1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15677) 9 ақпан, бейсенбі 2012
11 ақпан – ұлттық қасiрет күнi
“Әй, Алтынбектiң жоғын-ай, Алтынбек тiрi болса, мына керi кеткен қоғамда бәрi басқаша болар едi-ау!”. “Алтынбектi сақтай алсақ, нағыз көшбасшы сол едi ғой!”, “Алтекеңнiң айтқаны айдай келдi!”. “Қан жiбермейдi!”.
Осындай әңгiмелердi Алтынбек Сәр­сен­байұлы арамыздан кеткен алты жылда сан мәрте естiдiк. Ел-жұрт Алтекеңдi не үшiн сағынады? Не үшiн жоқтайды әлi күнге дейiн? Рухани көшбасшының орны үңiрейiп бос тұрғандықтан жоқтайды! Шындыққа әбден шөлдегендiктен сағынады! Ұлттық мүдде, ұлттық идея табан астында тапталып жатқанын көргендiктен жоқтайды! Билiктегi жемқорлардан жерiгендiктен сағынады! Биыл 11 ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi Бауыржан Байбосын мен Виталий Журавлевке қастандық жасалғанына алты жыл толады. Алты жылда не өзгердi?

Қаңтар айының 28-i күнi өткен митинг бiраз нәрсенiң бетiн ашып бердi. Бiрiншiден заң органдарының билiк режимiнiң айтқанынан аса алмайтынын көрсетсе, екiншi жағынан халықтың шынымен қажығандығын, расымен әбден түңiлгендiгiн байқатты. Сол жиыннан кейiн қоғамдық көлiктердегi халықтың күбiр-күбiр әңгiмесiн құлағымыз шалып қалып, сөзге тартып көрген едiк: “Мына митингiге жетiскеннен келiп жүр дейсiң бе? – деп бастады жетпiске тақап қалған Әнуар ағай. – Зейнетақымыз былай тартсаң, былай жетпейдi. Олай тартсаң, олай да жетпейдi. Бәрi қымбат. Түнiмен ұйқы жоқ. Ұйқыға жатарда “Құдай-ау, ертең не қымбаттайды екен?” – деп уайымдаумен боласың. Осы да өмiр ме?”

Таяуда Дархан Қамзабекұлы өзi басқаратын мекеменiң өткен жылы атқарған қызметiнiң қорытындысымен, сондай-ақ 2012 жылға арналған мiндеттерi туралы ойын ортаға салды. Мәдениет және ақпарат министрлiгiнде өткен алқа мәжiлiсiне экс-министр, қазiргi мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысқан болатын. Сол жолғы бас қосуда Мұхтар Құл-Мұхаммед “Каспионет” телеарнасын қазақыландыру туралы министрлiкке арнайы тапсырма берген-дi. Мемлекеттiк хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтiң айтуынша, “Каспионет” телеарнасының атауы өзгергенi жөн. Өйткенi мұны ол: “Жаңа атау “Caspionet” қазақстандық арна екен­iн көрсетiп тұруы керек”, – деп түсiндiрген.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң “Еңбекпен қамту - 2020” бағдарламасында Жаңаөзен тұрғындарының басқа өңiрлерге көшуi туралы нормаларды қарастыру көзделген. “Жаңаөзен тұрғындарын өз қалаулары бойынша басқа аудандарға жұмысқа орналастыру мүмкiндiгi туралы шешiм қабылдануына байланысты,  ведомствоаралық комиссияның шешiмi бойынша, моноқалаларда тұратын адамдарды облыс сыртына көшiру нормалары қарастырылмақ”, – дедi Үкiмет отырысында министр Гүлшара Әбдiхалықова.

