1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (15683) 1 наурыз, бейсенбі 2012
ПРЕЗИДЕНТТIК САЙЛАУДЫҢ АЛДЫНДА ПУТИН БIР ОҚПЕН ЕКI ҚОЯН АТҚЫСЫ КЕЛЕ МЕ?
Кеше газеттiң жұмысымен қапылып жат­қанымызда Өскеменнен Қалибек деген оқырманымыз телефон соқты. Даусы ащы естiлдi. Әлденеге алаңдаулы сияқты. Уәжiне құлақ қоюға тура келдi. Мен талай жыл мектепте мұғалiм болдым. Қазiр зейнет­кер­мiн. Iшкi-сыртқы саясаттан бiр кiсiдей-ақ хабарым бар. “Путинге Қазақстанның азаматы қастандық жасамақ болды” деген әңгiмеден құлақ сарсыды. Не бiлгендерiң бар бұдан? – деп бiр қойды. Қызық әңгiменiң ұшы шығып қалғанын аңғарып, пiкiр айтқан болдық. “Бiр бұл емес қой Путиннiң “маған қастандық жасамақ болды” деп жүр­генi. Путиннiң
Болат, Әмiржан! Сендер тұр­ғанда халықтың еңсесi түспейдi
Қазақ халқы талай қасiреттi жылдарды басынан өткiздi. Сонау “Ақ­табан шұбырынды, Алқакөл сұламадан” бастап кешегi Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғынға дейiн бұл халық не көрмедi десеңiзшi?!Бiрақ кешегi Жаңаөзен мен Шетпедегiдей өз халқын өзi қырған, өз қарындастарын өздерi зорлаған,өз аналарын өздерi тепкiлеген нәубет қазақ тарихы түгiл әлем тарихында болмаған оқиға.  Туған баласының мәйiтiн туған анасына сату қай заманда болып едi. Кейбiр саясатшылар бұны фашистерге теңейдi. Бiрақ
Ардақты ағайын! Қадiрмендi қазақстандықтар, алматылықтар, қандастар!
Мен бүгiнде сiздердi “сырластарым, мұңдастарым, мүдделес­те­рiм!” деп атағым келiп тұр. Менi бiразыңыз қаламгер ретiнде тануларыңыз мүмкiн. Көпшiлiгiңiз танымайсыз да. Бiрақ мен бүгiн сiздерге өте жақынмын. Сiздермен бiрмiн. Сiздермен бiргемiн. Себебi мен де дәл сiздер сияқты әр сайлауда өз дау­сын ұрлатқызатын шарасыз мұңдас пендемiн. Мен де сiздер тәрiздi сонау Жаңаөзендегi бейкүнә қырылған қыршындардың қазасын аза тұтқан, жүрегi қан жылаған қазақтың бiрiмiн.

Жаңаөзен оқиғасы мен Алматыдағы соңғы митинг билiкке наразы топтардың өздiгiнен, демократиялық күштердiң қатысуынсыз-ақ бас көтере алатынын көрсеттi. Наразылығы шегiне жеткен топ қай уақытта режимнiң басты қарсыласына айналмақ? Қайткен күнде билiк заң шеңберiнде әрекет ететiн демократиялық күштермен күресiп әлек болып жүргенде, өзгерiстi қалайтын, билiктiң өзiне қауiп төндiретiн көлеңкелi оппозиция әлдеқашан пiсiп жетiлгенiне көз жеттi.

ӘБЛЯЗОВТI ҰСТАП БЕРМЕК БОЛҒАН ҚАЖЫГЕЛДИН БЕ?
