1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15699) 26 сәуір, бейсенбі 2012
Қазiр Лондонда тұратын Ресейдiң iрi алпауыттарының бiрi Борис Березовскийдiң айтуынша, Ресейдiң президентi В.Путин – қылмыскер. Қылмыскер болғанда да жай қылмыскер емес, айрықша қауiптi қылмыскер. “Ол билiктi де күшпен басып алды. В.Путиннiң қазiргi әрекетi - билiктi күшпен басып алумен бiрдей әрекет. Сондықтан да В.Путин Ресейдiң қылмыстық кодексiнiң 278-бабымен айыпталуы әрi осы айыпқа орай жазаға тартылуы тиiс”, – дейдi Б.Березовский. Ендi Б.Березовскийдiң “В.Пу­тиннiң әрекетi – билiктi күшпен басып алумен бiрдей әрекет” де­генiне аз-кем тоқтала кетелiк. Бұл жерде Б.Березовский ненi меңзеп тұр? .Путин Ресей президент­тiгiне қайта келу үшiн өз орнына мондыбас, айтқанынан шықпайтын Д.Мед­­­­ведевтi сайлатып, мiне, төрт жылдан кейiн президенттiк таққа қайта оралды. Осы жолда қаншама қитұрқылыққа, алдап-сулауға, заңсыздыққа барды десеңiзшi
ҚАРЫЗДАРДЫ ХАЛЫҚТЫҢ МОЙНЫНА IЛДI. ЕЛIМIЗДIҢ ҚАЗIРГI АХУАЛЫ ОСЫНДАЙ СӨЗ АЙТУҒА МӘЖБҮР ЕТЕДI
Соңғы аптада ҚазТАГ ақпарат агенттiгi 2011 жылдың 31 желтоқсанында, Қазақстанның жалпы сыртқы қарызы жыл басынан берi 4,75 пайызға артып ($118 225, 5 миллион – 2010 жылдың 31 желтоқсаны), 123 миллиард 8847, 8 миллион доллар болды деп хабарлады. Бұл Қазақстанда тұратын 15 миллион халықтың әрқайсысына 8256 доллардан келетiн қарыз сомасын құрайды. ҚР Ұлттық банктiң мәлiмет­терiне сәйкес, сыртқы қарыздың жалпы көлемiнде мемлекеттiк және мемлекет кепiлдендiрген сыртқы қарыздың үлесi өткен жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша $5492, 6 млн.
ПРОКУРОРЛАР МИТИНГIГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ СЕСКЕНДIРЕ АЛҒАН ЖОҚ. КЕРIСIНШЕ, ПРОКУРАТУРАНЫ ЖҰРТ АЛДЫНДА КҮЛКIГЕ ҚАЛДЫРДЫ
 “Наразылар” митингiсiнiң уақыты жақындаған сайын орган қызметкерлерi жанталасып жатыр. Сейсенбi күнi ескерту қаға­зын арқалаған прокуратура өкiлдерi Алматыны шарлап алашапқын болды.  Ең алдымен суретшi Қанат Ибрагимовке Алматы қалалық iшкi саясат бөлiмiнен қоңырау түстi. Қалалық iшкi саясат бөлiмi басқарма басшысының орынбасары Рәшит Дәулетов суретшiге хабарласып, сәуiрдiң 28-iне белгiленген митингiнi жабық ғимаратта өткi­зуге ауыстыруды ұсынған. Қ.Ибрагимов бұл митингiнiң ұйымдастыру шараларына қатысы жоғын айтады.

Шетпелiк 12 жiгiттiң соты 17 сәуiрде басталған. Айыпталушылар мен жәбiрленушiлерден жауап алынып бiттi. Қазiр сол оқиғаға куә адамдардан жауап алынуда. Олардың басым көпшiлiгi – Шетпедегi толқуды басуға келген Жамбыл облысының полицейлерi. Полицей куәгерлердiң айтуы бойынша, олар Тараз қаласынан 17 желтоқсан күнi Ақтауға ұшып келiп, Шетпе кентiне автобуспен сағат 17 шамасында келген. Құрамында 145 адам болған. Сонымен қатар Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласынан да полицейлер құрамы барған. 17 желтоқсан күнгi темiржол вокзалындағы оқиғаға байланысты бiрнеше тараздық полицейлер куәлiк бердi.

