1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (15674) 31 қаңтар, сейсенбі 2012

Сайлау қорытындысы мен Жаңаөзендегi жағдайға наразылық бiлдiрген “Азат” ЖСДП 28 қаңтар күнi Алматы орталығында митингiге шықты. Мыңнан аса адам жиналған наразылық шарасында билiкке бiрқатар талап қойылған қарар қабылданды. Оппозиция Жаңаөзендегi оқиғаны ашық және әдiлеттi тергеудi, сайлау қорытындысын жоққа шығаруды, түбегейлi саяси реформа жүргiзудi талап еттi. Сондай-ақ қамауға алынған В.Козлов, С.Сапарғали, И.Винявский мен А.Әмiрованы бостандыққа шығарып, қудалауды тоқтату туралы сөз қозғады. Еуразиялық одаққа кiру жөнiнде жалпыхалықтық референдум өткiзу керектiгiн жеткiзген “Азат” ЖСДП өкiлдерi 25 ақпан күнi тағы да митинг өткiзетiнiн айтып тарқасты. Митинг бейбiт аяқталғанымен, “Азат” ЖСДП жетекшiлерi мен бiрқатар белсендiсiн құқық қорғаушылар үйлерiнен алып кетiп, әкiмшiлiк жауапқа тартты.

Кеше бiрқатар танымал азаматтар Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиында бiрнеше мәселеге байланысты нақты талаптар қойылды. “Азат”ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай қаңтардың 28-iнде өткен митингiге тоқталып, “митингiнi заңсыз өткiздi” деген желеу­мен дәл сол күнi ЖСДП-ның бiрнеше өкiлi қамауға алын­ғанын айтты. “Шын мәнiнде, бұл митинг Алматы әкiмшiлiгi мен Алматы қалалық IIД-нiң келiсiмiмен өтсе де, Алматы ауданаралық әкiмшiлiк соты Болат Әбiлевтi – 18 тәулiкке, Әмiржан Қосанов пен Әмiрбек Тоғысовты – 15 тәулiкке тұтқындауы қисынсыз”,– дедi ол. Гүлжан Ерғалиева: “Бiз соттың шешiмiн сая­си тапсырыспен жасалған шешiм деп қабылдаймыз.

Кеше Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкiмшiлiк сотында 28 қаңтар күнi Алматыда митингiге қатысып, сөз сөйлегендердiң бiрқатарына айыппұл салды. Бiр мезетте төрт бiрдей сот процесi өткiзiлгендiктен қолдаушы топ та төртке бөлiндi. Ақын Мұхтар Шаханов пен саясаткер Мұхтар Тайжанның соты шамамен бiр мезетте басталған. Соттың шабармандары “Тайжанның соты басталған жоқ әлi” деп өтiрiк айтып, нөпiрдi тежеуге тырысты. Алайда Мұхтар Тайжанға қатысты iстi осы аралықта тездетiп өткiзiп, оған 20 айлық көрсеткiш көлемiнде айыппұл салып үлгерiптi.
Демократиялық күштер өткiзген митингiден бiр күн бұрын “Азат” ЖСДП тең төрағасы Жармахан Тұяқбай жалғыз өзi баспасөз мәжiлiсiн өткiзiп, сая­си мәлiмдеме жасады. Елдегi саяси дағдарыстан құтылудың бiрден‑бiр жолы – қоғамның жаңа Конс­титуция аясына бiрiгуi деп мәлiмдеген Ж.Тұяқбай таяуда осы мәселенi талқылау үшiн құрылтай шақырылатынын айтты. Баспасөз клубының модераторы Ж.Тұяқбайды ЖСДП тең төрағасы деп таныстыра беруi сол екен, алдыңғы қатарда отырған партияның төралқа мүшесi Петр Своик оны “төраға” деп түзеттi. Артынша БАҚ өкiлдерiне таратылған баспасөз баянында да “ЖСДП төрағасы” деп жазылыпты.

