1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (15692) 3 сәуір, сейсенбі 2012
Өткен апада үкiметтiк БАҚ “Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасынан қақты” деп сауын айтты. Арқадан қағуын қақты Обама. Кеңес өкiметiнен мұраға қалған ядролық қарудан тезiрек құтылғаны үшiн Қазақстан мен Украина президент­терiне рақмет айтты. “Қазақстан АҚШ-пен және Ресеймен бiрлесiп, Кеңес заманындағы ядролық материалдарды залалсыздандыруға көп үлес қосты. Бұл iс-әрекет барлығымызды бiр қауiптен құтқарды”, – дедi АҚШ президентi. Саясат үшiн болса да Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевқа ықылас бiлдiрдi. Бiздiң президент те қарыз болып қалған жоқ, Обамаға тұмар сыйлады. Кениялық мұсылманның баласы тұмардың не екенiн түсiнедi деп шешсе керек, сiрә. Айтпақшы, ұзынқұлақтың айтуынша әлгi тұмарды Батыс Қазақстан облысының әкiмi Нұрлан Ноғаев жасатып берiптi...

Жақын күндерi Ресей мен НАТО-ның арасы қиындай түседi. АҚШ пен Ресейдiң “қырғи-қабақ соғыс” оты қайта тұтанады. Кейiнгi кездерi сарапшылар тарапынан осыған ұқсас мәлiмдеме­лер көбейдi. Бiрақ оны сарапшылардың пiкiрiнсiз-ақ анық бай­қауға болады. НАТО-ның зымы­ран­ға қарсы қорғаныс жүйесi (ПРО) Ресей билiгiне ұнамайды. Олар НАТО мен АҚШ-тың орыс мүдде­сiне қарсы соғыс жүргiзе­тiнiн айтып, мұны жоққа шығаратын кепiлдеме талап еттi. Алайда оған көнетiн АҚШ жоқ. Ресейге ешқандай кепiлдеме бермейтiнiн айтып, қорғаныс жүйесi Ресейге емес, Иранға тосқауыл болу үшiн жасал­ғанын сылтауратып ақталып бағуда. Бiрақ “орыс аюларының” иi­летiн түрi жоқ.

“ХАЛЫҚ МАЙДАНЫ” ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕР КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ МӘЛIМДЕМЕСI“
ҚР Бас прокуратурасы 28 наурыз күнi «Алматы қаласында болуы ықтимал лаңкестiктiң жолын кестiк», – деп   мәлiмдеме жасады. Баспасөз мәлiмдемесiне қарағанда, терроризм және экстремизм актiлерiн ұйымдастырумен қазiргi кезде шетелде iз жасыруға мәжбүр болған Мұхтар Әблязовтiң жақын серiктерi айналысқан. Бiз, елдiң демократиялық күштерiнiң өкiлдерi, әлгiндей мәлiмдемелер Қазақстанда ке­зектi “мыстан аулау” науқаны бас­талғанына тiкелей дәлел бола алады деп есептеймiз. Қазiргi кезде Ақорда iшкi саясаттың либерализациясы туралы аңызды орнықтыра алмағаны әшкере болды. Еуропалық қауымдастық та, ел iшi де Наталья Соколова мен Игорь Винявскийдi босату арқылы бұлтаққа салуды Қазақстанның адам құқықтары мен еркiндiгi саласындағы демократиялық принциптерге сай келуге тырысу әрекетi ретiнде қабылдамады.
