1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (15695) 12 сәуір, бейсенбі 2012
ҰЙҚЫМЫЗДЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУДIҢ ОРНЫНА, “ҰЙЫҚТАТЫП ҚОЙЫП” ҚАЛТАМЫЗҒА ТҮСIПТI...
Дүйсенбi күнi Ақмола гарнизонының әскери соты ҰҚК Шекара қызметi орталық аппаратының қызметкерлерi мен бiрнеше кәсiпкердi соттады. Орталық аппараттың қаржылық-жоспарлау бас­қармасының аға кеңесшiсi, капитан Лейла Ибраева сегiз жарым жылға сотталып, барлық шен-шекпенiнен айырылды. Ибраеваға “ақша жеуге” көмектескен есепшi Құралай Нұрғожаева да жазасыз қалған жоқ, бес жарым жылды арқалап ол кеттi. Бұл екеуi­мен ым-жымы бiр болған 5 кәсiпкер әртүрлi мерзiмге сотталды. Бұлардың iшiндегi ең пысығы Сағат Көшкiмбаев тоғыз жарым жылын түрмеде өткiзедi. Ұйымдасқан қылмыстық топтың мемле­кеттiк бюджеттен жымқыр­ғаны – 1 миллиард 389 миллион теңге!
Әдiлетсiз өткен сайлаудан кейiн бас көтерген наразы топтың ендi ауқымы ұлғайып, қатары көбеймек. Бұлай деуiмiзге сейсенбi күнгi үлескерлер мен ғалымдардың жасаған мәлiмдемесi себеп болды. Сәуiрдiң 10-ы күнi Алматыда арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген «келiспейтiндер» тобының жаңа өкiлдерi мұндай қадамға бару себептерiн тарқатып айтып бердi. Жиынға «Одақ» ғылыми қызметкерлер кәсiподағы, “KazCommerceEngineering” ЖШС-нiң үлескерлерi мен «Халыққа баспанасын қалдырайық» қоғамдық ұйымының Шымкент, Алматыдағы өкiлдерi қатысты. Ә дегеннен түйiнi шешiлмеген проблемалар туралы сөз қозғаған наразы азаматтар төзiмдерi таусылғанын жасырмады.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысында бiрнеше күтпеген жағдай болды. Бұл туралы газетiмiзге Ақтауда өтiп жатқан сот процесiне арнайы қатысқан саясаткер Болат Әбiлев хабарлап, жағдайды төмен­дегiше баяндады: “Дүйсенбi күнгi сотта айыпталушы Есенгелдi Әбдi­рах­манов өзiне қалай қысым жасал­ғаны туралы айтты. Ол туберкулез­дiң ашық түрiмен ауыратынын, бiрақ соған қарамастан, уақытша қамау абақтысында өзiнiң аяусыз соққыға жығылғанын жасырмады. Ол қамауға алынған сәттен бастап, “омондар” тарапынан түрлi қысымдар жасалып, жанының қиналғанын да айтты. Желтоқсанның қақаған суығында “омондар” Әбдiрахмановты темiр еденге жат­қызып, үстiне суық су құйып қинаған.

Байшонас поселкесi – Атырау облысының Мақат ауданына қарас­ты 400-ге жуық түтiн­нен құралған шағын мұнайшылар ауылы. Мұндағы үй деп отыр­ғандары сонау 1922 жылдары қазiргi “Ембiмұнайгаз” өндiрiстiк фи­лиалының құрамына кiретiн мұнай-газ өндiру бас­қармаларының мұнайшылары тұратын вахталық поселке ретiнде салынған барактар. Содан берi бiр ғасырға жуық өттi. Кенiштiң түбi көрiндi. Ауылдың шұрайы кеттi. Былтыр Байшонастың 80 жылдығын билiк пен ұлттық компания жылдағыдай ат сабылтып, бәйге шаптырмаса да атап өттi. Байшонастың көңiлi күптi халқы тойды емес өздерiн жылы да жайлы қонысқа көшiре ме деп елеңдескен. Анда-мұнда емес Атырау қаласының өзiне ат басын тiрегiсi келедi. Оған еңбе­гiмiз сiңдi деп санайды.

Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовке
Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Төлеубек Мұқашевке
МИТИНГ ӨТКIЗЕТIН ОРЫННЫҢ МӘСЕЛЕСIН ШЕШУДIҢ ҚАЖЕТТIГI ЖӨНIНДЕ
Өздерiңiзге де бел­гiлi, қазiргi күнi сiздерге сенiп тапсырылған қалада алматылықтардың митинг өткiзу, шеруге шығу, жиын өткiзу секiлдi конституциялық құқы бұзылып отыр. Елiмiздiң не­гiзгi заңының 36-бабына сәйкес азаматтар митинг өткiзуге құқылы, бұл Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактының 24-бабында да айқын көрсетiлген. Өзде­рiнiң осындай саяси құ­қығын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық бiр­лестiктер митинг өткiзуге, онда да қаланың орталығында өткiзуге бiрнеше рет өтiнiш түсiрдi.
Қызылорда облыстық сотының қылмыстық iстердi қарайтын апелляциялық алқасының назарына
Менiң басымдағы жағдайды ешбiр ананың басына бермесiн. “Он екiде бiр гүлi ашылмаған” бауыр етiң – балаңды “адам өлтiрдi” деген айып­пен көз алдыңда ұстап әкеткеннен асқан қасiрет бар ма бұл жалғанда?! Тергеу өрескел заң бұзушылықтармен жүргiзiлдi. Сот-медициналық сараптамалар бiрiн-бiрi жоққа шығарады. “Басқа түссе, баспақшыл” деген, аз уақыттың iшiнде заңның ықпыл-жықпылын үйренiп алдық. Үйренейiн деп үйрендi дейсiздер ме... Мен – төрт баланың анасымын. Жетi жылды арқалап кете барған Азамат Құрбанбеков – төлбасым. Оқиғаның мән-жайы түсiнiктi болуы үшiн басынан бастап баяндайын.
деп алдап соққыштар дырдай бастық Ж.Исмаиловты тақырға отырғызып кеткен жоқ па?
Оңтүстiк Қазақстан облыс­тық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Жұмағали Исмаиловтың анау-мынау емес, Ресей мемлекетi тарапынан берiлетiн Ломоносов атындағы орденнiң иегерi атанғанынан хабардар бол­ғанда, қатты таңдандық. Рас, орыс халқының тарихына аты өшпестей болып жазылған тұғырлы тұлға Ломоносов атындағы алтын медаль – бүгiнде Ресей Ғылым академиясының ең жоғарғы наградасы. Жылына осы марапатқа ие болу бақыты екi-ақ адамға бұйырады. Сондықтан өткен ғасырдың      50-iншi жылдарынан бастап берiлiп келе жатқанымен, бұл марапатқа ие болушылар некен-саяқ. Ал Исмаиловтың еншi­сiне бұйырғаны қай Ломоносов атындағы орден?

Осы аптаның басында Ұлыбританияның Кембридж университетiндегi Черчилль колледжi “Nazarbayev Fellowship” деп аталатын стипендияны атауына бола қабыл етпедiк” деп мәлiмдедi. Ал сәуiрдiң 10-ы Астанадағы Nazarbayev University өкiлдерi Азаттыққа үмiткерлердi iрiктеуге ғана “көмектескендерiн”, бiрақ Назарбаев стипендиясына ешқандай қатыстары жоқ екенiн айтты. Оқу орнының провосты (академиялық және ғылыми проректоры) Энн Лонсдейл:  – 2011­ жылдың қараша айында Nazarbaev University-ге Pricewaterhouse­Coopers компаниясы хабарласып, стипендияға үмiткерлер тiзiмiн жасап, көмектесудi өтiндi. Ал бұл стипендияның тарихы қалай басталғаны жайлы Nazarbaev University бiлмейдi. Бiз стипендияның құрылтайшысы емеспiз, бұл – бiздiң стипендия емес. Бiз тек делдалдық қызмет атқардық, – дейдi.

