1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №12 (15678) 14 ақпан, сейсенбі 2012

“Бiрiншi соққы – бүкiл шайқастың жартысына татиды” деген рас сөз. Ресей үкiметi бұрындары халық наразылығына аса мән бермегендей, назар салмағандай сыңай танытып келiп едi. Ендi осы жолы кәдiмгiдей үрейi ұшып отырғаны байқалады. 120 мыңнан астам халықтың көшеге шығуы – кез келген билiктiң тiзесiн дiрiлдетедi. Тiптi, АҚШ сенаторы Джон Маккейн “араб көктемiнiң” Путинге де жақындап келе жатқанын айтты. Әрине, қазiр қыс бiтуге де таяу. Ал Ресейдегi президент сайлауы көктемнiң алғашқы күндерiнiң бiрiнде өтедi. Солтүстiктегi көршiлерiмiздегi болып жатқан шерулер көктемде жалғасып, араб елдерiнiң кебiн киiп қалуы мүмкiн бе? – деген сауалдың туындауы заңды.

ӘМIРЖАН МЕН ӘМIРБЕК АЗАТТЫҚҚА ШЫҚТЫ
28 қаңтар күнi Республика сарайының маңында наразылық акциясын өткiзгенi үшiн 15 тәулiкке қамалған “Азат” ЖСДП-ның бас хатшысы Әмiржан Қосанов пен партияның Алматы қалалық филиалының жетекшiсi Әмiрбек Тоғысов жексенбi күнi әкiмшiлiк қамаудан босады. Саясаткерлер кешкi алтыдан кейiн шығады деп хабарланғанымен, түрме әкiмшiлiгi оларды сағат бестер шамасында босатып жiберген. Сондықтан саясаткерлердi қарсы алуға барған ақпарат құралдарының өкiлдерi олармен кездесе алмай, керi қайтты. Бiрақ дүйсенбi күнi саясаткерлердi әңгiмеге тартып, түрмеде бастан кешкендерiн сұрап бiлдiк. 18 тәулiкке қамалған «Азат« ЖСДП жетекшiсi Болат Әбiлев болса, 15 ақпан күнi бостандыққа шықпақ.
11-12 ақпанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын­да аса көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Дiнмұхамед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуы­на орай республикалық ақындар айтысы өттi. Әр өңiрден жиналған 18 ақын екi күн бойы тiлiн безеп, ақиқаттың ащысын айта бiлдi. “Қонаевтай ер қайда!?” деген тақырыпта өткен айтыста ақындар бүгiнгi өмiр көрi­нiсiн, “ынтымағы жарасқан елде” адам қанын ағызу қалай жүзеге асып отырғанын ел алдына жайып салды. Бұл айтыстың бұ­рынғы айтыстан өзге­шелiгi көп бол­ды. 18 ақынның кiм­мен жұп­тасатыны сахнада, көрермендер алдында жеребе арқылы анықталды. Ең оңдысы ақын­дардың аузына тiзгiншi Жүрсiн Ерман да, қазылар алқасы да қақпақ қойған жоқ.
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары аяқталған соң, немiс басылымдары Ангела Меркельдi сынға ала бастады. Немiстiң ақпарат құралдары канцлерге Жаңаөзен оқиғасы, ЕҚЫҰ мойындамаған сайлау мен қазақ оппозициясын қудалауды ескертiп, авторитарлы басшымен ымдасқанын мысқылдапты. Бұл – Қазақстан президентi­нiң Жаңаөзен оқиғасынан кейiнгi бiрiншi ресми iссапары. Нұрсұл­тан Назарбаевтың сапарына бiр күн қалғанда Human Rights Watch ұйымы Германия канцле­рiне хат жазып, қазақ президен­тiмен кездесуде Жаңаөзен оқи­ғасын және Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылу мәселесiн көтерудi талап еткен. Сондай-ақ осы ұйым Қазақстан билiгi белсендiлерге “әлеу­меттiк араздықты қоздырды” деген екiұшты айыптан бас тарту керектiгiн мәлiмдеген.
Мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерiне қастандық жасалғанына биыл 11 ақпанда 6 жыл толды. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да Алтынбек Сәрсенбайұлының зиратының басына серiктерi, жақындары, ниеттестерi жиналып, құран бағыштады. Алтекеңнiң интеллектуалдық мұрасы сөз болды. Мемлекет және қоғам қайраткерi, Алтекеңнiң серiгi Төлеген Жүкеев былай дедi: “Қазiргi жағдайда Алтекеңнiң ақылы да, ұйымдастыру қабiлетi де бiзге өте қажет едi. Алтекең арамызда болса, Жаңаөзен сияқты оқиғалар болмас едi. Халыққа қарсы оқ атылмайтын едi. Мұндайды болдырмауға Алтынбектiң ақылы да, өресi де жететiн.
КЕЛЕШЕК НЕСIБЕСI ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСIП ЖҮРМЕЙ МЕ?
2009 жылдан берi аузы буылып-түйiлiп, пайдалануға тыйым салынған Ұлттық қор қоржыны қайта ашылмақ. Ақорда бұл жолы Ұлттық қор активтерiн индустриалды-инновациялық бағдарламаларды iске асыру үшiн жұмсамақ. Қаңтар айында Қазақстан халқына жолдау арнаған президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыс алдында тұрғанымызды ескертiп, экономиканы сынаққа дайындау қажеттiгiн мәлiмдедi. “Бiз күрмеуi қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмiр сүрудемiз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупi шындыққа айналып келе жатқанын көрiп отырсыздар. Сарапшылардың пiкiрiнше, жаңа әлемдiк дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкiн.
Қазақстан президентi Н.Назарбаев Германияға ақпанның 7-сiнде екi күндiк ресми сапармен барған едi. Бұл – Қазақстан президентiнiң 17 адам қаза тап­қан Жаңаөзен оқиғасынан кейiнгi Еуропаға алғашқы сапары. Берлин қаласында Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алу салтанатында германиялық азаматтық белсендiлер наразылық акциясын ұйымдастырды. Осы шараға қатысқан Раушан Толғанбаеваның айтуынша, ак­ция­ны ұйымдастырушылар Жаңа­өзен мен Шетпедегi оқиғаларға әдiл тергеу жүргiзудi, оппозиция­ны қудалауды тоқтатуды талап еткен. Наразылық танытушылардың акциясымен қатар Назарбаев­ты қолдайтын адамдар тобы да Қазақстан президентiн сол жерде қарсы алған.
Өткен жылы Кедендiк бақылау комитетi қызметкерлерiнiң үстiнен 65 қылмыстық iс қозғалыпты. Бұл туралы комитет төрағасының орынбасары Александр Кочубей мәлiмдедi. “Қылмыстық iстер қызметте жал­ғандық жасау, қызмет бабын асыра пайдалану, салақтық, әрекет­сiздiк, пара алу, алаяқтық, өзгенiң мүлкiн иелену баптары бойынша қозғалған”, – дедi А.Кочубей. Төраға орынбасарының айтуынша, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 51 қылмыс анықталыпты. Басшылық құрамдағы үлкендi-кiшiлi 40 шенеунiктiң тәртiбi қаралған. “Департамент басшылары жауапкершiлiктi әртүрлi түсiнедi. Кейбiрi қарамағындағы қызметкердi жұмыстан шығарады, ендi бiрi сөгiс берумен шектеледi”, – дейдi Кочубей.

