1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15681) 23 ақпан, бейсенбі 2012
Қоғам қайраткерi Болат Атабаевты жұрт не үшiн жақсы көредi? Оның пiкiрлерiн оқырман неге күтедi? Атабаев айтса – түбiн түсiрiп айтады, жерiне жеткiзiп айтады. Жеткiзудiң де тың тәсiлiн табады. Оның пiкiрi ешкiмдiкiне ұқсамайды. “Болат Атабаев не дер екен” деп жұрттың пiкiр күтетiнi содан. Б.Атабаев Гете медалiнiң иегерi болды. Мұны дүйсенбi күнi Қазақстандағы Гете институтының директоры Барбара Клаус-Тоннет мәлiмдедi. Болат Атабаев – Гете медалiн иеленген тұңғыш қазақ. Германия құрметтеп, өз елi қуғындап жатқан Болат Атабаевқа хабарласқан едiк.
– Бөке, медаль құтты болсын! Немiстер бұл медальдi қай еңбегiңiзге бердi? Темiр­тау­дағы немiс театрында 10 жыл жұмыс iстегенiңiз үшiн бе?

Жаңаөзен оқиғасы кезiнде полицейлер оғынан қаза тапқандар саны ресми деректен әлдеқайда көп деген күдiк расқа айнала бастады. Сол күнi үйiнен шығып кетiп, iз‑түзсiз жоғалғандар бар. Сей­сенбi күнi Жаңаөзен оқи­ғасын зерттеу бойынша құ­рыл­ған Қоғамдық комиссия өкiл­дерiмен бiрге Жаңаөзен қаласына барып, қаза тапқандар мен жараланған азаматтардың туыстарымен тiлдес­тiк. Оқтан жараланған адамдардың отбасылары жапа шеккендердiң жәбiрленушiге емес, кiнәлiге айналып, түрмеге тоғытылғанына наразы. Жараланғандар мен қаза тапқандардың туыстарының бiрқатары мемлекет уәде еткен қаржылай көмекке қол жеткiзе алмай жүр.

28 қаңтарда Алматыда оппозицияның ұйымдастыруымен митингi өткен болатын. Олар митингiнi Республика сарайының алдындағы Абай ескерткiшiнiң жанында өткiзбек болған-ды. Өкiнiшке қарай, сол күнi алматылық атқамiнер­лер ұлы ақынның тас мүсiнiн қоршап, полицей­лердi тұрғызып қойды. 28 қаңтар күнi шерудi ұйымдастырушылар жиналған көпшiлiктi ақпанның 25-iнде 12.00-де өтетiн митингiге шақырған болатын. Алайда Алматы қалалық әкiмшiлiгi дәл сол күнi Абай ескерткi­шiнiң алдында жастарды жиып, әлдебiр iс-шара ұйымдастырмақ. Оппозиция өкiлдерi “қайткен күнде де митингi өткiземiз” деп отыр. Әкiмшiлiктiң дәл сол күнi, дәл сол жерде жастар жиынын жасағаны
