1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №38 (15704) 15 мамыр, сейсенбі 2012

Путин инаугурациясынан берi Абай – қазақтың ғана емес, орыс оппозициясының да ақынына айналды. Путин Ресей президентi қызметiне үшiншi мәрте кiрiскеннен кейiн азаматтық қоғам белсендiлерi Мәскеудiң әр-әр жерiнде қарсылық жиындарын өткiзiп келген-дi. Бiрақ өткен аптадан бастап оппозиция Чистые пруды бульварындағы Абай ескерткiшiн тұрақты лагерiне айналдырды. Ал жексенбiде жазушы Борис Акунин мен өзге де ондаған зиялы бастаған қалың топ Пушкин ескерткiшiнен Абай ескерткiшiне дейiн серуендеп өттi. Пушкин ескерткiшiнен басталған Путинге қарсы серуенге әуелде он мыңға жуық адам қатысса, Абай ескерткiшiне жеткенше олардың саны 60 мыңға жетiптi.

28 сәуiр күнгi митингiнi ұйымдастырды, оған белсендi қатысты деген айыппен үш азамат қамауға алынған болатын. “Ар.Рух.Хақ” қоғамдық ұйымының төрайымы Бақытжан Төреғожина, қазақ суретшiсi Қанат Ибрагимов пен “Халыққа баспанасын қалдырайық” қоғамдық ұйымының белсендiсi Лариса Бояр өткен жексенбiде 15 тәулiктiк қамаудан босап шықты. Бұдан бұрын суретшi Қанат Ибрагимовтiң полицейлердiң заңсыз әрекеттерiне байланысты наразылық ретiнде құрғақ аштық жариялағанын хабарлағанбыз. Митинг өткен күнi кешi­рек қоғамдық орында отырған суретшiнi баса-көктеп сүйрелеп алып кеткен полицейлер оны екi сағаттан астам уақыт Алматы қалалық IIД-нiң бөлмесiнде ұстаған.
Ресейдегi ақын-жазушылардың оппозиция шеруiне қосылуына байланысты қазақ жазушылары әртүрлi пiкiр айтты. Ал Абайды тануға ұмтылған Ресейлiк тележүргiзушi Тина Канделаки ақын туралы таныстарынан сұрастырып, “Қазақстанда Абайдан гөрi Назарбаевты бiлген маңыздырақ” деген жауап алғанын жазады. Жексенбi күнi Мәскеудегi оппозиция жиынын ресейлiк жазушылар мен музыканттар қолдап, Пушкин алаңындағы ақын ескерткiшiнен Чистые пруды аймағындағы Абай ес­керткiшiне дейiн жүрiп өткен. Ақпарат бойынша, шеруге Дмитрий Быков, Сергей Пархоменко, Борис Акунин, Алексей Кортнев сияқты белгiлi интеллигенция өкiлдерi қатысқан. 

Қылмыстық кодекстiң 308-бап, 2,4-бөлiктерiмен сотталушы Жеңiсбек Темiровке мемлекеттiк айыптаушы жарыссөз кезiнде шүйлiккен болып, оның жеке өзiн ғана айыптаумен тынды. Бас жаққа барыспады. Уақытша қамау абақтысына 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған жаппай тәртiпсiздiкке қатысты делiнген айыппен бес жүздей адам қамалған. Оларды мұнда азаптағанын, қорлағанын, ұрып-соққанын, қинағанын, тергеу iсiнiң өрескел заң бұзушылықпен жүргiзiлiгенiн ашық айтып жатқандар аз емес. Бұл сотта жәбiрленушi­лер – Ю.Каменов, Е.Туленов, С.Каканов, Ә.Кенжебаева, Т.Қатбаева да, басқа куәгерлер де омоншылардың таяқпен ұрғанын, аяқтарымен тепкенiн

“КҮНТУАРОВҚА” КҮНI ҚАРАП ҚАЛҒАНДАЙ
11 мамыр күнгi сот отырысында “Күнтуаров Бердiаман” деген лақап атпен белгiсiз бiреу куә болып, “ көргендерi мен бiлгендерiн” айтып, сұрақтарға жауап бердi. Бұл “қауiпсiздiк шарасы қолданылған” куәнiң сот залына келмей, сырттай сұралғанынан да айтқан сөздерi тiптi “қызық” болды. Ал оның куәгерлiк етуiне мемлекеттiк айыптаушылардың нелiктен ерекше ынтыққандары кейiн, өздерiнiң жарыссөзi кезiнде байқалып қалды. Ол пақырдың 16 желтоқсан күнi жүрмеген жерi қалмапты. «Өзенмұнайгаздың» өртенген ғимаратын да, банкоматтың темiр сандықтарын сүйреп шығарып жатқандарды да көрiптi. “Ешмановтың үйiне барамыз, өртеймiз” дегендi де естiптi.
