1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (15691) 29 наурыз, бейсенбі 2012
Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғын қасiретiне 3 айдан астам уақыт өттi. Осы оқиғаға байланысты күдiктi деп ұсталып, абақтыда жатқан 37 адамның соты 27 наурыз күнi басталады деген хабарды елiмiздiң барлық ақпарат құралдары таратты. Президенттiң өзi “сот ашық, жариялы түрде әдiл өтедi” деп айтқан-ды. Ақтау қаласындағы “Арман” жастар орталығында өтетiн сотқа халықаралық ұйымдардың, шетел ақпарат құралдарының, елiмiздегi БАҚ-тың өкiлдерi, көптеген қоғамдық ұйым мүшелерi қатысады. Жаңаөзен мен Шетпе оқиғасына байланысты республикалық деңгейде құрыл­ған тәуелсiз қоғамдық комиссияның мүшелерi Аймұқан Таужанұлы, Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Әбiлев те Алматыдан Ақтауға келдi.
1 сәуiр – күлкi күнi
“Мәсiмовтiң үкiметi тарайды екен...”, “Тимурдың тiрлiгiнен мән кеткен соң Мәсiмов пен Мусин бiрiгiп алыпты...”, “Екеуiн ажырату үшiн Назарбаев Мусиндi – Астанаға, Мәсiмовтi Алматыға әкiм етедi екен...”. “Мәсiмов кетедi” дегендi Мәсiмов келгелi берi естiп келемiз. Мәсi­мов те кетпедi, бiз де қоймаймыз “кетедi!” деп тықақтап. “Мәсiмов Алматыға әкiм боп келедi екен” деген сыбысты соңғы бiрер күнде ғана құлақ шалды. Алматы жылтыр беттерге онсыз да кенде емес-тiн. Ендi сол жылтыр бетке бiр “мұрт” жапсырса, тiптi қатып кетейiн деп тұр. Қатындардың сыпсыңы рас болса, оның да орны толатын болды... Мәсiмов Алматыға әкiм боп келсе не болады? Түк те болмайды. Есiмов келгенде де есiмiз шықпап па едi. “Томар да – бiр, бұл да – бiр, құритын
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ КЕЙIНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАНЫМЕН, ОДАН ЕШКIМ БАС ТАРТПАДЫ
ЕурАзЭҚ-тың соңғы отырысынан кейiн Еуразиялық одақтың құрылуы кешеуiлдейтiнi белгiлi болды. Бұған дейiн Еуразиялық экономикалық одақты құруға асығып-аптыққан Кедендiк одаққа мүше елдiң басшылары ендi оны кiдiрте тұрмақ. Өйткенi Беларусь пен Ресейдiң бұған қатысты келiссөзi жараспай қалды. Дәлiрегi, Мәскеудiң ЕурАзЭҚ-ты Еуразиялық экономикалық одаққа айналдыру бастамасын Минск құп көрмейтiн болып шықты. Ресейдiң дiттегенi, ЕурАзЭҚ-ты жойып, оның орнына сол ұйымның негiзiнде Еуразиялық экономикалық одақ құру. Ал Беларусь жағы ЕурАзЭҚ-тың орнына Еуразиялық бiрыңғай экономикалық кеңiстiк құруды жөн санайды. Қазақстанның бұл тұрғыдағы пiкiрi әзiрге белгiсiз. “Коммерсантъ” басылымының жазуынша, Ресей және Беларусь сарапшылары қол қойған құжатта (мерзiмi 6 наурыз деп көрсе­тiлген) “2000 жылдың 10 қазанында құрылған
ОСЫ УАҚЫТҚА ДЕЙIН 27 ҚАЛАНЫҢ ӘЛЕУМЕТТIК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ШЕШIЛМЕЙ КЕЛДI
