­ға да қатысты. 2010 жылғы ел чемпионатында күмiс жүлдегер болды. Былтырғы