Бүгiнгi сатира
…Ғайыптан тайып бүгiнгi күнi 70-тiң желкенiн көтерiп отырған кәнiгi кәсiпкер, меценат, өнер жанашыры Өмiрзақ Сәрсенов ағамен телефон арқылы тiлдесiп ем: – Қайда жүрсiң, қарағым-ау? – дедi еркелете сөйлеп. – Тым құрымаса, жұмасына бiр рет телефонмен болса да сәлемiңдi үзбе. Шаруаң болмағасын шаужайына жармасып, апта сайын “Ассалаумағалейкум!” дей берген де ерсi емес пе? Соны сезгендей Өмiрзақ ағам:  – Жұма сәлемiңдi бiр-екi шумақ болса да өлеңдетiп менiң факсiме жiберiп тұрсай! – дедi. Сынағаны ма? Әлде қамшылағаны ма? Масқара-ай! Ағыл-тегiл жырлайтын ақын емеспiн. Қалай көсiлем? Шөңгенi де, шөптi де тiлге тиек етсем, Алдаркөсенiң “әләуләйы” боп кетпей
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң бастамасымен жоғары оқу орындарында “дiни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы шаралар кешенi” өтiп жатыр. Оқылған баяндамаларда Қазақстанда “тұрақсыздық орнатқысы келетiн сыртқы күштер” жайында да айтылады. Жергiлiктi құқық қорғаушы бұл шаралардың мақсаты мен мазмұны үйлеспей тұр деп санайды. Сәуiрдiң 4-i күнi бiлiм және ғылым министрлiгiнiң баспасөз қызметiнiң өкiлi Майра Қайыргелдiқызы бұл шаралардың барлық оқу орнына мiндеттелмегенiн, тек ұсыныс ретiнде айтылғанын хабарлап:  – Әрбiр жоғары оқу орны оның форматын өзi таңдайды. Қашан өткiзудi де өздерi анықтайды. Бiрiншi болып қазақ ұлттық педагогикалық университетi өткiздi. Ендi қай жоғары оқу орнының өткiзетiнi белгiсiз, – дедi.
БАНК БАСШЫЛЫҒЫ “ЕҢ ҚИЫНЫ АРТТА ҚАЛДЫ” ДЕП МӘЛIМДЕДI
Осыдан екi жыл бұрын дефолтқа ұшырап, сыртқы қарызын қайта құрылымдаған “Альянс банктiң” қазiргi қаржылық көрсеткiштерi жақсарып, тұрақты даму жолына түстi. Банк қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес аудиттелген, шоғырландырылған есебiн жариялады. Осыған сүйенсек, Альянс банкi халықаралық стандарттар бойынша оң мәндi капиталды қалпына келтiрдi. Кешегi баспасөз мәслихатында банк басшылығы осыны мәлiмдеп, өткен жылдың қорытындысын жария еттi. 2010 жылы қаржылық қиындыққа ұшыраған банк қайта құрылымдау жүргiзген едi. Альянс банктiң Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев былтырғы жылғы халықаралық стандарттар бойынша есептеме деректерiн алға тартып, банк дағдарыстан кейiн толығымен қалпына келгенiн мәлiм­дедi.

