1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (15672) 24 қаңтар, сейсенбі 2012
“МӘСТЕКТЕРIН ЖIБЕРIП АТЖАРЫСҚА, АРҒЫМАҚПЕН КЕЙ ЖЕРДЕ ҚОЙ БАҒАДЫ”
Бұл жолғы ауыс-түйiс те бұрынғы кадрларды әрi-берi сапырумен тәмам болды. Бiр қарағанда, Астананың асты үстiне келгендей көрiнедi. Бiрақ сол баяғы көз көрген сақал мен мұрт... Осы ауыс-түйiсте Аслан Мусиннiң мейманасы тiптi асып-тасқанын жыр қылып жүр бiлгiштер. “Президент әкiмшiлiгiнiң басшысы ауысады” деген әңгiме бекер болды. Ауысу былай тұрсын, Мусин бұрынғыдан да нығарлана түстi. Батыс облыстарды Мусин ешкiмге бере қоймас, сiрә. Күнi кешеге дейiн Батыс Қазақстан облысын iскер һәм қазақы азамат Бақтықожа Iзмұхам­бетов басқарған. Iзмұхамбетовтi мәжiлiс төрағасының орынбасары еттi де, оның орнына Нұрлан Ноғаевты әкелдi. Аты-жөнi белгiсiздеу Ноғаевты жетектеп жүрген Мусин көрiнедi. Ендеше, Батыс Қазақстан облысын да Мусин “жаулап” алды дей берiңiз.
Дүйсенбiнiң таңертеңi “Халық майданы” қозғалысының белсендiлерi мен “Алға” партиясы үшiн жайсыз хабардан басталды. Әуелi тiркелмеген “Алға” партиясының кеңсесiне арнайы қызмет өкiлдерi тiнту жүргiздi. Таңертеңгi сегiз жарымнан басталған тiнту күнi бойы жалғасты. “Алғалықтар” кеңседегi әрiптестерiмен еш байланыс жоқ екенiн, Ұлттық қауiпсiздiк қызметiнiң қызметкерлерi ешкiмдi кiргiзбей және шығармай жатқанын хабарлады. Сондай-ақ осы мезгiлде ҰҚК қызметкерлерi тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi Владимир Козлов пен осы партияның Алматы қалалық филиалының жетекшiсi Михаил Сизовтың үйлерiн тiнтуге алды. Артынша арнайы қызмет өкiлдерi “Халық майданы” қозғалысының белсендiсi Жанболат Мамайдың үйiне де басып кiрiп, тiнту шараларын жүргiзген.
Сайлауға наразылық бiлдiрген ЖСДП өкiлдерiне айыппұл салынды
Өткен бейсенбiде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сотында Жалпы­ұлттық социал-демократиялық партия өкiлдерiнiң соты өттi. Сейсенбi күнi Республика алаңында наразылық бiлдiргенi үшiн бiрқатар партия саясаткерлерi әкiмшiлiк жауапқа тартылды. Сот Б.Әбiлевке, Ж.Тұяқбайға, М.Аспандияроваға және Ә.Қосановқа 20 айлық есептiк көрсеткiш көлемiндегi айыппұл кестi. Ал бұлардан бiр күн бұрын әкiмшiлiк соты өткен партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмiрбек Төгiсовке 50 айлық есептiк көрсеткiш көлемiндегi айыппұл салыпты. Сот оны Әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексiнiң 373-бабының 3-тармағымен (бейбiт жиын, митинг, шеру, пикет ұйымдастыру тәртiбiн бұзу) айыпты деп тапқан.