Жақында әмәнда миығынан күлiп жүретiн мұртты бас уәзiр Кәрiм Мә­сiмов моноқалаларды дамыту бағдарламасын жасау қажеттiгiн қадап айтты. Үкiмет басшысының сөзiне қа­ра­ғанда, бұл бағдарламаны Экономикалық даму және сауда министрлiгi әзiрлеуде. Ал аталған министрлiктiң хабарлауынша, мақсат – әуелi моноқалалардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын анықтау. Бүгiнде 1,5 миллион халқы бар 27 моноқала iрiктеп алынды. Әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейi әлсiз дәл осы қалаларда шешiмiн таппаған мәселелер шаш-етектен. Айта­лық,  бiлiм беру және денсаулық сақтау ме­кемелерi сын көтермейдi. Су, жарық, газбен қамтамасыз ету, кәрiз және телекоммуникация
“...НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАУЛЫСЫ – КОНСТИТУЦИЯҒА ҚАРСЫ”
24 наурыз күнгi Жаңаөзен оқиғасының құрбандарын еске алуға байланысты халықтық жиынға белсене қатысқандар сотқа тартылды. Алдымен “заңсыз митинг ұйымдастырмақшы болды” деген айыппен Бақытжан Төреғожинаға және “Назарбаев, кел!” деп ұран тастаған Рақым Ауғанбаевқа 50 айлық көрсеткiште айыппұл салынды. Артынша митингiге мүлде қатыс­паған Қайрат Ердебаев пен митингiнi жүргiзген Қанат Ибрагимов сот шешiмi бойынша 15 күнге жабылды. Дүйсенбi күнi журналистер­дiң кетуiн күттi ме екен, әйтеуiр үште басталады деген сот кешкi алтыда әрең басталды. Алғашында Маржан Аспандиярова мен Рамазан Есiргеповтың сотын қатар өткiзiп жiбермекшi болды.
НЕМЕСЕ 60 ЖЫЛДЫҚ АЙҚАСТАН ТУҒАН КIТАП
 
Кәрiшал Асан-Ата – әр шығармасын әрлеуден, жетiлдiруден жалығуды бiлмей­тiн, бастаған iсiн тиянақтатпай тынбайтын қаламгер. “Шындық өлмек емес” деп аталған әзiрше соңғы кiтабын (орыс тiлiнде, “Правда бессмертна”, Мәскеу баспасы, желтоқсан, 2011 жыл) екi жылдың iшiнде қайтадан қарап, түзетiп, толықтырып, үш рет бас­тырғаны сол қасиетiне және бiр куә. Оны тәуел­сiздiгiмiздiң 20 жылдығына арнаған. Автордың танымдылығы, оралымдылығы әлемдегi, оның iшiнде бiздiң Қазақстандағы аумалы-төкпелi, құйын қозғалыс­ты жағдайды басынан кешiрушi оқырманға оңды ықпал ететiн өрiстi құбылыс дей аламын. Сөзiм жалаң болмас үшiн Кәре­кеңнiң “Маңғыстаудағы құрметтi мұнайшы бауырларым!”деп жазған хатын келтi­рейiн:
50 мың сөздi қамтыған қазақ-ағылшын сөздiгi шықпақ. Наурыздың 26-сы Алматыда қазақ әдебиетiн зерттейтiн АҚШ ғалымы Кристофер Бейкер жобаны таныстырды. Ерек­шелiгi – жалаң аударма емес, сөздердiң әдеби-тарихи мағынасын ашуға көңiл бөлiнген. Оқырман сөздiң ағылшынша баламасын тауып қана қоймай, қазақ халқының мәдени-тарихи болмысын таниды. – Мысалы, “ақсүйек” сөзi – оның қазақ мәде­ниетi мен тарихындағы мағынасына назар аудардық. Бұл ұғым қазақ арасында Шыңғыс ханның ұрпақтарына қатысты айтылады. Осы тектес түсiндiрмелер жасадық, – дедi.
“Қазақстанға келгелi өгей ұлға айналдық” дейдi Жаңа Шамалған ауылының маңындағы жолсыз, сусыз, мектепсiз саяжайларда тұратын оралмандар. Ал билiк өкiлдерi “әзiрше қолдан келер қайран жоғын” айтады. Азаттық тiлшiсiнiң кө­лiгi Алматының iргесiндегi Жаңа Шамалғанға жалғаса қоныс тепкен ауылға кiре бере сазға батып қалды. Көлiктi шығара алмай әуреленiп жатқанда “Ми батпаққа машинамен кiр­гендерiңе қарағанда адасып жүрген адамсыңдар ғой” деп, анадайдан сөйлей келген азаматтың аты-жөнi Әлiшер Сағиев екен. Ауыл адамдары бұл жаққа машинамен кiрмей­дi. Ауылдың шетiн­дегi үйлердiң жанына қойып, ары қарай үйлерiне жаяу кетедi.
