1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №9 (15675) 2 ақпан, бейсенбі 2012
Билiк басындағылар мен олардың қошеметшiлерi президент жолдауын ерекше құжат ретiнде қарсы алды. Шынында солай ма?
Қазақстан президентi биылғы жылғы жолдауын әдеттегiден ерте жария еттi. Өткен жұма күнi парламент палаталарының бiрiккен отырысында “Әлеуметтiк-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты” атты тақырыппен жасалған жолдау он бағыттан тұрады. Алдымен экономикалық жетiстiктерiн тiзбелеген президент Н.Назарбаев артынша елдi жаңа дағдарысқа дайын болуға шақырды. Президент санамалаған жетiстiктердiң қатарында мемлекет меншiгiне қайта­рыл­ған активтер, ел экономикасының былтырғы жылғы 7,5 пайыздық өсiмi мен жан басына шаққандағы жалпы iшкi өнiм көлемiнiң 11 мың долларға жеткенi айтылады.

Соңғы кездерi Шымкент жақта билiгi мен байлығы бар азаматтар дәл дүркiретiп той өткiзетiн күндерi Астанадан атқамiнерлер де, мәжiлiсшiлер де осы өңiрге опыр-топыр шауып келiп, әр алуан жиындар ұйымдас­тыратын әдет тапты. Күндiз көпшiлiктiң көңiлiн алдандыратын пайдасы жоқ жиынды ойлап тауып, көзбояу­шылыққа барады. Ал кешке қарай шақырылған тойдың ең төрiнде арқа-жарқа отырып, негiзгi келген шаруаларын бiтiрiп қайтады. Қулықтарын асырып, қутыңдап жүргендерiмен, олардың осылайша бақай есеппен ел аралауға шығатынын бүгiнде екiнiң бiрi бiле бастады. Сондықтан ба қайдам, осы аптаның дүйсенбiсiнде қасына бiр топ сенаторды ерткен спикер Қайрат Мәми Шымкент шаһарына табан тiрегенде ел тағы ду ете қалды.

Қазақстанның шығармашылық интеллигенциясына, Қазақстан үкiметтiк емес ұйымдарына және Қазақстанның саяси партияларына
АШЫҚ ХАТ
Құрметтi отандастар! Мәңгiлiк прези­денттiң еркi мен мүддесiне сай, парламент мәжiлiсiнiң бесiншi шақырылымы мен министр­лер кабинетi қалай бекiтiлгенiне қарап, мұның билiк пен қоғамды демократия­ландыруға еш қатысы жоқ екенiне көзiң жете түседi. Негiзiнде, жалғыз президенттiк партия­ның орнына, елiмiздiң саяси алаңына “қызыл-ақ” түске боялған тағы сол “Нұр Отан” келiп отыр. Назарбаев кезектi рет өзiнiң “мәңгiлiк көмекшiсiн” премьер-министр қызметiне ұсынып, парламент оған “құп” дедi.

Кеше қоғамдық ұйым өкiлдерi Германия федеративтi республикасының Алматы қаласындағы консулдығының алдында саяси шара өткiзiп, консулдық қызметкерлерiне хат табыстады. Хатқа С.Әбдiлдин, Ғ.Алдамжаров, Б.Атабаев, Ж.Қуанышәлин бастаған жүз шақты адам қол қойған. Онда былай дептi: “2012 жылдың 8 ақпанында Қазақстан президентi Н.Назарбаев Германияға барады. Өкiнiшке қарай, бұл сапардың жөн-жосығын ешкiм айтпайды. Назарбаевтың Германия федеративтi республикасында кiммен кездесетiнi құпияланған. Осыған байланысты бiз Германия бундестагының депутаттарынан Қазақстандағы демократиялық күштер өкiлдерi мен тәуелсiз БАҚ журналистерiнiң