Науайы қаласындағы цемент заводынан цементтi жүктеп алып жолға шыққанбыз. Ауылға жеткенше жол бойында елдiмекендер некен-саяқ кездеседi. Шөлдiң жолы шалғай әрi ауыр. Алыс жол кейде жалықтырады. Шопыр – Кенжемұрат досым. Оған мен серiк болып келе жатқан жайым бар. Бұл кез күн батуға тақаған шақ едi. Бiр уақытта Кенжемұрат мәшинесiн тоқтатып: “Осы жерге аз ғана аялдап шекпен жаяйық”, –   дедi маған. Сөзiне таңдандым, “шекпен жайғаны несi” деймiн iштей. Онысын кеш түсiндiм. “Шекпен жайдысы” бұйырғанды iшiп-жейiк дегенi екен ғой. Текке қарап отырғым келмей:

Қазақ халқының сүйiктi саятшылық өнерiнiң бiрi – қыста түлкi аулау. Ұлы Абай: “Қансонарда бүркiтшi шығады аңға, тастан түлкi табылар аңдағанға”, – деген ғой. Қазан төңкерiсiне дейiн қазақтар үшiн түлкi ең қымбат аңның бiрi болып саналды. Қазақ аңшылығын бүге-шiгесiне дейiн зерттеген орыс зиялысы А.А.Слудский өзiнiң еңбегiнде қазақ тазысы туралы қызықты мәлiмет келтiредi. Сол заманда қазақ тазысының аса қымбат болғандығын мына бiр деректер арқылы дәделдейдi. Қаратал бойында Алтүлкi деген тазы бiр қыздың қалың малына бағаланыпты. Бұл дегенiңiз – 47 бас мал деген сөз. Құнына қарай тазы да өте алғыр болған. Бiр қыста жүзден астам түлкi алған. Ол кезде түлкiнiң пұшпағы бiр қой екен. Сонда бұл тазы бiр аң аулау маусымында иесiне төрт жүз қой пайда әкелген.

Мен туып-өскен “Сұрат” ауылы – Алатауды бөктерлей қоныстан­ған ауыл. Оған Алматы – Тараз тас жолынан өрге қарай жаяу жүрiп жететiнбiз. Себебi, ол уақытта көлiк сирек қатынайтын. Жолдың екi жағы қалың тал, жайқалған көк майса егiстiк едi. Одан берi де талай уақыт өтiптi... Бақандай қырық жыл! Ауылды сағынып, аңсап, бiр көруге асығып келем. “Елу жылда ел жаңа” деген рас, бәрi де өзгерген. Бiрақ көңiл көншiтердей жаңаша ештеңе жоқ. Қуарған сары дала, әр жерде кесiлген ағаштың түбiрi. Ауылға кiре берiсте, сол жақта қырман болушы едi. О, тоба! Жым-жырт. Төбесiн ескi қаңылтырмен жаба салған қамба шошайып жалғыз өзi жетiм баланың күйiн кешiп тұрғандай. “Ешкiмге керек емеспiз” дегендей тұнжырайды.

XVII ғасырда өмiр сүрген мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бiрi Әзiрет Әлiге “Бiлiм артық па, байлық артық па?” деген сұрақ қойғанда, бiлiмнiң артықшылығы жайлы он дәлелмен былайша жауап қайтарған екен:
1. Бiлiм артық, өйткенi ол – пайғамбарлардан қалған мұра.
2. Бiлiм артық, өйткенi ол сенi бағады, ал байлықты сен бағасың.
3. Бiлiм – досыңды, байлық дұшпаныңды көбейтедi.
4. Бiлiм – iздей берсең көбейедi, оны жұмсағанмен азаймайды. Байлық – жұмсасаң азаяды, бiлiмнiң артық болатыны осыдан.

Әр министр ауысқан сайын бiрге ерiп келетiн реформалар бiздегi денсаулық саласын құрдымға итермелеуде. Олай демеске шараң жоқ. Жаңашылдыққа ұмтылғандай көрiнетiн медицинамыз қалта қағудан әрiге аспай отыр. Баяғы темiр кереует пен зiл темiр аппараттардан құтылдық. Бiрақ УЗД, МРТ, компьютерлi тексеру құралдары да қазақстандық дәрiгерлерге “көмектесе” алмауда. Алған бiлiмi өз деңгейiнде болмаған соң, мың жерден технологиямен жаңарудан пайда жоқ екен. Ана мен баланың саулығына қыруар қаржы бөлiнуде. Өкiнiшке қарай, дәрiгердiң бiлiксiздiгiнен өлiм құшып жатқандар күн сайын көбейiп барады. Тәуелсiздiк