Сәрсенбi күнi “Голос Республики” басылымының тiлшiсi Ирина Медникова мен газеттi тарату бөлiмiнiң жетекшiсi Юлия Козлова және газеттi басушы фирманың директоры Данияр Молдашевты ҰҚК қызметкерлерi таңертең үйлерiнен алып кетiп, тергеу бөлiмiнде жауап алған. И.Медникова мен Ю.Козлова сол күнi кешкi жетiде қайтып оралса, Д.Молдашевтан әлi күнге дейiн хабар жоқ. Бейсенбi күнi өткен баспасөз мәслихатында “Голос Республики” басылымының қызметкерлерi өздерiн ҰҚК-ге қалай жеткiзгенiн айтып бердi. “Таңертең үйден шыға берiп едiм, ҰҚК қызметкерлерi бас салып, жауап алуға әкететiндерiн айтты. Сосын қолыма тiлдей қағазды ұстатты. Бұл жауап алуға шақыру қағазы едi. Көлiкке отырмас бұрын қоңырау шалайын дегенiмде, олар рұқсат бермедi”, – дедi И.Медникова.
Жаңаөзен iсi бойынша сот процесi осы аптада қайта жалғасты. Кеше жауап алынған он жәбiрле­нушiнiң алтауы талап-арызынан бас тартты. Бұлар – негiзiнен жаңаөзендiк жеке кәсiпкерлер. Тек Халық банкi зейнетақы бөлiмшесiнiң өкiлi 1 мил­лион 415 мың теңге шығын шеккенiн алға тартып, талап-арызынан бас тартпады. Сондай-ақ, оқиға кезiнде 200 мың теңге зардап келдi деген “Дастархан” супермаркетiнiң иесi Роза Ермағанбетова да өз талабынан бас тартпайтынын мәлiмдедi. Сондай-ақ, кеше айыпталушылардың адвокаттары денсаулық жағдайына байланысты он айыпталушыны үйқамаққа ауыстыру жөнiнде өтi­нiш түсiрген болатын. Бiрақ облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкiл­дерiнен құ­рыл­ған арнайы комиссия айыпталушыларды қарап шығып, олардың арыздарын қанағаттандырмай тастады.
Қызылордадағы “БИС” компаниясының 750 қызметкерi 21 ақпаннан берi жұмыссыз жүр. Наурыз айының 6-сы күнi Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзiп, әдiлдiк iздеген олар осы айдың 27-сiнде компания ауласында наразылық акциясын ұйымдастырды. Бiрақ мәселе сол өткiр күйiнде қалып қойды. “Компания БИС Транс Сервис” 10 жылдан берi тек қана “Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз” АҚ-ның мұнайын тасымалдаумен айналысып келедi. Алғашында канадалықтар меншiгiнде болған шетелдiк компания 2005 жылы қытайлықтардың қолына көшкен. “БИС” концерциумы басшылығы соңғы қожайындар қазақстандық жұмысшылармен санаспай, ашықтан-ашық қиянат жасағанын айтады.
Айта берем несiне, – деп бас­талып, талай отырыста шалқыта салынған әннiң кейiпкерi “Социа­листiк Еңбек ерi”, “Мәскеуден жұлдыз ап келген” Маржан қыз – Маржан Енбаева осы кiсi. Өткен ғасырдың елуiншi жылдары сатирик Садықбек Адамбеков жастайынан ат құлағында ойнап, жылқы баққан жылқышы қыз Маржанға арнап осы өлеңдi жазған. Кейiн әуенiн жазған композитор Әбiлахат Еспаевтың “Маржан қыз” әнi жалпақ елдiң талай сахнасында тербелген болатын.  Маржан Енбаева – Атырау өңiрiндегi “Толыбай” құмында дүниеге келдi. Жас­тайынан белi қайыса жүрiп ағасы Шалабаймен жағаласа әкесi Енбайға жыл­қы бағысқан екен.
