1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15673) 26 қаңтар, бейсенбі 2012
Кеше Жаңаөзен оқиғасына қырық күн толды. Осыған орай жер-жерде Жаңаөзен құрбандарын еске алу шарасы өттi. Алматыда “Жас тұлпар” қозғалысы қаза тап­қандарға Республика алаңындағы Тәуелсiздiк монументiнiң маңында құран бағыштады. 1963 жылы Мәскеуде оқып жүрген жастар құрған “Жас тұлпар” ұйымының атынан еске алу шарасына бiрқатар зиялы қауым өкiлдерi жиналды. Мұрат Әуезов, Марат Сембi, Мақаш Тәтiмов, Мұрат Килманов, Аймұхан Таужанов т.б. қозғалыс мүшелерi Жаңаөзен оқиғасына қатысты пiкiрлерiн бiлдiрдi. Өз халқына оқ атқандарды кiнәлады. Мәдениеттанушы Мұрат Әуезов азаматтарға оқ жау­дырған полицейлердiң әрекетiн қылмыс дедi. Ал оқиғадан соң iле-шала “мұны жасаған бұзақылар” деп мемлекеттiк арнадан сөз сөйлеген зиялы қауым өкiлдерiнiң тiрлiгiн ұят деп бағалады. “Нағыз таланттың иесi мұндайға бара алмайды. Ол өз талантын жоққа шығару деген сөз”, – дедi ол.
Жаңаөзендегi қайғылы оқиғаға байланысты күдiктiлер қатарына “Взгляд” газетiнiң редакторы Игорь Винявский де кiрдi. Осы аптаның дүйсенбiсiнде басталған ҰҚК-нiң “тазалау” жұмыстары бiрқатар азаматтарды қамауға алумен толықты. Алматыда арнайы баспасөз жиынын өткiзген «Әдiл сөз», «Журналистер қатерде» ұйымдары мен Қазақстан журналистер одағы және Адам құқықтарын қорғау бюросының өкiлдерi Игорь Винявскийге қарсы «әлеуметтiк алауыздық туғызды» деген айыппен қозғалған қылмыстық iске және ҰҚК-нiң оған түсiнiк бермей отырғанына наразылық танытты. 
Демократиялық күштер жыл сайын атап өтетiн “Демократия күнi” биыл әдеттегiдей 19 қаңтар күнi емес, 24 қаңтар күнi өттi. Оппозиция бұл күндi Жаңаөзен оқиғасында құрбан болғандардың қырқына орайластырды. Бұл күнi дәстүрлi түрде берiлетiн “Азаттық” сыйлығының иегерлерi бұл жолы салтанатты түрде марапатталған жоқ. ҰҚК бiр күн бұрын “Алға” партиясының кеңсесiнде тiнту жүргiзгеннен соң сыйлықтар мен дипломдар жоғалып кеткен. Әрi демократияға қосқан үлесi үшiн берiлетiн сыйлықтың екi иегерi бұл күнi қамауда отырды. Сондықтан сейсенбi күнi бас қосқан оппозиция белсендiлерi Жаңаөзен оқиғасын ғана емес, ҰҚК дүйсенбiден бастаған “мыстан аулауды” да сөз еттi. “Белсендi күреске көшпесек болмайды” дескен демократиялық күштер 28 қаңтар күнi түскi сағат он екiде Республика сарайының алдында өтетiн митингiде наразылық бiлдiретiнiн айтты.
Алты жылдан берi тiркемей жүрген “Алға” партиясының Алматыдағы орталық кеңсесiне тiнту жүргiзiлдi. Сондай-ақ партия жетекшiлерi мен белсендiлерiнiң де пәтерiн тiнтiдi. Ұсталған Владимир Козлов, Серiк Сапарғали, Игорь Винявский ҰҚК-нiң тергеу абақтысында отыр. ҰҚК қызметкерлерi өздерiнiң iс-әрекетiн еш түсiндiр­местен, ордерсiз тiнту жүргiзген. Мұның бәрiн Жаңаөзен қасiретiн зерттеп жүрген Қазақстандағы демократиялық ұйымның соңына шам алып түсу, қудалау деп бағалауға болады. Бiздiң бiлуiмiзше, ел басшылығы Жаңаөзендегi коменданттық сағаттың аяқталып келе жатқанынан қорқады. Жаңаөзендiк­тердiң өзге әлеммен байланысынан сеске­недi. Жаңаөзендегi қасiрет туралы шындықты халыққа жеткiзген оппозициялық күштердiң арасында қудалау жүргiзiп, “Алға” партиясын кiнәлi еткiсi келген билiктiң бұл әрекетi бiздi алаңдатады.

