1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №13 (15679) 16 ақпан, бейсенбі 2012
18 КҮНДIК ҚАМАҚТАН ШЫҚҚАН Б.ӘБIЛЕВТI ЖИНАЛҒАН КӨПШIЛIК ОСЫЛАЙ ҚАРСЫ АЛДЫ
Кеше “Азат” ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлев әкiмшiлiк қамаудан босатылды. 28 қаңтар күнi Алматы қаласы, Медеу ауданаралық әкiмшiлiк соты саясаткердi   заңсыз митингiге қатысты деген айыппен 18 тәулiкке қамауға алған болатын.  Түрме әкiмшiлiгi оны дәл уақытында, яғни кешкi 18-55-те шығарды. Б.Әбiлевтi қарсы алуға келгендердiң қарасы көп болды. Оның қолдаушылары мен жақындары, әрiптестерi мен достары күндiзгi сағат үштен бастап әкiмшiлiк қамау мекемесiнiң алдына жиналды. Созбалаққа салып, саясаткерлердi жұрт көзiнен тасада шығарып жiберетiн мекеме қызметкерлерi бұл күнi мүлт кеттi.
Түрiкменстанның бұрынғы президентi Сапармұрат Ниязовтың тiрлiгiне күлгенбiз кезiнде. “Осылай да культ жасауға болады екен-ау, ә” деп. Оның әпербақан тiрлiктерi анекдот боп жұрт аузында жүретiн. Сөйтсек, күлетiн жөнiмiз жоқ екен. Көзi тiрiсiнде өзiне ескерткiш қойғызса да, Түрiкменбашы халқының жағдайын жасап кетiптi. Әлеуметтiк теңсiздiк жоқтың қасы. Жанар-жағармай арзан, газ – тегiн, су – тегiн...  Сапармұрат Ниязовтың орнына тiс дәрiгерi Құрбанғұлы Бердiмұхамедов келгенде “түрiкмендер Ниязовтың культiнен құтылатын болды” дестi саясаткерлер. Бердiмұхамедов Ниязовтың культiн күл-талқан етуге құлшына кiрiскен бастапқыда. Артынша, оның орнына өзiн қойды. 2010 жылғы әскери парадта Бердiмұхамедов “Арқадағ” (Асқар тау) деген атақты иеленiп, Түрiкменбашының қисайып жатқан алтын ескерткiшiне төбеден қарады
Қырғыздың Жогорку Кенеш депутаты Урмат Аманбаева қырғыз тiлi, яғни мемлекеттiк тiл туралы үлкен мәселе көтердi. Ол Конституцияда қосақталған орыс тiлiнiң ресми тiлге жататынын айтып, мемлекеттiк тiлге басымдық беру керектiгiн мәлiмдедi. Қырғызстан Конституциясында қырғыз тiлiмен жағаласып, орыс тiлiнiң ресми деген айдармен келе жатқанына жиырма жыл. Яғни, қазақтың басындағы шешiлмеген түйiн көршi елде де бар. Өз елiнде бас­қа тiлдi ресми орынға шығарудың зардабын айыр қалпақты бауырларымыз да тартып келген. Алайда бiздегi әрiптестерiнен Жогорку Кенештiң депутаттары оқ бойы озық тұр.
Назарбаев жолдауында: «Болжанған жаһандық дағдарыс қаупi шындыққа айналып келе жатыр», – деген едi.
Ал Марченко: «Дағдарыс болмайды, болса да жеңiл өтедi», – дейдi. Кiмге сенемiз?
Ұлттық банктiң ай сайынғы баспасөз мәслихатында бас банкир Григорий Марченко дағдарыстан қорқуды доғару қажеттiгiн айтты. Алты айдан берi дағдарыстың келесi толқыны туралы алыпқашпа әңгiмелер айтылғанымен, Г.Марченко: “Дағдарыс болмайды немесе болған күннiң өзiнде жеңiл өтедi”, – деп бiр-ақ кестi.
