1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №32 (15698) 24 сәуір, сейсенбі 2012

19 сәуiрде “Уральские недели” газетiнiң тiлшiсi Лұқпан Ахмедьяровқа қандықол қарақшылар қаскөйлiкпен қиянат жасады. Белгiсiз бес адам оны соққыға жығып, 8 рет пышақтап, травматикалық тапаншамен оқ атқан. Оған 3 сағат бойы операция жасалып, абырой болғанда тiрi қалды. Қазiр ол есiн жиды. Орал қаласы IIБ мен Батыс Қазақстан облыстық IIД жедел тергеу топтары қылмыстық iстi тергеп жатыр. БҚО IIД баспасөз хатшысы Гүлжан Қанатованың айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексiнiң екi бабы (24-бап – “Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу” және 96-бап – “Кiсi өлтiру”) бойынша қылмыстық iс қозғалған. Үкiметтiк емес ұйымдар жауапты органдарға және Қазақстанның президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеуiн жариялады.

Кеше Алматыда баспасөз мәслихатын өткiзген Тәуелсiз қоғамдық комиссия өкiлдерi осылай деп мәлiмдедi. Жиынға қатысқан Т.Медетбек, С.Сматаев, Р.Сәрсенбайұлы, Е.Бапи, М.Аспандиярова және М.Тайжан Жаңаөзендегi сот процесiне байланысты өз пiкiрлерiн бiлдiрдi. Бiрiншiден, сот отырысында айыпталушылар бастапқы берген түсiнiктерiнен бас тартты. Олар тергеу барысында өздерiне қысым жасалғанын сотта мәлiмдедi. Азаматқа психологиялық, физиологиялық тұрғыдан қысым жасау арқылы алынған дәлелдеменiң заңдық күшi болмайды. Бұл туралы ҚР Азаматтық Кодексiнiң 116-бабында да көрсетiлген. Осыған байланысты Тәуелсiз қоғамдық комиссия өкiлдерi сот процесiн тоқтатып, iстi қайта тергеуге жiберу керектiгiн талап еттi.  
Жаңаөзен iсi бойынша бейсенбi күнi өткен сот процесiнде айыпталушылар сұралып бiтiп, куәлар жауап бере бастады. Айыпталушылардың арасынан соңғылардың қатарында болып жауап берген сотталушы Тәженов алаңға кездейсоқ барғанын баяндап бердi: “16 желтоқсан күнi сағат 11-лер шамасында киiм-кешек алу үшiн базарға бардым. Содан соң, мереке көру ниетiммен, алаңға жақындай бергенiмде, полицейлер халыққа оқ атып жатты. Сол кездегi абыр-сабырдың арасында аяғыма оқ тидi. Бұдан басқа, ереуiлге, жаппай тәртiпсiздiкке ешқандай қатысым жоқ. “МұнайФильтСервис” мекемесiнде жұмыс iстеймiн”, – дедi.
Жаңаөзен iсi бойынша өтiп жатқан сот процесiнде жауап берген куәлардың кейбiрi тергеу кезiнде соққыға жығылғандықтан, айыпталушылардың үстiнен жала жабуға мәжбүр бол­ғанын айтты. Жұма күнi Жаңаөзен iсi бо­йынша сот отырысы өтпей қалды. Айыпталушылар Бауыржан Непес және Мұрат Қосбармақовтың адвокаты – Сәулебай Сансызбайұлы сот процесiне келмей қалғандықтан, судья процестi дүйсенбiге шегердi. C.Сансызбайұлы Шетпе iсi бойынша өтiп жатқан сотта айыпталушы Қуаныш Төлеуовтiң де адвокаты. Осы себептен қорғаушы жұма күнi “37-нiң” емес, “Шетпенiң” сотына қатысыпты. Бейсенбi күнгi сот отырысынан кейiн судья С.Сансызбайұлы айдауылдармен
Таяуда ғана ашылған “Janaozen.net” порталына хакерлiк шабуыл жасалды. Соның салдарынан бес күннен берi интернет-басылым жұмыс iстемей тұр. Осыған байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткiзген портал қызметкерлерi мұны өздерiне жасалған қысым деп бағалады. 18 сәуiр күнi “Janaozen.net” порталының серверiне сырттан белгiсiз шабуыл жасалған. Хакерлiк шабуылдың күштi болғаны сондай, сервер қызметi санаулы секундтарда iстен шыққан. Техника жөндеу мамандары бiрнеше күн бойы порталды ашуға күш салғанымен, нәтижесi көрiнер емес. Бұл туралы хабарлаған “Janaozen.net”-тiң бас редакторы Қасым Аманжол осыған дейiн де
