1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22-23 (15688-89) 20 наурыз, сейсенбі 2012

Қадiрмендi жазушымыз Ғабиден Мұста­финнiң: “Бiздi құртқан ұлтшылдық емес, ұлтсыздық” деп айтқанындай, шын мәнiнде қазақты ұлт ретiнде өсiрмей келе жатқан бәле – осы ұлтсыздық. Нақтылай айтсақ, ұлт­бе­зер­лiк, дәстүрсiздiк, дiлсiздiк, тiлсiздiк (ана тiлiн бiлмеушiлiк), мәңгүрттiк... Сорымызға қарай, бiз – сорғыш қағаз сияқты халықпыз. Талғамаймыз, ананы да қабылдаймыз, мынаны да қабылдаймыз, анаған да елiктеймiз, мынаған да елiктеймiз. Елiктеймiз деп жүрiп тарихи мiнезiмiз бен ұлттық болмысымыздан айырылуға аз-ақ қалдық. Өзiнiң тарихи мiнезi мен ұлттық болмысынан айырылған халық не iстейдi?

ХАЛЫҚ ӨКIЛДЕРIНIҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ ЕЛДIК МӘСЕЛЕЛЕРДI ТАЛҚЫЛАДЫ
Жақсылықтың нышаны шығар, Наурыз мерекесiнiң қарсаңында зиялы қауым қозғалысқа келдi
Жаңаөзен мен Шетпедегi қасi­реттi оқиға қоғамдық сананы дүр сiлкiндiрдi.Мұндайда көпшiлiк қауым үмiт күтетiн Ел азаматтары ортаға жарып шығып ,өз сөзiн айт­паса кiм болғаны Көптiң күткенi ақталды.Бұрыннан батыр болып жүргендердiң қасынан табылып, қараны молайтқан қаламгерлер мен ғалымдардың даусы зорайып шықты. “ Жас Алаш” “ Зиялы қауым бармысың?” деп сұрау таста­ғанда, бiр бас қосып жиналған едi. Ендi мiне, соның заңды жалғасы ретiнде дәл сол Тянь-Шань қонақ үйiнiң кең залында елдiк мәселелер тағы да талқыға түстi.Халық өкiлдерi жиынының төрiнде – кiл мықтылар. Атақ, даңқын термелемей-ақ айтсақ та исi қазақ құрмет тұтатын тұлғалар.
ҚАЗАҚ БАЙҒҰС ЛЕНИН МЕН КАЛИНИНГЕ МҰҢ ШАҒЫП ТҰРҒАНДАЙ КӨ­РI­НЕДI...
– “Өркениеттi 50 елдiң қатарына қосыламыз” дедiк. Талап дұрыс. Бiрақ, озық елдiң қатарына қосылу үшiн тек байлықты арттыру, байларды көбейту аздық етедi. Осымен бiрге демократияшыл үрдiстердi, халықшыл жөн-жоралғыларды да дамытуымыз керек. Кiсiлiгiмiз әрбiр iсiмiзден көрiнiп тұруы керек. Ал бiзде қалай? Халық жинал­ған, халық топтасқан жерден билiктiң өлердей қорқатыны несi? Менiңше, билiк басындағылар “Көп­тiң аты көп. Бiреу болмаса да бiреу қоймамызды, құпиямызды, қоямызды ашып қояды” деп ойлап, халықты таратқанша асығады-ау деймiн.

ҰҚК абақтысында екi айға жуық қамауда отырған “Взгляд” газетiнiң бас редакторы Игорь Винявский бостандыққа шықты. Биылғы қаңтардың 23-iнде ҚР Қылмыстық кодексiнiң 170-бап, 2-тармағы бойынша тергеу абақтысына жабылған журналист елу екi күнiн ҰҚК түрмесiнде өткiздi. И.Ви­ня­вскийдi тұтқынға алған күнi комитет қызметкерлерi “Взгляд” газетiнiң кеңсесiне тiнту жұмыстарын жүргiзiп, ол жақтан ноутбук пен қағаз басу принтерiн алып кеткен. Осы кеңсе құралдары арқылы редактор қазiргi билiктi құлатуға ұйымдасқан топпен бiрге жұмыс iстедi деген күдiктiң салдарынан екi айға жуық абақтыда жатты. Тергеу

