1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №35-36 (15701-02) 8 мамыр, сейсенбі 2012
9 мамыр – Жеңiс күнi
Марқұм Қайым Мұқаметханов айтып едi бұл әңгiменi. “Абайдың ең кенже ұлы Искайыл ерте қайтты. Искайылдан Тоқтарбай деген бала қалды, – деп едi Абайдың шығармашылығын да, заманын да, айналасын да өте терең бiлетiн ғалым, –Құнанбай қажының әулетi мен тұқым-тұқияны тегiс қудалана бастаған шақта Тоқтарбайдың шешесi төркiнiне, Қарқаралыға кеттi. Тоқтарбайға зияны тимесiн деп баланың фамилиясын да өзгерттi. Не керек, 1936 жылы Алматыда Бүкiл­республикалық көркемөнерпаздар байқауы өттi, осы байқауда

Менiң екi ағам Екiншi дү­ние­жүзiлiк соғыстың құрбаны болды. Әкемнiң үлкен Берiк­бай атты ағасының жалғыз ұлы Рамазанды соғысқа аттан­дыр­ғаны әлi есiмде. Берiкбай атам мен Рахима әжем баласын соғысқа аттандырып, 6-7 жастағы Рабиға атты немере қызын құшақтап аңырап қал­ғаны бала болсам да әлi көз алдымда. Бұл 1941 жылдың тамыз айы болатын. Сол жылдың қараша айында Рамазаннан қара қағаз келгенiн де бiлемiн. Бiр жылдан соң Рамазанның әйелi Мүкен жеңгем де колхоздың ауыр жұмысынан ауырып қайтыс болды. Атам мен әжем қайғыдан қан жұтып бiрiнен соң бiрi өмiрден өттi. “Зерде” деген кiтапта аты қалған бауырымды менен бас­қа ешкiм есiне алмайды.

Кеше президенттiң тұңғышы Дариға Назарбаева 49 жасқа толды. Қыз-келiншектiң жасын жасыру – қазақтың бағзыдан бар әдетi. Десе де, “қыздың жасы – он сегiз” дейтiндей Дариға бұралған бойжеткен емес – өз төңiрегiнiң айтуынша, “сарқаптал саясаткер” һәм “тақтың мұрагерi”. Ендеше, “сарқаптал саясаткердiң” әрi “тақ мұрагерiнiң” жұрт алдында бетi ашық болуға тиiс емес пе? Әр он жыл сайын көктемде Дариға бiр түлеп отырады. Бұлай деуiмiзге негiз бар. 1992 жылы ол “Бөбек” қорының вице-прези­дентi болып таға­йындалды. Қор­дың атауы ба­ла-шағанiкi деме­сеңiз, атқаратын шаруасы – кәдiмгi саясат. 2001 жылы көктемде Дариға “Хабардың” тiзгiнiн ұстады да, медиамагнат болып шыға кел­дi.
ҚОТАН ЖАНЫНА ҚАСҚЫР АПАНЫН ҚАЗСА... ҚОЙДА ЕС ҚАЛА МА?
“Қазақстан 2035 жылға қарай Қытай Халық Республикасының автономды облысына айналуы мүмкiн”. Бұл болжам қаншалықты шындыққа саяды? 1947 жылы Шығыс Түркiстанның, 1949 жылы Қытай мемлекетiне толықтай тәуелдiлiкке өтiп кеткен Тибеттiң басына туған күн қазаққа да тууы мүмкiн бе? Тағдырдың жазуымен екi алып державаның қақ ортасында қалған қазақтың ертеңi не болмақ? Бiрде 300 жылға жуық отарында болған орыс аюына қарап елеңдеймiз, бiрде алдымен жоңғарды құртып, кейiн қазақты да жұтпаққа айналған қытай айдаһарына жаутаң қағамыз.
Тiлшiлер қосынына таңертеңгiлiк телефон шалған тiлектес жiгiттердiң бiрi Сәтбаев қаласындағы “Жез­қаз­ғантүстiмет” өндiрiстiк бiрлестiгiне қарасты “Анненск” кенiшiнде түнгi ауы­сымның кеншiлерi шахтадан шықпай, ереуiлдеп жат­қанын ескерттi. Күн сенбi едi. Уақыт оздырмай, автокө­лiктiң басын солай қарай бұрдық. Бiз барғанда жердiң бетiнде көңiл аударарлық оғаш көрiнiс көзге түспегенiмен, шахта шыңырауында шамырқанған кеншiлер қаншалықты кiжiнiп отырғанын ойша көзге елестеттiк. Бiрақ бәрi бiрдей бiздiң бастапқы байқағанымыздағыдай болмай шықты. Кенiш ауласына кiре берiсте-ақ кедергiге кезiктiк. Жауырынында “Күзет” деген жазуы бар арнаулы қызмет киiмiн киген және қарапайым киiнген он шақты адам алдымыздан кес-кестеп

