1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (15682) 28 ақпан, сейсенбі 2012
Ақпанның 25-i күнi Алматыда кезектi наразылық шарасы өттi. Әдеттегiдей бұл жиынға да алматылық әкiмдiк рұқсат бермедi. Алайда жергiлiктi билiктiң шабармандары митингiге қарқынды дайындалыпты. Абай ескерткiшiнiң маңына жақындағанда, митингiнi “погондылар” өткiзгелi жатқандай көрiндi. Себебi, полицейдiң қарасы халықтан көп болды. Наразылық шарасына екi мыңнан астам адам жиналды. Азаматтар белсендiлiгiн, ашын­ған жанайқайын прокурордың ескертуi тоқтата алмады. Шендiнiң сөзiне пыс­қырмаған жұртшылық талап қойып, табан тiреп тұрып ал­ды. Наразылық шеруiне дейiн-ақ қамауға алынған азаматтарға сұрау салған халықтың ызасы ернеуiнен асты.
Жаңаөзенге сапарымыз кезiнде қыршынынан қиылған он алты жастағы Рахат Көшеровтiң үй iшiне барып, көңiл айттық. Қайғыдан қабырғасы қайысып, қара жамылған анасының мұң‑зарын тыңдадық. 16 желтоқсан күнi мәшинеде кетiп бара жатқанда терезеден кiрген оқ Рахаттың аузына тиiптi. Одан кейiн Рахат пен үлкен ұлы үшiн жаны күйген ананың тартқан азабы адам айтқысыз. Алтын Көшерова аурухана дәрiгерлерiнiң өлiмдi бизнес көзiне айналдырғанын, ақыр аяғы ұлының денесiн әрең алғанын баяндап бердi. Төтенше жағдай кезiнде ұлын жерлеудiң өзi қиынға соғыпты. Құқық қорғау органдарынан көрген қорлығы тағы бар. Солай бола тұрса да, Алтын Көшерова жазықсыз ұлын өлтiрген қанiшер табылуға тиiс дейдi.
Ақпанның 25-i күнi Астана қаласында бiр мезгiлде екi жерде “қарсылық жиыны” өттi. Оның бiрi – Астана қалалық әкiмдiгiнде, екiншiсi – Шәкәрiм Құдайбердiұлы мен Пушкин көшелерiнiң қиылысындағы алаң­қайда жалғасты. Ереуiл екi жерде өтсе де, олардың көтерген негiзгi мәселесi – Жаңаөзен көтерiлiсi. Астана қалалық әкiмшiлiгiнiң алдына жиналған халықтың қарасы 200-дiң ар жақ, бер жағында болды. Олардың денi “Лайықты баспана үшiн” ұйымының өкiлдерi, яғни үй-күйсiз жүрген үлескерлер екен. Бұл белсендiлер билiктiң жиын өткiзуге рұқсат бермегенiне қарсылық бiлдiрiп, әкiмдiктi сотқа бердi. Өйткенi 25 ақпанда ұйымның 16 өкiлiнiң жиын өткiзу туралы атқарушы билiкке берген өтiнiшi қанағаттандырылмаған.
Алматы қаласы ауданаралық мамандандырылған соты дүйсенбi күнi ерекше қарқынмен жұмыс iстедi. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны үшiн топ-топ болып айдалып келгендер тiптi көп. Алматыда күнкөрiс үшiн жүргендердi бiлек сыбанып жауаптағандар “саясиларды” да аямады. Өткен сенбiде болған халықтық митингiге “белсене қатысқаны үшiн” бiрқатар азаматты жауапқа тартты. Саясаткердi де, студенттi де, зейнеткердi де бiр баппен айыптады. Жұрт бас қос­қан жерге барып сөз сөйлегенi үшiн. Негiзгi шешiм 10 мен 50 айлық есептiк көрсеткiштiң арасында болды.
Қатыгез билiк
Жетi ай бойы
Суық пен
Аптаптың астында,
Жердiң шетiнде,
Желдiң өтiнде
Шындық сұраған жандарды
Оқ атып
Қырып салды.
Өз жерiнде өздерi
Кеше Алматыда екi мәселеге байланысты баспасөз мәслихаты өттi.
