1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (15670) 17 қаңтар, сейсенбі 2012
Президенттiң сөзiне сенген халық тағы да оңбай алданды
Парламент мәжiлiсiне және жергiлiктi мәслихаттарға депутаттарды сайлау додасы аяқталды. Кезектен тыс мәжiлiс және мәслихат сайлауына сайлаушылардың 75-80 пайызы қатысқаны туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұр­ғанқұлов сайлаудан кейiн өткен брифингте хабарлады. Бiрақ ОСК-тiң төрағасы бұл пайыздың қалай және қандай жолмен келгенiн айтпады. Халықтың осынша пайызы қатысатын әдiл сайлау өттi ме? Бұл сайлау несiмен ерекшелендi?
Сайлау қорытындысымен келiспеген оппози­ция­лық ЖСДП партиясы қаңтардың 17-сi күнi түскi сағат бiрде митингiге шықпақ. Бұл жолғы наразылық шарасы әдетте­гiдей “Сарыарқа” кино­театрының артындағы алаңқайда емес, Республика алаңында өтедi. “15 қаңтардан бастап оппозицияның тактикасы түбегейлi өзгермек, билiк пен оппозиция арақатынасының жаңа кезеңi басталмақ”, – дейдi ЖСДП өкiлдерi. Дүйсенбi күнi баспасөз мә­жiлiсiн өткiзген ЖСДП-лықтар сайлау қорытындысын мойындамайтынын, оның нәтижесiн жоққа шығаруды табандап талап ете­тiнiн мәлiмдедi. Сондай-ақ оппозициялық партия “Сайлау туралы” заңға тиiстi өзгерiстер енгiзiлген соң парламент сайлауын өз мерзiмiнде – 18 тамызда өткiзу қажет деп есептейдi. ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай оппозициялық партияның парламентке өте алмауының кесiрiнен қоғамда жарылыс болуы мүмкiн дейдi. Әрi ол мұндай жарылысқа оппозициялық күштер­дiң қатысы болмайтынын ескерттi.
15 қаңтарда өткен мәслихат сайлауы барысында №6 Төле би сайлау округiне қарасты №61 Сәтбаев учаскесiнде заңбұзушылықтар болды. Сол себептi де аудандық сотқа осы округ бойынша сайлау қорытындыларын заңсыз деп тану жөнiнде арыз бердiм. Сондай-ақ Қазалы ауданы әкiмi атына әдiлетсiздiкке байланысты 29 қаңтардан бастап аштық жария­лайтынымды ескертiп хат жолдадым. Мен осы округ бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үмiткер едiм. Жоғарыда көрсетiлген сайлау учаскесiне 2320 тұрғын тiркелген екен, соның 2051-i қатысыпты.
Депутаттарын ың-шыңсыз сайлайтын елдiң бас партиясының Атырау облыстық филиалы өткен аптада аяқ асты кезектен тыс саяси кеңес өткiзiп, айды аспанға бiр шығарды. Саяси кеңесте Атырау облысындағы Индер, Құрманғазы аудандары тұрғындарының хаты талқыға түстi. Олар бұған дейiн сайлау алды кездесу өткiзген мәжiлiс депутаттығына кандидат Айгүл Соловьеваның елмен кездесуге дайындықсыз келгенiне әрi қазақ тiлiнде жарытып жауап айта алмағанына шағымданған.  “…оның кездесу барысында дайын­дықсыз келiп айтқан не орысша емес, не қазақша емес сөздерiн ешкiм түсiне алмады. 92 пайызы қазақтiлдi Атырау облысы үшiн оның өзi
Бiр ай сандалтып, сергелдеңге салған сайлауды да өткiзiп, тындық. Алаулатып-жалаулатып, жан алып, жан берiп жанталас­қан “Нұр Отан” ХДП болмаса, сайлауалды марафонында бiздiң аймақтан басқа партияларды көре алмадық.