“Взгляд” газетiнiң бас редакторы Игорь Винявский ҚР Қылмыстық кодексiнiң 170-бабына сәйкес: “Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып немесе ұйымдасқан топпен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру...” туралы үндеулер таратты деп айып­талып, қаңтар айының 23-i күнi қамауға алынды. Оның жақтастары кеше ұлттық баспаөз клубында өз пiкiрлерiмен бөлiстi. Бiрiншi болып сөз алған “Республика” газетi бас редакторының орынбасары Оксана Макушина өткен аптаның басында И.Виняв­скийдiң үйiне және “Взгляд” газетi редакциясының кең­сесiне ҰҚК қызмет­керлерi басып кiрiп, тiнту жасағанын айтты.

Бас прокурор Асқат Дауылбаев­тың арыны қатты. Ешкiмдi аяйтын түрi жоқ тiптi. Өткен аптадағы мәлiмдемесiнен осыны аңғардық. Мәлiмдеменiң ұзын-ырғасы мынадай: “2011 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысының Жаңа­өзен қаласында “Өзенмұнайгаз” мұнай өндiретiн кәсiпорнының бұрынғы жұмысшылары бұзақы жастардың қолдауымен қирату, тонау, өртеу және бейбiт тұрғындар мен полиция қызметкерлерiне күш қолданумен ұштасқан жаппай тәртiпсiздiктер жасаған. Нәтиже­сiнде 125 нысан өртелiп, тоналған. Мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға келтiрiлген залал мил­лиардтаған теңгемен есептеледi...”.

«Билiк азаматтарды түрлi қуғын-сүргiнге салмай, алдымен әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуi тиiс. Қазiргi таңда билiктегiлер қанды 37-нiң айла-шарғыларын қолданып, үрейлендiру науқанына белсене кiрiсiп кеттi. Алайда көптеген жағдайларға бiздiң көзiмiз анық жетiп отыр. Осы уақыт аралығында бiраз дүниелердi бастан өткердiк, соның арқасында айтарлықтай тәжiрибе жинақтадық. Осыларды негiзге алып және елiмiзде болып жатқан дүрбелеңдердi, қоғам тарапынан алаңдаушылық туғызатын жайттарды негiзге алып, бiз, Қазақстанның қоғам қайраткерлерi Қоғамдық қорғау комитетiн құратынымызды мәлiмдеймiз».

