1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №30 (15696) 17 сәуір, сейсенбі 2012
Президент түрлiше сөйлей беретiн болды. Кешегi әңгiмесi тәп-тәуiр едi: әлемдiк саясат, дiндер достығы, ұлттардың арасындағы татулық дегендей. Ал бүгiн... Бүгiнгiсi – бәлду-бәлду! Үлкен мiнбеде тұрып, үлкен үйдiң тентегi малжаңдап шайнап жүретiн сағызды сөз еттi! Қаладағы ұсақ-түйек қылмысты қалт жiбермей қадағалау керек. Адам өте­тiн жердiң бә­рiне сағыз жапсырып кетедi. Ондайларды ұстау керек, тiркеу керек, хаттама толтыру керек. Ескертiңдер! Ондайлар әкiмшi­лiк жазаға тартылсын, айыппұл төле­сiн, үш тәулiкке қамалсын. Ұсақ құқық бұзушыларды көшеде ұстап алыңдар, жазаланатынын бiлiп жүр­сiн. Сонда тәртiп болады, сонда қылмыс болмайды, – дедi Нұрсұлтан Назарбаев.
“Әдiлдiк қайда?! Заң қай­да?!” Бұл – жаңа­өзендiк 37 айыпталушының бiрi Мұратбай Жұма­ғалиевтiң 16 желтоқсанда алаңда айтқан ұраны. Әдiлдiк сұ­раған азамат сол уақыттан берi абақтыда қамауда. Оған “жаппай тәртiп­сiздiкке қатысқан және үкiмет өкiлiне қарсылық көрсеткен” деген айыптар тағылған. М.Жұмағалиевтен 12 сәуiрде өткен сотта жауап алынды. Ол да өзге әрiптестерi секiлдi, тергеу кезiндегi берген жауаптарының көп­шi­лiгiнен бас тартты. “Тергеу амалдары ұрып-соғу, қорқыту, алдау, арбаумен өттi. Тергеу­шiнiң айтқандарына көнбеске амал қалмады. Қайткен күнде де сот алдына аман жетудi мақсат тұттық” – дедi Мұратбай Жұмағалиев. “Мен алаңға сағат 11-лер шамасында келдiм. Сахнаға жақын маңда тұрдым.
Кеше Алматыда Жаңаөзендегi сот процесiне қатысты баспасөз мәслихаты өттi. Жиынға тәуелсiз қоғамдық комиссия­дан Гүлжан Ерғалиева, Рысбек Сәрсенбайұлы, Болат Атабаев, Мұхтар Тайжан, Ғалым Агелеуов қатысты. Спикерлер Жаңаөзен оқиғасына байланысты жүрiп жатқан сот процесiн тоқтатып, iстi қайта тексерудi талап еттi. Сот процесi алғашқы сәттен бастап-ақ түрлi заңбұзушылықтарға жол бердi. Алдымен айыпталушы, сосын куәгер мен жәбiрленушiлерден сұрақ-жауап алынып бiтпей, судья А.Нағашыбаев асығыс түрде айыпталушылардан жауап алуды бастап жi­бердi. Айыптаушы тарапқа қисайғаны байқалады. А.Нағашыбаевтың iске қатысты әдiл шешiм шығарарына күмән басым. “Ашық” деп жарияланған сотта судья
Жаңаөзен iсi бойынша өтiп жатқан сот процесiнде басты айыпталушылар жауап бере бастады. Өткен жұмада сотта сұралған Талғат Сақтағанов осы күнге дейiн айтылмаған бiраз жайттың бетiн ашса, кеше жауап берген Роза Төлетаева өзiн ҰҚК қызметкерлерi шашынан сүйреп қорлағанын айтып бердi. “Жаңаөзен – 2011” комитетi­нiң мүшесi Ерлан Қалиевтiң айтуынша, кеше түске дейiн өткен сот отырысында тек Роза Төлетаевадан ғана жауап алынды. Айыпталушы жауап бермес бұрын оның адвокаты Жуасбаева сотқа екi өтiнiш түсiрдi. Алғашқысы қорғауындағы Р.Төлетаеваға соттық-психиатрлық сараптама жасау жөнiндегi өтiнiш.
Осыдан екi жыл бұрын “полицейлерге қарсылық көрсеттi” деп айыпталып, 2 жылға бас бостандығынан айырылған Ақтөбедегi оппозиция белсендiсi Айдос Садықов (суретте) жұма күнi бостандыққа шықты. Ол Ақтөбе­дегi УКА 168/2 түрмесiнде жазасын өтеп жатқан-ды. Бұның алдында, наурыз айының 28-i күнi Ақтөбе қалалық соты А.Садықовқа рақымшылық жасап, мерзiмiнен бұрын шығару туралы шешiмiн жариялаған. “Азат” ЖСДП Ақтөбелiк филиалының басшысы болған ол, түрмеден шыққанда қандай жағдайда да өзiнiң оппозицияның құрамында қалатынын, күрестi тоқтатпайтынын жеткiздi