Парламент мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағатында Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова өзi бас болып отырған саладағы қордаланып қалған түйткiл мәселелердi сөз етпедi, жауырды жаба тоқыды. Жасыратын түгi жоқ, дәл қазiр елiмiзде денсаулық сақтау саласы iрiп-шiруге шақ тұр. Мәселен, ана мен бала өлiмi жиi кездеседi. Бұл мәселе “Жас Алаш” газетiнде талай мәрте көтерiлдi. Қан айналымы жүйесi ауруларына шалдыққандардың қатары көп. Онкологиялық дерт­ке тап болғандардың саны өсуде. Құрт ауруы – туберкулезден, өз-өзiне қол салу – суицидтен әлем бойынша алдыңғы қатардамыз. Айта берсек, тiзе берсек дәл осындай күрмеуi көп күрделi мәселелер шаш етектен. Дегенмен, Салидат Қайырбекованың мұндай өзектi мәселелерден хабары жоқ па, әлде бiлсе де бiлмегенсiдi ме, әйтеуiр ден­сау­лық сақтау саласын мiнсiз етiп көрсеткiсi келдi.
Осы аптаның басында Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрi Тони Блэрдi Қазақстан прези­дентi Нұрсұлтан Назарбаев қабылдады. Ұлыбритания соты Мұхтар Әблязовтi 22 айға қамау туралы үкiм еткеннен кейiн iле-шала Тони Блэрдiң Астанаға келуiн әркiм әр саққа жүгiртiп жатыр. Ресми ақпаратқа сенсек, президент Н.Назарбаев пен кеңесшi Т.Блэр жолдауды насихаттауды және экономикалық мәселелердi сөз етiптi. Ғаламтордағы гу-гуге қарасаң, Тони Блэр Мұхтар Әблязовтiң шаруасын тындыра сала, Ақордаға қарай құстай ұшыпты-мыс. Тағы да тапсырма алу үшiн... Саясатты төңiректеп жүрген азаматтарға хабарласып, осы жөнiнде пiкiр сұраған едiк.
ЗАҢҒА ЕНГIЗIЛГЕН ӨЗГЕРIС КIМГЕ ТИIМДI?
Өткен жылы Әдiлет ми­нистрлiгi “тұрғылықты жерге тiркеуге тұрмағандарға айып­пұл саламыз” деген. Онысы осы жылдың басында заңды күшiне ендi. Сөйтiп, тiршiлiктiң қамымен қалада қаңғып жүрген мыңдаған қазақтың басына бұлт үйiрiлдi. Құқық қорғау орындарының қыз­меткерлерi тексеру жұмыстарын жүргiзiп, айыппұл салуға кiрiсiп кеттi. Алматы қаласында тұрғылықты мекен-жайы бар 1,5 миллионнан астам адам тiршiлiк етуде. Бейресми мәлiметтерге қарағанда, өзге облыстардан келiп, тiркеусiз жүргендердiң саны 1 миллионға жуықтайды. Соңғы жылдары iшкi көшi-қон салдарынан ауыл-аймақтар қаңырап қалды.