Кеше үшiншi мәрте ҰҚК-ге жауап беруге барған жас саясаткер Жанболат Мамайдың үстiнен ҚР Қылмыстық кодексiнiң 164-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық iс қозғалды. Оған “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып тағылып отыр.
Бұған дейiн Жаңаөзендегi оқиға бойынша ҰҚК 164-бабы, 3-бөлiмi бойынша жалпы қылмыстық iс қоз­ғал­ған болатын. Ендi Ж.Мамайдың үстiнен жеке-дара қылмыстық iс қозғалып, ресми айыптау тағылды. Ол елден кетпеу туралы қолхат бердi. Тергеу аяқталып, сот жас саясаткердi кiнәлi деп тапса, оны     3 жылдан 7 жылға дейiн бас бостандығынан айыруы мүмкiн.
Алматы қаласының Медеу ауданаралық әкiмшiлiк соты қаңтардың 28-iнде өткен митингiге қатысқаны үшiн суретшi Қанат Ибрагимовқа 20 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде айыппұл салды. Ал Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, Парламентаризмдi дамыту қорының прези­дентi Зәуреш Батталова және “Желтоқсан” қозғалысының белсендiсi Құрманғазы Рахметовке қатысты әкiмшiлiк iстi қарауды сот кейiнге шегердi.  Қаңтардың 31-iнде өтуге тиiс әкiмшiлiк сот отырысы Қ.Ибрагимовтың талап-арызына байланысты бiр күнге шегерiлген-дi. Ол 28 қаңтар күнi митингiде өзiн көрген куәларды сот отырысына шақыртқан болатын. Кеше, яғни ақпанның бiрi күнi жалғасқан сотқа Ұзақбаева деген куәгер келдi. Куәгердiң iспен толық таныс еместiгi ә дегеннен байқалды.

28 қаңтардағы митингiге белсене қатысқаны үшiн Р.Сәрсенбайұлын әкiмшiлiк жазаға тартуды көздеген сот отырысы кеше қайта жалғасты. Алғашқы күнi сот әкiмшiлiк iстi қарай бастаған сәтте “айыпталушы” прокурор мен сотқа қарата мынадай өтiнiш айтты: “Бiрiңiз –айыптаушы, екiншiңiз төрелiк етушi, бiз тәртiп бұзушы бейнесiне енiп, қойылым қойып қайтемiз. Саяси тапсырыс алдыңыздар, шешiмдерiңiз дайын тұр. Уақыт өткiзбей, соны оқи салыңыз, сот мырза”. Бұған сот билiгiн жүзеге асырушы келiспедi. Соған сәйкес екiншi талап қойылды, олай болса митингiнiң бейнетаспасын, куәнi алдыртып, заңды толық сақтап қараңыздар. Бiрiншi жақ бұған келiстi. Ертесiне бейне таспа да көрсетiлмедi, куәгер де келмедi. Сот өтiрiкшiнiң кейпiн кидi.

ҰРЛАНҒАН ДАУЫСТАРДЫҢ ДӘЛЕЛI
Оңтүстiк Қазақстан облысының бiрнеше ауданында сайлау өрескел заңбұзушылықпен өтiптi. Бұл туралы редакциямызға “Азат” ЖСДП- ның Түр­кiстан өкiлдiгiндегi заңгерi Талғат Иман­құлов арнайы хабарлап айтты. Алдымызға жайған сайлау комиссиясының хаттамалары мен қорытынды құжаттарға қарап, бас шайқадық. Себебi “қуырдақтың көкесiн түйе сойғанда көресiң” деуге тура келдi. Сықиған сандармен “Нұр Отанды” қолдан жеңiске жет­кiз­­ген түркiстандықтар мен кентаулықтардан Арыс ауданы да қалыспапты. Әрбiр сайлау учаскесiне бақылаушыларын арнайы отыр­ғызғанымен, пар­тияның заңгерi хаттамаға түгел қол жеткiзе алмағандарын айтады».

Қоғам қайраткерi, ұлтжанды азамат, марқұм Батырхан Дәрiмбет досыммен Мақтаарал өңiрiне ат басын жиi бұратынбыз. Жол сапарға Көлдейбек Бодыбай, Орналы Мұстафа, Жасарал Қуанышәлi мен Айсұлу Қадырбай да бiрге шығатын. Бiз той тойлап немесе қыдырып барып жүрген жоқ едiк, экс-премьер министр А.Терещенконың “өкiл әкесi” Молчанов деген дөкей мыңдаған гектарды бiр өзi жеке­шелендiрiп алған екен. “Өкiл баласына” арқа сүйеген Молчановтан ауыл тұрғындары қайтара алмай, “барар жерi, басар тауы” қалмағандықтан “Азаттық” радиосының тiлшiсi әрi “Азат” газетiнiң бас редакторы Батырхан Дәрiмбетке сүйенiш тұта хабарласып тұратын.

