1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15687) 15 наурыз, бейсенбі 2012
“МАГАТЭ мәселемiздi май шаммен қарайды” дейдi Жәкiшев
“Қазатомөнеркәсiп” ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкiшев тағы да мәлiмдеме жасады. Оны жұбайы Жәмила Жәкiшева арқылы бұқаралық ақпарат құралдарына таратты. Жәкiшевтiң бұл мәлiмдемесi жеке бастың немесе бiр компанияның мәселесi емес, мемлекеттiк мүддеге қатысты. Жәкiшевтiң айтуынша, оның үстiнен қозғалған қылмыстық iстiң салдары ауыр болмақ, тiптi МАГАТЭ Қазақстанды қатарынан шығарып тастауы да мүмкiн. Соттан көңiлi қалған М.Жәкiшевтiң қорғаушыдан бас тартқанын хабарлағанбыз. Мұнысын “Жәкi­шев өмiрден баз кешiп кеттi” деп түсiнгендер де бар. Бiрақ ол қолынан келгенше қорғанып бағатынын дәлелдедi.
13 наурыз күнi Алматыда Janaozen.net ақпараттық, қоғамдық-саяси интернет-порталының ашылуына орай жиын өттi. Ақпараттық порталдың басты мақсаты – Жаңаөзендегi қаралы оқиғаның ақиқатын ашу, былтырғы желтоқсанның 16-17-iсi күндерi мұнайшылар қаласында болған қанды оқи­ға­ға қатысты барлық деректi ел назарына ұсыну. Портал редакторы Қасым Аманжол былай дейдi: «Әрбiр ұлттың шарықтайтын, құлдырайтын, қуанатын, қасiрет шегетiн сәттерi болады. Рухтанатын да шағы бар. Жаңаөзен оқиғасы» ұлт басына түскен үлкен қасiрет. Бiрақ сонымен қатар ұлттың рухтануы да осы қасiреттен бастау алатынға ұқсайды. Себебi, өз бо­йындағы құлдық қорқынышты жеңген мұнайшылар билiктен ақырып теңдiк сұрады. Рас, әзiрше жеңiлдi... Ал рухы сынды ма? Сынған жоқ.

Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды оқиғаларға қатысты қылмыстық iстi қарау 27 наурызда басталмақ. Бұл жайында ҚазТАГ ақпарат агенттiгiне Ақтау қалалық қылмыстық сотының судьясы Аралбай Нағашыбаев хабарлаған. Судьяның айтуынша, Жаңаөзен мен Шетпеде 16 және 17 желтоқсан күндерi болған жаппай тәртiпсiздiк оқиғасы бойынша 37 адам айыпты деп танылған. Айыпталушылардың арасында қанша мұнайшы барын бiлмек болып Ақтау қалалық сотының судьясы Аралбай Нағашыбаевқа хабарласқанымызда, ол ақпарат беру түгiлi, бiзбен сөйлесуге құқы жоқ екенiн түсiндiрiп, “барлық ақпарат Маңғыстау облыстық сотының сайтында тұр” деп сiлтедi.

Жаңаөзен iсi бойынша тергеу-тексеру амалдары түрлi қитұр­қылықпен жүруде. Бұған дәлел ретiнде – тiркелмеген “Алға” партиясының жетекшiсi В.Козлов, “Взгляд” газетiнiң редакторы И.Винявский, “Халық майданы” қозғалысының белсендiсi С.Сапарғали және А.Әмiрова­лардың қамауға алынуын айтуға болады. “Әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айыппен уақытша қамау абақтысына жабылған азаматтардың құқықтары өрескел бұзылып қана қоймай, оларға түрлi қысымдар да жасалуда. Бұл туралы наурыздың 13-iнде өткен баспасөз жиы­нында В.Козловтың әйелi Әлия Тұрысбекова мен режиссер Болат Атабаев тағы мәлiмдедi.