“Қазақмыс” корпорациясы директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Кимнiң жылдық жалақысы 1 мил­лион 800 мың доллар екен. Есепшотқа салып көрсеңiз, бұл кiсiнiң айлық табысы 90 мың доллар, яғни, 13 миллион теңге! Кимнiң қалтасына көз сүзу әдепсiздiк, әрине. Алайда 13 000 теңгеге телмiрген уақытта миллиондардың дыбысына ерiксiз елеңдейдi екенсiз. Сықиған сандық мәлiмет беретiн статистика агенттiгi таяуда ғана Қазақстандағы ең жоғары жалақы алатын облыстарды тiзiп көрсеттi. Ерiнбей қарап шықтым. Тiзiмнiң соңына дейiн әрең шыдадым. Себебi, жалақығы жарып, қарық болған облыстардың iшiнде мұнайшылары ереуiлдеп, халқы

Атырауда мамырдың 2-сi күнi қытайлық “Синопек Инжиниринг” компаниясы мердiгерiнiң 200-ге тарта жұмысшылары ереуiлге шықты. Олар үш күн бойы жұмыстарын тоқтатып, Атырау мұнай өңдеу зауыты территориясында салынып жатқан хош иiстi көмiрсутектер химиялық кешенi құрылысына барудан бас тартты. Олардың барлығы да қытайлық “Синопек Инжиниринг” компаниясының мердiгерi “Евразиястройкапитал-2007” ЖШС жұмысшылары. Ең өкiнiштiсi де сол, басым көпшiлiгi соңғы бiрнеше жылдың бедерiнде тарихи отанын iздеп, Қытайдан қо­ныс аударған қазақтар. Айта кету керек, аты “Евразиястройкапитал 2007” аталғанмен, ол да түпкi төркiнi   қытай­дiкi. Басшысы – Чин Е мырза.

Полицейлер сотында жәбiрленушiлермен қатар куәгер полицейлер сұрала бастады. Полиция қызметкерiнiң бiрi табельдi қаруды басшылық он күн бұрын бергенiн мәлiмдедi. Ал оқиға кезiнде Жаңаөзен қалалық iшкi iстер басқармасының басшысы және оның орынбасары қызметiн атқарған құқық қорғаушылар полиция жасағы аспанға оқ атқанын айтты. Кешегi сот отырысында оқиға кезiнде қаруды алу тәртiбi өрескел бұзылғанын айғақтайтын тағы бiр фактiнiң бетi ашылды. 

Жаңаөзен сотында айыпталушылар мен кейбiр куәгерлер тергеу кезiнде азапталып, қысым көрсетiлгенi сотта жария болғаны жөнiнде жазған едiк. Алайда облыстық прокуратура сотталушылардың бұл мәлiмдемесiне қатысты қылмыстық iс қозғаудан бас тартыпты. Бейсенбiлiк сот отырысында прокуратураның шешi­мiн мемлекеттiк айыптаушы Дүзулбаев оқып бердi. Прокуратура сотталушылардың адвокаттары түсiрген өтiнiштi Маң­ғыстау облыстық iшкi iстер басқармасына жiберiптi. Guljan.org сайты келтiрген Маң­ғыстау облыстық iшкi iстер басқармасы жеке қауiпсiздiгi бөлiмiнiң аға тергеушiсi Н.Әжi­баев шығарған қаулыда өздерiн соққыға жықты деп мәлiмдеген айыпталушылар ешқандай шағым түсiрмегенi,