Алматының Әуезов ауданында жантүршiгерлiк оқиға болды. Бұл туралы газетiмiзге арнайы хабарлаған қоғам белсендiсi Нұрлан Бәкiр­ланов “әдiлдiк iздеп жүргенiн” жет­кiздi. Кеше Әуезов ауданындағы 11-ықшамауданға БАҚ өкiлдерiн ша­қыр­ған ол қайғылы оқиға туралы егжей-тегжейлi баяндап бердi. Қазақ қоғамында үйреншiктi құбылысқа айналған “жұмыстан қысқару” проблемасы Құлынтаев Әлiмжанды да айналып өтпептi. Зейнет жасына дейiн әлi ерте. Қай мекеменiң есiгiн қақса да, мұны ешбiрi жұмысқа алғысы келмейдi. Әлеуметтiк проблеманың ең өзектiсi де сол – бала-шағаңды асырап, бағу. Осы қажеттiлiктен үй ауласында азын-аулақ саудамен айналысқан Ә.Құлынтаевтың ажалы да осыдан болар деп ешкiм ойламаса керек.
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНГРЕСIНIҢ ҚАРАРЫ
Бүгiнгi күннiң ең басты мiндетi – елдi құтқару, барлық жауапты топтар мен күштердiң басын бiрiктiру, екiншi кезектегi мәселелердi ысырып қою. Бас-басымызға би болу кешегi күннiң еншiсiмен қалып, болашақ бiздi бiрiктiруi керек. Саяси және әлеуметтiк реформаларды жүзеге асыру үшiн кемел мемлекеттiк құрылым қажет. Оған жету үшiн өтпелi кезеңнен өтуге тура келедi. Өтпелi кезеңнiң басты шарты – бiр-бiрiмiзден кемшiлiк iздеудi, мiн тағуды доғару. Ал билiк пен оппозицияның бiр-бiрiне ашықтан-ашық сенiм­сiздiк бiлдiруi Қазақстандағы ең өзектi мәселе болып қалып отыр. Бiздiң шенеунiктерiмiз билiктi өздерiнiң жеке және мүлiктiк мәселелерiн шешудiң жалғыз кепiлi деп түсiнедi. 
САЯТ ИБРАЕВТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҚҚА ИЕК АРТПАҚ
Осыдан бiр жарым жыл бұрын “қылмыстық топ құрды” деген айыппен қамауға алынып, 2011 жылы ҚР Қылмыстық Кодексiнiң 6 бiрдей бабымен 12 жылға бас бостандығынан айырылған Қа­зақ­стандағы сопылар қауымдастығының басшысы, ғалым Саят Ибраевтың жақындары өткен аптада бас қосты. Олардың iшiнде С.Ибраевтың әкесi Мұрат Ибраев, жары Ләззат Ибраева, қор­ғаушылары Абзал Құспанов пен Шынқуат Байжанов және қыз­меттегi әрiптестерi, профессорлар Түсiпбеков Махаббат, Қалтаев Айдархан, Омаров Темiрлан қатысты. Сондай-ақ бұл жиынға “қылмыстық топ құрды” деген айып тағылған саяси қуғындар Жанболат Мамай мен Болат Атабаев та шақырылды.
Бүгiнгi билiктiң басты жауы Мұхтар Әблязовтың соңғы уақытта үнi құмығыңқырап қалғандай болып едi. Мұның себебi – Лондон сотының “бiзге құрмет көрсетпедi” деп Әблязовтi 22 айға қамау туралы шешiмi болса керек-тi. Жақында бас прокуратура Әблязовтiң сыбайластары ұсталғанын хабарлады. Ресми ақпарға сенсек, олар Алматыда бiрнеше жарылыс жасамақ болған. Осы айыптаудан кейiн М.Әблязов “Республика” ақпараттық-сараптамалық порталы тiлшiсiне сұхбат бердi. Осы сұхбатты ық­шам­дап жариялауды жөн көрдiк.
Қырғыз үкiметi наурыз айында экономикалық қылмыспен күрес қызметiн құрды. Бұл мекемеге қабылданатын қызметкерлердiң сынақ тапсырған сәтiн бүкiл ел теледидардан көрiп отырды. Қырғыз үкiметi экономикалық қылмыспен күрес қызметiн құру үшiн әуелi қаржы полициясын таратты. Қырғызстан премьерi Өмiрбек Бабанов наурыз айындағы үкiмет отырысында “Қаржы полициясы өз беделiн өзi түсiрген мекеме ретiнде таратылды” деп мәлiмдедi. Оның орынына құрыл­ған жаңа орган экономикалық және лауазымдық қылмыстармен күреспек. Мекеме қызметкерi болу үшiн 1400 кандидат өтiнiш бердi.
“Қазақстанда тегiн бiлiм гранттарын ұсынатын ұйымдар санаулы. Бiрақ мүгедек немесе әлеуметтiк жағдайы төмен отбасылардан шыққан дарынды жастарға бiраз мүмкiндiктер бар” дейдi мамандар. Көптеген елдерде дарынды жастардың шетелде сапалы бiлiм алуына әлеуметтiк жағдайы да, денсаулығының нашарлығы да кедергi бола алмайды. Себебi қайырымдылық қорлары көп. Бiрақ мамандар Қазақстанда бiлiм қорларының аз екенiн айтады.  Жезқазған қаласының тұрғыны, 20 жастағы Жанболат Сейiтмаған­бетов кiшкентайынан байланысшы болуды армандаған. Ол колледжге түскен кезде ата-анасы ажырасып, сыртқы бөлiмге ауысып, жұмыс iстеуге мәж­бүр болған.

