1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №3 (15669) 12 қаңтар, бейсенбі 2012
Д.А.Қонаев – 100
Халқымыздың үлкен-кiшiсi түгел Д.А.Қонаевты неге ерекше, елжiрей жақсы көредi? Мұның сыры неде? Димекеңнiң қолы да, ары да таза едi. Тазалықты жек көретiн адам баласы болушы ма едi?! Халықтың Димекеңдi ерекше жақсы көруiнiң бiр себебi де осында жатыр. Түйiндей, жинақтай, сығымдай айтар болсақ, Д.А.Қонаев ел басқару iсiнде төмендегiдей ұстанымға жүгiндi: “Әрбiр адам өз орнында отыруы керек!” Шынында да, Д.А.Қонаевтың тұсында әрбiр адам өзiнiң қарым-қабiлетiне, бiлiм-бiлiгiне, таным-тақылетiне, өре-өрiсiне, деңгей-дәрежесiне сай өз орындарында отырды. Ғылымға бейiмi барлар ғылыммен, өнерге бейiмi барлар өнермен айналысты. Үлгiлi, өнегелi, бiлiмдi адамдар оқытушылықпен, ағартушылықпен шұғылданды. Пара алмайтын, ұлтқа жаны ашитын, таза, әдiл, ұстамды, бiлiктi тұлғалар ауданды, облысты, минис­трлiк­тердi басқарды. Ұры-қары, кәз­зап, залым, алаяқтар түрмеде отырды...
ҰПАЙ ЖИНАУДЫҢ ЕСКIРГЕН ТӘСIЛIН ПРЕЗИДЕНТ ТАҒЫ ПАЙДАЛАНДЫ
Қаңтардың 10-ы күнi Қазақстан президентi Нұр­сұлтан Назарбаев Конституциялық кеңестiң Жаңаөзен қаласында мәжiлiс пен мәслихат сайлауын өткiзбеу туралы 6 қаңтардағы қаулысына вето қойды. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов таңданған түр көрсетiп, президенттiң бұл шешiмiне қатысты түсiнiктеме бере алмайтынын айтты.
“Азаттыққа” сұхбат берген заң ғылымдарының докторы Абдулсамих Айтқожиннiң айтуынша, Жаңа­өзенде сайлау өткiзбеу туралы ОСК-нiң шешiмi күшiн жоймайды. Сайлау Жаңаөзен тұрғындарының қатысуынсыз өтедi. “Конституциялық кеңестiң түсiн­дiрмесiне президент вето қоя алмайды. Бұл – бұрын-соңды болмаған жағдай. Конституциялық кеңес төтенше жағдай тәртiбiндегi Жаңаөзенде
Бiз, Мәжiлiс сайлауына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тiзiмi бойынша депутаттыққа кандидат болып тiркелген үмiткерлер – Рысбек Сәрсенбай, Серғазы Мұхтарбек 2012 жылғы 15 қаңтардағы сайлауға қатысудан бас тартатынымызды мәлiмдеймiз.  Айналып соғатын экономикалық дағдарыстан зәре-құты қалмай қорыққан нұротандық парламент өзiн-өзi таратып тынды. Ескiлiктi әдетпен кезектен тыс сайлау жария­ланды. Жау қуып келе жатқандай оны Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы мерекесi мен жаңа жылға қабаттас­тырды. Күнделiктi дәрiптелiп жат­қан “Нұр Отаннан” басқа партиялар сайлау алды үгiт-насихатты жүр­гiзiп үлгермесiн деген бақай есеп. Мұны да қойшы дедiк. Қолынан келдi, қонышынан басты.
 1970 жылдары Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев Қарқаралыға келдi. Иiсi түркi жұртынан Саяси Бюроның мүшесi болып, ұлы державаның саусақпен санарлық көсем­дердiң бiрiне һәм бiрегейiне айналған адамның атақ-даңқы аңыз болып тұрған заман-ды. “Жақсыны көрмек үшiн” демекшi, Қарқаралы сол күнi Сарыарқаға Алатау көшiп келгендей дүрлiгiп кеттi. Еңбектеген баладан, еңкейген кәрi-құртаңға дейiн көшеде. Басы жұмыр пенде баласына ұлтының бiр туар ұлының ғазиз дидарын бiр көрудiң өзi бiр мәртебе екенiне көз сонда жеттi. Асқар таудай Азамат екен! Алла сүйген құлын осылайша артық жаратады. Эпос­тағы Еңсегей бойлы Ер Есiм де осындай-ақ болар. 
1976 жылы қызмет кабинетiнде отырған кезiмде (ол кезде Калинин атындағы колхоздың партия комитетiнiң секретары едiм) сағат кешкi 5-6 шамасында сол кездегi аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ахметбек Әспетов телефон шалды. “Ертең көршiлес Меркi ауданында ауыл шаруашылығына арналған семинар өтедi, оған Дiнмұхамед Ахмет­ұлы Қонаевтың өзi қатысады, қайтар жолында ауданымызға атбасын бұрады”, – деп ескерттi. Сол күнi колхоздың бастығы Айтжан Әбiшев iс-сапармен Жамбыл қаласына кеткен едi. Сонымен қарбалас шақ басталып кеттi. Жедел ауыл активiмен ақылдасып, әрқайсысына тапсырма бердiм. Калинин колхозы Алматы – Шымкент тас жолына жақындау ор­налас­қан.
 1967 жылдың қыркүйек айында Челябi облысының Троицк қаласындағы малдәрiгерлiк институтқа Алматыдан 40 қазақ жiгiтi бардық. Оқуға. Бұлар Алматыдағы жоғары оқу орындарына конкурстан өте алмаған абитуриенттер едi. 1967 және 1968 жылдары қазақ жастары Ресейдiң, Украинаның жоғары оқу орындарына конкурстан тыс оқуға жiберiлдi. 1967 жылы мен өз қала­уыммен Троицкiге оқуға түскен болатынмын. Үйiм де Троицк қаласымен шекаралас болғандықтан мұнда оқу ыңғайлы. Келгендер негiзiнен Қазақстанның оңтүстiк облыстарынан, бiрлi-жарымы Қарағандыдан, Көкшетаудан. Ақтөбе­лiк­тер мен торғайлықтар да бар. Оңтүстiктiң жiгiттерi — денi қазақ мектебiн бiтiргендер, орыс тiлiн бiле қоймайды. Орыс тiлiн бiлмеймiз деп қамығып жүрген олар жоқ.
Анатолий Иванович Го­р­яиновпен (Д.А.Қонаевтың комиссары – ред.) үшiншi рет жолыққанымда: “Димаш Ахмет­ұлының қайғырған кезiн көрдiңiз бе?” – деген сұрақ қойдым.
– Көрдiм, – дедi бiрден, – 1982 жылдың 10 қарашасы. Димаш Ахметұлы кезектi демалысында жүрген едi. Ол кiсi жылда демалысын қазан айының 15-iнен бастап алып, оны қарашаның 15-iне дейiн созатын. Оныншы қараша, яғни милиция күнi бiз аң аулағалы Алматыдан 100 шақырым шал­ғайдағы Қарашеңгелге аттандық. Ауа райы күрт бұзылып, қар аралас жаңбыр жауа бастады. Батыстан үдере соққан жел екпiнi панасыз, жалтаң жерде бейғам тұрған адамды ай-шайға қаратпай алдына сап дедектетiп, қуып ала жө­нелетiндей өте жылдам, екпiндi едi.