“Жас Алаш” газетi тағайындаған “Ұлттық рух” сыйлығының тұңғыш иегерi, тағдырлы жазушы Қажығұмар Шабданұлының өмiрден озғанына кеше – 15 ақпанда жыл толды. Жазушының көзiн көрген ел ағалары Алматыда ас берiп, рухына құран бағыштады. Қ.Шабданұлының “Қылмыс” романын жинақтап, кiтап етiп бастыруға бас-көз болған Халық жазушысы Қабдеш Жұмадiлов, тарихшы Зардыхан Қинаят, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Рысбек Сәр­сенбай, жазушы Қа­жытай Iлия­сов және басқа да азаматтар сөз алды.  Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов­тiң өмiрден өткенiне жыл толғанда газеттер “Ұлы жүректiң тоқтағанына жыл толды” деп мақала жазып едi. Ендi мiне, тағы бiр ұлы жүректiң тоқтағанына да жыл толыпты. Қажығұмар Шабданұлының “Қылмыс” романын жарыққа шығару оңай болған жоқ. Төте жазудан кириллицаға түсiру дегенiңiз бiр қиямет. Қажекеңнiң көзiн көрген азаматтардың көмегiмен романның бас-аяғын жинап, тү­гендеп Дүниежүзi қауымдастығының төрағасы Талғат Мамашевқа апардым
Зейнеткерлер құқығын қорғау комитетiнiң төрағасы Жақсынбек АБЫЛОВТЫҢ пiкiрiнше, президент Н.Назарбаев халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру мәселесiн күн тәртiбiне қойғанымен, түк тындырмай отыр. Зейнеткерлердiң құқығы әлi тапталуда. Бейнетiнiң зейнетiн көрмей жүр. Айына ең төменгi зейнетақы – 26 мың теңгенi азық ететiндер қалт-құлт күнелтуде. “Бар мәселе 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енген Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңның шикiлiгiнде”, – дейдi зейнеткерлер құқығын қорғау комитетiнiң төрағасы. Мәселен, мемлекет жазасын өтеп жүрген қылмыскерлердiң тек қана бiр күндiк ас-тамағы үшiн қазынадан мың теңге бөледi. Оған тыныс-тiршiлiгi үшiн қажет басқа да шығындарды қосыңыз. Естуiмiзше, жалпы алғанда
Дарынсыз драматургтiң дүмбiлез дүниесiндей әлемiш әсер қалдырған сорақы сайлаудың сайқымазақ сиқы әлi талай әңгiмеге тамызық болатын түрi бар. Сыпсың сөздi қоздатуда қатардағы сайлаушылардан сол былықтың басы-қасында болған белсендiлер де қалысар емес. Тек аты-жөндерiн айтпауды өтiнiп, тасада тұрып “төмпештейдi”. Пендемiз ғой, “тығылмақ” ойнаған тiрлiктерiнiң түптөркiнiн түсiнемiз... Сайлаудан соңғы сәрсенбiде Жезқазған қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Николай Яреско жергiлiктi журналистердi жинап алып, баспасөз мәслихатын өткiзген. Кәмелетке тол­ған қала тұрғындарының жартысынан астамы (59%) ғана сайлауға қатысқанын соншалықты жетiстiк ретiнде масаттана мәлiмдеген. Арғы жағында айтпағы:
Жаңаөзендегi УОС-2 мекемесiнде машинист болып жұмыс iстейтiн 30 жастағы Жалғас Шалғынбаевтың (суретте) абақтыда жатқанына бiр жарым айдай болған. Ол әйелiнiң айтуынша “кiсi өлтiрдi”, “бiреудiң көлiгiн ұрлады”, “бұзақылық шабуыл жасады, заңсыз қару ұстады” деп айыпталған. Жалғас Шалғынбаевтың жұбайы Майра Тұрсынәлиева күйеуiн желтоқсанның 24-i күнi түнде алып кеткенiн айтады. Алдымен күндiз күйеуiмдi iздеп, өздерiн “жедел iздеу тобы қызметкерлерiмiз” деп таныстырған Адай Үмбетов, Руслан Дәулетбайұлы келдi. Олар Жалғасты бiр қылмысқа байланысты iздеп жүргендерiн айт­қанмен, басқа ештеме ашып мәлiмде­мей кетiп қалды.Сол күнi кешке Жал­ғас келгенде өзiн полицейлер iздеп жүргенiн естiп таңғалып, “ертең барып бiлермiн неге iздегенiн” деген едi, – дейдi Майра.
