1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18-19 (15684-85) 6 наурыз, сейсенбі 2012
Ресейде өткен президенттiк сайлаудың толық қорытындысы кеше түс ауа белгiлi болды. Владимир Путин – 63,5 пайыз, Геннадий Зюганов – 17,18 пайыз, Михаил Прохоров – 7,77 пайыз, Владимир Жириновский – 6,23 пайыз, Сергей Миронов – 3,84 пайыз дауыс алды. Дауысқа шаққанда Путин – 44,3 миллион, Зюганов – 11,9 миллион, Прохоров – 5,3 миллион, Жиринов­ский – 4,3 миллион, Миронов – 2,6 миллион дауыс жинаған. Шатақшыл Жириновский мен аутсайдер Миронов жеңiлгендерiн мойындап, Путиндi жеңiсiмен құттықтап үлгердi.
Қымбатты отандастар!
Адам өлiмi мен қасiретiнен басқа қорқынышты ештеңе жоқ. Бақытсыз жағдай салдарынан қаза табу бiр басқа да, адам қолынан өлу бiр бөлек. Әсiресе, халықты қорғауға тиiстi полиция сол халықтың өзiне мылтық кезенiп, оқ жаудыра бастаса, бәрiнен де қорқыныштысы сол. Жаңаөзенде қан төгiлдi, ондаған қазақстандықтардың өмiрi үзiлдi, жүздеген адам жараланды, ал бұл – орны толмас өкiнiш пен қайғы, бұл – бiреулердiң жетiм қал­ған балалары, күйреген отбасылар, қыршынынан қиылған ғұмыр, бiреулердiң орындалмай қалған арманы...
СОНДЫҚТАН БЕЙБIТ МИТИНГIГЕ ЖОЛ БЕРГIСI КЕЛМЕЙДI
25 ақпанда өткен наразылық шарасынан кейiн редакциямызға қоңырау шалып, хабарласушылар көбейдi. Қарапайым азаматтар Алматыда өткен митинг туралы, қамауға алынған азаматтар жөнiнде сұрауда. Бiр байқағанымыз, қазiргi саяси жүйеге өкпе артып, келiспейтiндердiң саны артпаса, кемiмеген. Жылдарға жалғасқан саяси тоқырауға кез келген қазақстандықтың бейжай қарамасын бүгiн тағы мойындауға тура келдi. Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Алматыдағы митинг туралы жазғанбыз. Десек те, осы наразылық шеруiнен кейiн қандай қорытынды жасауға болады? Бiрiншiден, билiк халықтан, халықтың үнiнен өлердей қорқады.

Қазақстанда оппозицияны қудалау, түрлi саяси қысымға алу әрекетi қалыпты жағдайға айналды. Билiк өзiн сынағандар мен ақиқатты айтушыларды қашан да халыққа “жау” етiп көрсетуге шебер. Оған дәлел ретiнде сарай бұлбұлының сандырақтарын келтiруге болады. Қазақ оппозициясы дегенде, ең алдымен еске Болат Әбiлев түседi. Бұл заңды да. Халықтың жоғына сұрау салып жүргендердiң бiрi ретiнде оның аты көпшiлiкке таныс. Алайда

Аққыз Қосанова – тоғыз баланы дүниеге әкелген, он алты немере, төрт шөбере сүйiп отырған Батыр ана. Көпшiлiк Аққыз апаны оппозициялық саясаткер Әмiржан Қосановтың анасы деп таниды. Әмiржан Қосановтың “жетпiстен асқан шешем бар” деп аузынан тастамайтын анасымен кездесудiң сәтi түстi. Қамаудағы ұлының шығатын күнiн санап отырған ана ерте ме, кеш пе, баласының күресi жемiсiн бередi деп сенедi. Аққыз апа, халық Әмiржан ағаны оппозицияда көп жылдан берi алған бағытынан таймай, күресiн жалғастырып жүрген табанды саясаткер ретiнде таниды. Ал отбасындағы Әмiржан қандай ұл?
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДIҢ ЖЕТЕКШIЛЕРI БОЛАТ ӘБIЛЕВ ПЕН ӘМIРЖАН ҚОСАНОВҚА
Құрметтi Болат, Әмiржан!
2011 жылдың 16-17 желтоқсаны күн­дерi Жаңаөзен мен Шетпеде орын алған қанды қырғын Қазақстандағы елiм, ұлтым деген әрбiр азаматтың жүрегiнде өш­пес, ұмытылмас iз қалдыратыны анық. Осындай тосын жағдайды болдырмас үшiн өздерiңнiң бiрнеше мәрте Жаңа­өзенге барып, қоғам мен билiкке Маң­ғыстау мұнайшыларының мұңды тiр­шiлiгi, олардың әдiл талаптары туралы айтып, талай рет батыл-батыл сұрақ қойғандарыңды дүйiм қазақ жұртшылығы жақсы бiледi.

