1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15686) 13 наурыз, сейсенбі 2012
 Ақпанның 25-i күнгi митингiнi ұйымдастырды деген айыппен қамалған «Азат» ЖСДП-ның тең төрағасы Болат Әбiлев пен партияның бас хатшысы Әмiржан Қосанов бостандыққа шықты. Наурыздың 11-iнде Алматыдағы арнайы қамау мекемесiнiң алдында оларды туыстары мен достары, қолдаушылары мен әрiптестерi күтiп алды. Оппозиционерлер осымен екiншi рет он бес тәулiк қамауда отырып шықты. Бұған дейiн 28 қаңтардағы митингiнi ұйымдастырды, наразылық шарасына қатысып, сөз сөйледi деген айыппен Б.Әбiлев он сегiз, ал Ә.Қосанов он бес күнге қамал­ған болатын.
ХРАПУНОВ ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВҚА “БАС ЖАҚҚА БАРЫСПАЙЫҚ” ДЕЙДI
Британдық The Telegraph газетiнiң жазуынша, шетелдiк бизнесмендерге қатысты атышулы сот iстерi салық төлеушiлердiң қалтасын оңдырмай жұқартып жатыр. “Мәселен, Борис Березовскийдiң, Роман Абрамовичтiң және Мұхтар Әблязовтiң iсiн қарау үшiн соттар 285 күнiн шығындапты. Британдықтар төлеген салықтың бiр бөлiгi соттарға, хатшылар­ға, өзге де жұмысшыларға жалақы төлеу үшiн жұмсалуда. Өткен жылы ғана шетелдiк бизнесмендерге қатысты азаматтық соттар үшiн салық төлеушiлердiң 612 миллион фунт стерлингi (962 миллион доллар) шығын болған”, – деп жазды британдық басылым. Бұған дейiн The Lawyer деген газет М.Әблязовтiң сотын “Лондондағы аса iрi процестердiң бiрi” деп бағалаған-ды. Британдықтардың өзi Әблязовтiң iсiнен арқасына ер батқан аттай қайқаңдай бастады. Ал бiздiң шықпай жүрген жанымыз-ай, шiркiн...
Жаңаөзен оқиғасы бойынша бiрқатар оппозициялық жетекшiлерге қатысты қозғал­ған қылмыстық iстi “тергеп, тексеру” амалдары үлкен қарқынмен жүрiп жатыр. Қарапайым мұнайшылардың құқын қорғап, олардың жалақысын көтерудi, еңбек жағда­йын дұрыстауды талап еткен кәсiподақ заңгерi Наталья Соколованы билiк “әлеумет­тiк араздықты қоздырды” деген сылтаумен соттап тынған едi. Өткен аптада Соколованың кiнәсi жеңiлдетiлiп, ол түрмеден босап шықты. Ендi тура осы айып бойынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Атабаевты, Мамайды, Сапарғалидi, Козловты және Әмiрованы соттамақ ниетте. “Әлеуметтiк араздықты қоздырды”, “заңсыз ереуiлдi жалғастыруға үндедi” деген сылтаумен. Бұл туралы бiрқатар ақпараттық құралдары айтып та, жазып та үлгердi.
“Қаражанбасмұнай” компания­сы мұнайшыларының белсендiсi, 6 жылға сотталған кәсiподақ заңгерi Наталья Соколова түрмеден шықты. Оған 3 жыл шартты жаза ғана тағайындалды.
2011 жылдың тамыз айында “әлеуметтiк жанжал тудырды” деген айыппен 6 жылға сотталған Наталья Соколова 9 айдан астам уақыт Атырау қаласындағы 157/11 әйелдер колониясында жазасын өтедi. Ол iсiне қатысты шағым жоғарғы сотқа жеткеннен кейiн әйелдер мерекесi қарсаңында бостандыққа шықты. Бас прокуратураның наразылығы негiзiнде жоғарғы сот наурыздың     6-сында қаулы шығарды. Оның негiзiнде маған 6 жылдың орнына     3 жыл жаза мерзiмi берiлiп, шартты жаза тағайындалды. Бұл 3 жылдың 2 жылы – сынақ мерзiмi. Бұған қоса 3 жыл қоғамдық жұмыстарға араласуға тыйым салынды, – дедi наурыздың 10-ы күнi Азаттық тiлшiсiне түсiнiктеме берген Наталья Соколова
Шаңырақ оқиғасы бойынша 18 жылға сотталған Арон Атабек түрмеде кiтап жазды. Алайда оны түрме әкiмшiлiгi туыстарына бермей отыр. Арқалықтағы қатаң режимдегi колониядан Қаражалдағы түрмеге әкелiнген тұтқынның денсаулығын түрме басшылығы «қанағаттанарлық» дейдi. Наурыздың 6-сында Азаттық радиосының сауалына орай жауап берген Қарағанды облыстық қылмыстық атқару жүйесi департа­ментiнiң бастығы Дулат Ахметов «Арон Атабек Қаражалдағы АК 159/22 мекемесiнде екенiн» хабарлады. Бұл қатаң режимдегi колонияда Арон Атабек Арқалық түрмесiне жiберiлгенге дейiн де отырған едi.
БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ ЖҰРТТЫ ӘБДЕН ШАТЫСТЫРЫП БIТТI
 Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекованың қатысуымен Астанадағы алқалы жиында Оңтүстiк Қазақстан облысында ана өлiмiнiң өршiп кетуi туралы мәселе майшаммен қаралғанын бұған дейiн де “Жас Алаш” газетiнде жан-жақты жазған едiк. Орны толмас өкiнiштi жайттар қайта-қайта қайталанып жатса да, оңтүстiктегi денсаулық сақтау саласының басшысы Жұмағали Исмаилов ең болмаса ескерту алған жоқ. Есесiне, оның орынбасарына және облыстың бас акушер-гинекологына, 7 бiрдей аурухана мен емхананың бас дәрi­герiне қатаң сөгiс берiлгенiн, сондай-ақ одан бөлек 3 медициналық мекеменiң бас дәрiгерi қызметiмен қош айтысқанын елiмiздегi бұқаралық ақпарат құралдары жарыса айтты, жарыса жазды.
Қазақстан ұлттық арнасы соңғы кездерi “кәрi құрлықты жерсiнбей” елге оралған жандарды жиi көрсетiп, насихаттап жатыр. Телеарнаның айтуынша күнi бүгiнге дейiн Қазақ елiне Германиядан 196, Польшадан 15, Израильдан 7 адам қайтып келген. Бiр қызығы, келгендер­дiң бәрiне үкiмет үй берiп, тiптi бұрынғы жұмысына орналастырып жатыр. “Тағдырын бiздiң елiмiз­бен қайта байланыстыр­ғысы келетiндердiң” арасында “тасы өрге домалаған кәсiп­керлер” көп көрiнедi. Осы сөз арқылы телеарна “Бұлар оралмандар сияқты үкiметке ауыз ашпайды” дегiсi келетiндей... 2001 жылы Германияға көшiп кеткен Фоленвейдерлер отбасы “жерсiнбеудiң” салдарынан Қазақ елiне қайта оралған.

Қостанай облысының бұрынғы әкiмi Сергей Кулагин жылдың басындағы “ат ауыстырудан” кейiн сау-саламат сенаторлық орындыққа барып жайғас­қанымен, соңындағы айқай-шу әлi күнге толастар емес. Бiр ғажабы, парламент деген бүгiнде “арбадан бұзылғандардың” бас қосатын орны секiлдi. Қолынан iс келмеген министр немесе “құйрығына шала байланған” әкiмқаралар әп-сәтте не сенатор, не болмаса төменгi палатаның депутаты болып шыға келедi. Парламенттiң құрамы осы секiлдi болғасын, халықтың оған деген сенiмi де соған лайықты болары өзiнен-өзi түсiнiктi. Жуықта Кеден комитетiнiң жаңа басшысы Мәжит Есенбаевтың :

Үмбекең деген құрдасым бар, күн са­йын кездесiп, сағат сайын сөйлесiп жүремiз. Бүгiн таңертең кездесу алдындағы сөзiнде ол былай дедi:
– Мен, мiне, берi қара, балконыма шығып тұрмын. Жан-жағымдағы балкондарда көршiлер тұр. Менiң оларда, олардың менде шаруалары жоқ. Бәрiмiз – тәуелсiзбiз. Тәуелсiз­дiк деген бiр рахат нәрсе,ә?!
– О, рахат болғанда қандай!