Алғашқы күн. Абақтының бiр қабатты ғимаратына ене бере, ондағы көзтаныс қызметкерлерге: “Қайтып келген қамаудағының қадiрi болады!” – дедiм. “Аға, осыдан он күн бұрын бiзден шыққаныңызда: “Ендi келмей-ақ қойыңызшы!” деп едiк қой!” – деп күлiп жатыр. Сол баяғы лық толған алты адамдық №2 камера, сол жатын орын (“шконка”). Болат көршi “хатада”. Сонымен, жаңа жылдың 45 күнiнiң 30-ын осында өткiзе­тiн болдық. “Пропискамызды” “Лобачевский, 10-ға” ауыстырамыз ба, не iстеймiз ендi? ...Өткен сот тiптi сорақы болды ғой. 28 қаңтарда өткен митинг үшiн 15 тәулiк отырып шықтық.
Қазақстандықтар шетелге, соның iшiнде Ресейге де, жұмыс iздеп барады. Да­мирдiң Мәскеуде жүр­генiне төрт жыл болды.
– Ұлыбританиядағы оқу­ым бiткен соң келдiм. Үкi­меттiк емес ұйым жұмысқа шақырды, – дейдi фамилиясын айтқысы келмеген Дамир.  Бiр жағынан, орыс мәдениетi жаныма жақын, – деп әңгiмесiн жалғастырды Дамир, – бiз, қазақтар – белгiлi дәрежеде орыс мәдениетiнiң өкiлiмiз. Жалпы, мен өзiмдi Қазақстанда да, Англияда да, Америкада да бөтен адам ретiнде сезiндiм. Шешем Алматыда қазақ тiлiн бiлмей өстi, мен де солай ержеттiм. Қаңтардың 1-iнен бастап кеден одағы iске қосылды. Ендi ресейлiктер сияқты арнайы рұқсатсыз жұмыс iстей бересiң. Қазiр “әрi қарай қайда барсам екен” деп ойланып жүрмiн. Қазақстанға да, Ұлыбританияға да емес, басқа елге көшсем деймiн.
Жаңаөзен оқиғасынан бiр аптадай уақыт өткенде полицияның халыққа оқ атқан сәтi түсiрiлген видео Saule540 деген атпен Youtube сайтына жарияланды. Көп ұзамай қантөгiс сәтi түсiрiлген тағы екi видео шықты. Олардан жұрт 2011 жылы 16 желтоқсанда полицейлердiң халыққа оқ жаудырғанын, жараланып, құлаған Қазақстан азаматтарын аяусыз сабағанын, ереуiлшiлердiң оқ тиген бетте жантәсiлiм еткенiн көрдi. Сол күнi Жаңаөзенде ресми дерек бойынша 16 азамат қаза тауып, жүзге жуық адам жараланды. Жаңаөзенге барған Азаттық тiлшiсi Saule540 деген атпен шыққан видео түсiрiлген пәтерге кiрiп-шықпақ болды. Видео авторы кiм? Аман-есен бе? Аман болса, қазiр қайда жүр? Қасындағы әйел адамдар кiмдер? Бұл сұрақтардың жауабын ешкiм бiлмейдi.
ТIЛТҰМАР
Тiлтұмардай көгершiн мен кептерге,
Тұрымтайдың теперiшi өткенде,
Тұтамдай сөз өткiзе алмай өктемге,
Теңдiк үшiн тебiскендей Тептерде,
Ерулiге қарулы сай сәттерде,
Қырып-жойып оқпанмен де, оқпен де

Менiң қызым алғашқы егуден (прививка) кейiн ауыр жағдайда құрысу синдромымен ауруханаға түстi. Қазiр он бiр жасқа толды, әлi күнге дейiн аурухана есiгiн қағумен келемiз. Баламызға қойыл­ған диагноз да сенiмсiз. Ауылдағы амбулаториялық ауруханадан түк пайда жоқ. Олар әйелiмдi босандыр­ғанда, нәрестенiң бiр жамбасының шығып кеткенiн байқамаған. Оны бiр жыл екi ай өткенде (тiптi аудандық дәрiгерлер де бiлмеген) үйге қонаққа келген әжей: “Әй, мына баланың жамбасы шығып кеткен ғой” дедi. Содан кейiн ғана Ақтөбеге апарып гипс салдырттық. Анасы науқас баласын сүйрелеп, дәрiгерлердiң алдын бiрнеше жыл бойы тоздырды.