Айтпақшы, партиялас әрiптестерiн қолдау мақсатында арнайы келген “Әдiлет” партиясынан Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттығына үмiткерлер Уәлихан Қайсаров пен Мәди Артығалиев кеншiлермен кездесу өткiздi. Олар өндiрiстегi еңбек жағдайының ауырлығына, кәсiптiк ауруға шалдыққандарға берiлетiн жәрдемақының ойдағыдай болмай отырғанына шағымданды. Басшы-қосшысы қалмай “Нұр Отанның” шашбауын көтерген “Қазақмыстың” қамытын кигендердiң бетiн берi қарату қиын деп ойласа керек, қалған партиялар қарасын көрсетпедi.
Жаңаөзенде сайлау алды науқаны қалада полицейлiк қарауыл­дарды ерекше күшейтумен басталды. Қалаға кiре берiстегi блокпостарда кiрген адамдарды қойдай көгендеп, тiзiмге алды. Қаңтардың 14-i күнi Жаңаөзендегi бақылау бұрынғысынан күшея түстi. Қалаға кiретiн барлық көлiктер мен оның жолаушылары қатаң тексеру мен тiзiмдеуден өттi. Көлiктiң көптiгi сондай ұзын сонар тiзбек орын алып, адамдар өз кезектерiн сағаттап күттi. Жаңаөзенде қала күнделiктi қалыпты тiршiлiгiн жалғастырып жатты. Бiрақ мектеп оқушылары бұл күнi түстен кейiн тек екi сағат қана сабақ өткенiн айтады. Көп қабатты үйлердiң бiрiнiң алдында қуанышты бүлдiршiннiң дау­сы естiлдi.
Аяқ астынан апыр-топыр басталған сайлау науқаны да өте шықты. “Күрiштiң арқасында күрмек су iшедi” дегендей, қайсыбiр беделдi партиялардың туын көтерген аты-жөнi белгiсiз бiреулер депутаттыққа сайланып жатса, халыққа шын мәнiнде бүйрегi бұратын кейбiр азаматтардың аттары сүрiнiп жатыр. Қысқаша айтсақ, сол баяғы саяси ойын, бармақ басты, көз қысты. Алдын ала жүргiзiлген есепке сенсек, жалпы ел бо­йынша 80,74 пайыз дауыс жинады делiнген, басында президенттiң өзi тұрған “Нұр Отанды” алға шығарарына ешкiм шүбә келтiрмеген. Өйтпегенде ше? Қайсыбiр жерлерде көшеде жүрген халықты арнайы көлiкпен жинап апарып, қалталарына тиын-тебен салып

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Астана қаласындағы төрағасы Серiкбай Әлiбаев “Елордада сайлау басталысымен заңсыздықтар орын алды” деп мәлiмдедi. Оның айтуынша, ОСК таңертеңнен бастап партияның 10-нан астам өкiлiн сайлау учаскелерiне кiргiзбей әбден әуреге салған көрiнедi. “Бiздiң адамдарымызды сайлау учаскелерiне кiргiзбеудiң астарында нағыз заңбұзушылық жатыр. Өйткенi таңертең сайлау бюллетеньдерiн ашқанда, оның iшiнде артық бюллетеньдер болуы әбден мүмкiн. Аталған жағдай билiктiң заңсыз сайлау өткiзуге алдын ала дайындалғанын көрсетедi” дейдi партияның Астанадағы жетекшiсi.

15 қаңтар – Заманбек Нұрқадiловтiң туған күнi
12 қаңтарда “қазақтың қанағат мектебi” Дiнмұхамед Қонаевтың мерейтойы өттi. Ресми жиын болды, Димекеңнiң өзi тұрған үйiнен мұражай ашылды, зиратына гүл шоқтары қойылды. Мерейтой осымен бiттi. Димекеңнiң мерейтойына арналған жиынға президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. “Оны (Димекеңдi – Е.Р.) тәуелсiздiкке дейiнгi тарихымыздың тегеурiндi тұлғасы деп бағалауымыз қажет”, – дедi президент. Ал тәуелсiздiктен кейiн ше? Димекеңнiң аруағының құрметiне арналған жиын президент Н.Назарбаевты мақтаумен өттi. “Бүкiл әлем таныған Назарбаев” дедi Димекең­нiң замандасы, қартайып қалған Сұлтан Жиенбаев.