– Кеңес Одағы келген iзiмен керi кетiрiлсiн делiнген қаулыға Мәскеуде жазушы ағамыз Әнуар Әлiмжанов қол қойысымен бiз: “Әне, қазақ қол қойды, сондықтан тәуелсiздiктi бiз бiрiншi кезекте алуға тиiспiз!” деп қиғылық салып, бiрiншi орын­ға шыққанымызда ғой, тiптi рахат болатын   едi, ә?!
ТӨЛЕБАЕВҚА ШЫҒЫНДЫ ҚАЛТАСЫНАН ТӨЛЕТУ КЕРЕК ЕДI...
– Тасқынға алдын ала қандай қам жасау қажеттiгiн айтып аудан әкiмiнiң орынбасары, сол кездегi аудан әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Қайрат Төлебаевқа “Нұр Отан” партиясының аудандық филиал басшылығына, мәслихат хатшысы Перналы Жұрманға арнайы ұсыныспен шықтым. Тiптi, кестесiн де сызып бердiм. Ұсыныстың сессияда қаралатынын айтты. Оған да қатысып, өз ұсынысымды барынша дәлелдедiм. Менiң ұсынысымды талқылап, комиссия шығарып тексеретiн шығар деп ойлап, жауабын үш ай күттiм. Ешқандай хабар-ошар болмады. Тым-тырыс. Жаным жай таппаған соң қаңтардың 18-i күнi Қайрат Төлебаевқа қайта кiрдiм.

Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтiң сөзiне қарағанда, дәл қазiр Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер телiмдерiн алуға өтiнiш бiлдiргендердiң саны жүз мыңнан асып жығылады. “Бұл Астананың 2030 жылға дейiнгi бас жоспарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысына бөлiнген жер телiмдерiнiң көлемiнен 4 есе артық. Сондықтан да халықтың өтiнiшiн жүзеге асыру әсте мүмкiн емес. Ал бүгiнде жеке тұрғын үй құрылысына жер телiмдерiн беру соған бөлiнген аумақтардың дайын болмауынан тоқтатылды”, – дейдi қала әкiмi.

Ертегiлер елiне теңелген Астана қаласында меңiреу тiршiлiк кешiп, тоз-тозы шығып жүргендер жетiп артылады. Солардың бiрi – бүгiнде үй-күйсiз далада қалған Тұрсын Қайсанқызының отбасы. Ол Астанаға Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң арнайы шақыртуымен келген. Шиеттей бала-шағамен Семейден Елордаға келуiне “Дидар” газетiнiң Бас редакторы Ғалым Байбатыровтың септiгi тиiптi. Өйткенi сол сәтте Тұрсын апайдың үлкен қызы Айнұр Рахимова Аягөз елiнде талантымен танылады. “Жас Алаш” газетi Ай­нұрды “Таңдай қақтырған қаршадай қыз” деп айрықша атады. Абай Құнанбайұлының өлеңдерiн жатқа айтатын “қаршадай қызға” қайран қалған Ғалым Байбатыров аталған отбасына қалайда көмектесуге тырысыпты.
Дәл қазiр Қазақстанда белгiленген мемлекеттiк жәрдемақылардың мөлшерi мардымсыз. Мәселен, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақының көлемi тоғыз мың теңгеге әрең жетедi. Сенатор Қуаныш Айтахановтың пiкiрiнше, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне ең төменгi жалақы – 17 439 теңге жәрдемақы тағайындау керек. “Қазақтың жерi кең. Бiрақ халқы аз. Осы тұрғыдан келгенде ел Тәуелсiздiгiне әсер ететiн басты мәселе – халық санын көбейту. Ол үшiн ана мен балаға жағдай жасау қажет. Бюджетте бекiтiлген ең төменгi жалақы бiр жасқа дейiнгi балаға берiлетiн орташа жәрдемақы болса игi.
Әлемдiк тәжiрибеге сүйенсек, ел­дегi экономикалық жағдайы жалпы iшкi өнiм, халықтың сауаттылық дең­гейi, жұмыспен қамту көрсеткiшi­мен анықталады. Бiрiккен ұлттар ұйымының деректерiне қарағанда, дәл қазiр дүниежүзi бойынша 7 адамның бiрi кедейлердiң қатарында. Аштық күнiне жиырма бес мың адамды жалмайды. Сорақысы сол, қаза тапқандардың басым бөлiгi – балалар. Айта кететiн жайт, әлемде кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегi дамушы елдерде өмiр сүретiн 1 миллиардқа жуық адам күнiне 1 долларды талшық етсе, 2,5 миллион адам 2 долларды қанағат тұтады.