“Диiрменде туған тышқанның баласы тарсылдан қорықпайды” деген сөз бар қазақта. Мұхтар Әблязов те – “диiрменде туғандардың” бiрi. Әсiресе, 2001 жылдың қара күзiндегi “тарсыл” Әблязовтi пiсiрдi әбден... Жақында Лондонның жоғарғы соты М.Әблязовтi 22 айға түрмеге қамау туралы үкiм шығарды. Бұл туралы газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде жаздық (“Аферист”, №14, 21 ақпан). Лондон соты оны “сотқа құрмет көрсетпедi” деп айыптады. 19 ақпанда ағылшынның “Гар­диан” газетi былай деп жазды:
СОТҚА ҚҰРМЕТ КЕРЕК
Осы аптаның дүйсенбi және сейсенбiсiнде ең қызық сот отырыстары өттi. “...Абай ескерткiшi жанындағы саябақта өткен митингiде болдыңыз ба? Оған белсене қатыстыңыз ба?” деген прокурор мен судья “иә” деген жауапты ынтыға күттi. Оларға керегi тек сол ғана. Айтты – бiттi. Судьялар зейнеткерге де, жұмыссызға да, қоғам қайраткерiне де дереу айыппұл салды. Ал олардың не үшiн, қандай мақсатпен барғаны оларды мүлде қызықтырмады. “Митингiге белсендi қатысқаны үшiн жаза қолданылады” деп қай заңда жазылыпты? Бұл бiзде бар “бейресми бап” шығар. Бұл “үнiңдi өшiр” дегенмен бiрдей емес пе? Заңды өздерi сақтамай отырса, мұндай соттардан не үмiт, не қайыр?
“Жақсы өткiздiк пе, жаман өткiздiк пе”, әйтеуiр тағы бiр аптаның аяғын көрдiк. “Алысқан, жұлысқан, айтысқан, тартысқан – әурешiлiктi көре-көре келдiк”. Бiрақ мен осы аптада өзiме әсер еткен оқиғаларды ғана айтайын. I. Шүкiр,бұл аптада “араздық қоздырды” деп ешкiм жаңадан айыпталған жоқ. Есесiне, президент кеңесшiсi Е.Ертiсбаев бiрнеше ақпарат құралын осы бапқа “мiнгiзiп” қойды. Ол “Республика” мен “Взгляд” газетiн, “К+” және Stаn.TV телеарналарын тiзiп, “Әблязов медиахолдингiнiң мақсаты – түрлi-түстi революциялар арқылы билiктi құлату” екенiн айтты.   
“Президенттiктен үмiткер” деп сипатталып жүрген Иманғали Тасмағамбетов Астана әкiмi болғалы бұрынғы “еркiндiгiнен” айырылды дейдi сарапшылар. Зиялылар оны “арпа iшiндегi бiр бидай” санайды. Ал оппозиция “барар жер, басар тауы қалмағанда оппозицияға келетiнiн” айтады.  Атырау облысының әкiмi болған кезiнде, 2000 жылы өзiн “Назарбаевтың өнiмi” деп жариялаған Тасмағамбетов кейiнiрек Ә.Қажыгелдиннiң “президентке берген антын бұзғанын” қатаң айыптады. Саясаттанушы Н.Масанов “Қа­зақстан дағдарысы – президенттiк билiк” деген мақаласында президент билiгiнiң Қазақстанның символына айналғанын жазды.
Герольд Бельгердiң “Қа­зақ дәптерi” атты аса құнды кiтабы (“Өлке” баспасы, 2011 жыл, Алматы) жарық көрдi. Ендi бәрiмiз бiрiгiп осы кi­таптан екi үзiндi оқиықшы. Бiрiншi үзiндi:
“Қазақ” газетiнiң №9 (2 нау­рыз, 2007 жыл) санында Хан­бибi Есенқараеваның “Маң­ғыстау мақамдары” басылыпты. Екi өлеңге баса назар аудардым. Бiрiншiсiнiң аты “Әбiш аға”. 28 жол. Басы былай:
Елге шықсаң – ұлансың,
Тауға шықсаң – қырансың,
Тасқа салса – талдырып,
Шынары боп шығарсың!
Маған бiрдеңе жұқты. Табан астында ақын болып кеттiм. Төрт адам топталып тұрса, қасына барып өлеңiмдi оқығым келедi де тұрады...
Көшеде жаңа ғана жазылған өлеңiмдi iшiмнен оқып келе жатсам, қыбырлаған, жыбырлаған адамдар: екi мыңдай адам митингiге шығыпты! Полицейлер оларды екi қатар етiп қоршап алған.
– Мұнда не болып жатыр өзi? – деп сұрадым полицейден әдейi.
