1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №37 (15703) 11 мамыр, жұма 2012
“Forbes Kazakhstan” дейтiн журнал бiздiң елдегi миллиардерлер мен миллионерлердi құлағынан тiзiп, түгендеп шығыпты. “Дәулеттi Қазақстан” деген атаумен жасалған бұл жолғы тiзiмде “түртаныс” миллиардерлер де бар, аты-жөнiн бұрын-соңды бiз естiмегендерi де жүр. Сонымен, Қазақстанда ең бай кiм? Ол – Ким! “Қазақмыстың” директорлар кеңесiнiң төрағасы Владимир Кимнiң жиған-тергенi – 3,5 миллиард доллар. “Кимнiң миллиардтары қаттал­ған сандықтың кiлтi Қазақстан пре­зидентi Н.Назарбаевтың жастығының астында” дей­тiндер бар. Кiм не десе де, Кимнiң мұртын балта шаппайды, әйтеуiр. Әйгiлi “Еуразиялық үштiк” – А.Машкевич, П.Шодиев және А.Иб­рагимовтi “қазақстандық миллиардерлер” дейтiн жаһан жұрты. Олай дейтiнi – бұл үшеуi де қазақтың несi­бесiн жеп байыды. Неге екенiн қайдам, қазақстандық миллиардер­лер­дiң тiзiмiнде алғашқы екеуi – Машкевич пен Шодиев жоқ. Бұл екеуi кедейленiп қалды дегенге ешкiм сенбес, сiрә.
Айтыскер ақын Бауыржан Халиоллаға бұзақылар қастандық жасады. Мамырдың 7-сiнен 8-iне қараған түнi Оралдағы үйiнiң алдында көлiгiнен түскен оған белгiсiз бiреулер тап берiп, алдымен резеңке оқпен атыпты, артынан пышақ ала жүгiрген. “Азаттық радиосына” берген ақпарында айтыскер ақын: “Бетперде киiп алған үш жiгiт резеңке оқпен атты, қашып, көлiгiмнен шыққанда қолдарында суық қаруы бар екеуi тағы да ұмтылды, қорғана жүрiп, адамдардан айғайлап көмек сұрадым. Сол кезде олар iздерiн жасырып үлгердi. Қастандықтың қайдан келгенiн бiлемiн, өйткенi менiң соңыма жиi аңду түстi.

Жаңаөзен және Шетпе оқиғалары бойынша сот процестерi бiтуге таяу. Екi сотта да кеше басталуы тиiс жарыссөздер бүгiнге, 11 мамырға қалдырылды. Жаңаөзен iсi бойынша өтiп жатқан сотта бұған дейiн сұралмаған куәлардан жауап алынса, Шетпе сотында прокурорлар жарыссөзге дайын еместiгiн алға тартып, оны кейiнге қалдыруды сұрапты. Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшелерi мемлекеттiк айыптаудың дәлелдерi жеткiлiксiз болғандықтан жарыссөздер кейiнге ысырылды деп есептейдi. Тәуелсiз қоғамдық комиссия мүшесi Нұркамал Аязбаевтың хабарлауынша, кеше түске дейiн өткен сот процесiнде осы күнге дейiн жауап бермеген бiрнеше куәгерден жауап алынды.

Ақтауда Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бастығы Жеңiсбек Темiровтiң үстiнен өтiп жатқан сот процесi аяқталып қалды. Кеше Темiровтiң қылмыстық iсiн қарау процесi жарыссөзбен бiттi. Мемлекеттiк айыптаушы Ж.Темiровтiң iсiн ауырлатуға еш негiз жоқ деп, соттан оны бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Ал жәбiрленушi Кенжебаев­тардың адвокаты Шамин Базаров Темiровтiң iсiн ауырлатуға негiз бар екенiн, Базарбай Кенжебаевтың өлiмiне тiкелей болмаса да себепкер болғанын алға тартып, қатаң жазаға кесуiн сұрады. Темiровтiң қорғаушысы соттан айыпталушыға шартты жаза беруiн өтiндi. Айыпталушы соттан өзiн ақтауды сұрады. Сот үкiмi 17 мамырда оқылады.