Кеше қамауда отырған оппозициялық саясаткерлердiң әрiптесi журналист Гүлжан Ерғалиева Абай ескерткiшiнiң алдында шағын пикет өткiздi. Ол қазақ әдебиетiнiң ұлы тұлғасы Абай ескерткiшiнiң басына әдiлеттiлiк пен адалдықты жоқтап келдi. Ұлы Абайға шағымын айтты. Абайдың өз заманында қазақты сынап кеткенi – қазiргi уақытқа сай екенiн, ұлы ақынның қазаққа айтқан сыны ешуақытта ескiрмейтiнiн, қай заманда да күн тәртiбiнен түспейтiнiн қадап айтты. Ол Абайдың қара сөзiнен мысалдар келтiрiп, бүгiнгi билiк пен қоғамның “ұрылар мен бұзақылардан” қалай тазару керектiгiне тоқталды.

АЛАЙДА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ ОҒАН ҚАРАП ЖАТҚАН ЖОҚ
Наурыздың екiсi күнi Алматы қалалық соты “бiртүрлi” сот отырысын өткiздi. Судья мен прокурор ауыздарына түкiрiп қойғандай, белсендi азамат Виталий Печеныхтың шағымынан “бiртүрлi” iлiк iздеп, дегендерiне жеттi. Тарқатып айтар болсақ, 28 қаңтар күнгi митингiнi ұйымдастырды, оған қатысты деген айыппен Б.Әбiлев, Ә.Қосанов, Ә.Тоғысов 15-18 тәулiкке қамауға алынған болатын. Ақпанның алғашқы күндерiнде жұмыссыз В.Печеных достарынан әкiмшiлiк жазамен түрмеде жатқан “Азат” ЖСДП- ның өкiлдерiне қолдау ретiнде сәлемдеме жiберуге болатынын естидi. Қамаудағы азаматтардың цитрус жемiстерiн ұнататынын бiлiп, Виталий екi келi апельсин сатып алады
Онда былай делiнген:
«Бiз тас-түйiн бекiндiк, бәрiне де әзiрмiз!
Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған (30 адам) жақтастарымыз үшiн алаңдаймыз.
Шешiмдi өзгертуге шағымданбаймыз! Соттар Ақорданың дегенiн iстейдi, сондықтан әдiлеттiлiкке үмiт артпаймыз! Бiздi қолдағандардың баршасына рақмет айтамыз!
Болат Әбiлев, Әмiржан Қосанов».
“...Бiзде демократияның әзiрше елес қана екенiне дәлел жеткiлiктi. Оны тiзбелемей, тек бiреуiн: ой мен сөз бостандығына қиянат жасалып, Конституциямызда «жойылды!» делiнген (20-шы бабында) кеңестiк цензураның полициялық шоқпарға айналдырылғанын айтсам, ол маған ғана, қазақстандықтарға ғана мәлiм емес, тiптi, ең өкiнiштiсi, дүние жүзiне мәлiм болып отыр емес пе? Адам құқығын қадағалау жөнiндегi халықаралық ұйымдарды ашындырушы бейбастақ iстерiмiздi еске алудың өзi ұят. Қысқаша ғана атап көрейiн: Белгiлi саясаткерлер: Әмiржан Қосановтың, Сейдахмет Құттықадамның, Нұрболат Масановтың пәтерлерiнiң сыртқы есiгiн цементпен шегендеп, iштегiлер шыға алмайтын етiп кеттi.
БОЛАТХАН ТАЙЖАН ОСЫ ОЙЫН IСКЕ АСЫРУДА АСҚАН БЕЛСЕНДIЛIК ТАНЫТҚАН ЕДI
Рухы мен пейiлiнен таң атқан,
Жаралғандай ұлттық мүдде-санаттан.
Жiгiт едiң елдi аузыңа қаратқан.
Қазақ халқы ұлтсызданған ғасырда
Тiл мен дiнi құнсызданған ғасырда,
Сен бiзге өте қажет едiң, Болатхан...
Ендi саған бейiшiңнiң есiгiн
Айқара ашсын құдiреттi Жаратқан.