24 наурыз – Жаңаөзен қасi­ретiне жүз күн толады. Былтырғы желтоқсанда жазықсыз қаны төгiлген халықты еске алу мақсатында “Аман-саулық” қоғамдық қоры арнайы iс-шара өткiзудi жоспарлаған едi. Бұл туралы өткен нөмiрiмiзде қоғамдық қордың ресми мәлiмдемесi жарық көрген-дi. Осыған қатысты қордың төрайымы Бақтылы Түменовадан 24 наурызға бел­гiленген еске алу күнi туралы жай-жапсарды сұрадық. Бiз Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Сәтбаев көше­лерi қиылысындағы ескерткiштiң алдын сұрадық. Желтоқсан құрбандарына қойылған осы ескерткiштiң алдына барып, гүл қойып тағзым етiп, аруақтарға Құран бағыштасақ деп едiк.
Елiмiзде азық-түлiк пен халық тұтынатын тауарлардың бағасы ай сайын, керек десеңiз, күн сайын мың құбылып қымбаттап барады. Кеше алған тауарыңды бүгiн сол бағаға сатып ала алмайсыз. Халық та базардың мұндай құбылмалы бағасына еттерi әбден үйренiп алған тәрiздi. Елiмiзде соңғы жылдары тауардың бағасы арзандағанын көрмек түгiлi, естiген де емес едiк. Ал Маңғыстауда автокөлiк­терге құйылатын сұйытылған газдың бағасы екi есеге дейiн түскенiн көргенде, оған таңғалмаған адам жоқ. Халық қапелiмде бұл жаңалыққа сенерiн де, сенбесiн де бiлмедi. Көпшiлiгi мұны уақытша жасалып жатқан акция болар деп ойлады. Адамдардың бұл өзгерiске жаппай қуанатын да орны бар.
АЛ КӘСIПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ “ҚАЗАҚМЫСТЫ” ҚОРҒАП, ҚАРА ТЕРГЕ ТҮСУДЕ
Жергiлiктi телеарнаны қосып қалсам, бiреу сiлтеп тұр. Сөз сыңайына қарасам, “кейiнгi кезде Жезқазғанды Жаңаөзенмен салыстыратындар жиiлеп кеттi”, “Қазақмысты” жалған жаладан қорғау керек” дегенге саяды. Басын ести алмағандықтан, “Апыр-ай, кiмдер кiмге мұңын шағып жатыр?” деп ойлап үлгергенше, әлгi: “Құрметпен, Жезқазған аймағының кәсiпкерлерi” деп, екпiндеп барып басылды. Кейiн бiлдiм, Жезқазған кәсiпкерлерiнiң қауымдастығы Н.Назарбаевқа мұңын шағыпты. Жезқазғанның қамын ойлаған болып, “Қазақмыстың” сойылын соғыпты. Жаһанға танымал жекеменшiк компанияның құлағын ұстап отырған В.Ким Н.Назарбаевпен күнде кездесiп жүрмесе де, телефон шалып шағымданса

