1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №10 (15676) 7 ақпан, сейсенбі 2012
“АҚЫМАҚ КҮЙЕУ ӘЙЕЛIН ҰРСАДЫ, АҚЫЛДЫ КҮЙЕУ ӨЗIН ҰРСАДЫ...”
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өткен аптада министрлер мен әкiмдерге қатты шүйлiктi. Мәселенi шенеунiктер құйрық басып жүрген көлiктерден бастады. Көлiк шығарудың көлемiн мемлекеттiк сектор мен ұлт­тық компаниялардың есебi­нен үш-төрт есеге өсiруге болады! Қараңдаршы, бiз қандай көлiк сатып алып жатырмыз! Шенеунiктердiң аппаратынан бастап, бәрi “Тойота” алып жатыр. Бұлар бiздiң көлiктермен жүрсе, бiрдеңе бола ма?! – дедi президент үкiметтiң кеңейтiлген отырысында. Н.Назарбаевтың жұқалап айтқаны бұл. Әйтпесе, министрлер мен әкiм­дердiң “Тойота” мiнiп жүргенi некен-саяқ. Көпшiлiгi сүлiктей қара “Мер­седестi” тәуiр көредi. Онда да анау-мынау емес, бағасы 100-150 мың еуро тұратын “жiлiгi татитындарын” ғана.
“Асты қорлама – құстырады, Азаматты қорлама – састырады!” – дейдi қазақ. Ып-ырас. Думаға депутат сайлауды тiзеге басып, өзiм бiлермендiкпен өткiзген Ресей билiгi қазiр қатты сасып отыр. Әсiресе, кешегi шеруден кейiн В.Путиннiң басы қалтақтап, өңi қуқыл тартып, қатты “нервничать” еткенi сонадайдан бiлiнiп тұрды (тележәшiк қараған адамның бәрi мұны аңғара алды ғой деп ойлаймын). Осыған дейiн Мәскеуде Думаға депутат сайлаудың нәтижесiне наразылық ретiн­де екi шеру өттi. Мұның бiрiн­шiсiне 40 мың адам жиналса, екiншi шеруге 100 мыңнан астам адам жиналды. Ал кеше­гi, яғни 4 ақпан күнгi өткен шеруге 126 мың адам (!) қатыс­ты. 4 ақпан күнi Мәс­кеуде күндiз – 20, түнде 30 градус аяз болды.
Еуропарламентте Жаңаөзенге қатысты алқалы жиын өттi. Бұған елiмiзден арнайы ресми делегация мен азаматтық қоғам өкiлдерi қатысып, Қазақстанда болған қанды оқиғаға байланысты өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Stan.tv бейнепорталының журналисi Жұлдыз Төлеу “Азаттық” радиосына Қазақстаннан барған ресми делегация мен азаматтық қоғам өкiлдерiнiң пiкiрлерi бiр-бiрiне кереғар болғанын айтады.  Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және демократиялық даму аясындағы келiсiмге сәй­кес, Еуропарламенттегi жиынға Қазақстанның Бельгия мен Люксембургтегi елшiсi Ерiк Өтембаев, бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко мен ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң бiрнеше өкiлi қатысқан.
Авторитарлы режим шарықтау шегiне жеттi. Тығырыққа тiрелдi. Шегiнерге жолы қалмады. Қорқыныш пен үрейден, халық толқуынан сескенген ол ақылынан адасты. Жаңаөзенде қарапайым халыққа қарша бораған оқ, режим қарсыластарына тағылған “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып – соның айқын дәлелi. Ендiгi Ақорда оппозиция алаңын тазартуда ту еткен “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айыпқа, айыпталған азаматтар мен ол айыптың шығу тегiне терең үңiлiп, талдау жасап көрсек. Өткен аптаның басында жас саясаткер Жанболат Мамайға Жаңаөзен оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексiнiң 164-бабы бойынша “әлеуметтiк араздықты қоздырды
Әзiрбайжан елiнiң Милли Меджлисiнiң (парла­ментiнiң) пленарлық отырысында бiрқатар депутаттар мемлекет атауын өзгерту үшiн референдум өткiзу жөнiнде ұсыныс жасады. Оппозициялық Әзiрбайжан халықтық майданы Бiрiккен партиясының (ЕПНФА) депутаты Гудрат Гасангулиевтың айтуынша, елдiң атауы Солтүстiк Әзiрбайжан Республикасы деп өзгеруi керек көрiнедi. Өйткенi Ресей мен Иран елiнiң арасында қол қойыл­ған Гюлистан (1813 ж.) және Туркманчай (1828 ж.) келiсiмдерiне заңдық тұрғыдан баға берiлмеген.
 «Әттең-ай, шырағым жалған дүниедегi татар дәмi таусылуға таяғанын сезген-ақ екен. “Менi мына ауруханадан басқа жаққа әкетiңiздершi” деп шырыл қақты. Жалынды, жалбарынды, жылады. Сонда да оны тыңдамадық. Сол аурухананың дәрiгерлерiне үмiт артып, қара басты ғой бiздi. Бiз үмiт артқан дәрiгерлер ауру қызымызға апарған тамақты да оған бермей өздерi iшiп-жегенiн естiдiк. Бұдан асқан бейшаралық бар ма? Ең сұмдығы сол, бiз жансақтау бөлiмiнiң жанында жарығымның амандығын Алладан тiлеп, жылап-сықтап уайыммен жүрсек, жұмыс орнында удай мас болып алған бас дәрiгердiң орынбасары Владимир Нарижный кабинетiнiң кiрер есiгiн таппай тәлтiректеп тұрғанына куә болдық».
Қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың “Табалдырық” атты бағдарлама-манифест кiтабы жарық көрдi. Бұл кiтапты жарыққа шығарғандар  –   Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы. Нақтырақ айтсақ, тарихшы-ғалым, профессор Мәмбет Қойгелдиев. Кiтапқа алғысөз, сонан кейiн Мәмбет Қойгелдиевтiң “Жаңа отаршылдыққа қарсылық мани­фесi” атты көлемдi мақаласы берiлген. Содан соң Мағжан Жұмабаевтың “Алқа. Табалдырық” атты бағдарлама-манифе­сiнiң толық мәтiнi (араб әрпiндегi нұсқасымен қоса) берiлiптi. Бұлардан кейiн осы “Алқа. Табалдырыққа” қатысты Мағжан Жұмабаевтан бастап бiр топ қазақ зиялыларының сол кездегi тергеу орындарына берген жауаптары жарияланған.Рас, Мағжан Жұмабаевтың “Алқа.