Мемлекеттiк, ұлттық маңызы бар қазақ көшiнiң тоқырап қалуының себебi неде? Көштi көлiктi ету үшiн не iстеу керек? Неге дәл осы саладағы қадау-қадау мәселелер шешiмiн таппай отыр? Алғашында шетелдегi қандастарымыздың тарихи Отанына оралуы үшiн бiлек түрiп кiрiскен билiк қазiр неге қамсыз қалды? Сыртқы көшi-қон саясатына қатысты осы және басқа да сұрақтарға жауап iздеу мақсатында “Жас Алаш” редакциясында “Қазақ көшiнiң бүгiнi мен келешегi” деген тақырыпта алқалы жиын ұйымдастырылды.

Атыраулық студенттердiң бiрiне партбилеттi жыртқаны үшiн оқу орны басшылығы қоқан-лоққы көрсеткен. Ал университет өкiлi «партияға кiруге қатысты мiндеттеу жоқ» дейдi. Атыраудағы мұнай және газ институтының механика факультетiнiң студентi Азамат (есiмi өз өтiнiшi бойынша өзгертiлдi – ред.) өзiнiң “Нұр Отан” партиясына мүше болғанын кураторынан естiген. Мұны кураторы оның қолына партия билетiн ұстатқан кезде хабарлаған. Куратор “өткен жылдан берi студенттерге билiк партиясына кiру мiндеттелгенiн” айтқан.  – “Оқысаңдар, “Нұр Отанға” мiндеттi түрде кiру керек. Кiрмеуге болмайды” деп айтты, – дейдi студент.
Қаңтардың 15-i өткен мәжiлiс пен мәслихат сайлауы кезiнде Азаттық тiлшiсi Алматы маңындағы сайлау учаскесiнде бюллетеньдердi жәшiкке топтап салып жатқан оқиғаны видеоға жазып алған едi. Сайлау учаскесiндегi “қарбалас” пен “Даусымды “Нұр Отанға” бердiм! Нан ұрсын!” деген адамның сөзi жазылған видеоны “Сайлауды бақылау комитетi” Қарасай аудандық прокуратурасына жолдап, мән-жайды анықтауды сұраған екен. “Сайлауды бақылау комитетi” прокуратурадан жақында келген жауапты Азаттық радиосына да жiбердi.  
Төлеген Айбергенов – 75
Мен Төлеген ағаны өмiрiмде бiр-ақ рет көрдiм. Ол кезде мен Қазақ телевидениесiнiң жаңалықтар редакциясында қатардағы редактор боп қызмет iстеп жүргем-дi. Төлеген ақынның атағы ауыздан-ауызға өтiп, әсiресе, жастардың құрметiне әбден бөленген кезi едi. Олар көшеде болсын, сыраханаларда болсын бас қоса қалса, оның “Сағыныш саздарын”, “Бiр тойым барын”, тағы басқа өлеңдерiн, бiр-бiрiмен жарысқа түскендей, тұра қап жатқа соғатын. Ол кiсiнiң Алматыға көшiп келгенiн де бiлiп жүрдiк. Ақын туралы түрлi-түрлi дақпыртты әңгiмелер де дүңк-дүңк айтылып жататын: “Төлеген Құранның сүрелерiн бiрiнен соң бiрiн жат­қа соғады екен”; “Өлеңдерiн түгел жатқа айтқанын былай қойғанда
АЛДАСПАН
Ел басқарған ханымыз
Елiн сүйген заманда,
Көкбөрiмен жанымыз
Өмiр сүрген заманда..,
 
Аққу құсы көл бетiн,
Өрнектеген заманда.
Кiрлетпеген келбетiн,
Сән кетпеген заманда..,
Жамал Омарова – 100
Халық әртiсi Жамал Омарованың биыл жүз жылдық мерейтойы. Ерекше дауыс иесi Ж.Омарова 1912 жылы Өзбекстанның Ташкент облысында ауқатты отбасында дүниеге келген. Кейiннен әкесi “бай-құлақ” атанып, қуғындалған.
Талантты Жамал кiшкен­тайынан-ақ мектеп сахнасында ән сала бастаған. Кедейлiктiң тепкiсiне түс­кен отбасы Жамалды музыкалық мектепке бере алмайды. Орман техникумында оқып жүрген Жамал 16 жасында Ташкент радиосында әншi болған. 1928 жылы Орталық Азия­лық балалар олимпиадасында Гран-придi жеңiп алады. Жамалды бұл олимпиадаға жетелеп әкелген Құрманбек Жандарбеков едi.