...Дастарқанның төрiне қадiрлi қонақтарды отырғыздық. Бұл жердегi асабалықты ауыл ақсақалы Бекежан Тоқсанбаев өз қолына алып, ауылдың мән-жайын, сол жерде қатысып отырған жiгiттермен жақыннан таныстырып, әңгiменi толастатпай, қыздырып отырды. Бiрiншi болып Димекең сөз сөйлеп, өз ризашылығын бiлдiрдi, жiгiттерге денсаулық, бақыт тiледi. Сол сияқты басқа кiсiлер де жақсы тiлектер айтып, рақметтерiн жаудырып жатты. Бiраздан соң Жызақ облыстық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы, облыстың хокимi Эркин Тұрсынов, оның орынбасары Уктам Олимов келiп, Димекеңе сәлем бердi. Қадiрлi қонақтың қасында бiраз болып, әңгiмелестi.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ДЕГЕН IЗГI ТIЛЕКТЕРI
«Мен тәңiрi сыйға тартқан бiраз жасқа келдiм. Жақсылықты да көрдiм, жан ауыртқан күндердi де бастан кештiм. Ол менiң ғұмырым... Ат жалын тартып мiнген азамат кезден алдыма қойған бар арман, бар мақсат елмен еншiлес болды, халқым. Соған қалтқысыз қызмет еттiм, аманатыңа адал болдым... Бiрiншiден, үрейден аулақ болайық. Сенiм жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтiн iс емес. Жұмыла көтерейiк. Екiншiден, тату үйге тақсiрет жуы­майды. Бiрлiгiңе ие бол. Үшiншiден, өзiңе жақсылық тiлесең, өзгеге жамандық қылма!”
«Ұлттық зиялы деп кiмдердi айтамыз? Бiр қарағанда, жеңiл көрiнгенiмен, шын мәнiнде бұл сұрауға дұрыс жауап қайыру оңай емес. Оқыған, тәрбие көрген адамның бәрiн зиялы деп атап, оны сол адам өзi тән болған ұлттың “ұлттық зиялысы” қатарына қоса беруге болады деп ойласақ, сөзсiз қателесемiз. Бiздiңше, белгiлi бiр мұрат-мақсаттардың соңында жүрген және сол белгiлi мұрат-мақсаттар төңiрегiне жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтiк дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кiре алады. Зиялылардың мiндетi ұлы да қасиеттi болуы себептi өте ауыр.

