1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15705) 17 мамыр, бейсенбі 2012
Былтыр дәл осы уақытта жаңаөзендiк мұнайшылар ереуiлге шығып едi. Мұнайшылардың бар жазығы – жалақысын өсiрудi талап еттi. Жарты жылдан астам уақыт наразылық танытқан жұмысшыларға президент те, билiк те, үкiмет те назар салмады. Есесiне осы бiр шиеленiстi өз пайдасына қарай бұрмалап, арандатуға белсене кiрiскендер де табылды. Жаз маусымында басталған ереуiлдiң желтоқсанның қара суығында қаралы оқиға­мен аяқталғаны бәрi­мiзге белгiлi.  Осы оқиғаларды нақты бейнекөрiнiспен, фотоайғақтармен дәлелдеп беретiн көптеген деректi суреттер жиналды. “Janaozen.net” интернет порталы мен “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлының ұйымдастыруымен
Бұл апта да айқыш-ұйқыш саяси оқиғаларға толы болды. Басты үшеуi мыналар: орыстың да, қазақтың да аузында жүрген – Абай. Ресейде тiптi “ОккупайАбай” деген веб-сайт ашылыпты. Мәскеудегi Абай ескерткiшi­нiң алдына жиналған оппозиционерлердi де жаппай қамап жатыр дәл бiздегiдей... Дариға Назарбаева ел-жұртты таңдандырып “жемқорларды билiкке жолатпайық” деп салды. Президенттiң тұңғышының мұнысына мысқылдап күлгендер аз болған жоқ... Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев алдымен Минскiге ат шалдырды, одан кейiн Мәскеу барды. Бұл аптаның ең негiзгi оқиғасы да – осы. Ендеше, Минскi – Мәскеу сапарына талдау жасап көрейiк.

Жаңаөзен сотында сейсенбi күнi жарыссөз аяқталды. Соттың соңғы күнiнде прокурорлардың “үшiншi күш” туралы сөзiн негiзге алып, айыпталушыларды қорғаған адвокаттар – Венера Сәрсембина мен Гүлнәр Жуасбаеваның басы дауға қалды. Тал­ғат Сақтағановтың қорғаушысы Ардақ Батиева соттан Г.Жуасбаеваны адвокаттық лицензиядан айыру­ды сұраса, прокурор Дүзелбаев В.Сәрсембинаға шүйлiктi. Екi жақтың шекiсуiнен кейiн айыпталушылар соңғы сөздерiн айтып, өздерiн ақтауды сұрады. Судья Аралбай Нағашыбаев сот 10-12 күнге кеңесу бөлмесiне кететiнiн айтып, үкiм оқылатын күн кейiнiрек хабарлатынын мәлiмдедi.

