1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (15697) 19 сәуір, бейсенбі 2012
ӘБIҚАЕВ БАСТАП, ӘБДIҚАЛЫҚОВА АЯҚТАҒАН ТIЗIМДЕ НАЗАРБАЕВ НЕГЕ ЖОҚ?
Бұрындары ерiнбе­геннiң бәрi елдегi саяси элитаның рейтингiн жасау­шы едi ғой. Ол тi­зiмнiң басында мiндеттi түрде президент Нұр­сұл­тан Назарбаев тұратын қасқайып. Тiзiмнiң соңы жиi ұрыс еститiн бiр министрмен аяқталатын, әйтеуiр. Көптен берi осындай рейтингi көрмеп едiк, жақында “Стратегия” әлеуметтiк және сая­си зерттеулер орталығы “көзiмiздi ашып”, әлгiн­дей тiзiм жасап таратты. Бұл рейтинг бұрынғылардан өзгеше. Өзгеше болатын себебi – тiзiмде Нұрсұлтан Назарбаев жоқ. Қандай орталық болмасын, артында бiр мықтының тұратыны анық. Мына рейтингтi жасатқандар президент Назарбаевты мақтауға сөз таппай қиналды ма, әлде қарт басшыны қатардан ерте шығарып тастағысы келдi ме? Қартаң басшыны дуға қосуға ұялған шығар, бәлкiм? Бұл туралы сәл кейiнiрек.
Әңгiмемiздi ең әуелi болған оқиғадан бастайық. Атырау қаласында көше сыпырушы екi жiгiт көлдей матаны жайып тастап, өздерiнiң сыпырып-сиырған күл-қоқыстарын әлгi матаның үстiне үйе бастамай ма. Сол кезде көшеден өтiп бара жат­қан бiр жүргiншi жерге жайылған көлдей матаның Қазақстанның мемле­кеттiк туы екенiн байқап қалады. Содан... Сөйтсек, бiраз күн болыпты, көше сыпырушылар Қазақстанның мемлекеттiк туын күл-қоқыс таситын зембiл ретiнде пайдаланып жүрiптi. Газеттер шу көтергеннен кейiн Атырау облыс­тық iшкi iстер департаментi баспасөз қызметiнiң жетекшiсi Гүлнәзира Мұхтарова былай деп хабарлады:
Сәуiрдiң 17-сi күнi Ақтау қаласының оралмандарды бейiмдеу орталығында Шетпе оқиғасы бойынша алғашқы сот отырысы өттi. Сот процесi басталмай жатып-ақ айып­талушылар наразылық танытып, артынша сот отырысына қатысудан бас тартты. Оған бiрнеше айыпталушы адвокоттарының келмей қалуы себеп болды. Ақтауда өтiп жатқан сот про­цесiн бақылауға барған Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшесi Рысбек Сәрсенбайдың хабарлауынша, сот отырысы басталған ал­ғашқы 5-10 минутта судья Бер­дiбек Мырзабеков журналистерге аудио және бейнежазбаға түсiруге рұқсат берген. Содан кейiн “процестi ары қарай БАҚ өкiлдерiне бөлiнген бөлмеден қадағалайсыңдар” деп сот за­лынан шығарып жiберiптi
Айыпталушы Парахат Дүйсембаев iшкi iстер басқармасының полковнигi Қадыров өзiн ұрып-соққанын сотта мәлiмдедi. Сондай-ақ ол алаңда Маңғыстау облыстық iшкi iстер департаментi қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмiнiң бастығы Мылтықовтың: “Менiң бұйрығым бо­йынша атасыңдар!” деген бұйрығын естiгенiн айтты.Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшесi Маржан Аспандиярованың айтуынша, сейсенбi күнi сотта жауап берген алаңда жараланған мұнайшы Жаңбыр Ерғазев 16 желтоқсан күнi алаңға кезекшi болғандықтан барғанын айтқан. Мұнайшылар ереуiл кезiнде кезекшiлiкке тұрып, тәртiп пен тазалықты қадағалаған болатын.
ДҮЙСЕБАЕВТАР ОТБАСЫ ДӘРIГЕРЛЕР ҚОЙҒАН ДИАГНОЗБЕН КЕЛIСПЕЙДI
“Түркiстан қаласының 44 жастағы тұрғыны Рахматулла Дүйсенбаевтың ойнап-күлiп жүрiп, ойда-жоқта бақилыққа аттануына құтыру ауруына шалдығуы себеп болған. Былтырғы желтоқсан айының аяғында марқұмды күшiк тiстеп алуының ақыры осындай орны толмас опық жегiзгенiн жан-жақты жүргiзiлген тексеру нәтижесiнде қойылған диагноз дәлелдеп отыр”.  Дәрiгерлер бұл ақпаратты адам өлiмiне байланысты өткен айда таратқан едi. Ал “Жас Алаш” газетiнiң облыстағы тiлшiлер қосынына таяуда арнайы ат басын бұрған марқұмның туыстары мұн­дай диагнозбен түбегейлi келiс­пейтiндерiн кесiп айтып, мезгiлсiз адам өлiмiне тiкелей

