1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №28 (15694) 10 сәуір, сейсенбі 2012
НҰРЕКЕСIНIҢ ТIЛЕУIН ҚАЗАҚТАРДАН ДА ОРЫСТАР КӨБIРЕК ТIЛЕЙДI
Сiзге – өтiрiк, маған – шын, Қазақстан президентi Нұр­сұлтан Назарбаевтың қамын қазақтарға қарағанда орыстар көбiрек ойлайды екен. Орыстар болғанда да, өзiмiздiң “қара орыстар” емес – ана жақтың “нағыз орыс­тары”. Қайбiр күнi орыстың бiр телеарнасын қосып қалсам, Карнеги атындағы Мәскеу ғылыми орталығы кеңесiнiң мүшесi, сарапшы Алексей Малашенко “Қазақстан президентi Нұрсұл­тан Әбiшұлын бiзден ала көр­ме!” деп құдайына жата кеп жалбарынып жатыр екен. “Апыр-ай, қайтедi мынау, ә!” деп iштей қызғанып та қалдым. Дәл ол сияқты өз прези­ден­тiмнiң тiлеуiн тiлей алмағанымды ойлап...
Жаңаөзен iсi бойынша өтiп жатқан сот процесiнде талай құпия жайттың сыры ашылатын түрi бар. Қазiрдiң өзiнде жауап берiп жатқан жәбiрленушi кәсiпкерлер талап-арыздарынан бас тартып жатыр. Ал полицей­лердiң бiр-бiрiне қарама-қайшы жауаптарынан кейiн күдiк-күмән қоюлана түстi. Ендi, 5 сәуiр күнi сот алдында жауап берген жәбiр көрген полицияларға тоқталайық. Төлеген Шегiрбаев, полиция өкiлi, ешқандай жарақаттанбаған, бiрақ моральдық “шок” алған. Ол сотта “бiр топ адамнан қорқып, аспанға 4 рет оқ атқанын,айыпталушыларға қоятын кiнәсi жоқ екенiн және талап-арыздан бас тартатынын айтты. 

Қырық екi жыл бойына билiктен түспей, адам құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптаған, қала бердi мыңдаған халықты басып жаныштап, қынадай қырған Ливияның экс-көсемi Муаммар Каддафи­дiң әлемдегi соңғы мүлiктерiнiң келесi тобы тәркiлендi. Өткен аптада Га­а­га­дағы Халықаралық қылмыстық соттың сұрауымен Италияның қаржылық гвардиясы Каддафи отбасына тиесiлi 1,1 миллиард еуроға тұратын түрлi компания акцияларын, банктiк шоттарды, жылжитын және жылжымайтын мүлiктердi жапты. Осыған дейiн жыл басында АҚШ пен бiрқатар Еуропа елдерi 20 мил­лиард еуроны Каддафи иелiгiнен шығарып, Ливия халқына қайтарған едi.

Өткен жылдың аяғында “Қазақстан фермерлер одағы” мен бiр топ ауыл шаруашылығы саласының ғалымдары президент Н.Назарбаевтың атына хат жолдады. Прези­денттiң атына жазылып, бiрақ жетпей жататын жүздеген хаттар секiлдi, ғалымдардың бұл өтiнiш-тiлегi де бiржола “хабарсыз” кетуi әбден мүмкiн. Дегенмен, жағдайды көзiмен көрiп жүрген мамандар мен ғалымдардың үнсiз қалуға ешбiр шарасы қалмады. Әңгiме елiмiздегi жалпы ауыл шаруашылығы саласының, оның iшiнде бүгiнгi күнi шын мәнiнде халықты асырап отырған ұсақ шаруа қожалықтары мен жекеменшiк мал ұстайтын әр отбасының тағдырына қатысты.