– Егер сайлау ерте күзде өтетiн болса, онда ол билiкке оңай тимейтiн едi. Қараңыз, қарашаның 16-сы күнi парла­менттiң таратылуы жөнiндегi жарлыққа қол қойылды. Алдымызда бiр айдан соң ел үшiн үлкен мереке-Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы келе жатты. Желтоқсан күресiне 25 жыл толды. Одан кейiн iле-шала жаңа жыл келедi. Ол да – халықтың дәстүрiне енген мейрам. Одан соң христиан дiнiн­дегiлердiң рождествосы жеттi. Осылармен қат-қабат сайлау науқаны жүрiп жатыр. Өзiнiң халқын сыйлаған президент пен билiк осындай аталмыш шараны мұндай уақытта өткiзбесе керек едi. Оның үстiне уақыт тығыз болған соң, ешбiр қамсыз жүрген саяси партия­лар етек-жеңiн жиып үлгере алмай жатыр. Билiк осының барлығын есепке алғаны сөзсiз.

Киелi Маңғыстаудың қара жамылғанына бүгiн 27 күн толды. Кешегi Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғыннан 17 адам қаза тауып, 107 адам жараланып, 47 адамның үстiнен қылмыстық iс қозғалып, абақтыға қамалды. Ал уақытша түрмеге қамалғандардың, көшеде тұрып солдаттарға тоналғандардың, қорлан­ғандар мен зорланғандардың, жоғал­ғандардың нақты есебi жоқ. Жоғарыдағы цифрлар билiктiң әбден елек-сүзгiсiнен өтiп, амалсыздан мойындауға мәжбүр болған фактiлер. Ал жергiлiктi халықтың айтуы бо­йынша, өл­гендердiң саны жүзге, оқтан жарақат алғандардың саны жарты мыңға жетiп жығылады.

“НҰР ОТАННЫҢ” КҮЛКIГЕ ҰШЫРАУЫНА ӘКIМДЕР КIНӘЛI
“Күлсең, “Нұр Отанға” күл... Сайлаудағы кезектi сайқымазақ” деген көлемдi мақалаға көңiлi толған көп оқырманның бiрi – менмiн. (“Жас Алаш”, 5 қаңтар, 2011 жыл). Шымбайға батар шындықты айтқан сол мақалада облыс әкiмi, “Нұр Отанның” облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметов мәслихат сайлауына партияның атынан бақ сынайтын үмiткерлердi iрiктегенде бизнесмендерге, қалталыларға көбiрек таңдау жасағаны сынға iлiккен екен. Мырзахметов салған сүрлеуге оның қай қызметке барса да қасынан қалмайтын кадры, “Нұр Отанның” Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы, аудан әкiмi Серiк Тұрбеков те түстi. Бастығынан солай тапсырма алғаны ма, әлде ақылының жеткенi осы ма, ол жағын кiм бiлсiн... Әйтеуiр, бүгiнде жоғарыдағы басшылардың қадамын төмендегiлердiң айна-қатесiз қайталауы әбден әдетке айналып кеттi ғой.