Жаңаөзен қаласы мен Шетпе кентiндегi қанды қырғынның ащы ақиқаты әлi ашыла қойған жоқ. Қаза тапқандар мен жараланғандардың, жоғалғандар мен соққыға жығылғандардың, тоналғандар мен зорланғандардың, абақтыға қамалғандардың нақты саны әлi күнге дейiн белгiсiз. Билiктiң ресми мәлiметiне қарапайым халық сенбейдi. Маңғыстаудың басына түскен нәубет қалың елдiң қабырғасын қайыстырып өттi. 28 қаңтар күнi Алматы қаласында “Азат” ЖСДП партиясының басшылығымен Тәуелсiздiк алаңында Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғыннан қаза тапқан бауырларымызды еске алған митингi өттi.
Құрметтi оқырман!
Бүгiннен бастап, “Жас Алаш” газетi мен “Азаттық” радиосының ақпараттық ынтымақтастығы негiзiнде радионың azattyq.org сайтына шыққан мақалалары газетте жарияланып отыр. Қысқартылып ұсынылған бұл мақалалардың толық нұсқасын Азаттық радиосының веб-сайтынан толықтай оқып, мақала соңына өз пiкiрлерiңiздi бiлдiре аласыздар. Жаңаөзен оқиғасы кезiнде оқ атуға бұйрық беруi мүмкiн делiнген жоғары лауазымды шенеунiктер арасында оппозициялық БАҚ Қазақстан президентi әкiмшiлiгiнiң жетекшiсi Аслан Мусиннiң де атын атады. Соңғы бiрнеше жылдың iшiнде президент төңiрегiндегi ықпалды шенеунiктердiң бiрiне айналған оны сарапшылар Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын “тап-тұйнақтай” жүзеге асыратын команданың “басты ойыншысы” деп санайды.
30 жыл. Бұл аз ба, көп пе? Мiне, араға 30 жыл салып, тағы да Ауғанстанға жолым түстi. Ауған жерiне 1979 жылы басынан бақайшағына дейiн мұздай қаруланған Кеңес әскерiнiң құрамында басып кiрген едiк. “Басып кiрген едiк” деп қазiр айтып отырмын ғой. Ол кезде бiздi “бұл – сендердiң Отан алдындағы интернационалдық парыздарың!” деп имандай сендiрдi емес пе?! Өңкей түбiтиек өспiрiмдер, алдымыз – 20-да, артымыз 18-дегi кiлең боздақтар осылайша от пен оқтың арасында белуардан қан кештiк. Қаншама қыршындар көз жұмды! Соғыс – диiрмен болса, адам – сол диiрменнiң науасына түсетiн бидайдың дәнi iспеттi екен, диiрменнiң дөңге­легi айналып кеп бергенде... тұтас ротаның түп-түгел, тып-типыл жойылып кеткенiн де көзiмiз көрдi...
АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНАН ШЫҒАРЫЛДЫ
“Аттестациялық комиссияның өтiнiшiне сәйкес Қазақстан Композиторлар одағының басқармасы Алтынбек Қоразбаевты Қазақстан Композиторлар одағы қоғамдық бiр­лестiгi қатарынан шығарды” дедi Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрайымы Балнұр Қыдырбек. Оның айтуынша, бұған А.Қоразбаевтың композиторға лайықсыз түрлi iс-әрекеттерi себеп болған. Бiрлестiктiң жарғысына сәйкес Композиторлар одағы өз мүшелерiн жылда аттестация­дан өткiзедi екен. Биыл одақ мүшелiгiнен Қоразбаевтан өзге тағы екi музыка зерт­теушiсi шығарылыпты.
Бiз бұған дейiн қазiргi Мәжiлiс депутаты, бұрынғы Қостанай облысының әкiмi Сергей Кулагиннiң Рудный қаласындағы Иоанно-Богословск шiркеуiне үлкен суретi бейнеленгенiн жазған да едiк. Ендi осы мәселеге қайта айналып соғуға тура келiп тұр. Шiркеудiң бiр жақ қабырғасына тұтас Иисус Христос (Иса пайғамбар) пен оны қуана қарсы алып тұрған әулие-әнбиелер бейнеленген. Мiне, осы әулие-әнбиелердiң iшiнде Сергей Кулагин де тұрған едi. “Время” бастап, өзге газет-журналдар қостап шулап кеткеннен кейiн С.Кулагин өзiнiң суретiн алып тастайтынын мәлiмдеген болатын. Сөйтсек...