“Негiзi, бiздiң қазақ халқында екi тiл бар” дейдi бiр сатирик. Бiрi – “ана тiлi”, екiншiсi – “бала тiлi”. Бiз баламен ешқашан қазақша сөй­леспеймiз. Өйткенi ол түсiнбейдi деп ойлаймыз да, онымен кейде өзiмiзге де түсiнiксiз тiлде сөйле­семiз. Мысалы, “үфай” деп, “әуппа дейiм”, “iш дейсiң бе, пық дейсiң бе” деген сияқты “әңгiмелер” айтамыз. Ал бұл сөздердi “кiшкентай мақау” түсiне ме, жоқ әлде, түсiнбей ме, онда шаруамыз жоқ. Әйтеуiр, сәбидiң есi кiрiп, тiлi шыққанша солай айтып жүре беремiз. Күндердiң күнiнде әлгi бала “әуппа деш”, “iш дейiм” деп жүгiрiп жүредi.. Америкада социолог-мамандар немiстiң, ағылшынның, орыстың нәрестелерiне тәжiрибе жүргiзiптi. Олар жаңа туылған немiстiң шақалағына немiс тiлiнде “өмiрге қош келдiң” деген сөздi айтқан кезде, әлгi нәресте қимылдап, жағымды үн шығарыпты.

Бiз Алматы – Нарынқол күре жолының 90-шы шақырымында орналасқан қазағы, ұйғыры, түрiгi аралас 690 отбасы бар ауылда тұрамыз. Кезiнде үлкен кеңшардың бiр бөлiмшесi болдық. Қазiр өз алдымызға бөлек ауыл болып, “Достық” деп атандық. Ауылымызда кезiнде балабақша да , клуб үйi де бар едi. Үкiмет тарағанда жекешеленiп кеттi. Қалай жекешеленгенi халыққа бей­мәлiм. Екi шақырым су құбыры бар едi, ол да жатқан күйiнде жоқ болды. 1956 жылы құрылысы басталып, 1958 жылы аяқталған сегiз жылдыққа арналып салын­ған мектебiмiз бар, бiрiншi қабатының қабырғасы каркастан, екiншiсi кiрпiштен салынған болатын. Сол мектеп 1992 жылы 10 жылдық болып өзгердi

Кеңжылыой өңiрi қашанда әулие-әнбиелерге,емшi-дауагер, тәуiп, сынықшылар, күн райын дәл тауып айтатын бiлгiр, есепшiлер, жыршы-жыраулар, ұста-шеберлерге кенде болмаған. Бұлардың iшiнде қадiр-қасиетiмен ерекше дараланған, биыл туғанына 150 жыл толған, сынықты ұстамай салған аруақты Достан атамызды бөлiп айтуға болады. Ол кiсiнiң негiзгi қонысы “Құдықсай”, “Қарасу” деген жерлер болған. Тiрiсiнде “әулие” атан­ған атамыз жөнiнде аз жазылған жоқ. 63 жас – пайғамбар жасын жасап, қайтқанына ғасырға жуық уақыт өтсе де ол кiсiнiң қадiр-қасиетi, дауагер емшiлiгi жақындарының есiнде мәңгi сақталып қалды. Бала кезiмiзде көзi тiрi қарттар Досекең жөнiнде жыр қылып айтып отырушы едi..