КТК телеарнасы мен электронды сайттар Көкшетау қаласында жергiлiктi кәсiпкер В.Свидерскийдiң баласы В.Свидерскийдiң көпшiлiк жерде жанжал шығарып, онымен қоймай полиция қызметкерлерiн жағадан алып, “бұл қала менiң қолымда, керек болса, әр қайсың үшiн 100 мың доллардан төлеп, көздерiңдi құртам” деп қорқытқанын жариялап жатыр. Әкесiнiң байлығына мастанған бұл жiгiт бұған дейiн де талай-талай ұлтаралық жанжалдарға себепкер болғанынан хабардар едiк. Бiрақ қай кезде де жергiлiктi құқық қорғау орындары бұған көздерiн жұма салып, кiшi Свидерский оп-оңай құтылып кетiп жүредi.

Бiрде аса құрметтi, аса лауазымды, аса атақты адамның тойына шақырыл­дым. Қуанышым қойныма сыймай, құлағыма “қыдырып” барған езуiмдi жимай, тойға тойған қозыдай томпиып бардық. Әйелiм менi қолтықтап, өзiм бiр түрлi “ыстықтап”, тойхананың ат шаптырым залына кiрдiк. Бiр танысым жанымнан көздерiн жыпылықтатып өттi. Амандасқан жоқ. Амандаспайды. Өйткенi жақында ғана тендер ұтып алған болатын. Бiр сыйласымды көрдiм. Сәлем беретiн шығар деп тұрғанымда, жаныма келдi де, тамағын қасылап тұрып-тұрып, өз орнына кетiп қал­ды. Амандаспайды. Өйткенi ол жақында тәуелсiздiгiмiздiң жиырма жылдығына медаль алды.

Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерей­тойына орай мақала жазған ақын-жазушыларымыз, зерттеушi-ғалымдарымыз, сыншыларымыз сөз ретiне қарай ақынның “Симеизден хат” атты өлеңiнен үзiндi келтiрiп жатты. Бiрақ, неге екенi белгiсiз, бәрi осы өлеңнiң мәтiнiн түпнұс­қа­­сындағыдай бере алмады. Өңделген, өзгерген түрiн бердi. Бұл өлең, рас, кезiнде Қасым Аманжоловтың 4 томдығына да енбей қалған едi. Ендi ұлы ақынның осы өлеңiнiң толық әрi дұрыс нұсқасын көпшiлiктiң назарына ұсынғанды орынды көрiп отырмын:
Осыдан бiраз бұрын “Қа­зақстан” телеарнасынан көр­сетiлген “Екi жұлдыз” жобасында әншi ағамыз Лұқпан Жолдасов “Қазiр “Қаражорға” дейтiн дерт пайда болды... Мұндай би болмаған! Кемпiр-шалдардан бiз де сұрап көрдiк, мұндай бидi ешкiм бiлмей­дi...” дедi мiз бақпастан. “Қазақта мұндай би бол­маған” дейтiн тек Л.Жол­дасов қана емес, бұлардың са­ны бiразға жетедi. Өкiнiштi-ақ... Ресейдiң әйгiлi зерт­теушi-ғалымы Маннергейм (1864–1951) 1907 жылы мамыр айында қазiргi ҚХР-дың Iле қазақ автономиялы облысына барған сапарында “Қа­зақтардың домбыраның сүйе­мелдеуiнде екi иықтарын қозғап, буын-буын­дарын сыртылдатып” билейтiн биi туралы жазып, фотоға түсiредi. Бұл жөнiн­дегi толық мәлi­меттердi менiң жақында жа­рық көретiн “Қазақтың “Қа­ражорғасы” атты кiтабым­нан оқи алатын боласыздар.

Әлемнiң түкпiр‑түкпiрiнде түрлi келеңсiз құбылыстар жиi болып тұратын аймақтар жетерлiк. Адам баласы аяқ басса – iз‑түзсiз жоғалатын жерлер, ұшақтар апатқа ұшырайтын аймақтар, адамды өзiне тартып алатын батпақтар, тiрi пенде батып кететiн көлдер. Осындай тылсым құбылыстар жайлы аңыз‑әңгiмелер сан ғасырдан берi айтылып келсе де, ғылым осы күнге дейiн бұлардың сырын түсiндiре алмай келедi. Оның үстiне ғалымдар жоққа шығара алмайтын тылсым құбылыстардың, алып құбыжықтардың барын дәлелдейтiн нақты суреттер мен бейнематериалдар бар. Оған “өз көзiммен көрдiм” деген жергiлiктi тұрғындардың әңгiмелерiн қосыңыз. Сондай әңгiмелердiң бiрқатары Лохнесс құбыжығы хақында.

Түн iшiнде шырт ұйқымнан ояндым. Не түсiм, не өңiм екенi белгiсiз, әйтеуiр бiр ауыр нәрсенiң үстiмнен басып жатқанын сез­дiм. Қозғала алар емес­пiн. Денем қимылдай алмағаны былай тұр­сын, “бiссiмiлләнi” айта алмай жатырмын. Үнiм шықпайды. Үстiмдегi ауыр нәрсе болса, онан бетер тұншықтырып барады. Бiрнеше минуттан соң әлгi нәрсе жiбергендей болды. Төсектен атып тұрып жарықты жақтым. Ештеңе көрiнбейдi. О, тоба, сонда бағанағы нәрсе не болды? Түс дейiн десем, өңiмде болғанын анық бiлемiн. Есiмдi жиған соң, бәлкiм, шаршағандықтан қоз­ғала алмай қалған болармын деп топшыладым. Бiрақ ұзақ уақыт бойы көз iлмедiм. Оқыс оқиға қайта қайталана ма деп қорықтым. Сәлден кейiн ұйқыға кетiппiн.