АНА ӨЛIМI ӨРШIП ТҰРСА ДА, САЛА БАСШЫСЫ ИСМАИЛОВҚА ЕҢ БОЛМАСА ЕСКЕРТУ БЕРIЛМЕДI
 “Жұмағали Исмаилов жұртты жалған мәлiметпен алдамақ па?”. “Жас Алаш” газетiнде өткен аптада осындай тақырыппен мақала жарық көрдi. Онда Оңтүстiк Қазақстан облысында ана өлiмiнiң өршiп тұрғанына қарамастан денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Ис­маиловтың баспасөз беттерiнде басқаша сайрап жүргенi жайлы жан-жақты жазылған болатын. Көпшiлiктiң арасында қызу қоғамдық пiкiр туғыз­ған сол мақалада облыстың денсаулық саласында талап пен тәртiптiң бетiмен кеткенi кеңiнен қамтылып, нақты айғақтар айтылған едi. Газеттiң облыстағы тiлшiлер қосынына осы мақалаға үн қосып хабарласып жатқан оқырмандар көп. Олардың ой-пiкiрлерiн сарапқа салып, алдағы уақытта бөлек әңгiме қозғайтын боламыз.
«Талғар ауданына қарасты Қайрат ауылына әлi күнге тас жол төселмеген, жарық, газ құбыры тартылмаған, қоғамдық көлiк, байланыс жоқ. 20 жылдан берi мектеп, балабақша салынбаған. Жергiлiктi билiк, бұл ауылда адамдар тұрып жатқанын әлдеқашан ұмытқандай...» Қайрат ауылының бес жүзге жуық тұрғынынан редакциямызға түскен президент Н.Назарбаевтың атына жазылған ашық хатқа қарағанда, қаланың iргесiнде орналасқан осы елдiмекен жетiм баланың күйiн кешуде. Жоғарыда аталған мәселелермен бiрге “ауызсу мәселесi әлi күнге түйiн күйiнде қалып қойған. Ондағы ойлы-қырлы жолдарда көлiктi былай қойғанда, жүргiншiлердiң аяқ алып жүруi қиын.
Ерғали үйге кiргенi сол едi, алдынан әйелi түтiгiп шыға келдi. 
– Сен бiлесiң бе? Бiлесiң бе, мен бүгiн кiмдi көрдiм?!
– Кiмдi көрдiң? 
– Тоты тәтемдi... Ол... ол... автобус­та кондуктор болып жүр!
Әлима еңiреп жылап жiбердi. Ер­ғали да состиып тұрып қалды. 
– Тоты тәтем кондуктор... Ерғали, не iстеймiз ендi?! – деп Әлима айғайлап жiбергенде ғана ол әйелiне таң­дана қарады.
– Ағамның әйелi ме?
– Иә, иә! Ағаңның әйелi, Тоты тәтем. Сен оны бiлдiң бе?
– Кiм айтты?
– Мен өз көзiммен көрдiм. Кiм айтты дейдi ғой... Бүгiн көк базарға баратын автобустан көрдiм. Тоз-тозы шығып, елден ақша жинап жүр. Бетiм­нен отым шықты... Кiрерге тесiк таппадым. Есiктен қалай атып шыққанымды бiлмеймiн...
– Қай нөмiр?
Жайбарақат отырған жұртты биыл­ғы қыс қытымырлығымен әбiгерге салды. Солтүстiк пен Шығыс аймақтар тұрмақ, оңтүстiк өңiрлерге де оңай тиiп тұрған жоқ. Қаңтар мен ақпанның арқыраған аязды күндерiнде көптеген мектептер жылымай, төменгi сынып оқушылары оқуларынан босатылды да. Қынжыларлық жайт, қысқа қарай бiлiм ордаларына берiлетiн нашар көмiрлер де өз әсерiн тигiзуде.