IШКI IСТЕР МИНИСТРIНЕ СҰРАУ САЛДЫ
Маңғыстау облысындағы оқиғаларды зерттеу бойынша құрылған Тәуелсiз қоғамдық комиссия БҰҰ-ның адам құқықтары жөнiндегi Бас ассамблеясының жоғарғы комиссары Наванетхем Пиллэйге мәлiмдеме жолдады. Сондай-ақ ҚР Iшкi iстер министрi Қ.Қасымовтың атына сұрау жолдады. Қ.Қасымовқа жолданған сұрауда комиссия өкiлдерi Жаңаөзен халқына оқ атқан полицейлерге қатысты қозғал­ған қызметтiк тексерудiң нәти­же­лерiн жария етудi талап еткен. Сұрауда: “оқиға куәгерлерiнiң түсiрген бейнетаспасында құ­қық қорғаушылардың халыққа оқ жаудыртқаны анық көрiнедi. Қоғамдық комиссия құқық қорғаушылардың бейбiт халыққа оқ атуын айыптайды... Қантөгiске жол берген адамдарды анықтау, кiнәлiлердi жауап­қа тарту – құқық қорғау ор­гандарының ғана емес, әрбiр Қазақстан азаматының мiндетi. 
Көзiмен көргенiн айтқан бақылаушыларға президент Нұрсұлтан Назарбаев қатты өкпелi. Бұдан былай Қазақстанда өтетiн сайлауларда тәуелсiз сарапшылар төбе көрсете алмайтын шығар. Президент осыны айтам деп ашуға ерiк берiп алды. Екi оттың ортасында қалған Ерлан Ыдырысов прези­денттiң қателiгiн жуып-шайып әлек. Бiздiң билiкке салса, сайлауға бақылаушы шақырмай-ақ қоюға бар. Тәуелсiзi – сынайды, тәуелдiсi – қолыңа қарайды...“Айтылған сөз – атылған оқ” дейдi қазақ. Ашушаңдық – жүйке тозғанның белгiсi. Бiрақ мұны АҚШ пен ЕҚЫҰ-ға қалай түсiндiресiң?..
Әкiмқаралардың дауыс ұрлау жарысымен өткен сайлау кезектi пар­ламенттi жасақтап бердi. Мә­жiлiсшiлер 2017 жылға дейiнгi мандаттары мен жүктейтiн мiндеттерiне кiрiсiп кеттi. Үш партиялы қазiргi парламенттiң алдыңғысынан артықшылығы неде? Тек санында ғана ма, әлде сапасында ма? Парламент құрамы өзгерiске ықпал етерлiк жаңа депутаттармен толықты ма? Бес жылдық мерзiмге сайланған мәжiлiсшiлердiң саны мен сапасына қарап, 2017 жылға дейiн өзгерiстi күтудiң негiзi жоқ. Өйткенi жаңадан жасақталған ескi парламенттiң құра­мы сәл ғана өзгердi. Осыған дейiн малтасын езiп, түк бiтiрмеген мәжiлiс­шiлердiң басым көпшiлiгi бұрынғы орнына қайта жайғасты. Сайлау алды науқанда сайлаушыларына үйiп-төгiп уәде бергендер парламент қабырғасында басқаша сайрады. Осының өзi халықтың сенiмiне селкеу түсiру емес пе?
Бүкiл Қазақстанды дүр сiлкiндiрген Жаңаөзен оқиғасы аяғы салбырап аспаннан түсе қалған жоқ. Дүниенi дүрлiктiрген әлемдегi басқа да оқиғалар сияқты пiсiп жетiлдi. Сыздауықтай сызданып, шиқандай қызарып жарылатын шағын күттi. Елiмiздегi шындықты жазатын жалғыз басылым “Жас Алаш”газетi жаңаөзендiктердiң өзегiн өртеген ауыр жайларды тек 2011 жылдың өзiнде бiрнеше рет жазды. Әттең, оны естiр құлақ, көрер көз болмады. Мен ойлаймын, әбден болары болып, бояуы сiңген соң ақыл айтқыш зиялы қауым сол кезде айға бата жасап қалды ма?! Мұнайшылардың мұңына неге ортақтаспады?