Сайлаудың “әдiлеттi” өт­кенiн жұртқа таңуға тырыс­қан қазақ билiгi барын салып бағуда. Қолда бар нақты дәлелдерге, бейнетаспалар мен суреттерге бас прокуратура қызметкерлерi пысқырып та қарар емес. Керiсiнше, сайлау­дағы заң бұзушылықтар туралы хабарлаған азаматтарды жазғырып, оларды арандатушы етiп көрсетуге тырысуда. Қазақстандағы 15 қаңтарда өткен парламент сайлауы әдiл өтпедi. Осыған дейiн де ешбiр сайлау заң талаптарына сай өтпеген. Бiрақ құзыретi мықты органдар мен шенеунiктер сайлаудағы қитұрқы әрекет­тердi барынша бүркеп, жасырып отыр. Десек те, құқығы тапталып, даусы ұрланған бұқара халықтың ақиқатты бiлуге хақысы бар.

“Zona.kz” сайтындағы интернет-форумда “Ақ жол” партиясына қатысты Аманбек Серiковтiң атышулы мәлiмдемесiн көзiмiз шалып қалды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа, ҚР бас прокуроры А.Дауылбаевқа, ОСК төрағасы Қ.Тұрғанқұловқа арналған мәлiмдемесiнде ол “Ақ жолдың” мәжiлiске ұсынған қазiргi депутаттары заңсыз өткенiн тiлге тиек етедi. Оның айуынша, орталық кеңестiң 91 мүшесiнiң небәрi 20-ға жуық өкiлi жиналысқа қатысқан көрiнедi. Ал партияның жарғысында қандай да бiр отырыс өткiзу (пункт 35.4) үшiн кем дегенде орталық кеңес мүшесiнiң 50 пайызы қатысуы керегi жазылған. Олай болмаған жағдайда партияның жиналыс өткiзiп, парламентке депутат ұсынуға ешқандай құқығы жоқ көрiнедi.
ҚР бас прокуроры А.К.Дауылбаев мырзаға. Сiздi сайт бойынша мына контактiден түскен ақпаратты тексеруге Сағат Жүсiп тел:8(7242)27-26-08, 8-777-273-64-27 және осыған байланысты шара қолдануды сұраймыз. Сайттың сiлтемесi төменде көрсетiлген. Қызылордалық мұғалiмдер жалғандықты жалпағынан басатын сайлаудың басты кейiпкерлерi болуға дайындалып жатыр. Бiзге жеткен нақты деректер бойынша қызылордалық мұғалiмдер 15 қаңтардағы сайлауды жалғандықпен өткiзуге жан-жақты дайындалуға кiрiсiп кетiптi. Жаңа жыл басында облыс әкiмi Б.Қуандықов қаладағы барлық мектеп директорларын шақырып алып жабық жиналыс өткiзген.
Демократиялық күштер 28 қаңтар күнi сағат 12.00-де Республика сарайы алдында, Абай ескерткiшi жанында митинг өткiзбек. Ақпарат құралдары таратқан хабарландыруда былай делiнген: “Құр­меттi алматылықтар! Отандастар! 16 желтоқсанда Жаңаөзенде билiк қарусыз азаматтарға оқ атып, халықты қанға бөктiрдi! 15 қаңтарда билiк мәжiлiс пен мәслихат сайлауын әдiлетсiз өткiзiп, халықтың қалауын тағы да аяққа таптады! Осының барлығы билiктiң озбырлығына бiздiң үн-түнсiз көне беруiмiзден, қарсы шықпағандығымыздан болып отыр! Бәрiмiз бiрауыздан “Заңсыздыққа – жол жоқ!” және “Әдiлеттiлiктi талап етемiз!” деп кесiп айтуға тиiспiз! Жаңаөзен құрбандарының шейiт болғанына 40 күн толуына орай және әдiлетсiз сайлауға арналған азаматтық митингке қатысып, өз үнiмiздi естiртейiк! Бiз Жаңаөзендегi қасiреттi оқиғаны ашық та әдiл тексерудi талап етемiз! Кiнәлiлердiң аты аталып, жазаға тартылсын!