ШАРИҒАТ ЗАҢДАРЫ БАСПАНА МӘСЕЛЕСIН ШЕШЕ МЕ?
Таяуда премьер-министр Кәрiм Мәсiмов Дiн iстерi агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Лама-Шариф пен елiмiздiң бас банкирi Григорий Марченкоға Қазақстанға ислам ипотекасын енгiзу туралы iстi қарастыруға тапсырма бердi. Жалпы, әлемдiк экономикалық жүйеде ислам ипотекасының бiрден-бiр тиiмдi жағы – оның шариғат заңдарымен реттелетiнiнде. Яғни, ислам дiнi бойынша алынған қарыздың көтерме бағамен қайтарылуына тыйым салынады. Нақтырақ айтсақ, ислам ипотекасы – пайызсыз жүргiзiлетiн операция.
ОБЛЫС ӘКIМДIГI МЕН ПРЕЗИДЕНТ ӘКIМШIЛIГI ТҮЗГЕН РЕЙТИНГ НЕГЕ ЕКI ТҮРЛI?
“...Бұл рейтинг тапсырыспен әзiрленген, нағыз “заказ”. Рейтингтегi реттiк тiзiмдi түзу барысында субъективтi көзқарасқа жол берiлген. Айталық, бюджетке қатысты көрсеткiш бойынша бiздi ең соңғы орынға қойыпты. Шын мәнiнде, бюджеттiң түсiмiн арт­тырып, ең жоғары деңгейге көтерген бiрден-бiр аудан – Сайрам”. Бұл Оңтүстiк Қазақстан облыс­тық әкiмдiгi түзген рейтингiде осы өңiрдегi 15 аудан, қаланың арасында 14-орынға сырғып, соған қатыс­ты өзiнiң уәжiн бiлдiрген Сайрам ауданының әкiмi Уәлихан Қайназаровтың пiкiрi. Iскерлiгi мен жинақтаған озық тәжiрибесi мол, тiрлiгi батыл
“ЕЛIМ, ЖЕРIМ, ХАЛҚЫМ ҮШIН СОҢҒЫ ДЕМIМ ҚАЛҒАНША АЙҚАСУҒА БАРМЫН” ДЕЙДI ОЛАР
Он бес тәулiктiк қамаудан суретшi Қанат Ибрагимов пен қоғам белсендiсi Қайрат Ердебаев шықты. Естерiңiзге салайық, екi азамат рұқсат етiлмеген митингiге қатысты деген айыппен 24 наурыз күнi қамауға алынған-ды. Соттың бұл шешiмiмен келiспеген Қ.Ибрагимов наразылық ретiнде сол күннен бас­тап аштық жариялады. Жағдайын сұрап хабарласқанымызда, Қанат мұқалмағанын, күрестi тоқтатпайтынын айтты. Түрмеде заңсыз әрекеттер болмады ма деген сұрағымызға: “Керi­сiнше, денсаулығым нашарлап, қан қысымым төмендегенде, арнайы емханаға апарып, дәрiгерге қаратты. Қазiр денсаулығым жақсы.

Азаттық радиосының “Жас Алаш” газетiндегi арнайы бетiнде бұдан бұрын “Үкiметтi сынаған Азаттық тiлшiсiн “арсыз”, “рушыл” деп қаралады” деген мақаламыз басылған едi. Онда Азаттық радиосы Әзiрбайжан қызметiнiң журналисi Хадиджа Исмайловаға белгiсiз бiреулер әртүрлi тәсiлмен қоқан-лоққы жасап, арандатушылық сарындағы материалдар жариялап жатқаны, бұған үкiметтiк ақпарат құралдары да үн қосып, журналиске “рушыл”, “жершiл” деген айыптар таққаны айтыл­ған болатын.

Кембридждегi Черчилль колледжi Астанадағы Nazarbayev University оқу орнымен бiрлесе тағайындамақ болған стипендияның атауында “университет” сөзi түсiп қалып, тек “Назарбаев” есiмiнiң тұрғанына қатысты наразылық танытты.
Ұлыбританияның Times Higher Education (THE – “Таймз Хайер Эдюкейшн”) басылымы сәуiрдiң 5-i кү­нi “Атау ұятқа қалдырмасын – бiз автократты емес, университеттi айтқанбыз” деген мақала жариялады. Автордың жазуынша, Қазақстандағы сайттарда “Назарбаев стипендиясына” қатысты жарнамалар пайда бола салысымен Кембридж университе­тiне қарасты Черчилль колледжiнiң басшылары бұл стипендия бойынша оқытудан бас тартқан.

Соңғы уақытта еркектер арасында белсiздiк дертi белең алды. Мамандардың зерттеуiне қарағанда, әлем бойынша еркектердiң елу пайызы осы дертке шалдыққан екен. Бұл қауiп Қазақстанды да айналып өтпедi. Елiмiздiң уролог мамандары соңғы кездерi осы проблемаға байланысты дабыл қағуда. Бiздегi әрбiр жүз отбасының жиырмасы – бiр перзентке зар болғандар. Демографтардың сөзiне сенсек, халық санының көбеюi үшiн әр отбасында кемi төрт баладан болуы керек. Батыс елдерiндегi секiлдi бiр-екi баламен шектелсек, қарттардың қатары күрт артып, тұрғындардың өсiмiнде тежеу пайда болады.