Шетпе оқиғасы бойынша жәбiрленушiлердiң сөздерiнен белгiлi болғанындай, Шетпеге Оңтүстiк Қазақстан облысынан жүзден астам, Бейнеуден елудей құқық қорғаушы барған екен. Сотқа жәбiрленушiмiн деп қатысқан бiздiң жерлесiмiз Шымкент қаласы Абай аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң полицейi Жеңiс Бақтыбай Ақтауға 16 желтоқсанда, Шетпеге 17 желтоқсанда келгенiн айтқан. “Неше оқ аттыңыз?” – деген сұраққа ол: “бiр магазиннен неше оқ атқаным есiмде жоқ”, – деп жауап берген. Полицей Нұржаев оқиға кезiнде шетпелiктердiң жанғыш қоспасы бар бөтелке лақтырғанын, содан шалбарының балағы жанғанын айтқан. “Өмiрiңiзге қауiп төндi ме?” – деген сұраққа ол:
Қазақстандықтардың салымын шетелдiктердiң қолына ұстатпақ. Сарапшылар мұның арты жақсылыққа апармайтынын ескертедi
Осы аптаның басында ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң “бүкiл зейнетақы қорлары бiр қорға бiрiктiрiлiп, оны шетелдiк компания басқарады екен” деген ақпараты қаржылық ортада ғана емес, қарапайым халық арасында да дүрбелең тудырды. Ақпарат агенттiгiнiң дерек көзiне сүйенсек, елiмiздегi зейнетақы қорларын бiрыңғай қордың аясына бiрiктiрiп, оны шетелдiк компанияға ұстату бастамасын Бүкiләлемдiк банк көтерiптi. Ендi қазiр зейнетақы жүйесiнiң жаңа тұжырымдамасы дайындалып жатқан көрiнедi. Ол биылғы жылдың тамыз айында да­йын болмақ. Ары қарай мұны қа­былдау-қабылдамау жағын үкiмет шешедi.
Қазақстан азаматтарына! Қазақстан Республикасының Президентiне,
Үкiметiне және Парламентiне
МӘЛIМДЕМЕ
Қоғамдық пiкiр билiктiң халыққа оқ атқанына ауған тұста, “интеграция” деген екұшты ұғымды жамылған Кедендiк одақ пен Еуразиялық одақ сияқты тәуелсiз­дiгiмiздi тәрк ете­тiн ұйымдар жедел жанданып келедi. Осыны аңғарған жас саясаткерлер президентке үкiмет­ке, парламентке жә­не қазақ қоғамына үндеу тастады. Жас саясаткерлердi қолдау ретiнде мәлiмдеменiң толық мәтiнiн жариялауды жөн көр­дiк. Соңғы айлары Жаңаөзен оқи­ға­сынан басқа қоғам назарын аударатын маңызды мәселелер қатары көбейiп келедi. Бұл үндеу­де бiз Еуразиялық одақ мәселесiн кө­теремiз.
Мәжiлiсшiлер тағы бiр “жаңалықтың” құлағын қылтитты. Жаңалық дейтiнiмiз, олар ендi әрбiр қазақстандықтың жеке құжатын қаттамақшы. Өткен аптаның соңында парламенттiң қарауына жiберiлген жаңа заң жобасы “Азаматтардың жеке мәлiметтерi туралы” деп аталады.Жаңа заң жобасы әрбiр қазақстандықтың қолтаңбасын алып, азаматтардың қан тобы, көз қарашығының түрiнен бастап, жеке телефоны мен жылжымайтын мүлiктерiне дейiн ақпарат беруге мiндеттейдi. Естерiңiзде болса, дәл осындай жоба 2001 жылы желтоқсан айында талқыға түскен болатын. Сол кезде-ақ бұл идея құқық қорғаушылар мен заңгерлердiң сын тезiне iлiккен.