Қырғызға қарап қызығасың. Халқы да билiгi де шетiнен “сен тұр, мен атайын” дейтiн мемлекет. Әсiресе, билiгiн айтсаңшы. Қоғамдық пiкiрдi ескеретiнi, халықтың талабына құлақ асатыны көзiңдi қызартады. Халқы да батыл. Өткенде бiрқатар белсендi азамат “Манас” халықаралық әуежайындағы АҚШ-тың әуе базасын алып кетудi талап етiп шыққаны сол, билiгi де қарап жатпай бұл iстi бiрден қолға алды. Ал бiзде солай деп айтып көр... Заңбұзушылық. Әрiсi – қылмыс. Жауапқа тартыласың. Бiрақ бүгiнгi тақырып тiл жа­йында. Бiрдеңе бола қалса, көршiге қарайтын халықпыз ғой. “Көршiңе қарап бой түзе” деген бар емес пе едi. Әйтеуiр қырғыз билiгiнiң ұлттық ұстанымы таңғаларлықтай.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы Әзiр­байжан қызметiнiң Бакудегi журналисi Хадиджа Исмайлова наурыздың 7-сiнде өзiне қоқан-лоққы көрсеткен хат алған едi.  Белгiсiз хат авторлары журналист пен досының оңаша қалған сәттерi түсiрiлген интимдiк мазмұндағы суреттердi Исмайлованың туыстары мен бiрнеше оппози­ция­лық ақпарат құралдарына қоса жолдап, “журналист айтқанға көнбесе, мұның жұртқа жария боларын” ескертiп, доқ көрсеткен. – Бұл қоқан-лоққы маған жаңалық болған жоқ. Талай жылдан берi журналистiк зерттеу жасап келемiн. Оның арасында президент Ильхам Әлиевтiң құпия бизнесi жайлы мақалалар да бар, – деп мәлiмдедi Хадиджа Исмайлова осы хатты алған күнi.
Ақпан айының ортасынан берi Астана қаласының кiтапханалары мен кiтап дүкендерiнде тыйым салынған дiни әдебиеттердiң бар-жоғы тексерiл­ген. Тексерушiлер екi кiтапты «жарамсыз» деп тапты. Ал құқық қорғаушы «тыйым салынған әдебиеттi анықтау жүйесi бұлыңғыр» дейдi. Дiн iстерi агенттiгiнiң баспасөз қызметiнiң мәлiметi бойынша, тексеру тобының құрамына Астана қалалық дiн iстерi департаментi, бiлiм басқармасы, сонымен бiрге мәдениет, кәсiпкерлiк пен өнеркә­сiп басқармалары, iшкi iстер де­партаментi мен iшкi саясат бөлi­мiнiң өкiлдерi кiрген. Сонымен қатар сарапшылар тобына Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасы мен орыс православ шiркеуi­нiң өкiлдерi де енiптi.
КҮЙДIРГI “КҮЙЕУЛЕРДЕН” ҚЫЗ АРТЫҚ ПА?
Адам өзiне сенiмсiз болған сайын оның қол жеткiзерi де кеми бередi. Бұл – табиғи құбылыс. Президент Н.Назарбаевтың қауқары қайтып бара жатқандай көрiнедi. Кейiнгi кездегi айтқан сөздерi мен қимылдары оның өзiне-өзi және айналасына сенуден қалғанын айғақтайды. Дариға Назарбаеваның саясатқа қайта оралуы, Т.Құлыбаевтың орнынан кетуi қоғамдық пiкiрдi сан-саққа жүгiрттi. Е.Ертiсбаевтың да басын қатырды. Шетелдiктер де әрi-сәрi ойда. Тимурдан көңiлi қалған президент ендi тактикасын өзгертпекке бел буғандай. Мұрагер жайлы әңгiмеге әлi нүкте қойыл­ған жоқ.