Дүйсенбi күнi Жаңаөзен сотында жалғасқан жарыссөзде айып­талушылар мен олардың қорғаушылары сөйледi. Отыз жетi сотталушының бiрнешеуi қорғаушылардан кейiн ақырғы сөздi айтамыз десе, қалғандары кiнәсiз екенiн мәлiмдеп, өздерiн ақтауды сұрады. Олардың адвокаттары прокурорлардың айыптаулары негiзсiз екенiн айтып, өз дәлелдерiн келтiрдi. Судья Аралбай Нағашыбаев алдымен айыпталушыларға сөз бердi. Тал­ғат Сақтағанов, Роза Төлетаева мен тағы бiрнеше сотталушы адвокаттардан кейiн сөйлейтiнiн айтып, сөйлеуден бас тартты. Сотталушылардың басым бөлiгi соттағы ақырғы сөздерiн қысқа қайырып, жаппай тәртiпсiздiкке қатысы жоқтығын жеткiздi.
Өткен аптаның соңында шетелдiк ақпарат көздерi итальяндық Corriere della Sera басылымына сiлтеме жасап, Eni мұнай компаниясының қазақстандық шендi-шек­пендiлерге 20 миллион доллар пара берге­нiн, бұл iстi Милан прокуратурасы тексерiп жат­қанын хабарлады. Басылымға сенсек, итальяндық Eni компаниясы миллиондаған доллар параны Қашаған кенi­шiн игерудiң алғашқы кезеңiнде, яғни 2007 жылға дейiн берген. Милан прокуратурасы заңды тұлға ретiнде компанияға қатысты iс қозғаған көрiнедi. Жекелеген топ-менеджерлер де прокуратураның қырына iлiккен. Алайда, күдiктi­лердiң арасында компания­ның жетекшiсi Паоло Скарони жоқ.
Бесiншi шақырылған ҚР Парламентiнiң iске кiрiскенiне 116 күн болды. Осы уақыт аралығында партия қалаулылары қандай мәселе көтерiп, не тындырды дейсiз? Өкiнiшiке қарай, көпшiлiктiң көкейiнен шығатындай мардымды мәселе көтерiп, жұрттың ықыласына бөлене қойған жоқ. Мәжiлiсшiлердiң соңғы төрт айда ұлттың ең өзектi делiнген төрт мәселесiн көтере алмауы қалай? Әлде күнделiктi етекбасты жайттарға көңiл бөлгенiне “көппартиялы парламент” мәз болып жүр ме? Тiптi парламент партасына жайғас­қан 107-нiң тең жартысы әл күнге дейiн депутаттық сауал жолдамаған. Алаш арыстары “Қазақ” газетiнде “ұлттық мәселемiздi көтеретiн Думада қазақ депутаты жоқ” деумен өттi.