Өткен аптада Керекуде белгiсiз бiреулер көше атауларын рұқсатсыз алмастыру әрекетiн жасады. Сөйтiп Ертiс өңiрiнде үлкен шу шықты. Бәз бiр адамдар қаланың орталығымен өтетiн фельдмаршал Кутузов атындағы ең үлкен көшенi Мәшһүр-Жүсiп­тiң атына, орыс жазушысы Короленконың атындағы көшенi Бұқар жыраудың, ал Кеңес одағының батыры Қ.Қамзин атындағы көшенi Абайдың есi­мiмен ауыстырмақ болған. Және бұл шаруаны өздерi бейнесуретке түсiрiп, ғаламторға жiберген. Байқағанымыз, “жаңаша атаулар” көгiлдiр жұқа материалмен кәсiби тұрғыдан жасалып, бұрын­ғы iлiнген тақтайшалардың үстiнен жапсырылған. Қалалық iшкi iстер басқармасының мәлiм­деуiнше, қоғамдық тәртiптi бұзушылар қазiр iздестiрiлуде-мыс.

Қазiргi кезде қараша халықты қымбатшылық қысып, әбден титықтатуда. Мәселен Елордамыз Астанада электр энергиясының бағасы 1 сәуiрден бастап 23,6 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар күнделiктi тұтынатын азық-түлiк өнiмдерi мен жанар-жағармайдың бағасының шарықтауы халық үшiн қалыпты жағдайға айналған. Ал осындай келең­сiздiкке Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi тежеу қоя алмай, шарасыздық танытты. Өткен дүйсенбiде үкiмет сағатына аталған агенттiктiң төрағасы Мұрат Оспанов келiп, өзi бас­қаратын ведомствоның шаруалары жөнiнде мәжiлiсшiлерге есеп бердi.

– Денсаулығымның сыр беруiне байланысты емделмек болып, 2009 жылдың мау­сымында бар жауапкер­шiлiктi орынбасарым Ерболат Әбубәкiровке тапсыр­ғанмын. Мен кеткен соң ол қасына өз жақындарын, атап айтқанда Арыстанова, Тухтапулатоваларды жиып алады да, қаржы жұм­сауға белсене кiрiседi. 2010 жылдың аяғында iшкi тексеру жұмыстарын жүргiзгенмiн, сол уақытта барып аңғардым. Сол жылғы тендерден ұтқан 90 млн. теңгеден астам қаржының қомақты бөлiгi жоқ. Құжатталмаған сома 20 млн. теңгеден асып түстi. Мұны сот сараптамасы, ауди­торлық тек­серiс те растады. Тоқетерi