Аллегориялық әңгiме
Ат құлағында ойнап өскен қазақтың баласы емеспiн бе, кейiн­гi кездерi сәй­гүлiк баптап мiнудi әдетке айналдырған жайым бар. Қызық қуып қырға шығамын, аң қараймын. Түлкi аламын, қоян iлемiн. Бiр-екi мәрте қасқыр да соғып, қанжығамды қандап қайттым. Ала жаздай сабыла iздеп жүрiп, жақында тағы бiр ақбоз арғымақ сатып алдым. Арқада бәйге бермеген тұлпардың тұяғы. Сұңғақ мо­йын, аршын төс, хас жүйрiктiң нақ өзi. Тұрпат-тұрқы да ерек, сүйегi iрi, есiк пен төрдей. Үстiне мiнсең болды, тыпыршып тыныш тұра алмайды. Қамшы салдырмайды. Тiзгiндi тартыңқырап отырмасаң, жүйткiп ала жөнеледi. Жеңсiгiм жеңiп, желiгiм ұстап, сәнге мiнер сәйгүлiктi бәйгеге қоспас бұрын өзiм бiр сынап, шама-шарқын байқап көргiм келдi.

Қыз бен жiгiт болып жүргенiмiзде, қазiргi әйелiм мүлде бас­қаша болатын. Екеуiмiз студент шақта танысып, салт бойынша құда түсiп, сырға салып дегендей үйлендiк. Алғаш­қы жылдары да келiншегiм көңiлiме қаяу салған емес-тiн. Ата-анамның көңiлiне қарап, үй тiрлiгiн тап-тұйнақтай орындайтын. Ағайынның арасында сыйлы, үйдегi менiң аға, әпкелерiмнiң де қас-қабағына қарайтын. Еншiмiздi алып бөлек шыққанымызда, ол екiншi баламызға жүктi болатын. Осы баламыз туылған соң, ол көп өтпей жұмысқа шығатын болды. Отбасылық жетiспеушiлiктiң салдарынан оның жұмыс­қа шығуына қарсы болмадым. Екi бала да әке-шешемнiң үйiнде.

Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы мамандарының дерегiне сенсек, 20-55 жас аралығындағы адамға күнделiктi 800-1000 миллиграмм кальций керек екен. Ал жас балаларға тәулiгiне 600-800 миллиграмм кальций қажет. Дегенмен, бiз бұл керектi күнделiктi ас мәзiрiнен ала алмаймыз. Бұл жетiс­пеушiлiк ағзаны қандай күйге душар ететiнiн бiлесiз бе? Жалпы, кальцийдiң мiндетi қандай? Егер кальций аз болса ми безi ағза мүшесiнiң белгiлi бiр бөлiгiне бұйрық бередi де, ол басқа бiр мүшенiң есебiнен толықтырылады. Мысалы, сү­йектегi қанды алып, оны қан құрамының өзегiне қосады. Осы кезде сүйек жұқарып, ери­дi.