– Жай әшейiн, – дедi ол.
– Бойымның кiшкентайын қарашы. Айтыңызшы, не болып жатыр?
– Жұмыссыздарға айлық берiп жатыр.
Досым бар ма, бiлмеймiн, жауым бар ма?
Тамырымнан бүгiлем дауылдарда.
Бауырымды жегiзiп “ит пен құсқа”,
Ақыл айтсам, сосын кеп, бауырларға.
 
Қырам дей ме, Бiреулер жоям дей ме?
Киiп алып үстiнен Ноян-жейде.
...өз үйiмдi таба алмай жүрсем-дағы
Адасқанға жөн сiлтеп қоям кейде.
Жартыбай Қожамұратов – Мойынқұм ауданының тумасы. 1971-83 жылдар аралығында Мойынқұм ауданы, Талдыөзек қой совхозының директоры қызметiн үлкен абыроймен атқарған iскер де бiлiктi басшы. Төмендегi әңiгiме сол кiсi айтқан әңгiме едi. Қаз-қалпында келтiрдiм. – 1975 жылдың ақпан айының 17-сiнде аудандық партия коми­те­тiнiң бiрiншi хатшысы Айтбай Назарбеков кабинетiне шақырып алып, аман-саулықтан кейiн    Д.А.Қонаев арнайы сапармен Оңтүстiк Қазақстан  облысында жүргенiн, қайтар жолда, яғни ақпан айының 19-20 күндерi Мойынқұм ауданында болатынын, Талдыөзек совхозына да ат басын тiрей­тiнiн жеткiздi. 
...Бiз неше жылдан берi “жеке қазақ телеарнасы керек” деп зарлап жүрiп “Қазақстан” телеарнасын қазақшаладық. Ал бiздiң облыста бәрi керi­сiнше, Тараздан тарайтын жетi арна да түнгi 12-ден кейiн қазақша көрсетедi. Таңғы 6-дан кейiн тұтас орысша көр­сетедi. Сөйтiп, бiз қазақ тiлiн­де теледидар көре алмайтын болдық. Сонда қазақ түнде ұшатын жарғанат болғаны ма? Әрине, өзге ұлт өкiлдерiмен тату болайық. Бiрақ татулық дегенiмiз – өз тiлiңдi сатып, төл тiлiңнен безiну емес қой!  Тағы бiр айтарым, неше мың теңгеге ауылдық жерлерде аң-құстардың (бүркiт, аю, т.с.с.) ескерткiшiн салғанша, сол ауылдың әлеуметтiк жағдайын (ауызсу берсе, үйлерге ыстық су, газ жүргiзсе) түзетпей ме?
Оңтүстiк Қазақстан облысының тумасымын. Өзiм 1942 жылы тудым. Жұмыс бабымен 1960-жылдары Жезқазғанға көшiп бардық. Үш баланың, яғни екi қыз бен бiр ұлдың әкесiмiн. Құдайға шүкiр, жиендерiмдi қоса санағанда 6 немерем, бiр шөберем бар. Кемпiрiм қайтыс болып, ауылда жалғыз қалған соң балам қоярда-қоймай қалаға көшiрiп алды. Келiнiм қабағыма қарап, асты-үстiме түсiп тұрады. Бiрақ... екi айдан берi келiнiм маған сөйлемейдi. Қатты өкпелi. Бұрын ашық-жар­қын әңгiмелесушi едiк. Кешке жақын кiшкене ғана ас үйде күлкi естiлетiн. Қазiр оның бiрi жоқ. Бiрақ... Ренжiсе ренжiсiн, мен де өз айтқанымнан қайтпайын деп отырмын. Өткен өмiрiме қарап отырсам, өмiр бойы бiреудiң айтқанымен жүрiппiн. Соғыстан әкем оралмады, анам “ветврачтың оқуын оқы” дедi.