Қазiргi Қазақстанның ресми тарихнамасы бекiткен және көпшiлiк қабылдаған дәйек бойынша, Абылай хан 1711 жылы туған. Яғни, өткен 2011 жылы 300 жылдық мерейтойы аталып өтуге тиiс едi. Мүлде ескерусiз қалыпты. Өкiмет емеурiн бiлдiрмедi, ал басыбайлы жалпы жұртқа бәрiбiр екен. Таңғаларлық ештеңе де жоқ. Егер ең биiк мiнберден: “Бұған дейiнгi заманда қазақ халқының атаулы мемлекетi болған жоқ, өзiндiк шекарасы да болмады!” – деп бiр емес, екi емес, әлденеше қайыра жар салынса, бұл өрескел қағиданы Ғылым академиясының Тарих институты қостап отырса, онда Абылай дейтiн хан да болмаған, ендi сол жоғымыз кенеттен бар шығып
Қызылордада тұратын Қызылгүл Боранбаева биыл 110 жасқа толды. Өзбекстаннан келгенiне сегiз жылдан асса да, Қазақстан азаматтығын ала алмай отыр. Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығы бұл жағдайдан бейхабар болса, көшi-қон мекемесi әженiң атынан азаматтық алуға арыз түспегенiн айтты. Шөпшегiнiң қолынан су iшкен Қызылгүл апа Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентiнде тұрып жатыр. Ол Азаттық радиосына да батасын берiп, бiр ауыз лебiзiн бiлдiрдi:  – Мен өмiрiмдi ұмытып қалдым ғой. Жақсы өттi өмiрiм. Қазiр балаларымның қолындамын. Уақытында қиындықты да, жоқтықты да көр­дiм. Қазiр өзiмнiң науқастанғаным болмаса, жақсымын.
АЙЫРБАС ДҮНИЕ...
Сонымен, Бiшкекте Абай ес­керткiшi бой көтерiп, бiзде (не Астанада, не Алматыда) Манасқа ескерткiш орнатылатын болды. Сондай-ақ Бiшкектiң бiр көшесi­не Шоқан Уәлихановтың есiмi берiлсе, Астанада Шыңғыс Айтматовтың атына көше берiлетiн болды. Мұның бәрi Қырғызстан мен Қазақстан президенттерiнiң кездесуiнде шешiлдi. Сөз жоқ, бұл – игiлiктi шара. Мұны құптаймыз. Бiрақ екi ел арасындағы рухани байланыс осындай “айырбас дүние­лермен” шектелiп қалмаса екен дейсiң ерiксiз...
Жақында тұсауы кесiлген “Жаужүрек мың бала” кинофильмi көрген көпшiлiкке үлкен ой салды. Бұл фильм аяққа тапталған, әбден жаншылған қазақ рухын қайта сiлкiндiргендей. Басқаны бiлмедiм, бұл фильмдi көргенде өзiм сондай әсерде болдым. Халқымды езгiден құтқарып, оған еркiндiк сыйлайтындай әсер алдым. Фильм тарихқа негiзделген. 1723 жылғы қазақ жерiне жоңғарлардың басып кiрiп, байлығын тонап, жылы-жұмсағын иемденiп, өзiн құлға айналдырған кезең сипатталады. Сол тұста қазақтың жаужүрек мың баласы бас көтерiп, жерi мен ұлтының намысын ту етiп, басқыншы қарақшыларға тойтарыс бередi. Қазақы мi­нез танытады. Өз жандарын қи­ғанымен, ұлтын құлдықтан азат етедi. Намысқой мың баланың бұл ерлiгi маған үлкен ой салды...
Айтыс өнерiнiң ең кең тараған бiр аймағы – Оңтүстiк аймағы. Осы топырақта ғұ­мыр кешкен суырып-салма ақындар, жыршы-термешi­лер Мәделiқожа, Майлықожа, Құлыншақ, Молда Мұса, Орынбай, Көпбай, Тәушен...әрқайсысы айтыс өнерiнде өзiндiк бағытын, мектебiн қалыптастырды.  Сол дүлдүлдердiң өнерi мен мектебiн жаңғырту үшiн және жас айтыскер ақындардың талантын шыңдай түсу үшiн биылғы наурыз айында облыс әкiмдiгiнде арнайы шара қарастырыл­ған-ды: 10 жас ақынға стипендия тағайындау, мәдениет басқармасы мен демеушiлер арқылы ақындардың сахнаға шығатын киiмiн тiгiп беру, республикалық айтысқа жiберудi дұрыс жолға қою және т.б.