Президент әкiмдiгi аппаратының басшысы А. МУСИН мырзаға 
 А Ш Ы Қ   Х А Т  
“Құрметтi АСЕКЕ! Жаңаөзен оқиғасына байланысты тұтқынға алынған Серiк Сапарғали сотты болатындай қылмыс жасаған жоқ. Ол мұнайшылар мен компания басшыларын өзара түсiнiстiкке шақырып, бiтiмге келтiрмек оймен ол жаққа үш рет барған. Онда не айтқанын гәзеттер жариялады. Ол: мәселенi ушықтырмайық, тiл табысайық деп шырылдады. Сөйткен Азаматты не үшiн жауапқа тартпақсыздар? Ойланыңыздар, қиянат жасамаңыздар. Соколова мен Винявский босатылады да, Сапарғали босатылмайды, сонда қазақ болғаны үшiн де кiнәлi ме? 
Айыпталғандар хаты
Жаңаөзендегi мұнайшылардың мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған, олардың басына қайғы-қасiрет төнген сәтте қасынан табыла бiлген азаматтар баршылық. Болат Әбiлев пен Әмiржан Қосанов және басқа да қайраткерлердiң шынайы жанашырлықпен шырылдап жүргендерiне көпшiлiк куә. Ақтауда 2011 жылғы 16 желтоқсандағы қанды қырғында жарақат алып, зәбiр көргендер арасынан 37 адам айыпталып, сотқа тартылды. Сот барысында олардың қылмыстық әрекетке, заң бұзушылыққа барғаны дәлелденген жоқ. Керiсiнше, олардың азапталғаны, соққыға жығылғаны ашық айтылуда. Абақтыда отырғандар жолдаған, Б.Әбiлевке жазылған шағын хатта көп сыр бар.
ҚР Парламентi назарына!
1983-85 жылдары әскерге барып азаматтық борышымды өтеп қайттым. Үйленiп, кiшкентайлы болғанда әскери комиссариат екiншi рет – 1987 жылы 6 айға Чернобыль атом электростанциясын залалсыздандыруға жiбердi. 1987 жылы тамыз айының басында Киев қаласының “Зеленый мыс” деген посел­кесiнде солдаттарды жинады. Полк командирi полковник (ұлты украин, есiмiн ұмытып қалдым): “Сендер, қазақтар, 1986 жылы Желтоқсанға қатысқансыңдар”, –   деп менi Атом электростанциясының ең ауыр, радиация тұнып тұрған – 4-шi блокқа жiбердi. Мiне, оның осы сөзi арада 26 жыл өтсе де құлағымнан кетпейдi. Бүгiнгi таңда АЭС-тiң 4-блогында болған азаматтардың 60 пайызы өмiрден
“КӨЛСАЙ КӨЛДЕРI” МЕМЛЕКЕТТIК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКI ӨРТКЕ ҚАРСЫ АРНАЙЫ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКIЗДI
Жақында Алматы облысының Райымбек ауданындағы Саты ауылында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өрт шыға қалған жағдайда оны өшiрудi үйрету жөнiнде семинар-кеңес өттi. Семинарды ұйымдастырған – “Көлсай көлдерi” мемлекеттiк ұлттық табиғи паркi мемлекеттiк мекемесi. Семинарға “Көлсай көл­дерi” МҰТП директоры Әмiр­жан Малыбеков, директордың орынбасары Елнұр Ахметов, өрт қауiпсiздiгiн әуеден бақылау бөлiмiнiң бастығы Жанат Мамбаев және аудандық тө­тенше жағдайлар жөнiндегi бөлiмнiң бастығы, шекарашылар мен Саты, Алғабас, Қарабұлақ ауылдарының әкiмдерi қатысты.