Әйгiлi Әмiре Қашаубаевтың әнiнен кейiн ғой, француздың атақты жазушысы Ромен Ролланның: “Мен Шығыста әншiнi неге бұлбұлға теңейтiнiн ендi түсiндiм” дегенi. Мiне, осы Әмiренiң рөлiн­дегi әндердi орындау мiнде­тiн жеңiп алған (Ә.Қашаубаев туралы кинофильмде), Әмiреден кейiн қазақтың домбырасымен Еуропаны аралап шыққан, Стамбулдағы әлемнiң 120 елi қатысқан “Достық көпiр” атты ән фестивалiнiң бас жүлдесiн қанжығаға байлаған әншi Мырзахмет Мүкамановтың бағасына жете алдық па? Мұны неге айтып отыр дейсiздер ме?
Заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннiң ашына жазғанындай: “Қазақстан өкiметiнiң басында қалған байырғы қызылдар Жаңаөзенде қарусыз халықты қойдай қырды. Және өзiмнiң бар iсiм дұрыс деп, бас көтергендер, қит етсеңдер тағы да атамын деп қоқандап отыр”. Жүгенсiз кеткен қоқаңбайларды тезге салатын да, тәубәсiне келтiретiн де – халық. Халықтан зор күш жоқ. “Қарттарды атсаңдар да балаларды, өнiп-өсуге тиiс балғындарды атпаңдаршы!” деп шырылдаған жұртшылықты, дәрменi таусылған шарасыздарды жоғарыдан бұйрық алған ноқайлар шыбын ғұрлы көрмегенi қалай?
Бiр ғалым өзiнiң докторлық еңбегiн қорғап жатса керек. Даулы пiкiрлер туындап, академик Әлкей Марғұлан екi-үш рет шығып сөйлептi. Әлекеңнiң бiр құрдасы әзiлдеп:
—   Әлеке, бүгiн көп сөйлеп кеттiңiз ғой, –  дейдi.
Сонда Әлекең:
—   Бiлгеннен кейiн сөйлеймiз де, бiлмегендер несiн сөйлесiн, – деп жауап берiптi.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) ширек финалына жолдама алған “Астана арландары” ертең Астанада мексикалық “Мехико Сити” клубына қарсы шығады. Екiншi маусым басталарда елiмiздiң бокс федерациясы басшылығы “арландардың” арқасына үлкен мiндет артты. Былтыр финалда француздарға есе жiберiп, чемпиондыққа қол жеткiзе алмаған клубтан биыл чемпион атануды талап еткен-дi. “Астана арландары” ендiгi кез­десулерiнде сүрiнбесе болғаны, дiттеген мақсат орындалады. Ширек финалдың сырттағы кездесуiнде “арландармен” айқасатын мексикалықтар   “В” тобында екiншi сатыға жайғасып, тек әзiрбайжандық “Баку оттары” клубын ғана алға оздырды.

Аты әлемге әйгiлi испан тен­нис­шiсi Аранта Санчес-Викарио өзiнiң туған ата-анасын “60 миллион доллар тұратын бар байлығымды менi алдап тартып алды” деп айыптады. Ол бұл байлығының жартысынан көбiн 1990-жылдардың ортасында спорттың бел ортасында жүргенде тапқан едi. Ал 2004 жылы Аранта Санчес-Викарио тенниспен қош айтысқан болатын. Дәл қазiргi уақытта Аранта Санчес-Викарио Испанияның теннистен әйелдер құрама командасының капитаны.

ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ЖАҚСЫ
Малайзияда басталған “Тур де Лангкави” көпкүндiгiнiң 5-кезеңiнде колумбиялық Хосе Серпа топ жарды. Айер Крох пен Пандан Индах арасын жалғайтын 190 шақырым күре жолды Хосе 4 сағат, 32 минут, 17 секундта жүрiп өттi. Австралия­лық Даррен Лэптерн екiншi болып жетсе, үштiктi итальяндық Маттео Работтини қорытындылады. Хоседен 11 секунд қалып қойған “Астана” велоклубының мүшесi Александр Дьяченко мәреге 5-iншi болып жеттi.  5-кезеңдi 5-iншi орынмен түйiндеген Александр Дьяченко жалпы есептегi көрсеткiшiн көтерiп алды. Әзiрге ол үшiншi сатыда тұр. Александр көш басындағы Даррен Лэпторннан 46 секунд қана артта қалып қойды.