1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15671) 19 қаңтар, бейсенбі 2012
РЕСПУБЛИКА АЛАҢЫНДА ОППОЗИЦИЯ ӨКIЛДЕРI ОСЫНЫ МӘЛIМ ЕТТI
Сайлау қорытындысын мойындамаған оппозициялық ЖСДП партиясы сейсенбi күнi Республика алаңында наразылық бiлдiрдi. Сайлауда кем дегенде 50 пайыз дауыс жинағанын мәлiмдеген партия белсендiлерi қарсылық ретiнде сайлау хаттамаларының көшiрмелерiн өртедi. Бұл алғашқы наразылық шарасы екенiн ескерткен саясаткерлер келесi, 28 қаңтар күнi сағат он бiрде Республика сарайының алдында өтетiн митингiге халықты алып шығатынын айтты. Түскi сағат бiрге жоспарланған рұқсат етiлмеген наразылық шарасына билiк тас-түйiн дайындалғаны бiрден аңғарылды. Әдетте ашық тұратын Тәуелсiздiк монументi қоршалып, қор­шал­ған аумақтың iшiне қар үйiп тастапты. Төңiректе құқық қорғаушылар тиелген автобустар тұрды. Бiрақ бұл оппозицияның митингiсiне бөгет бола алмады
Билiктiң партиясына iлескен “Ақ жол” мен ҚХКП алдағы уақытта парламентке барады. Ойсырата ұтылған, ұпайынан жаңылған бұл жолы тағы да халық. Алданды, даусын ұрлатып тоналды. Ал “бiр оқпен екi қоянды алған” билiктiң ұпайы әзiрге түгел. Халықтың таңдауы мен сайлауына пысқырмағандар ендi депутаттық мандатқа кiмдердi ұсынуы мүмкiн? Парламенттен басым бөлiк орынды “Нұр Отанның” алары сөзсiз. Ал оппозициясымақ “Ақ жол” мен коммунистер қалған-құтқан орынды мiсе тұтады. Ең бастысы, қай партияның сайлауда жеткен жеңiсi емес, депутаттық мандатқа ендi кiмдердiң ие болатыны маңызды. Баяғы депутаттардың көпшiлiгi қазiр үмiт­керлер қатарында
Парламент төрiне “Нұр Отанмен” бiрге “Ақ жол” мен Қазақстан коммунисттiк халық партиясы көтерiлгенi мәлiм. Ал күнi кеше “Ақ жол” партиясы парламетке кандидат ретiнде 8 депутат ұсынды. Өкiнiшке қарай, олар депутаттыққа елге танымал азаматтарды емес, кiлең кәсiпкерлердi ұсыныпты. Ал мәжiлiс депутаттығына үмiттi болған елге танымал азаматтар Азат Перуашевқа өкпелерi қара қазандай. Партияның атынан тiзiмге енгендердiң барлығы депутаттықтан үмiттi болды. Жасырмаймын, оның iшiнде мен де бармын. Әйтсе де, менiң жолым бөлек. Бөлек дейтiнiнiм, бұған дейiн 8 жылдай депутат болдым. Пендешiлiк тұрғысынан алғанда қанағат ететiн жағдайым бар.

– Ең алдымен, сайлау заңда көрсетiлген мерзiмiнде өтпедi. Бiр адамның ойына не келсе, сол уақытта өткiзiле салады. Сосын сайлау басталмай жатып, “Нұр Отанның” қанша дауыс алатынын жариялай бастады. Бұл қалай? Көрiпкелдiк пе? Болмаса, осы межеге жеткiзу керек деген тапсырма ма? Екi партиялық парламенттi өздерiнше демократия деп отыр. Мен II шақырылым депутаты бол­ғанымда, парламентте бес партия отырды. Фракциялар бар едi. Ал қазiргi партиялармен демократия ашу – әдiлетсiздiк. “Нұр Отаннан” басқа партияның бiреуi – билiктiң өз партиясы. Ал екiншiсi, президенттiң табанын жалап жүрген партия. Яғни парламенттi қайтадан бiр партиямен жасақтады.

Асқар Сүлейменовтiң: “Пытыра – қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады”, – дегенi бар бiр күйiнгенде. Жүйкеге тиетiн, намысыңды келтiре­тiн ауыр сөз. Оқисың да, өзiңнен-өзiң қызарақтайсың. Қызарақтағаның – мойындағаның. Мойындамай қайте­сiң, құ­дайшылығы сол болса. Өзбектер өткен жылы Әмiр Темiрдiң 675 жылдық мерей­тойын қалай өткерге­нiн көрдiк. Өзбекстанның басты идеоло­гия­сы – Әмiр Темiрдiң жолы, бас идеологы – Әмiр Темiр. Өзбек­тердiң мұнысы кесек турау емей, немене?  Әлiшер Науайының 570 жылдық мерейтойын қалай өткiздi өзбектер? Науайыны Гомер мен Дантеге, Шекспир мен Гетеге, Пушкин мен Толстойға теңес­тiрдi. Мұнысы iрiлiк емей, немене?