Қажығұмар Шабданұлының алты томдық “Қылмыс” романының бiрiншi томы Қазақстанда тұңғыш рет 2005 жылы халық жазушысы Қ.Жұмадiловтiң “Тас түрменi бұзып шыққан тарлан сөз” атты кiрiспесiмен жарияланған-ды. Кiтаптың беташарына енген бұл мақаланы сексеннен асқан ғұмырының қақ жартысын түрмеде өткiзген Қажығұмар Шабданұлы туралы ең алғаш­қы зерттеу деп қараған жөн. Мұнда алты томның жазылу тарихы мен жанрлық сипаты, Қ.Шабданұлының абақтыда ұзақ отырудан дүниежүзiнiң рекордтар кiтабына кiрген түрмедегi кезеңi толық көрсетiлген. Қытайдағы 1950 жылдың соңында бас­талған “Тарих тапсыру”, “Үшке қарсы”, “Беске қарсы” деген әрекеттер

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының актрисасы Шолпан Мұқышева 2008 жылы жаңа үйлердiң бiрiндегi лифт шахтасына құлап, 35 жасында қаза тапты. Шолпанның сiңлiсi Айман әпкесiнен қалған үш баланы бауырына басып, жездесi Ислам Зейнуллаевпен отасқан едi. Ол отбасы жақында тағы бiр сәбилi болды. Шолпанның артында қалған Ақерке, Нұрлыхан және Әбдiсәлiм­дi жетiмсiретпеу үшiн жездесi Исламмен бас қосқан Айман жақында ғана босанып, отбасына Әлихан есiмдi ұл қосылды. Айманның сөзiне қарағанда, кiшкентай Әлихан қайғы-мұңды ұмытуға көп септiгiн тигiзiп жатыр.
Кеңес одағы кезiнде де, қазiр де “Радик Мұратовты бiлесiң бе?” десе, бiрде-бiр адам “бiлемiн” деп айта алмайды. Ал “Жолы болғыш мырзалар” (“Джентельмени удачи”) фильмiн көрген көрермендердiң Василий Алибабаевичтi бiлмейтiнi жоқ. Мiне, сол, жанар-жағармайға есектiң кiшi дәретiн қосып сатқаны үшiн түрмеге түскен Василий Алибабаевичтi сомдаған актер – Радик (Раднэр) Мұратов болатын. Ол кiшкентай кезiнен бастап ұшқыш болуды армандапты. Он бес жасында Қазан қаласындағы арнайы ұшқыштар мектебiне түсiп, оны он сегiз жасында (1946 жылы) бiтiрiп шығады. Арманы орындалғандай да едi. Алайда 1947 жылы Мәскеу қаласында қыдырып жүрген
Күнделiктi күйбең тiршiлiк дiңкелетiп үйге келгендегi ермегiң – теледидар. Тәулiк бойы тек ана тiлiмiзде хабар тарататын “Қазақстан” ұлттық арнасындағы бағдарламаларды үзбей көруге тырысамын. Бiр жолы сабақтан кештеу шығып, үйге келген соң, бел жазып теледидарды қосып қалсам, ұлттық арнада “Кеш, жарық!” бағдарламасы басталып кетiптi. Заты еркек болғанымен iс-қимылы қыз баласына көбiрек келетiн жүргiзушiнiң бiрi сайысқа қатысушыларды хабарлай бастады. Кәсiби әншiлерден сахнаға Ақжол Мейiрбеков шыға келдi. Мәссаған, пайғамбар жасына кеп қалған ағамыздың немересiндей студентпен өнер жарыстырғаны көзге қораш көрiнедi екен. 
