1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №27 (15693) 5 сәуір, бейсенбі 2012
“ЧЕКИСТЕР” ЖАҢАӨЗЕНДЕ ТӘРТIПСIЗДIК БОЛАТЫНЫН АЛДЫН АЛА БIЛIПТI. БIРАҚ ҚОЛ ҚУСЫРЫП ҚАРАП ОТЫРЫПТЫ...
Total.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстанның арнайы қызметi Жаңаөзенде бас көтеру­шiлердiң белсендiлерiн бiрнеше ай бойы аңдыпты. Жаңаөзен iсiне қатысты айыптау қорытындысында айыпталушы Роза Төлетаева мен тағы жетi адамның телефон арқылы сөйлескен сөздерi жазылған. Жазба 18-19 қазанда, яғни Жаңаөзен оқиғасынан екi ай бұрын жүргiзiлген. Р.Төлетаева телефон арқылы әлдекiмге былай деп хат жiберген: “Қол қусырып қарап отыруға болмайды, бәрiбiр күндердiң-күнiнде өлемiз”, “...Соғыс керек, өлсек – өлермiз, өлiмнен Қорқыт баба да құтыла алмаған”. Бұдан әрi Роза Төлетаева мен аты-жөнi белгiсiз ер адамның 23 қарашада телефон арқылы сөйлескен сөз­де­рiн келтiрiптi.