28 қаңтар күнi Республика сарайының алдында демократиялық күштер наразылық акциясын өткiзбек. 28 қаңтар – халық үшiн де, демократиялық күштерге де сын болатын күн. Халық үшiн сын болатыны –жиналған жұрттың қарасына қарап-ақ елге өзгерiс қажет екенiн түйсiнген және соны талап етуге дайын халық санын бағамдауға болады. Оппозиция үшiн сын болатыны – наразылық акциясында халықтың басын қосып, күреске жұмылдыра алатын мәселелер көтере ме, әлде ұсақ-түйектiң жетегiнде кетiп, айтуы тиiс нәрсенi айтпаған күйi тарқаса ма? Осыған орай бiрқатар саясаткерлер мен саясаттанушылардан митингi жайлы пiкiр сұрадық. “Өзiңiз митингiге қатысасыз ба және онда қандай мәселелер көтерiлуi тиiс деп есептейсiз?” деген сұрақ қойдық.
НЕГЕ ӨНЕР, СПОРТ САЛАСЫНАН БIРДЕ-БIР ӨКIЛ ДЕПУТАТТЫҚҚА ӨТПЕДI?
Сайлау компаниясы улап-шулап өтетiн саяси шоуға айналғалы қашан. Ал қазiр шоуларды өнер жұлдыздарынсыз өткiзу мүмкiн емес. Партиялардың сайлауалды үгiт-насихат жарнамаларында есiмi елге танымал жұлдыздардың қатыстырыл­ғанын көзiмiз көрдi. Тiптi олардың бiрқатары Мәжiлiс депутаттығына үмiткерлердiң тiзiмiнен орын алғанын бiлемiз. Егер атын атап, түсiн түстеңiз десеңiз айтайын. “Нұр Отан” партиясының тiзiмiн белгiлi әншi Нұрлан Абдуллин бастады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкiрова, Халық әртiсi Әлi­бек Дiнiшев, олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, “Астана” велокомандасының капитаны Александр Винокуров тiзiмнiң бел ортасында жүрдi.
Талдыбұлақ ауылының тұрғындары үш жылдан берi Жылқыбековтен жылқыларын қайтарып ала алмай жүр
“Жас Алаштың” редакциясына Алматы облысының Еңбекшiқазақ ауданындағы Талдыбұлақ ауылының бiр топ тұрғыны шағым айта келдi. Олардың айтуынша, жеке меншiктiң бiрнеше жыл­қысы 2009 жылдың желтоқсан айында “Төре Жайлау” ЖШС-ның меншiгiне әлдеқандай жолмен өтiп кеткен. Содан берi жылқыларын қайтара алмай жүр. “Ауылдық жерде тұрған соң күнкөрiс үшiн мал ұстаймыз. Ұсақ мал қолда болады. Ал жылқыны өзара келiсiммен шаруашылықтың жылқысын бағатын жылқышыға табыстаймыз. Сол үшiн жылқышыларға әр тұяқ мал үшiн еңбекақы төлеп тұрдық. Бұрыннан солай. Мұны шаруашылық басшылары да бiледi.

Тұтас елдiң рухын асқақтатып, көңiлiн шуаққа шомыл­ғандай етiп серпiлтетiн, халық бiрлiгiн одан әрi мығымдай түсетiн айрықша бiр оқиғалардың сирек те болса болып тұрады. Сондай бiр, жалпы ұлттық мазмұны терең, әсер күшi “айшылық алыс жерлерге” жететiндей оқиғаның iшiнде жүрiп, тiкелей куә болған едiм. Ол – Бауыржан ата Момыш­ұлына Кеңес одағының батыры атағының берiлген шағы. Атаның 80 жылдығы қарсаңында, нақ­тылай айтқанда, 1990 жылдың 4-8 желтоқсаны аралығында Бақытжан аға Момышұлы мен Зейнеп жеңгей Ахметова бастаған шығармашылық топ Жамбыл облысы Жуалы ауданына ат басын тiреген едi. Боранды бекетiнен бастап, талай-талай ауылдарда батырдың жерлестерiмен өткiзiлген кездесулер тебiренiстерге толы болатын.

ОСЫДАН КЕЙIН КУЛАГИНДI КIМ СЫЙЛАЙДЫ, “НҰР ОТАНДЫ” КIМ СЫЙЛАЙДЫ?