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк уни­вер­ситетiнiң ректоры Ерлан Арын облыс әкiмi болып тағайындалды. “Кереку Кереку болғалы, әкiмге жарығаны осы шығар” деп есi бар азаматтар бiрiне-бiрi телефон шалып құттықтап жатыр. Олай болатын себебi де бар. Осы өңiрге келген он шақты жылдың iшiнде қашанда оң iстердiң басы-қасынан табылатын азаматқа ел iшiнiң көзқарасы түзу екенi рас. Ең бастысы, осы Ерлан Арын келгелi С.Торайғыров атындағы университет кәдiмгiдей қазақыланып қалғанын айтуымыз керек. Және оның iшiнен Мәшһүр-Жүсiп Көпеев пен Жүсiпбек Аймауытовтардың атындағы ғылыми орталықтар ашылды. 
Елiмiздегi сайлаулар жайындағы олардың пiкiрлерi төмендегiше болды. Бiрiншiден, мерзiмiнен бұрын сайлау өткiзуге ешқандай сая­си – қоғамдық себеп түрткi емес, себебiн ешкiм ашып айтпайды. Тiптi президенттiң өзi де түсiндiрмейдi. 5 миллион азаматтың қолы жиналды. Басында референдум дедi, содан кейiн кезектен тыс сайлау өткiзiлдi. Екiншiден, қазақ тiлiнен емтиханға қатысты көп күмәндар пайда болды. Не ашықтық, не жариялылық сақталған жоқ. Мемлекеттiк тiлдi бiлмейтiн тұлғасымақтарды сайлауға түсiрiп, тiлдi қорлатты, күллi әлемге күлкi еттi. Үшiншiден, сайлауға түскен үмiткерлердiң бәрi билiк жақтiкi. Сайлау заң талаптарына сай, Конституцияда көрсетiлген мерзiмде өткiзiлмедi...
Жаңаөзеннен кейiн iле-шала болған Шетпе оқиғасы да елдi дүр сiлкiндiрдi. Бiр адам қаза тауып, он екiсi жараланды. Мұны да билiк бұзақылардың әрекетiмен байланыстырды. Алайда шетпелiктер оны жоққа шығарып жатыр. Жаңаөзен оқиғасын зерттеу бойынша құрылған Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi қаңтардың жетiсi күнi Шетпе тұрғын­дарымен кездескен болатын. Сол кездесуде шетпелiктер болған оқиғаның анық-қанығын баян еттi. Шетпедегi оқиғадан кейiн жергiлiктi ақсақалдардан комиссия құрылған болатын. Өзi­мнiң балам шеруге қатысып, жұмыс­тан шығып қалған. Жетi айдан берi қаңғып қалды. Шетпедегi кешегi шеруге қатысқан. Ондай жағдай болады деп кiм ойлаған. Ақырында тұт­қындалып, қазiр Ақтаудың

Бiр қарағанда, Қазақстан соңғы жылдары өсiп-өркендеуге қол жеткiз­ген сияқты. Алайда сол өрлеуiмiзге қалай қол жеткiздiк деген ой келедi. Нарық заңының өтпелi кезеңiнде халқымыз ауыр күйдi бастан өткердi. Алайда   “жекешелендiру” саясаты қа­зақ халқын тұралауға жеткiзiп, жебiр­лердiң пайдасына оп-оңай шешiлдi. Өшкенiмiз жанады деп жүргенде, көп дүниемiзден айырылдық. Әрине, елде орын алып жатқан оң өзгерiстер де жоқ емес. Бiрақ сол қол жеткен жетiс­тiктер қоғам дамуындағы қателiктердi көлегейлеп тұр. Оны бүге-шүгесiне дейiн бiлу, бүгiнде қалыптасып отырған күрделi жағдайымызды түсiну үшiн керек. “Қоғамда болып жатқан өзгерiстердiң бәрiне толық қосыла беретiн халық болуы мүмкiн емес.