Facebook желiсiнде “Арон Атабек пен Шаңырақ оқиғасы бойынша соттал­ған жастар бостандығы үшiн!” деген топ құрылды. Құрушылар жұртқа Арон Атабек туралы көбiрек мәлiмет бере отырып, оны бостандыққа шығаруды талап етедi. Бастамашылар бостандыққа шыққан құқық қорғаушы Евгений Жовтистi босатуды талап етушi қозғалыстың халықаралық деңгейге көте­рiлгенiн мысал етедi. Олар 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасына байланысты 18 жылға сотталған Арон Атабек те ұмыт қалмауы тиiс деп санайды. Әлеуметтiк желiлер қоғам белсендiлiгiн        арт­тырушы факторлардың бiрiне айналды. 1500-ге жуық мүшесi бар Facebook-тегi бұл топтың өкiлдерi «Арон Атабек қамауда емес, халықтың ортасында болуы керек» деп есептейдi.
АЛ ОНЫҢ ШЕТЕЛДIК БАСЫЛЫМДАРҒА НЕ ҚАТЫСЫ БАР?
Өткен бейсенбiде “Шетелдiк ақпарат нарығына қалай қарсы тұруға болады?” деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өттi. Алайда жиын барысында шетелдiк ақпарат ағынына тосқауыл қою жолдарын iздестiру емес, “Ақжүнiс-Астана” журналының ашылуы сөз етiлдi. Журналистердiң басым көпшiлiгi мұндайды күтпеген-дi. Сондықтан жиынға қатысқан журналистердiң арасынан өкпе айтушылар да табылды. Оларға жиын тақырыбы мен талқыланған мәселенiң үйлеспеуi ұнамай қалды. Алғашқы болып сөз алған журналист Сәуле Әбединова “Ақжүнiс-Астана” журналын көпшiлiкке таныстырып, елi­мiздегi орыстiлдi ақпарат құралдарының қазақ тiлiндегi
Жаңаөзен оқиғасына байланысты оппозициялық саясаткер Серiк Сапарғалиға “әлеуметтiк араздықты қоздырды” деген айып тағылды. Әрiптестерi оны шындық үшiн күресiп жүрген азамат деп бiледi. Ал прокурорлар “адамшылыққа қарсы қылмыс жасады” деп айыптайды. Серiк Сапарғалиды жұрт былтыр өткен кезектен тыс президент сайлауынан берi бiледi. Билiк оны құжаттар дұрыс толтырылмады деп саяси додадан шығарып тастады. Қазiр ол түрмеде отыр. Қазақстан ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң (ҰҚК) қызметкерлерi Серiк Сапар­ғалиды қаңтардың 23-i, “Взгляд” газетiнiң бас редакторы И. Винявский мен тiркелмеген “Алға” партия­сының жетекшiсi В. Козловпен бiр күнде тұтқындады. 
Күләш Байсейiтова – 100 
Биыл Шығыс бұлбұлы атанған ұлы әншi Күләш Жасынқызы Байсейiтованың туғанына 100 жыл толып отыр. Жақсы – елге ортақ. Исi қазаққа мақтан болған әншi-актрисаның туған жерi, туған күнi ел аузында, құжаттарында әртүрлi болып жазылып жүр. “Жақсыға әркiм талас” дегендей, қазақтың даласында туса да, кiндiк қаны тамған жерi ашық бұрмаланып жүр. Бұл да – кезiндегi саясаттың әсерiнен туған жағдай. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын көтерiп, оның мәдениетiн, дарынын таныт­қан әншi-актриса қайткенде де астанада, яки Алматыда туып-өскен болуы керек едi. Оның ауылдан шыққанын ол кезде олқы санаған. 