Кеше Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында “Stan.kz” бейнепорталының қызметкерлерi президент Н.Назарбаевқа ашық хат жолдап, мәлiмдеме жасады. “Бейбiт халыққа оқ атуды адамзатқа қастандық деп бiлетiн халықаралық адам құқығын қорғаушы ұйымдар Жаңаөзен оқиғасының себептерiн шынайы зерттеу керектiгiн алға тартуда. Желтоқсанның 23-не Жаңаөзенге барған сапарыңызда, Сiз құзырлы органдарға қаладағы қайғылы оқиғаны ашық әрi әдiлеттi тергеудi тапсырдыңыз. Бұған қоса БАҚ өкiлдерi халыққа шынайы және жан-жақты ақпарат жеткiзуi керек дедiңiз. Бiрақ Жаңаөзендегi төтенше жағдайда журналистерге қазiргiдей қысым көрсетiлiп жатқан шақта қайғылы оқиғаның ақ-қарасын анықтау мүмкiн емес” делiнген ашық хатта.

Назар аударыңыздар! Конкурс!
“Алтынбек Сәрсенбай­ұлы қоры” ҚҚ қазақтiлдi және орыстiлдi бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы дәстүрлi Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы сая­си журналистика мен публицистика саласындағы жетiстiктерi үшiн табыс етiлетiн жүлденiң 2011 жыл­ғы иегерлерiн анықтау жөнiндегi конкурсқа құжаттар мен материалдарды қабылдауды бастады.
Конкурсқа қырық жас­қа дейiнгi баспасөз және интернет авторлары қатыса алады.
Конкурсқа 2011 жылдың 1 қаңтары мен 2011 жылдың 31 желтоқсаны аралығында жарияланған мақалалар қабылданады. Мақалалар мен құжаттарды қабылдау 2012 жылдың 31 қаңтарына дейiн жалғасады.

Осы аптаның сенбi-жек­сенбiсiнде Алматыға әлемнiң үздiк дзюдо шеберлерi жиналады. Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында әлемнiң әр түкпiрiнен (40 елден) келген дзюдошылар екi күн бойы жүлделердi сарапқа салады. “Әлемдiк шеберлер” деп аталатын бұл ду осымен үшiншi мәрте өткiзiлiп отыр. Халықаралық дюздо федерациясының қолдауымен   Алматыда болатын сынға қатысушылардың 9-ы – олимпиада чемпио­ны. Оле Бишофф, Илиас Илиадис, Эльнур Маммедли, Найдан Тувшинбаяр, Ираклий Цирекидзе, Тунь Вэнь, Ян Сюли, Алина Думитру, Джулиа Квинтавалле сынды олимп шыңын бағындырған мықтылар Алатау бөктерiнде алпарысатын болады. Максим Раков бас­таған әлем чемпиондары да осы сында бақтарын сынайды.

ҚОЛА ҒАНА
Ресейдiң Түмен қаласында өткен Иван Поддубный мемориа­лынан елiмiздiң балуандары жал­ғыз қоламен қайтты.
“Кiшi әлем чемпионаты” аталатын белдесудiң алғашқы күнi кiлемге шыққан Бейбiт Нұғыманов 66 келiде олимпиада чемпионы Исламбек Альбиевтен өте алмаған. Бiрақ Альбиев финалға шығып, Бейбiтке қола жүлде үшiн таласуға жол ашылды. Барын салған Нұғыманов мәскеулiк Амбака Вачадзенi 2:1 есебiмен ұтты. Артур Үмбетқалиев (55 келi) жарыстағы сапарын алғашқы белдесуден кейiн-ақ аяқтады. Роман Мелешин (84 келi) де жарысты орта жолдан үзген. Романды жеңген Серов Григорян финалға шыққандықтан жұбаныш белдесуiне мүмкiндiк туған едi. Алайда Мелешиннен башқұртстандық Азамат Бикбаев мықты шықты. 96 келiде белдескен Нико Тваболошвилидi екiншi айналымда Рустам Тотров тоқтатты.