Мен Маңғыстау ауданы Шетпе кентiнiң тұрғынымын. Жасым жетпiс төртте, зейнеткермiн. Осы ауданның құрметтi азаматы деген атағым бар. Үзiлiссiз 46 жылдық заңгерлiк стажымның соңғы 35 жылын осы түбекте аудандық, қалалық соттардың төрағасы қызметтерiн атқарып, басшыларымнан көптеген марапаттау алдым. Халқымның сый-құрметiне әлi де бөленудемiн. Менiң бар байлығым – осы абыройым, оны әрине азсынбаймын. Құдайым-ай, тоба, бергенiңе шүкiр, елiмнiң тыныштығын, халқымның амандығын бере гөр деп жүрген ардагер ақсақалмын.

60 ЖАСТАН АСҚАНДАРҒА ЖОЛДАМА БЕРУ ДҰРЫС ЕМЕС
Қазiргi үш тiлдi жетiк меңгерген, тәуелсiз Қазақстанның жас интеллектуалды элитасы, яғни “Болашақ” бағдарламасы арқылы бiлiм алған жастар экономиканы жеделдете модернизациялауға белсене атсалысып, бүгiнгi бәсеке заманының талабына сай iзденiс танытып, көштен қалмай келедi. “Болашақ” бағдарламасы бойынша осы кезге дейiн 20 мыңнан астам қазақстандық жастар әлемнiң 27 елiнде бiлiм алса, 10 мыңнан астам шетелдiк студенттер елiмiздегi 146 жоғары оқу орнында (9 ұлттық, 2 халықаралық, 32 мемлекеттiк) жоғары бiлiм алды. Әрине, бұл бiз үшiн үлкен мәртебе әрi мақтаныш.
ҚАБЫЛ МЕН АБЫЛ
Қазақ деген халықты таны, ғалам:
Қанқасапқа айналды тағы да алаң!
Қасiреттiң қашанғы қағидасы:
Абыл қаза болғанда, Қабыл аман.
Қазақ деген қауым бар – Қабыл ұлы,
Тар қауыздың iшiнде қаны, жыны.
Бiр басына жетедi “тағылымы”,
Бiр басынан асады тағылығы.

Мен 1926 жылы туғанмын. Ұлы Отан соғысы кезiнде 1944 жылдан 1946 жылға дейiн әскер қатарында болдым, денсаулығыма байланысты 1946 жылы әскер қатарынан босатты. “Тылдағы еңбегi үшiн” медальмен марапатталдым. Ұлы Отан соғысының 55 жылдық мере­кесiнде “Соғыс ардагерi” деген белгi тапсырды. Осындай жағдайда “үкiмет жәрдемақыны өзгерте ме, жоқ па?” деген сауалды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiне қойған едiм. Министр менiң хатымды Ақмола облысы бойынша бақылау және әлеу­меттiк қорғау комитетiне сырғытып жiбе­рiптi. Ал комитеттiң берген сырғыма жауабының мәтiнi мынадай болды.