Бүгiнгi сатира
“Жоқтан бар пайда болмайды, бар нәрсе жоққа айналып кетпейдi” деген қанатты сөздi қай данышпанның айтқанын есiмнен шығарып алыппын. Бiлетiнiм, бiзге мектепте соны айдай ақиқат деп үйреттi. “Сайт” деген сайтан, “ғаламтор” деген ғаламат қолданысқа енгелi, аталған афоризмнiң ақиқаттығы айқындала түскендей. Бұлай деуiме себеп – жақында бiр әңгiмесымағымның сан-сапалақ сайттардың бiрiнде жарық көруi. Қысқаша мазмұны мынадай: “Бiздiң үйде бiр желiнi сабадай сүттi кер сиыр болып едi. Айыбы – құйрығы шолақ, бiр мүйiзi сынық демесең, малжаңдап күйiс қайырғаны болмаса, кiсiге зәредей зияны жоқ жуас едi жануар. Жыл сайын бұзаулап, бiр үйлi жанды ғана емес
“ҚАЙРАТ МҰСТАФИН–80”ФОТОКӨРМЕСI ӨТТI
Қазақстан Жазушылар одағында белгiлi фотожурналист, қазақ әдебиетiнiң классигi Ғабиден Мұстафиннiң бел баласы, марқұм Қайрат Мұстафиннiң 80 жылдық мерейтойына арналған “Қайрат Мұстафин – 80” атты фотокөрме өттi. Бұл фотокөрмеге Қайрат Мұстафиннiң 80-нен астам фотосуреттерi қойылды. Фотокөрменiң ашылуына арналған    жиында ақын, “Жұлдыз” журналының бас редакторы Ұлықбек Есдәулет, “Алматы ақшамы” газетiнiң бас редакторы Қали Сәрсенбай, “Өнер” баспасының директоры Әшiрбек Көпiшев, Қ.Мұстафиннiң қарындасы, дәрiгер Жанар Мұстафина, зайыбы Зура Ғайнутдинқызы сөз сөйлеп, Қ.Мұстафиннiң шығармашылығы туралы ойларын ортаға салды.

Бұл 1993 жылдың күз айы болатын. Мен 1992 жылы қырғыз азаматшасы Гүлипа Маматовға үй­ленiп, 1993 жылы 21 ақпанда ұлды болдым. Сол жылдың күз айында балдызым үйленiп Қырғыз Республикасы Ош облысы Өзген ауданының Жiңiшкесай ауылында тұратын қайын жұртқа бармақ болдық. Бiшкектен пойызға отырып 1,5 тәулiктей жүрiп, қайын жұртқа да жеттiк. Ұлым емшекте болғаннан кейiн өзiмiзбен бiрге ала барғанбыз. Жiңiшкесай ауылы екi таудың сағасымен ағатын кiшкене өзеннiң бойын жағалай орналас­қан. Бiз барғаннан кейiн қайын атам бiр қойын сойып, төңiректегi көршi-қолаң, ағайын-туыстарын шақырды.

Әлемде ғылым әлi күнге дейiн түсiндiре алмайтын құбылыстар шаш етектен. Бiз ендi сондай құбылыстардың бiразын сiздердiң назарларыңызға ұсынып отырмыз. Өз көлiгiнде өртенiп кеткен құрбандардың жұмбақ өлiмiнiң сыры әлi күнге дейiн белгiсiз. 1959 жылдың желтоқсанында Мичиган штатының Понтиаке қаласындағы автомобиль зауытында жұмыс iстейтiн Билли Петерсон өз көлiгiнде пайдаланылған газды шығаратын қақпақшаны ашып тастаған. Көпшiлiк оны өзiне-өзi қол жұмсады деп түйдi. Медициналық сараптама да оны көмiрқышқыл газдан уланып өлдi деген қорытынды шығарды. Алайда дәрiгерлер оның арқасы, иығы және аяғын не себептi күйiк шалғанын түсiндiрiп бере алмады
2050 ЖЫЛЫ ӘЛЕМДЕГI ОРТАША ТЕМПЕРАТУРА 1,4‑3 ГРАДУСҚА АРТАДЫ