2008 жылдың 7 ақпанында “Жас Алашта” “Жазғы каникулды қысқы мер­зiмге ауыстырсақ...” деген мақалам жарияланған болатын. Онда: “...Қалың киiммен тоңып отырған шәкiртте қандай бiлiм болмақ? Ауырып қала ма деген қауiппен кей ата-аналар балаларын мектепке жiбермейдi...” дей келе, “...Оқушылар 1

Сайлау алдында ауыл ала шап­қын болды. Әр партия өзiнiң сайлауалды бағдарламаларын жариялап кеттi. Күнде жиналыс. Бiр күнi билiктiң партиясы “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясымен кездесу болды. Партияның атынан бiздiң облыстан мәжiлiс депутаттығына үмiткер Қыдырқожа Ыдырысовпен кездесу болды. Ол кiсi “Нұр Отанның” сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Айт­қанына қарасаң, бiзде бәрi жақсы. Ұлттық қорда пәлен мың тонна алтынымыз, пәлен миллиард доллар қаржымыз бар екен. Жыл сайын миллиондаған тонна “қара алтын” өндiрiп, биыл өмiрi болмаған астық жинаппыз. Дағдарыстан қашып, өздерiн мерзiмiнен бұрын таратқанымен бiзге дағдарыстан еш қор­қыныш жоқ екен. Осыншама

“Қазақстан Темiржолы” ұлттық компаниясының АҚ президентi А.Мәминнiң назарына
“Алматы – Маңғышлақ” бағытындағы пойызбен қатынап жүргенiмiзге биылмен төртiншi жыл. Бiр өзгерiс жоқ: “баяғы жартас, сол жартас”. Өзi Алматыдан Маң­ғышлаққа тiке қатынайтын жалғыз пойыз. Үш күн, үш түн жүредi. Ал бұл пойызға отырмайын десең, амалың жоқ, ұшаққа билет алуға қалтасы тесiк студенттердiң жағдайы келмейтiнi белгiлi. Пойыз жол бойындағы 5-6 түтiн түтеткен ауылға дейiн тоқтайды. Жүруiнен тұруы көп десем, артық болмас. Тiке жол салынып жатқандығын естiгенде қуанышымыз қойнымызға сыймағаны рас. Шамасы, ол жолдың iске қосылуына әлi де бiрнеше жыл бар сияқты. Пойыздың вагондары ескi және лас. Жуынатын су да суық. Тiсiңдi, бетiңдi жуайын десең, мұздай су қарып жуғызбайды. Тiптi, 2010 жылдың қысында
Құрметтi Нұрсұлтан Әбiшұлы!
Қазақ ұлтының азаматы ретiнде елiмiзде болып жатқан оқиғаларға көппен бiрге алаңдаулымын. Олай дейтiнiм, Сiз басқаратын билiктiң саясатына көңiлiм толмайды. Дәл қазiр қазақ халқы қиындықты, жетiспеу­шiлiктi, тауқыметтi көп көрiп отыр. Егер қазба байлықтарымызды тиiмдi пайдаланғанымызда халқымыздың тұрмыс-тiршiлiгi қазiргi жағдайдан әлдеқайда жақсы болар едi. Өкiнiшке қарай, халық қазба байлығымыздың пайдасын көрмей отыр. Мұнайы­мыздың игiлiгiн тек байлар көрiп жатыр. Байлар байыған үстiне байып, өз елiне пайдасын тигiзудiң орнына ақшаларын шетелге асырып жатыр. Ал бұқара халық өлместiң күнiн көрiп кедейленiп барады. Елде заңдылық сақталмайды.
Жаңаша жыл қайыру бойынша, қоян жылының аяқталуына әлi екi ай бар. Бiрақ қазiргi заманда жаңа жыл ескi жыл атау­ларымен аталмайды. Бұрынғы замандағы дiни мектептердегi молдалар өзiнiң шәкiрттерiне ескiше жыл қайыруды жаттатып отырған. Сыр бойының iрi ғұламасы, “Шахнаманы” аударып, Бұхарадағы Көкiлташ медресесiн бiтiрген Тұрмағамбет Iзтiлеу­ұлы шәкiрттерiне жыл қайыруды жүйелi түрде үйретедi екен. Ол кiсiнiң шәкiрттерi жыл атауларын араластырып шатастыра берген соң, әрбiр сөзiнiң басқы әрпi жыл атауларының бас әрпi екенiн бiлетiндей етiп бiр шумақ өлең де жазып жаттатыпты.

– Мен осы Композиторлар одағына осыдан 13 жыл бұрын сол кездегi төраға Серiк Еркiнбе­ковтiң кезiнде мүше бол­ған едiм. Ол кезде концерттер өткiзiп, сол шараларда менiң де әндерiм орындалатын. Қазақ музыкасы үшiн де бiршама шаруа алға дөңгелеген. Ал осыдан 6 жыл бұрын төрағаның орнына төрайым келдi. Ол не атқарып, қандай шаруаны жүзеге асырғанын мен бiлмеймiн. Балнұр өзi басқаратын одақтағы мен танымайтын, ел бiлмейтiн 18 адамнан комиссия құрып, “Қоразбаев қос сазгер Марат Iлиясов пен Мұратхан Егiнбаевтiң әндерiн ұрлады” деп жала жапты. Тiптi сот­қа дейiн сүйредi. Ал мен сотта елге есiмi таныс композиторлар мен әншi­лерден сараптау комиссиясын құрып, ақталып шықтым. Алматы қаласы,   Медеу аудандық соты “Еш­қан­дай плагиат жоқ”

Д.А.ҚОНАЕВТЫҢ ӘКЕСI ҚАНДАЙ АДАМ БОЛҒАН?