1950 жылы “Өнiмкер” колхозы мен “Ынталы” колхозы қосылып, “Қазақ ССР-нiң 30 жылдығы” атындағы колхоз деп аталды. 1957 жылы 5 колхоз бiрiгiп, “Славянский” совхозы, ал ауыл «Қазақ ССР-нiң 30 жылдығы» ауылы деп аталды. “Өнiмкер” колхозында Кеңес Одағының батыры Жолдыбай Нұрлыбаев туылған. Осындағы “Өнiмкер” мектебiнде оқыған.
Мен өзiм де Өнiмкер ауылында туылғанмын. Осындағы “Өнiмкер” мектебi 1932 жылы ашылып, 1953 жылға дейiн “Өнiмкер” мектебi, 1953 жылдан “Қазақ ССР-нiң 30 жылдығы”, 1970 жылдан бастап Жолдыбай Нұрлыбаев атындағы мектеп деп аталды. Мен осы мектепте мұғалiм, оқу iсiнiң меңгерушiсi, мектеп директоры болып iстегенмiн.
Құрметтi “Жас Алаш!” Менiң жасым жетпiс бесте. Сiздердiң газеттерiңiздi үзбей оқып тұрамын. Маған қара қылды қақ жаратын батылдықтарың ұнайды. Айтайын дегенiм, мына заманда әдiлдiк қалмады. Президент көпбалалы аналарға әлеуметтiк қамқорлық жасауды жыл сайын айтып келедi. Бiрақ жергiлiктi әкiм­қа­ралардың құлақтарына кiрмейдi ғой деймiн. Алыстан орағытпай, ашығын айтайын, менiң балдызым Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округiне қарасты Теспе ауылында тұрады. Көпбалалы ана. Жастайынан тауқымет көрiп, ендi қартайған шағында қызық көремiн деп армандаған едi, арманы айдалада қалған секiлдi.
Қасиеттi Рамазан айы кезiнде Оңтүстiк Қазақстан облысының таулы бiр ауданының әкiмi қайрымдылық жасап, өзiнiң аудан халқына ауызашар берiптi дегендi естiгенде, тұрмысы төмен отбасыларды жинап, сый-сияпатымен қоса тамаққа тойдырып, мұсылмандық парызын өтеп, сауап iс атқарған екен деп сүйсiнiп-ақ қалған едiк. “Әкiмдер тек қана жейдi екен, асайды екен, өзiне жағдай жасайды екен” деген жағымсыз сөздердi естiп үйренгенбiз ғой. “Бақсақ, бақа екен” дегендей, әкiмқараларымыз жай ғана сауап үшiн емес, iшкi есеппен игi iс-шара ұйымдастырыпты. Аудан көлемiндегi барлық бюджеттiк мекемелер­дiң басшыларын жинайды да, ауыз­ашар бергелi жатқанын айтып, кiмнiң қандай үлесi бар деген сұрақты ортаға тастап кеп жiбередi ғой әлгi жерде.
Осыдан бiр жарым ай бұрын мен №266 мектептегi ата-аналар комитетiнiң төрағалығынан негiзсiз аластатылдым. Тарқатып айтайын...  Мен әу бастан әдiлетсiздiкке қарсы адаммын, заңсыздыққа көз жұма қарамаймын. Мектеп директоры Сейiлхан Бердiбекұлы қызмет атқарған үш ай iшiнде бiр емес, екi сөгiс алды. Қызмет бабындағы басқа да кемшiлiктерi толып жатыр. Әрине, кемшiлiксiз пенде болмайды. Бiрақ Сейiлхан Бердiкбек­ұлын өз басым мектеп директоры болуға лайық емес деп таныдым және аудан әкiмдiгiне, аудандық бiлiм бөлiмiне оны орнынан алу жөнiнде ұсыныс жолдадым. Олар бiр-бiрiне сiлтедi. Мұндайда Сейiлбек не iстеу керек, әрине, тезiрек менен құтылудың қамын iстеуге көштi. Аяқ астынан ата-аналар коми­тетiнiң жиналысын
ПҰЛ ГАПИРАДЫ
Қызылқұмдағы Тауелiбай елiнде Ербекет деген кiсi болыпты, өзi қу тiлдi екен. Бiрде Ерекең Бұхара қаласына барыпты. Дiттеген жерiне тезiрек жету үшiн такси ұстапты. Жүргiзушi өзбек екен. Жолда таксист Ерекеңнен оны-мұны сұраса керек. Ерекеңнiң өзбекшесi қайбiр оңып тұр дейсiң. Көбiне сөзiне қазақша қосып сөйлептi. Таксист Ерекеңнiң өзбек тiлiн бiлмейтiнiн бетiне баспақ оймен: “Ака, өзбекшеңiз мынау. Өзiңiз үлкен бастыққа бара жатқан көрiнесiз. Сонда бастықпен қалай сөйлесесiз?” – дептi кекесiн үнмен. Сонда Ерекең таксиске ақша ұсынып: “Саспа, ағайын. Бастықпен сөйлесiп неғылайын. Мұндайда пұл гапирады емес пе?” дегенде таксист: “Әлбетте, дұрыс айтасыз. Пай-пай, өзбекше бiледi екенсiз ғой”, – дептi ақшаны қойнына сүңгiтiп жатып.

Болат Жұмәдiлов 1999 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатында топ жарғанда қуанбаған қазақ жоқ. Күллi алаш жұрты жүрегiн қолына алып шаттанды.  Себебi егемендiк алғалы қазақ ұлтынан шыққан боксшылар   әлем чемпионаттарында топ жара алмай келген. Қазақ боксшыларының талайға кеткен есесiн қайырған Жұмәдiлов бүгiнде бапкер. 1992 жылы Барселона, 1996 жылы Атланта, 2000 жылы Сидней олимпиадасына қатысқан саңлақтың көргенi көп, түйгенi мол. Сидней демекшi, Болат екi мың жылдық басталар тұста олимпиада ойындарынан күмiс жүлдемен оралды да, боксты қойды. 27 жастағы жiгiт бiрден кеден саласында қызмет iстедi. Бiрақ өзi бiлетiн саласына қайта оралды. 2007 жылы бокстан олимпиадалық даярлау орталығы директорының орынбасары болды.

ЖАСТАРДАН ЖҮЛДЕ КҮТЕМIЗ
Биыл “Достастық кубогы” сайысында елiмiздiң намысын ел чемпионы “Шахтер” емес, жастар құрамасы қорғайтыны белгiлi. Кеше Слободан Крчмаревич баптайтын құрама Санкт-Петерборға ұшып кеттi. Бапкер осы сынға мына футболшыларды салып көрмек: Қақпашылар: Самат Отабаев (“Ордабасы”), Денис Овсянников (“Астана”), Сергей Ткачук (“Шахтер”). Қорғаушылар: Нұржарық Күнов (“Қайрат”), Ринат Баянов, Елдос Ахметов, Дмитрий Шомко ( үшеуi де “Ертiс”), Евгений Горячий (“Шахтер”), Михаил Габышев (“Восток”) Дамир Даутов (“Астана”), Абзал Бейсебеков, Дмитрий Мирошниченко (“Ақтөбе”).