1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (15700) 3 мамыр, бейсенбі 2012
ДҮНИЕЖҮЗI ҰЙҒЫРЛАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДҮБIРIНЕ БIЗДЕГI ҰЙҒЫРЛАР ДА ҚҰЛАҒЫН ТҮРIП, ЕЛЕҢДЕП ОТЫР
Бiздiң елде тұратын кейбiр ұлт өкiлдерiнiң жазға салым ауық-ауық ойы бұзылып тұрады. Әсiресе, ұйғыр ұлтының. Аждаһаның “бүйiрiн жылытып” жатқан ағайындары жақын тұр­ғаннан шығар, бәлкiм. Қайбiр жылы Шелекте ұйғырдың жастары қазақ жастарымен жаппай төбелес жасады. Қазақтың өрiмдей қыздарын зорлап кеттi. Бiр емес, бiрнеше рет. Малыбайда қазақтың жiгiтiн тепкi­леп, басына бөтелке тығып өл­тiрдi. Жоқ мемлекеттiң туы мен әнұранын насихаттап, қазақ жас­тарының жүйкесiне ши жүгiрттi. Осының бәрi ар-на­мыс­қа тие ме? Тиедi, әрине. Тигенде қандай! Қазақ қанша жерден кеңқолтық болса да! Дүниежүзi ұйғырларының құрылтайы (ДҰҚ) дегендi естуiңiз бар шығар. ДҰҚ – 1992 жылы Түр­кия­да құрылған. Мақсаты – қазiргi Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы аумағында Шығыс Түркiстан немесе Ұйғырстан мемлекетiн құру.

Сәуiрдiң 28-i Алматыда “наразы” топтың ұйымдастыруымен қарсылық митингiсi өттi. Ауа райының қолайсыздығы мен полицейлердiң кедергiлерiне қарамастан, қарсылық акциясына бiрнеше жүздеген адам жиналды. Митинг өтпес бұрын әр кеңсенiң есiгiн сығалаған прокуратура өкiлдерi бiрнеше азаматқа ескерту жасағанын хабарлағанбыз. Бұл жолы митинг басталмай жатып, Ермек Нарымбаевты қарсылығына қарамастан полицейлер ұстап әкеттi. Ал наразылық шарасын ұйымдастырушылардың бiрi Жасарал Қуанышәлин мен Бақытжан Төреғожинаны құқық қорғаушылар сол күнi таңертең-ақ iшкi iстер бөлiмiне алып кеткен.