Алматыда Ысқақ Ғабдуләлиев деген iрi көпес өткен екен. Д.А.Қонаевтың әкесi Ахмет (Меңлi­ахмет) ақсақал бозбала күнiнде осы әйгiлi Ысқақ көпеске есепшi боп қабылданыпты. Бiрiншi күнi саудадан түскен ақшаны оңаша бөлмеде екеуi, яғни Ысқақ көпес пен Ахмет есепшi бiрiгiп санайды. Сонан кейiн Ысқақ Ахмет есепшiге байыппен, ұзақ, қадала қарайды:
– Қанша болды?
– Үш жүз сом.
– Дәптерiңе солай жазып қой!
Содан кейiн Ысқақ қа­рия есепшi­мен қоштасып, ұйықтайтын бөлме­сiне кете­дi. Ахмет сол бөлмеде қалады. Таңертең тұрса, үстелдiң Ысқақ қария отырған жағында бақандай 1 сом жатыр. Ол кезде 1 сомға 10 қой сатып алуға болады. Жаңағы 1 сомды Ахмет есепшi Ыс­қақ көпеске алып барады:
Тұлға
Әйгiлi мультипликатор Уолт Дисней (Уолтер Элайас Дисней) өмiрiнiң бар кезеңiн сурет салумен өткiзген. Ол дүниеге келген Чикаго қаласы үлкен әрi шулы едi. Уолттың ата-анасының бұл қалаға көңiлi толмай, кейiнiрек Миссури штатындағы Марселин қалашығына қоныс аударады. Бұл кезде Уолттың жасы небәрi 4-те болыпты. Осы жасында-ақ балақайдың сурет салуға қызығушылығы байқалады. Ойыншықпен ойнаудан гөрi қолына түскен затпен әлдебiр бейненi шимайлау Уолттың ең сүйiктi iсiне айналады. Баласының бұл қасиетiн байқағанымен, ата-анасының оған қарындаш, сурет салу дәптерiн алып берер қаржысы болмайды. Ал Уолт болса, смола тауып алып, өз үйiнiң сыртына таяқпен басқа үй “салады”. Бұл оның ең алғашқы туындысы едi.
Лондон олимпиадасы жақындаған сайын ұлттық құрамалар дайындықты қыздыра түсуде. ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында елiмiздiң спортшыларына артылған сенiмнiң салмағы ауыр. Бұрындары боксшылардан жүлде күтетiн қазақ ендi, ауыр атлеттерден де алтын медаль дәмететiн болды. Ауыр атлетика федерациясының президентi Қайрат Тұрлыханов: “Құрамадағы спортшыларға Лондоннан кемiнде екi алтын медаль алуды мiндеттедiк”, – дедi. Боксшылар да барын салуға әзiр. Лондонға 6 жолдамаға ие болған олар сәуiр айында Астанада өтетiн лицензиялық турнирде тағы 4 жолдаманы (бiздiң бокс­шылар ендi 49, 52, 64, 91 келi салмақта жолдама үшiн жұдырықтасады) олжалауды межелеп отыр.
КҮРМЕУГЕ КӨНБЕЙТIН КЛУБ
Сейсенбi күнi УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойын­дары өттi. Германияның Леверкузен қаласындағы “БайАрена” стадионында жергiлiктi “Байер” каталондық клуб “Барселонаны” қабылдаған. Тартыс басталған сәттен басымдық танытқан Хосеп Гвардиоланың шәкiрттерi чемпиондық тәждi биыл да алғысы келетiнiн байқатты. Ойын­ның 41-минутында аяғына доп тигенi сол едi, Алексис Санчес жүйткiп отырып, “Байер” қақпашысы Бренд Леноның алдына бiр-ақ барған. Лено пас бередi деп ойлап қалса керек, Санчестiң тобығымен жерлете тепкен добынан көз жазып қалды.