Бiз елiктегiш халықпыз ғой. Елiк­тегiштiгiмiз соншалық, күнделiктi телесериалдардағы сүйiктi кейiпкер­лерiмiздiң есiмдерiн сәби­лерiмiзге қоятынымыз өз алдына, киiм киiстерiне, сөз сөйлеу мәнерiне, тiптi кей­бiр әдет-ғұрыптарына дейiн өмiрiмiзге ендiрiп аламыз. Соның бiрi – өзгерiске ұшыраған сәлемдесу үлгiмiз. Бұрын үлкендер қол алысып амандасып, көп­тен берi жүздеспеген ет жақын туыс болса жасы кiшi­нiң маңдайынан сүйетiн. Ал қазiр үлкен де, кiшi де, әйел де, еркек те, тiптi жiгiт пен жiгiт те жаппай бет сүйiсiп амандасатын болды. Пәлен жыл көрiспегендей, бас салып сүйiсiп амандасу ерсi-ақ көрiнедi.
1. Қарапайым әйел ақылды болудан гөрi әдемiрек болғанды құп көредi. Өйткенi ол қарапайым еркектiң тал­ғамнан гөрi көзi анығырақ көретiнiн бiледi.
 2. Әйелдер ешқашан өтiрiк сөй­лемейдi, тек әлгiнде ғана айтқанын ұмытып қалатыны болмаса.
 3. Бәлеқор келiншектi ызаландырғанша, еркекке оның көңiлiн тапқан пайдалырақ.
4. Тойға дейiн “маған сен ғана ұнайсың” деген ғашықтар тойдан кейiн “сен маған ғана ұнайсың...” деуге көшедi.
 5. Барлық әйелдердiң киiм киюдегi тал­ғамы бiрдей, яғни еркектiң шешiн­дiру сезiмiн ояту үлгiсiн таңдайды.
6. Егер еркек
“КҮЙЕУБАЛА ЖӘНЕ КЕЛIН” ЖОБАСЫ ЖАСАЛУДА
Алматыда «Комсомольская правда-Казахстан» газетiнiң бастамасымен болашақ күйеулер мен келiндерге арналған арнайы жоба iске қосылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаға қатысушылар iрiктелiп алынады. Келесi кезекте болашақ күйеу мен келiндер көптеген сынақ сатыларынан өз өнерлерiн көрсете­дi. Жобаның басты мақсаты – жiгiт пен қыздың өз табиғи болмысын дұрыс қалыптастыруына ықпал ету. Өмiрлiк жарын таба алмай жүргендер үшiн бұл жобаның көмегi болары анық. Бұған ұйымдастырушылар сенiмдi.
Астанада өтiп жатқан бокстан лицензиялық турнир бел ортадан ауды. Азия құрлығының 30-ға жуық елiнен келген 189 боксшы Олимпиаданың 25 жолдамасын бөлiске салып жатыр. Әзiрге 64 және 75 келi салмақтағы боксшылар жолдамаға қол жеткiздi. Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құраманың жолдамасы тағы бiреуге артты. 64 келi салмақта Данияр Елеусiнов жартылай финалға шығудың арқасында жолдамаға қол жеткiздi. Данияр үшiн алда жартылай және финалдық сын бар.  Былтыр Баку қаласында өткен әлем чемпионатында орта жолда сүрiнiп, жолдамадан қағылған Елеусiнов Астана рингiне тас-түйiн дайындықпен шықты.
КОЛЛЕКЦИЯ ЖИНАУДЫҢ ДА ӨЗ ҚЫЗЫҒЫ БАР
Кейбiр адамдар ермек үшiн қуыршақтың, машинаның түр-түрiн жинаса, ендi бiрi сiрiңкенiң қорабын, медаль-ордендердi және тағы да басқа заттарды жинайды. Жарайды, темекi тартатын трубка, тасбақа, балықтың түр-түрi (сувенирлер) аз орын алады делiк. Ал трактор, машинаның түр-түрiн қою үшiн қаншама орын керек десеңiзшi?! Бiрақ коллекционерлер оны ойламайды. Жинаған заттарын өз қолдарымен сүртедi, тазалайды, аялайды және содан ләззат алады. Мысалы, Ресейдiң әншiсi Александр Серов машина жинайды. Ал Германияның 76 жастағы тұрғыны пасхалық жұмыртқа (декоративтi) жинайды екен
Журналистер арасында би­льярдтың “еркiн пирамида” түрiнен танымал тележурналист Абзал Әбеновтi еске алуға арналған республикалық турнир өттi. 27 ко­ман­да арасынан республикалық “Қазақ әдебиетi” газетiнiң коман­да­сы қара үздi. Iрiктеу кезеңiнде қарсыластарын қапы қалдырған Жанарбек Әшiмжан мен Бақыт Беделхан финалда “Хабар” агент­тiгi командасының мүше­лерi Артур Исмайлов пен Мәди Мәмбетбаевтан басым түстi. Үшiншi орын “Известия-Қазақстан” газетiнiң мүше­лерi Қадыржан Забих пен Нұрлан Еркеғалиевке бұйырды. Жүлдеге ие болған команда мүшелерiне бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.
Өткен жексенбiде ел чемпионатының 5-тур ойындары өттi. “Атырау” қостанайлық “Тобылмен” тең түстi. Джонатас 34-минутта есеп ашып, алаң иелерiн алға шығарған. Атыраулықтар басымдықты ойынның негiзгi уақыты аяқталуға 2 минут қалғанға дейiн ұстап тұрғанымен, Жолшиев 88-минутта нәтиженi теңшеп, командасын жеңiлiстен құтқарып қалды. Премьер-лигага биыл қайта қосылған көкшенiң “Оқжетпесi” әл-әзiр ұтылудан көз ашар емес. Бұл жолы да былтырғы ел чемпионы “Шахтерге” есе жiбердi. “Жастар” стадионында өткен ойын 0:2 есебiмен кеншiлердiң пайдасына шешiлдi. Көкшелiк клуб ойыншылары бiрiншi таймда қорғанысты кү­шейтiп,