“Жаңаөзен iсiне” байланысты жәбiрленушiлердiң тең жартысы айыпталушылардың кiнәсi жоқ екенiн айтып арыздарынан бас тартуда. Олардың көпшiлiгi шығынды еш жазығы жоқ айыпталушылардан емес мемлекеттен өтеп алғысы келедi. Аталған жағдай айыпталушы азаматтардың ақталуына мүдделi топтың көңiлiн көтергенмен, билiктiң шымбайы­на батып кетсе керек. Өйткенi билiк өзiнiң ұстанымын қоғамдық ұйым өкiлдерiнiң аузына салып, жаңаөзендiк азаматтарды соттауға қайткенде де мүдделi екенiн бiлдiрдi.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтiп жатқан сот процесiнде адвокаттар полицейлердiң жауап беруiн талап еттi. Бұған дейiн 2 сәуiр күнi сотта жәбiрленушi ретiнде жауап берген полицей өз талап-арызынан бас тартты.  Ал кеше өткен сот отырысында жәбiрленушi ретiнде танылған құқық қорғаушылардан жауап алына бастады. Құқық қорғаушы Н.Баржiковтен жауап алынған уақытта айыпталушы П.Дүйсембаев “сендер қарусыз халыққа оқ аттыңдар! Менiң әкем сонда қаза тапты” деп айғайлап, есiнен танып қалды.
Қазақстандағы тұтынушылық кәрзеңкесiмен өмiр сүру қиындап барады. Бұл аз бол­ғандай, сәуiрдiң алғашқы күндерiнен бастап, Алматы қаласы мен облысы бойынша су мен жарықтың бағасы өспек. Жарықтың бағасы шамамен 5,4 пайыздан бастап үш деңгей бойынша көтерiледi. Яғни, қазiргi есептеу бойынша үш түрлi бағамен белгiленедi. Сонымен шарықтаған баға мен азаматтардың күнкөрiс деңгейiнiң арасы тағы да алшақтайды. Ресми ақпарат бойынша, өмiр сүруге қажеттi тауарлардың ең аз мөлшерi 43 тауар мен қызметтен тұрады екен. Тұтынушылық кәрзеңкесi адамның өмiр сүруiне қажеттi азық-түлiк өнiмдерi, киiм-кешек, дәрi-дәрмек, аса қажеттi заттар мен қызмет көрсету
АҚЫРЫНДА СОТ ШЕШIМIМЕН АБАҚТЫҒА АЙДАЛДЫ
Қалалық №2 соттың шешiмiмен С.Нақпаев 2012 жылғы 2 сәуiрде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексiнiң 327-бабы 3-бөлiгi: Өзiнше билiк ету (яғни заңмен белгiленген тәртiпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне, не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi түрде зиян келтiретiн өзiнiң нақты немесе болжамды құқығын өз бетiнше жүзеге асыруы бойынша жасал­ған), адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттерi үшiн 4 жылға бас бостандығынан айырылуға жазаланды.
Бiрнеше жылдар бойы дауы бiтпеген “Бибi-Ана” мүгедек әйелдер қоғамдық қоры мен “АлматыГазИнжиниринг” компаниясының(Т.Құлыбаевтың меншiгiне қарасты   компания) ара­сындағы сот процесi сейсенбi күнi жалғасын тапты. Қордың құқығын қорғаушы Сергей Ут­киннiң айтуынша, сот жүйесi бұл iске мүлде Тимур Құлыбавты араластырмай отыр. Тiптi оның қатысы жоқтай көрсеткiсi келедi. Шырғалаң сонау 2005-2006 жылдары басталған. Сол кездегi әкiмдер“Бибi-Ана” мүгедек әйелдер қоғамдық қорын талай жыл­дан берi мекендеген кеңсе­лерi­нен шығарып, тақырға отырғызып кеткен. Нақтырақ айтсақ, алғаш
2012 жылы Ауылшаруашылық министрлiгi ауыл­дық тұтыну кооперативiн несиелеуге 500 миллион теңге қаржы бөледi. Дәл осындай сома келер жылға да қарастырылған. Бұл қаражат ауылдағы ағайынның керектi құрал-сайманын жаңартуға арнайы бөлiнген. Жетi жылға небәрi бес пайыздық мөлшермен берiлетiн бұл несиенiң көп жыртықты жамайтыны даусыз, бiрақ... Өкiнiшке қарай, мұндай қыруар қаржы осыған дейiн де талай бөлiнген. Ауыз толтырып айтатын миллиондардың дiттеген жерiне жеткенi некен-саяқ. 2006 жылы басталған мұндай несиенi естi­гендер бар. Бiрақ қолмен ұстап, қажетiне жаратқан шаруалар бiрен-саран. Же­ңiл­детiлген субсидия шаруашылыққа жетсе, ауылдағы ағайынның мақтасы алқапта қалып, диқаншының бидайы қар астында шiрiмес едi.
НЕМЕСЕ СЕРIК АБАС-ШАХ ДОСЫМНЫҢ ОҒАШТАУ ҰСЫНЫСЫНА ҚИҒАШТАУ ЖАУАП
Қадiрлi Серiк!
Сенiң хатыңның маған ғана емес, дүйiм жұртқа жеткенiне бiр айдың жүзi бопты. Бүгiнгi болмысымызға беймаза баға берген, өзiңе ғана жарасатын (бұ жерде мен сенi мақтап, ұпай жинайын деп тұрған жоқпын) әрi мемлекеттiк телеарнаның жетекшiсiнiң ресми сөзде­рiне ұқсамайтын үшбу хатыңа тым кеш жауап бергенiме кешiрiм сұраймын. Кiнәлiмiн: екiншi митингiге байланысты тағы да 15 күнге ақпараттық кеңiстiктен “жоғалып” кеттiм. Жауап кеш келдi деп, ұрыспассың! Ұрыссаң, Түлкiбаста сенi мен менiң тiлеуiмiздi тiлеп отырған сексеннен асқан шешеңе шағымданып, бiр ретiн табармын.
Түрiкменстанда оқушылар мен студенттердiң бiрыңғай киiм үлгiсi енгiзiлгенiне көп болды. Ал ересектер мен мұғалiмдердiң киiмiн тәртiпке салуды билiк биыл қолға алды. Тiптi құжаттағы фотосуретке ұлттық киiммен түсу туралы жарлық шықты. Ер балалардың формасы – қара­көк костюм, ақ жейде және тақия. Мектеп табалдырығын ендi аттаған қаршадай бала бұл талапты зейнет жасына жеткенше, тiптi одан кейiн де бұлжытпай орындауы тиiс. Оқушы қыздар кесте жағалы, жасыл түстi ұлттық көйлек киюi керек. Ақ фартук пен тақия, қос бұрым – бұлжымас қағида. Егер қос бұрымы болмаса, жасанды бұрымды тақияға қадап қою – мiндет.
“Альянс Банкi” АҚ клиенттерге қол ұшын созуды әрқашанда өзiнiң басты қағидасы ретiнде ұстан­ғаны белгiлi. Банк бұл бағыттан ешуақытта ауытқыған емес. Кезiнде Банктен кепiлдiктi несие алып, бiрақ қандай да бiр себеппен несиесiн уақтылы өтей алмай, өтеу кестесiнен шығып қалған клиент­тер үшiн жағымды жаңалық. Банк “Қарызды өсiмпұлсыз және пайызсыз өтеңiз” акциясын жария­лады. Акция аясында есептелген өсiмпұлмен қатар несие бойынша пайыздарды да алып тастап, негiзгi қарыз бойынша берешектi өтей аласыз. Банк ұстанымы қарапайым, түсiнiктi әрi әдiл. Өйткенi экономикамызға әсерiн тигiзген әлемдiк қаржы дағдарысының кесiрiнен көптеген адамдар ерiксiз “проблемалық” клиент атанды. Олардың қарыздары Банктiң қаржылық ахуалынан да көрiнiс тапты.
Қазақтың көрнектi ғалымы, академик Рахманқұл Бердiбай өттi дүниеден. 85-ке қараған шағында. Ұлттың қамын ойлау – тектiлерге тән тiрлiк, тектiлерге ғана тиемел парыз. Сiз де, қадiрлi Раха, бұ дүниеден ұлттың қамын жеумен, ұлттың мақсат-мүддесiн түгендеумен өттiңiз. 1937 жылғы атып-асу бар, 1952 жылғы қуғындау бар, ұлттың зия­лылары жасыңқырап, бетi қайтыңқырап, шаршаңқырап жүрген кезде Сiз “Қазақ әдебиетi” газетiне жарқ еткiзiп мақала жаздыңыз. Ұлттық тiлдiң мүддесi жөнiн­де. Осы мақалаңыз үшiн қызметтен де кеттiңiз. Бiрақ Сiз ұлттық тiлдiң мәселесi – бiздiң, қазақ халқының мәңгiлiк мәсе­лесi екенiн (“қазақ тiлi бар болса – қазақ ұлты да бар, қазақ тiлi жоқ болса – қазақ ұлты да жоқ”),
“Халықаралық мигранттардың арасында мұсылмандарға қарағанда христиандар көп” дейдi америкалық Pew (“Пью”) ұйымының зерттеу қорытындысы. Қазақстан – мигранттарды көп қабылдайтын ғана емес, шетелге аса көп мигрант жiберетiн мемлекеттiң де бiрi. Филадельфияда орна­лас­қан дiн және қоғамдық өмiр мәселелерi жөнiндегi америкалық Pew зерттеу орталығы халықаралық миг­­ранттардың қай дiн өкiлдерi екенiн анықтау мақсатында өткiзген “Дiн және миграция” зерттеуi­нiң қорытындысын наурызда жариялады.
Бүгiнгi қазақ театрларында “Американы ашу” мәселесi жиi көрiнiс берiп жүр. Әдетке айналып бара жатқан мұндай келеңсiздiк тарихи деректi бiлмегендiк­тi, оқымағандықты, немесе бiле тұра жалған ақпарат беруге барудан қаймықпайтын даңғазақұмарлыққа жақындығымызды көрсе­те­дi. Бұл қатардағы (облыстық) театрда көрiнiс берiп жатса бiр сәрi, республика театрларының iшiндегi атақ­тары дардай, “ұлт­тық”, “академиялық” мәр­тебесi бар театрлар тарапынан көрiнiс бергенде... тiптi ұят екен. Он екi жылдық қана тарихы бар К.Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасына шығатын қай шығарманы алмаңыз, ол