– Ұлтымызға қасiрет жамылдырған сол бiр қаралы күнi жазықсыз қаны төгiлген жастарға жаным ашып, жанайқайымды бiлдiргенiм рас. Бiрақ мен оны батырлық та, үлкен ерлiк те санамаймын. Мен саясаткер де, оппозиционер де, халық қалаулысы да емеспiн. Қарапайым әде­биет­шiмiн. Қазақ деген ұлы халықтың бiр кiшкентай перзентi болғандықтан, билiктiң зорлық-зомбылығына төзбей, анама араша түстiм. Егер бiздiң қоғамда анаңа араша түсу де асқан ерлiк болып саналса, ол еш­қандай да батырлық емес, заманымыздың керi кеткенiнiң, азып-тозғанының белгiсi шығар мүмкiн.

Көкiрегi күмбездей күмбiрлеп, аңыз-даланың абызына айналған Ақселеу Сейдiмбек досымның бақилық болғанына да, мiне, төрт жылдың жүзi болыпты. Тiрi болса биыл жетпiске толар едi. Қолыма қалам алып, кезектi сөзiмдi айтуыма да осы Ақселеудiң мерейлi жасы түрткi болды. Тiршiлiгiнде сыйлас, дәмдес болған замандастары, iнi-шәкiрттерi, зиялы қауым Ақселеу жайлы, оның биылғы мерейлi датасы туралы ләм деп жақ ашатын емес. Темiр қаламы тебендей, қағазы киiз,қолы мүйiз болғанша алаштың ауызша тарихын сөйлетiп, қазақтың салт-дәстүрi, өнерi мен мәдениетi, әдебиетi жайында қыруар еңбек етiп, ғұмырының ең ғибратты шақтарын жазу мехнатымен өткiзген Ақселеуге қандай құрмет көрсетсек те лайықты емес пе?!
Әсия апайдың әсем Алматыға арман қуып келгенiне, мiне, 60 жыл толды. Тағдырдың тауқыметiн талай тартқан кейуана жалғыздықтан жабырқаған шағында сол жылдарды жиi еске алады... Ол кезде елiктей ерке қыз, жiбектей талдырмаш бойжеткен, ұстаз болуға белiн бекем буған арманшыл жас болатын. Ә дегеннен бүгiнгi Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiне құжаттарын өткiзiп, емтихан тапсырды. Бағы жанған талабы таудай, арманы асқақ бiлiмдi талапкер студент атанды. Күндер, айлар, жылдар зулап өтiп жатты. Көркiне мiнезi сай бойжеткенге көз қырын салмайтын жiгiт жоқ болатын. Талай ер жiгiттiң арманына айналғанымен 22 жасқа жаңа толған
Әр жыл сайын мектеп түлек­терiн ҰБТ-дан кейiн алаңдататын бiрiншi мәселе – оқуға түсу уа­йымы болса, екiншiсi – жатақхана мәселесi. Бұл, әсiресе, шалғай аймақтардан келгендердi әбiгерге салады. Жатақханадан бiр бөлме алуға бiрiншi кезекте жетiмдердiң, яғни ата-анасынан айырылған жастардың мүмкiндiгi басым. Екiншi, елiмiздiң алыс аймақтарынан келгендер, үшiншi, көп балалы отбасынан шыққан, бiрақ тұрғылықты жерi тым алыс емес жас талапкерлер жатақханаға үмiткер бола алады.
Қазақстан – бай мемлекет. Қазақстан хром, қорғасын өндiруден әлемде бiрiншi, марганец, күмiс, ураннан екiншi, темiрден үшiншi, ал мұнай өндiруден жетiншi орында. Бiрақ, осыған қарамастан адамдардың тұрмысы, әсiресе, студенттердiң күйi нашар. Осыған байланысты, ЖОО-да оқитын студенттердiң айына шамамен қанша қаржы жұмсайтынын есептеп көрдiм. Ендi осыған назар аударалық. Қазiр мектеп бiтiрген түлектер ең арзан оқу орнын iздейдi. Бiздегi ең төменгi оқу ақысы – 170 мың 250 мың теңге. Мұның өзi студенттер үшiн тым қымбат. Оқуға түсетiн студенттердiң көбi – шалғай мекендерден, ауылдың ала шаңын жұтып келген қара домалақтар.