АЙЫПТАЛУШЫ ЖОЛДЫБАЕВ ТЕРГЕУДЕ ӨЗIНЕ ҚЫСЫМ КӨРСЕТIЛГЕНIН МӘЛIМДЕДI
Полицейлер сотында кеше айып­талушылар жауап берiп бiттi. Олардың ешқайсысы өз кiнәсiн мойындаған жоқ. Түстен кейiн сот iс материалдарымен танысуға кiрiстi. Оқиға бейне­түсiрiлiмiн қарау кезiнде жә­бiрленушi Алмагүл Көшерова талып қалды. Сәрсенбi күнi өткен сот отырысында айыпталушы полицейлер – Жолдыбаев пен Есбергенов жауап бердi. Айыпталушылар өздерiн қорғаушы адвокаттарының сұрақтарына жауап бердi де, жәбiрленушi жақтың мүддесiн қорғаушы адвокаттың сауалдарына жауап беруден бас тартты. Жәбiрленушiлердiң адвокаты Абзал Құспановтың айтуынша, айыпталушылар бұған толық құқылы. “Бұл құқық Қылмыстық iстер кодексiнде көзделген. 
Ақтаудағы “Қаражанбасмұнай” компаниясы кеңсесiнiң қасында тұрған бiр топ жұмысшы өздерiн “Былтырғы мамырдың 17-сi басталған ереуiлдiң жал­ғастырушыларымыз” дейдi. Олар Назарбаевтың “Мұнайшылар талабы – орынды, оны маған естiрт­пеген жұмыс берушiлер – кiнәлi” деген сөзiнен кейiн де ештеңе өзгерген жоқ дейдi. – 2011 жылы 8 мамырда “Қаражанбасмұнайдағы” 4 мыңдай жұмысшы наразылық акциясын бастады. Ешкiм назар аудармаған соң, 17 мамырда ереуiлге шықтық. Ереуiлге осы айда 1 жыл толды, – деген олар ереуiлге жұмыс сұрап шықпағандарын, “премьер-министр Мәсiмовтiң қаулысымен бекiтiлген 1,8 коэффи­циентiн сұрап шыққандарын” айтты. Жұмысшылар “Басшылар талапты орындасын – әйт­песе ереуiл жалғаса бередi” дейдi.
КӘСIПКЕРЛЕРДIҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАНЫН ҚҰЗЫРЛЫ ОРГАНДАР ДА РАСТАДЫ
Соңғы жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысында жанар-жағармайдың жетiспеушiлiгiне байланысты айқай-шу тым жиi шығып жүр. Тiптi, жанжалдың жалыны күшейгенi соншалық қайсыбiр жолы наразы топтың облыстық әкiмдiктiң алдына жиналып митинг өткiзуi мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Астанада Қазақстан халқына кезектi жолдауын арнауын бастаған сәтiмен сәйкес келген болатын. Сөйтiп, сол жолы прези­денттiң жолдауынан гөрi ереуiлдеушiлердiң ашынғаннан барған қадамына оңтүстiктегi елдiң назары көбiрек ауған едi. Атқарушы билiктегiлерге бұл да ащы сабақ бола алмады.
Соңғы кездерi көзi қарақты оқырман экс-депутат Бекболат Тiлеухан­нан көз жазып қалды. Осыған байланысты БАҚ-та “Қа­най­ұлы қайдасыз” деген сияқты әртүрлi мақалалар жариялануда. Журналистер шаммен iздеп жүрген Бекболат Тiлеухан табылды. Күнi кеше ол “Аманат” интеллектуалды пiкiрсайыс клубының отырысына келдi. Жай келген жоқ “Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күреспедi ме?” деген өзектi тақырыпта баяндама жасады. Таяуда “Время” газетiне сая­саттанушы Данияр Әшiмбаев “Қазақтар тәуелсiздiк үшiн күрескен жоқ” деп айды аспан­ға шығарған болатын. Өз сұхбатында ол “Мен “Алаш орда” немесе 20-жылдардағы пантүркис­тiк көңiл-күйдi айтып отырған жоқпын.
Бiр ақындар бар орайлы ойын орып айтатын, бiр ақындар бар балды бармағын сорып айтатын, бiр ақындар бар қоғамның қас-қабағын барлап, торып айтатын. Ал бiздiң Аян ақынның жоспарлап қойған жолы жоқ, ол өзiнiң алған тақырыбын әшекелейтiн сөз де iздеп жатпайды. Сiз Аян ақынның ақ көңiлiнен түйдектелiп түскен, суретке бергiсiз өлеңге куә боласыз. “Диқан дала төсiнде нұр күрейдi, Ақша бұлттан бал тамып сiркiрейдi”. Қарап тұрсақ, осы шымыр жолдардың ақынның аузынан сұйылып емес, құйылып түскенi бiрден сезiледi. Мен осыдан бiраз жылдар бұрын “Аянның өлеңдерiнен алтынкүректiң лебi еседi” деп жазған едiм. “Алтынкүрек” деген
Әлеуметтiк желiлерде “Агент ақындары” деген ұғым қалыптасты. Олар – елдегi интернет тұтынушының 30 пайызы (ресми дерек) қолданатын Mail.ru-дың Agent қосымшасына өлеңдерiн жариялайтын ақындар. “Agent ақындары” туралы пiкiр әртүрлi. Өлеңдi баспадан шығаруды жақтайтын ақындар шығарманы “өңделмеген күйi” ұсынуды “әдебиетке қиянат” десе, кейбiр ақындар “мықты ақын интернетте де мықты” дейдi. – Қазiргi кезең – Agent ақындарының дәуренi. Күн сайын өндiрте жазып жүр. Бiрақ кiтапқа емес, Agent-ке. Көп ақындарды Agent танымал етiп жүргенiн де жасырмаймыз, – деп жазады блогшы Олжас Қасым.
Елордамыз Астана қаласынан 12 шақырымдай жердегi тұрғынүй алабының (Лесная поляна) және осы тұрғынүй алабына кiретiн ықшамаудандардың аттары: “Сосновка”, “Миндалевый”, “Елушки”, “Сиреневый”, “Ясеневка” және т.т. Неге тұрғынүй алабы сияқты жаңадан пайда болып жатқан елдi мекендерге, шағын аудандарға, көшелерге тәуелсiз елге тән қазақша атаулар берiлмейдi? Жоғарыда айтылғандай, бұл елдiмекен Астанадан 12 шақырым жерде, елорданың жасыл белдеуiнен кейiн орналасқан. “Лесная поляна” деген атауы осыдан туындаса керек. “Лесная поляна” емес, ә дегеннен-ақ неге “Жасыл белдеу” деп атамайды, сонда елдiң жадында бiрден “Жасыл белдеу” деп қалыптасатын едi, солай жатталатын едi.
Менiң жасым 34-те, отбасымда 3 балам бар. Әйел болсам да, шағын бiр елдiмекенде шағын бiр кәсiп­орынды басқарып отырмын. Шынымды айтсам, бұл лауазымға мен арнайы дайындықпен, мақсатпен, немесе мансап қуу арқылы келген жоқпын. Жоғары оқу орнын бiтiрген соң екi жылдай уақытша жұмыстар iстедiм де, сонан кейiн бiр кәсiпорынға қатардағы маман болып орналастым. Менiң бiр қасиетiм, жасаған жұмысымды бар ынтамен, ықыласпен атқарамын және маған дейiнгi бiреулердiң жаттанды жолымен жүрмей, өз жолымды жасауға ұмтыламын.