Жасыратыны жоқ, соңғы бiр-екi жылда Жамбыл облысында жол жөндеушiлердi жиi көретiн болдық. Жамбыл жерiне жатырқап келiп, жадырап жұмыс iстеп жатқан облыс әкiмi Қанат Бозымбаев, әйтеуiр, жолға пұлды аямады. “Жол азабын жүрген бi­лер” деген, алғаш келген жылдары аудандарға жиi шығып, ауылдағы ағайынмен амандасуға асығып тұратын Қанат Алдабергенұлы облыс­тағы қиқы-жиқы жолдың азабын әбден тартты ғой дей­мiн, соңғы кездерi көп мә­селенi кабинетте отырып шешетiн болды. Сөйтiп, өт­кен жылды “Жол жылы” деп жариялап, жергiлiктi қазынадан 4,8 миллиард теңге бө­лiп, бұдан басқа республикалық, аудандық бюджеттерден бөлiнгенi бар, жол жөн­деуге бас-аяғы 7,2 миллиард теңге жұмсалды.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар Байқоңыр ғарыш айлағы туристер жиi баратын жерге айнала қойған жоқ. Мамандар туризмнiң бұл түрiн дамытуға құжат рәсiмдеу қиындығы, саяхатшыларға жағдай жасалмағаны кедергi болып отырғанын айтады. Байқоңырға тур ұйымдастыратын санаулы агенттiктердiң бiрiнiң директоры Вадимжан Хайбуллиннiң айтуынша, соңғы бiр жылда ғарыш айлағын көргiсi келетiн адамдар көбейген, бiрақ “ең үлкен проблема – рұқсат қағазын рәсiмдеу”.  Бес жылдан берi Байқоңырға туристер апарып ол:
13 жасынан бастап екi көзi су қараңғы болып қалған азамат Алматыдағы өзi жүретiн автобустарды моторының даусынан таниды. Асымжанға қоңырау шалғанымызда ол зағип жандарға арналған кiтапханаға келуiмiздi өтiн­дi. Кiтапхана автобустар тiкелей келе бермейтiн қуыстау жерде, Бөгенбай батыр мен Ғани Мұратбаев көшелерiнiң қиылысында орналасқан. Асымжанды кiтапхананың кiре берiсiнде күтiп алдық. Бос уақытым көп емес. Бiр жағы сiздердi сылтауратып, екiншiден кiтаптар қарайын деп келдiм. Қолым қалт ете қалғанда осында тартамын, – дейдi ол. Таяғын жылдам сермеп, жедел басып келе жатқанын көрiп, “автобустармен жүру қиын емес пе, өзiңiзге қажеттi автобусты қалай бiлесiз?” деп сұрадық.
Әйелiм кешелi берi ызыңдай берген соң, түс қайта қаладағы бажамның үйiне қыдырып баратын болдық. Қыдырып деймiз-ау, құтты болсын айтуға барамыз. Бiрақ не үшiн құтты болсын айтып баратынымыз есiмiз­ге түспей, есiней бердiк. Не үшiн келе жатқанымызды өздерiнен сұрап алатын болып шештiк.
   Базар аралап, күн бата қаладағы көп қабатты үйдiң алтыншы қабатында өмiр сүрiп жатқан бажам­ның да пәтерiне жеттiк-ау. Мен бажаммен құшақтасып, әйелiм әпкесiмен шөпiлдесiп сүйi­сiп болған соң:
– Құтты болсын, бажа! – дедiм.
– Не құтты болсын? – деп сұрады ол.
Қазақстандық «Қазақмыс» компаниясы табысы азайған себептi төрағасы Владимир Кимнiң жылдық жалақысын 1 миллион 700 мың АҚШ доллары көлемiнде қалдырғанын хабарлады. Былтыр Ким 2 миллион 800 мың доллар жылдық жалақы алған. Businessweek басылымы сәуiрдiң 16-сы күнi «Қазақмыс» компаниясы директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Кимнiң биылғы жалақысы өндiрiс орнының пайдасы кемiген соң өсiрiлмей тасталды деген хабар таратты. Басылым компанияның жылдық есебiне сiлтеме жасайды. Әлемдегi ең iрi мыс өндiрушiлердiң бiрi соңғы жылдың қорытындысы бойынша акциялары 40 пайызға кемiдi деп мәлiмдеген.

Ұялы телефонның хат жазысу мүмкiндiгiн кеңiнен пайдаланып жүргендердiң бiрi мен шығармын. Бiр ғажабы, бiреулердiң маған жазған хаттары да, менiң бiреулерге жазған хаттарым да, арнайы өшiрiп отырмасаң, телефонның жадында жиналып тұра бередi екен. Қайталап оқысаң, өткен өмiрiң есiңе түсiп, санаңда жаңғырып, сол сәттердi қайтадан басыңнан кешкендей боласың. Тағы бiр қызығы, хаттарды өлеңмен жазғанға ештеңе жүрмейдi. Әсiресе, таңы өлеңмен атып, күнi өлеңмен бататын, айналасын ақындар қоршаған мен сияқты кiсiге өлең-хаттардың қадiрi бөлек. Бөгде сөз қоспай, ойыңды жеткiзiп айта аласың.