Газетiмiздiң 23 ақпан күнгi нөмiрiнде “Мұндай да болады екен-ау...” деп аталатын даулы мақала жарияланған. Мақаланың авторы - “Ақсақал” қоғамдық қорының мүшелерi (Н.Жалғасұлы, Қ.Қуанбаев, Т.Сейiт­жа­нов, Қ.Ашанұлы, Ж.Ахметов). Онда “Керейт ата ұрпақтары” кiтабы­ның құрастырушы авторы Тұр­мағамбет Асановқа қатысты сын айтылған-ды. Дүйсенбi күнi редакциямызға Т.Асановтың өзi келдi. Қолтығына қыс­қан құжаттары бар. Таразы басын тең ұстау үшiн Т.Асановқа да сөз берудi жөн көрдiк. “Керейт ата ұрпақтары” кiтабы қалай жазылды?
“КЕШЕ “ОЯН, ҚАЗАҚ!” ДЕСЕ, БҮГIН “ОЯНБА, ҚАЗАҚ” ДЕГЕНДЕЙ ПИҒЫЛ ТАНЫЛАДЫ”
– Әкем марқұм зиялы қазақ едi. Әдебиетке, баспасөзге өте құрметпен қарайтын. Газеттердегi жарыққа шыққан жақсы материалдарды көршi-қолаңға, қызметтестерiне оқуға ұсынатын. Мәселен, бiзге, балаларына Асқар Сүлейменов, Мұхтар Мағауин, Зейнолла Серiкқалиұлы сияқты үлкен ойлы, қатпары терең жазушылардың жазғандарын дәптерге көшiр­тiп қоятын. Әсiресе, Оралхан Бөкейдiң “Лениншiл жасқа” шыққан дүниелерi, Нұрлытай Үркiмбайдың Нұртас туралы жазғаны күнi бүгiнге дейiн қаз-қалпында есiмде.  Отбасында он бала болдық. Ағатайым бiздi күнделiктi бақылауға алатын: бiрiншiден, көшiру тиянақтылығына, екiншiден, қатесiздiгiне, үшiншiден, жазғаныңнан не ұққаныңа қараймын дейтiн.
Нұржан Жанпейiсов – дәстүрлi әншi, көмейiнен ән төккен Дәнеш Рақышевтың соңғы шәкiртi. Қазақстанның халық әртiсi, әншi, сазгер Дәнеш Рақышевтың шәкiрттерi тек Жанпейiсовпен шектелмейдi. Рақышев – өзi жеке мектеп қалыптастырған ерек тұлға. Мұқағали “Дәнешiме, халқымның жарап жүрген дәмесiне” деп құрметтеген әншiнiң былтыр 85 жылдығы өттi. Түрлi жоспар түзiлiп, атқарылар шаруа айқындалғанымен, кейбiрi сөз жүзiнде қалды. Қазақтың Әсеттей әншiсiнiң бар өнерiн жарияға паш етiп, мол мұрасын ел игiлiгiне айналдырған тұлғаны бiз қалай бағалай алып жүрмiз? Мерейтойында бiтуi тиiс қандай жұмыс жүзеге аспай қалды? Осы тақылеттес сауалдарды сазгердiң шәкiртi Нұржан Жанпейiсовке қойған едiк
КҮЛӘШ БАЙСЕЙIТОВА – 100 ЖЫЛ
Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында жез таңдай әншi Күләш Байсейiтованың 100 жылдығына орай салтанатты шара өттi. 24 жасында КСРО халық әртiсi деген атақ алып, ең жас әншi атан­ған Күләштiң артында мол мұрасы қалды. Өмiр мен өнердегi сапары 45 жасында аяқталған әншiнiң шырқаған “Қазақ вальсi” тыңдарманның жадында сақтаулы. Опера әншiсi тек сахнада ғана ән айтып қойған жоқ, түрлi спектакльдерде басты рөлдердi сомдап, әртiстiк талантын да танытты.  Қазақтың атын асқақтатқан әншiнiң 100 жылдық мертейтойы құрметiне ұйымдастырылған кеште Мәдениет және ақпарат вице-министрi Асқар Бөрiбаев, Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Серiк Сейдуманов ықыластарын бiлдiрдi.
Сауалнама
Жыл сайын 1 желтоқсанда жаңа жылға бiр ай уақыт қалғанда әр қаланың бас шыршасы самаладай жарқырайды. Содан кейiн-ақ жаңа жылдың дайындығы қарқын алады. Теледидар да 30 күн бұрын дүйiм елге сауын айтады. Ал көнеден келе жатқан жыл басы Наурызды қарсы алуға солай әзiрлене алып жүрмiз бе? Әншiлер нау­рыз көже әзiрлей ме деп, бiразы­ның телефонын безектеткен едiк.