“ҚҰПИЯ” КУӘГЕРЛЕРДIҢ БIРI СОТТА ОСЫЛАЙ ДЕП ЖЫЛАП ЖIБЕРДI
Жаңаөзен сотында куәгерлерден жауап алу жалғасуда. Сейсенбi күнi бүркеншiк ат жамылған құпия куәгерлер сұралса, кеше айыпталушы жақтың куәгерлерi жауап бердi. Адвокаттар сотта Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкiмi Орақ Сарбөпеевтiң жауап беруiн талап етiп, судьяға оны шақырту жөнiнде өтiнiш тапсырды. Бүркеншiк куәгерлер өз жауаптарында шатасты. Сейсенбiлiк сот отырысында құпия куәгерлер сот залында емес, басқа бөлмеде отырып жауап бердi. Сот залында олардың өзгертiлген даусы естiлдi. “Жаңаөзен – 2011” комитетiнiң мүшесi Ерлан Қалиевтiң хабарлауынша, алғашқы болып “Арман” атты лақап есiммен келген полицей сұралған.
Шетпеде Роза Рымбаеваның жаңа әндерiмен концертi өтетiндiгi жайлы афишалар iлiнiп тұр. Онда “Роза Рымбаева жанды дауыста, жаңа әндерiмен мерекелiк ән кешiне шақырады” деп жазылған. Тұрғындардың кейбiрi концертке баратынын айтса, кейбiрi концертке бойкот жариялауға шақырды. Бағасы екi мың теңге тұратын концерт билетi бейсенбiден бастап сатылмақшы. Мамыр айының үшiне белгiлен­ген бұл концерт туралы Роза Рымбаеваның өзiне хабарласқанымызда әншi бұл ақпаратты растады. Бiрақ концерттiң қай жерде өтетi­нiн ұйымдастырушыдан сұрау керектiгiн айтты. Әншi сәуiрдiң     24-i күнi Азаттық тiлшiсiне:

Сейсенбi күнi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң Философия және саясаттану институтының ұйымдастыруымен “Қазақстандық БАҚ-та дiни тақырыпты көтерудiң өзектi мәселелерi” атты баспасөз мәслихаты өттi. Бұл жиынның мақсаты – журналистер мен дiн­танушы ғалымдардың арасында сұхбат формасында дiни тақырыптарды көтеретiн БАҚ үшiн үй­ретушi семинар өткiзу деп түсiндiрген жиын спи­керлерi елiмiздегi дiни бiрлестiктердiң қызметi мен ахуалын жан-жақты зерттеу үшiн журналистерден көмек сұрады.

АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшiсi болған Уильям Кортни “Уральская неделя” газетiнiң журналисi Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған қастандықты халықаралық деңгейде тексеруге шақырды. Уильям Кортни журналист Лұқ­пан Ахмедьяровқа жасалған қастандық туралы Азаттық радиосының Вашингтондағы тiлшiсiне сұх­бат бердi. Бұрынғы елшi Ахмедьяровқа жасалған шабуылды адам шошырлық оқиға деп сипаттады. Ахмедьяров – ерекше қайсар, табанды журналист, әрi саяси белсендi. Билiктiң зор қысымына қарамастан, адам бостандығы мен абыройы үшiн тынбай күресiп ке­ледi, – дедi америкалық дипломат.
Өткен жексенбiде Францияда президенттiк сайлаудың бiрiншi туры өттi. Қазiргi президент Николя Саркози 27,18 пайыз дауыс жинады. Саркозидiң басты қарсыласы, Француз социалистiк партиясының атынан түскен Француа Олланд 28,63 пайыз дауыс жинап, оның алдын орап кеттi. Бұл туралы Францияның iшкi iстер министрлiгi дүйсенбi күнi хабарлады. Бюллетеньдердiң бәрiн саралағанда сайлаушылардың белсендiлiгi 79,47 пайыз болыпты. Ал 2007 жылғы президенттiк сайлаудың бiрiншi турында дауыс беруге құқықты халықтың 85 пайыздан астамы төбе көрсеткен-дi.
“Жас Алаш” газетiнiң 2012 жылғы 24 сәуiр күнгi санында “Қаламгерлердiң кезектi құрылтайын өткiзу үшiн арнайы комиссия құрмақ” деген тақырыппен ақпарат жарияланды. Осында аты аталған қаламгерлер бұған дейiн де әртүрлi ақпарат құралдарында Қазақстан Жазушылар одағының атына сыңаржақ пiкiрлер айтып, қоғамдық пiкiр арқылы алауыздық тудыруға тырысып келедi. Жалпы, Жазушылар одағының кезектi құрылтайы жақындаған тұста қоғамдық ұйымды бөлшектеуге және қаламгерлер қауымының тұтастығына сызат түсiргiсi келетiн түрлi пиғылдардың бас көтеретiнiн көрiп жүр­мiз.
Жаратқан ием, күнәһар құлмын
Санасын тұрмыс билеген.
Айтағына ерiп сайтан мен жынның –
Құлқынның қамын күйлеген.
Жаратқан ием, жаңылсам кешiр
Адасқан соқыр пендеңмiн.
Өкiнiшпенен өткiзген есiл
Келер ме қайтып өлген күн?!