2005-06 жылдары Қазақстанда “тегiн ақша” тарату науқаны қызу жүрдi. Тегiн дейтiнiмiз, аяқ аттасаңыз, несиенiң ең оңай түрiн ұсын­ған банктер жауыннан кейiнгi саңы­рауқұлақтай қаптаған едi сол кезде. Бiрнеше қаржылық дағдарысты бастан өткерген жұрт мынадай “тиiмдi шартпен” берiлiп жатқан ақшадан бас тарта алмады. Керiсiнше, сол жылдары несие­мен әлеуметтiк тұрмысын едәуiр түзеп алуға жанталасқаны рас. Бiрi баласын үйлендiрiп, бiрi қызын несиеге алған ақшаға ұзатты. Ал ендi бiреулер баспана мәселе­сiн шешiп, кейбiр пысықтар жер те­лiмдерiн “басып қалуға” әре­кеттендi. Небәрi үш қана құжатыңды көр­сетiп, бiрнеше мыңдаған АҚШ долларын қалтаға сүңгiту кiмге ұнамасын.
Бiр хатқа екi пiкiр
Ермек бауырымның хатын оқып, “Қазақстан” телеарнасындағы қазiргi уақытта жүрiп жатқан “Махаббатқа сенем” деген кино сериалы ойыма түсiп отыр. Сондағы басты кейiпкер Хежин деген әйел де тура Ермектiң келiн­шегiнiң “халiн” кешедi ғой. Сол сияқты көп ақшаның иесi, өзi келiстi жiгiт. Басшысы болған соң оған қарай жел айдаған толқындай әйел деген пендеңiз аударылмай тұра алмайды. Қазiргi көп киносериалдар әйелдердiң қылықтарын, қанағатсыздықтарын ашып көрсетiп-ақ жатыр. Бауырым, Ермек! Мен де сенiң басыңнан өткен тағдырды өз басымнан өткiзген адаммын. Балаларым үшiн әй­елiм­мен ажыраспай, әлi күнге дейiн бiрге өмiр кешiп келемiз.
ТӘТТIГЕ ҮЙIР КЕЛIНШЕК ТЕ “ТӘТТI” ЕКЕН
Американдық ғалымдар әйелдерге қатыс­ты тағы бiр тың жаңалық ашты. Олардың пайымдауынша, тәттiге үйiр әйел мен   қант-кәмпитке қызықпайтын әйелдiң арасында көп ерекшелiктер бар көрiнедi. Зерттеушiлер ұзақ жылғы тәжiрибесiнiң нәтижесiнде тәттiге құмар қыздардан болашақта ең жақсы әйел шығатынын айтады. Солтүстiк Дакота университетiнiң ғалымдары қантсыз шай iшпейтiн, күнiне кем дегенде, екi не одан да көп кәмпит, шоколад жейтiн әйелдiң сүйкiмдiлiгi мен мейiрiмдiлiгi өзгелерден анағұрлым басым екенiн дәлелдептi. Сонымен қатар тәттiге үйiр әйелдердiң арасында көңiлдi, оптимистерi мен жүзiнен жылу төгiлiп тұратындары жиi кездесетiнiн де сенiмдi айтуда. 
Тұлға Дүниеде 6 атадан берi бiр кәсiппен айналысқан әулет бар болса, сондай әулеттiң бiрi – музыкант Бах әулетi едi. Бұл әулет – Германия мемлекетiнiң мақтанышы. Бiз бүгiн сiздерге, құрметтi оқырман, 1685 жылы дүние­ге келiп, 1750 жылы қайтыс болған Бахтардың бiрi әрi бiрегейi Себастьян Иоганн Бах туралы айтпақпыз. Музыкант өмiрiнiң соңына дейiн мыңдаған шығарма жазды. Әлi күнге шейiн оның көкiрегiн жарып шыққан туындылары әлемнiң барлық жерiнде орындалып келедi. Себастьян Бахтың анасы, артынан көп уақыт өтпей әкесi Иоганн қайтыс болғанда ол небәрi 9 жаста едi. Әкесi өздерi тұрған Орфрут қаласында белгiлi музыкант болды.

