1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (15690) 27 наурыз, сейсенбі 2012
ОНДА МЫҢНАН АСТАМ АДАМ “НАЗАРБАЕВ, КЕЛ!” ДЕП ҰРАНДАДЫ
Өткен сенбiде Жаңаөзен оқиғасының 100 күндiгiне орай Республика сарайы мен Қазақстан қонақ үйiнiң арасындағы алаңқайда жазықсыз құрбандарды еске алуға арналған жиын өттi. Әдеттегiдей Алматы қалалық әкiмшiлiгi рұқсат бермеген бұл шарада құқық қорғаушылардың қарасы бұрынғыдан азырақ болды. Осының алдындағы митингiлердей халықты ары-берi жүргiзбей, шеп құрған ОМОНды да көзiмiз шалмады. Алайда погондылардың формасын азаматтық киiмге ауыстырып, түк болмағандай көпшiлiктiң арасына сүңгiп кеткенi анық байқалды.
Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғын­ға 100 күн толды. Осыған байланысты қаза тапқан боздақтардың рухына арнап елiмiздiң көптеген жерлерiнде ас-садақа берiлiп, рухтарына құран бағыштап, еске алу шаралары өттi. 24 наурыз күнi Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды оқиғаға байланысты республикалық деңгейде құрылған тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi Болат Әбiлев, Әмiржан Қосанов, Рысбек Сәрсенбайұлы Маң­ғыстауға келдi. Сапарларының басты мақсатын Болат Әбiлев былайша түсiндiрдi: “Бiз бұған дейiн де бейбiт халыққа оқ атқан билiктi айыптап, жазықсыз түрмеде отырғандарды босатуды талап етiп, халықты атқандар мен бұйрық берген­дердi жазалау керек деп бiрне­ше рет митинг өткiздiк. Ендi, мiне, сол қанды қырғынға 100 күн толып отыр. Қазақылық дәстүр бойынша 100 күндiктi атап өту – тiрiлердiң парызы.
АРЫМ ТАЗА, ОЛ ҮШIН ҚУҒЫНҒА ТҮСКЕНIМЕ ЕШ ӨКIНБЕЙМIН
Жаңаөзен оқиғасын басып- жаншу үшiн Ақорда бүкiл амал-әрекеттiң бәрiн жасап жатқаны рас. Жаңаөзенде төгiлген қан сұраусыз кетпейдi, әйтеуiр бiр күнi шындық шырқырап шығады, мүлдем жасырып-жабу мүмкiн емес. Ел бәрiн көрiп отыр. Қанның сұрауы бар.  Жауабы берiлуге тиiс елдiң көкейiн­дегi екi сұрақ: алаңдағы жұртты атуға кiм бұйрық бердi? Халқына қарсы оқ ке­зенген погонды   жендеттер кiмдер? Бұ­лар – қазақтың ХХI ғасырының тарихындағы Жаңаөзен қасiретiнiң жауапкер­лерi. 1995 жылдың күзiнде Ақтөбе облысы Шалқар қаласы тұрғындары наразылық акциясына шығып, поезд тоқтатуға мәжбүр болды.

 

Желтоқсанның 16-сында Жаңаөзенде болған қанды оқиғадан соң Орал қаласынан iшкi әскер тобын басқарып жеткен Батыс Қазақстан облыстық iшкi iстер департаментi бастығының орынбасары полковник Бисен Төремұратов полицияға наразылық бiлдiрушi әлдекiмдердiң әрекетiнен жараланып қалған. Бiрақ бұл оқиға туралы ақпарат осы кезге дейiн көпшiлiкке белгiсiз болып келген едi. Қазақстанның бас прокуратурасы 2011 жылғы желтоқсанның 22-сiнде Жаңаөзен ауруханасына түскен адамдар тiзiмiн жариялаған болатын. Тiзiмде 23.08.1962 жылы туған Төремұратов Бисен Шафқатұлы 96-шы болып тiркел­ген екен. Бiрақ лауазымы көрсе­тiл­мей, көпшiлiк назарынан тыс қалған.
Қазақстанда интернет-тұтынушылардың аккаунтына хакерлiк шабуылдар жиiледi. Журналист Азамат Есберген mail.ru-дағы электронды жәшiгiн жуықта бiреулердiң бұзып, иемденiп кеткенiн айтады. 
– “Пошта басқа жерден ашылды” деген жазу шықты. Менi пош­тамнан шығарып жiбердi. Қайта кiре алмадым. Соның арасынша паролiмдi өзгертiп тастапты. Сол поштама ақыры кiре алмадым. Бiреудiң меншiгi болып кеттi. Таныстарға “Поштам бұзылды” деген хабар тараттым, – дейдi ол. 