“Арыс” қоры өзi құрылған жиырма шақты жыл iшiнде талай сирек қолжазбаны қилы мұрағат қоймаларынан жинастырып, өз баспасынан жарыққа шығарды. Түрлi салалар бойынша толымды деректер мен әр қиырдағы аймақтар шежiресiн жинақтаған бiрнеше энциклопедиялық кiтап дайындап бастырды. Солардың iшiндегi өз алдына бiр төбе көрнектi кiтаптардың бiрi – “Алаш. Алашорда” энциклопедиясы (құрастырушылар: филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Әнес пен тарих ғылымдарының кандидаты С.Смағұлова). Бұл энциклопедияны “Арыс” қорының құрылғалы берi атқарып келе жатқан жұмысының квинтэссенциясы деп бағалауға әбден болады.

МИНИСТРДIҢ ҰСЫНЫСЫ
Ресейдiң Iшкi iстер министрi Рашид Нұрғалиев Ресей думасының кезектi отырысында тебiрене сөйледi. – Бiз – ерекше елмiз, – дедi ол, – Бiздiң елде мейiрiмдiлiк бар, бiздiң елде Батыс елдерiнде кездеспейтiн құндылықтар бар... Осы Батыстың телевизиялық шоуларының орнына теледидардан совет дәуiрiнде түсiрiлген мультфильмдердi көрсетсек, әлдеқайда пайдалы болар едi. Сонда жас жеткiншектерiмiз де мейiрбан болып ер жетер едi... Өз қаһарманымыз Иван Царевич тұрғанда бiзге Гарри Поттердiң не керегi бар?!
Аралас неке туралы дабыл қағатын уақыт жеттi. Бұлай кете берсек, ұлтымыз құрдым­ға кетедi. Қазiргi кезде қытайлықтар арасында қазақ қыздарына деген сұраныс артып тұр. Бұл сұраныста сая­си астардың бары анық. Мәселен, қазақ қызына үйленген қытайға Қазақстандағы майлы жiлiктiң басын ұстауға мүмкiндiк бар. Қытай жiгiтiнiң қазақ қызын үлде мен бүлдеге орайтыны некен-саяқ. Керi­сiнше, қыздарымыз қытай жiгiтiн асырауға мәжбүр болады. Жалпы, Қытай елiнде өмiр сүру нағыз жанталас деуге болады. Миллиардтаған халықтың бiр үзiм нан үшiн қалай тер төгетiнiн көзге елестету­дiң өзi сұмдық. Олардың заңдары да тым қатал.