Астанада бокстан Лондон олимпиадасының жолдамасы үшiн басталған турнирге Ирак құрамасын Дамир Буданбеков бастап келдi. Буданбеков бапкердiң 8 боксшысының екеуi жартылай финал­ға шықты. Былтыр осы елдiң боксын өрге сүйреу үшiн шекара асқан бапкердi “Дәулет” спорт кешенiнен жолықтырып, аз-кем сұхбаттастық. Осыдан екi жыл бұрын Ирак бокс федерациясының президентi Ахмет Башар мырза арнайы шақырғанда бiрден келiспеген болатынмын. Сирия, Оңтүстiк Корея елдерi де бас бапкерлiкке шақырған едi. Содан Башар екiншi рет ұсыныс жасап, қайта-қайта қолқалаған соң, өткен жылдың маусым айында бiр жылға келiсiмшартқа қол қойдым.

Қызылорданың жалғыз футбол клубы “Қайсардың” бүгiнгi ойыны, аяқ алысы көңiл көншiтпейдi. Ел бiрiншiлiгi бас­талғалы 5 ойын өткiздi, қоржынында әлi бiрде-бiр ұпай жоқ. Жеңiлiстен кейiн жеңiлiс. Тас-талқан ұтылу. Қарай-қарай жерден де ұят болды тiптi. Соңғы турда жерлестерiмiз өз алаңында оралдық “Ақжайықты” қабылдаған-ды. Былтыр ғана “Қайсардың” жейдесiн киiп, биыл оралдық клубқа ауысқан Борут Семлер алаң қожайындарының қақпасына қатарынан екi доп соғып жұқар­ған жүйкеге одан сайын ши жүгiрттi. “Семлерге сенiм­сiздiк бiлдiрген өздерiнен көрсiн” деп жанкүйерлер жаттықтырушыларды бiраз жерге апарып та тастады.

Республикалық “Sport” газетi   күш атасы Қажымұқанға Астана қаласынан еңселi ескерткiш орнату туралы бастама көтерiп, көпшiлiктiң талқысына салғалы да көп бола қоймаған едi. Ендi мiне, оңды iстi қалалық әкiмдiктегi атқамiнерлер де қолдап, бастамаға оң көзқарас танытыпты. Қажымұқан – қазақ даласына классикалық күрес деген ұғым-түсiнiк жете қоймаған заманда өзi сұранып Ресей асып, осы спорт түрiн меңгерген тұңғыш қазақ. Заманында талай апайтөс балуандардың бiлегiн бұрап, жауырынын жер иiскетiп, әлем чемпионы атанды. Бұл биiктi Мұңайт­пастың балуан баласы бiрнеше рет бағындырды. Қартайған шағында күшiн елдiң игiлiгiне жұмсады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыста ел аралап жүрiп көрсеткен цирк өнерiнен түскен ақшаға ұшақ сатып алып, майдан даласына жiбердi. 

Астанада өтiп жатқан бокс­тан лицензиялық турнирдiң жартылай финалына төрт бокс­шымыз да шықты. Бұған дейiн қарсыластарын сабап, 64 келiде жолдамаға қол жет­кiзген Данияр Елеусiновтiң жетiстiгiн 52 келi салмақта Iлияс Сүлейменов сабақтады. Ширек финалда қытай боксшы Жанг Янгты 19:12 есебiмен еңсерген Iлияс Лондон олимпиадасының жолдамасына қол жеткiздi. Ендi Сүлейменов үшiн жартылай, финалдық кездесу маңызды бола қоймас, өйткенi жолдама – қоржында, бастысы – былтыр Азия чемпионатында кеткен есесiн еселеп қайтарды. Кореяда өткен Азия бiрiншiлiгiнiң финалында Iлиястың тауын осы Янг шаққан болатын.