1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15680) 21 ақпан, сейсенбі 2012
МҰХТАР ӘБЛЯЗОВ АФРИКАДА МА?
Ұлыбритания жоғарғы сотының судьясы Найджеп Тир ақпанның 16-сы күнi Мұхтар Әблязовтi 22 айға соттады. Сотқа құрмет көрсетпегенi үшiн. Соттап қана қойған жоқ, оның есепшоттарына да құлып салды. Әблязовтiң өзi сотқа қатысқан жоқ. Өкiлдерi оған шартты жаза берудi сұраған. Судья оны қанағаттандырмады. Әблязов мырзаның сотқа құрмет көрсетпегенi соншалық, оның жазасы түрме ғана болмақ, – деп тепсiндi судья Найджеп Тир. Судьяның айтуынша, Әблязов жасырған активтерiн мойындаса, оны маңдай тер, табан ақысымен тапқанын дәлелдей алса, жазаның жартысы кешiрiлуi мүмкiн. Әбля­зов­тiң қайда екенiн ешкiм бiлмейдi қа­зiр. Ағылшын басылымдары Әб­лязовтiң сот үкiмiн ести сала елден кетiп қалғанын жарысып жазып жатыр.
“Алтынбек осылай деген-дi...”, “Алтыкең бұл турасында былай деп едi” дегендей сөздердi бүгiнде оның серiк­терi ғана емес, билiктегi қарсыластары да көп айтады. Көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының қаза тапқанына алты жыл өтсе де, оның саяси-интеллектуалдық мұрасы мәнiн жойған жоқ, қайта күн өткен сайын өмiршеңдiгiн дәлелдей түсуде. 16 ақпан күнi Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серiктерi – Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның қандықол қарақшылардың қолынан қаза табуына алты жыл толуына орай Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қоғамдық қоры «Қазақстанның партиялық және саяси жүйесiн модернизациялау: Тәуелсiз­дiктiң 20 жылдығының қорытындысы және Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси мұрасы» атты конференция өткiздi.
ОҢТҮСТIКТЕГI ОҚЫРМАНДАР ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫНАН САБАҚ АЛСАҚ ДЕЙДI
 “Алматыда Жаңаөзен құрбандарын еске алуға арналған iс-шаралар өткенiнен хабардармыз. Жаңаөзендiктердiң қайғысына бiздiң де қабырғамыз қайысты. 16 желтоқсанда болған қанды қыр­ғын – бүкiл қазақ халқының қасiретi. Солай бола тұра оңтүстiктегi зиялы қауымның үнсiздiгiне, бейқамдығына, дұрысы, жалтақтығына жанымыз ауырады. “Жас Алаш” Жаңаөзендегi жағдайды ушықтырмауды жерiне жеткiзiп, жанын шығарып, қанын шығарып жазды. Бiз де – оңтүстiктегi оқырмандар да сүйiктi басылымызбен, оның белсендi, батыл бас редакторы Рысбек Сәрсенбаймен, сондай-ақ онымен ой-пiкiрi, көзқарасы ортақ Болат Әбiлов, Жармахан Тұяқбай, Тоқтар Әубәкi­ров сияқты азаматтардың
Латвия халқының 80 пайызы орыс тiлiне екiншi мемлекеттiк тiл мәртебесiн беруге қарсы. Аталған жағдай 18 ақпан күнi өткен жалпыұлттық референдумда анықталды. Осының нәтижесiнде Латвияда латыш тiлi ғана мемлекеттiк тiл деген мәртебеге ие болады. Латыштарға орыс тiлi қатардағы көп тiлдiң бiрi болса, бiздер үшiн оның орны әлi күнге дейiн ерекше болып тұр. Латвия Орталық сайлау комиссиясы референдумдағы дауыс берулердiң кедергiсiз және тыныш өткенiн мәлiмдедi. Сондай-ақ төлқұжаты қолында болған кез келген азаматтың сайлау учас­ке­сiнде дауыс беруiне жағдай жасалған көрiнедi.Айтпақшы Латвияда төлқұжаттың екi түрi бар. Оның бiрi – Латвия азаматының, екiншiсi – Латвия азаматы емес­тер­дiң төлқұжаты.