Жаңаөзенге барып қайтқан қоғамдық комиссия өкiлдерi өздерi куә болған жайттарды айтты. “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы Р.Сәрсенбайұлы жаңаөзендiк тұрғындармен болған кездесуге кеңiрек тоқталды. Жазықсыз қамауда отырған азаматтар мен былтырғы желтоқсандағы оқиғада қаза тапқандардың туыстарының жағдайын айтқан ол “қылмыс­тың бетi толық ашылмай отыр” дедi. Екiншi мәселе, 25 ақпанда Алматыдағы Абай ескерткiшiнiң жанында өткен митингiге қатысты болды. Қоғам қайраткерi Төлеген Жүкеев митингiден соң оны ұйымдастырушылар мен оған қатысқандарды тағы да әкiмшiлiк жауапқа тартып, қамап тастауы мүмкiн екенiн айтты
Тәуелсiз қоғамдық комиссия өкiлдерiмен бiрге Жаңаөзенге барған сапарымыз кезiнде оққа ұшқан және жараланған азаматтардың туыстарымен кездестiк. Ол әңгiмелердiң бiрқатарын өткен нөмiрде бергенбiз. “Темiрқазық” қонақ үйiнiң алдында Еуропарламент депутаты Петр Бористi күткен халық Тәуелсiз қоғамдық комиссия өкiлдерiне бастарынан өткен оқиғаны баяндап берген-дi. Үш баланың анасы Гүлбаршын Ақжiгiтованың күйеуi – Серiк Ақжiгiтов қамауда отырғандардың бiрi. “Қаңтардың 7-сi күнi Серiктi прокуратураға алып кеткен едi. Жай ғана жауап аламыз деген. Онымен бiрге iлесiп барып, iшке кiргiзiп жiбердiм де, өзiм аулада күттiм. Бiрақ күйеуiм сол кiргеннен шықпады”, – дейдi ол. Г.Ақжi­гiтованың айтуынша, бүкiл отбасы күйеуiнiң тапқан табысына қарап отырған. Мойындарында ипотекалық несиесi
Жалғасбай Ұзақбаевты Жаңаөзен оқиғасы кезiн­де жоғалып кеткен, аға­йын-туғаны жасырмай iз­деп жүрген жалғыз адам деуге болады. Азаттық тiлшiсi Жаңаөзеннен жоғалған туыстарын iздеген басқа ешкiмдi көрмедi. Ондай адамдарды Қазақстанның бас прокуратурасы да таппаған.  Жаңаөзенде “Хабар-ошарсыз кеткендер Жаңаөзен зиратында жасырын жерлендi”, “мәйiттер Каспий теңiзi мен канализация қалдығына батып кеткен” деген бейресми ақпараттар таралып жатты. Бiр апталық журналистiк зерттеуден шыққан нәтиже: әзiрше бұл сөздер – қауесет. Бiз тек Жаңа­өзен қаласының тұрғыны, 50 жастағы Жалғасбай Ұзақбаев туралы ғана айта аламыз.
Үкiметтiк блог-платформада 16 министр мен 13 агенттiк басшысының блогтары орналасқан. Блогтарға 116 мыңдай өтiнiш-шағым түскен. Үкi­мет сайтындағы алғашқы сегiз блогқа шағын шолу жасадық. Ең көп өтiнiш (күнiне 31 жазба) премьер-министр Кәрiм Мәсiмовке келедi екен.  Мәсiмов блогы жауап жазуда да “ең белсендi” болып шықты. Жауаптың көбi “сiздiң хатыңыз ...-дiң қарауына жiберiлдi” деген мазмұнда. Қалған сегiз блогта жауап сирек. Бұлар: индустрия және жаңа технологиялар министрi Ә. Исекешов, қорғаныс министрi Ә.Жақсыбеков, iшкi iстер министрi Қ.Қасымов, әдiлет министрi Б.Имашев, дiн iстерi агенттiгiнiң басшысы Қ.Лама Шәрiп, төтенше жағдай министрi В.Божко, қаржы полициясының басшысы Р.Түсiпбеков.
Ауаны ақшаға айналдыратындардан айла артылған ба?! Әсiресе, “Қазақмыстағылардың” қулығына құрық бойламайды. Айталық, акцияның айналасындағы айла-шарғының өзi не тұрады. 2003 жыл. Сәуiр-мамыр. Корпорация басшылығы төртiншi эмиссияның сол кезде нарықтық құны 12 000 (он екi мың) теңге тұратын акциясын 600 (алты жүз) теңгеден сатып алу артықшылығын пайдаланатын “Қазақмыс корпорациясы” ААҚ-ның 4 мыңнан астам акционерiн алдап соқты. Қолында бiр акциясы бар акционер төртiншi эмиссияның төрт акциясын сатып алуға құқылы болатын.
Алматыдағы ұлттық баспасөз орталығында “Елисейские поля” және “Елiм-ай” тұрғын үй кешенiнiң несiбесiнен қағылған үлескерлерi президентке, парламент мәжiлiсiнiң депутаттарына, үкiметке ашық хат жолдап, мәлiмдеме жасады. Үлескерлердiң айтуынша, мемлекет “Елисейские поля” тұрғын үй кешенiнiң үлескерлерiн баспанасыз қалдырған. “KazCommerceEngineering” ЖШС оларға Алматы облысы Қарасай ауданындағы “Елисейские поля” және “Елiм-ай” тұрғын үй кешенiн салып беруге уәде еткен. Алайда бұл нысандардың құрылысы әлi күнге аяқталған жоқ. Үлескерлер болса, далада үй-күйсiз қаңғып жүр.
ТОЛҒАУ, ТОЛҒАУ, ТОЛҒАУ-ЖЫР, ТОЛҚИТЫН КЕЗIҢ БОЛДЫ-АУ БIР...
Наурыздың 1-i күнi Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясында ақын, халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының иегерi, “Шабыт” фестивалiнiң лауреаты Бақыт Беделханұлының “Уақыттың жүрегi” деп аталатын шығармашылық кешi өтедi. Кешке ақынның әрiптестерi, дос-жарандары, өнер адамдары қатысады.