Әлемдегi ең бiрiншi миллиардер – американдық Джон Рокфеллер болатын. Ол өте дiндар, есте сақтау қабiлетi мықты, жер қозғалса қоз­ғалмайтын сабырлы және алымды жiгiт едi. Осы қасиеттерiнiң арқасында болашақта дүние­жүзiндегi ең бай адам атанатынын, әрине, бiлген жоқ. Бiрақ Рокфеллер кiшкентай кезiнен “Мен бай боламын!” деп өз-өзiне ант бередi. Және сол үшiн тыңбай еңбек етедi. Джон ақша табудың көзiн өте ерте бастады. 7 жасында жабайы күркетауықтарды ұстап, оны бағып, содан кейiн сататын. Одан түскен ақшаны көршiсiне жылына 7 пайызға қарызға бередi. Тiптi бiр фунт (2.200 грамм) кәмпит сатып алып, оны әпкелерiне үстеме бағамен сатқан кездерi де болған.

Жiгiттердi әскерге шақыртудың көктемгi науқаны басталды. Отан алдындағы борышын өтеуге талпынған жастар саны жыл өткен сайын артуда. Осыдан бес-алты жыл бұрын әскер қатарынан қашатын жiгiттер көп едi. Ал қазiр керiсiнше. Әрине, мәселенiң мәнiне екi тұрғыдан қараған абзал. Бiрiншiден, әскери билетсiз жұмысқа тұру қиын. Осыдан кейiн қаласын, қаламасын, жiгiттерге солдат болуға тура келедi. Осындай мәж­бүрлiктен амалсыз әскери комиссариатқа бас сұғатындар да аз емес. Қай бiр жылдары жiгiттерiмiз әс­керге барудан қашса, қазiр сол әскер қатарына iлiне алмай зарығып жүргендер бар. Таяуда аудандағы әскери комиссариатқа шақыртылған ондаған баланың бiр де бiреуi сынақтан өте алмай қайтып келдi.

Мен 1928 жылдың қыркүйек айында тудым. Ата-бабам бай-шонжар болса да, өз басым есiм кiргеннен қарттыққа дейiн балқып-шалқып ғұмыр кештiм деп айта алмаймын. Қазiр қарттықтың қыл бұрауы мойныма түстi, кейде көп уақыт ұйықтай алмай мазасыз күй кешемiн. Естай ақын: “Қарасам айналамда бiр құрбым жоқ, солардан қалыппын ба мен боп тәуiр”, – деп айт­қан екен. Кiрiп-шығар жерiң жоқ, әңгiме-дүкен құратын өзiңдей ақсақал жоқ, бес уақыт намазымды қаза қылмай, тәбетiм тартқан асымды iшемiн де төсегiме қисая бере­мiн. Сол сәттерде қай-қайдағы есiме түседi.

2011 жылғы 17 қарашада “Жас Алаш” газетiнiң №92 санына Ақтөбе қаласындағы “Жас Алаш” газетiнiң тiлшiсi Баян Сәрсембинаның менiң балам, 1991 жылғы туған Нұрдәулет Шарапов туралы “Ақтөбе полицейлерi адам өлтiргендердi жасырды” деген мақаласы жарияланды. Оны сiздер “ҚР Бас Прокуратурасының назарына” деген айдармен жарияладыңыздар. Сол мақалаға Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары М.Б.Мырзақұлов “Өзiнiң құсығына қақалып өлдi” деп жауап берiптi. Бұл жауап былтырғы жылдың 29 желтоқсанында “Жас Алаш” газетiнде жарияланды да. Алайда мен М.Б.Мырза­құловтың бұл жауабын менi мазақ еткенi деп қабылдаймын.

Ата заңымызда барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы айтылған. Бiрақ осы құқық пен бостандыққа мұғалiм­дер ие бола алмай отыр. Себебi әр азаматтың саяси партияға кiру немесе кiр­меуге құқығы бар делiнсе де, мұғалiмдердi жаппай “Нұр Отан” саяси партиясына топырлатып мүше­лiкке алу тоқтамады. Бұл – азаматтардың саяси құ­қығын аяққа таптау. “Бала құқығы” деген ұғымның да бар екенi белгiлi. Осыны алдыға тар­татын   оқушылар мұға­лiмдердi сыйлаудан қалып барады. Сабақ үстiнде беймаза оқу­шыға айқайлау түгiлi, жекiрудiң өзi қылмыс екенiн түсiнген мұғалiм қауымы “шықпа, жаным, шықпамен” күн кешуде.