Қайбiр күнi Қостанайда болған оқиға жұрттың аузында жүр әлi. Облыстың басшы-қосшыларының шаңғы фестивалiнiң ашылу салтанатына жиналып, оқырайып-оқырайып тұрғанын көрген адам күледi тiптi. Жүргiзушi әнұран орындалатынын хабарлағаны сол едi, қызтеке Рики Мартин әндете жөнелдi. “Ливиң ла вида лока...” деп ұрып тұр. Атшы-қосшылардың бел ортасында қарғаның валетiндей боп едiрейiп Қостанай облысының әкiмi Нұралы Сәдуақасов тұрған. Рики Мартин “әу” дей берiп едi, мұрты тiкiрейiп тыжырына қалды. Қызтекелерге деген қарсылығы ма, әлде әнұранды келеке еткендерге ашуланды ма, әйтеуiр Сәдуақасов сызданып тұрды.

Әнұран – мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Ол тек екi жағдайда ғана шыр­қалады. Президент өзге елге сапарлай барғанда, және спортшылар жеңiске жетiп, туымызды желбiрет­кенде. Осындай маңызы бар Әнұранымызды сайыс сайын қорлайтындар көбейiп барады. Күнi кеше Кувейтте нысана көздеу мен оқ атудан халықаралық турнир өттi. Мiне сол сында жерлесiмiз Мария Дмитриенко жеңiмпаз атанды. Ақсары қыз көкке қарай желбiрей биiктеп бара жат­қан көк туға қарап, қолын кеудесiне қойған. Масқара осы арада басталды. Ұйымдастырушылар “Менiң Қазақстаным” Әнұранын қосудың орнына тұтас бiр ұлтты қорлаған фильмдегi сайқымазақ әуенсымақты әуелеттi дейсiң.

Д.Қонаев – 100
Ұзын бойлы, кең жаурынды, ер мұрынды Жолсейiт ағаны алғаш көргенде бұлшық етi допша ойнаған ноянның өзiн жер жастандырар алып күштiң иесi екенiн мойындап, баяғының жауға жалғыз шапқан батырларын ерiксiз еске алғаным бар. Тiлдесе келе ұққаным, елдiң, жер­дiң сырын көп бiлетiн ойлы азаматтарымыздың бiрi екен. Оған iштей сүйсiне қуандым.
Екеумiз оңаша сөйлесiп отырмыз.
– Кезiнде арғы атам би болған. Егер менiң талайыма сұм соғыс килiкпегенде, жоғары оқу орнында оқып, жоғары бiлiмдi азамат атанар едiм, – деп өткен өмiр жолынан сөз қозғағанда:
– Шопан таяғын ұстағаныңызға өкiнесiз бе? – деп едiм:
Адамға түрлi-түстi бояуымен кемпiрқосақтың көкжиекте керiле қалғаны сияқты ғажайып көрiнiс күнде кездесе бермес. Сол көрiнiс оның кеңжарық кабинетiне көкжасыл көйлектiң етек жағынан ақ балтыры ағараңдап өзi келiп кiрдi. Есiктен кiрген әлгi сурет төбесiнде құмыра толы су тұрса да шайқалмайтындай баппен қозғалып, өзiне қарай баяу жылжып келе жатты. Екi ортада сыртқы қаптамасы сыпырылып түсiп, жо-жоқ ол өзi берi суырылып шығып, е деп ес жиғанша шоқиып алдында отырды. – Мынандай түрiңмен қаражаяу жазарман болып керегi не саған?! Бiртүрлi ашуланып, әлденеге кек­тенiп айтты бұл сөздi. Бүкiл даңқтың биiгiне көтерiлiп болмастан өмiрiнiң тоқтаусыз зулап өтiп бара жатқанына жыны келдi. Тәнiнен ерте көктемдегi тың жердiң иiсi бұрқыраған мына құба қыздың қасында шау тартқан бүркiттей қабарған өзiн соншама қор сезiнген.
2012 жылдың 24 наурызы күнi Абай ескерткiшiнiң алдында туған ой
Мен сөйлеймiн...
Сөйлеуге хақым да бар,
Сөйлемеуге болмады тақымдап Aр.
Замананың тартылса жазасына
Сот алдына алдымен ақын барар.
КЕЛIСЕ АЛМАЙМЫЗ, МҰҚА!
“...Қазақтың жауы – қазақ” деп шулап келемiз. Немiс екiге бөлiнгенде, “Немiстiң жауы – немiс” деп ешкiм айтқан жоқ, Корея екiге бөлiнiп соғысқанда, әлi де екi бөлiнiп отыр, “кәрiстiң жауы – кәрiс” деп ешкiм айтқан жоқ. Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда, “вьетнамның жауы – вьетнам” деп ешкiм айтқан жоқ. “Адам адамға – қасқыр” деген жалпылама айтылатын сөз болғанымен, дүние жүзiнде ондай нәрсе жоқ. Ал “қазақ – қазаққа жау” деп ұран көтеретiндей не басымызға күн туды?”. Электронды сайттардың бiрiнде жазушы Мұхтар Мағауин ағамыздың осындай бiр сөзi жүр.