2050 жылға қарай Жер бетiндегi орташа температура 1,4-3 градусқа дейiн көтерiледi. Бұл ғалымдар болжаған көр­сеткiштен анағұрлым жоғары.  Әлемдегi климатқа атмосфераның ластануы, күн белсендiлiгi, теңiз, жағалау және ауаның жылу алмасуы, зиянды газдардың бөлiнуi тәрiздi факторлар әсер етiп жатыр. Ұлыбританиялық ғалым Дэниэл Роулэндс бастаған зерттеу тобы метеорологиялық бюро қолданатын климаттық модельдi өзгерттi. Зерттеушiлер үш факторға әсер ететiн параметрлердi өзгерте алыпты. Бұл – теңiздiң атмосферадан бөлiнетiн жылуды сiңiруi,

Грек-рим күресiнен елiмiздiң балуандары 1996 жылғы Атланта олимпиадасынан берi елге бос қайт­қан емес. 1992 жылы Барселонада өткен Олимпиада ойындарына елiмiздiң 22 спортшысы ТМД құрамасының атынан қатысты да, грек-рим күресiнен Дәулет Тұрлыханов қола жүлдегер атанды.   Ғасыр ауысар шақта Атланта төрiнде Юрий Мельниченко Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ елi тәуелсiздiгiн жариялаған сәттен бергi жеке құрама болып қатысқан алғаш­қы жазғы Олимпиада ойындарында Юрийдiң алтын медалi 197 мемлекет iшiнде елiмiздiң 24-сатыға орнығуына орасан сеп болды. 2000 жылы Сидней олимпиадасында грек-рим күресiнiң балуандары жүлдеге қол жеткiзе алмады.

1 сәуiрде елiмiздiң 7 қаласында ел чемпионатының 4-тур ойындары өттi. Әр ойында үш ұпайдан олжалап келе жатқан әулиеаталықтар өзгелерден ұзап алды. Тараз қаласында өткен ойын­да жал­ғыз голды “Ақтөбе” қақпасына Лечич (85 минутта) соқты.  Керекуде жергiлiктi “Ертiс” пен “Атырау” арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Кеншiлердiң “Шахтерi” талдықор­ғандық “Жетiсу” клубын iрi есеппен ұтты. Бас қазы Рахымбаевтың ысқырығынан кейiн-ақ “Шахтер” шабуылға бiрден бас қойды. Ойынның 8-минутында Джидич есеп ашқан соң, Каньяс 23-минутта нәтиженi еселедi. Жетiсулықтар тек 41-минутта ғана гол соқты.
Астанада күрес түрлерiнен Лондон олимпиадасының лицензиялық турнирi аяқталды. 21 елдiң балуандары үш күн бойы жүлде мен жолдама үшiн белдестi. Тек финалға шыққан спортшы Лондонға баратын болғандықтан бұл турнирге Азияның белдi балуандары қатысты. Елiмiздiң үш құрамасы үш күнгi белдесуден 5 жолдама олжалады. Грек-рим күресiнен 55 келiде Асхат Құдайбергенов ирандық Хамид Сориан­ға (5 дүркiн әлем чемпионы) жол берiп, қола жүлденi мiсе тұтты. Есесiне, Дархан Баяхметов жарады. 66 келi салмақта ол топ жарып қана қоймай, жолдаманы иелендi. Даниял Гаджиев 84 келi салмақта қарсыластарының бәрiн жығып, жолдамаға қол жеткiздi.
“Астана арландары” Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) биылғы маусымындағы сапарын орта жолда аяқтауға мәжбүр болды. Жартылай финалдың қарымта кездесуiн Мәскеуде өткiзген “арландар” 0:5 есебiмен жүндей түтiлдi. Былтырғы бiрiншi маусымда “Париж Юнайтед” клубымен финалда кездесiп, жеңiлгенде, елiмiздiң бокс федерациясының президентi Тимур Құлыбаев нәтиженi қомысынып, екiншi маусымда топ жарып, чемпион атануды “арландарға” артқан болатын. Бiрақ бәрi керiсiнше шықты, “арқа жүнiн қомпайт­қан” астаналық клуб боксшылары жартылай финалдан да аса алмады.