Әлгi бiздiң бала әскерден келгеннен кейiн “шопырлықты игерiп келдiм, бiр трактор алайық” дедi. Сол күнi үйге қызым мен күйеубалам келген. Екеуi де мұғалiм ғой, “алсаңдар,алыңдар” деп қоштай кеттi. “Мына екi өгiз тұрғанда, трактор неге керек?” деп едiм, бәлеге қалдым. Қызым дереу күнтiзбенi ашты да: “Әкетай-ау, қай ғасырда тұрмыз? 1955 жыл. XX ғасыр” деп ақылгөйсiдi. Күйеу­балам насихат айта жөнелдi. Өгiзбен жер жырту ескiшiлдiк екен. Өгiз жұмыс iстемесе де тамақ жейдi екен. Ал трактор бос тұрған кезiнде ештеңенi керек қылмайды екен. Екi кесе бензин құйсаң дырылдап жүре бередi екен... Балам есебiн шығаруға кiрiстi: “Егер трактор алсақ, менiң бiр өзiм жердi әп-сәтте жыртып тастаймын. Содан соң бас­қалардың жерiн жыртып ақша табамын.
Әйелiмдi алдап, өзiмен бiрге ертiп кеткен сұмырайдан өш алу үшiн оны өлтiрмек болып шештiм. Қалай өлтiремiн? Әрине, ол үшiн қару сатып алу керек. Ең болмағанда қолыңда уың болу керек. “У” дегеннен шығады, цианистi калийдi қай жерден сатып алуға болар екен? Әрине, қару-жарақ сататын базарда. Қару-жарақ сататын базарға келдiм. Құдай-ау, мұнда не жоқ дейсiз, толып тұр-ау толып тұр. БТР дейсiз бе, танк дейсiз бе, граната дейсiз бе, Калашников автоматы дейсiз бе, Макаров пистолетi дейсiз бе, бәрi де тұр. Тiптi еврейлердiң “УЗИ”-i де тұр.
Үзiлiп кете жаздап, үнемдеп жүрiп, нанның жартысын жеп, бала-шағаммен ләмпечкенiң жартысын ғана жағып, жарты су iшiп, жарытып тамақ iшпей жинап-терген теңгеме әрең дегенде, онда да несиенiң қамытын асынып барып, қала шетiнен жер алып, екi бөлмелi шап-шағын үй салып алдым... Күндердiң күнiн­де айналама бiреу егiп қойғандай, зәулiм үйлер өсiп шыға келдi де, менiң кiп-кiшкентай үйiм көрiнбей қалды. Миллионерлер мен миллиар­дер­лердiң ықшам ауданы екенiн қайдан бiлейiн, бiр күнi көршiм көздерiн сығы­рай­­тып тұрып:
– Мыжбан кө-кө-кее, – дедi кекете сөйлеп, – үйiңiз байдан қайтып келген баяғының қызы сияқты сүмiрейiп тұр екен, көшiңiз бұл жерден!
– Сталин жолдас, сiзге өте қатты ұқсайтын бiр адамды ұстап алдық!
– Ә, солай ма! Дереу атып тастаңдар!
– Бәлкiм... Мұртын қырып тастармыз, Сталин жолдас?
– Табылған ақыл! Мұртын қырыңдар да, атып тастаңдар!
***
– Өз руымның ше­жi­­ресiн жазсам деп едiм, дерек аздау боп тұрғаны...
– Сол да сөз бе, мәжi­лiс сайлауына түссең мә­селең өзiнен-өзi шешiле­дi.