Газетiмiздiң өткен сандарының бiрiнде Қызыл­орда облысына қарасты Қазалы ауданында тұратын Серiк Жәбидiң “Аштық жариялауға мәжбүрмiн” (№4, 17 қаңтар, 2012 жыл) атты мақаласы жарияланған болатын. Автор өз мақаласында 15 қаңтар күнгi сайлау барысында №61 учаскеде заңбұзушылықтар болғанын, осыған байланысты сайлау қорытындыларын жою жөнiнде сотқа арызданғанын, сондай-ақ әдiлдiк үстемдiк етпесе, аштық жариялайтынын жазған едi. Күнi кеше осы азамат хабарласып, қалыптасқан жағдайды баян еттi. Берiлген арыз бойынша аудандық сот отырысы өтiптi, бiрақ Серiктiң талабы қанағаттандырылмаған.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жолдаудан кейiн үкiмет үйiнде жиын өткiзiп, бiрқатар министрлер мен облыс әкiмдерiн сондай-ақ әртүрлi шендiлердi шенеп, қатаң сын садағына алды. Өйткенi үкiмет мүшелерi әлеуметтiк-экономикалық ахуалды арттыру жөнiндегi тапсырмаларды дұрыс орындамаған. “Жұмыс iстеудi қойдыңдар!” деп қаһарланған президент Кәрiм Мәсiмов басқаратын министрлер кабинетiнiң кемшiлiктерiн жiпке тiзiп бердi. Үкiмет отырысында президент: “Дағдарыстың қайталанбасына кепiл жоқ. Сондықтан Қазақстан кез келген жағдайға тас-түйiн дайын болуы керек”, – дедi. Соған қарамастан соңғы кездерi игiлiктi iстен гөрi, судыр сөзге толы пайдасыз жиын­дар өткiзу жиiлеп кеткен көрiнедi.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Кеңес үкiметiнiң тың игеру бағдарламасының нәтиже­сiнде Сыр өңiрiнде алып массив бой түзеп, бiрнеше кеңшардың iргесi қаланды. Соңғысының бiрi еңбек­қор халқы бар “Түгiскен” кеңшары едi. Сол жылдары “Отанға 110 000 центнер астық тапсырамыз!” деп ұрандатып жүрiп, жылына   120-130 мың пұт астықты ел байлығына беретiнбiз.   Жекешелендiру жылдарында “Түгiскен” “тәжiрибе шаруашылығы” деген атпен мемлекет меншi­гiнде қалып қойды. Басында оны ауыл тұрғындары мақтанышпен айтып жүрдi. Уақыт өте келе өздерiнiң әл-ауқатын көршiлес елдермен салыстырып, әлдеқайда төмендiгiн байқай бастады.
Әңгiме
Қызық.Екi мың он бi­рiншi жылыңыздың қарашасында жер жүзiнiң же­тi мил­лиардыншы тұрғыны туды. Тiркелдi. “Көк­сандық” тап осылай хабарлады. Жетiншi қарашада. Жетi мил­лиард дедi. Артынша “көксандығыңыздан” “Қо­ңыр” тобының әнi берiлдi. Ұзын талдырмаш қыз: “Дү­ние... дүние... дүн-ие-е-е. Дүниеге кiм ие-е-е?..” деп әндеттi. Екi жiгiт қосылды. Бiр­түрлi ән. Мұң­ды.  Бес жылдай бұрынырақ, бұ­ның жұбайы айтулы аймаққа әкiмдiкке тағайындалғанда ше, миллионыншы адами затыңыз iңгәлап, салтанатты түрде тiркелген­тұғын. Айпара аймағы аумағында.
БАШАР АСАДТЫҢ ОТБАСЫ ОҚТЫҢ АСТЫНДА ҚАЛДЫ
Сирияның президентi Башар Асадтың отбасы жексенбi күнi түнде Дамас­кi­нiң халықаралық әуе­жайы арқылы елден қашып кетпек болған. Сирияның оппозициялық бостандық армиясы президент отбасының елден қашып кетуiне мүмкiндiк бермедi. АҚШ армиясының аты­-жөнi құпия бұрынғы офи­церiнiң айтуынша, мұздай қаруланған жасақ қоршаған автокөлiктер колоннасы әуежайға бет алған. Жолда президент күзетi мен оппозициялық күштер арасында қиян-кескi атыс болған. Ақырында авто­көлiктер Дамаскiге қарай керi бұрыла қашып, Башар Асадтың резиденциясына кiрген. Оппозиция өкiлiнiң сөзiнше, көлiктерде Башар Асадтың әйелi мен балалары, шешесi Аниса Махлуф және немере iнiсi Рами Махлуф отбасымен болған. Өткен аптада Сириядағы қақтығыстардан 229 адам мерт болды. Оның 145-i – бейбiт тұрғын.
ҚҰРБАНДАРҒА ҚҰРМЕТ