Қалада тұратын келiнiм мен баламның бойында бiр өзгерiс барын байқадым. Соңғы кездерi жиi мешiтке барып, дiнге бет бұрғанын бұрынырақ айтқан-ды. Алайда қазiр екеуi имандылықтан гөрi, қисынға сыймайтын дүниелердi көп айтатын болыпты. Үйге әр келген сайын “мынау харам”, “мынау халал”, “бұлай етуге болмайды” деген сияқты сөздерi көңiлiме күдiк ұялатып жүр. Олардың шынайы Ислам жолында, әлде басқа дiни ағымда адасып жүргенiн түсiнбей далмын. Өткенде қайнағамыз қайтыс болды. Сол жерде “мал сойып, ас тарату – шығын, харам болады” деген балам мен “дауыс салып жылауға болмайды” деген келiнiм көпшiлiктiң наразылығын оятты.

Бiрде 105-автобусқа отырдым. Әдеттегiше кондуктор аялдамаларды хабарлап тұр. “Келесi – Байзакова, Байзаковадан түсетiндер бар ма?” – дедi кондуктор. Қазақтың ақ жаулықты әжесi: “Байзақов де, немене Байзакова деп, тегiн сен қойып па едiң?” – деп ұрса жөнелдi көз алдымда. Кондуктор: “Келесi остановка – Байзақов”, – дедi. Әже тағы да “Остановкасы несi, аялдама де. Егемендi елмiз дейдi ғой... Әйтпесе жол жүру ақысын бермеймiн”, – деп автобус еденiн таяғымен түртiп қалды. Кондуктор болса үн-түнсiз ғана әже сөзiн қайталады. Әже бетiне қарап, иә, ендi дұрыс болды деп, жол жүру ақысын қолына ұстатты.

Жыл сайын отбасымызбен Сарыағаштағы “Алтынай” шипажайына барып ем-дом қабылдаймыз. Ондағы ем-домымыз – минералдық су iшу, онымен iшек-қарынды, асқазанды, өт жолдарын тазалау, жуу, парафин, минералдық ванна қабылдау, гинекология және тағы да басқа толып жатқан процедуралар. Бiр таңғаларлығы – биылғы қыста ешқайсымыз тұмаумен ауырмадық. Анамды мазалайтын гинекологиялық аурудың да тамырына балта шабылды. Жақында тағы да “Алтынайға” бардық. Iшi де, сырты да тап-таза. Тып-тыныш. Жанның рахаты. Бiлуiмiзше, “Алтынай” шипажайын ашқан Құрал Ержанов деген кiсi екен.
...“Жас Алаштан” (№17, 1 наурыз, 2012 жыл) оқырман Қ.Ибрагимұлының “Не iстер едiңiз?” деген мақаласын оқыдым. Ол кiсi “Қарттар үйiнде” тұрғысы келетiнiн “Ауыра қалсам, дәрiгер де жетiп келедi...”, “Өзiм секiлдi қарттар бар, шахмат, дойбы ойнаймыз...” деген уәждермен түсiндiрiптi. Және бала-шағасына шаң жуытқызбайды. Дұрыс-ақ. Бiрақ ол кiсi бала-шағасының өмiр бақи өзiн-өзi, бiрiн-бiрi кiнәлаумен өтетiнiн бiлмейдi. Тiптi бұл ақсақал “Қарттар үйiне” бара қалған жағдайда бала-шағасы бiрiн-бiрi кiнәлап, араласпай кетуi де мүмкiн. Оны эгоист шал ойлап отырған жоқ...
АСЫЛ АНАМ
Бәйтеректей бұтағын кеңге жайған,
Тамырлары тереңнен орын алған.
Шуағынан шұғыла тарайтұғын,
Момын ғана бар менiң асыл анам.
 