Үш күнгi қидаласқан қызыл сүрең атыс-айқастан қансырап, ұлы денесiн жинай алмай талықсып кеткен шағын қала таң бозынан тағы да өксiп оянды. Таң дейдi-ау, таң ба, түс пе – айырып алғысыз. Ұлы Үстiрттiң күн көрмегенiне бүгiн үшiншi тәулiк. Құданың құдiретi, жендет қолындағы көксауыр автомат алғаш рет шаңқ етiп ажал құсқанда шошып оянып зарлай жөнелген жел екпiндеп, ұйтқып, аласұра ышқынып, ақыры сұрапыл дауылға ұласқан. Содан берi әлi жағы семген жоқ. Үйлердiң шатырын жұлып, қаусаған талай қамыс қора-қопсыны төңкерiп тастады. Қырбақ қар жым-жылас. Шыт-шыт жарылып ырсиған жердi тырналап топырақ суырған дауылдан қара аспан шайқалады.

Университеттiң соңғы курсында оқып жүрген кезiмiз. Өзiмiздi ересек сезiнiп, әке-шешеге бағынбайтын болған шағымыз ғой. Бiрде топтағы қыздар жиналып, әңгiме-дүкен құрып отыр едiк. Биылғы соңғы студенттiк жылдарымыз екенiн, бұл жылды өкiнбестей өткiзу керектiгiн айтыстық. Сол сәтте басыма қайдан келе қалғаны белгiсiз, Ташкентке Наурызды және жаңадан ашылған аквапарктi көруге барып қайтайық деген ұсыныс айттым. Өзбек елi алыста болса да әуестiгiмiз артып, қызды-қыздымен сонда баратын болып келiстiк. Ақша мәселесiн де шешiп тас­тадық. Таныс қыздардың үшеуiнен қарызға ақша алып, жолға шықтық. Қалтаға басқан екi мың теңгемiз Өзбекстанның шекарасынан кейiн бiр бума ақшаға “көбейдi”. Өмiрiмiзде бiрiншi рет алыс қалаға, басқа мемлекетке шығуымыз ғой. Жан-жағымызға алақтап жүрiп,

(Болған оқиға iзiмен)
Шалғайда жатқан елдi­мекенге бiр күнi президенттiң жолдауын насихаттап жүрген топ келiп, жұрттың бәрiн жинады. Кiлең шендi-шекпендiлер клубтың қақ төрiне жайғасты. Содан таныстыру, түсiндiру жұмыстары басталсын. Сырттан келгендер жолдауды ет жiлiктегендей етiп түсiндiрiп болып, ендi демдерiн ала бергенде:
 – Айналайындар, бiр сұрағым бар едi? – деп бiр шал орнынан тұрды.
 – Ақсақал, қойыңыз, – дейдi ауыл әкiмi.
 – Мына үй беретiн бағдарламаларыңа түсiнiңкiремей жүрмiн. Мен сияқты шалдардың Қазақстан азаматы ретiнде үй алуға құқы бар ма, жоқ па? – дейдi сақалды уыстап жiберiп.

Мен Жанар Көбейқызына қарап риза боламын. Ауданымыздағы қалталы адамдармен Жанарды салыстырамын кеп. Неге дейсiз бе? Жанардың қолы ашық. Қайырымды. Ол Бiшкектегi политехникалық институтты тәмамдаған, ондаған жылдар темiр жол саласында қызмет еттi. Әрине, бiз мұны кейiн бiлдiк қой. 1990 жылдардың ортасындағы дағдарыс кезiнде кәсiпкерлiкке бет бұрған-ды. Жүре келе iсi оңға басып, ел қатарлы тұрмысын түзеп қана қоймай, қайырымдылық шараларымен дендеп айналыса бас­тады. Шу қаласындағы тұр­мыстары төмен отбасыларына қаржылай көмек көрсеткенiн де бiлдiк.

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының бел ортасында көшемiздiң бас жағына көршi облыстан екi отбасы көшiп келдi. Наурыз – ағайынды табыстыратын, бөтендi таныстыратын, араластыратын ұлық мереке ғой. Сол жылғы Наурыз дастарқанына оларды да шақырдық. Сары­ағаштың қазақтары екен, үш-төрт кiсi әйелдерiмен келдi. Арасындағы бiр қызыл шырайлы кiсi қуақы тiлдi екен, дастарқан басында ауылында болған бiр қызықты оқиғаны майын тамызып әңгiмелеп бердi. Бұлар тұрған Сарыағаштағы ауылға Моңғолиядан көшiп келген оралмандар көп қоныстаныпты.