Құрметтi “Жас Алаш”! Сiз­дер­­ге осы хатымды жолдамас бұрын, “жетi рет өлшеп, бiр рет кес” деген нақылды есiме алып, көп ойландым. Басынан баяндайын: Бiздiң отбасымыз көп ұлттан құралған. Соның iшiнде кiшкене немерем Алинаға Алла тағалам әншi, бишi, қара сөз оқу, өлеңдi мәнерлеп оқу, сурет салу, аздап балалық жүрегiмен өлең жазу, өзгеге пародия жасау сияқты талант берген. Бойындағы қасиеттерiн байқап 3 жасынан бастап вокал сыныбына – Габи Исмаиловтың би мектебiне апардым. Мұнымен қоса кәсiби мұғалiмдерден де дәрiс алады: вокал, сальфеджио, фортепиано, хореография бөлiмдерiнiң 4-сыныбында оқиды.

Сабақтан көңiлiм жадырап, өзiм тұратын нөмiрi бесiншi жатақханаға беттедiм. Ауа райы да тамаша. Кенет еңсем түсiп кеттi. Неге? Себебi бiздiң журналистика факуль­тетi жатақханасының алдында қазағымның қаракөз арулары көк түтiндi будақтатып тұр екен. Жүрегiм дүрсiлдеп, тас төбемнен шықты. “Олар не үшiн темекi тартады? Бұл өмiрiне зиян емес пе? Олар болашақ ана ғой. Күнәсiз сәбидiң болашағы қандай болмақ?” – деген сұрақтар әп-сәтте санамды жаулап алды. Не iстерiмдi бiлмей қалшиып тұрып қалыппын. Аңқау да аңғал кезiм, ол кезде ауылдан арман қуып Алматыға келген қыздың таңғалмайтын нәрсесi жоқ едi.

Кеңес Одағы кезiнде облыс, аудан, қалаларда iшкi iстер бөлiмдерi жанында сауықтыру мекемелерi (вытрезвительдер) жұмыс iстеп тұрды. Оның елге, қоғамға, тiптi қатардағы қалың көпшiлiкке пайдасы көп болды. Оны кезiнде көзiмiз көрдi. “Батырға да жан керек” деп, iшкi iстер бөлiмдерi жанындағы сауықтыру мекемесiнен көпшiлiк орындарында жөнсiз, ретсiз iшiп жүрген мастар қатты қорқатын, именетiн. Бұл жерге түскен мастардың суретi көше тақталарына, жұмыс орындарына iлiнiп қойылатын. Айыппұл салып, бiразы қамалып, жұмыс орындарына дейiн хабарлайтын. Бұл жөнсiз, ретсiз iшiп жүрген мастар үшiн үлкен шара едi. Арақ iшетiндер мүмкiндiгiнше аяғын аңдап басып, айылын жиятын...