Осыдан екi жарым жыл бұрын қамауға алынған Евгений Жовтис пен “Время” газетiнiң журналисi Тоқнияз Күшiков бостандыққа шықты. Екеуi де 2008 жылы абайсызда адам қағып өлтiрiп, түрмеге жабылған болатын. Олар рақымшылық заңы бойынша ақпанның он бесi күнi қамақтан босатылды. Бостандыққа шыққан Е.Жовтис ақпанның 20-сы күнi Алматыға келдi. Әуежайдан оны журналистер күтiп алды. Тiлшiлерге аз ғана уақытын бөлген ол бiрнеше сұраққа жауап бердi. “Жаңаөзендегi қайғылы оқиғаға байланысты көптеген азаматтар қамауға алынуда. “Алға” тiркелмеген партиясының жетекшiсi В.Козлов, “Взгляд” газетiнiң бас редакторы И.Винявский тағы да бiрқатар оппо­зицио­нер азаматтар “әлеуметтік араздықты қоздырды” деген айыппен тергеу абақтысында отыр.

Қарнының ашқанына емес, қадiрiнiң қашқанына қорланатын қазақ — айтқыш халық. Қоғамдағы кейбiр кемшiлiк­тердi күнiлгерi көрiп келгендей көсiлетiнiн қайтерсiң. “Тоғыздықты” төңiректе­мей, тура “ондықтың” өзiн ұрады. Мәселен, “Өлдiң, Мамай, қор болдың”... Омырауын Ленин орденi көмкерген танымал кеншi Естаев Тайқара ағамыз осыдан бiршама уақыт бұрын өмiрден озғанда осы сөз ойымызға оралған. Комбинаттың “жылы суына қолын малып отырғандар” жарықтықты ақтық сапарға жөн-жоралғысымен шығарып салуға жарамады. Шағын қаралы митинг жасап, көзi тiрiсiнде көпшiлiктiң көзайымына айналған азамат жөнiн­де бiр ауыз жылы сөз айтса, айып па?!
Жуырда редакциямызға Жаңақорған ауданына қарасты Байкенже ауылдық округiндегi хал-ахуалды баяндаған хат келiп түстi. Хат мазмұнына сүйенсек, ауылдық округке қарасты елдiмекендердiң (Байкенже, Алмалық, Бигелдi) әлеуметтiк жағдайы әбден шиеленiскен. Автор мұның басты себебiн округ әкiмi Жұман Өткелбайдың заңсыз әрекеттерiмен байланыстырады. Хаттың анық-қанығына көз жеткiзу мақсатында Байкенже ауылдық округiне ат басын бұрғанбыз... Аудан орталығынан 40 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылдың сырт көрiнiсi-ақ көңiлсiздiктi аңғартады. Жұпыны. Қым-қуыт тiршiлiк белгiсiн байқамайсың. Не де болса хаттағы мән-жай бойынша әуелi әкiммен сұхбаттаспақ болып, көше бойынан кезiккен 4-5 ер адамнан әкiмшiлiктi сұрадық.
Қазақстандағы алғашқы жанкештi, 2011 жылы мамырдың 17-сiнде Ақтөбедегi ҰҚК департаментiнде өзiн-өзi жарған Рахымжан Мақатовтың (суретте) ата-анасы “ұлымыздың терiс жолға түсуiне келiн кiнәлi” дейдi. Жанкештiнiң жесiрi Мейрамгүл Сатаева “күйеуiмнiң әрекетiн түсiне алмадым, бәрiне төрешi - Алла” деп бiледi. 2011 жылғы мамырдың 4-iнде “экстремистiк топ құрды” деген күдiкпен ұлттық қауiпсiздiк коми­те­тi­нiң (ҰҚК) Ақтөбе облыстық депар­таментi Рахымжан Мақатовты тергеуге алды. Мейрамгүлдiң айтуынша, ол күйеуiне “жеңiл көлiк­терiн сатып, адвокат жалдайық” деп кеңес берген. Марқұм бас тартыпты. Тергеуге алынған күннен бастап ол күрт өзгерген. Қаза табарынан екi апта бұрын күн­дiз-түнi оңаша отырып құран оқыған.
КЕНЖЕ
Мұң, шаттығын бiр бөлiсiп әр күннiң,
Қаншама жыл, алғаным-ау, тең жүрдiң.
Ендi, мiне, ертеңгiсiн жатырмыз
Маңдайынан иiскеп қойып кенже ұлдың.
Қоғам бiзге жасаса да сараңдық,
Жүректерге қуаныш боп жамалдық.
Екеумiздi кезек-кезек құшақтап,
Ортамызда кенже ұл жатыр жалаңбұт.
Тек жақсылық тiлеуменен елге бiз,
Жүрген соң ба, босаға емес төрдемiз.
Бiр әттеңi ­ апасының жоқтығы,
Ортамызда томпаңдайды кенжемiз.
ҚАЙ ҰЛТТЫҢ ЖАЗУШЫСЫ ЕКЕНIН ОНЫҢ ТIЛI АНЫҚТАЙДЫ
Жақында “АиФ”-тың тiлшiсi М.Володин 83 жас­қа келген әй­гiлi жазушы Фазиль Искандерден былай деп сұрады:
– Сiз неге туған Отаныңызға оралмай Мәс­кеуде қалып қойдыңыз? – Рас, мен Сухумиге орал­ған жоқпын. Бiрақ мен Мәскеудi өзiме ешуақытта бөтен, бөг­де санаған емеспiн. Мен орыс тiлiнде жазамын. Демек, мен – орыс жазушысымын. Қай ұлттың жазушысы екенiн оның тiлi анықтайды. Бұл ежел­ден белгiлi жайт.

Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнiн, яки мәулiт мерекесiн әлемдегi күллi мұсылман қауымы атап өтедi. Және бұл мерекенi атап өтушiлердiң саны жыл санап, күн санап артып келедi. Арта да бермек. Тек соңғы 4-5 жылда әлемге танымал 17 қайраткер мұсылман дiнiн қабылдапты. Соның бiрi – әйгiлi өнерпаз Майкл Джексон болса, екiншiсi – Голливудтың кинорежиссерi Джек Стоун. Бұлар неге мұсылман дiнiн қабылдады? М.Джексон “Егер мен Жаратушы Иенiң Құрандағы “Мен әрбiр адамды көркем етiп жараттым” дегенiн бұрынырақ оқығанда, онда бет-жүзiме операция жасатып, денемнiң түсiн өзгертуге жанталаса кiрiспеген де болар едiм...”

МЕНIҢ ДЕ ТӨРТ ҚҰБЫЛАМ ТҮГЕЛ ЕДI
...Әкем қайтыс болған кездегi жан күйзелiсiмдi айтып жеткiзе алмаймын. Бәлкiм, қолымда бiр құдiрет болғанда көкемдi ажалдан арашалап қалар ма едiм. Бiрақ бұл пенденiң iсi емес қой... Әкем (Мейiржан Бана­ұлы) маған зор сенiм артатын. Менiмен мақтанып жүретiн. Бар байлығы бiз­дер – балалары едiк. Кiш­кентайымнан атасының асылы, әжесiнiң гүлi деп ер­келетiп өсiрген екен. Көпке дейiн туған әке-шешемдi мойындамаппын. Әкемдi – көке деп, шешемдi – Гүлбану деп атаппын. Есейе келе бұл әдетiмнен арылып, анамды мама деуге көштiм. Әке-шешем “Әйгерiмiм, қызым” деп бiр еркелеткен емес, олай етсе мен ашу шақырып, ренжитiн едiм, “мен сендердiң қыздарың емеспiн, аулақ жүрiңдер” деп жекiп салатынмын.

Кешегi кеңес заманында жазықсыз жазаға ұшыраған ақын-жазушылардың бiрi марқұм Хамза Абдуллин едi. Ол қазақ әдебиетiнiң классигi Мағжан Жұмабаевқа жерлес әрi туыс болып келедi. 1980-жылдары Х.Абдуллин бiздiң жерлес ақынымыз Зейнолла Тiлеужановқа iлесiп Ақсуатқа бiрнеше рет келдi. Хамза – қазақ әдебиетiне грузиннiң ұлы ақыны Шота Руставелидiң “Жолбарыс терiсiн жамылған батыр” атты шығармасын аударып, сүбелi үлес қосып кеткен қарымды қаламгер. Өзi қазақтың шешендiк сөздерiн де көп бiледi екен. Уақ Бодық шешен туралы көп әңгiме айтты. Арада ұзақ уақыт өтсе де оны оқырмандарға жолдауды жөн көрдiм.