Бiздiң қазақ зиялылары “кiм тидi?” десең, әйтеуiр бiр балаға қолын шошайтатын шолжаң бала сияқты. “Кiм кiнәлi?” деген сөз естiлсе болды, “Кеңес үкiметi кiнәлi” дей салады. Ал мен кейбiр қазақ азаматтарының ұлттық намысы жоқ дер едiм. Шетке тұрмысқа кетiп жатқан, көшеде кiндiгiн ашқан қыздар, бар денесiн баттитып шалбар киген келiншектер, сестиiп жалаңбас жүрген әжелер... Бұл сол азаматтардың көңiлiн тауып, әдемi, жас болып көрiнем деуден пайда болған, дағдыға енген үрдiс. Өйткенi алпысты алқымдаған кейбiр азаматтар “пайғамбар жасына жеттiм”, “аузымда Аллам болуы шарт” демей, “тоқал алам, алғанда да қыз алам” деп желкiлдеуде.

“Жас Алаштың” 1 наурыз күнгi санында (№13, 2012 жыл) астаналық Қ.Ибра­гим­ұлының бала-шағасына “Қарттар үйiне” барамын” деп қиғылық салғаны туралы жазылыпты. Несiн жасырайын, Қ.Ибра­гим­ұлының хатты ашық жазғанына таңғалдым. Және бұл кiсiнiң жағда­йын жақсы түсiндiм. Хат авторы Оңтүстiк өңiр­дiң адамы болғанымен, жұ­мыс бабымен басқа облыс­тарда қызмет iстептi. Соған қарағанда ел басқарған адам болар. Ал өмiр бойы жұрттың алдында жүрген кiсi төрт қабырғаға тесiлiп отыра алмайды. Ел-жұрттың ортасында болғысы келедi. Бұйырып үйренген адам оларға сөзiн өткiзгiсi келедi. Ал келiнi мен баласына бұйырып көрсiн... не болатынын бiр Құдайым ғана бiледi.
Қазақстан мемлекетiнде әрдайым әдiлдiк салтанат құруы қажеттiгiн ел президентi өз жолдауларында, жиындардағы сөйлеген сөздерiнде үнемi еске салып отырады. Бұл елдiң өсуi, қоғамның дамуы үшiн қажет. Оны орындау елiмiздiң әрбiр азаматының парызы болса да кейбiр шенеунiктердiң әдiлдiктiң ақ жолынан қия тартуға ұмтылуы қынжылтады. Мұндай жағдайға өз басым кездескендiктен де осылай ой түюге мәжбүрмiн. Қызылорда облысы, Шиелi кентiнде 1951 жылдан берi тұрып келе жатқан үйiмнiң ауласын айдың аманында тартып алды. Кiм дейсiз бе? Кiшкентай кезiнен көз алдымызда өскен көршiм Нұржан Баймұхамедов әуелi менiң аула жағыма қосалқы құрылыстар салып, бiртiндеп шарбағымды ысырып, қазiр ашық қоқан-лоққы жасауға кiрiстi.

Парламент мәжiлiсiнiң кезектi бiр отырысында депутат Н.Сабилянов үкiмет басшысы Кәрiм Мәсiмовке “Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру” туралы заңында кеткен кемшiлiктердi түзеп, ең төменгi зейнетақыны қайта есептеуге ұсыныс жасап депутаттық сауал жолдады. Мұндай талап-тiлектер бiрнеше жылдан берi үздiксiз айтылып келе жатса да осы салаға жауапты адамдардың кезiнде өздерiнiң жiберген өрескел қателiктерiн өздерi түзетуге неге құлықсыз екенiн түсiнбеймiн. Президент халықпен әр кездесуiнде зейнетақының әдiлеттi көтерiлуiн, халықтың әлсiз топтарын үнемi қолдап отыратынын айтып келедi.