Биыл 1937 жылғы саяси қуғын-сүргiн құрбандарының қайтқанына 75 жыл толып отыр. Сол жылғы қырғын кезiнде қазақтың жан саны 4 миллионға дейiн кемiп кетiп едi. 1937 жылы қуғынға үшыраған ерлердiң жарлары “Алжир” лагерiне тоғытылып, қара жұмысқа жегiлдi, атылды. Мiне, осы қасiреттi оқиға тарихы елге зарлы ән ретiнде жететiн болды. Жуырда саяси қуғын-сүргiн құрбандарының “Алжир” мұражай кешенiнде “Ерте солған гүлдер” атты жаңа әнге түсiрiлген бейнебаянның тұсаукесерi өттi. Марқұм Жарасбай Нұрқанның өлеңiне жазылған сазгер Ерса­йын Нарымбетовтiң әнiн Азамат Жылтыркөзов орындайды.
Қазақ ән өнерiнде өзiмiз эстрададан бөлiп жүрген дәстүрлi әншiлердiң денi дәрiптеуге зәру. Қоғамның жас буыны домбыраның қоңыр даусынан гөрi эстраданың даңғазасын тыңдауға, естуге, көруге құмар. Содан ба, эстрада әншiлерiнiң жылт етпе жаңалығы  елеусiз қалмай жалпақ елге жария болады. Ал халық әндерiн ел арасынан жинап, қазынаға қазына қосып жүрген дәстүрлi әншiлер көбiне шерiн домбырасына ғана тарқатады. Қазақ ән өнерiнде тыңнан түрен салуға асық әншiнiң бiрi –Тiлеулес Құрманғалиев. Әншiнiң iзденiмпаздығы репертуарының үнемi жаңаруынан бiлiнедi. Ел арасын жиi аралайтын әншi көпшiлiк тыңдай қоймаған әндердi қазына қарттардан тыңдап, жазып алып, үлкен сахнада орындағанша асығады екен.
ӨЛГЕН ӘЙЕЛГЕ ҮЙЛЕНДI
Бұлар он жыл бiрге тұрды. Келiншектiң заңды түрде некеге отырғысы келдi. Оны сүйiктiсiне талай рет айтты да. Бiрақ... Чадил Юнйинг келiспедi. “Маған үйленуге әлi ерте, – деп ойлады ол. – Осы өмiрiм жақсы емес пе?!”. Он жыл бiрге тұрғанда үйленуге келiспеген жiгiт ендi келiп... келiншек көлiк апатынан қайтыс болғанда ғана үйленуге бел буды. Кiмге дейсiз бе? Өлген келiншекке. Тайландтың құзырлы орындары бұған келiсiм бердi.“Алтынның қолда барда қадiрi жоқ”, тайландтық жiгiт сүйiктiсiнiң алдында өзiнiң кiнәлi екенiн мойындады. Сондықтан да осындай адам сенгiсiз, жан түршiгерлiк iске баруға ұйғарды.Үйлену той салтанаты кәдiмгiдей өттi. Қонақтар хрусталь шыныдан шампан iштi, өлген қалыңдыққа ақ көйлек пен фата кигiздi, суретке түстi.
ТУРНИРДЕ ТIНӘЛИЕВ ҰТТЫ
Грек-рим күресi балуандары Түркияда өткен голден гран-при сайысында 1 алтын, 1 күмiс, 1 қола медаль еншiледi. Бас бапкер Мұратбек Қасымханов “Вэхби Эмре” турнирiне 7 салмақ бойынша балуандар апарған. Сайыстың алғашқы күнi белдесуге 55, 66, 84, 120 келi салмақтағы балуандар шықты. Асхат Құдайбергенов 55 келiде белдесiп, iрiктеу ке­зеңiнен өте алмады. 66 келiде Бейбiт Нұғыманов түрiк балуанына жол берсе, Елдар Қайратов пен Дархан Баяхметов те алғашқы айналымда сүрiндi. 84 келiде белдескен Даниял Гаджиев финалда ресейлiк Азамат Бикпаевқа есе жiберiп, тур­нирдiң күмiс жүлдесiн еншiледi.

Ойынның бiрiншi таймында шведтер финляндиялықтарға 6 гол енгiзiп тастады. Екiншi тайм­да да 6 гол соқты. Финляндия допты хоккейiн 15 жылдан берi сүйреп келе жатқан Остерберг Томми: “Бұған дейiн бiрнеше әлем чемпионатына қатыстық. Тiптi жүлдеге де iлiнiп едiк. Шәкiрттерiм бұлай күйрей жеңiлген жоқ. 12:0 есебi маған да соққы болды. Әлем чемпионатынан жүлдемен оралсақ, ел алдында мерейiмiз үстем болатын едi. Әлi де үмiт мол. Келесi кезекте АҚШ құрамасын ұтсақ, олқы тұсымыз оңалады”, – дедi. Ал Швеция құрамасының бас бапкерi Франко Бергманның көңiлi тоқ. “Құраманың фин хоккейшiлерiн сыпыра ұтуына Алматыға ертерек келуiмiз сеп болды. Жiгiттер Алатаудың етегiне күнi бұрын келiп, ауа райына бiраз бейiмделiп қалды. Соның пайдасы алғашқы кездесуде тидi”.