Менiң ата-анам қызық жандар едi. Әкем бiртоға, көп сөйлемейтiн адам. Ал шешем, керiсiнше, күйгелек кiсi. Әкем әлдене айтып болғанша, апам бiрнеше нәрсенi айтып, соңында жа­уап бермеген шалына ұрсып та алатын. Бiрде ауылға бардым. Сонда бiр қызық жағдайдың куәсi болдым. Екеуi кешкiсiн жаңа киiмдерiн дайындап, мәсi-кебiсiн қайта-қайта сүртiп, қатты әбiгерлендi. Көршi ауылда шiлдехана болады екен, соған дайындалыпты. Ертесiне таң атпай жатып жолға шығып кеткен. Түс қайта аулада үйдiң тiршiлiгiн iстеп жүргенбiз. Кенет қақпадан әкем жалғыз кiрiп келдi. Әлденеге ренжiген сияқты. “Апам қайда?” дегенiмiзге, “келе жатыр” деп қысқа жауап бердi де үйге кiрiп кеттi. “Бұларға не болды екен?” – деп алаңдай бас­тадық.
Қазiргi күнi “жұрт кiтапханаға бармайды, кiтап оқымайды” дегендi жиi естiп, оған ХХI ғасырдың жетiстiгi – ғаламторды себепшi етемiз. Бiрақ ғаламтор материалдарына сене беруге болмайды. Ол жерден қажеттi әрi нақты материалдарды жиi кездестiре бермейсiң. Сондай кезде жоқ дерек iздеп барып, көп дерек табатын жер – кiтапхана. Онда барсаң, күнделiктi күннiң күйбеңiмен жүрiп оқи алмаған газет беттерiн бiр сүзiп өтуге, жаңа кiтаптарға бiр рет көз жүгiртiп алуға мүмкiндiк аласың. Кәдiмгiдей жан сарайың байып, жақсарып шыға келедi. Бiрде әдеттегiдей ғаламтор бетiнен тұшымды дүние таппаған соң, қоры көп Ұлт­тық кiтапханаға бас сұқтым. Iздегенiм – Мұстафа Шоқай.
Мойынқұм ауданының Бiрлiк ауылында ұзақ жылдар шопыр болып жұмыс iстеген Амантай Нұржаубаев деген отағасы тұрады. Әбекең жүрген жерiнде көпшiлiктi күлкiге көмiп жүредi. Бiр күнi Көктерек ауылының азаматы Тоқташ Амантайдың машинасына ауылдың немiстерiнен етке өткiзетiн шошқаларды тиеп алып Жамбылдағы ет комбинатына жиналмай ма. “Жол жүретiнiмiзге қарамастан екеумiз де ащы судан әжеп­тәуiр сiлтедiк, –   деп еске алады сол бiр күндi Тоқташ. – Түн жарымы ауа жолға шық­қанбыз. “Таңертең Жамбылға жетiп, доңыздарды аман-есен өткiзсек” деген үмiтiмiз де бар.