Ел iшiнде қанды iрiңдей етек алып бара жатқан мәйiт қорлау мәселесi туралы айтқым келiп едi... Бұл Қазақстанның барлық жерiнде орын алған. Мысалдар да жетерлiк. Бiр қарағанда, көзге көрiнбейтiн елеусiз нәрсе болуы мүмкiн. Бiрақ, қаралы үйдiң қазасына қабырғамыз қайы­судың орнына оны бизнеске айналдыру әдет болып барады. Қазiргi заман – техниканың көбейген, экологияның ушыққан, қылмыстың артқан заманы. Соның салдарынан жап-жас ұл-қыздар қыршын кетуде. Өткен жолы бiр ауылдасымыздың арыстай бiр азаматы көлiк оқиғасынан қайтыс болды. Сонда да болса тiршiлiк тiнi байқалар деген үмiтпен қалалық ауруханаға жеткiзедi.
Сейсенбi күнi УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы ойындары өттi. Кипрлiк “АПОЕЛ” королдiк клуб “Реалды”, лисабондық «Бенфика» лондондық «Челсидi» қабылдады. Никосия қаласының клубының Чемпиондар лигасының ширек финалға дейiн жетуiнiң өзi ерлiкке пара-пар. 2011-2012 жылғы маусымда олар топтық кезеңде “Зениттi”, “Портуды”, “Шахтердi” шi­дерлеп, ширек финалға жеттi. Өз тобында 9 ұпай жинаған кипрлiктер плей-офф кезеңiнде француздың “Лионына” тап келгенде де тосылған жоқ, Бiрiншi кездесуде 1:0 есебiмен француздар жеңiске жеткен, қарымта ойында дәл сондай нәтижемен сырт алаңда “АПОЕЛ” футболшылары жеңдi.
Наурыздың 30-ы мен 1 сәуiр аралығында Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде күрес түрлерiнен Лондон Олимпиадасының жолдамасы үшiн турнир өтедi. Былтыр Түркия ұйымдастырған әлем чемпионатында жолдамадан қағыл­ған балуандарға бұл соңғы мүм­кiндiк. Азия құрлығындағы 20-дан аса елдiң балуандары қатысатын сында Олимпиада жолдамасы тек финалға шыққандарға ғана үлес­тiрiледi. Грек-рим күресiнiң балуандарында әзiрге үш жолдама бар. Олар қалған төрт салмақ дәрежесi бойынша жолдамаға таласады. Бас бапкер Мұратбек Қасымханов 55 келiде боз кiлемге Асхат Құдай­бергеновтi шығармақ.
БАЛУАНДАР БӘСI БIЗДЕ ӨТСЕ..
Грек-рим, еркiн және әйелдер күресiнен әлем чемпионаты былтыр Түркияның Ыстамбұл қаласында өттi. Ендi 2013 жылы Будапештте, 2014 жылы әлем чемпионатын Ташкент шәрi қабылдайды. Бiздiң елдiң спорт басшылары да әлем чемпионатын ұйымдастырудан үмiттi. Егер ұсыныс қабылданса, онда 2015 жылы күрес түрлерiнен әлем чемпионаты қазақ топырағында өтуi бек мүмкiн. Бұған дейiн Алматы күрестен Азия чемпионатын өткiзген. 2011 жылы бокстан жасөспiрiмдер арасында әлем чемпионатын жоғары деңгейде ұйымдастырған елiмiзге 2013 жылы бокс­тан, 2014 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қабылдау құзiретi тиген едi.
Ми – адамға ең қажеттi орган. Ми – бiздiң сана-сезiмiмiз. Тiптi адамды мисыз елестету мүмкiн емес. Дүние жүзiнiң ғалымдары дәл осылайша ойлап келген, әйтсе де олар Карлос Родригестiң жағдайынан кейiн бұл қатып қалған қағидаға басқаша қарай бастаған секiлдi. Американдық Карлос Родригес жол апатына ұшырайды. Шалажансар Карлосты өлiм аузынан алып қалу үшiн дәрiгерлер басына күрделi операция жасап, миының 60 пайызын алып тастайды. Сонымен,
К.Родригестiң маңдайы жоқ. Әрине, маңдайы жоқ болған соң, миы да болмайтыны белгiлi. Бiрақ Карлостың еске сақтау қабiлетi сол қалпында, ештеңенi ұмытқан емес және ештеңенi ұмытпайды. “Сонда... миы жоқ болса, ол қалай өмiр сүрген және қалай ойлайды?” деген сауал өзiнен өзi туындайды.