Былтыр қара күзде Алматы облысы, Райымбек аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң алты қызметкерi iрi көлемдегi мал ұрлығын ашып, айып­ты деп тапқан бес күдiктi түрмеге қамалып, көп өтпей олардың төртеуi бостандыққа шығып кетедi. Еркiндiкке шыққан олар Алматы облыстық прокуратурасына “Райымбек ауданы IIБ-нiң қызметкер­лерi бiздi ұрып-соғып, қысым көрсету арқылы қылмысты мойындатты” деп арыз жазады. Сол даулы мәселенiң аш iшекше созылып келе жатқанына сегiз айдың жүзi болыпты. Бiз (“Жас Алаш” №2, 10 қаң­тар 2012 жыл) болған жайды газет бетiнде кө­терiп, жұртқа жеткiзген едiк. Сегiз ай бойы сергелдеңге түсiп

“ЖАС АЛАШ” газетiнiң редакциясынан Жаңаөзен тұрғындары заң көмегiн сұрап, өтiнiш еткен едi. Жәбiрленушi деген терминдi қалай түсiнуге болады? Қазақстан Республикасының қандай заңдарында тергеу мен сот отырысының барысында жәбiрлену­шiлердiң қандай құқықтары бар? Жәбiрленушiлер деп заң кiмдердi таниды? Жәбiрленушiлер өз құқықтарын дұрыс пайдалану үшiн тергеу мен сот отырысының барысында не iстеуi керек деген сияқты тағы басқада сұрақтарды газет жанашыры, белгiлi заңгер Қ.Жұмағалиевке жолдаған едiк. Ол төмендегiдей түсiнiктеме бердi.

Шетпеде полицейлер атып өлтiрген Төлеген Төребектiң әкесi Жәнiбек Төлеген бас прокурор Асхат Дауылбаевтың атына арыз жазды. Жаңаөзен мен Шетпеде жазықсыз қамалып, кiмге қалай шағынарын бiлмей жүрген жандарға сабақ болсын деп осы арызды жариялауды жөн көрдiк. Қазақстан Республикасының бас прокуратурасына, бас прокурор Асхат Дауылбаевқа, ҚР Қыл­мыс­тық iс жүргiзу ко­дексiнiң 7-бабының 14-тармағына сәйке. ҚР Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 183-бабының 1,2-бөлiмiне сәйкес, “Қылмыс туралы арыздар мен хабарларды қабылдау мен қараудың мiндеттiлiгi”.
Азаттық радиосы 20 сәуiр күнi кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өткiздi.
Ермек Тұрсынов “Мұстафа Шоқай”, “Құрақ көрпе”, “Гүлзар”, “Апамның жұмағы”, “Кешiккен махаббат”, “Моңғол”, “Бақсы”, “Келiн” және тағы басқа көркем фильмдерге сценарий жазды. “Келiн” (2008), “Шал” (Эрнест  Хемингуэйдiң “Шал мен теңiз” повесiнiң желiсiмен, 2012) фильмдерiн түсiрдi. Бiрнеше халықаралық байқаудың лауреаты. 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс туралы жазған “Мамлюк” романын жариялады. – Ермек, “Келiн” сияқты фильмдер түсiрмеуiңiздi өтiнемiн. Сонда ғана сiзбен бiр үстел басына отыруға, сiзбен әңгiме-дүкен құруға болады. Кинолары жалаңаш Еуропа
Оппозициялық саясаткерлердi бiрiктiрудi көздеген белсен­дiлер “халық сөзiн билiкке жеткiземiз” дейдi.
Facebook-те (“Фейсбук”) құрылып жатқан азаматтық үкiметтiң белсендiсi, сәулетшi Ләйла Рахымжанова “бұл топқа қоғамдағы заңсыздықтарға қарсы ерiктiлер қосылып жатыр” дейдi. Сәуiрдiң 17-сi тiлшiмен телефон арқылы сөйлескен ол “азаматтық үкiмет негiзгi үкiметке халық талабын жеткiзiп отырады” дейдi. Сол себептi әр министрлiкке адам бекiтiледi. Осы мақсатта Facebook-те арнайы топ құрған саясаткер Серiкжан Мәмбеталин Батыс елдерiндегi “Көлеңкелi” үкiмет Қазақстанға дәл қазiр қажет. Халық оппозициядан нақты iстi күтедi” дейдi. Серiкжан Мәмбеталин:
“Жас Алаш” газетiнiң редакциясына бiр топ ақын-жазушылар келдi: Қабдеш Жұмадiлов, Құрал Тоқмырзин, Бейбiт Қойшыбаев, Сағынгерей Бәйменов, Зейнолла Тiлеужанов, Мырзан Кенжебай.