Мамандардың сөзiне қарағанда, Қазақстанда алдағы уақытта жұмыссыздардың саны өспек. Өйткенi экспорт жағы жетiлмеген, отандық кәсiпкерлердiң де iсi оңып тұрған жоқ, ауыл-аймақта агроөнеркәсiп кешенi дамымаған, әлемдiк дағдарыс та қазақ жерiн айналып өтпейтiнi анық. Базардағы баға шарықтап, қарапайым халықтың жағасынан алып отырғаны да мәлiм. Үкiметтi тығырыққа тiреген дәл осы жұмыссыздық мәселесi елдiң әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық саясатына керi әсерiн тигiзуде. Республикада екi қолға бiр күрек таба алмай жүргендердiң саны артып, халықтың тыныс-тiршiлiгi төмендей бас­тағанына көзi жеттi ме, үкiмет қозғала бастады.
Өткенде электронды сайттардың бiрiнен “Егеменнiң” емеурiнiндегi сөз не?” деп аталатын мақаланы көзiмiз шалды. Мақала авторы “Егемен Қазақстанда” жарияланған Сейфолла Шайынғазының оралмандар жөнiндегi пiкiрiне сын айтып, онымен келiспейтiнiн бiлдiрiптi. Бiрақ бiзге қалам алдырған бұл мәселенiң басқа жағы. Және бұл жерде ешкiмге төрешi болайық деп отырған жоқпыз. Әркiм өз деңгейiнде ой бiлдiредi, пiкiр жарыстырады дегендей... Айтайын дегенiм, осы тақырыпты бiз бұдан 10 жылға жуық уақыт бұрын, көшi-қон агенттiгiн А.Жағанова басқарып жүрген кезде қозғаған едiк. Неге дейсiз ғой? Барлығы сол өзiмiздiң үйреншiктi тақырыбымыз “қазақ тiлi”, “ұлттық мәселелер” дегеннен басталады. Сол кезде төмендегiдей пiкiр бiлдiрген едiк:
Айтыс ақындарының сахнаға шыққан сайын бұрын айтқан шумақтарын қайталаулары көбейiп барады. Кейбiр ақындар тiптi өзгелердiң жыр жолдарын өзгертпестен айтып шығады. Белгiлi айтыскерлер импровизациялық жанрдың бұл ерекшелiгi туралы екi түрлi пiкiр айтады. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ақпанның 11-12-сi күндерi “Қонаевтай ер қайда?!” деген атпен Дiнмұхаммед Қонаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған ақындар айтысы өттi. Көрермендер  тартқан жеребе бойынша сахнаға көтерiлiп, сөз сайыстырған ақындар шама-шарқынша суырып салмалықты көрсетуге тырысты. Алайда алды айтыста 20 жыл жүрген, артына бiр жыл ендi толған айтыскерлер қайталауларға ұрынып қалып жатты.  Ақындардың қайталауы бiр кешегi айтыста ғана байқалған жоқ
Қазақта осылай басталатын қанатты қағида бар. Оның қалай аяқталатынын да бәрi бiледi. Мiне, осы мақал “Қазақмыстың” кейбiр қызметкерлерiне қаратып айтылғандай көрiнедi. Неге? Түсiндiруге тырысайын. Биыл 26 қаңтардағы “Жас Алашта” “Еңбек Ерiн елемедi” деген мақала жарияланды. Қажырлы кеншiнiң өнегелi өмiрi өзек етiлген ол: “Осы өңiрде омырауында екi Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендерiмен қатар Еңбек Ерiнiң алтын Жұлдызы жарқыраған Ар­қаның жаны жайсаң ардақты азаматын бiлмейтiндер саусақпен санарлықтай-ақ шығар?! “Демберген” десең жетiп жатыр, одан арғысын тәптiштеп айтып жатудың өзi артық. Құдды кендi аймақтың құжаты сияқты” деп басталып, былай аяқталады:
Лондонда тұратын 7 жасар қазақ баласы Дариус Нуритовты Ұлыбританияның Chelsea (“Челси”) жастар академиясы оқуға тегiн қабылдаған. Ерекше қабiлетiмен көзге түскен Дариус – қазiр Chelsea Regent’s Park жастар лигасы аудандық құрамасының капитаны. Дариустiң әкесi Азиз Нуритов осыдан 3 жыл бұрын Chelsea футбол командасының балаларға арналған жаттықтыру сабақтарын өткiзетiнiн естiп, баласын апарған екен. Дариус жаттығу ойындарында 4 жастағы балалар арасында “аптаның ең мықты ойыншысы” деп танылып, сыйлық алған.