Бiр жылы, ойда жоқ күнi “Қа­зақстан” теле-радио комитетiнiң басшысы орнынан алынды. Сол-ақ екен, үлкен ұжымның жүз шақты мүшесi, “егер төрағаны қайтып орнына қоймасаңдар, онда бiз де жұмыстан кетемiз” деп, үдере тұрды. Бiрақ министр Ертiсбаев дегенiнен қайтпады, бiз көппiз, ұжымбыз деп шыққандар шулап-шулап басылды. Қайтсiн ендi, мемлекеттiк машинамен ойнау қиын... бала-шаға бар, күнкөрiс күйбеңi дегендей, не керек, шегiнiстiң себебiн бәрiмiз түсiндiк. Алайда айтпағымыз, әлгi теледидар мен радионың құлағына қожалық құрған басшылардың бiрi тартпасында эфирге шығаруға болмайтын кiсiлердiң тiзiмiн қалдырып кетiптi.

“НЯНЯҢЫЗ” КIМ, ҚАНДАЙ АДАМ ЕКЕНIН ТЕРЕҢIРЕК ОЙЛАНЫП КӨРДIҢIЗ БЕ?
Ауылдан Шымкент қаласына қоныс аударғанымызға он шақты жыл өттi. Жеке баспанаға қол жеткiзу әлi аспандағы айға қол созумен бiрдей болып тұр. Сол себептi әйелiммен бiрге қосарланып қаржы таппасақ, баспананы былай қойғанда, не iшер асқа, не киер киiмге жарымайтынымызды түсiндiк. Ал екеумiз бiрдей жұмысқа шығып кетуге бала қарайтын адамның жоқтығы қолбайлау болды. Не iстеу керек? Ағайындардың арасынан бала қарауға мүмкiндiгi бар адам табыла қоймады. Сосын өзге жақтан iздестiрiп жүрдiк. Бiрде ауылдағы жеңгемнен бiр танысының сiңлiсi жұмыс iздеп жүргенiн бiлдiк. Мектепте оқуға да жағдайлары жоқтығын, өзi өте пысық қыз екенiн, бала қарауға келiсетiнiн айтқанда, шыны керек, қатты қуандық. Ендi соған қолқа саламыз ба деп жүргенбiз. Бiрақ...