“Жас Алаштың” №13 санында (1 наурыз, 2012 жыл) астаналық Қ.Ибрагимұлының “Не iстесем болады?” деген хаты жарияланды. Республиканың түкпiр-түкпiрiнен қарияны даттаған да, жақтаған да, мүсiркеген де хаттар келдi. Бүгiн Сiздерге, құрметтi оқырман, қарияға арналған екi хатты жариялап отырмыз. Қ.Ибрагимұлының мақаласын оқып шығып, жүрегiм ауырды. Қартайған шағыңда алжасу оңай емес. “Алжасты” деп айтпайын десең... “қарттар үйiнде тұрамын” деуi қалай? Мына мақаланы оқыған адамға мұндай сұрақтың тууы заңды. Және де “баласы мен келiнi немересiн мектепке алып бару, әкелудi неге атасына жүктемейдi? Шал немересiмен алданар едi ғой.
“Британиялық Лиэнн Смит ұлы Риннiң шашын туғаннан берi бiрде-бiр рет алмаған” деп жазады Daily Mail интернет-газетi. Риннiң бұйра сары шашы әкесi Нил Картердiң шашына ұқсаған екен. Жас келiн­шектiң баласының шашын қидырмауының себебi осында болса керек. 5 жасар Риннiң шашы белiнен төмен едi және ол бұрым оған еш кедергi келтiрмейтiн. Бар бәле мектепке барғанда басталды емес пе?! Сыныптастары Риндi қызға ұқсағаны үшiн келеке ете бастайды. Тiптi оған “Рапунцель” деп ат та қояды. “Рапунцель” деген ертегiдегi басты кейiпкердiң (қыздың) есiмi. Оның бұрымы шын мәнiнде Риннiң шашынан айнымайды.
Германияның Галле қаласында бокстан “Chemistry Cup-2012 халықаралық турнирi аяқталды. “Кiшi әлем чемпионаты” саналатын сынға елiмiздiң бiрiншi нөмiрлi боксшылары аттанған болатын. Лондон олимпиадасына жолдама алған 6 боксшымыз бес күн бойы немiс топырағындағы рингте өздерiнiң шама-шарқын байқап қайтты. 56 келiде әрiптестерiнен бұрын Олимпиада жолдамасына қол жеткiзген Қанат Әбутәлiпов Галледегi сайысты тәуiр бастаған. Алғашқы айналымда румын боксшысы Андреана Николаны 16:7 есебiмен ұтып, екiншi айналымда түрiк Топкан Мехметтен 11:18 нәти­жесiмен жеңiлiп, тур­нирдегi сапарын тоқтатты.
Өткен аптаның жексенбiсiнде 21-iншi Қазақстан чемпионатының II тур ойындары елiмiздiң 6 қаласында өттi. Шымкентте өтуi тиiс жергiлiктi “Ордабасы” мен елордалық “Астана” футбол клубтары арасындағы тартыс ауа райының құбы­луы­на байланысты кейiнге шегерiлдi. Қалған алты кездесуде күтпеген нәтиже тiркелдi. Бiр қызығы, II тур ойындарының бәрiнде алаң иелерi жеңiске жеттi. Оралдың “Ақжайығы” “Атырау” футболшыларын 3:1 нәтижесiмен жеңдi. 30-минутта Азовскийдiң, 35-минутта Валкановтың голынан кейiн “Ақжайық” алға шыққан, 43-минутта Данилюк есеп айырмасын 2:1-ге жеткiздi. Үшiншi голды 6-минутта Валканов соқты.
ЖИЫРМАСЫНШЫ ЖЕҢIС
Қазақстандық кәсiпқой боксшы Виталий Демьяненко 17 наурызда жекпе-жекке шығып, 20-сыншы жеңiсiне қол жет­кiз­дi. АҚШ-та өткен кездесуде ганалық Ай Брюстi ұпай санымен ұтты. 8 раундқа созылған жекпе-жекте төрешi­лер бiрауыз­дан жеңiстi Виталийге бер­дi. Екi жылға жуық үзiлiстен кейiн рингке шыққан Виталий бабында екен. Кәсiп­қой бокста әзiрге (66,7 келiге дейiнгi салмақта)  жеңiлiп көр­меген жерлесiмiздiң жолын ганалық боксшы да бөгей алмады.
Мерекелiк демалысқа байланысты (газет кешiгiп жеткiзiлетiндiктен), екi нөмiрдi бiрiктiрдiк, келесi нөмiрiмiз 27 наурыз, сейсенбi күнi шығады.