Бiреулердiң аузынан “көреген көсем”, “ұлы көшбасшы”, “ұлт серкесi” сияқты сөз шықса болғаны, Нұртастың жүрегi зырқ ете қалады. Өйткенi бұл сөздi ести-ести құлағы әбден сарсылған. Осының бәрi жай алдамшы, өтiрiк сөздер екенiне, жарамсақтар тауып жүрген жалған мадақ екенiне де көзi жетiп болған. Ең бастысы, жаңағы мадақ сөздердiң тасасында азу тiсi ақсиып, “диктатор” деген сөз тұрғанын да жақсы бiлушi едi. Тақта отырғанда “Мен диктатормын, абайлаңдар!” деп кiм айта қояр дейсiң. Олар қашанда “төңкерiс көсемi”, “халық қамқоры”, “ұлт серкесi” секiлдi бүркеншiк аттарды пайдаланады. Сонау Шығыс Түркiстанда туып-өсiп, атажұртқа соңғы он жылдың айналасында көшiп келген Нұртас Қытайдағы “көсемдер” дәуiрiнiң бiрталайын-ақ бастан өткерген­дi.
Алматыда бокстан төрт елдiң құрамасы арасында өткен турнирде елiмiздiң боксшылары көп көңiлiн тоғайтты. Үш күнге созылған сайыстың алғашқы күнi бiздiң құрама француздарға қарсы шықты.   10 салмақта да жiгiттер қарсыластарын айқын басымдықпен еңсердi. Екiншi күнi үндiстандықтарды да 10:0 есебiмен ұтты. Ресейлiктермен өткен кездесуде ғана Мырзағали Айтжанов баптайтын жiгiттер тосқауылға тап болды. Қазақстан-Ресей кездесуiнде ресейлiктерден Миша Алоян (49 келi), Давид Айрапетян (52 келi) алдыңғы жекпе-жектерiнде жарақаттанып қалып, рингке шыққан жоқ.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының iрiктеу кезеңiндегi кездесулер аяқталды. “Астана арландары” Алматыда iрiк­теудiң соңғы жекпе-жегiн үндiстандық “Мумбай Файерс” клубына қарсы өткiзiп, 4:1 есебiмен жеңiске жеттi. 54 келiде рингке бас бапкер Есжанов Миржан Рақымжановты шығаруды жөн көрiптi. Былтырдан берi “арландардың үйiрiнде” жүрген Рақымжанов қарсыласы Иван Ильницкийдi айқын басымдықпен еңсердi. Украиналық боксшы үндiстандық клубтың намысын алғаш рет қорғағандықтан ба, бес раундқа әзер шыдады. Биылғы маусымда томағасын ендi сыпырған Миржан төбелестi сағынып қалыпты. Өзiнен тәжiрибесi кемшiн боксшыны бұрыштан-бұрышқа тықпалап, оңтайы келгенде соққыны жаудырып, әбден сiлiкпесiн шығарды.

Германияның Мюнхен қаласында өткен сенбiде бокс кешi өттi. Аса ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпио­ны украиналық Виталий Кличко чемпиондық белбеуiн қорғау үшiн рингке шықты. Кличкодан 12 жас кiшi британдық Дерек Чисора елге күлкi болды. Кездесу болардан бiр күн бұрынғы салмақ өлшеу, көз қарықтыру рәсiмiнде шыдамсыз Чисора оң қолымен Вита­лийдiң жағынан тартып жiбердi. Ол аз болғандай, ертесi рингте де оспадарлығын тағы бiр көрсеттi. Ұртына су толтырып шыққан Дерек алдындағы Кличконың бетiне бүркiп жiбердi.

Оңтүстiк Кореяның Гуми қаласында күрес түрлерiнен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сайыста жiгiттерден гөрi, қыздар қауқар танытты. Азия чемпионатынан үш құрама 3 алтын, 3 күмiс, 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшiншi сатыға тұрақтады. 55 келiде Айжан Смағұлова мен   59 келiде Айым Әбiлдина қола жүлде үшiн белдесуде қырғыз балуандарын жеңсе, 63 келiде Татьяна Захарова да қола жүлдеге таласта үндiстандық балуанды тiзе бүктiрдi. 67 келiде белдескен Елена Шалыгинаны ешкiм шалып құлата алмады.