Әркiм бiлгенiн жасап, әркiм ойына келгенiн iстеп жатқан заман, әйтеуiр. Осы тұрғыдан, әсiресе, Қазақстан қатты былығып кеттi. Бiр ғана мысал. Қостанай облысын 7 жыл 10 ай басқарған Сергей Кулагин түкiрiгi жерге түспей тұрған кезiнде Рудный қаласындағы Иоанно-Богословск соборының (шiркеуiнiң) қабырғасына өзiнiң суретiн салдырыпты. Салдырғанда да қалай салдырған десеңiзшi?! Бұл сурет христиандардың дiни аңызына негiзделiп салынған. Мiнекей, Ииусус Христос (Иса пайғамбар) Иерусалимге кiрiп келе жатыр. Керiскедей көк қашырға мiнген И.Христосты бiр топ әулие-әнбиелер құрақ ұшып қарсы алуда. Осы бiр топ әулие-әнбие, дiнбасылардың iшiнде Сергей Кулагин де жүр. Собордың тұтас бiр қабыр­ғасына салынған көлдей суретте ежелгi әулие-әнбиелермен бiрге Сергей Кулагин де тұр қас­қайып!
Осы өңiрде омырауында екi Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен қатар Еңбек Ерiнiң алтын Жұлдызы жарқыраған Арқаның жаны жайсаң ардақты азаматын бiлмейтiндер саусақпен санарлықтай-ақ шығар?! “Демберген” десең жетiп жатыр, одан арғысын тәптiштеп айтып жатудың өзi артық. Құтты кендi аймақтың құжаты сияқты. Жалындаған жиырма екi жасында “кеншiлер патшалығының” иелiгiне имене алғаш адым жасаған ол саналы ғұмырының қырық жылдан астамын кен өндiруге арнады. Зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн де кеншiлiк кәсiптен бiрден қол үзiп кете қоймады. Ол шахта шыңырауында кен өндiрудiң қыр-сырын үйренiп қана қойған жоқ, адами қарым-қатынастарға құрылған қасиеттердiң әлiппесiнен өттi. Ширек ғасыр №45 шахтада еңбек еттi, қол перфераторымен кен қазды
Таяу жылдары халқының саны миллионға жетедi деген Шымкент қаласы күн санап көркейiп келедi. Дегенмен қалада әлi де болса қолға алар, қозғау салар жұмыстар жетерлiк. Осыдан 30-35 жыл бұрын Оңтүстiк Қазақстан облысын бiлiктiлiкпен басқарған, елдiң ардақтысы Асанбай Асқаровтың тiкелей жетекшiлiгiмен “Фосфоршылар” мәдениет сарайы салынды. Облыс көлемiндегi жиналыстар, конференциялар осы керемет сарайда өткiзiлетiн. Өнер жұлдыздарының концерттерi, кинолар, түрлi мәдени iс-шаралар мұнда тоқтаусыз болып тұратын. Сарайдың жан-жағы жасыл-желекпен көмкерiлдi, көзтартар тал-терек, субұрқақтармен абаттандырылды. Тұрғындар бала-шағаларымен, қариялар немерелерiмен осында көңiлдi дем алатын. Қазiр ойлап отырсам, ол да бiр өткен дәурен екен.
Былтырғы жылдың желтоқсан айында келiнiм Жар­қын Тоқсанбаева қатты ауы­рып қалды, өзiнiң аяғы ауыр едi. Округ орталығынан және аудан орталығынан жедел-жәрдем көлiгi шақырылды. Аудан орталығынан келген акушерка Абзал Әбдинге, Алмашқа және кезекшi медбике Манарға шын жүрегiммен отбасымыздың атынан рақмет айтамын.Жаңажол мұнайшылар қалашығында жұмыс iстейтiн iнiм Асылбек “iшiм бүрiп ауырады” деп жатып қалды. Учаскелiк дәрiгер Нина Қыстаубаева апайды шақырдық. “Соқырiшек” деп диагноз қойды. “Iште жарылып кетпей тұрып дереу аудан орталығына жеткiзу керек”, – деп Кемерген орталығынан жедел жәрдем көлiгiн шақырды. Бiз тұратын Бұлақтыкөл ауылы аудан орталығынан 100 шақырым жер, жол қашық және ауыр

 “Жас Алаш” газетiнде (№96, 1 желтоқсан, 2011 жыл) “Отынға емес, отқа жұмсапты” деген тақырыппен мақала жарияланған едi.

Бұл хат бүгiн ойланып, бүгiн жазылып ертеңiне сiздерге жiберiле салған хат емес. Неше жазылып, неше рет жыртылған жиырма жылдың көлемiндегi арман қиялмен, неше күнгi, түнгi ойлар, ойша кездесулер, арманның жетегiнде кетiп сiзбен күнде жүздесем десем де болады. Аға, сiз менiң қиялымдағы ең жақын адамымсыз. Шiркiн-ай, осы кiсi менiң ағам болғанда ғой деген арманмен жүргенiме де көп уақыт болыпты. Сiз бен менiң арамызда аспан мен жердей айыр­машылық бар екенiн жақсы бiлемiн. Сiзбен жүздескiм-ақ келедi, сiзге бар арманымды айтқым-ақ келедi. Бiрақ... Аға, менiң түсiнгенiм, өмiр таусылмайтын бiрақтардан тұрады екен. Өзiм туралы айтсам...