Әдеби сын
Шындығында, кезiнде көп жұрт қайта-қайта айтқандай, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдарынан орта шенiне дейiн әдебиетiмiздiң (поэзияны қосуға болмайды) ауыр артиллериясы аталатын проза жанры белгiлi бiр дәрежеде аңтарылып, абдыраған дағдарысқа, қаңтарылып қалған тоқырауға ұшырады. Әп дегендегi тәуел­сiздiк таңы атты деген жаппай дүбiлiстен бұқаралық үдерiс солығын басып, ендi елiмiз экономикалық болсын, әлеуметтiк болсын күйреу мен күйзелiске тап болып есеңгiреп қалғандай күй кештi. Өтiп болмайтын өтпелi кезең келдi. Әрi тартқанды берi тартқан, берi тартқанды әрi тартқан, санаңды сан тарапқа, ойыңды он тарапқа бөлетiн үңгiрден шыққандай әулекi, тұла бойын түк басқан жабайы демократия лап қойды

“Кавказ тұтқыны” немесе “Оперция “Ы” фильмiн көр­меген жан кемде-кем шығар. Леонид Гайдайдың 1965 жылы жарыққа шыққан бұл кино­фильмi көпшi­лiк­тiң ыстық ықыласына бөленгенi сондай, әлi күнге дейiн өз көрер­мендерiн жоғалтпай келедi. Осындағы басты рөлдi сомдаған Шурик – Александр Демьяненко өмiрiнде 112 рөлдi сомдапты. Алайда көрермен қауымның Демьяненко дегенде есiне тек қана атақты “Шурик” қана түсерi даусыз. Бұл заңды да. Өйткенi киноның өн бойында өзiнiң таланты арқылы аңғал Шуриктiң образын ғажап орындаған ол жұрттың жадында тек қана Шурик болып сақталды. Миллиондаған адам Александр Демьяненконы “Шурик” деп қабылдады және оны “Шурик” ретiнде жақсы көрдi.

Ербол орда бұзар жасты еңсерiп, қамал бұзар шақта шаңырақ көтердi. Сүйiп қосылған жары Ләззаттың да жасы өзi шамалас. Өмiрге келген сүп-сүйкiмдi қызының қызығынан соң көп кешiкпей Ермек есiмдi ұл сүйдi. Уақытынан ерте босанғандықтан ба, нәрестенiң салмағы 2 келiге әзер жеттi. “Балалардың церебралды сал ауруы”. Дәрiгер қой­ған дәл осы диагноз өлiм жазасындай боп естiлдi ата-анаға. Нәрестенiң науқасы күннен-күнге үдей түстi. Бiр жастан асса да, әлi бес айлық бала сияқты. Кейде қол-аяғы сiресiп, қозғалмай қалады. Ауру жанын жегiдей жеген соң шырылдайды бейкүнә сәби. Мұндайда бейшара ананың жүрегi езiледi. Ербол болса, қолының қысқалығына ызаланып, өзiн-өзi табалайды. Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң есiгiн күзетiп, Алматыдағы оңалту
Соңғы уақытта мемлекет қарамағындағы жетiм балаларға отбасылық тәрбие беру жолға қойылуда. Солардың бiрi – жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық тәрбиеге алу. Патронаттық тәрбие балалардың отбасылық өмiрге икем­делуiне үлкен ықпал жасайды. Екiбастұз қаласында бiрiншi болып баланы патронаттық тәрбиелеуге қадам жасаған жандар – ерлi-зайыпты Герман және Екатерина Яценколар. Әңгiменiң әлқиссасын әрiден бастасақ. 1998 жылы 13 жасында Гүлмира Әдiлбекова әкесiнен айырылды. Анасы тұлымшағы желбiреген қызына әкесiнiң орнын жоқтатпауға тырысты.