Мекенжайы: Қалдаяқов көшесi мен Төле би көшесiнiң қиылысы, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы. Бас­талу уақыты: 18.00. 
Тұлға
1899 жылы дүниеге келген американдық жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Хемингуэй әлемдiк әдебиеттен өз орнын ойып тұрып алды. Оның жазу мәнерi мен қысқа да нұсқа баян­дау тәсiлi, өзiндiк шеберлiгi үлкен әдеби мектеп қалыптастырды. Эрнест Хемингуэй АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келдi. Әкесi Кларенс Эдмонт – дәрiгер, ал шешесi Грейс Холл бүкiл ғұмырын бала тәрбиелеуге арнаған жан едi. Эр­несттiң келешекте әлем таныған жазушы болуына әкесi тiкелей әсер еттi. Бала күнiнен оны кiтап оқуға, табиғатты сүюге, аңшылыққа, балық аулауға баулыған да әкесi едi. Араға көп жыл салып, бала Хемингуэй кiшкентай күнiнде алған әсерлерiн өз шығармаларына арқау еттi.
Қазiргi таңда қазақ жастары жаппай құбылаға бет бұрып, ме­шiттерге барып жүр. Жұма күн­дерi жастардың көбiн мешiттер­дiң айналасынан табасың. Алайда кiм қай жолда жүргенiн айырып, жiктеп жату оңайға соқпайтыны рас. Кейбiр деректерге сүйенсек, жастардың бiраз бөлiгi түрлi дiни ағымдарға ерiп кеткен екен. Ақиқатында, қазiр басқа ағым түгiлi, тiптi ислам дiнiнiң ағымдарынан да қорқатын болды халық. Оның iшiнде жастардың арасында кеңiнен таралып кеткенi – уаххабизм ағымы екенi белгiлi. Көптiң пiкiрi бойынша бұл ағым сырттан қаржыландырылатын, iшкi жағдайды ушықтыру үшiн құрылған. Және ол ұлт қауiп­сiздiгiне де айтарлықтай қатер төндiредi.
БЕТIҢНЕН ОТЫҢ ШЫҒАДЫ
Жақында кинорежиссер Жан­на Исабаеваның жаңа филь­мi­нiң тұсаукесерi болмақ. Бұған дейiн көп дау туғызған “Қарой”, “Ойпырым-ай” фильмдерiмен танылып қалған режиссер ханымның бұл жол­ғысы бәрiнен де асып түстi. Тiптi киноның аты да адам жиiркенетiндей. Мүлдем қа­зақы кейiптi көрсетпейдi. Баяғыда Ермек Тұрсыновтың “Келiн”, КТК арнасының қолдауымен түсiрiлген “Қайрат чемпион” киноларын көргенде ұяттан жерге кiрiп кете жаздап едiк. Ал ендi қазiр интернет бетте­рiндегi Исабаева филь­мiнiң қысқа үзiндiлерiн көргенде...басқа елге безiп кеткiң келедi. Әйтеуiр, жыл сайын бiр масқарамыз шығып тұрмаса болмайтын болды ғой.
Спортшылардың спорттық ғұмырын ерте аяқтауына бiрден-бiр себеп – жарақат алу. Көптеген спортшылар биiктi бағындырудың аз-ақ алдында жарақаттанып, бұйырмаған жетiстiк көзден бұл-бұл ұшады. Мұндай мысалды кез келген спортшының өмiр жолынан табуға болады. Қазақтың талай саңлағының сағы жарақаттың салдарынан сынған. Арыға тереңдемей-ақ 2008 жылы өткен Бейжiң олимпиадасына қатысып, елге қола жүлде әкелген балуан Әсет Мәмбетов пен Олимпиаданың алтын медалiне қол жеткiзген ауыр атлет Илья Ильиннiң төрт жылда айналып соғатын спорт дуына жарақатынан толық айықпай қатысқанын бiле­мiз. 2004 жылы Афины олимпиадасының алғашқы айналымында сүрiнген Мәмбетов Бейжiңде топ жаруы тиiс едi. Бапкерi Марат Тұрлыханов шәкiртi Олимпиада ойындарында алтын медаль алуы үшiн бар мүмкiндiк жасады.
АЗАМАТ ЕКЕН!
Чехия астанасы Прага қаласында дзюдодан әлем кубогының кезеңiнде Азамат Мұқанов қола жүлдеге қол жеткiздi. Бас бапкер Асхат Жiткеев Прага төрiне төселген татамиде сынап көру мақсатында қосалқы құрамды алып барған-ды. 66 келiде белдескен Азамат Мұқанов iрiктеу кезеңiнде израильдiк Алон Рахиманы, венесуэлалық Ричардо Валдераммоны, мажарлық Лазло Журачкештi, румын Лазло Сураконы да ұтқан. Ширек финалда кәрiс Чой Мин Хоны жығуға қайраты жетпедi. Қола жүлде үшiн белдесуде грузин Сандро Яковашвилидi, кәрiс Джонг Хванды жеңдi. Қалған спортшылар жүлдеге қол жеткiзе алған жоқ.