Менiң екi қызымның бiрi саясат саласында жүр, бiрi – жеке кәсiпкер. Үй бетiн көрмейдi екеуi де. Келiншек­тердiң қоғамдағы белсендiлiгi керек те шығар. Алайда “байтал шауып бәйге алмас” дегендi ұмытпайық. Бағына қарай үлкен қызымның күйеуi момын. Әйелiнiң сыртта көп жүргенiне үндемейдi. Ал кiшi қызым күйеуiмен бес жылдан кейiн ажырасып кеттi. Жеке, жалғыз өмiр сүрудi дұрыс санады. Маған қыздарымның осындай қылығы ұнамайды. Кезiнде әдемiлiгiмен әлемдi тәнтi еткен атақты Мэрилин Монроның: “Шындығында мен әлемдегi ең бақытсыз әйелмiн, тiптi ана атануға да жарамадым.

ЗАРИНАНЫ ЗАР ЖЫЛАТҚАН ДӘРIГЕРЛЕР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛА МА?
Соңғы кездерi “дәрiгерге қараламын” деп қара басқандардың қатары күн өткен сайын артып барады. Ал алдына емделуге келген науқастың ауруына ауру қосып берген “ақ халаты абзал жан” бұған еш қымсынбайтын болды. Керiсiнше, жауапкершiлiктен жалтарып, орайы келсе кiнәнi аурудың өзiне аудара салуды әдетке айналдыр­ған. Қазақтың “Тәуiптiң ең жақсысы – ауруға ауру қоспай кеткенi” деген сөзi қазiргi кезде медицина қызметкерлерiне арналғандай. Әйтсе де бiлдей бiр ЖОО дипломын иемденген дәрiгер мен тәуiп­тiң арасында айырмашылық болуы керек емес пе?
Өзiм орыстiлдi адамдардың арасында өсiп, орыс мектебiн бiтiргенмiн. Бiрақ әкемнiң, анамның және ата-бабамның тектiлiгi жiбермедi ме, аз уақыттың iшiнде ана тiлiмде еркiн сөйлеп кеттiм. Бiздiң қалада он шақты ұлттың өкiлi тұрады. Көпшiлiгi қазақша түсiнедi, қазақша бiлетiндерi де бар. Бiрақ қазақша бiлетiндерi сөйлемейдi. Бұған басты себеп: президенттiң жолдауындағы көпшi­лiктiң мемлекеттiк тiлде сөйлеуiн 2020 жылға дейiн ұзартылуы деп ойлаймын.
ҚР Бiлiм және Ғылым министрi Б.Жұмағұловтың назарына!
Менiң ағам Ақтайлақ Мұқатайұлы 1949 жылы Моңғол елiнде дүниеге келген. Кезiнде асау жылқыны жүген-құрықсыз мiнiп жүре беретiн. Шаңырағы өртенiп, киiз үйдiң iшiнде қалып қойған бес жасар баланы осы шапшаңдығының арқасында ажал аузынан аман алып шыққан да болатын. Бұл оқиғаға байланысты Моңғол елi оған “Шударга-журым” деген медальмен марапаттаған-ды. Осындай абзал азамат 1994 жылы жан-жарынан айырылды. Бес жетiм баламен қалды. Қырсық бiр айналдыр­ғанды шыр айналдырады емес пе?! Ақтайлақ қант диабетiнiң салдарынан бiр аяғының бас бақайын кестiрген, содан кейiн тағы да үш жерiнен кесiп, ақыр аяғы бiр аяқтан толық айырылды.
Биылғы жылғы 31 қаңтарда республикалық “Жас Алаш” газетiне жарияланған “Түгiскендi түлеткенмен, түзету қиын болып тұр” атты сын мақалаға байланысты төмендегiнi хабарлаймыз.Түгiскен елдiмекенiнде осы жылдың 25 ақпанында аудан басшылары мен тиiстi бөлiмдердiң басшылары, мамандары қатыса отырып ауыл тұрғындарымен жиналыс өткiздi. Жиналыста ауыл тұрғындары, “Түгiскен тәжiрибе шаруашылығы” ЖШС-ның жұмысшылары, шаруашылық басшысы, ауыл әкiмi шығып сөйлеп, ауыл тұрғындарының әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлары жайлы жан-жақты айтылып, талқыланды.