Жаңаөзендегi 2011 жылғы 16 желтоқсандағы қанды оқиға кiмнiң-кiм екенiн анықтаған нағыз “детектор” болды. Шын зиялы мен зияндының ара-жiгiн ашып бердi. “Зиялы” атанып жүрген кейбiр ақын, жазушы, философ, тарихшылар өз талап-тiлегiн бiлдiрiп шеруге шыққан жұртқа “бұзақылар”, “арандатушылар”, “лаңкестiк, шектен шыққан әдетке барушылық” деген сөздi шiмiрiкпей айтып, халықты қаралағанын көзiмiз көрдi. Ел басына күн туғанда бұлардың халықтың емес, билiктiң сөзiн сөйлеп, қол шоқпарға айналғаны өкiнiштi-ақ. Бетке шығар танымал тұлғалардың көпшiлiгi бұған дейiн де жалтақтығымен, жағымпаздығымен көзге түсiп, жұртшылықты жерге аз қаратқан жоқ.

“Жас Алаш” газетiнде (№5, 19 қаңтар, 2012 жыл) Ұлы Отан соғысының ардагерi Құлжабай Қазкеевтiң “Тағы да тусаңыз дегендей ме?” атты мақаласы жарық көрген едi. Онда көпбалалы ана Құлтас Зинат “Алтын алқа” ала алмай жүргенi жазылған болатын. Мен Бөржар ауыл округi әкiмi лауазымына 2011 жылдың 18 ақпанында тағайындалдым. Мақала жарияланысымен жағдайды анықтау мақсатында Теспе ауылында тұратын көпбалалы ана Құлтас Зинатқа барып мәселенiң мән-жайын түсiн­дiрiп, құжаттарының дұрыстығын зерделеп-зерттеген кезде төмендегi жайттар анықталды:
Құрметтi “Жас Алаш” газетiнiң қызметкерлерi! Сiздерге айтар алғысым көп. Газет бетiне бар шындықты, өмiрдегi өзектi мәсе­лелердi бүге-шiгесiне дейiн айшықтап жазасыздар. Осыған ризамын. Мен қоғамдық көлiкпен көп жүремiн. Байқағаным, бiздiң ұлтқа (айып етпеңiздер, өз ұлтымды жек көргендiктен емес) кейде қарапа­йым мәдениеттiлiк жетiспей жатады. Мысалы, мен Мәскеу, Киев, Днепропетровскiге iс сапармен барғанда, метрода, трамвайда, троллейбуста, автобустарда бос отырған адамдарды көрмеймiн. Кiтап, журнал, газет оқып отырады.
Бастық кабинетiнде жұмыс iстеп отырады, хатшы қыз: “жоқ”, – деумен болады. Сонда деймiн-ау, бұл бастықтарға телефон не үшiн орнатылады екен? Өздерi бiреумен сөйлескенде елпiлдеу, өзiне телефон шалғанға шалқаю үшiн орнатылатын болғаны ма? Ең жаманы – жап-жас қызды өтiрiк айтуға үйретiп отырғанын бiлсе, қане, сол шiркiндер! Бастық кабинетiнде ғана емес, үйде де бастық. Бастықтың қыз­метiнен орала салып, үйдегiлерге айтатын сөзi: – Мен үйде жоқпын. Кiм сұраса да “жоқ” деңдер.

Қазiргi күнi бiлiм мен ғылым иесiз қалды. Сол иесiздiк анау-мынау емес, жиырма жылға созылып отыр. Бұрынғы студенттер интеллигенция болып есеп­телiнiп, қоғам да олармен есеп­тесетiн едi. Өйткенi олар орта мектептi жақсы және өте жақсы бiтiрген, үлгiлi тәртiбiмен ерекшеленген ұл мен қыздар болатын. Жергiлiктi жерлерде негi­зiнен педагог-мамандарды дайындайтын. Жоғары оқу орындарының басым көпшiлiгi Алматыда орналасып, студенттерге мүйiзi қарағайдай елiмiздiң бетке ұстар ғалымдары дәрiс беретiн. Олардан тәлiм алған жеткiншектер өздерiнiң дәре­желерiне сай болуға ұмтылатын.