Кеңес одағы кезiнде 2 бұзаулы сиыр, 30 шақты қой-ешкiсi бар азаматтар бақуатты отбасы болып саналатын. Бiр отбасында қанша жұмысқа жарамды жан болса, барлығы жұмысқа тартылатын. Мал қосымша табыс көзi болып есептелетiн. Адам ағзасына керектi кальций, темiр, йод, крахмал және т.б. витаминдерге бай ет, сүт, айран, iрiмшiк, қаймақ, қазы-қарта, қымыз, шұбат әр дастарқанда тұратын. Қазiргi таңда ауыл адамдары, әсiресе, балалар бұл тағамдарды түсiнде ғана көредi. Қымбатшылық қос бүйiрден қысып тұрған заманда, қорасында тышқақ лағы жоқ, тек зейнетақы мен балалардың жәрдемақысымен күн көрiп отырған отбасылардың тыныс-тiршiлiгiн

Ашаршылық-80
Сатирик-қаламгер Табыл Құлияс   өткен ғасырдың 20-30-жылдарындағы қазақ даласындағы аштыққа байланысты Ресейдiң iрi қалалары мұрағаттарынан дерек жинап жүр. Астанадан Орынбор мен Астраханьға бара жатқанында жол бойы Ақтөбеге аялдамай өтпейдi. Табыл ағамыздың кезектi сапарында оның қолына түскен тың деректердi сұрағанбыз. Табыл аға, 2012 жылы   қазақ трагедиясының ауыры – 1932-нiң аштығына 80 жыл. Күнi бүгiнге дейiн аштық геноцидi тәуелсiз Қазақстан тарихында объективтi бағасын алмағаны бәрiмiзге бел­гiлi. Соңғы 20 жылдың iшiнде көп уақытты текке өткiзiп жатқандаймыз.

Ертеректе ел арасында кеңiнен тараған ұлттық ойындар саны 200-ден астам болған көрiнедi. Әйтсе де, ертегiдегi Ерназар шалдың “Тоғыз ұлым бiр төбе, Ер Төстiгiм бiр төбе” дегенi сияқты ұлттық ойындарымыздың iшiнде көкпар тартудың шоқтығы биiк. Көкпар десе делебесi қозбайтын, қаны қызбайтын қазақ кемде-кем. Бiлектiлiк, жүректiлiк һәм ептiлiктi қажет ететiн осынау спорт түрiмен айналысу ердiң ерiнiң ғана қолынан келсе керек. Ал жасы жетпiс төртке келсе де, “жетпiс төртiншi жылғы” жiгiттей ат үстiнде ерге қонып, көкпар тартып жүрген, ел аузында “Түлкiбастың бiр тартары” атанып аңыз болған Зұлпыхар Тайырбеков ақсақалдың әбжiл қимылын көргенде, таң қалмасқа шарамыз қалмады.