Қармақшы ауданында тұратын Зоя Боранбаева қызы Тұрсынкүлдiң болашағы үшiн қатты алаңдаулы. “26 жастағы қызым Тұрсынкүл осыдан бiр жарым жыл бұрын көлiк апатына ұшырап, ауыр науқасқа шалдықты. Жамбасы сынып, қуығы жарылды. Дәрiгерлер ота жасап, 6 мәрте ауруханаға жатып шықты. Емдi үйден де қабылдап жатыр. Бiрақ Тұрсынкүлiмнiң жағдайы қалпына келер емес”, – дейдi қайғы жұтқан ана. – Сол оқиғаға кiнәлi адам – Алмат Қодаров. Ол – Қармақшыдағы спорт мектебiнiң директоры. Қызым отырған таксидi көлiгiмен соққан сәтiнде ол iшiмдiкке сылқия тойып алған деседi. Оны уақытында ешкiм зерттеп-зерделемедi. Керек болса, жол сақшылары апатты көре тұра қылмыскердi ұстауға талпынбады. Мұны өз көзiммен көрдiм. Кiнәлi такси жүргiзушiсi емес – Алмат. Ол кiнәсiн бiлiп, таксист жүргiзушiсiне жаңа көлiк алып бердi.
АҚШ СОТЫ ОБАМАНЫ ДА ОҢДЫРМАЙДЫ
Алдағы президенттiк сайлауда Барак Обамаға оңай болма­йын деп тұр. Атланта қаласының соты Барак Обаманы бейсенбi күнге сотқа шақыртты. Президенттiктен үмiткер һәм миллиардер Дональд Трамп сотқа арыз түсiрiп, Обаманың “АҚШ-та тудым” дегенiне күмән келтiрiптi. АҚШ заңдары бойынша, АҚШ-та туған азамат қана президент болып сайлана алады. Обама өзiнiң өмiрбаянында “АҚШ-тың Гавай штатында тудым” деп көрсеткен. Ал егер Дональд Трамп Обаманың өзге елде туғанын сотта дәлелдесе, онда Обаманы сот оңдырмайды.
“Қазба байлықтар көлемi­нiң молдығы жағынан Қазақстан әлемдегi ең бай мемле­кеттердiң бiрi. Мәселен қор­ғасын, цинк, барий хром рудаларының көптiгi жағынан бiз бүкiл әлемде бiрiншi орын, уран, марганец, күмiстен екiн­шi орын, мыс қорының молдығы тұрғысынан үшiншi орын, кобальт, қара металл – темiр рудаларынан бесiншi орын, фосфорит пен көмiр қоры бойынша алтыншы орын, мұ­най қорының көптiгi жағынан жетiншi орын алады екенбiз. Ал алтыннан әлденеше есе қымбат­қа бағаланатын, әлем­нiң ешбiр елiнде кездеспейтiн осми және рени атты байлықтар тек Қазақстанда ғана бар екенi құдайдың бiздiң елiмiзге қарасқаны емес пе? Бұл руданың бiр грамы жабық көтерме сауда орындарында 100 мың АҚШ долларына бағаланатын көрiнедi”. “Осындай ұшан-теңiз байлықтарда қарапайым халықтың үлесi бар ма?” деген сұрақ ылғи да алдымызды кес-кестейдi.
Сонымен... иә, сонымен 2006 жылдың жадыраған жазында Қазақстанның “Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов Алматыдағы “Ұлттық баспасөз клубында” журналистермен жүздестi. Бiр қауым ел жиналды. Әртүрлi басылым мен телеарналардан келгендер Ә.Бәйменовтi жан-жақтан соққылаған сұрақ астына алды. Баспасөз мәслихатынан кейiн Ә.Бәйменовке iздеп барып жолықтық. Қасымда белгiлi темiршi-ұста, ҚР Мәдениет қайраткерi Айтберген Құлментегi бар едi. Әлеке, мына азамат Талғат Айтбайұлы деген Желтоқсанды зерттеп жүрген жазушы. “Алматы. 1986. Желтоқсан” деген атпен айғақ-кiтаптар шығарып жүргенiне талай жылдың жүзi болды. Биыл көтерiлiстiң 20 жылдығы қарсаңында соның 3 томдығын дайындап отыр. Қысқасы, көмегiңiз аса қажет, – дедi Айт­берген төтесiнен. Әлихан ден қойып тыңдады.