Өткен аптада жол түсiп, Алматы қаласында болдым. Студенттiк жылдардан кейiн әсем қаланы армансыз аралағаным да осы. Жұмыс­тан қол босамай, көбiне асығыс келiп кететiнмiн. Бұл жолы отбасыммен бұрынғы астанада бiр апта қыдырдық. Кезiнде бес жылым өткен қала бүгiнде қатты өзгерген. Көкшетауға қайтатын күннiң алдында Әуезов театрына “Тендерге түскен келiншек” қойылымын тамашалауға бардық. Мәде­ниеттiң ошағы саналатын Алматының бұл театрына бас сұқпай кетуге бола ма? Қаланың орталығында орналасқан театр ғимаратының алды толған адам. Iштей бұған қуандым. Қала халқының демалыстың мәдени түрiн таңдауы дұрыс-ақ
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН ТУРАЛЫ БЕЙНЕКАДР ТАБЫЛДЫ
Осы уақытқа де­йiн зерттеушiлер қол жеткiзе алмай жүрген Сәкен Сей­фуллиннiң тұңғыш бейнекадры Мәскеу мұрағаттарынан табылды. Оны режиссер Жәнiбек Жетi­руов Тұрмағамбет Iзтiлеуов туралы де­ректi фильмге жинаған материалдары арасынан кездейсоқ тауып алған көрiнедi. “Биыл туғанына 130 жыл толғалы отырған халық ақы­ны, әйгiлi аудармашы Тұрмағамбет Iзтiлеуов туралы өткен жы­лы деректi фильм түсiрген едiм. Оған Мәс­кеу мұрағаттарынан жинаған материалдар арасынан Сәкен Сейфуллиннiң әлдебiр жиналыстағы бейнекадрын тауып алдым. Онда Сәкеннiң екi жолдасымен жиналыс кезiнде қол шапалақтап, өзара сөйлесiп тұрған сәттерi бейнеленген
Өмiрден өткенiне екi жылға жуықтаған   талантты бард ақын Табылды Досымовты еске алу кешi Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында өттi. Ақтөбелiктердiң Табылдың әндерiне ықыластары тым ерекше екен, келген жұрт­тың қарасында есеп жоқ.  Өкiнiштiсi – өмiрден ерте кеткен таланттың көзi тiрiсiнде осындай кештердiң ұйымдастырылмай қалғаны. “Қыр баласы тауға қарап өспейдi, Қыр баласы ұмтылады аспанға” деп Дендердiң сартап сорын табанымен басып жүргенде де өзiн-өзi жарнамалауға жаны қас едi. Шығармашылық ортадан тым алыста, ақша мен капитал билеген Атыраудың бақыттан бастары айналған әкiмқараларының алдынан жорғалауды бiлмей өткен, арманда кеткен талант едi ғой Табыл.
Нұртiлеу Иманғалиұлына
Сен бiрде алты жасар баладайсың,
Бiресе Абыз-ата – данадайсың.
Бiресе айға шауып арыстанша,
Алдыңда апан тұрса қарамайсың.
Бiресе түтiлмеген түбiттейсiң,
Дәл тапқан нысанасын үмiттейсiң.
Қазақ әншiлерiнiң клип­терiне көңiлiмiз толмай жүр едi. Ән өлкесiне қаз-қаз қа­дам басып, жаңадан танылып келе жатқан жастардың клиптерi бiр сарынды. Жылдың тек екi маусымында – қыста, көктемде түсiредi. Бiрсыдырғы болатын себебi оқиға желiсi, көрiнiстер мазмұндас: “күйдiм, сүйдiм, басымды идiм” деп ышқынып жiгiт тұрады, жартылай жалаңаш сылқымдар оспадар қылық көрсетiп, орындаушыны айналсоқтап жүредi. Қазiргi клиптердiң денi бiр-бiрiн қайталау екенiн осыдан-ақ аңғаруға болады. Бұдан құтылу үшiн не iстеу керек? Қазақ эстрадасына жаңа леп, соны сүрлеу қажет. Бүгiнгi тыңдарман шетелге елiктеп, солардың қаңсығына таңырқаған әншi­лердiң әрекетiн тамашаламайды.