Мамыр айының 26-27-сi күндерi Астана қаласындағы “Алатау” спорт кешенiнде жанұялық шағын футболдан “Бiр атаның балалары футбол ойнайды” деген атаумен республикалық жарыс өтедi. Естерiңiзде болса, осындай атауды иеленген жарыс бiраз жылдар дәстүрлi түрде өткiзiлiп тұрды. Тiптi бұл жарыста республиканың әр аймағынан 60-қа жуық команда бақ сынап, нөмiрi бiрiншi спорт түрiнiң көрiгiн қыздыратын. Бұл жарыстың негiзгi мақсаты – әрбiр жанұяда спортты насихаттап, шағын футболдағы команда арқылы бiрлiк, отбасына құрмет және елдiк патриотизмге тәрбиелеу. Өкiнiшке қарай, соңғы 7-8 жылда белгiлi себептерге байланысты бұл жарыс уақытша тоқтап қалған бо­л­атын. Сол үрдiс биыл қайта жал­ғасын тауып, турнирдiң бойына қайта қан жүргелi тұр.
ТӨРТ КӨЗIМIЗ ТӨРТЕУIНДЕ
Гватемаланың Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейiнгiлер арасында әлем чемпионаты басталды. 18 мамырға дейiн жалғасатын әлем бiрiн­шiлiгiнде елiмiздiң намысын қыздар арасында 69 келiде Жазира Жаппарқұл мен Карина Горичева (63 келi) қорғайды. Жазира бұған дейiн жасөспiрiмдер арасында олимпиада чемпионы атанған. Ал Карина былтырғы әлем чемпионатының күмiс жүлдесiне қол жеткiзген болатын. 94 келi салмақта Жасұлан Қадырбаев, 105 келiде Ибрагим Барсанов ерлер арасында ел намысы үшiн зiлтемiр көтередi. Жасұлан жастар арасында Азия чемпионы болды, ендi әлемнiң үздiгi атануды көздесе, Ибрагим 2009 жылы жасөспiрiмдер арасында әлемнiң үздiгi атанған-ды. Демек, төрт ат­летiмiздiң де әлем чемпио­натынан құр қайтпайтынына сенiмiмiз кәмiл.
БIР МЕКТЕПТЕ ОН АЛТЫ ЖҰП ЕГIЗ ОҚИДЫ
АҚШ-тың Айова штатындағы бiр орта мектепте он алты жұп егiздер оқиды. Әрине, бұл – мектеп үшiн қуаныш, үлкен мәртебе. USA Todayдың жазуынша, бұл мектеп осы егiздердiң арқасында Гиннестер кiтабына да енiптi. West Des Moines мектебiнiң басшылығы алғашында 9-сыныпқа құжат тапсыр­ған оқушылардың iшiнде фамилиялары да, туған күндерiнiң ай-күнi де, әкесiнiң, анасының аттары да, мекенжайлары да бiр оқушыларды көрiп таңғалады. Артынан бұлардың егiздер екенiн бiледi. Әйтсе де егiздердiң өздерi сыңарларымен бiр мектепте оқитындарына көңiлдерi толмайды. Мәселен, 14 жасар Сэм мен Анна Фрайхэйдждердiң айтуынша, олар бiр мектепте оқығанды ұнатпайды.

“Бiлiм беру саласында “ар бiлiмi” деген бiлiм оқытылуға тиiс деп есептеймiн”, – дептi Шәкәрiм Құдайбер­дiұлы өз заманында. “Ар бiлiмi” деген не? Ол – адамшылықты, ынсапты, рақымды, ұятты һәм ұжданды ұғындыратын бiлiм. Шәкәрiм аңсаған “ар бiлiмiне” қазiр тiптi зәрумiз. “Ақтан безген ары жоқ өңкей залым” (Шәкәрiм) көбейген заманда Сiздiң “Жас Алашыңыз” “ар түзейтiн бiр ғылым таппаққа” ұмтылды. Ендеше, Сiз де сүйiктi газетiңiзге үзбей жазылып, “нәпсi өлiп, ар билейтiн заманды” тезiрек жақындатуға атсалысыңыз, құрметтi оқырман!