Дiн – нәзiк дүние. “Әркiмнiң өз әкесi өзiне әулие” дегендей дiн туралы әр адамның өз iшкi пiкiрi, әлемi бар. Әрине, бiрақ сол жеке қағидалар ортақ, ең бастысы, сара, тура жол – Пайғамбардан қалған өсиет, ата-бабадан қалған салт-санаға қайшы келмеуге тиiс. Алайда бiздiң елде дiн тақырыбында сан соқтырып отырған бiр әттеген-айымыз бар. Оның басы кешегi советтiк жүйеден сансырап шыққан, жүрегiнде коммунистiк рух әлi де мұқала қоймаған алдыңғы буын ағалардың дiн туралы iзденбеуiнде жатыр десек, артық айтқандық болмас деп ойлаймыз. Бұл басты себеп емес, әлбетте. Кiнәнi “iлiп жiберуден де” аулақпыз.

Геолог-ғалым, ұлтжанды азамат Молдияр Серiкбаев былай дейдi: “Мая Михайловнаның шын аты-жөнi – Мағрипа Мәмбетәлiқызы. Маған оны алғаш рет мұрағаттанушы марқұм Бейсенбай Байғалиев айтты. “Сiздiң бiр жерлесiңiз жайлы дерек таптым, қажет десеңiз, берейiн”, – дедi. Мен қуана алып таныссам, Тұрардың досы Мәмбетәлi Бағызбаевтың өмiрбаянына қатысты дерек екен. Содан бастап ол кiсi туралы құжаттарды iздей бастадым. Сөйтсем, Мәмбетәлi Бағызбаев (1893 – 1937) iрi қоғам қайраткерi, Оңтүстiкте алғаш рет мақта егу шаруашылығының негiзiн қалаған, Түркiстан мұсылман фракциясының жетекшiсi және Шымкент облыстық партия комитетi егiн шаруашылығы бөлiмiнiң бастығы болған екен. 1937 жылы “халық жауы” ретiнде ұсталып, ату жазасына кесiлген.

Байқайсыз ба, соңғы кездерi замандастарымыздың көпшiлiгiнiң сөздерiнен “өмiрiмiздi тiршiлiк түйткiлдерi әбден билеп алды, қайдан келiп, қай жаққа бет алып бара жатқанымызды ойлауға да мұршамыз жоқ” деген тектес пiкiрлер айқын бiлiнiп жатады. Бiздiң ойымызша, бұл – адам баласының өз болмысына өзi жасап жатқан нағыз қиянаты. Бұл дегенiңiз – сiздiң рухыңызды әлсiретiп, жүрегiңiздi қарайтатын дүние. Себебi, қарайған жүрек өз иесiн бақытсыздыққа ұшыратып, оның түбiне жетедi. Сол үшiн де, Абай бабамыз айтпақшы: “Егер естi кiсiлердiң қатарында болғың келсе, күнiнде бiр мәртебе, болмаса, жұмасында бiр, ең болмаса, айында бiр өзiңнен өзiң есеп ал!
“Жұлдыздар шоғыры” деген түсiнiктi. Түнгi көкте жарқырай көрiнiп тұрған бiр ғажайып әлем. Ал “бiздiң қыздарыңыз” не деген сөз дейсiз ғой? Ол қазақ мемлекет­тiк университетiнiң журналистика факультетiн 1973 жылы бiтiрiп, Қазақстанның кең аспанына қанат қағып кеткен курстас қыздар. Жаңылмасам, курсымызда 12 қыз болды. Осылардың iшiндегi ерекше бiр жарық жұлдыз – Күләш Ахметова. Сол Күләшiңiз бiздегi 12 қыздың бiреуi және бiрегейi. Қазақ поэзиясына “Жапырақ жаздың жүрегi” деген керемет ұғымды қалыптастырды. Курстас қыздар арасынан бiрiншi болып Қазақстан комсомол сыйлығы мен Мемлекеттiк сыйлықты иеленген де сол Күләш.