ЕҢБЕК КОДЕКСIНЕ ӨЗГЕРIС ЕНГIЗIЛМЕК
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Гүлшара Әбдiхалықованың хабар­лауын­ша, қолданыстағы “Еңбек кодексiнде” шикiлiк көп. “4 жылда кодекстiң жекелеген нор­маларының қолданылуында бiршама кемшiлiктер айқындалды. Осыған орай, еңбек қатынастарын құқықтық реттеудiң сапасын арт­тырып, кемшiлiктер мен қайшылықтарды жою, сондай-ақ халықаралық еңбек стандарттарын есепке ала отырып, еңбек заңнамасын жетiлдiру мақсатында құжат әзiрлендi. Бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптердi реттеу және оны бiрыңғай жүйеге келтiру, қызметкерлердi оқуға және мансаптық өсуге ынталандыру мақсатында ұлттық бiлiктiлiк жүйесiн қалыптастыруға бағытталған бiрқатар жаңалықтар ұсынылады”, – дейдi ол.
“Арландар” азу тiсiн батырып, кеткен есенi қайтарды! Астанаға келген АҚШ-тың “Лос-Анжелес Матадорс” клубының өкiлдерi “арландардың” алдында тiзелерi қалтырап кеттi. Рас, өткен жылдың қараша айында өткен қос клубтың кездесуiнде төрешiлер ринг ие­лерiне бiздiң боксшыларды көпе-көрнеу жығып берген. Бармақты шайнап өкiнгеннен кеткен есе қайт­пасы анық. Тек кезегi келгенде еселеп қайырып алсаң болғаны. 14 қаңтардағы кездесуде “Астана арландары” осы қағиданы еске мықтап түйiп шығыпты. Бүкiләлемдiк бокс сериясының екiншi маусымындағы кезектi жекпе-жектi 54 келiде Данияр Тоқбаев бастады. Ол Джоет Гонсалестi қуып жүрiп сабады. Джоет те жiгiт екен
Алматыда әлемнiң үздiк дзюдошылары екi күн бойы маңызды турнирдiң жүлдесi үшiн белдестi. Бұл сынға елiмiздiң ерлер және қыздар құрамасы төрт көзi түгел қатысқан. Бiрақ жүлде аз болды. Жарыс алдындағы баспасөз мәслихатында елiмiздiң дзюдо федерациясының президентi Бекет Махмұтов қыз-жiгiттер жүлдеге таласатынын, бiр емес бiрнеше балуаннан үмiт күтетiнiн айтқан.   “Әлемдiк шеберлер” деп аталған сайыстың басты ерекшелiгi – ұпайдың молдығы. Махмұтов: “Әлем чемпионатында жеңiмпаз болған балуанға 500 ұпай берiлдi. Ал бiз ұйымдастырған турнирде жеңген балуан 400 ұпай ен­шiлейдi. Әлем кубогында мерейi тасыған спортшы 100 ұпай ғана олжалайтын.
“БАРЫС” БАСЫМ ТҮСТI
Андрей Шаянов баптайтын астаналық “Барыс” құрлықтық хоккей лигасындағы кезектi ойынын жеңiспен аяқтады. Санкт-Петербургте жергiлiктi “СКА” клубын 5:2 есебiмен тiзе бүктiрдi. Ойынның алғашқы кезеңiнде айдын иелерi тегеурiндi көрiнген. Тiптi Патрик Торесен мен Тони Мортенссон шайба енгiзiп, 2:0 есебiмен алға шыққан-ды. Артынша Кевин Дэллман есеп айырмасын қысқартып, бiрiншi кезең 2:1 есебiмен аяқталған едi.   Артынша ентiгiп қалған петерборлықтар қалған кезеңде пәрмен көрсете алмады. 35-минутта Евгений Фадеев таразы басын теңестiрген. Көп ұзамай Дастин Бойд үшiншi голды тоғытып, “Барыс” алға шықты. Ойынның аяқталуына 20 минут қалғанда Роман Старченко мен Талғат Жайлауов “СКА” қақпасына бiр-бiрден шайба енгiздi.