Қазақ айтыс өнерiн үш үлкен кезеңге бөлуге болады. Алғашқысы – Қазақстан төңкерiсiнен бұрын­ғы “бас кеспек болса да, тiл кеспек жоқ” дейтiн шындықты бетке айтатын заман. Екiншiсi – ақындардың тiлiне тұсау салынған кеңестiк дәуiр. Үшiншiсi – елiмiз егемендiк алған соңғы жиырма жылдан бергi кезең. Халықтың жүрегiнде көп сақталған айтыс, әрине, бетiң бар, жүзiң бар демей шындықты көзге айтқан Қазан революциясына дейiнгi айтыстар. Қазiргiдей телевизор, радио жоқ, тiптi қағазға жазып алынбаса да сол заманның Шөже, Орынбай, Түбек, Жанақ, Кемпiрбай, Сүйiнбай секiлдi ақындарының ақиқатты тiлiп айтқан семсер сөздерi атадан балаға ауызша жеттi.
Допты хоккейден Алматыда өткен әлем чемпионатының дуы әлi басыла қойған жоқ. Қаңтардың соңын ала басталып, ақпанның алғашқы аптасында аяқталған әлем чемпионатында елiмiздiң ұлттық құрамасы қола жүлдеге қол жеткiздi. Жартылай финалда шведтерге төрешi болыспағанда Рауан Исалиев бастаған жiгiттер әлем чемпионатының алтынын, не күмiс медалiн иеленер ме едi. Қош, өткенге өкпе артып қайтемiз. Бiздiң айтпағымыз, осы әлем чемпионатына қанша қазақ қатысқаны жөнiнде. Команда капитаны Рауан Исалиев­тен өңге қаракөздi байқай алмадық. Оралдық “Ақжайық” клубының шабуылшысы Ес­кендiр Нұғманов арнайы шақырту алғанымен, ойынға қатыс­қан жоқ.
 12 жасқа толғанда анасы қайтыс болып, әкесi оны католиктiк монастырға, артынан интернатқа апарып тапсырады. Бiрақ ол ерен еңбегiнiң арқасында байып, өз дегенiне қол жеткiздi. Оның шын аты-жөнi – Габ­риэль Бонер Шанель. Бiрақ Габ­риэль Шанель дегенге ешкiмнiң құлағы елең етпейдi. Себебi ол бүкiл әлемге Коко Шанель деген атпен танымал. Коко интернатта оқып жүргенде хорға қатысады. Сол кезде де, одан кейiн кабареде жұмыс iстеп жүргенде де ең көп айтқан әнi – “Коко” болатын. Мiне, содан бастап орта бойлы, нәзiк, сүйкiмдi қыздың лақап аты – Габриэль емес, Коко болып кеттi.
Иран астанасы Тегеранда “Тахти кубогы” деп аталатын еркiн күрестен гран-при турнирi өттi. Бұл сынға елiмiздiң еркiн күрес балуандары 6 салмақ дәрежесi бойынша белдесiп, 3 қола медаль олжалады. 55 келi салмақта күрескен Расул Қалиев бiрiншi айналымда моңғол балуанын ұтып, екiншi белдесуiнде тағы бiр моң­ғол спортшысынан ұтылды. Жұбаныш белдесуiнде ирандық балуанды жығып, қола жүлдеге таласу құқығына ие болды. Гран-при турнирiнiң қола жүл­десi үшiн Қалиев тағы бiр ирандық балуаннан басым түстi. 60 келiде Саятбек Оқсақов 7-орынға тұрақтса, әлем чемпионатының қола жүлдегерi Дәулет Ниязбеков турнирдiң алғашқы айналымында сүрiндi.

УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына тағы екi клуб жол тартты. Сейсенбiнiң түнiнде Италияда “Интер” мен француздың “Олимпигi” арасындағы тартыс қызыққа толы болды. Плей-офф кезеңiнiң алғашқы кездесуiнде марсельдiктер 1:0 есебiмен жеңiске жеткен-дi. Сырт алаңда оларға тең нәтиже де, тiптi 1:0 есебiмен жеңiлсе де жолдама қолда тұрған. Осыны қару еткен Дидье Дешам шәкiрттерi қорғанысқа көп күш салды. Iрi есеппен ұтпаса, Чемпиондар лигасымен қош айтысатын “Интер” ойыншылары да аянып қалған жоқ.