Үш жылға жуық жабылып, күрделi жөндеуден өткен Республика сарайында әншi, сазгер, Қазақстанның халық әртiсi Алтынбек Қоразбаевтың жеке шығармашылық кешi өттi. Сазгердiң ән кешiне болысып, сахнаға шыққан өнерпаздар тосын жайға тап болды. Ең алдымен кеш иесi Алтынбек Қоразбаев ел алдына шығып, әнiн бастағанда микрофон iстен шықты. Бұл келеңсiздiк мұнымен де тоқтаған жоқ, Тұңғышбай Жаманқұловты сахнаға шақырғанда да қайталанды. Одан кейiн Бағдат Сәмединова ән шырқағалы тұрғанда да өшiп қалды.

ДИРИЖЕРЛЕР САЙЫСҚА ТҮСТI
 Алматыда Нұрғиса Тiлендиев атындағы республикалық дирижерлер байқауы өттi. Бұл байқау екiншi рет ұйымдастырылып отыр. 2004 жылы тұсауы кесiлген сынға сол жылы әр аймақтан 16 үмiткер қатысқан едi. Биылғы байқаудың ерекшелiгi – үмiткерлер өз мүмкiндiгiн тек “Отырар сазы” оркестрiмен ғана емес, Жамбыл атындағы филармонияның симфониялық оркестрiне жетекшiлiк етiп те көрсеттi. Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Айтқали Жайымов қазылар алқасына төрағалық ете отырып, өнерпаздардың екi оркес­трге қалай жетекшiлiк еткенiн жiтi қадағалады.
ТҮГIСКЕНДIК ТҰРҒЫНДАР СӨЗI БҰЛ. АЛ ЖЕРГIЛIКТI БИЛIК “ЖЕР БЕРМЕЙ-АҚ ТҮЗЕТЕМIЗ” ДЕЙДI...
Кеңес үкiметiнiң тұсында Жаңақорғанда тың игеру бағдарламасы негiзiнде “Түгiс­кен” кеңшары бой көтередi. 15 мың гектардан астам жер телiмi бар кеңшар жаппай жекешелендiру кезiнде әлдебiр себептермен “Түгiскен” тә­жiри­бе шаруашылығы” деген атпен мемлекет меншiгiнде қалып қояды. Нәти­жесiнде, түгiскендiк тұрғындар өзгелер секiлдi тиесiлi жер үлестерiнен қағылады. Жиырма жылдың iшiнде бiрнеше минис­тр­лiктiң меншiгiне өтiп, “мың құбылған” шаруашылық ең соңында ЖШС ретiнде “ҚазАгроИнновация” АҚ құрамына кiрген. “ҚазАгроИнновация” АҚ директорлар кеңесiнiң 2010 жылғы 15 сәуiрдегi шешiмiне сүйенсек, бүгiнде шаруашылықтың жалғыз құрылтайшысы – Серiк Кененбаев.
Мүлiк салығы
Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Кодексiнiң (бұдан әрi-Салық кодексi) 405-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқ­талмаған құрылыс нысандары қоныстану, пайдалану кезiнен бас­тап оларға мүлiк салығын салу нысаны болып табылады.Салық кодексiнiң 406-бабының 1-тармағына сәйкес, жеке тұлғалардың мүлiктерiне салық салу нысандары бойынша салық салу нысандарының құны салық базасы болып табылады.
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Б.Бекназаров, ҚР бас прокурорыА.Дауылбаев, ҚР Iшкi iстер министрi Қ.Қасымов, Маңғыстауоблысының әкiмi Б.Мұхаммеджанов мырзаларға
АШЫҚ ХАТ
Құрметтi министр мырзалар!
Сiздер Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтарының қатаң сақталуының негiзгi кепiлiсiздер. Сонымен қатар президенттiң сенiмдi серi­гiсiздер. Сiздерге жазылған хаттардан нәтиже болмаса, қарапайым халықтың мемлекетке деген сенiмiне сызат түсетiнi белгiлi. Мен өтiнiшiмдi сiздерге жазбастан бұрын, Жаңаөзен қаласының әкiмiне, прокурорына, Маңғыстау облысының прокуроры С.Бекбосыновқа, Маңғыстау IIД бастығы М.Жаманбаевқа және өздерiңiзге бiрнеше рет арыз жаздым.
1962 жылғы ұлы көшке iлесiп әкем Еңсе мен анам Қайша 7 баламен Отанымыз – Қазақстанға көшiп келдiк. Бiз Шәуешектен 20 шақырым жерде “Ащылы” ауылында тұрдық. Бiрақ ауыл көктемде егiн үшiн қырға көшетiн едi. Ауылда қанша бала болса, сонша бала атқа мiнiп оқуға барамыз. Сол жылы 22 сәуiрде сабаққа келдiк. Мен 7 сыныпта оқимын. Бiр сабақтан кейiн мектеп ауласында жиын болды. Мектеп директоры Нияз ағай: “Балалар ел-жұрт бетiн “советке”, яғни Қазақстанға бұрып отыр. Бүгiн сабақ болмайды. Құжаттарыңды сынып жетекшiлерiңнен алыңдар. Қазақстанға барғанда бiлiмдi одан әрi жалғастырасыңдар”, – деп жиынды тез аяқтады. Үйге келсем, ондағылар жол­ға тамақ