ОТЫЗ НЕШIНШI ЖЫЛ
Басқан iзiм бағулы, телефоным тыңдаулы,
Бiздi жау ғып шығарды тапсырмалы бiр қаулы.
Телеарналар табалап, интернеттер абалап,
Басты ермегi бiз болып, жатыр тынбай жалалап.
Ұстап жүндей түткелi,басымды отқа үйткелi,
Күнi-түнi ториды НКВД иттерi.
“Хаттап” жатыр данамды,соттап жатыр бабамды,
Тереземнiң iш жағы топастүнек қараңғы.
Тiлiп жатыр төрiмдi,қазып жатыр көрiмдi,
Сүйегiмдi қымтаймын тартып жыртық кебiндi.
Бiрқатар елдерде мамыр айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтетiн Аналар күнi қарсаңында Save the Children ұйымы әлемдегi аналардың жағдайы туралы кезектi баяндамасын жариялады. Save the Children қайырымдылық ұйымы 2012 жылғы баяндамасында 165 елдегi аналардың жағдайын салыстырған.  Ұйымның бiрқатар көрсеткiштер (денсаулық, бiлiм деңгейi, экономикалық ахуал және тамақтану жайттары) негiзiнде дайындаған баяндамасында осы елдердi үш категорияға –  “Дамыған елдер”, “Дамушы елдер” және “Дамымаған елдер” деп бөлген. Әлем бойынша аналарға жақсы жағдай жасалған елдер тiзiмiн дамыған мемлекеттер – Норвегия, Исландия, Швеция бастап келедi.
Көрермендер 12 миллион АҚШ доллары жұмсалған “Қазақфильмнiң” жаңа картинасын “Көшпендiлерге” ұқсатып тұрған жал­ғыз-ақ нәрсе – президенттiң кiрiспе және қорытынды сөздерi екенiн айтады. Өткен аптадан бастап, Қазақстан кинотеатрларында режиссер Ақан Сатаевтың “Жаужүрек мың бала” атты тарихи драмасы көрсетiле бастады. Бұл фильм XXIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезiндегi қазақ халқының қиын-қыстау өмiрiнен сыр шертедi. Сондықтан фильмде соғыс өнерi туралы көрiнiстер өте көп. Туындыға жоңғарларға қарсы күресте ересек сарбаздармен бiрге елi мен жерiн қорғауға бел буған мың жас жауынгер туралы аңыз желiсi негiз болған.
Оқырмандарын имани мәңгi құндылықтарға шақырған жырлар – қашан да өмiршең. Ондай дүниелердiң қамтымайтын аудиториясы жоқ. Жасы бар, жасамысы бар қарапайым еңбеккерден бастап ғұлама ғалымдарыңызға дейiнгi аралықта көкiрек көзi ояу жандардың жақсы жырға елең етпейтiндерi шамалы. Себебi, қоғамдық құрылымдар мен заманалар өзгерсе де өзiнiң Түп Негiзiне, Жаратушысының рахымына деген адам баласының ұмтылысы – мәңгiлiк. Сондай дүниелердiң бiрi Мұқағали жырлары екенiн Уақыт төрешi өзi дәлелдеп келедi. Әсiресе, ақынның 80 жылдық тойы қарсаңында газет-журналдарда жарияланған жүрек жарды пiкiрлер тасқыны – соның дәлелi.
Жезқазғандағы тергеу изоляторынан бес қылмыскер қашып, аяқ астынан аласапыран бас­талған күнi кешкiлiк “Нұрлан Абдуллин кен­шiлер қаласындағы Мәдениет сарайында Ұлы Отан соғысының майдан­гер­лерi мен тыл ардагерле­рiне арнап тегiн концерт қоятын көрiнедi” дегендi естiдiк. Бiрақ қарттардың қабағына кiрбiң түсiп қайтқанын көрдiк. Неге? “Нұрлан Абдуллин “Қазақмыс” басшысының мәдени мәселелер жөнiндегi кеңесшiсi көрiнедi” деп еститiн едiк, рас шығар, қала әкiм­дiгiнiң, жұмыспен қамту және әлеу­меттiк бағдарламалар бөлi­мiнiң, “Нұр Отанның” сеңдей соғылысқан қыз­меткерлерiн былай қойғанда, комбинаттың әлеуметтiк бөлiмiнде iстей­тiндер де мұрнынан шаншылып жүрдi.
ДАМАСКIДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Кеше таңертең Дамаскiде екi рет күштi жарылыс болып, со­ның салдарынан бiрнеше адам қаза болды. Лондондағы сириялық құқық қорғаушылар тобының айтуынша, қаланың оңтүстiк бөлiгiнде жарылыстар бiрiнен соң бiрi болған. Құқық қорғаушылар бұл жарылыстардың арнайы органдарға қарсы ұйымдастырылғанын айтты. Өйт­кенi жергiлiктi тұрғындардың сөзi­не сiлтеме жасаған “Рейтер” ақпарат агенттiгi жарылыстар болған ауданда әскери бар­лау қызметiнiң кеңсесi болғанын хабарлады.
Алматыда көрнектi жазушы, журналист, қоғам қайраткерi Сейдахмет Бердi­құлов атындағы шағын футболдан турнир өтiп, журналистер алаңда ала доптың соңына түстi. ҚР Спорт iстерi және денешынықтыру агенттiгiнiң ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi белсендi атсалысты. 1994 жылы (Сейдағаң сол жылы өмiрден өттi) алғаш рет ұйымдастырылып, жыл са­йын дәстүрге айналған турнир биыл республикалық спорт колледжiнiң футбол алаңында болды. Алматы қалалық бокс федерациясының президентi әрi осы спорт колледжiнiң директоры, қоғам қайраткерi Амалбек Тшан журналистердiң алаңсыз доп тебуiне мүмкiндiк жасап,
ҮШ ГОЛДЫҢ ЕКЕУIН ФАЛЬКАО СОҚТЫ
УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны испандық клубтар арасында өттi. Румыния астанасы Бухарест қаласының ұлттық стадионында өткен финалдық кездесу 3:0 есебiмен аяқталып, кубок мадридтiк “Атлетико” клубына бұйырды. Бильбаоның “Атлетигiн” қа­был­даған мадридтiктер шабуылды төрешi ысқырығы естiлiсiмен бастап кеттi. Алғашқы гол да көп сарылтқан жоқ, 7-минутта соғылды. “Атлетиконың” ойын жүйе­сiндегi “жүрегiне” айналған колумбиялық Радамель Фалькаоның қанжығасы алғаш болып майланды. Оң қапталмен айып алаңына енген ол үш бiрдей қорғаушының көзiн арбап, сол аяғымен тоғыздыққа солқ еткiздi.
IСIКТIҢ IШIНДЕ “ӨМIР СҮРЕТIН” ҚҰРТ
Полтава облысындағы (Украина) Комсомольск қаласының тұрғыны Марина Клименко не-бәрi 17 жаста. Бiрде ол оң жақ құлағының сыртына шыққан кiшкентай ғана iсiктi байқайды. Алғашында анасы оны бөгелек шағып алды екен деп ойлаған. “Ертеңгiсiн әлгi iсiктi орнынан таппай қалдым. Бiрақ келесi күнi оның бiрнеше сантиметр­ге өскенiн көргенде... есiм шықты. Оның қалай жылжығанын немесе ауырғанын сезбедiм”, – дейдi Марина толқып. Екi аптадан кейiн әлгi iсiк жылжып, оның оң көзiнiң сыртқы бұрышында “қоныстанады”. Мiне, осы кезде барып қыз­дың үй-iшi мазасызданып, дерматологқа барады. Ал ол Маринаны окулистке, окулист – терапевтке жiбередi. Қыздын анасы Маринаны Кременчуг қаласындағы ақылы емханаға апарады.