Жетi атаға дейiн қыз алыспау саясаты – қазақтың тектiлiгiн сақтаудағы үлкен жемiсi мен жетiстiгi. Ал қазiргi қазақты ертедегi аталарымен салыстырсаңыз, жер мен көктей айырмашылықты байқайсыз. Түрлi тарихи өзгерiстердiң қоғам мен адамға тигiзген әсерi көп. Мәселен, қымыз iшiп, ет жеген қазақтың отаршылық дәуiрiнде бiртiндеп ұсақталғаны мәлiм. Баяғы сары местi бөтелкеге айырбастып, сом-сом еттiң орнын дайын өнiмдер басты. Әрбiр адамның iшкен асына қарай мiнез-құлқы қалыптасады деген пiкiр бар. Мұның қаншалықты жаңсақтығын әлi ешкiм дәлелдемедi. Олай болса, құнарлы аспен тамақтан­ған бұрынғы қазақ пен бүгiнгi жартылай фабрикаттарды мiсе тұтқан жаңа қазақты салыстырып көрiңiзшi.

ОТАНДЫҚ “ДИКЛОФЕНАК” ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАУIПТI
Шымкент фармацевтикалық зауытынан шығарылатын көптеген дәрi-дәрмектiң сапасы сын көтермейдi. Бұл туралы аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ. Алайда шетелдiк дәрiден бағасы төмен болғандықтан, жұрт көбiне отандық дәрiлердi пайдалануға мәжбүр. Десек те, өзiмiзде шығатын дәрiлердiң шипасынан гөрi, денсаулыққа анағұрлым қауiптi екенi анықталып отыр. Шымкенттiк зауыттан шығатын “Диклофенак” дәрi­сi де сол зияндылардың қатарына жатады. Бұл туралы “Аман-саулық” қо­ғамдық қоры мәлiмдедi. Қор­дың денсаулық жөнiн­дегi веб жобасының координаторы
 
“АДАМ МАЙМЫЛДАН ЖАРАЛҒАН” ДЕГЕН РАС БОЛЫП ШЫҚТЫ МА, СОНДА?!
Удмуртияның хайуанаттар бағындағы маймылдар жұ­мыс­шылардың торкөздегi қораларды тазалап, жуып жүргенiн көрiп жүредi. Бiрде Джесси мен Яша атты маймылдар қолдарына шүберек алып кәдiмгi адам секiлдi қора iшiн тазалай бастаған. Әрине, алдымен олар адамдардың қалай еден сыпырып, жуып жүргенiн қадағалаған ғой. Содан кейiн өздерi де қоқысты жинап, сыпырып, жуа бастаған. “Алдымен Яша атты шимпанзе қабырғалар мен терезелердi жуып, сүрте бастады. Тiптi терезелердегi кетпей қалған даққа түкiрiп, сүрт­кенiн қайтерсiң. Яшадан кейiн оның құрбысы Джессика да қоқыстарды пакеттерге сала бастады”, – деп жазады РИА Новости.
“Астана арландары” Мәскеуден жеңiлiспен қайтты. Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) кезектi кездесуiн Ресейде “Динамо Мәскеу” клубының боксшыларына қарсы өткiзген “арландар” 5:0 есебiмен жол бердi. Сөйтiп, “А” тобында көш бастап келе жатқан итальяндық “Милано Тундер” клубын қуып жеткен елордалық клуб күйрей жеңiлудiң салдарынан үшiншi сатыға бiр-ақ сырғыды. Өткен жұмадағы Мәскеуде өткен жекпе-жекте бес бiрдей “арлан” динамошылардың талауына түсiп қалды. 54 келiде бапкерлер өзбек боксшысы Рафикжон Султоновқа сенiм артқан. Бiрақ ол сенiм үдесiнен шыға алмады.
ТЕН – 6-ОРЫН
АҚШ-тың Колорадо-Сприн­гс қаласында мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың мықтылары шеберлiктерiн паш еттi. Елiмiздiң намысын Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қорғаған. Алайда жүлдеге iлiне алмады. Екi бағдарлама қорытындысында қазылар Теннiң шеберлiгiне 210,03 ұпай жазып, ол сайысты 6-орынмен аяқтады. Рахымғалиев болса, 18-сатыға тұрақтады. 273,94 ұпай жинаған әлем чемпионы канадалық Патрик Чанның алдына бұл сайыста да ешкiм түспедi. Жапон Дайсуке Такахаси күмiстi, американдық Росса Майнер қола жүлденi еншiледi. Қыздар арасында жапон аруы Мао Асададан ешкiм аса алмады.