Жақында ғана ҰБТ-ға қатысты у-шу тағы басталды. Осы уақытқа дейiн арнайы орта оқу орындарын, яғни колледждi бiтiрушiлер тек әңгiмелесу ар­қылы ғана ЖОО-на оқуға iлiнетiн. Ал биыл... Колледж бiтiрген соң тек тест тапсыру арқылы ғана ЖОО-ға түсесiң. Осылай деп Бiлiм және ғылым министрi Бақытжан Жұмағұловтың өзi айтты. Мұны жоғары лауазымды ше­неунiктер өздерi сезiп-бiлмеген соң, бастарынан өткiзбеген соң оңай дүние деп ойлайтын болуы керек. Бақандай 3-4 жыл кол­ледждiң бағдарламасын оқып, одан кейiн мектептiң бағдарламасымен тест тапсыру деген қиямет көпiрден өтумен бiрдей ғой. Мұны неге шенеунiктер түсiнбейдi?

2011 жылдың қыркүйек айынан бастап “Хабар” арнасынан “Жастар жырлайды” атты телеайтыс көрсете бастады. Осы жоба арқылы талай дарынды жастарымыздың тұсауы кесiлдi. Дегенмен, жастар арасындағы айтыстың кемшiлiгi де аз емес. Атап айтсақ, үлкен айтыскер ақындардың жыр шумақтарын пайдалану, сөз арасын бөтен сөзбен былғау, орысша сөздердi көбiрек қосу және тағысын тағылар. Бүгiнгi айтыс халықтың көкейiндегi сөзi ме, әлде табыстың көзi ме? Жастардың аяқ-алысы қалай?

Соңғы кездерi жастар мен балалар арасында да қылмыс жасау белең алуда. Олардың арасынан қандықол қарақшы да, баукеспе ұры да, аяушылық сезiмнен жұрдай қанiшерлер де табылып отыр. Мұндай жантүршiгерлiк деректер асып жығылады. Балалардың iстеген қылмысын тiзiп беру бiр бас­қа да, онымен күресу бiр басқа. Қайсысының тиiмдi екендiгi әрине естi адамға тайға таңба басқандай көрiнiп тұр. “Ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iзде” дейдi халық. Ендi-ендi ауызданып, қараңғы қылмыс әлемiне бет түзеген жас­өспiрiмдердi жазалау iсi қиындық тудыра қоймас. Ең бастысы, осы мәселенiң түп-тамырына үңiлiп, оның себебiн табу.