...Кеше ғана көршiмнiң ұлы­ның шiлдехана тойында болып, оның тәй-тәй басқанының, мектепке барғанының, мектеп бiтiргенiнiң куәсi болған едiк. Уақыт деген сынаптың сырғығанындай тез өтедi екен. Қазiр Бақыт бұл өмiрде жоқ. Жасы небәрi 21-де ғана едi. Өмiрi арақ iшпейтiн, темекi тартпайтын. Тәртiптi, тәрбиелi бала оқуға да түсе алмады. Ертеңгi­сiн жұмыстан келе жатса, екi мас төбелесiп жатыр екен. Соларды айырмақшы болған. Бiреуiн итерiп жiберген. Ол тәлтiректеп құлай жаздап, қайтадан келiп мұның iшiне пышақ сұққан.

Күнделiктi күйбең тiрлiкте байқай бермеймiз, бiрақ бiзде мәдениеттi сақтау әдетi қалмай барады. Қоғамдық орындар мен көлiктерде өздерiн қалай ұстауды бiлмейтiн жастар мен үлкендер бар. Саябақтар мен алаңқайларда жан-жағына түкiрiп, былапыт сөйлеген жiгiттер мен қыздарды көптеп кездестiретiн болдық. Үлгi көрсететiн үлкендер де бұл жағынан қалыс қалып тұрған жоқ. Сырасын сiмiрiп, көздерi қызарған ағалар мен темекiсiн ернiне қыстырған апайлар көбейдi. Мұнан бөлек сөйлесу әдебiнен жұтап барамыз. Мәселен, қоғамдық жерлерде қалта телефонымен жағы талмай сөйлейдi

Сейсенбi күнi УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы кездесуi Германияның Мюнхен қаласында өттi. “Альянц-Арена” стадиондағы тартыста жергiлiктi клуб “Бавария” мад­ридтiк “Реалдан” 2:1 есебiмен басым түстi. Ойын басталар алдында “Реал” ойыншыларының жеңiске жететiне сенетiндердiң қатары көп болған. Бiрақ “немiс машинасы” миллиондаған көрермен сенi­мiнiң астаң-кестеңiн шығарды. Алаңдағы бас қазы Ховард Уэббтiң (британдық) ысқырығы естiлiсiмен ойынды “Бавария” футболшылары бастады. Алғаш­қы 10 минут iшiнде ала допты өз иелiктерiнде ұстаған корольдiк клуб ойыншылары алыстан бiр­неше мәрте соққы бағыттап көрдi.
Наурыздың 30-ы мен сәуiрдiң 2-сi аралығында Астанада күрес түрлерiнен лицензиялық турнир өткенi белгiлi. Мiне, осы сында елiмiздiң Лондон олимпиадасынан үмiтi зор балуандары белдесiп, ұзын-ырғасы 5 жолдамаға қол жеткiзген (грек-рим – 2, еркiн күрес – 2, қыздар күресi – 1). Сол сында сүрiнгендер 27-29 сәуiр аралығында Тайванда өтетiн лицензиялық турнирге қатысады. Грек-рим күресiнен құраманың бас бапкерi Мұратбек Қасымханов 55 келi салмақта Асхат Құдайбергеновке тағы да сенiм артып отыр. Құдайбергенов үшiн бұл турнир үшiншi сын болмақ. Былтыр Ыстамбұлда өткен әлем чемпионатында iрiктеу кезеңiнен аса алмаған Асхат Астанадағы лицензиялық турнирдiң жартылай финалында
СПОРТШЫЛАР СЫНАҚТАН ӨТЕДI
Лондон олимпиадасына жүрер алдында жолдамаға қол жеткiзген спортшылар мемлекеттiк рәмiз – Әнұранды жатқа айтудан емтихан тапсыратын болды. Үкiмет отырысында мемлекеттiк рәмiздердi құрметтеу мәселесi талқыланып, ҚР Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнiң төрағасы Талғат Ермегияев арнайы бұйрық шығарды. Агенттiк төрағасының бұйрығы күшiне енген күннен бастап жолдама алған спортшылар Әнұранды жатқа айтудан сынақ тапсыруға дайындықты бастап та кеттi.
“Өзiнiң ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды. Ондайлар, сөз жоқ, арамза, тексiз әрi қаңғыбас”, – деп күндей күркiреп едi едi көзi тiрiсiнде ұлт батыры Бауыржан Момыш­ұлы. Баукең айтқан “арамза, тексiз әрi қаңғыбастар” толып жүр қазақ қоғамында. Солардың бас терiсiн сыпырып, жұрт алдында әшкерелеудi “Жас Алашыңыз” мақсат тұтты. Қазақ қоғамын бiрге тазартайық, мәртебелi оқырман! Жазылу индексi – 65365