Ақтауда погон таққан жендеттерге басталған сот процесiнде жәбiрленушiнiң бiрi осылай дедi.
Жаңаөзен мен Шетпедегi қанды қырғынның салдарынан ресми дерек бойынша 17 адам қаза тауып, 107 адам жарақат алған. Бүгiнде қанды оқиғаға қатысты Ақтау қаласында төрт сот процесi қатар өтуде. Қыс­қартып айтқанда: 1) 37-нiң соты; 2) шетпелiктердiң соты; 3) Жаңа­өзен қалалық уақытша қамау абақтысының бастығы Жеңiсбек Темiровтiң соты; 4) қызмет бабын асыра пайдаланып, халыққа оқ атқан полицейлердiң соты. Соңғысы  27 сәуiр күнi басталды. Полицейлердiң iсi облыстық соттың ғимаратында қаралып жатыр. Бұл процеске Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әдiлсұлтани төрағалық жасады.
Кеше жалғасқан сот отырысында түске дейiн тоғыз жәбiрленушiден жауап алынса, түстен кейiн Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталып жатқан алты сотталушы полицейлер сотына жеткiзiлiп, жәбiрленушi ретiнде жауап бердi.Түске дейiн сұралған жәбiрленушiлердiң арасында ереуiлдегi мұнайшылар да, кездейсоқ жолаушылар да бар болды. Тәуелсiз қоғамдық комиссияның мүшесi Нұркамал Аязбаевтың айтуынша, кешелi берi адвокат Абзал Құспанов бiрнеше жәбiрленушiнiң қорғаушысы ретiнде сотқа қатысуды бастап кеттi. Түске дейiн аяғына оқ тиiп жараланған ереуiлшi Қайрат Қойшыбаев, Қанат Изенов, Нұржау Османов, Бауыржан Мұтырғанов, Аманбек Сәпиев, Нұрлыбек Нұрғалиев
ЖАҢАӨЗЕНДЕГI УАҚЫТША ҚАМАУ АБАҚТЫСЫН ОСЫЛАЙ АТАҒАН ЖӨН БОЛАР
Ақтау бүгiнде жаппай соттау қаласына айналған. 26 сәуiрде тағы бiр процесс басталды. Жаңаөзендегi қанды қырғында және азаптау мен қорлаудың неше түрлi құқайы көрсетiлген кезде жүздеген адам жәбiр шектi. Жеңiсбек Темiров – 2011 жылғы 15 желтоқсанда Жаңаөзен қаласындағы уақытша қамау абақтысына бастық болып тағайындалып, ертесiнде, қанды оқиға болған күнi қызметiне кiрiскен. Ал бұл мекеменiң бұрынғы басшысы оның орнына, яғни кәмелетке толмаған жасөсiпiрiмдер iсi жөнiндегi инспектор қызметiне ауыстырылған. Оқиғадан кейiн, Ж.Темiровтiң үстiнен қылмыстық iс қозғалған соң, бұрынғы қызметiне қайта қойған. 
Жаңаөзен сотында өткен жұма күнi бұрынғы қала әкiмi Орақ Сарбөпеевтен жауап алынды. Экс-әкiм мұнайшылар талабының заңды болғанын сотта мәлiмдедi. Ал кешегi сот процесiнде Өзенмұнайгаз мекемесiнiң бұрынғы басшысы Киiкбай Ешманов сұралды. Куәгер ретiнде жауап берген К.Ешманов мұнайшылар талабы негiзсiз, ал ереуiл заңсыз болғанын айтты. Сотқа бақылаушы ретiнде қатысып жат­қан “Жаңаөзен – 2011” комитетiнiң мүшесi Ерлан Қалиевтiң айтуынша, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкiмi “мұнайшылар талап еткен 1,8 коэффициентi туралы талаптың заңды болғанын ендi түсiнгенiн” мәлiмдеген. Сондай-ақ оған “оқиғаға кiм кiнәлi деп есептейсiз? Осыны ұйымдастырған кiм?”

Көптен берi үнсiз жатқан М.Әблязов жақында қазақстандықтарға үндеу жариялады. Ол өз үндеуiнде Қазақстандағы қантөгiстер мен қоғамдық шиеленiстердiң негiзгi себебiн назарбаевтық билiктен көретiнiн мәлiмдептi. Сонымен қатар экс-банкир Ақтаудағы сот процесiне баға берiп, “түрлi қысыммен алын­ған түсiнiктемелер билiктiң өз қылмысын қарапайым жұртқа таңуы” дейдi. Жаңаөзендiк бейбiт тұрғындардың тәуелсiздiк мерекесiнде қара жамылуына билiктi тiкелей кiнәлаған М.Әблязов үндеуiнде ел-жұртты ендiгi жерде үнсiз қалмауға шақырады.

МҰХТАР ЖӘКIШЕВ АДВОКАТЫНА СЕНIМСIЗДIК БIЛДIРДI
2010 жылы жемқорлықпен айналысты және сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алды деген айыппен 14 жыл­ға бас бостандығынан айырылған “Қазатомпромның” экс-басшысы Мұхтар Жәкiшевке қатысты екiншi қылмыстық iс бойынша сот жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы Мұхтар өзiнiң қорғаушысына сенiмсiздiк танытты. Қазақстанның кен орындарын шетел инвесторларына заңсыз сатты деп айыпталған М.Жәкiшев тағы да хат арқылы арнайы мәлiмдеме жасады. Бұл жолы өзiнiң судай жаңа қорғаушысына сенiмсiздiк бiлдiрген ол, судья мен қорғаушының ым-жымы бiр екенiн жеткiзiптi.
Freedom House (“Фридом Хауз”) ұйымының 2012 жылғы баспасөз еркiндiгi жайлы есебiнде Қазақстан бiр сатыға төмендеп, ақпарат құралдары “еркiн емес” елдер қатарында аталды. Қазақстан бұл тiзiмде постсоветтiк Беларусь, Өзбекстан және Түрiкменстанның алдында тұр. 1980 жылдардан берi ақпарат құралдарының еркiндiгiн зерттеп келе жатқан Freedom House ұйымының 2011 жылғы ғаламдық зерттеуi 197 мемлекетте жүргiзiлген. Биыл ұйым зерттеуiне жаңа мемлекет – Оңтүстiк Судан да ендi. 