Әңгiме
Бұл ол кезде Құрманғазы атындағы консерваторияның    театр факультетiнiң бар болғаны бiрiншi курсында оқитын. Әйтсе де сары ауыз балапан емес. Бұдан бұрын екi жыл қатарынан келiп, оқуға түсе алмаса да, жас­тар жатақханаларының алдында ән айта жүрiп, елмен араласып, ысылып қалған‑тын. Әлi есiнде,   8 наурыз мерекесiнiң қарсаңы едi. Бiр күнi Ауыл шаруашылығы институтының сту­дентi Тұран арсалаңдап жетiп келдi.  Ертең ЖенПИ‑дiң қыздарымен кеш өткiземiз. Бiрге жүр. Бiрақ... – дедi ол алдын ала ескертiп. – Iшiнде Сәуле деген сұлу қыз бар. Соған тиiспесең болды. Қалған қырық қыздың iшiнен, маңдайынан шертiп тұрып, қайсысын таңдаймын десең де еркiң.
ЖАРНАМА ҮШIН ДЕНЕГЕ ТАТУАЖ ЖАСАУ СӘНГЕ АЙНАЛДЫ
Адамдар ақша табу үшiн не iстемейдi? Мәселен, Германияның Уве Трешель деген тұрғыны өзiнiң бет-бейнесiн жарнама үшiн пайдаланады. Жарнаманы бетiне желiмдемейдi, татуаж арқылы жасайды, яғни инемен беттi тесiп әшекейлейдi. Ал беттi инемен тесiп жарнама жасау... қиямет-қайым емес пе?!  Уве маңдайын 50 мың еуроға, сол жақ пен оң жақ бетiн 20 мыңға, ал иегiн 5 мың еуроға сатады екен. Егер қандай да бiр компания У.Трешельдiң бетiн жарнама үшiн сатып алғысы келсе, онда беттiң иесiне 100 мың еуро төлейдi. Увенiң айтуынша, жарнаманың қандай түрi болса да ол “бетiмдi құртып аламын” деп ойламайды, тек ақшасын төлесе болғаны.
Бүкiләлемдiк бокс сериясының ширек финалдағы қарымта кез­десуiнде “Астана арландары” 3:2 есебiмен жеңiске жетiп, жартылай финал сынына жолдама алды. Мексикада өткен жекпе-жекте “Mexico City Guerreros” клубының боксшылары да есе қайыру үшiн аянып қалмады. 54 келi салмақта рингке Бейбiт Есжанов “арландардың” өзбегi Рафикжон Султоновты шығарды. Рафикжон барын салғанымен, Брулто Авила Хуарез күштi шықты. Бес раунд бойы бiрiн-бiрi төпеледi. Султонов та сабаған. Бiрақ қапталдағы үш төрешi де бiрауыздан Хуарездiң еншiсiне жеңiс жазды. 61 келi салмақта Самат Бәшенов мексикалық клубтың өзбегi Хуршид Тожибаевтан таяқ жедi. Тожибаев пен Бәшенов арасындағы кездесуден соң үш төрешi   49:46, 49:46, 49:46 ұпайын түзiп, Хуршид жеңiске жеттi.
Өткен аптаның сен­бiсiнде футболдан елi­мiздiң Премьер-лигасы бас­талды. Биылғы додаға 14 клуб футболшыларын қос­ты. Жылдан-жылға жанжалы азайып, ойыны ысылып келе жатқан Премьер-лиганың маусымашар ойыны Қызылорда қаласында өттi. Жергiлiктi “Қайсар” клубы азулы “Ақтөбе” футболшыларын қабылдаған. Чемпиондықтан үмiттi ақ­төбелiктер 2:0 есебiмен жеңiске жеттi. Бiрiншi тайм­ның аяқталуына 4-минут қалғанда Байер есеп аш­қан, 53-минутта Климавичус екiншi голды енгiздi. Былтыр қола жүлдегер ат­ан­ған клуб Қызылордадан үш ұпай олжалап қайтты. Айтпақшы, биылғы Пре­­мьер-лига маусымы алдында Қызылорда облысының әкiмi Болатбек Қуандықов “Қайсар” клубының футболшыларын қабылдады.