Арнайы келiптi. “Бiздiң әрқайсымыздың артымызда жазушылар тұр, – дейдi олар, – Бiрақ олардың бәрiн редакцияға ертiп келу мүмкiн емес. Сондықтан да бiздi ынталы топ десеңдер де болады.­–   Қандай ынталы топ? Не­нiң ынталы тобы?Қабдеш Жұмадiлов бастаған ақын-жазушылар кезектесе отырып өздерiнiң редакцияға нендей мақсатпен келгенiн айта бастады. Бiз ендi өз оқырмандарымызға осы әңгiменiң бүкiл ұзын-ырғасын емес, тек тоқетерiн ғана ұсынуды жөн көрдiк.
Сөзде кие бар. Сол киенi ұқпайтындар ойнап сөйлейдi. Халықтың тағдырына қатысты әңгiме айтылғанда да бұлар ойланбай көсiледi. Ондайлар бiр күнгiсiне ғана есеп құратын шығар. Күнi ертең сол үшiн өкiнедi. Әсiресе, тасқа таңбаланған сөз шiркiн бұлардың алдынан әлi мың рет шығатын болады... Сонымен... Әншi, сазгер, Мемле­кеттiк сыйлықтың иегерi Алтынбек Қоразбаев “Тасжарғанға” (18 сәуiр) “Елдi ойлайтын екi адам болса, соның бiрi мен шығармын...” деп желпiне сұхбат берiптi. Тiлшiнiң “...Туған елi­ңiзге қазiр ән-жырдан бұрын зиялының жанашырлығы қа­жет сияқты. Әсi­ресе, Жаңаөзен жұртына...” деген сұрағына:
Кеше ҚР Парламентi мәжiлiсiнде өткен үкiмет сағатына Сыртқы iстер министрi Ержан Қазыханов келiп, партия қалаулыларына есеп бердi. Бұған дейiн табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төр­ағасы Мұрат Оспановты оңдырмай сынаған мәжiлiсшi­лердiң Қазыхановқа қауқары жетпедi. Керiсiнше, министрдiң баяндамаға тыңғылықты дайындалғанын айтып бәйек болды. Бесiншi рет сайланған ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң мысық құрлы мысы жоқ. Мәселен, мәжiлiсшiлер жоғары лауазымды шенеунiктiң алдында құрдай жорғалап, кейбiр агенттiк төрағасының әкесiн таныт­қан болады.
Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде “Азаматтың ажалына не себеп?” атты мақала жариялағанбыз. Ә.Құлынтаевтың жұмбақ өлiмiнiң себеп-салдарын зерттеймiз деп уәде еттiк...   Табиғатынан ақкөңiл, бауырмал Әлiмжан Құлынтаев Ресейде туып өскен. Қашан көрсең жайдары қалпынан танбайтын оны дос-жарандары мен айналасы әркез сыйлап, ардақ тұтатын. Талай жыл Ресейдiң темiржол саласында машинист болып жұмыс iстедi. Отбасымен Қазақстанға көшiп келгенiне ширек ғасырға жуықтаған. Бұлар көшiп келген жылдар тоқырау деп аталатын тоқсаныншы жылдармен тұспа-тұс келдi. Десек те, ол кездегi қиындықтар тәуелсiздiгiн жаңадан алған жас мемлекеттегi бүкiл халыққа ортақ проблема болатын.
БАЛА ТУУДАН РЕКОРД ЖАСАМАҚ
Тунистiк мұғалiм әйелдiң күйеуге шыққанына көп уақыт болғанымен, бала туа алмапты. Бала көтергенiмен, бiрнеше түсiк тастаған. Күйеуi екеуi ақылдаса келе жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтерудi қалайды. Правда.Ру-дың жазуынша, ультрадыбыстық тексеруге (УЗИ) барғанда әлгi әйел 12 балаға жүктi болып шығыпты. Дәрi­герлер екiқабат әйелге: “Бұл шараналардың барлығы тiрi болмауы мүмкiн немесе денсаулықтарынан кiнәрат табылуы да ғажап емес”, ­ – деп қазiрден бастап ескертiп жатыр. Қайткен жағдайда да әйел барлық шарананы тууға бел байлап отыр.
Халықаралық бокс федерациясы (АИБА) боксшылардың рейтингiсiн жариялады. Өкiнiш­тiсi, соңғы екi әлем чемпионатында (2009, 2011) алтын медальға қол жеткiзе алмаған қазақ елiнiң балға жұдырық боксшылары үздiк үштiкке енбей қалған.  Сонымен АИБА-ның тiзiмi былай түзiлiптi: 49 келi. 1. Ен Хуан Шин (Корея). 2. Салман Ализада (Әзiрбайжан). 3. Цзоу Шиминг (Қытай). Лондон олимпиадасына Азия құрлығына бөлiнген жал­ғыз жолдаманы күнi кеше еншi­леген Бiржан Жақып бұл тi­зiмге енбептi. Ал Азамат Исақұлов жеңiл салмақта 31-орында тұр.