Ақтөбе – Алматы пойызында жиi-жиi сапарлауыма тура келедi. Күнкөрiс жайы, тауар тасыған жолаушылардың тiршiлiгi. Бiрақ қаншама рет жолға шықсам да, жол бойында менi күтiп тұрғандай сезiлетiн бiр қимасым бар. Ол – мына кәрi Мұғалжар тауының етегiндегi разъездiң бойында мәңгiлiк ұйқыда жатқан аяулы әжем. Жер-жаһан жаратылғаннан бергi адам баласының iс-әрекеттерiне куә болып келе жатқандай, сол адам ұрпағының өзi жаратылған табиғатты жырт­қыштықпен тас-талқан етiп жатқанына Мұғалжар тауы қатты қынжылып тұрғандай. Жiңiшке өткелден пойыз жүрiсiн баяулата түскенде, күнбатыс беттегi қырқадағы көп бейiттiң қарасы көрiнедi.

Қолыма ерiксiз қалам ұстатқан мәселеге тоқтала­йын. Кейбiр спектакльдердi тамашалауға барып, не күлерiмдi, не жыларымды бiлмей, жанымда отырған өзге көрермендерден қысылып, кiрерге тесiк таппай, қойылым бiткенше асығып отырамын. Бiрде ауылдан Алматыға әкем қыдырып келдi. Бүгiнгi киноның сыйқын көрiп жүр ғой, театрға апарайыншы деп Қазақтың М.Әуезов атындағы академия­лық драма театрына қарай аяңдадық. Бүгiнгi репер­туарда “Сұлу мен суретшi” екен. Бiрiншi қатардың дәл ортасынан билет алдық. Қойылым басталып та кеттi. Әлi күнге дейiн сол спектакльге әкемдi апарғаныма ұяламын. Неге дейсiз ғой? Автор ғашықтар арасындағы шексiз сүйiспеншiлiктi көрсетуге тырысқан. Дұрыс-ақ. Бiрақ қойылымда қазақ қызының омырауы ашық, саны жалтырап шығуының не қажетi бар едi?
Көптен жұмыс iздеп жүргенмiн. Газеттен газет, ғаламтордан ғаламтор қалдырмадым. Көп жерге қоңырау шалып, талай жердiң табалдырығын тоздырдым. Телефон тұтқасын орыс алса, қоя саламын немесе досыма ұстатамын. Ауылда өскенмiн, орысшаға шорқақпын.  Бүгiн көктен сұрағаным жерден табылып, қаладағы асханалардың бiрiне ыдыс жуушы болып орналастым. Алғашқы жұмыс қап-қап картоп, пияз, сәбiз аршудан басталып, еден жуумен аяқталады. Қолыма сүлгi берiп студенттер отырған столды сүртiп шық деген кезде ұяттан өртенiп кете жаздағаным-ай. Алдымнан танысым шығып қалып, қолын шошайтып күлетiн секiлдi күй кештiм. “
Бiр жездем бар, әзiл сөзге жүйрiк, жүрген жерi қыран-топан күлкi. Бiрде осы жездем апама үйленгеннен кейiн аудан орталығында тұратын курстасына барып келуге жиналады. Жыл аралатып көретiн құрдасы жас жұбайларды шай iшiп кетуге шақырған ғой. Күн шаңқай түстен ауа бере ерлi-зайыптылар дiттеген жерге келiп те қалады. Көлiктен түспей тұрғанда жездем апама:   Айтпақшы, айтуды ұмытып барады екенмiн. Курстасымның келiншегiнiң құлағы нашар естидi. Құлағына жақындап, айқайлаң­қырап сөйле. Әйтпесе, бетiңе бақырайып қарап тұра бередi, – дептi. Сонымен, қол ұстасқан екеудi қонақтар сырттан қарсы алады.