СТУДЕНТТIК ӨМIРДI АҢСАП ЖҮРМIН
Ақиқатын айта алмай ән сап құр үн, 
Сезiмдермен шалдығып, шаршап бұл күн. 
Қайда жүрсем алдымнан қарсы ап бiр мұң, 
Студенттiк өмiрдi аңсап жүрмiн! 
Қоштасып ек келместiң кемесiнде, 
Сол шақтарым оралып келесiң бе? 
Еске алумен достардың елесiн де, 
Шын сағынып жүрмiн мен, сенесiң бе? 
Өткен аптаның жексенбiсiнде футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 6-тур ойын­дары өттi. Қостанайлық “Тобыл” елордалық “Астана” клубын өз алаңында 3:2 есебiмен тiзерлетiп, үш ұпайды олжаласа, астаналықтар тағы да уыста тұрған жеңiстен айырылып қалды. Бiрiншi таймда Нөсербаев – 7, Кетевоама 11-минуттарда гол соғып, қонақтар алға ұзап алды. Содан кейiн ғана “Затаболец” стадионына жинал­ған 4 мың көрермен алдында қостанайлықтар барын сала ойнады. Алаңдағы бас қазы Антонов бiрiншi тайм­ға қосқан қосымша уақытта Жолшиев есеп айырмасын қысқартса, 55-минутта Костюк таразы басын теңестiрдi. Жеңiс голын Богданов 63-минутта соғып, астаналықтарға соқыр ұпай татырмады.
Бокстан ұлттық құрама Лондон олимпиадасына толық құраммен бара алмайтын болды. Астанада өткен лицензиялық турнирде 91 келi салмақта Василий Левит жартылай финалда сириялық Мохаммед Госсоунге есе жiберiп, Лондон олимпиадасының жолдамасынан қағылды. 49 келi салмақта Бiржан Жақып күллi қазақ артқан сенiмдi абыроймен арқалап, Олимпиаданың жеңiл салмаққа бөлiнген жалғыз жолдамасын иелендi. Әлем чемпионатының қола жүлдегерi, ұлттық құрамадағы тiсқаққан боксшылардың бiрi – Бiржан былтыр Бакуде сүрiнгенде екiұдай пiкiр де айтылды. “Жақып шау тарта бастады, ендi орнын жастарға босату
Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы ауыр атлеттердiң әлемдiк рей­тингiн жариялады. 94 келi салмақта үш дүркiн әлем чемпионы Илья Ильин көш басында тұр. 77 келi салмақта Кирилл Павлов та үздiк ондыққа енiптi. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының түзуiнше, 85 келi салмақта Владимир Кузнецов 12-сатыға орнығыпты. Есесiне әлемнiң ауыр атлеттерi арасында қыздарымыздың рейтингiсi жоғары. Былтыр Францияда әлем чемпионы атан­ған Зулфия Чиншанло 53 келi салмақта үздiк атанса, 63 келiде Мая Манеза екiншi сатыға жайғасыпты. Маяның

Өткен аптада “Хоум Кредит Банк” топ-менеджментi былтырғы жылдың қорытындысын жария еттi. Тұтынушылық несиелеу нарығындағы көшбасшы банктердiң бiрi несиелiк қоржыны 140 пайыз­ға өскенiн мәлiмдедi. “Хоум Кредит Банктiң” басқарма төрағасы Павел Мацо несие портфелiнiң 13,6 миллиард теңгеден 32,5 миллиард теңгеге дейiн өскенiн несие берудiң тиiмдi шарттарының және серiктестермен жүргiзiлген промо-акциялардың нәтижесi деп түсiндiрдi. Банк басшылығы биылғы жылы “Хоум Кредит Банктiң” бөлiмшелер желiсi елiмiздiң түкпiр-түкпi­рiн­де ашылатынын жеткiздi.

Жазушы Жәлел Кеттебек өмiрден өтер алдында ауыр тыныс алып, сөзiн үзiп-үзiп былай дептi: “Тәуелсiздiк алдық қой, ендi орыстану тоқтайтын шығар деп ем... Орыстанудың тоқтайтың түрi жоқ. Ендi бiз бұдан әрi орыстана берсек, қазақты сақтайтын адам қалмайды. Менiң жаныма бататын ең ауыр нәрсе осы. Қазақ бұған дейiн неге “мың өлiп, мың тiрiлдi”? Өйткенi, қазақтың тiлiн, дiлiн, рухын сақтайтын қазақ қауымы бар едi. Ал қазiргi күнi осы ұлтты сақтайтын қауымға жан-жақтан қатер төнiп тұр: бұларды билiк те жек көредi әрi шеттетедi, бұлардың қолында байлық та жоқ, бұларды шетелдiк (халық­аралық) ұйымдар да қолдай қоймайды... Ендi қайттiк?.. Бiрақ, бiз қайткен күнде де ұлттығымызды сақтап қалуымыз керек!”

Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттiк уни­верситетiнiң (қазiргi Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетi) филология факультетiнiң күндiзгi қазақ бөлiмiн 1978 жылы бiтiрген­дер биылғы жылдың 23-24 маусым күндерi кездесу өткiзедi. Кездесуге келушiлер 23 маусым күнгi сағат 10.00-да ҚазҰУ-дың бас корпусының алдындағы Әл-Фараби ескерткiшiнiң түбiне жиналуға мiндеттi.
Ұйымдастыру алқасының телефондары:   8 701 663 68 43;   8 701 776 23 19.