Орал қаласында күрес түрлерiнен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Биылғы чемпионатқа Лондон олимпиадасына жолдама алған балуандар да қатысып, төрт жылдықтың басты додасы алдында дайындықтарын тағы бiр сынап көрдi. Үш күнге созылған бәсекеде ел бiрiншiлiгiнiң жеңiмпаздары мен жүлдегерлерi белгiлi болды. 55 келi.1. Артур Үмбетқалиев (БҚО), 2. Мәди Жарболов (ШҚО), 3. Алмат Әуешов (Қызылора обл), Саясат Шаң­ғытбаев (Ақтөбе обл). 60 келi. 1. Ербол Киiкбаев (Қызылора обл), 2.. Жасұлан Мақсотов (БҚО), 3. Дислан Тоқбаев (Астана), Дәулет Әбсалiмов (Жамбыл обл). 66 келi.1. Ербол

20-21 сәуiр күндерi Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданында “Парктер шеруi – 2012” табиғатты қорғау акциясы аясында “Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан” атты республикалық фотосеминар өттi. Семинарға Алматы қаласы мен Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облысының түрлi бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс iстейтiн 20 кәсiби фототiлшi қатысты. Әр аймақтан жиналған фототiлшiлер семинардың бiрiншi күнiнде шеберлiк алмасу сағатын өткiздi. Кәсiби бiлiктiлiгi жоғары мамандар әрiптес­терiмен тәжiрибе бөлiсiп, өзара пiкiралмасу­лар жүргiзiлдi. Семинардың екiншi күнiнде қазақ қызғалдағы өсетiн Қызылтөбешiк аумағында сурет түсiруден Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облысы

Футболдан Қазақстан чемпионатының 7-тур ойындары тартысқа толы болды. Алты тур бойы жеңiлiстен көз ашпаған көкшелiк футболшылар алғашқы жеңiске қол жеткiзсе, биылғы чемпионат басталғалы 1 ұпайды малданып келген қызылордалық “Қайсар” да алғашқы жеңiстерiн тойлады. Алдымен Атырауда өткен ойын турасында. Жергiлiктi “Атырау” былтыр ел чемпионатында топ жарған кеншiлердiң “Шахтерiн” қабылдады. Бұл ойында “Шахтер” 2:0 есебiмен жеңiске жеттi. Хижниченко 45-минутта есеп ашты, Финонченко 69-минутта нәтиженi еселедi.
Кейiпкерiмiз Орынбай Балмұрат – “Егемен Қазақстан” газетiнiң фототiлшiсi. 1957 жылдың 20 тамызында Өзбекстанның Маңғыт қаласында дүниеге келген. Ол мектептi тәмамдаған соң Ташкенттегi Политехникалық институтқа түседi. Институт қабырғасынан автоматты тораптарды басқару мамандығын алып шығады. Сөйтiп институтты бiтiрген соң, 1979 жылы тағдыр жазып Целиноградтан бiр-ақ шығыпты. Алғаш жұмысқа инженер-электрик ретiнде қабылданады. Айлығы көп, бақандай 140 рубль. Бiрақ тiлдесетiн адам таба алмай, орыстарды түсiнiңкiремей, жұмыс орнын ауыстыруға көңiлi ауады. Iштей қыпылықтап жүрсе де, қазақы ортаға кетуге бел буады. 1980 жылы Целиноград телевидениесiне оператор
Дүниежүзiлiк қаржы нарығындағы тұрақсыздық кезiнде қазақстандық зейнетақы қорларына маңызды да күрделi мiндет жүктелдi – салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын сақтап қана қоймай, оны көбейту қажет болды. Бұл мәселенi әрбiр қор белгiлi бiр инвестициялық стратегияны таңдау арқылы шештi. Баршамызға белгiлi, реттеушi ретiнде мемлекет зейнетақы секторының тұрақтылығын және салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын сақтауды қамтамасыз ету бойынша бiрқатар дағдарысқа қарсы iс-шараларды жүзеге асырды. Атап айтатын болсақ, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға қатысты тәуекелдiктердi
Зейнетақы жүйесi – күн тәртiбiнен түспейтiн өткiр мәселе. Оны сынаушылардың да, дау айтушылардың да қатары аз емес. Әсiресе, қазiргi кезде зейнетақы жүйесiн реформалау мәселесi қызу талқыланып жатыр. Жинақтаушы зейнетақы жүйесi қаншалықты тиiмдi? Елiмiздегi жүйеқұраушы зейнетақы қорларының бiрi – “Қазақстан Халық Банкi ЖЗҚ” АҚ жетекшiлерi – Алексей КИМ мен Майра КИЧИГИНАмен сұхбатымыз осы тақырып төңiрегiнде өрбiдi. Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 27 қаңтарында халыққа арнаған жолдауында жинақтау­шы зейнетақы жүйесiн қатты сынағаны белгiлi.