Шымкенттегi Бақытжан деген ақын досым сол жылы 8 наурыз мейрамының алдында республикалық деңгейдегi үлкен бәйгеде топ жарып, қомақты қаржымен оралды. Жұмыс аяғында “Алған жүлдемдi “жуайық” деген соң екеуiмiз жақын маңдағы кафеге бардық. Ол кезде жасымыз жиырмадан ендi асқан қылшылдаған жiгiтпiз, арақты да жарытып iше алмаймыз. Әйтеуiр, бiр шиша арақ таусылмай тұрып-ақ ақын досымыз екеуiмiз қызу әңгiмеге кiрiсiп кеткенiмiз есiмде... Әңгiме арасында Бақытжан “Осы сен бiр үйдiң үлкенiсiң, неге үйленбей жүрсiң?” – деп сұрады. “Үйленер едiм, әзiрге үйдегiлердiң жағдайы жоқ”, – дедiм. “Көз салып, уәделесiп жүрген қызың бар ма?”
Қайрат Мұстафин-80
ҚР Журналистер Одағының мүшесi Қайрат Мұстафин Қарағанды қаласында, қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұста­финнiң отбасында дүниеге келдi. Оның түсiрген алғашқы фотосуреттерi 1950-жылдары “Қазақ әдебиетi” газетiнде жарияланды. Ұзақ жыл Қазақ телеграф агенттiгiнде тынымсыз еңбек еттi. Оның тартымды да мазмұнды фотосуреттерi республика баспасөзi бетiнде үнемi жария­ланып тұрды. Түсiрген суреттерi сол кездегi бүкiлодақ­тық, халықаралық фотокөрмелерге қойылып, жоғары бағаланып, лайықты марапатталды. Қайрат Ғабиденұлы баспа, кiтап көркемдеу iсiне де үлкен үлес қосты.
Сандық фотоаппаратты барлық жағдайларда қолдануға болады, бiрақ ол үшiн бiрқатар ережелердi бiлу керек.
Егер де фотоаппаратты суға түсiрiп алсаңыз, не жаңбыр тамшылары басқару тетiктерi арқылы iшкi бөлiмiне енсе, камераны барлық қуат энергиясынан ажыратып, үй температурасында 2 сағаттан астам уақытқа қою керек. Ешқандай қосымша кептiргiштер­дi пайдалануға болмайды. Себебi, iшкi микросхе­малар­ға зиян тиедi. Көптеген камераларда шаң-тозаңнан,судан қорғайтын құрылғы жоқ, бiрақ бұл – жаңбыр кезiнде камерамен түсiрмеу керек деген сөз емес. Камераны судан қорғап қойсаңыз болғаны. Ең бiр қарапайым тәсiлi блендаға резiңкемен түбiнде тесiгi бар полиэтилен пакеттi бекiту болып табылады.
Қыздар боксы да Олимпиадалық ойындар санатына қосылғалы осынау спорт түрiне нәзiкжандылардың қызығушылығы артып келедi. Тек бiздiң елiмiзде ғана емес, әлемнiң әр түк­пi­рiнде қыздар боксының тамыры бiлеу-бiлеу болып тереңге бойлап барады. 1904 жылы АҚШ-та өткен Олимпиада ойын­дарына қыздар боксы да қосылғанымен, көпшiлiк арасына сiңiстi бола қоймағандықтан көрер­мен­дi қызықтыра алмады. Сондықтан Олимпиада ойындары санатынан сызылып қалды. Арада 108 жыл өткенде қайта жанданып отыр. Қазақ қыздары да бокс көшiнiң бел отасында келедi. Сөзiмiз дәлелдi болуы үшiн 2010 жылы Астанада өткен Азия чемпионатындағы нәтижеге тағы бiр көз салып көрелiк. 11 салмақ дәрежесi бойынша өткен
КЕННЕДИ РАМЖОНҒА ЖОЛ БЕРДI
“Астана арландары” Бүкiләлемдiк бокс сериясының ширек финалындағы алғашқы кездесуiн жеңiспен аяқтады. 54 келiде рингке шыққан Хабибулла Исмайл-Ахунов Элиас Эмигдиога 3:0 есебiмен жол бердi. 61 келiде Мерей Ақшалов Анхел Гутьеррестi ұтып, таразы басы теңелген. Бiрақ Рустам Сбаевтан гөрi (73 келi) мексикалық клубтың легионерi украи­налық Дмитрий Митрофанов мықты шықты. 2:1 есебiмен алға шыққан мексикалықтардың мысы барып бара жатыр едi. 85 келi салмақта Рамжон Ахмедов Кеннеди Катендеге қарсылас болды