“Сопылар iсiне” қатысты кассациялық сот қарауы екiншi мәрте кейiнге ысырылды. Аталған апелляциялық процесс өткен жылдың соңынан берi ұзақ уақыт бойы қаралмай, ақыры сәуiрдiң 20-сына белгiленген болатын. Жуырда, Исматулла Әбдiғаппар, Саят Ыбыраев сынды сопылық ағым өкiлдерiн бас бостандығынан айыру жөнiндегi сот шешiмiнiң заңға қайшы келетiнiн дәлелдейтiн ай­ғақтар кассациялық соттың қарауына ұсынылғаннан кейiн, аталған отырыс 25 сәуiрге қалдырылған едi. Дәл қазiр сот билiгi өкiлдерi өз iшiндегi былықтарды жасырып, сот мүшелерiнiң заңсыздықтарын қылмыстық iс жүргiзу кодексiндегi бүгулi жатқан әлдебiр астарлы амалдармен ақтап алғысы келетiн сияқты. Бұл отырысты тағы да кейiнге ысырып, 4 мамырға белгiледi.

Дүниеге өзiнiң аппақ, тап-таза пейiлiмен келiп, сол адал көңiлiмен мәңгiлiк сапарға аттанған сағыныштың ақыны Төлеген Айбергеновтi еске алу мақсатында Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк педагогикалық институты “О, адамдар, бiргемiн мен сендермен...” атты әдеби-шығармашылық кеш өткiздi. Т.Айбер­ге­новтiң 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырыл­ған бұл кешке ақынның қызы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Салтанат Айбергенова Алматыдан арнайы келiп қатысты. Кештi ұйымдастырудағы негiзгi мақсат – студенттердi отансүйгiштiкке, елжандылыққа тәрбиелеу, қазақ поэзиясын насихаттау, сөз қадiрiн бiлуге, тануға үйрету.

Қазақстан президентiнiң iнiсi Болат Назарбаев бұрынғы әйе­лi мен оның ұлын Нью-Йорк­тегi 20 миллион АҚШ доллары тұратын апартамент-пәтерiн заңсыз түрде иеленiп алды деп сотқа берген. Бұрынғы ерлi-зайыптылар арасындағы дауға айналған пәтер Plaza Hotel деп аталатын қымбат кешенде орналасқан.  Өткен сәрсенбi, сәуiрдiң 25-i күнi Манхэттен сотына табыс етiлген талап-арызда Болат Назарбаевтың бұл кондоминиумды 2008 жылғы ақпан айында сатып алғаны жазылған. Арыз берушiнiң сөзi бойынша кейiн оның бұрынғы әйелi Майра Назарбаева мен оның ұлы Данияр Кесiкбаев одан апартаменттi иелену құқығын өздерiне берудi талап еткен.
Сiздер естiген жоқ шығарсыздар, өткенде бiздiң ауданда сұмдық “ЧП” болды! Қысқаша айтсам, былай ендi... Осы жуық арада ауданға депутатымыз келiп кетiптi. Анау Астанадағы “Парламент” деп аталатын кеңседе отыратын депутатымыз бар ғой, соны айтам. Түр-түсiн танымасақ та, өзiне өткенде ел болып дауыс берiп, сайлап алғанбыз. Сол азаматымыз келiптi. Сайланар алдында: “Ел арасы жақын, апта сайын келiп, жай-күйлерiңiздi бiлiп тұрам”, – деп уәде берiп едi, бiрақ есiнен шығып кеткен-ау деймiн, қарасын да көр­сет­пейдi қазiр. Кейде “Хабарды” тамашалағанда оның жиналыста қалғып отырғанын көрiп, “әне, бiздiң депутатты қара, ойпырмай, бар екен ғой!”
– Кешiрiңiз, мен “Отанды” iздеп жүр едiм.
– Отан, қандай Отан?
– “Отан” ше, кәдiмгi “Отан”.
– Әй, сен осы қазақсың ба?
– Оллахи, биллахи қазақпын.
– Қазақстанда жүрсiң бе?
– Ендi сiз де қызықсыз, Қазақстанда емей, Америкада жүргем жоқ қой. Бiрақ қолымнан келсе тартып кетер едiм сол жаққа. Әттең қаржының жоқтығы-ай.
“...Адамды да,
Қоғамды да қайран ғып,
Көздi ашып-жұмғанша
Кембағалға айналдық!” –
Деп өксiп-өксiп,
Жылама, жазушым, жылама!
Жылағанмен бiреу-мiреу
Мойынын саған бұра ма?