Сейсенбiнiң түнiнде УЕФА Чемпиондар лигасы жартылай финалдық ойындарының қарымта кездесуi өттi. Каталониялық “Барселона” (Чемпиондар лигасының кубогын 4 рет иеленген) өз алаңында лондондық “Челсидi” қабылдады. Апта бұрын Лондонда өткен ойында кот-д’ивуарлық ойыншы Дидье Дрогбаның жалқы голы сеп болып, жеңiс “Челсидiң” пайдасына жазылған едi. Хосеп Гвардиола баптайтын каталондықтар қарымта кездесуде қарманып қалмаса, былтырғы маусымдағы жетiстiктерiн қайталау көзден бұл-бұл ұшады. Ол үшiн кемiнде екi гол айырмасымен (2:0, 3:1) ұтуы тиiс. Әйтпесе, Ди Маттеоға уақытша баптау жүктелген лондондықтардың финалға шығар жолда
Жылда дәстүрге айналған Сейдахмет Бердiқұлов атындағы шағын футболдан өтетiн турнир биыл 7-9 мамырда Алматыда ұйымдастырылмақ. ҚР Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң мұрындық болуымен өтетiн сайысқа бұқаралық ақпарат құралдары, яғни журналистерден жасақталған командалар қатыспақ. Қазақ журналистерi арасында спорт тақырыбына түрен салып, тiптi бүтiн бiр мектеп қалыптастыр­­ған ұлағатты ұстаз, қарымды қаламгер атындағы сайыс өмiрге келген жылдары алаңда тек шығармашылық адамдары “алысып-жұлысатын”. Сейдағаңның үзең­гi­лес замандастары да жанкүйер болып, қалам ұстаған сөзге жүй­рiк журналистердiң
ЖОЛЫМЫЗ БОЛМАДЫ
Хоккейден елiмiздiң ұлттық құрамасы Италияның Асияго қаласында алғашқы жолдастық кездесу өткiзiп, Италия құрамасына 5:2 есебiмен жол бердi. Андрей Шаянов баптайтын құрама сапынан Евгений Бумагин мен Дмитрий Дударевтiң соққан шайбасына айдын иелерi 5 голмен жауап қайтарды. Финляндия астанасы Хелсинкиде 4-20 мамыр аралығында өтетiн әлем чемпионатына дейiн қазақ елiнiң хоккейшiлерi тағы екi жолдастық кездесу өткiзудi жоспарлап отыр.
ҚАЗКОММЕРЦБАНК 2011 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Былтырғы жыл Қазкоммерцбанк үшiн ғана емес, бүкiл банк жүйесi үшiн сәттi өттi. ҚАЗКОМ-ның қорландыру базасы тұрақталды. Банктiң таза пайдасы 7 пайызға өсiп, 23,5 миллиард теңгеге жеттi. Өткен аптада жүйеқұраушы банк басшылығы 2011 жылды қорытындылаған баспасөз мәжiлiсiнде ҚАЗКОМ қол жеткiзген негiзгi көрсеткiштердi жария еттi.
“Бөлшек депозиттер үлесi 25,5 пайыз­ға өстi. Ең бастысы, iрi депозиторлар тобынан тәуелдiлiк азайды. Бiз сыртқы капитал нарығына қайта оралдық. Анағұрлым тиiмдi шарттар негiзiнде кореялық Эксимбанкпен арада саудалық қаржыландыру жөнiнде мәмiле жасастық. Сондай-ақ Азия даму банкiнен қаржы тарту мүмкiндiгi туды. Бұл қаржы шағын және орта бизнестi несиелеуге бағытталады”, – дедi банктiң басқарма төрайымы Нина Жүсiпова.

Мағжан Жұмабайұлы Омбы қаласының жастарымен (әри­не, қазақ жастарымен) кездескен кезде былай дейдi: “Сендер мiндеттi түрде оқуға тиiстi үш нәрсе бар.Оның бiрiншiсi – Құран. Екiншiсi – Абай. Үшiншiсi – қазақ ұлтына жаны ашитын газет-журналдар. Қазақ ұлтының емес, бас­қалардың, алдамшы һәм уақытша тiрлiк-түйтпектердiң сойылын соғатын газет-журналдарға жоламаңдар. Олар сендердi адастырады. Адастырғанда да шырқап адасып кеткендерiңдi өздерiң де бiлмей қаласыңдар. Сондықтан да ең әуелi ұлтқа жаны ашитын газет-журналдарды анықтап алыңдар, бiлмесең­дер оны бiлетiндерден сұрап алыңдар!”