ЕРЛЕРДIҢ ЖАРТЫСЫ АЖЫРАСҚАНДАРЫНА ӨКIНЕДI
Ғалымдар некедегi ер адамдардың әйелдерiмен не себептен ажырасатынын анықтады. Сауалнама жүргiзген арнайы мамандар ерлi-зайыптылар көбiне мiнезi жараспағандықтан айырылысатынына көз жеткiзiптi. Еркектердiң 25 пайызы о бастан отбасылық өмiрге дайын болмағанын, қателiкке бой алдырғандықтан ажырасқандарын айтқан. Қалған 40 пайызы неке қиылған соң қалыңдық мiнезi құбылып сала беретiнiн, ол мүлде басқа адамға айналып шыға келедi деген уәжiн алға тартқан. Сауалнама нәтижесi көбiне-көп отыз жасқа дейiн тұрмыс құрған ерлi-зайыптылар ажырасатынын көрсеттi. Бiр қызығы, жұбайларының көзiне шөп салатын еркектер жеме-жемге келгенде олармен айырылысуға асықпайды екен. Шеттен көңiлдес тапқан ерлердiң он үш пайызы ғана жарларымен ажырасуға белiн бекем буған.

“Арландар” айтқанын орындады. Өткен аптаның жұмасында “Астана арландары” “А” тобындағы көшбасшы клуб итальяндық “Милано Тундердiң” бокс­шыларын аяп қалмады. Өткен жылдың желтоқсан айын­да Италияда 5:0 есебiмен жеңiлiп қалған едiк. Мiне, осы есенi қайтарудың сәтi бес оғланға келген болатын. Бүкiләлемдiк бокс сериясының жарғысында әр кездесуге клуб кемiнде бiр легионер қатыстыруы қатаң талап етiледi. Ал клубтың намысын қорғайтын бес бiрдей боксшыны да легионерден жасақтаймын десең де, өзiңнiң еркiңде. Итальяндықтар осы ұстаныммен Алматыға бес легионер боксшы алып келдi.

Алматыда допты хоккейден 32-әлем чемпионаты да аяқталды. Шведтер араға жыл салып қайта әлем чемпионы атанды.
Алдымен жартылай финал ойындары жөнiнде. Өткен аптаның сенбiсiнде Ресей құрамасы жартылай сында Финляндия хоккейшiлерiмен кездескен. Бастапқыда ұшқындап бастаған қар ойын басталғанда жапалақтап жауды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын 30 минуттан 3 тайм болып өттi. Ресей­лiктер алғашқы минуттардан-ақ есеп ашып, тiптi 3:1 нә­тиже­сiмен ұзап алған. Соңғы таймда олар төртiншi гол енгiзiп, iрi есеппен ұтып жат­қан. Фин хоккейшiлерi табандылық танытты. Көздi ашып-жұмғанша үш гол енгiзiп, той қамына кiрiскен орыстарды ойландырып тастады. 
АҚЫРЗАМАН БОЛМАЙТЫНЫН АЙТТЫ
Мексикада Антонио Васкес Альбаны жұрт жақсы бiледi. Оны халық Мексиканың ең мықты көрiпкелi деп санайды. Жақында Антонио Васкес Альбана 2012 жылға болжам жасады. Ол әлемде болып жатқан бiрнеше оқиғаны айта келе АҚШ-тың президентi өзгеретiнiн айтты. Көрiпкел сонымен бiрге көне майялардың календары бойынша биыл болуға тиiс ақырзаманды жоққа шығарды. Яғни ақырзаманның болмайтынын айтты. Әрине, бұл жақсы жаңалық халықты қуантып тастады.