Бiз “Жас Алаштың” өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде “Ханым” деген әйелдерге арналған қазақтiлдi журналдың жарыққа шыққанын хабарлаған едiк. Мiне, сол “Ханымның” екiншi нөмiрi де жарыққа шықты. Бұл журналдың өзiндiк ерекшелiгi неде? Дәл осы мәселе жөнiнде журналдың бас редакторы Бота Нұралыдан сұрауды жөн көрдiк.
– Социализм заманынан бермен қарай шығып келе жатқан “Қазақстан әйелдерiн” есептемегенде, дәл қазiр Қазақстанда қыз-келiншектерге арналған басылымдар жетiп артылады: газет, журнал, түрлi-түстi альбом... Соған қарамастан “Ханым” деген журнал шығарып отырсыздар. Бұл журналдың өзiндiк ерекшелiгi бар ма? Бар болса, неде?
ТАЛАНТҚА ТАҒЗЫМ
Аса көрнектi ақынымыз Қадыр Мырза-Әлiнiң қаза болғанына да бiр жылдың жүзi болып қалыпты...
21 қаңтар күнi Алматыда Қадыр Мырза-Әлiнiң жылы (ас) берiлдi. Ал кеше Абай атындағы опера және балет театрында Қадыр Мырза-Әлiнi еске алуға арналған әдеби-музыкалық кеш өттi.
...Кейбiр жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбiр жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймiн! Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым  аман тұрғанда! –
Шотландиялық екi аңшы орманнан шығып, үйге қайтып келе жатады. Кенет аңшының бiрi сылқ етiп құлап түседi. Екiншi аңшы әлгiнiң көкiрегiне құлағын тосып әрi тыңдайды, берi тыңдайды. Тамырын басып көредi. Көзi шыныдай шатынап, жансыз, серейiп қалған досы тiрлiктiң еш белгiсiн танытпайды. Зәресi ұшқан аңшы ұялы телефонын алып №911-ге (төтенше оқиға кезiнде шұғыл жәрдем беретiн мекемеге) звондайды.
–Мен не iстейiн, орманнан шыға бергенде досым өлiп қалды, – дейдi аңшы жылап.
–Сiз ең әуелi досыңыздың өлгенiне нақты көз жеткiзуiңiз керек. Ақыл-кеңесiмiздi тек сонан кейiн ғана айтамыз, – дейдi оператор.
Сайлауда дауыс беруге қорқасыз ба? Қалай қорықпайсыз, облыс әкiмiнiң сақадай, алтын тәждi бақадай, сыңғырлаған шақадай шара басты орынбасарлары аудан атқа мi­нер­лерiне барып: “Нұр Отаннан” облыстық мәслихатқа, парламентке үмiт­керлер үшiн дауыстарыңызды бер­месеңiздер, шаштарыңызды шалғы орақ­пен орамыз, өздерiңдi ауызға салып сорамыз, беттерiңiздi бiзбен тесемiз, құ­лақтарыңызды өтпес пышақпен кесемiз, жұрттың көзiнше, шалбарларың­ыз­ды шешемiз!” – демесе де, қызметтерiнен қуып жiбе­ретiндерiн ашық айтқан бо­ла­тын... Қызметтерiн Құдайындай сыйлайтындар сықсиып, сайлау учаскесiнде дауыс берiп жатқанда екi жынды елпеңдеп, ет жемесе де, бiрдеңе шайнап, көздерi жалт-жұлт етiп ойнап, жерден жесiр әйелдiң әтiрiн тауып алғандай, жетiп
–Кеше теледидардан Өзбекстанның премьер-министрiнiң сөйлегенiн көрдiм. Бiздiң үйдiң теледидары Өзбекстанды жақсы көрсетедi өзi...