“Жас Алаш” республикалық газетiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы (№5) санында жарық көрген еңбек және тыл ардагерi С.Молдабековтiң “Бiр әрiптiң әлегi” атты мақаласына орай төмендегiнi хабарлаймыз: С.Молдабеков аталған мәселе бойынша 2011 жылғы 24 қаңтарда облыстық тiлдердi дамыту басқармасына арыздан­ған болатын. Осыған орай, “Өнiмгер” атауының дұрыс-бұрыстығын жан-жақты зерттеп, ғылыми тұрғыдан дәлелдеп беру үшiн облыстағы жоғары оқу орындарына жолданды. М.Әуезов атындағы Оң­түстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi мен Академиялық инновациялық универ­ситеттiң филолог-ғалымдары ғылыми сараптама жасап
ӨТКЕН ТОЙҒА ӨКПЕ КӨП НЕМЕСЕ ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАЙДА КЕТТI
Құрметтi оқырман! Бұл мақала Тәуелсiздiктiң 20 жылдығы қарсаңында Астанада өткен халықаралық ақындар айтысы аяқталған бойда жазылған едi. Алайда, бiраз басылымға ұсынып көргенiммен олар басудан бас тартқан соң, “жабулы қазан” күйiнде қалған. Айтыскер Ринат Зайытовтың “Халық сөзi” (27 желтоқсан, 2011 жыл) газетiнде жарық көрген сұхбатын оқығаннан кейiн, кештеу болса да қайта өңдеп, батыл да шыншыл басылым ғой деп “Жас Алаш” газетiне ұсынуды жөн көрдiм. Мақаланың айтыс өткен соң араға көп уақыт салып жазылмағанын ескертудi өзiме парыз санадым.
Француздың атақты әншiсi әрi сазгерi Джо Дассен (Джозеф Айра Дассен) небәрi 41 жас қана өмiр сүрдi. Ол ТМД елдерiне, әсiресе, “Бабье лето” және басқа да әндерiмен танымал. Джо Дассен 1938 жылы Нью-Йоркте дүниеге келедi. Джоның әкесi – атақты режиссер Жюль Дассен. Ал атасы Сэмюэль Дассен Одессадан АҚШ-қа көшiп бар­ған иммигрант едi. Бала Джо әкесiнiң кейбiр фильмдерiне музыка да жазған. Әкесiн кино түсiруге Лондонға, Калифорнияға, Швейцарияға және тағы бас­қа елдерге шақырады. Сөйтiп Джо төрт жыл бойы бiр елден екiншi елге көшiп жүредi. Ол 14 мектеп ауыстырады.
Ертең бүкiләлемдiк бокс сериясындағы (WSB) кезектi жекпе-жегiн елiмiздiң “Астана арландары” клубы Алматыда өткiзедi. Қонаққа “А” тобында 18 ұпай жинап, көш басында тұрған Италияның “Милано Тундер” клубы келедi. Биылғы маусымда “арландар” итальяндықтардан 5:0 есебiмен ұтыл­ған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында Италияда өткен кездесуде жiгiттер елге соқыр ұпай ала алмай келiп едi. Сол жолы елiмiздiң намысын қорғаған Данияр Тоқбаев 54 келiде сынға түсiп, Винченцо Пикардиге ұпай санымен жол бердi. 61 келiде Ержан Мүсәпiров Доменико Валентинодан өте алмады. 73 келiде Хусан Байматовты украиналық боксшы (“Милано Тундер” клубының легионерi) Сергей Деревянченко әлсiн-әлсiн есiнен тандырып
Медеу мұз айдынындағы допты хоккейден өтiп жатқан әлем чемпионатының екiншi кездесуiнде Ресей құрамасы Финляндия хоккейшiлерiн 5:4 есебiмен ұтты. Бұл ойында фин хоккейшiлерi ресейлiктердi сан соқтырып кете жаздады. Бiрiншi таймда 2 гол соққан олар арқаны кеңге салып едi, финляндиялықтар екiншi таймда 4 голды тоғытты. Бiрақ Ресей құрамасының бас бапкерi   Сергей Фирсов жiгiттерiн жiгерлендiрiп бақты, ойын бiткенше олар 3 гол соқты.  Норвегияны ұтқан қазақ елiнiң құрамасы әлем чемпионатының екiншi күнi де жанкүйерлердiң үдесiнен шығып, АҚШ құрамасын 13:3 есебiмен жеңдi. Ойынның 4-минутында Сергей Почкунов есеп ашқаннан кейiн Дмитрий Завидовский, Рауан Исалиев бiр-бiрден гол соғып, 3:0-ге жеткiздi
НАДАЛЬ БIЗДI ҚАЙТСIН
Биылғы Дэвис кубогында елiмiздiң теннисшiлерi беташар ойынын Испания құрамасына қарсы өткiзетiнi белгiлi. Бұл сында бiздiң намысымызды шеттен әкелген теннисшiлерiмiз Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев, Юрий Щукин қорғайды. Былтыр осы кубокты ұтып алған испандықтар қазақ елiнiң теннисшiлерiне қарсы негiзгi ойыншыларды салмайтын болды. Әлемнiң екiншi ракеткасы Рафаэль Надаль кордқа шықпайды. Одан бөлек Испания теннисiн өрге сүйреп жүрген Давид Феррер, Фернандо Вердаско, Фелисиано Лопес те бұл тартысқа араласпайды. 10 ақпанда Испанияда өтетiн сайыста Кукушкин бастаған қазақ елiнiң теннисшiлерi Николас Альмагро, Марсель Гранольерс, Хуан Карлос Ферреро, Марк Лопеске қарсы ойнайды.