Ерболат (Төлегенов) ағам дүние салды. Наурыз мейрамының қарсаңында жалғаннан өттi жарықтық. Марқұм өмiрiнiң соңында қатты қиналды. Бизнесiнiң жолы болмай, тағдырдың шырғалаңына түстi, өлiмнiң құрдымына батып бара жатқан азаматқа қол ұшын созып, көмектесетiн бiр жан табылмай құсалықтан өлдi, Ерекең. Ол нағыз ердiң ерi едi. Бизнесi дәуiрлеп тұрған сонау тоқсаныншы жылдары оның шапағатын көрмеген өнер адамы кемде-кем. Талай ақын-жазушылардың шығармашылық кештерiн өткiзiп, кiтаптарын шығарып бердi. Ерекең демеушiлiк жасаған әртiстер мен әншiлер, ғылым докторлары мен профессорлар қаншама. Көмек көрсеткен қарапайым азаматтарда тiптi есеп те жоқ шығар.

54 келi салмақта сенiмдi ар­қалап рингке Мiржан Рақымжанов шыққан. Бiрақ өзiнен әлдеқайда албырт Владимир Никитинге 3:0 есебiмен есе жiберiп алды. Биылғы маусымда бапкерлер Рақымжановты әбден тынықтырып, жекпе-жекке де үнемi сал­ған жоқ. Бiрақ қарсыласының мысы басты ма, жоқ әлi жетпедi ме, салған жерден шабуылға шыққан Никитиннiң қарадүрсiн қимылы мен iрей соғатын шаб­уылынан қорғана алмады. Сырт көзге Мiржан шаршап қалғандай көрiндi. Қашқақтай жүрiп қарсы соққы дарытуға тырысқанымен қарсыласы көндiге қоймады. Уақыт озған сайын екпiнiн үдеткен Владимирдiң жеңiсiне үш төрешi де шек келтiрген жоқ.

Жексенбiде футболдан ел чемпионатының III тур ойындары өттi. Үшiншi турда да жеңiске жеткен “Ақтөбе” клубы 9 ұпай жинап, көш басына шықты. Өз алаңында былтырғы чемпионаттың күмiс жүлдегерi “Жетiсуды” қабылдаған ақтө­белiктер аянып қалған жоқ. Сергей Степаненко қорғаған қақпаға 4 гол соқты. Ойынның 7-минутында Малетич есеп ашқан, артынша Илич 12, 37-минуттарда қос гол тоғытты. 69-минутта Лисенков нәтиженi 4:0-ге жеткiздi. Қостанайдың “Тобылы” 2011 жылғы ел чемпионы кеншiлердiң “Шахтерiн” ұтты. Биылғы маусымда ала-құла ойындарымен жанкүйердiң көңiлiн орталап алған кеншiлердiң клубы бұл жолы да есе жiбердi. Байжановтың 20-минутта соққан голынан кейiн “Шахтер” алға озған.