–Сенiң үйiң ғана емес, бүкiл Шымкент Өзбекстаннның телеарналарын жақсы әрi таза көрсетедi емес пе. Мен тыңдай алмай қалдым, не дедi Өзбекстанның премьер-министрi?
–Ой, өзi де келбеттi, келiстi жiгiт екен! Орамды, ойлы сөйледi. Ағып тұр-ау, ағып тұр.
–Оратор десеңшi.

Биыл Дымқыл досымыз аудандық мәслихаттың депутаттығына сайлауға түсiп, ауылды бiр дүрлiктiрiп тастады. Осыдан он-он бес күн бұрын екi кештiң арасында бесiншiдегi боқмұрыны келiп: “Сiздердi папам кешкiлiкке шақырып жатыр, депутаттық бағдарлама жасаймыз, ақылдасу керек” деген хабар жеткiзген. Әрине, бұндай саяси маңызы бар шаруадан қалуға болмайды, Мықтыгүл “шашуым” деп қолына бiр-екi уыс кәмпитiн қыстырып, екеумiз көз байлана жетсек, бiзден басқалары бағана жиылып, мәселенi қызу талқыға салып жатыр екен. Бәрiнiң қолында бiр-бiр жапырақ қағаз.

ЖЕЛАЯҚ САҚШЫЛАР
Қытайлық тәртiп сақшылары көлiк ұрлаушы қыл­мыскердi жаяу жүрiп-ақ құрықтады. Жоғалған кө­лiкпен көшеде алаңсыз жүй­ткiп бара жатқан ұрыны байқап қалған қос полицей артынан тұра жүгiрген. Бiр­ақ жоғары жылдамдықта кетiп бара жатқан темiр тұлпар жеткiзсiн бе, демде ұзап кетiптi. Ентiксе де, соңынан қалмай қойған тәртiп сақшыларының еңбегi өтел­дi. Олар көлiк кептелiсiне тап болып, баяулаған ұрыны қуып жетедi. Өзiне бiр зауал төнгенiн сезген қылмыскер айналасындағы көлiктердi қаға-маға қашыпты. Алайда алысқа ұзай қоймады. Кептелiстен құрықталатынын бiлген ұры өзге бiреудiң мотоциклiн тартып алып безiптi. Онысынан да түк шықпады, сақшылар қуып жетiп, қолына кiсен салған. Тексере келгенде ұры қаш­пақ болып жолындағы 13 көлiк иесiн зардап шек­тiрiптi. Ендi ол жазаға тартылумен қоса жапа шек­кендердiң көлiгiн өтеп бередi.
“АРЛАНДАР” АЛЫМДЫ ЕКЕН
Өткен жұма күнi “Астана арландары” Бангкок қаласында жергiлiктi “Bangkok Elephants” (Бангкок пiлдерi) клубымен кездесiп, кезектi ұпайды олжалады. Бейбiт Есжанов баптайтын “арландар” тай елiнiң боксшыларын 3:2 есебiмен ұтып кеттi. Ендi кездесуге тоқталайық. Бұл сында алғаш болып рингке 54 келiдегiлер емес, 61 келiдегi боксшылар шықты. “Арландар” сапына биыл қосылған Әдiлет Егiзеков Вуттишай Масуктан ұтылып қалды. Рингке екiншi болып 85 келiде Данияр Үстембаев көтерiлген. Ол Кренкай Сукхумды сабап, таразы басын теңестiрдi. 91 келiден жоғары салмақта елiмiздiң намысын қорғаған Шуайб Болудинатс бұл жолы болдырмады.