Асыл анам ардақты бар ғаламнан.
Тауқыметiн тiрлiктiң арқалаған.
Мейiрiмдi жүзiнен нұр төгiлген
Астаналық Қ.Ибрагимұлының “Не iстер едiңiз?” деген мақаласына орай, өз басымнан өткен жайды айтып бермекшiмiн.
Бiз бiр үйде 3 ұл, 1 қыз өстiк. Әкем – мал дәрiгерi, ал анам – мұғалiм. Мен ауылдан ерте кеттiм. Мәскеуде оқыдым. Университеттi бiтiрген соң, төрт жылдай Иркутскiде, одан кейiн Байқоңырда, Астанада, Алматыда жұмыс iстедiм. Iнiлерiмнiң үйлену, қарындасымның күйеу­ге шыққан тойларын айтпағанда, ауылға көп бармадым. Әр барған сайын әке-шешемнiң қартайып бара жатқанын көретiнмiн. Оны өмiрдiң заңы деп қабылдадым. Анам қайтыс болған соң, әкем жалғыз қалды. Бауырларым үйелмелi-сүйелмелi балаларын асырау үшiн Алматыны сағалап кеттi.

Ол өмiрден ерте кеттi. Небәрi 41 жыл ғана өмiр сүрдi. Математикадан үлкен жетiстiктерге жеткен Софья Ковалевскаяның жеке өмiрiнде де қиыншылықтар көп болды. Оның математикаға деген қызығушылығы былай басталған екен: Софьяның бөлмесiне ата-анасы түсқағаз жапсырады. Жетпей қалған жерге математика кiтабының бiр бетiн жапсырыпты. Сол беттегi математикалық өрнектi күнде көрiп жүрген Софьяның математикаға деген қызығушылығы артады. Ол он жас­қа толғанда алгебралық есептер жинағын түгел жатқа бiлдi және оны шығарып та үлгерген едi. Кiтап жұп-жұқа емес, қалың болатын. Әкесi, генерал-ма­йор Корвин-Круковский қызының мұнысын “ерiккеннiң ермегi” деп елемедi. Иә, генерал-майор Корвин-Круковский қатты қателескенiн кейiн бiлдi.

Бүгiн (5 сәуiр) Астанадағы “Дәулет” спорт кешенiнде бокс­тан Лондон олимпиадасының жолдамасы үшiн турнир басталады. Бiр аптаға созылатын сында Азия құрлығының боксшылары сынға түседi. 25 жолдама 10 салмақ дәрежесiндегi жеңiмпаз болғандар мен жүлдеге қол жеткiзген боксшыларға үлестiрiледi. Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құраманың алты бокс­шысы Лондон олимпиадасының жолдамасын бұған дейiн иеленiп қойғаны белгiлi. Былтыр мамыр айында Қанат Әбу­тәлiпов (56 келi) “Астана арландары” клубының намысын қорғай жүрiп, Лондон олимпиадасының жолдамасын жеңiп алды.
Былтыр ұлттық спорт түрлерi қауымдастығының президентi Қайрат Сатыбалдыұлы мен отандық кикбокстың iргетасын қалаушы, жекпе-жек ардагерi Сабыржан Махметовтiң тiкелей қолдауымен республикалық “Жекпе-жек” федерациясы құрылып, түрлi деңгейдегi жарыстар ұйымдастырыла бастаған едi.  2011 жылдың маусым айында Қаскелең қаласында өткен халықаралық турнирде жерлес­терiмiз Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжiкстан, Түрiкменстан мен Ресейдiң спортшыларына қар­сы жекпе-жекке шық­қан.  Ал биыл қаңтар айының соңында Алматыдағы Қазақтың спорт және туризм академиясында Азия чемпионаты мен әлем кубогына жолдама беретiн республикалық iрiктеу турнирi ұйымдастырылып, оның жеңiм­паздары мен жүлде­герлерi ұлттық құрама сапына алынған-ды.
Сейсенбiден сәрсенбiге ауған түнi УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалдық ойындарының қарымта кездесуi өттi. Төрт клуб арасындағы тартыстан кейiн жартылай финал­ға жолдама алған екi клуб белгiлi болды. Алдымен “Камп Ноу” стадионындағы ойын турасында. Осыдан тура бiр апта бұрын Италияның Милан қаласындағы “Сан Сиро” стадионында “Милан” мен “Барселона” қырқысында есеп ашылмаған едi. Содан ба, қос клуб та гол соғудың асқан үлгiсiн осы қарымта ойында паш етуге әзiрленiп келiптi. Бас қазы Кайперс ойынды бастауға пәрмен бергенде стадионды көшiрердей гуiлдеген көрерменнiң басым бөлiгi “Барселонаға” болысты.