Қордай ауданындағы Сұлу­төр ауылында тұрған әкемнiң жақын туысы әрi құрдасы Мұхаммедкерiм деген үлкен молда болған. Мен ол кiсiнiң баласымен бiрге өстiм. Молда атамыз екеумiзге Құранның сүрелерiн жатқа айтатын және шариғат туралы көп әңгiме­лейтiн. Солардың есте қалғанын газет арқылы оқырманға жеткiзудi жөн көрдiм. Ол кiсi жылан, қарақұрт шаққандарды, адамның көзiне ақ түскендi оқып жазатын. Тiске құрт түсiп ауырған адамдарды улы шөп – мендуананың дәнiн өртеп, жалынын адамның аузына тақап отыратын. Бiраздан соң ақ түстi, жiңiшке, ұзындығы  1-2 мм қара құрт түсетiн. Және сол ауырған адам құлан-таза жазылып кететiн.

Жаңаөзен көтерiлiсi Алашты ұйқысынан жұлқып оятты. Кiмнiң ұлттың ұлы, кiмнiң құлқынның құлы екенiн есi бар жұрт аңғарып қалды. Ел сенетiн бiраз адамның “сөзi сыбырға, iсi қыбырға айналды”. Елдiң ықыласы мен батасының арқасында айбары асқан кейбiр ағалар ар-ұяты қуып жеткенде, қуғынды көп көрген қырқылжың түлкiдей бұлт етiп, басқа арнаға аунап түстi де, жас тiрнектей аңғал Алаш топшысын тасқа соқты. Ендi бiр ағаларымыз кеше қан майдан қызып, қорғансыз жұрт кiмдi бел көрерiн бiлмей түрғанда үнсiз тығылып қалғанын ұмытып, айғайлап шықты. Қазақ “жау кеткен соң қылышыңды боққа шап” деп осындайдан айтқан. Сонда зиялыдан Алаш сенер кiм қалды? Бар екен. Саусақпен санарлық болса да бар екен.

Жуырда жаңазеландиялық фермер қой қырқуды олимпиада ойындарының қатарына қосу туралы ұсынысын айтты. Дәуiрi туғанда бұл да дамыған спорт түрiнiң бiрiне баланып, төрт жылда бiр айналып соғар олимпиада ойындарының санатына қосылар. Әзiрге бұл спорт түрi Жаңа Зеландиямен қатар Ирландия, Австралияда қарқынды дамыған. Тiптi ерте көктемде жаңазеландиялықтар қой қырқудан әлем чемпионатын өткiзудi жоспарлап отыр. Айтпағымыз, өзгелер күйбең тiрлiктiң бiр бұтағын халықаралық спорт түрiне балап, салиқалы ойындардың қатарына енгiзуге талпынып күш салмақ. Ал бiз төл спортымыз қазақ күресiнiң даму жолында қандай қадам жасадық? 2003 жылы Германия астанасында өткен дүниежүзi қазақтары қауымдастығының құрылтайында құрылған қазақ күресi қауымдастығы 2006 жылдан берi қазақ күресiнен әлем
АЙҚАС “А” ТОБЫНДА ҚЫЗАДЫ
Қаңтардың 29-ы мен 5 ақпан аралығында Алматыда допты хоккейден (бенди) әлем чемпионаты өтедi. Ерлер мен қыздар құрамалары арасында өтетiн сынға дүниежүзiнiң 14 елiнiң командасы қатысады. Допты хоккейден әлем чемпионатын ең алғаш 1957 жылы Финляндияда өткiзiп, бұдан былай бұл сайыс төрт жылда бiр рет ұйымдастырылады деп жоспарланыпты. 1961 жы­лы Норвегияда өткен екiншi әлем чемпионатынан кейiн бұл сайыстың мерзiмi қысқарып, екi жылда өтетiн болды. 2003 жылға дейiн әр екi жыл сайын айналып соққан әлем чемпионатын 2004 жылдан бастап жыл сайын өткiзу үрдiске айналды. Былтыр допты хоккейдiң әлем­дiк дуы Ресейде өттi. Әлем чемпионаты халықаралық бенди федерациясының жылына бiр мәрте ұйымдастыратын iрi турнирi болып есептеледi.