Осы ала таяқты ағайындар мен көлiк жүргiзушiлерiнiң арасындағы әңгiмеге байланысты анекдот көп. Әйтеуiр, кез келген жүргiзушiмен әңгiмелессеңiз, МАИ қызметкерiмен болған қызықты жайттарын жыр қып айтып бередi. Бiздiң ауылда Серiк деген жiгiт өткен ғасырдың       90-жылдарында осы МАИ-да қызмет еттi. Шымкенттiң шетiнде “БАМ” деген ықшамаудан бар. Ол кезде қаланың шетiнде бүгiнгiдей қаптаған құрылыс жоқ. “БАМ” мен Шымкент қаласының арасында бiр аялдамадай айдала жер болатын. Түннiң бiр уағында Серiк қызметтестерiмен осы айдалада, жолдың бойында көлiк “аңдып” тұрады.

Бәлкiм, оқырмандардың бiрi келiсер, бiрi келiспес, бүгiнгi заманның пысық әйелiне күйеусiз бала өсiру оңайырақ. Мұны мен басымнан өткiзгеннен кейiн жазып отырмын. Жалқау әрi iшкiш еркекпен жағаласып өмiр сүр­геннен, бiрдi-екiлi балаңды өзiң өсiргенiң әлдеқайда тиiмдi әрi жүйкеңдi де тоздырмайсың. Бiрақ... Бiрақ балаңның есi кiрмеген шағында осылай-ақ болар. Ал ақыл тоқтатып, оң-солын таныған кезде, сенiң өзiңе кiнә артып шығатынын қазiр, жас ортасына келген шақта бiлiп отырмын. Бүгiнгiнiң ұлы – өзiмшiл, өркө­кiрек. Айтқанын iстемесең, сенiң күйеусiз екенiңдi бетiңе басады. Қазiргi менiң басымнан өткiзiп жатқан жайым осы.

Бiздiң үйде қалып­тас­қан бiр тәртiп бар. Ол әкем мен шешемнiң қымбат заты болып саналатын дүниелерге ешкiмнiң қол тигiзуге құқы жоқ. Шешемiздiң дүниелерi –   тозығы жеткен шифоньер, шкаф, сандық пен оның үстiне қатар-қатар жиналған көрпе-төсек. Арасында бояуы әбден оңған текемет пен кiлемдерi де бар. Әлдекiм осы заттардың орнын ауыстырып немесе өзгерткiсi келсе, басы дауға қалады. Әкемнiң құнды заттары сырттағы екi бөлмелi ескi қорада сақталады. Оның есiгiнде иттiң басындай үлкен қара құлып iлулi тұр. Кiлтi тек әкемде ғана. Қораға да “доступ” тек әкемнiң өзiнде ғана. Бiз бала күнiмiзден ол жаққа аяқ баспайтынбыз.