Мен пайғамбар жасына келгендегi өмiрiмнiң жартысын спортқа арнадым. Осы ширек ғасырдан астам уақыт iшiнде ауыл балаларын спортқа баули жүрiп мынаған көзiм жеттi. Спортшылардың арасында физикалық күшi жағынан ауыл балалары қалада туғандарға қарағанда, бiрнеше есе мықты. Мәселен, мен бапкер болғанда әр балаға күштi көп сарп ететiн жаттығуларды жиi қайталататынмын. Балуандар кү­рес­тiң бiр ғана әдiсiн үзiлiссiз 400-500 мәрте қайталайтын. Әдiстi осылай көп жасап машықтансаң, жарыста қолдану қиынға соқпайды. Осындай тәртiп пен бапкер “тепкiсiнен” шыққан ауыл баласы

Өткен аптаның сенбiсiнде футболдан ел чемпионатының 10-тур ойындары өттi. Турнир кестесiнiң соңында келе жатқан Көкшенiң “Оқжетпесi” “Ақтөбеге” қонаққа барып, тағы да жеңiлiске ұшырады. Төрешi ысқырығы естiлiсiмен шабуылға шыққан алаң иелерi алғашқы голды ойынның 18-минутында салды. Бадло есеп ашқан соң, ақтөбелiктердiң серкесi Самат Смақов 43-минутта нәтиженi еселей түстi. Досмағамбетов 54-минутта есеп айырмасын қысқартып, көкшелiктердiң ойын жүйесi ояна бастаған. Бiрақ басымдық ақ­төбелiктердiң уысында қалды. Костич 80-минутта үшiншi голды тоғытса, Лисенков 86-минутта қорытынды голды соқты. “Ақтөбе” қонақтарды 4:1 есебiмен жеңдi. Ел чемпионатының 10-тур ойындарындағы ең көп гол да осы кездесуде соғылды.

МАКОТОНЫҢ МҰРАТЫ МҰҚАЛДЫ (бокс-видео)
WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесiмiз Геннадий Головкин тағы да жеңiске жеттi. Ол осымен өз атағын 5-рет сәттi қорғай бiлдi. “Аllboxing.ru” сайтының мәлiмдеуiнше, Украинада өткен жекпе-жек тек үш раундқа ғана созылған. Головкин жапон боксшысы Макото Фучигамидi 3-раундта техникалық нокаутпен тiзерлеттi. Екiншi раундта ногдаун алған қарсыласы жекпе-жектi жалғастырғысы келгенiмен, ұзаққа бармады. Қабағы жарылып, көзi көнектей болған Макото мұратының мұқалғанын мойындады. Головкин әуесқой бокста 2000 жылы жасөспiрiмдер арасында, 2003 жылы ересектер дуында әлем чемпионы атанды. 2004 жылы Афины олимпиадасының күмiс жүлдесiн иелендi. 2006 жылы кәсiпқой боксқа ауысып, қиыр кеткен отандасымыз әзiрге бiрде-бiр жекпе-жегiнде жеңiлген жоқ.
“Бiлiм беру саласында “ар бiлiмi” деген бiлiм оқытылуға тиiс деп есептеймiн”, – дептi Шәкәрiм Құдайбердiұлы өз заманында. “Ар бiлiмi” деген не? Ол – адамшылықты, ынсапты, рақымды, ұятты һәм ұжданды ұғындыратын бiлiм. Шәкәрiм аңсаған “ар бiлiмiне” қазiр тiптi зәрумiз. “Ақтан безген ары жоқ өңкей залым” (Шәкәрiм) көбейген заманда Сiздiң “Жас Алашыңыз” “ар түзейтiн бiр ғылым таппаққа” ұмтылды. Ендеше, Сiз де сүйiктi газетiңiзге үзбей жазылып, “нәпсi өлiп, ар билейтiн заманды” тезiрек жақындатуға атсалысыңыз, құрметтi оқырман!   Жазылу индексi – 65365