Қанатбек Шағатаев – тә­уелсiздiгiнiң туын жаңадан тiккен Қазақстанның байтақ әлемге танылуына қомақты үлесiн қос­қан саңлақ спортшылардың бiрi. Оның кезiнде Азия чемпионы, Азия ойындарының жеңiмпазы, Әлем кубогының күмiс жүлдегерi атануы осыны айғақтайды. Ол егемендiк елiмiздiң еншiсiне тигенге дейiн Қазақстан мен КСРО чемпионаттарының бiрнеше дүркiн чемпионы болды,  КСРО халықтары жазғы спартакиадасының, КСРО – АҚШ, КСРО – Африка елдерi боксшылары арасында өткен кездесулердiң жеңiмпазы атанды. Рингтегi қарсыласының көпшiлiгiн жой­қын соққысымен есiнен тандыра сұлатып, жекпе-жектi ерте аяқтайтын ерекшелiгiне байланысты “Нокаутер Шағатаев

Футболдан ел бiрiншiлiгiнiң 8-тур ойындары өткен жексен­бiде елiмiздiң жетi қаласында өттi. Керекудiң “Ертiсi” өз алаңында “Ақтөбеден” ұтылды, есеп – 1:2. Хайруллин 33-минутта пенальтиден есеп ашып, қонақтарды алға шығарса, алаңдағы бас қазы Рахымбаев 45-минутта “Ақтөбе” қақпасына да пенальти тепкiздi. Бақаев­ мүлт кеткен жоқ, таразы басын теңестiрдi. Ойындағы жеңiс голын 80-минутта Илич соқты. “Атырау” елордалық “Астана” клубын 1:0 есебiмен жеңдi. 7-турда көкшенiң “Оқжетпесi­нен” 4:1 есебiмен ұтылған астаналықтар әлi де еңсе тiктей қоймапты. Бұл ойындағы жалғыз гол Родионовтың еншi­сiнде.
ЕРКIН КҮРЕСТЕ ЕСЕП ТҮГЕЛ
Қытайдың Тайвань қаласында күрес түрлерiнен Лондон олимпиадасының iрiктеу турнирi өттi. Қазақ елiнiң бал­уандары бұл сында жолдама жоқ салмақ дәрежелерiнде белдескен. Алдымен кiлемге еркiн күрес балуандары шықты. Алтай Танабаев баптайтын құрамада тек 84 келi салмақта ғана жолдама жоқ болатын. Бұл жолы Ермек Байдуашевке сенiм артылды. Бұған дейiн Семен Семенов үш бiрдей лицензиялық турнирде топ жара алмаған соң, бапкерлер Ермекке үмiт артып едi, ол сенiмдi ақтай бiлдi. Iрiктеу кезеңiнде тәжiк Салим Ходжаевты, словакиялық