Биылғы сайлауға үлкен үмiтпен қараған едiк. Ұлт жанашырларын да Парламенттен көремiз деген се­нiмiмiз бос қиялға айналды. Қазақ халқының болашағына шын мәнiнде жанашыр, жүрегi ұлтым деп соғатын азаматтар әлi атқа мiнген жоқ. Жылқыны жаяу баққан жылқышыдай тiрiлiгiмiз өзгере ме деген ой жол­дау­дан кейiн тiптi күңгiрттене бастады. Қазақ мүддесi, ұлттық құндылықтар төңiрегiндегi шайқаста алдыңғы шепте жүрген ұлт жанашырларына жақында айыппұл салынды. Өз ойын еркiн айтып, қоғамдағы келеңсiздiктер мен “билiк пен байлықты көздеген” топтардың iсiн ашық сынап жүрген азаматтардың түрмеге қамалып, оларға айып­пұл салынуы – бiзде демократияның қаңқасы түгiлi, көлеңкесi де жоқ екенiн көрсетедi.
АҚШАҒА ҚЫЗЫҚПАЙТЫН ДА АДАМ БОЛАДЫ ЕКЕН
“Банкоматтан айлығын алуға барған орта мек­тептiң қарапайым мұғалiмi есепшоттағы ақшасын көргенде... есiнен танып қала жаздапты. Оның есепшотында он мил­лиард доллар бар екен”, – дейдi Би-би-си агенттiгi. Үндiнiң Балургхат қаласында тұратын Парижат Саханың есепшотында 10 мың рупий (200 доллардай) болу керек екен. “Ал ендi айлық жалақымның орнына астрономиялық санды көргенде... шошып кеттiм”, – дейдi П.Саха. Мұғалiм тәрбиелi, адам­гершiлiктi жоғары ұстайтын адам екен, ол дереу банк бөлiмшесiне телефон шалады. Банктегiлер өз кезегiн­де Парижат Саханың есепшотын дәл осындай үлкен соманың жатқанын растайды. 
“Астана” велоклубынан әр сайыс сайын жүлде дәмететiн жанкүйерлердiң команда мүшесi Асан Базаевқа деген ықылас-пейiлдерi алабөтен. Ол – Қазақстан велоспортының қайнауында шыныққан мықтылардың бiрi. Қашанда команданың тiреуiне айналған Асанмен жақында Испания елiне бiрге сапарлаудың сәтi түстi. Сонда бұрын тек сырттай ғана түстеп бiлетiн Базаевты жақынырақ тани түстiк.  Асан велосипедтi тақымдағалы тек қазақстандық командалардың намысын қорғап келе жатыр. Алғаш рет “Капек” сапында талай сындарда бақ сынаған шабандоз кейiн “Астанаға” келдi. Биыл Асанның команда жейдесiн кигенiне алты жылдан асыпты. Алты жылда талай шыңды бағындырған Базаевтың басқа жаққа кеткiсi жоқ.
Дзюдодан ерлер және қыздар құрамасы Парижде өткен “Гранд Слам” турнирiнде жалғыз қола медаль олжалады. 60 келiде екi балуан барған едi. Елдос Сметов екiншi айналымда, Еркебұлан Қосаев бiрiншi белде­суiн­де-ақ жарыстан шығып қалды. Асхат Жiткеев баптайын ерлер құрамасынан тек Сергей Лим ғана қола жүлдеге қол жеткiздi. 66 келiде белдескен Лим алғашқы белдесуде өзбек Ұлықбек Нұрқобиловты ай­қын басымдықпен жеңдi. Екiншi айналымда 2010 жылы өткен әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi бразилиялық балуан Леандро Кунаны да иппон әдiсiмен ұтты.
АЗИЯНЫҢ АСУЫ АЛАСА ЕМЕС
Ақпанның 16-9-ы аралығында Оңтүстiк Кореяның Гуми қаласында күрес түрлерiнен (грек-рим, еркiн, әйелдер күресi) Азия чемпионаты өтедi. Осы сынға елiмiздiң үш құрамасы 21 бал­уанды қатыстыруды жоспарлапты. Алтай Танабаев баптайтын еркiн күрес құрамасы Азия чемпионатына мына құрамда аттанады: Руслан Сексенбаев (55 келi), Фуад Мұсаев (60 келi), Мақсат Дауылбаев (66 келi), Абдулхәкiм Шәпиев (74 келi), Қанат Бердыев (84 келi), Жұмағали Мамытов (96 келi), Ержан Дүйсенбеков (120 келi). Грек-рим күресiнен құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов Жангелдi Азкенов (55 келi), Ербол Қоңыратов (60 келi), Елдар Қайратов (66 келi),