Ресей құрамасының белдi ойыншылары биылғы Еуро-турнирде төрт жыл бұрын жеткен жетiстiкте­рiнен асып түсудi жоспарлап отыр. Олар бұған бiздiң күш жiгерiмiз жеткiлiктi дейдi. Ал команданың бас бапкерi Дик Адвокат футбол жарысынан кейiн орнынан кететiнiн мәлiмдедi. Андрей Аршавин UEFA.com веб-сайтына: “Ресей құрамасы 2008 жылғы Еуропа чемпионатында көп тәжiрибе жинады. Және сол тәжiрибелi ойыншылардың көбi биылғы Еуро-турнирге барады. Сондықтан осы додадан үлкен үмiт күтемiн” деп мәлiмдедi.
Ел бiрiншiлiгiнiң 9-турында елордалық “Астана” клубы үш ұпайға қол жеткiзiп, турнир кестесiндегi жағдайын бiршама түзеп алды. Биылғы бiрiншiлiктегi ойындарында береке кетiп, жеңiлiске ұшараған клубтың бас бапкерi Олег Протасов қыз­метiнен кететiнiн мәлiмдеп, жылы орнын босатқан. Содан берi бас қаланың бас клубына кiмнiң бас бапкер болып бекитiнi көптiң көкейiн күптi еткен едi. Жел сөзге желеу болған бос орынтаққа Мирослав Беранек келiп орнықты. Ол футболдан елiмiздiң ұлттық құрамасын баптайды. Демек, ендi чехиялық бапкер екi тiзгiндi қатар алып жүредi. 9-турдағы ойынды жаңа бапкердiң
ЕКПIНIМIЗ БӘСЕҢ
Әлемдегi айтулы вело бәйгелердiң бiрi – “Джиро д’Италия” көпкүндiгiнiң екiншi кезеңiнде британиялық Марк Кавендиш жеңiмпаз атанды. 206 шақырым жолды өндiрген велоспортшылар арасынан суырылып, мәреге бiрiншi жеткен Марктың iзiн ала Мэтью Госса келсе, үшiншi орын Джеффри Сипке бұйырды. Ал “Астана” клубының мүшелерiнен екiншi кезеңде итальяндық Паоло Тиралонго ғана алдыңғы топтың арасында жеттi. Ол бұл кезеңдi 29-орынмен түйiндесе, елордалық клубтың қалған мүшелерi қою шаңнын арасында қалды.
Алматыда ҚР Президентiнiң кубогы үшiн бокстан халықаралық турнир аяқталды. Бұл сынға елiмiздiң боксшылары үш құраммен қатысты. Алматы қаласының бокс федерациясының спортшылары жеке команда болып қатысса, Мырзағали Айтжанов баптайтын ұлттық құрама жеке, ал нөмiрi екiншi боксшылардан жасақталған команда да өз шеберлiктерiн байқап көрдi. Бұл сынға ресейлiктер қосалқы құрамын қатыстыруды жөн көрiптi. Десе де Алматы рингiне Куба, Үндiстан сынды боксқа көп көңiл бөлетiн елдердiң де боксшылары шықты. Бiр аптаға созылған тартыста қазақ елiнiң жетi боксшысы финалға шығып, алтын медальға қол жеткiздi.
“Кедендiк одақ”, “Еуразиялық экономикалық кеңiстiк”, “Ортақ валюта” – мұның бәрi-бәрi қазаққа кигiзiлген мұжықтың қамыты! Алаш көсемi Әлихан Бөкейхан жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ бұл туралы былай деген: “Қазаққа әкеп мұжық қамытын кигiзе салса – бұл бiр түске кiрмеген қиыншылық: бұдан қазақ безуi керек!” Әлихан Бөкейхан айтқан мұжықтың қамыты төбеңе төнiп тұр, қазақ! Бұдан бүгiн безбесең, ертең кеш болады. Мұжықтың қамытын мойынға iлгiзетiн құлдық санадан құтылғыңыз келсе, “Жас Алашыңызға” жазылыңыз!