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң назарына!
“Iздегенiң есiктен табылса, төрде нең бар?” дегендей, жасым 90-ның үстiне шыққанда менiң мұңыма құлақ асар жан табылса, сiздерге хат жазармын ба?! Осы ғасырға жуық өмiрiмнiң барлығы да тек еңбек етумен өттi. 1940 жылы тракторшы мамандығын игердiм. Азаматтарымыздың аман-есен келуiн тiлеген әйел адамдар, бiздер, солардың жолында өзiмiздi құрбандыққа шалуға да әзiр едiк. 48 жылдық еңбек өтiлiмнiң 25 жылы трактор рөлiнде өткен екен. Аллаға шүкiр, бүгiнде ауылымда Құтия ананы бiлмейтiн кiсi кемде-кем. Бәрi құрмет тұтады. Үкiмет тарапынан алып жатқан атағым да аз емес. 1945 жылы “Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегi үшiн” медалiне ие болсам, 1980 жылы “Еңбек ардагерi” медалiмен, сонымен бiрге тылдағы еңбек майданына қатысушы ретiнде “Жеңiстiң 40 жылдығы”, “Жеңiстiң 50 жылдығы”, “Же­ңiстiң 55 жылдығы” мерекелiк медаль­дарымен, 1941-45 жылдардағы соғыс ардагерi белгiсiмен марапатталдым.
2010 жылы Алматыда Керейт ата ұрпақтары бiрлесiп “Ақсақал” қо­ғамдық қорын құрды. Оның төрағасы болып Тұрмағамбет Асанов сайланған едi. Қоғамның алғаш қолға алғаны “Керейт ата ұрпақтары” жөнiнде шежiре кiтап шығару мәселесi болды. Мына қызықты қараңыз, кiтапты “Өнер” баспасынан шығарар кезiнде Т.Асанов халықтан жиналған ақшаны өз атынан баспаға өткiзiп, кiтапты Т.Асановтың жеке меншiгi ретiнде бастырған. Ендi баспадан шыққан кiтапты сатып, түскен ақшаны “Ақсақал” қоғамдық қорына өткiзудiң орнына қалтасына басқан. Сылтауы “Бұл кiтапты мен өз ақшама шығардым” дейдi. Т.Асановтың 2011 жылдың 7 тамызындағы есебi бойынша кiтап шығару үшiн жеке адамдардан 1.035.000 (бiр миллион отыз бес мың) теңге, демеушi­лерден 470 000 (төрт жүз жетпiс мың) теңге, барлығы 1.555 000 (бiр миллион бес жүз елу бес мың) теңге жиналған
Грек-рим күресiнен ұлттық құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов: “Лондон олимпиадасынан екi жүлде алуды мақсат еттiк, 1 алтын және тағы бiр жүлде олжалаймыз”, – деген едi. Англияда алаштың ұланы Олимпиада чемпионы атансын деп тiлеймiз бiз де. 1996 жылы Юрий Мельниченко жеңiл салмақта Олимпиада чемпионы болды. Содан берi осынау даңқ тұғыры қазақтың белдесуге бейiм, белдi балуандарына асу бермей келедi. Тiптi 1998 жылы Бақтияр Байсейiтов әлем чемпионатында топ жарғалы да күрестiң осы түрiнен балуандарымыз Бақтиярдың биiгiн бағындыра алған жоқ.  Рас, спорттан ұлттық құрамалар мүшелерi арасында буын алмасу процесi жүрдi. Спорттың кермек дәмiн кеңестiк мектептiң қабырғасынан
Осы аптаның сейсенбi, сәрсенбi күндерi УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалдық ойындары өттi. Мәскеудiң “ЦСКА” клубы “Лужники” стадионында мад­ридтiк “Реалды” қабылдап, корольдiк клубпен тең түстi. Мәскеудiң қақаған қысы мен жасанды алаңы корольдiк клубтың кең көсiлуiне кедергi келтiрдi ме, Кәрiм Бензема қақпаға соққы бағыттаймын деп, сiңiрiн созып алып, ойынды үзуiне тура келдi. Оның орнына шыққан Гонсало Игуаин да көзге түсе алған жоқ. Есесiне, стадионды толтырған 70 мың көрерменнiң көшiрiп жiберердей желпiнуi дем берiп, мәскеулiктер салған жерден Икер Касильястың қақпасын торуылдады. 7-минутта Георгий Щенниковтың айып алаңына әуелете асыр­ған пасын қақпаға қарай тепкен Алан Дзагоев дұрыс бағамдай алмады.

Бокстан Алматыда өткен “төрттiк турнирi” бокс жанкүйерлерiнiң есiнде “қап, әттеген-айымен” де қалатын болды.   Өйткенi турнирдiң үшiншi күнi 49 келi салмақта Б.Жақып пен ресейлiк Д.Айрапетянның және 52 келi салмақта I.Сүлейменов пен М.Алоянның арасындағы жекпе-жектердiң өтпей қалуы көңiлдi неше түрлi күмән мен күдiкке жетелейдi. Ал бапкерлердiң “ресейлiк боксшылар жарақаттанып қалды” дегенi жанкүйерлердi жай ғана алдау ма деп ойлайсың. Өйткенi Ресейдiң екi бiрдей мықтысының ақылдасып алғандай “жарақаттанып” қалуы ешқандай қисынға келмейдi. Өзге салмақтағы боксшылар емес, тек 49 келi мен 52 келi салмақтағы екi мықтының қазақ боксшыларына қарсы шықпауы жұмбақ күйiнде қалды.